Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к организации и проведению санитарно-противоэпидемических, санитарно-профилактических мероприятий по вирусным гепатитам и ВИЧ-инфекции» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Вирустық гепатиттер мен АИТВ инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Вирустық гепатиттер мен АИТВ инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Басқа 1. «Вирустық гепатиттер мен АИТВ инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 26 мамырдағы № ҚР ДСМ - 44 бұйрығына қосымша «Вирустық гепатиттер мен АИТВ инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Вирустық гепатиттер мен АИТВ инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленді және вирустық гепатиттер мен АИТВ инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Тармақша 1
1) АИТВ инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусы туындатқан, иммундық жүйенің ерекше зақымдануымен сипатталатын және жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы қалыптасқанға дейін оның баяу бұзылуына алып келетін созылмалы инфекциялық ауру;
Тармақша 2
2) АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі – РМДСҰ) – АИТВ инфекциясына скринингтік, сараптамалық, төрелік зерттеулер жүргізетін денсаулық сақтау ұйымы; 2-1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылған және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдарға (отбасыларға) стационар, жартылай стационар, уақытша болу жағдайларында және үйде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар;
Тармақша 3
3) байланыста болған адам – инфекция қоздырғышының көзімен байланыстағы және (немесе) байланыста болған адам;
Тармақша 4
4) жіті вирустық гепатит (А, В, С, Д, Е) – ерекше маркерлер болған кезде ұзақтығы алты айдан кем бауырдың жіті қабынуы;
Тармақша 5
5) инвазивті әдістер – адам организмінің ішкі ортасына ену жолымен жүзеге асырылатын диагностика және емдеу әдістері;
Тармақша 6
6) инкубациялық кезең – инфекция қоздырғышының организмге түскен сәтінен бастап аурудың алғашқы симптомдары көрінгенге дейінгі уақыт кесіндісі;
Тармақша 7
7) иммундық блоттинг (бұдан әрі – ИБ) – қоздырғыштың жекелеген ақуыздарына ерекше антиденелердің болуын анықтауға мүмкіндік беретін әдіс, АИТВ инфекциясын диагностикалау кезінде растаушы тест ретінде қолданылады;
Тармақша 8
8) иммунологиялық зерттеу әдістері: иммундық ферменттік талдау (бұдан әрі – ИФТ), иммундық хемилюминисценттік талдау (бұдан әрі – ИХЛТ), электрлік хемилюминисценттік талдау (бұдан әрі – ЭХЛТ), ИБ – антигендер мен антиденелердің ерекше өзара іс-қимылына негізделген диагностикалық зерттеу әдістері;
Тармақша 9
9) инфекциялық ауру ошағы – инфекция қоздырғышы науқастан сезімтал адамдарға берілуге қабілетті шектердегі қоршаған аумағы бар инфекциялық аурумен ауыратын науқастың болатын орны;
Тармақша 10
10) қатынасуға дейінгі профилактика – АИТВ инфекциясын жұқтыруды болғызбау үшін инфекция жұқтырмаған адамдарға қолданылатын ретровирусқа қарсы терапия;
Тармақша 11
11) қатынасудан кейінгі профилактика – инфекция жұқтыру ықтималдығынан кейін АИТВ инфекциясын жұқтыру тәуекелін төмендету мақсатында қолданылатын ретровирусқа қарсы терапия;
Тармақша 12
12) құпия медициналық зерттеп-қарау – медицина қызметкерінің құпияны сақтауға және зерттеп-қаралатын адамның жеке басы туралы ақпараттың сақталуына негізделген зерттеп-қарау;
Тармақша 13
13) парентералдық механизм – қан құю, инъекциялар және манипуляциялар кезінде тері жабындары мен сілемейқабықтың тұтастығының бұзумен қатар жүретін, сондай-ақ босану жолдары арқылы өту кезінде анадан балаға инфекцияның берілуі;
Тармақша 14
14) реконвалесцент – сауығу сатысындағы науқас адам;
Тармақша 15
15) ретровирусқа қарсы препараттар (бұдан әрі – РВҚ препараттары) – АИТВ инфекциясының профилактикасына және емдеуге пайдаланылатын препараттар;
Тармақша 16
16) ретровирусқа қарсы терапия – иммундық жүйені қалпына келтіру, өмірге қауіп төндіретін ауыр сырқаттардың өршу тәуекелін төмендету, асқынулар санын азайту және АИТВ инфекциясын жұқтырғандардың өмірін ұзарту мақсатында ретровирусқа қарсы препараттарды қабылдаудың қысқа және ұзақ курстарын қолдану арқылы АИТВ инфекциясын емдеу әдісі;
Тармақша 17
17) төрелік зерттеу – зертханалық диагностиканың даулы және күрделі жағдайлары туындаған кезде сараптамалық зертханалық зерттеулерді жүзеге асыру;
Тармақша 18
18) халықтың декреттелген тобы – халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін және айналасындағы адамдарға инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыруға неғұрлым қауіп төндіретін адамдар;
Тармақша 19
19) халықтың негізгі топтары – өмір сүру салтының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ инфекциясын жұқтырудың жоғары тәуекеліне ұшырайтын халық топтары;
Тармақша 20
20) энтералдық механизм – инфекцияның асқазан-ішек жолы арқылы берілуі.
Тарау 2. 2-тарау. Вирустық гепатиттер мен АИТВ инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
2-тарау. Вирустық гепатиттер мен АИТВ инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 1. 1-параграф. Энтералдық берілу механизмі бар А және Е вирустық гепатиттері бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1-параграф. Энтералдық берілу механизмі бар А және Е вирустық гепатиттері бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 3
3. А және Е вирустық гепатиттер (бұдан әрі – АВГ және ЕВГ) жағдайлары анықталған кезде эпидемиологиялық тергеп-тексеруді халықтың санитариялық–эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) мамандары әрбір жағдайдың ошағынын зерттеп-қарай отырып, жүргізеді.
Тармақ 4
4. АВГ және ЕВГ науқастарының ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар:
Тармақша 1
1) байланыста болған адамдар науқасты оқшаулаған күннен бастап күнтізбелік отыз бес күн бойы апта сайынғы дәрігерлік қарап-тексеру арқылы (сауал қою, теріні және сілемейқабықтарды қарап-тексеру, термометрия, бауырды пальпациялау) медициналық бақылауға жатады;
Тармақша 2
2) байланыста болған адамдарды медициналық бақылау кезеңінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жаңадан түсетін балалар қабылданбайды;
Тармақша 3
3) байланыста болған адамдар топтан топқа, палатадан палатаға немесе мекемеден мекемеге ауыстырылмайды, ауру жағдайы тіркелген сынып үшін кабинеттік оқыту жүйесі қолданылмайды. Сырқаттанушылықтың өршуі кезінде кабинеттік оқыту жүйесі соңғы жағдай тіркелген күннен бастап инкубация уақытына барлық бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдары бойынша тоқтатылады;
Тармақша 4
4) байланыста болған адамдарды биохимиялық қан талдауларына зертханалық зерттеп-қарауды клиникалық көрсетілімдер болған кезде дәрігер тағайындайды;
Тармақша 5
5) ошақтық қорытынды дезинфекциялау мектепке дейінгі ұйымдарда, бастауыш, негізгі орта білім беру, жабық үлгідегі негізгі орта білім беру ұйымдарында, балалар үйлерінде, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында науқасты ұжымнан оқшаулағаннан кейін, үй ошақтарында стационарға оқшаулағаннан кейін жүргізіледі;
Тармақша 6
6) ауыз суға зертханалық зерттеу жүргізу.
