Об установлении объема используемого лабораторного оборудования в отдельных отраслях Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жекелеген салалардағы пайдаланылатын зертханалық жабдықтың көлемін белгілеу туралы «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жекелеген салаларда пайдаланылатын зертханалық жабдықтың көлемі белгіленсін. Осы тармақшаның бірінші бөлігі сынақ зертханалары (орталықтары) және (немесе) техникалық реттеу объектілеріне техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сынақтар жүргізуді қамтамасыз ететін сәйкестікті растау органдарының сынақ зертханалары (орталықтары) үшін қолданылады;
Тармақша 2
2) осы тармақшаның 1) тармақшасында көзделмеген, заңды негізде сәйкестікті растау органының сынақ зертханасына (орталығына) тиесілі, техникалық регламенттердің көрсеткіштері бойынша аккредитация саласында мәлімделген өнімнің сипаттамаларына (көрсеткіштеріне) зерттеулер (сынақтар) жүргізуді қамтамасыз ететін, пайдаланылатын зертханалық жабдықтың көлемі 100 (жүз) пайыз мөлшерінде белгіленсін. Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан өнімнің сипаттамаларына (көрсеткіштеріне) зерттеулер (сынақтар) жүргізуді қамтамасыз ететін, пайдаланылатын зертханалық жабдықтың көлемін есептеу кезінде әрбір техникалық регламент бойынша бөлек саналады.
Тармақ 2
2. Сынақ зертханалары (орталықтары) және (немесе) сәйкестікті растау органдарының сынақ зертханалары (орталықтары) аккредиттеу саласында қамтамасыз етілуін есептеу кезінде анықтау үшін тиісті жабдықты қолдануды қажет ететін объектілердің сипаттамаларын (көрсеткіштерін) ескеру қажет.
Тармақ 3
3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Жекелеген салалардағы пайдаланылатын зертханалық жабдықтың көлемі
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 356-НҚ бұйрығына 1-қосымша Жекелеген салалардағы пайдаланылатын зертханалық жабдықтың көлемі № Са­ла­лар Өнім ата­уы ЕА­ЭО СЭҚ ТН ко­ды* Мен­шік құқы­ғы­мен ти­е­сі­лі зерт­ха­на­лық жаб­дық­тар­ды пай­да­ла­ну кө­ле­мі, % 1 2 3 4 1 Кө­лік Бір­лі-жа­рым кө­лік құ­рал­да­ры 87 95 2 Құ­ры­лыс Үлес сал­ма­ғы 2,5 неме­се одан көп ес­керт­кіш­тер­ге неме­се құ­ры­лы­сқа ар­нал­ған мәрм­әр, тра­вер­тин неме­се әк­тас туф, эка­ус­син және бас­қа әк­та­стар және ірі ұсақ­тал­ған неме­се ұсақ­тал­ма­ған, ке­сі­л­ген неме­се ке­сіл­ме­ген не бас­қа тә­сіл­мен бл­ок­тар­ға неме­се тікбұ­ры­шты (төрт­бұ­ры­шты­ны қо­са ал­ған­да) пі­шін­ді тақ­та­лар­ға бө­лін­ген але­бастр 2515 90 3 Құ­ры­лыс Ес­керт­кіш­тер­ге неме­се құ­ры­лы­сқа ар­нал­ған өзге, ірі ұсақ­тал­ған неме­се ұсақ­тал­ма­ған, ке­сі­л­ген неме­се ке­сіл­ме­ген не бас­қа тә­сіл­мен бл­ок­тар­ға неме­се тікбұ­ры­шты (төрт бұ­ры­шты­ны қо­са ал­ған­да) пі­шін­ді тақ­та­лар­ға бө­лін­ген гра­нит, пор­фир, ба­зальт, құм­тас және тас 2516 90 4 Құ­ры­лыс 2825 та­у­ар по­зи­ци­я­сын­да көр­се­ті­л­ген каль­ций ок­си­ді мен гид­рок­си­ді­нен бас­қа, сөн­ді­ріл­ме­ген, сөн­ді­рі­л­ген және гид­рав­ли­ка­лық әк 2522 90 5 Құ­ры­лыс Бо­ял­ма­ған неме­се бо­я­л­ған, дай­ын неме­се клин­кер­лер пі­ші­нін­де­гі порт­ланд­це­мент, гли­но­зем­дік це­мент, қож це­мент, су­пер­суль­фат­ты це­мент және ұқсас гид­рав­ли­ка­лық це­мент­тер 2523 90 6 Құ­ры­лыс Та­би­ғи та­стан жа­сал­ған тө­сем­тас, жи­ек­та­стар және тө­се­у­ге ар­нал­ған тақ­та­лар (сла­нец­тен бас­қа) 6801 00 000 0 90 7 Құ­ры­лыс Ес­керт­кіш­тер неме­се құ­ры­лыс үшін өң­дел­ген тас (сла­нец­тен бас­қа) және 6801-та­у­ар по­зи­ци­я­сы­ның та­у­ар­ла­ры­нан бас­қа, одан жа­сал­ған бұй­ым­дар; мо­за­и­ка­ға ар­нал­ған ку­бик­тер және та­би­ғи та­стан (сла­нец­ті қо­са ал­ған­да) жа­сал­ған, негі­зін­де­гі неме­се он­сыз ұқсас бұй­ым­дар; жа­сан­ды бо­я­л­ған та­би­ғи та­стан (сла­нец­ті қо­са ал­ған­да) жа­сал­ған түй­ір­шік­тер, үгін­ді­лер және ұн­тақ 6802 90 8 Құ­ры­лыс Тө­се­у­ге ар­нал­ған тақ­та­лар, еден­дер­ге, пеш­тер­ге, ка­мин­дер­ге неме­се қыш қа­быр­ға­лар­ға ар­нал­ған қап­та­уыш тақ­тай­ша­лар; мо­за­и­ка­лық жұ­мыстар­ға ар­нал­ған қыш ку­бик­тер және негі­зін­де­гі неме­се он­сыз ұқсас бұй­ым­дар; әр­леу қыш бұй­ым­да­ры 6907 90 Ескертпе: * – Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы.
Басқа 2. Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 356-НҚ бұйрығына 2-қосымша Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Сәйкестікті растау жөніндегі органның сынақ зертханасы қамтамасыз етуге жататын аккредиттеу саласындағы объектілердің сынақ көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 427 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5353 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Сәйкестікті растау жөніндегі органның сынақ зертханасы қамтамасыз етуге жататын аккредиттеу саласындағы объектілердің сынақтар көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 427 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 144 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19794 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Сәйкестікті растау жөніндегі органның сынақ зертханасы қамтамасыз етуге жататын аккредиттеу саласындағы объектілердің сынақтар көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 427 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 277-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22552 болып тіркелген).