Об утверждении Правил осуществления верификации (проверки) обоснованности регистрации экспортеров в цифровых системах стран ввоза товара в целях подтверждения страны происхождения товаров Қолданыста
Басқа 0
Тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында экспорттаушыларды тауарды әкелу елдерінің цифрлық жүйелерінде тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында экспорттаушыларды тауарды әкелу елдерінің цифрлық жүйелерінде тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында экспорттаушыларды тауарды әкелу елдерінің цифрлық жүйелерінде тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрінің
2021 жылғы 25 мамырдағы № 358-НҚ
бұйрығымен бекітілген
Тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында экспорттаушыларды тауарды әкелу елдерінің цифрлық жүйелерінде тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында тауар әкелу елдерінің цифрлық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында тауар әкелу елдерінің цифрлық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – сауда саясатын қалыптастыратын және сауда қызметі саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 2
2) уәкілетті ұйым – тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында тауарды әкелу елдерінің цифрлық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеуді жүзеге асыратын «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
Тарау 2. 2-тарау. Тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында экспорттаушыларды тауарды әкелу елдерінің цифрлық жүйелерінде тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асыру тәртібі
2-тарау. Тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында экспорттаушыларды тауарды әкелу елдерінің цифрлық жүйелерінде тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 3
3. Тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында уәкілетті орган тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында тауарды әкелу елдерінің цифрлық жүйелерінде (бұдан әрі – REX жүйесі) экспорттаушыларды тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Верификация (тексеру) Норвегия Корольдігінен, тауарды әкелу елінің Швейцария Конфедерациясынан уәкілетті органға келіп түскен ресми сұрау салулар негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Верификация (тексеру) жүргізу мерзімі уәкілетті органға сұрау салулар келіп түскен кезден бастап 30 (отыз) жұмыс күннен аспайды.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган верификация (тексеру) жүргізу үшін Еуропалық комиссияның веб-сайтындағы REX жүйесінде тіркеледі.
Еуропалық комиссияның веб-сайтына кіру уәкілетті органның жеке логині мен паролі арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган экспорттаушыны тіркеудің негізділігіне сұрау салу келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 244-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22437 болып тіркелген) тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында тауарды әкелу елдерінің цифрлық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеу қағидаларында көзделген экспорттаушының тіркеу нөмірін алуға өтініштің көшірмесін ұсыну үшін уәкілетті ұйымға сұрау салу жібереді, сондай-ақ экспорттаушыларды REX жүйесінде тіркеу үшін негіз болған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 257 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9665 болып тіркелген) бекітілген тауардың шығарылуын растайтын құжаттар тізбесіне (бұдан әрі – құжаттар) сәйкес құжаттардың көшірмелерін қоса береді.
Тармақ 8
8. Уәкілетті ұйым сұрау салу келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде сұрау салынған құжаттарды уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган құжаттарды алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде құжаттардағы, сондай-ақ REX жүйесіндегі деректердің толықтығын және дұрыстығын верификациялауды (тексеруді) жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Верификация (тексеру) нәтижелері бойынша уәкілетті орган 7 (жеті) жұмыс күн ішінде REX жүйесінде верификация (тексеру) нәтижелерін көрсете отырып, экспорттаушыларды тіркеудің негізділігін верификациялау (тексеру) туралы қорытындыны қалыптастырады.
Экспорттаушы дамушы және ең аз дамыған елдерден шығарылатын тауарларға қатысты Норвегия Корольдігі, Швейцария Конфедерациясы ұсынатын преференциялардың бас жүйесінің шарттарына сәйкес келмеген, экспорттаушы REX жүйесінде тіркеу кезінде өзіне алған міндеттемелерді сақтамаған және экспорттаушы өз қызметін тоқтатқан жағдайда уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде экспорттаушының REX жүйесінде тіркелуін кері қайтарып алу үшін уәкілетті ұйымға өтініш жібереді.