Тармақ 5
5. Ошақтарда ошақтық қорытынды дезинфекцияны санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары және медициналық ұйымдар жүргізеді.
Тармақ 6
6. Ошақтық ағымдағы дезинфекцияны мектепке дейінгі ұйымның, бастауыш, негізгі орта білім беру және емдеу-сауықтыру ұйымының басшысының бұйрығымен айқындалған адам осы ұйымның медицина қызметкерінің бақылауымен науқасты оқшаулаған сәттен бастап күнтізбелік отыз бес күн бойы жүргізеді.
Тармақ 7
7. Дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету вирустық гепатит ошағы тіркелген ұйымның басшысына жүктеледі.
Тармақ 8
8. Вирустық гепатиттермен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу клиникалық көрсетілімдер бойынша (орташа ауыр және ауыр түрлері, бауыр мен асқазан-ішек жолының қатар жүретін патологиясы болған кезде жеңіл түрлері) нозологиялық түрлер бойынша бөлек жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Вирустық гепатиттермен ауыратын жүкті әйелдер жүктіліктің отызыншы аптасына дейін клиникалық көрсетілімдер бойынша инфекциялық стационарларға, жүктіліктің отыз аптасынан бастап босанған әйелдер босандыру ұйымдарында оқшауланған палаталарға (бокстарға) емдеуге жатқызылады.
Тармақ 10
10. Вирустық гепатитпен ауырып сауыққан адамдарды ауруханадан шығару толық клиникалық сауыққаннан кейін клиникалық-зертханалық көрсетілімдер бойынша жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Жіті вирустық гепатиттермен ауырып сауыққан адамдарды динамикалық бақылау гепатологиялық орталықта немесе денсаулық сақтау ұйымының аумақтық бөлімшесінің инфекциялық аурулар кабинетінде клиникалық көрсетілімдер бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. АВГ-ның орташа ауыр және ауыр түрлерімен ауырып сауыққан адамдарды динамикалық бақылау емдеу аяқталғаннан кейін үш ай бойы жүргізіледі.
Тармақ 13
13. АВГ және ЕВГ реконвалесценттері шығарылғаннан кейін бір айдан соң қарап-тексеріле отырып, ферментемия сақталғанда есепте тұрады.
Тармақ 14
14. Есептен шығару клиникалық көріністер болмаған кезде жүргізіледі.
Тармақ 15
15. АВГ және ЕВГ кезінде санитариялық-профилактикалық іс-шаралар мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) қоғамдық тамақтану объектілерінде, санитариялық тораптарда, сынып бөлмелері мен рекреацияларда күнделікті ағымдағы тазалау кезінде санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, оны жүргізу техникалық персоналға жүктеледі;
Тармақша 2
2) бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды мектеп үй-жайларын жинауға тартуға жол бермеу.
Тармақ 16
16. АВГ-ның спецификалық профилактикасы вакцинация болып табылады. Вакцинация алты ай аралықпен екі рет жүргізіледі.
Тармақ 17
17. АВГ-ға қарсы вакцинациялауға жататын контингенттер:
Тармақша 1
1) екі жастағы балалар;
Тармақша 2
2) АВГ ошақтарында он төрт жасқа дейінгі байланыста болған адамдар байланыста болған күннен бастап алғашқы екі аптада;
Тармақша 3
3) ремиссия кезеңінде созылмалы В және С вирустық гепатиттерімен ауыратын он төрт жасқа дейінгі балалар.
Тармақ 18
18. ЕВГ-ге қарсы спецификалық профилактика жоқ.
Тармақ 2. 2-параграф. Парентералдық берілу механизмі бар В, С, Д вирустық гепатиттері бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
2-параграф. Парентералдық берілу механизмі бар В, С, Д вирустық гепатиттері бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 19
19. В және С вирустық гепатиттері (бұдан әрі – ВВГ және СВГ) анықталған кезде эпидемиологиялық тергеп-тексеруді аумақтық бөлімшелердің мамандары жіті вирустық гепатиттермен ауыратын науқастардың және алғаш анықталған созылмалы В және С вирустық гепатиттерімен ауыратын науқастардың ошақтарын зерттеп-қарауды жүргізе отырып өткізеді.
Тармақ 20
20. Вирустық гепатиттермен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу клиникалық көрсетілімдер бойынша (орташа-ауыр және ауыр түрлері, бауыр мен асқазан-ішек жолының қатар жүретін патологиясы болған кезде жеңіл түрлері) нозологиялық түрлер бойынша бөлек жүргізіледі.
Тармақ 21
21. ВВГ және СВГ-мен ауыратын жүкті әйелдер жүктіліктің отызыншы аптасына дейін клиникалық көрсетілімдер бойынша инфекциялық стационарларға, жүктіліктің отыз аптасынан бастап және босанған әйелдер босандыру ұйымдарының оқшауланған палаталарына (бокстарына) емдеуге жатқызылады.
Тармақ 22
22. Вирустық гепатиттермен ауырып сауыққан адамдарды шығару толық клиникалық сауыққаннан кейін клиникалық-зертханалық көрсетілімдер бойынша жүргізіледі.
Тармақ 23
23. Динамикалық бақылау ВВГ-ның орташа ауыр және ауыр түрлерімен ауырып сауыққан адамдарға – емдеу аяқталғаннан кейін алты ай бойы, жіті СВГ-мен ауырып сауыққандарға – созылудың жоғары ықтималдығын ескере отырып (оның ішінде биохимиялық сынамалардың көрсеткіштері қалыпты және қанда вирус репликациясы болмаған кезде) жүргізіледі.
Тармақ 24
24. ВВГ-мен ауыратын науқастарды динамикалық бақылау Д-инфекциясын ықтимал суперинфекциялануға байланысты көрсетілген.
Тармақ 25
25. Динамикалық бақылау ұзақтығы жалғасатын гепатит пен ферментемия клиникасының болуымен айқындалады.
Тармақ 26
26. Вирустық гепатиттердің реконвалесценттері сақталып отырған ферментемия кезінде шығарылғаннан кейін бір айдан кейін қарап-тексерумен есепте тұрады.
Тармақ 27
27. Есептен шығару клиникалық көріністер болмаған кезде жүргізіледі.
Тармақ 28
28. Науқастың денсаулық сақтау ұйымында болған уақытында немесе одан шығарылғаннан кейін анықталған ВВГ немесе СВГ-ны ауруханаішілік жұқтыруға күдік болған немесе тіркелген кезде аумақтық бөлімшелердің мамандары эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізеді.
Тармақ 29
29. Эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу кезінде:
Тармақша 1
1) ВВГ-мен және СВГ-мен ауырған адамның айналасында ол емделген кезде ВВГ және СВГ-ның жіті түрлерімен ауыратын науқастардың;
Тармақша 2
2) ВВГ және СВГ симптомсыз түрімен ауыратын адамдар және осы инфекцияның реконвалесценттерінің;
Тармақша 3
3) созылмалы ВВГ және СВГ-мен ауыратын науқастардың болуы нақтыланады.
