Об утверждении перечня объектов информатизации государственных органов и организаций, подлежащих интеграции с реестром бизнес-партнеров Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-әріптестер тізілімімен интеграциялауға жататын ақпараттандыру объектілерінің тізбесін бекіту туралы 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 25-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-әріптестер тізілімімен интеграциялауға жататын ақпараттандыру объектілерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-әріптестер тізілімімен интеграциялауға жататын ақпараттандыру объектілерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы « » № қаулысымен бекітілген Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-әріптестер тізілімімен интеграциялауға жататын ақпараттандыру объектілерінің тізбесі Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-әріптестер тізілімімен интеграциялауға жататын ақпараттандыру объектілері:
Тармақша 1
1) «Интеграцияланған салықтық ақпараттық жүйе» ақпараттық жүйесі;
Тармақша 2
2) «Интеграцияланған деректерді сақтау орны» ақпараттық жүйесі;
Тармақша 3
3) «Акциз» ақпараттық жүйесі;
Тармақша 4
4) «Салық төлеушілер мен салық салу объектілерінің тізілімі» ақпараттық жүйесі;
Тармақша 5
5) «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы» ақпараттық жүйесі;
Тармақша 6
6) «Деректерді бірыңғай сақтау орны» ақпараттық жүйесі;
Тармақша 7
7) «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот» ақпараттық жүйесі;
Тармақша 8
8) «Интеграцияланған деректер базасы» ақпараттық жүйесі;
Тармақша 9
9) «Ақпараттық есепке алу орталығы» ақпараттық жүйесі;
Тармақша 10
10) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
Тармақша 11
11) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
Тармақша 12
12) «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
Тармақша 13
13) «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
Тармақша 14
14) «Азаматтық хал актілерінің жазбалары» ақпараттық жүйесі;
Тармақша 15
15) атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
Тармақша 16
16) «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесі;
Тармақша 17
17) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі;
Тармақша 18
18) «Талдау орталығы» ақпараттық жүйесі;
Тармақша 19
19) «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі;
Тармақша 20
20) «Сервистік орталық» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
Тармақша 21
21) «Сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі;
Тармақша 22
22) көліктік дерекқордың және тасымалдаулар қауіпсіздігі мониторингінің ақпараттық-талдау жүйесі. _________________________