Об утверждении типовой методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на региональном уровне Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабының 7-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесі
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 бұйрығымен бекітілген Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесі
Тармақ 1
1. Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесі (бұдан әрі – Үлгілік әдістеме) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-3-бабының 7-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.
Тармақ 2
2. Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына қарай айқындалады.
Тармақ 3
3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:
Тармақша 1
1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда: Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттердегі көрсетілетін қызмет құны; Bn – газетте орналастырылатын бір см2 көрсетілетін қызметтің базалық бағасы; V – газетте орналастырылатын, см2 - мен есептелетін көрсетілетін қызмет көлемі; Kq – газет таралымына түзету коэффициенті: 200 000 данаға дейін – 1,3; 100 000 данаға дейін – 1,15; 50 000 данаға дейін – 1; 30 000 данаға дейін – 0,9; 20 000 данаға дейін – 0,8; 10 000 данаға дейін – 0,65; 5 000 данаға дейін – 0,5;
Тармақша 2
2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда: Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдардағы көрсетілетін қызмет құны; Bm – журналда орналастырылатын бір см2 көрсетілетін қызмет үшін базалық баға; V – см2 есептелетін журналда орналастырылатын көрсетілетін қызмет көлемі; Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті: 15 000 данаға дейін – 1,2; 10 000 данаға дейін – 1,1; 8 000 данаға дейін – 1; 5 000 данаға дейін – 0,9; 3 000 данаға дейін – 0,8; 1 000 данаға дейін – 0,7.
Тармақ 4
4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда: Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны; Bi – интернет-ресурста көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундінің, минутының, данасының базалық бағасы; V – интернет-ресурста көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі; Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті: айына 500 000 кірушіге дейін – 1; айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1; айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2; айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3; айына 5 000 000 кірушіден жоғары – 1,4.
Тармақ 5
5. Телевизияда көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда: Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, теледидардағы көрсетілетін қызметтің құны; Btv – телевизияда көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы; V – телевизияда көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиялық бағдарламалардың жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру құны базалық (Btv) болады.
Тармақ 6
6. Радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда: Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны; Br – радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының базалық бағасы; V – радиоарнада көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.