Тармақ 30
30. Денсаулық сақтау ұйымында ауруды жұқтыруды жоққа шығару үшін науқастардың отбасыларындағы және қызметкерлер арасындағы эпидемиологиялық жағдай зерделенеді. Жеке медициналық кітапшалар мен еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бойынша бөлімше және науқас болған басқа бөлімшелер қызметкерлерінің денсаулығы бағаланады.
Тармақ 31
31. Эпидемиологиялық анамнезді жинау, стационарға түскен кезде және ауру динамикасында, сондай-ақ науқастарды емдеу кезінде тәуекел тобындағы пациенттерді тексеру сапасы бағаланады. Бағалау кезінде патологиялық процестің белсенділігін анықтау және одан әрі емдеу орны туралы мәселені шешу, науқасты инфекциялық бөлімшеге уақтылы ауыстыру мақсатында инфекционисттің консультация жүргізуінің уақтылығы ескеріледі.
Тармақ 32
32. Ошақтың (денсаулық сақтау ұйымы, бөлімше) туындау уақыты мен шекараларын анықтау:
Тармақша 1
1) ауру тарихының деректерін;
Тармақша 2
2) науқастың денсаулық сақтау ұйымына түсу және онда болу мерзімдерін;
Тармақша 3
3) орташа инкубациялық кезең шегінде жасанды және табиғи жұқтыруды саралауға мүмкіндік беретін медициналық байланыстар мен емшараларды;
Тармақша 4
4) емделген кезінде оның айналасында ВГВ-мен ауыратын адамның болуын талдау жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 33
33. Инфекцияның жасанды немесе табиғи берілу жолдарының іске асырылуы туралы қорытынды эпидемиологиялық анамнезді толық жинау және мұқият талдау негізінде жасалады.
Тармақ 34
34. Денсаулық сақтау ұйымына ВВГ және СВГ әкелінуі анықталған кезде, сондай-ақ ауруханаішілік жұқтыру кезінде де бөлімшелердің пациенттерін және стационардың медицина персоналын ауру жұқтырудан қорғауға және инфекцияның одан әрі таралуының профилактикасына бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені жүргізіледі.
Тармақ 35
35. Қан, ағзалар, тіндер, жасушалар компоненттері мен препараттарының реципиенттері ВВГ және СВГ-мен ауырған жағдайда ауру жұқтыруға күдікті донорларды, сондай-ақ ауырмаған реципиенттерді қайта серологиялық зерттеп-қарау жүргізіледі.
Тармақ 36
36. Бөлімше және жалпы денсаулық сақтау ұйымы шегінде ВВГ және СВГ ауруына алып келген барлық медициналық манипуляциялар мен емшаралардың нақты, хронологиялық дәйекті және нақтыланған тіркелуі ауру жұқтыру жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Тармақ 37
37. Денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу кезінде инвазивті әдістердің, оның ішінде:
Тармақша 1
1) сүйек кемігіне биопсия (трепанобиопсия), сүйек кемігіне аспирация (стернальды пункция) жүргізу барысында, ісік жасушаларын анықтау үшін сүйек кемігін зерттеу әдістері кезінде көп рет қолданылатын пункциялық инелердің;
Тармақша 2
2) стоматологиялық манипуляциялар кезінде көп рет қолданылатын карпульді шприцтердің;
Тармақша 3
3) эндоскопиялық жабдықтың;
Тармақша 4
4) орталық және перифериялық вена катетерлерінің;
Тармақша 5
5) көп рет қолданылатын хирургиялық құралдардың;
Тармақша 6
6) гемодиализге, гомеостазды экстракорпоралды түзетуге арналған жабдықтың қолданылуына назар аудару қажет.
Тармақ 38
38. С вирустық гепатитінің жұқтыру мерзімінің өтуі анықталған кезде инкубациялық кезеңмен қатар бауыр фибросканерлеуінің нәтижелерін ескеру қажет (2 дәрежелі бауыр фиброзы 4 жыл бойы, 3 дәрежелі бауыр фиброзы 10 жыл бойы қалыптасады).
Тармақ 39
39. ВВГ және СВГ жұғу жағдайлары мынадай жағдайлар мен алғышарттар болған:
Тармақша 1
1) инфекция көзі (пациент немесе персонал) мен одан жұқтырған адамның арасында эпидемиологиялық байланыс анықталған кезде. Бұл байланыс бір мезгілде стационарда болумен, бір медициналық бекет, операциялық, емшара, таңып-байлау, диагностикалық кабинет, зертхана қызмет көрсеткен кезде атауы бірдей медициналық манипуляцияларды синхронды алумен, бір палатада болумен күшейеді;
Тармақша 2
2) бұрын бір медициналық ұйымда болған және атауы бірдей медициналық манипуляциялар алған науқастарда ВВГ және СВГ топтық сырқаттанудың немесе гепатиттердің жаппай анықталу жағдайлары пайда болған;
Тармақша 3
3) пациент стационарға түскеннен кейін және емделу жалғасқанда 45 күн өткен соң, сондай-ақ стационарда, сонымен бірге одан тыс жерлерде инфекция көзі анықталмаса, ауруханадан шыққаннан кейін 6 ай шегінде ауру дамыған;
Тармақша 4
4) болжамды жұқтыру кезеңінде медициналық аппаратураны, құрал-саймандарды дезинфекциялау, стерилдеу режимін, (персонал) жеке гигиена қағидаларын қоса алғанда, санитариялық-эпидемияға қарсы режимнің өрескел бұзылуы анықталған;
Тармақша 5
5) ВВГ және СВГ инфекция жұқтыру көзі филогенетикалық талдау арқылы расталған кезде ауруханаішілік деп танылады.
Тармақ 40
40. Эпидемиологиялық тергеп-тексеру нәтижелерінің негізінде дәрігер-эпидемиолог инфекцияның болжамды көзін анықтайды және аурудың туындауына себеп болған берілу жолдары мен факторларын айқындайды.
Тармақ 41
41. Берілу жолдары мен факторларына қатысты санитариялық-профилактикалық шаралар:
Тармақша 1
1) медициналық ұйымдарда медициналық құрал-саймандар мен жабдықтарға, сондай-ақ шаштараздарда, косметологиялық салондарда, халыққа пирсинг пен татуажды жүзеге асыратын тері жабындары мен сілемейқабықтардың тұтастығының бұзылуына байланысты қызметтер көрсететін салондарда жабдықтар мен құрал-саймандарға дезинфекция және стерильдеу жүргізу, бір рет қолданылатын құрал-саймандарды қолдану;
Тармақша 2
2) медициналық манипуляциялардың қауіпсіздігін және қорғанудың тосқауыл әдістерін пайдалануды бақылауды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) қанды әрбір донациялау, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді (тіндердің бөліктерін), жыныстық, феталдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды алу алдында донорларды ВВГ және СВГ маркерлеріне тексеру;
Тармақша 4
4) қанның, оның компоненттері мен препараттарының инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіздігін (лейкофильтрация, вирустық инактивация, карантиндеу, иондаушы сәулелеу) қосымша қамтамасыз ету әдістерінің қолданылуын бақылау;
Тармақша 5
5) ВВГ және СВГ бар адамдарды қан донорлығынан, жыныстық, феталдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды алудан өмір бойы шеттету.
Тармақ 42
42. Биологиялық сұйықтықтар жеке қорғаныш құралдарына (бұдан әрі - ЖҚҚ) түскен жағдайда ЖҚҚ-ны дереу шешу және терінің ластанған жерлерін сабынды сумен жуу қажет. Жұмыс орнынан кетер алдында ЖҚҚ-ны шешу және оларды осы үшін бөлінген ыдысқа салу керек.
