Об утверждении Правил расследования случаев гибели животных, отнесенных к редким и находящимся под угрозой исчезновения видам Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың қырылу жағдайларын тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 257-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың қырылу жағдайларын тергеп-тексеру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиiс.
Басқа 8. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың қырылу жағдайларын тергеп-тексеру қағидалары
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 19 мамырдағы № 150 Бұйрыққа қосымша Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың қырылу жағдайларын тергеп-тексеру қағидалары
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың қырылуын тергеп-тексеру қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 257-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және балық пен өзге де су жануарларынан басқа сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың қырылуын тергеп-тексеру қағидаларын айқындайды.
Тарау 2. 2- тарау. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың қырылуы анықталған жағдайдағы тергеу
2- тарау. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың қырылуы анықталған жағдайдағы тергеу
Тармақ 2
2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы лауазымды тұлғалар (бұдан әрі – лауазымды тұлға) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың қырылуы туралы жеке және заңды тұлғалардан ақпарат алған кезде жергілікті жерге баруды жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың ұшалары анықталған жағдайда лауазымды тұлға өлімнің ықтимал себебін (оқпен жаралану, ашық жаралар, аяқ-қолдардың сынуы, ауру белгілері) көзбен шолып анықтайды, оқиға болған жердің жағдайын (адамдардың, техниканың іздері және заңсыз аң аулау заттары) бағалайды.
Тармақ 4
4. Ұшаның жай-күйі бойынша лауазымды тұлға сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың өлім-жітімінің шамамен алынған уақытын белгілейді және ұшаның анықталған орны, уақыты және мән-жайлары туралы құқық қорғау органдарына және ветеринариялық қызметке хабарлайды.
Тармақ 5
5. Лауазымды тұлға ақпаратта мыналарды көрсетеді:
Тармақша 1
1) оқиғаның күні, уақыты, сипатамасы (табиғи өлім, ату), оқиғаның ауданы (координаттары), белгілі масштабтар туралы ақпарат және өзінің байланыс деректері;
Тармақша 2
2) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған жануарлар туралы мәліметтер, өлімнің ықтимал себептері (оқпен жаралану, ашық жаралар, аяқ-қолдардың сынуы белгілері, аурулар);
Тармақша 3
3) іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) белгілі жағдайлар (метеожағдайлар, көлік түрі, маркасы және нөмірі, қару-жарақ).
Тармақ 6
6. Лауазымды тұлға құқық қорғау органдары келгенге дейін ұшаның және оқиға іздерін тапқан жердің сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 7
7. Құқық қорғау органдарының және ветеринариялық қызметтің өкілі келгенге дейін лауазымды тұлға еркін нысанда акт жасайды.