Тармақ 43
43. Науқастарды емдеу кезінде қисынсыз инвазивті араласуларды болдырмау қажет.
Тармақ 44
44. Инфекцияның таралу тәуекелін анықтау, төмендету мақсатында ВВГ және СВГ маркерлеріне мыналар тексерілуге жатады:
Тармақша 1
1) пациенттер: жоспарлы және шұғыл операциялық араласулар үшін стационарларға емдеуге жатқызуға түскен кезде, гемодиализ, гематология, онкология, транспланттау, жүрек-тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері;
Тармақша 2
2) гемодиализ, гематология және транспланттау бөлімшелерінің пациенттері бір айдан астам стационарда болған кезде – ай сайын;
Тармақша 3
3) жүкті әйелдер бір рет есепке қою кезінде;
Тармақша 4
4) пациенттер, амбулаториялық жағдайларда бет-жақ сүйек операцияларын (тістер имплантациясы) жүргізу алдында;
Тармақша 5
5) ошақтағы байланыста болған адамдар.
Тармақ 44-1
44-1. Ошақтағы байланыста болған адамдарды А, В, С, Д, Е вирустық гепатиттерінің маркерлеріне зертханалық тексеру халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының ведомстволық бағынысты ұйымдарының филиалдарында жүргізіледі.
Тармақ 45
45. Денсаулық сақтау ұйымдары қажетті жабдықпен және шығыс материалдарымен (оның ішінде бір рет қолданылатын шприцтермен, катетерлермен, инелермен және инфузияға арналған жүйелермен, дезинфектанттармен, контейнерлермен, ҚКЖК-мен) жеткілікті мөлшерде және ассортиментте қамтамасыз етеді.
Тармақ 46
46. Емдеуді анықтау, ұйымдастыру, еңбек режимін айқындау мақсатында медицина қызметкерлері жұмысқа орналасу кезінде және алты айда бір рет ВВГ және СВГ маркерлеріне тексерілуге жатады:
Тармақша 1
1) қанды қайта өңдеуге қатысатын инвазивтік емшаралар жүргізетін қан қызметі саласындағы медицина қызметкерлері;
Тармақша 2
2) гемодиализбен айналысатын медицина қызметкерлері;
Тармақша 3
3) хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейіндегі медицина қызметкерлері, сондай-ақ диагностиканың және емдеудің инвазивтік әдістерін жүргізетін медицина қызметкерлері мен медициналық бейіндегі орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындарында оқитын адамдар;
Тармақша 4
4) клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханалардың медицина қызметкерлері.
Тармақ 47
47. Жіті вирустық гепатитке шалдыққан адамдарға сіреспеге қарсы анатоксин мен антирабиялық вакцинадан (көрсетілімдер болған кезде) басқа, стационардан шығарылғаннан кейін алты ай ішінде профилактикалық егулер қарсы көрсетілген.
Тармақ 48
48. ИФА-да созылмалы немесе жіті процесс туралы куәландыратын оң нәтиже алған кезде дәрігер инфекционист қосымша зерттеулер белгілейді. Дәрігер инфекционист қандағы В және С гепатиттері вирустарының репликациясын растайтын ПТР зерттеудің оң нәтижелері алынғанда, инвазиялық манипуляцияларға қатысатын медицина қызметкерлерін жұмысқа жібермейді.
Тармақ 49
49. С вирустық гепатитінің спецификалық профилактикасы жоқ.
Тармақ 50
50. В және Д вирустық гепатиттерінің спецификалық профилактикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 85-бабының 5-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес жүргізілетін вакцинация. ВВГ-ға қарсы вакцинациялаудың мақсаты аурудың созылмалы түрлерін қоса алғанда, ВВГ және ДВГ-ны болдырмау болып табылады.
Тармақ 51
51. 15 жастан асқан адамдарды вакцинациялау ВВГ-ға алдын ала маркерлік диагностикадан кейін жүргізіледі. ВВГ-ға зерттеудің оң нәтижесі бар адамдар вакцинациялауға жіберілмейді.
Тармақ 52
52. ВВГ-ге қарсы вакцинациялауға жататын контингенттер:
Тармақша 1
1) өмірәнің алғашқы он екі сағаты ішінде перинаталдық берілудің профилактикасы мақсатында жаңа туған нәрестелер;
Тармақша 2
2) жыныстық және тұрмыстық берілу жолдарының профилактикасы үшін ВВГ ошақтарындағы байланыста болған адамдар, ВВГ-ге маркерлік диагностиканың алдын ала теріс нәтижесінен кейін 15 жастан асқан адамдар;
Тармақша 3
3) бұрын егілмеген медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері (дәрігерлер, орта және кіші медицина персоналы);
Тармақша 4
4) меншік нысанына қарамастан медициналық бейіндегі орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқып жатқан, бұрын ВГВ-ге қарсы егілмеген, вакцинация курсымен толық егілмеген, вакцинация туралы деректері цифрлық немесе қағаз түрінде жоқ адамдар;
Тармақша 5
5) бұрын егілмеген, құю жиілігіне қарамастан, қан, оның компоненттері мен препараттарының реципиенттері;
Тармақша 6
6) алғаш анықталған АИТВ жұқтырғандар;
Тармақша 7
7) бұрын егілмеген, жиілігіне қарамастан, гемодиализге және тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттауға жататын адамдар;
Тармақша 8
8) онкогематологиялық науқастар, сондай-ақ әлсіз иммундық жауапқа байланысты вакцинаның екі еселенген дозасы енгізілетін және аяқталған вакцинациядан кейін алты айдан кейін қосымша ревакцинация жүргізілетін иммуносупрессивті препараттар алатын науқастар.
Тармақ 53
53. Қан, оның компоненттері мен препараттары, тіндер (тіндердің бөліктері) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөліктері) реципиенттерін ВВГ-ға вакцинациялау қан компоненттері мен препараттарын құюды, тіндерді (тіндердің бөліктерін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттауды жүргізген медициналық ұйым ұсынған тізімге сәйкес тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарда ИФТ әдісімен ВВГ-ға теріс нәтиже болған кезде гемотрансфузиядан немесе транспланттаудан кейін 6 ай өткен соң жүргізіледі.
Тармақ 54
54. Қан компоненттері мен препараттарының, жыныстық, феталдық, дің жасушаларының инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мынадай адамдар:
Тармақша 1
1) ВВГ және СВГ-мен ауырған адамдар және ВВГ, СВГ маркерлеріне оң нәтижелері бар адамдар – өмір бойы;
Тармақша 2
2) вирустық гепатитпен ауыратын науқаспен байланыста болғандар – инкубациялық кезең мерзіміне;
Тармақша 3
3) қан компоненттерін және препараттарын құюды, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді (тіндердің бөліктерін), жыныстық, феталдық, дің жасушаларын салуды алған адамдар – бір жыл мерзімге донорлыққа жіберілмейді.
Тармақ 55
55. Донорлар қанды донациялау, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді (тіндердің бөліктерін), жыныстық, феталдық, дің жасушаларын алу алдында ВВГ және СВГ маркерлеріне тексерілуге жатады.
Тармақ 56
56. Меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан, вирустық гепатиттерді диагностикалауды жүзеге асыратын зертханалар мен денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – денсаулық сақтау ұйымдары) тексеруге жіберген және диагноз қою үшін тіркелген жері бойынша медициналық ұйымдарға гепатиттерге (ИФТ) адамдарды тексерудің оң нәтижелері туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 3. 3-параграф. АИТВ инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
3-параграф. АИТВ инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 57
57. АИТВ инфекциясы жағдайы анықталған кезде эпидемиологиялық тергеп-тексеруді АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының эпидемиологтары жүргізеді. Ауруханаішілік жұқтыруға, медицина қызметкерлерінің кәсіптік жұқтыруына, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жұқтыруға күдік туындаған кезде эпидемиологиялық тергеп-тексеруді АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы аумақтық бөлімшелердің мамандарымен бірлесіп жүргізеді.
Тармақ 58
58. Эпидемиологиялық тергеп-тексеру нәтижелерінің негізінде инфекцияның болжамды көзі, аурудың туындауына себеп болған берілу жолдары мен факторлары туралы қорытынды жасалады. Осы қорытындыны ескере отырып, АИТВ жұқтырған және байланыста болған адамдарды оқытуды қамтитын санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені әзірленеді және іске асырылады.
Тармақ 59
59. Медициналық ұйымда медициналық көмек көрсетуге байланысты пациенттердегі, донорлардағы, қан, оның компоненттері мен препараттары, тіндер (тіндердің бөліктері) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөліктері) реципиенттеріндегі АИТВ инфекциясының әрбір жағдайына АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы аумақтық бөлімшеге 12 сағат ішінде шұғыл хабарлама және РМДСҰ-ға жедел хабарлама жібереді.
Тармақ 59-1
59-1. Ошақтың пайда болу уақыты мен шекарасын айқындау (денсаулық сақтау ұйымы, бөлімше):
Тармақша 1
1) АИТВ инфекциясына, оның ішінде емдеуге жатқызу кезеңіне дейінгі тестілеу нәтижелерін;
Тармақша 2
2) стационарлық пациенттің медициналық картасы мен ауруханадан шығару эпикризі деректерін;
Тармақша 3
3) ауырған адамның денсаулық сақтау ұйымына түсу және онда болу мерзімдерін;
Тармақша 4
4) стационарға емдеуге жатқызу кезеңіндегі медициналық байланыстар мен емшараларды;
Тармақша 5
5) ауырған адамның (палата, бөлімше, стационар) айналасында стационарда емделу кезеңінде АИТВ инфекциясын жұқтырған адамның болуын;
Тармақша 6
6) отбасы мүшелерінің және жақын адамдарының арасында АИТВ инфекциясын жұқтырған адамның болуын;
Тармақша 7
7) инфекционист дәрігердің АИТВ инфекциясының клиникалық сатысы және жұқтырудың болжамды уақыты туралы қорытындысын;
Тармақша 8
8) АИТВ инфекциясын жұқтырған адамның тіркелген/жүгінген жері бойынша амбулаториялық картаның деректерін;
Тармақша 9
9) стационардан шығарылғанға дейін және одан кейін басқа медициналық ұйымдарға жүгінудің болуын;
Тармақша 10
10) үйде алынған парентеральды емшаралардың болуын талдау арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 59-2
59-2. АИТВ инфекциясының ауруханаішілік жағдайын эпидемиологиялық тергеп-тексеру барысында:
Тармақша 1
1) диагностиканың және емдеудің инвазивтік әдістерін жүргізген медицина қызметкерлері, гемотрансфузиялар болған кезде қан донорлары және АИТВ инфекциясына серологиялық зерттеп-қарау жүргізе отырып, атауы бірдей парентеральды емшаралар алған пациенттер арасындағы байланыста болған адамдар тобы;
Тармақша 2
2) электрондық бақылау базасы бойынша: медицина персоналы және медициналық ұйымда емделу кезінде ауырған адамның айналасындағы пациенттер қатарындағы байланыста болған адамдар арасында АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдардың болуы;
Тармақша 3
3) бөлімше және жалпы медициналық ұйым шегіндегі барлық медициналық манипуляциялар мен емшаралардың хронологиялық ретімен және нақты тіркелуі;
Тармақша 4
4) стерильділікке өндірістік бақылаудың бұрын жүргізілген зерттеулерінің нәтижелері, оларды жүргізу жиілігі және эпидемиологиялық тергеп-тексеру барысында стерильділікке сынамалар алу;
Тармақша 5
5) стерильдеу жабдығының жұмысын бақылаудың және дезинфекциялау-стерильдеу режимін сақтаудың болуы;
Тармақша 6
6) бір рет қолданылатын шприцтермен, катетерлермен және венаішілік енгізуге арналған жүйелермен, вакутейнерлермен және басқа да бір рет қолданылатын медициналық мақсаттағы құралдармен бір жыл ішінде жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілу;
Тармақша 7
7) АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша медицина персоналын даярлау анықталады.
Тармақ 59-3
59-3. Эпидемиологиялық анамнез деректерін жинаудың толықтығы мен сапасына бағалау жүргізіледі, оның барысында:
Тармақша 1
1) АИТВ-ға зерттеп-қараудың алдыңғы нәтижелерін ескере отырып, оның ішінде стационарға емдеуге жатқызылғанға дейін АИТВ инфекциясының анықталу хронологиясы;
Тармақша 2
2) жаңадан анықталған АИТВ инфекциясын жұқтырған адамның негізгі тәуекел топтарына қатынасы;
Тармақша 3
3) медициналық ұйымның инфекционист дәрігерінің клиникалық қарап-тексеру нәтижелері бойынша патологиялық процестің белсенділігі, АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының СД4 және вирустық жүктемеге зерттеп-қарауы;
Тармақша 4
4) АИТВ инфекциясына қатысты қауіпті жыныстық және инъекциялық мінез-құлық маркерлері ретінде қызмет етуі мүмкін парентеральді гепатиттерге (ВГВ ВГС, HBsAg-ға жиынтық антиденелердің ИФТ-ы) және мерезге (кардиолипиндік антигенмен микропреципитация реакциясы) зерттеп-қарау нәтижелері;
Тармақша 5
5) филогенетикалық талдау нәтижелері айқындалады.
Тармақ 60
60. АИТВ инфекциясын жұқтырудың ауруханаішілік жағдайына күдік туындаған кезде медициналық ұйымдарда жұқтыру көзін, берілу факторларын анықтау, персонал арасында, сонымен бірге ықтимал жұқтыру қаупін ескере отырып, АИТВ инфекциясын жұқтырған адаммен байланыста болған пациенттер арасында да байланыста болған адамдардың тобын анықтау бойынша эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізіледі.
Тармақ 61
61. АИТВ инфекциясының анықталған көзіне қатысты мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
Тармақша 1
1) АИТВ инфекциясын уақтылы анықтау және диагнозын белгілеу;
Тармақша 2
2) дәрігердің тағайындауы бойынша ретровирусқа қарсы препараттармен спецификалық емдеу (оның ішінде жүкті әйелдерге, АИТВ инфекциясын жұқтырған аналардан туған балаларға);
Тармақша 3
3) инъекциялық есірткіні пайдаланатын адамдарды есірткіге тәуелділікті емдеуге, зиянды азайту, алмастырушы терапияны қолдау бағдарламаларына, көрсетілетін қызметтерді алу және әлеуметтік сүйемелдеу үшін үкіметтік емес ұйымдарға жіберу.
Тармақ 62
62. Медициналық бақылаудың ұзақтығы контингентке байланысты және:
Тармақша 1
1) АИТВ инфекциясын жұқтырған аналардан туған балалар үшін – он сегіз ай;
Тармақша 2
2) ауруханаішілік ошақтағы байланыста болған адамдар үшін – егер пациент медициналық ұйымнан шыққаннан кейін үш айдан астам уақыт өтсе, ошақтағы адамдар байланыста болғандар ретінде АИТВ инфекциясының болуына бір реттік тексеруден өтеді және теріс нәтиже болғанда бақылау тоқтатылады;
Тармақша 3
3) инфекция жұқтырылған материалдың немесе биологиялық субстраттардың зақымдалған немесе зақымдалмаған теріге, сілемейлі қабықтарға түсуіне байланысты авариялық жағдай, жарақаттар (дезинфекциялық өңдеуден өтпеген медициналық аспаппен тері жабынын шаншып алу, кесу) болған жағдайда медицина қызметкерлері үшін – авариядан кейін бір ай;
Тармақша 4
4) донорлық биологиялық материалдың реципиенттері үшін – бір ай. АИТВ инфекциясына ИФТ, ИХЛА, ЭХЛА теріс нәтижесі болғанда – гемотрансфузиядан, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді, жыныстық, феталдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды трансплантаттаудан және оны ауыстырып салғаннан кейін бір айдан соң бақылаудан алынады. Аумақтық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы медициналық ұйымдағы жауапты тұлғамен бірлесіп, реципиенттерді тексеруден өткізеді, белгіленген мерзімде АИТВ-инфекциясына қайта тексеру нәтижелері теріс болған және шағымдар болмаған жағдайда реципиентті бақылаудан шығару туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 5
5) АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдардың серонегативті жыныстық серіктестері және есірткіні бірлесіп енгізу бойынша байланыста болған адамдар үшін байланыс ұзаққа созылған жағдайда бақылау мерзімі шектелмейді. АИТВ инфекциясына қарап-тексеру жиілігі – жылына екі реттен сиретпей.
Тармақ 63
63. Берілу механизмдеріне, жолдары мен факторларына қатысты санитариялық-профилактикалық шаралар:
Тармақша 1
1) медициналық ұйымдарда медициналық құрал-саймандар мен жабдықтарға, сондай-ақ шаштараздарда, косметологиялық салондарда, пирсинг пен татуажды жүзеге асыратын салондарда жабдықтар мен құрал-саймандарға дезинфекция және стерильдеу жүргізу, бір реттік құрал-саймандарды қолдану;
Тармақша 2
2) медициналық манипуляциялардың қауіпсіздігін және қорғанудың тосқауыл әдістерінің пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) қанның, оның компоненттері мен препараттарының инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіздігін (лейкофильтрация, вирустық инактивация, карантиндеу, иондаушы сәулелеу) қосымша қамтамасыз ету әдістерінің қолданылуын бақылау;
Тармақша 4
4) АИТВ инфекциясы бар адамдарды қан, жыныстық, феталдық, дің жасушалары мен биологиялық материалдар донорлығынан өмір бойы шеттету;
Тармақша 5
5) халыққа – сезімтал контингентке, сондай-ақ инфекция көздеріне де – қауіпсіз немесе қауіптілігі аз мінез-құлыққа оқыту және консультация беру;
Тармақша 6
6) халықтың негізгі топтарымен: инъекциялық есірткіні пайдаланатын адамдармен (бұдан әрі – ИЕПА), секс қызметкерлерімен (бұдан әрі – СҚ), ерлермен жыныстық қатынаста болатын ерлермен (бұдан әрі – ЕЖЕ), бас бостандығы шектеулі, бас бостандығынан айыру орындарында сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан, қамауға алынған және арнайы мекемелерге орналастырылған адамдармен профилактикалық жұмыс жүргізу;
Тармақша 7
7) АИТВ инфекциясын жұқтырған ананың биологиялық сұйықтықтарымен баланың жанасуын болдырмау.
Тармақ 64
64. Қан компоненттері мен препараттарының, жыныстық, феталдық, дің жасушаларының инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мынадай адамдар:
Тармақша 1
1) АИТВ инфекциясына оң нәтижесі бар адамдар – өмір бойы;
Тармақша 2
2) қан компоненттері мен препараттарын құюды, жыныстық, феталдық, дің жасушаларын алған адамдар – бір жыл мерзімге донорлыққа жіберілмейді.
Тармақ 65
65. Донорлар қанды донациялау, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді (тіндердің бөліктерін), жыныстық, феталдық, дің жасушаларын алу алдында АИТВ инфекциясына зерттеп-қаралуға жатады. Ағзалардың (ағзалардың бөліктерінің) және (немесе) тіндердің (тіндердің бөліктерінің), жыныстық жасушалардың донорлары АИТВ инфекциясына зерттеп-қаралған күнінен бастап транспланттау немесе ауыстырып салу емшарасы, қосымша репродуктивтік технология мақсатында биологиялық материалды алу операциясына дейін күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде АИТВ инфекциясына зерттеп-қаралуға жатады.
Тармақ 66
66. АИТВ инфекциясын жұқтыру жолдары:
Тармақша 1
1) терінің зақымдануы (инемен тесу немесе өткір құралмен кесу);
Тармақша 2
2) сілемейқабықтарға немесе зақымдалған теріге биологиялық сұйықтықтардың түсуі;
Тармақша 3
3) зақымдалмаған терінің тіндермен және биологиялық сұйықтықтармен ұзақ немесе алаңы бойынша ауқымды жанасуы.
Тармақ 67
67. Биологиялық сұйықтықтармен, оның ішінде:
Тармақша 1
1) қанмен;
Тармақша 2
2) шәуетпен;
Тармақша 3
3) қынаптық бөлінділермен;
Тармақша 4
4) синовиалық сұйықтықпен;
Тармақша 5
5) жұлын-ми сұйықтығымен;
Тармақша 6
6) өкпеқап сұйықтығымен;
Тармақша 7
7) ішперде сұйықтығымен;
Тармақша 8
8) үлпершек сұйықтығымен;
Тармақша 9
9) қағанақ сұйықтығымен жұмыс істеу кезінде сақтық шаралары сақталады.
Тармақ 68
68. Сақтық шаралары:
Тармақша 1
1) тірі кезінде немесе аутопсияда кесілген (немесе алынған) адамның тіндерімен және ағзаларымен (зақымданбаған теріден басқа);
Тармақша 2
2) қанмен берілетін инфекциялар жұқтырылған эксперименттік жануарлардың тіндерімен және ағзаларымен;
Тармақша 3
3) көзге көрінетін қан қоспасы бар сұйықтықтармен;
Тармақша 4
4) белгісіз биологиялық сұйықтықпен жұмыс істеу кезінде сақталады.
Тармақ 69
69. Жұқтыру тәуекелі:
Тармақша 1
1) ластанған инелермен және өткір құрал-саймандармен мұқият жұмыс істемеуден болған жарақаттар;
Тармақша 2
2) қан мен биологиялық сұйықтықтар ауыздың, көздің, мұрынның сілемейқабығына және зақымдалған теріге түскен (кесу, сызаттар, дерматит, безеу);
Тармақша 3
3) биологиялық сұйықтықтармен және олармен ластанған беттермен жұмыс істеу кезінде көздің, мұрынның, ауыздың сілемейқабығына және зақымдалған теріге тиген;
Тармақша 4
4) қан мен биологиялық сұйықтықтар жайылған, шалпылдаған және шашыраған кезде артады.
Тармақ 70
70. Инфекция жұқтырудан қорғау мақсатында ЖҚҚ қолданады, олар осы құралдарды пайдаланудың барлық уақыты ішінде тері жабынын, көзді, ауызды және сілемейқабықты биологиялық сұйықтықтармен жанасудан қорғайды. ЖҚҚ мен қауіпсіз технологияларды жұмыс берушілер қамтамасыз ететді.
Тармақ 71
71. Науқастарды емдеу кезінде негізсіз инвазивті араласуды болдырмау қажет.
Тармақ 72
72. Емдеуді анықтау, ұйымдастыру, еңбек режимін айқындау мақсатында мынадай медицина қызметкерлері:
Тармақша 1
1) қанды қайта өңдеуге қатысатын, инвазивтік емшаралар жүргізетін қан қызметі саласындағы медицина қызметкерлері;
Тармақша 2
2) гемодиализбен айналысатын медицина қызметкерлері;
Тармақша 3
3) хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейіндегі медицина қызметкерлері, сондай-ақ диагностика мен емдеудің инвазивтік әдістерін жүргізетін медицина қызметкерлері;
Тармақша 4
4) клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханалардың медицина қызметкерлері жұмысқа орналасу кезінде және 12 айда бір рет АИТВ инфекциясына тексерілуге жатады.
Тармақ 73
73. АИТВ инфекциясын жұқтырудың кәсіптік тәуекелі бар медициналық ұйымдарда тәулік бойы қолжетімді жанасудан кейінгі профилактиканы жүргізу үшін жедел тесттер мен ретровирусқа қарсы препараттар қоры болады.
Тармақ 74
74. АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы денсаулықсақтау ұйымдарға жанасудан кейінгі профилактика мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді.
Тармақ 75
75. Ретровирусқа қарсы препараттармен жанасудан кейінгі профилактиканы жүргізуді алғашқы екі сағат ішінде, бірақ биологиялық материалмен жанасқаннан кейін 72 сағаттан кешіктірмей бастайды.
Тармақ 76
76. Авариялық жағдайда зардап шеккендер кейіннен ИФТ/ИХЛА әдісімен расталып, авария кезінде жедел тестті пайдалану арқылы және одан әрі авариялық жағдайдан кейін бір айдан соң АИТВ инфекциясына зерттеп-қараудан өтеді.
Тармақ 77
77. АИТВ инфекциясын жұқтыру тәуекеліне ұшыраған медицина қызметкеріне бақылау кезеңінде:
Тармақша 1
1) қорғалмаған жыныстық қатынасты болдырмау, серіктестің инфекция жұқтыруының алдын алу үшін презерватив қолдану;
Тармақша 2
2) қан донорлығына, адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін (тіндерінің бөліктерін), жыныстық, феталдық және дің жасушаларын алуға қатыспау;
Тармақша 3
3) баланы емшекпен тамақтандыруды тоқтату;
Тармақша 4
4) дәрігердің тағайындауы бойынша профилактикалық мақсатта РВТ препараттарды қабылдау.
Тармақ 78
78. АИТВ инфекциясын, С вирустық гепатитін, мерезді жұқтыру, таралу тәуекелі факторларын зерделеу үшін АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары халықтың негізгі топтары (ИЕПА, СҚ, ЕЖЕ) арасында биологиялық мінез-құлықтық зерттеулер жүргізеді.
Тармақ 79
79. Санитариялық-профилактикалық шаралар АИТВ инфекциясының мынадай:
Тармақша 1
1) табиғи (тік) жолмен анадан балаға перинаталды (жүктілік кезінде ананың қаны арқылы);
Тармақша 2
2) емшекпен тамақтандыру кезінде интранаталды (босану кезінде қан немесе ананың қынаптық секреті арқылы);
Тармақша 3
3) жыныстық қатынас кезінде (қан, шәует, қынаптық секрет арқылы), зақымдалған тері және (немесе) сілемейқабықтың қанымен тікелей жанасқан кезде байланыс-гемобайланыс жолымен;
Тармақша 4
4) адамның инфекцияланған донорлық қаны және оның компоненттері, ағзалары (ағзаларының бөліктері) және (немесе) тіндері (тіндерінің бөліктері) арқылы, есірткі құралдары мен оларға ұқсас заттарды парентералды тұтыну кезінде, тері жабыны мен сілемейқабықтың тұтастығы бұзылатын медициналық емес және медициналық манипуляциялар кезінде артифициалды (жасанды) берілу жолдарын болдырмауға бағытталған.
Тармақ 80
80. АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы жүзеге асыратын сезімтал контингентке қатысты шаралар:
Тармақша 1
1) АИТВ инфекциясын жұқтырған адаммен байланыста болған адамдарды анықтау;
Тармақша 2
2) АИТВ инфекциясын жұқтыру тұрғысынан қауіпсіз мінез-құлыққа оқыту;
Тармақша 3
3) алдын алу химиялық профилактикасын жүргізу. Аурудың шұғыл профилактикасы үшін АИТВ инфекциясын жұқтыру тәуекеліне ұшыраған адамдарға, оның ішінде: АИТВ инфекциясын жұқтырған аналардан туған нәрестелерге, АИТВ жұқтырған адамдарға көмек көрсету кезінде зардап шеккен медицина қызметкерлеріне және адамдарға, оларға қатысты АИТВ жұқтыру тәуекеліне әкеп соқтыратын байланыстың болуын болжауға негіз бар азаматтарға ретровирусқа қарсы препараттар тағайындалады.
Тармақ 81
81. Профилактикалық іс-шаралар денсаулық сақтау ұйымының әрбір пациенті АИТВ инфекциясының әлеуетті көзі ретінде бағаланатын негізге сүйене отырып жүргізіледі.
Тармақ 82
82. АИТВ инфекциясының ауруханаішілік берілуінің профилактикасы мақсатында:
Тармақша 1
1) медициналық мақсаттағы бұйымдарды дезинфекциялауға, стерильдеу алдында тазартуға, стерильдеуге, сондай-ақ медициналық ұйымдарда түзілетін медициналық қалдықтарды жинауға, зарарсыздандыруға, уақытша сақтауға және тасымалдауға қойылатын белгіленген талаптарды сақтау;
Тармақша 2
2) қажетті медициналық және санитариялық-техникалық жабдықтармен, қазіргі заманғы атравматикалық медициналық құрал-саймандармен, дезинфекциялау, стерильдеу және ЖҚҚ жарақтандыру қамтамасыз етіледі.
Тармақ 83
83. Халықтың АИТВ инфекциясының профилактикасы мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру жөніндегі іс-шаралар Кодекстің 99-бабының 1-тармағында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 4. 4-параграф. Вирустық гепатиттер мен АИТВ инфекциясы бойынша санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
4-параграф. Вирустық гепатиттер мен АИТВ инфекциясы бойынша санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 84
84. Қанмен және ықтимал жұқтырылған биологиялық сұйықтықтармен жұмыс істеу кезінде профилактика шараларын сақтау қажет. Медицина қызметкерлері, оның ішінде зертханалардың қызметкерлері және денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында оқитын адамдар парентералдық жолмен берілетін ауруларды жұқтыру бойынша тәуекел топтарына жатады.
Тармақ 85
85. Инфекция жұқтырудан қорғау мақсатында:
Тармақша 1
1) осы құралдарды пайдаланудың барлық уақыты ішінде тері жабынын, көзді, ауызды және сілемейқабықты биологиялық сұйықтықтармен жанасудан қорғайтын ЖҚҚ;
Тармақша 2
2) қорғаныш құралдары мен қауіпсіз технологиялар қолданылады.
Тармақ 86
86. Денсаулық сақтау ұйымдарында инфекция жұқтыруды болдырмау үшін мынадай талаптар сақталады:
Тармақша 1
1) жұмыс беруші ЖҚҚ береді;
Тармақша 2
2) биологиялық сұйықтықтармен және олармен ластанған беттермен жұмыс тікелей жұмыс алдында киілетін қолғаптармен жүргізіледі. Бір рет қолданылатын қолғаптарды қайта пайдалануға жол берілмейді;
Тармақша 3
3) жұмыс халат, хирургиялық қалпақ немесе бас киім, ауыстырылатын аяқ киім киіп жүзеге асырылады;
Тармақша 4
4) бетті иекке дейін жабатын маскалар, қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған экран немесе бүйірлік қалқандармен жабдықталған қорғаныш көзілдірігімен бірге маскалар қолданылады;
Тармақша 5
5) ЖҚҚ қолжетімді жерде сақталады;
Тармақша 6
6) персоналдың шағын жарақат алу жағдайларын, қан мен биологиялық сұйықтықтардың теріге және сілемейқабыққа түсетін авариялық жағдайларды есепке алу қамтамасыз етіледі.
Тармақ 87
87. Биологиялық сұйықтықтармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары:
Тармақша 1
1) биологиялық сұйықтықтар теріге түскен кезде қолғаптарды немесе ЖҚҚ шешкеннен кейін дереу қолды сабынмен жуу, содан кейін ластанған жерлерді жуу қажет. Қол ағынды судың астында жуылады. Ағынды су болмаған жағдайда қолға бір рет қолданылатын қағаз сүлгілерді немесе антисептикалық сулықтарды қолдану керек;
Тармақша 2
2) инелері бар бір рет қолданылатын шприцтер алдын ала жуылмай, дезинфекцияланбай, бөлшектелмей және деформацияланбай пайдаланылғаннан кейін қауіпсіз жинау және кәдеге жаратуға арналған контейнерлерге (бұдан әрі – ҚКЖК) тасталады;
Тармақша 3
3) көп рет пайдаланылатын ластанған, кесетін және тесетін құралдар кейіннен өңдеу үшін бірден қатты, ылғал өткізбейтін (түбі мен қабырғалары), таңбаланған контейнерлерге салынады;
Тармақша 4
4) ҚКЖК пайдалану үшін ыңғайлы жерде орналастырылады, олардың толып кетуіне жол берілмейді (төрттен үшке толтырылады) және тек мұқият жабылған күйінде жылжытылады;
Тармақша 5
5) биологиялық сұйықтықтардың үлгілері тиісті таңбасы бар герметикалық контейнерлерге орналастырылады. Егер үлгілер бар контейнер ластанған немесе зақымдалған болса, ол екінші контейнердің ішіне орналастырылады;
Тармақша 6
6) ластанған киім-кешекпен жанасуды барынша азайту, оны таңбаланған қаптарға немесе контейнерлерге салу, ылғалды киім-кешекті су өткізбейтін қаптарда немесе контейнерлерде тасымалдау керек.
Тармақ 88
88. Инфекция жұқтырудың профилактикасы үшін:
Тармақша 1
1) биологиялық сұйықтықтармен жанасу ықтимал жұмыс орындарында тамақ ішуге, темекі шегуге, макияж жасауға, түйіспелі линзаларды шешуге немесе киюге;
Тармақша 2
2) тамақ пен сусындарды тоңазытқыштарда немесе биологиялық сұйықтықтар мен тіндердің үлгілері сақталатын орындарда сақтауға;
Тармақша 3
3) биологиялық сұйықтықтарды ауызбен тамшуырға соруға;
Тармақша 4
4) биологиялық сұйықтықтармен ластанған шыны сынықтарын қолмен көтеруге;
Тармақша 5
5) шприцтерден пайдаланылған инелерді бүгуге, сындыруға, алуға, оларға қалпақтар кигізуге және осындай әрекеттерді ластанған өткір аспаптармен жүргізуге;
Тармақша 6
6) көп рет қолданылатын шаншитын және кесетін құралдар бар контейнерлерден қолмен бірдеңе алуға, контейнерді қолмен ашуға, босатуға жол берілмейді.
Тармақ 89
89. Медицина персоналын кәсіптік инфекция жұқтырудың профилактикасы бойынша оқытуды медициналық ұйымдардың басшылары қамтамасыз етеді.
Тармақ 90
90. Денсаулық сақтау ұйымдарының персоналы (медициналық, сондай-ақ медициналық емес) жұмысқа қабылдану кезінде және жыл сайын осы Санитариялық қағидаларда белгіленген қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамадан өтеді.
Тармақ 91
91. Қан қызметі, хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейіндер саласындағы қызметті жүзеге асыратын және гемодиализбен айналысатын ұйымдардың қан мен оның компоненттерін дайындау бөлімінің медицина қызметкерлері, сондай-ақ диагностика мен емдеудің инвазивтік әдістерін жүргізетін медицина қызметкерлері ВВГ, СВГ, АИТВ инфекциясының маркерлеріне тексерудің оң нәтижелері болған кезде диагноз нақтыланғанға дейін жұмысқа жіберілмейді.
Тармақ 92
92. ВВГ, СВГ, АИТВ инфекциясын жұқтырған, тері жабынының немесе сілемейлі қабықтың тұтастығының бұзылуымен байланысты медициналық манипуляцияларды орындайтын медицина қызметкерлері диагностиканың және емдеудің инвазивтік әдістерін жүргізумен байланысты емес жұмысқа ауыстырылуға жатады. ВГВ, ВГС, АИТВ инфекциясын жұқтырған медициналық бейіндегі орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындарының студенттері, интерн дәрігерлер, резиденттер, докторанттар диагностиканың және емдеудің инвазивтік әдістерін жүргізуге жіберілмейді.
Тармақ 93
93. Ауруды анықтау, емдеуді ұйымдастыру мақсатында реципиенттерді ВВГ, СВГ және АИТВ-инфекциясының маркерлеріне тексеру мынадай мерзімдерде жүргізіледі:
Тармақша 1
1) гемотрансфузия, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді, жыныстық, феталдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды транспланттау және ауыстырып салу жүргізу алдында және жүргізілгеннен кейін алты айдан соң реципиент ауруды анықтау, емдеуді ұйымдастыру мақсатында ВВГ, СВГ және АИТВ инфекциясы маркерлеріне тексерілуге жатады;
Тармақша 2
2) гемотрансфузия, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді, жыныстық, феталдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды транспланттау және ауыстырып салу алдында және жүргізілгеннен кейін бір айдан соң реципиенттер ауруды анықтау, емдеуді ұйымдастыру мақсатында АИТВ инфекциясына зерттеп-қаралуға жатады.
Тармақ 94
94. ВВГ, СВГ және АИТВ инфекциясының маркерлеріне оң нәтижелер болған кезде медицина қызметкерлері қанды, оның компоненттері мен препараттарын дайындау процесіне жіберілмейді.