Об утверждении Перечня руководящих должностей органов гражданской защиты Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарының тізбесін бекіту туралы
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағына, 84-бабының бесінші бөлігіне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 169) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2021 жылғы 26 мамырдағы
№ 235 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдардың тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) аппараты мен ведомстволары бойынша:
Тармақша 1
1) бірінші вице-министр;
Тармақша 2
2) вице-министр;
Тармақша 3
3) аппарат басшысы;
Тармақша 4
4) Министрдің кеңесшісі;
Тармақша 5
5) комитет төрағасы;
Тармақша 6
6) комитет төрағасының орынбасары;
Тармақша 7
7) департамент, орталық бастығы;
Тармақша 8
8) департамент, орталық бастығының орынбасары;
Тармақша 9
9) дербес басқарма бастығы;
Тармақша 10
10) дербес басқарма бастығының орынбасары;
Тармақша 11
11) комитеттің, департаменттің, орталықтың басқарма бастығы;
Тармақша 12
12) орталықтың кезекші бөлім бастығы;
Тармақша 13
13) комитеттің, департаменттің, орталықтың басқарма бастығының орынбасары;
Тармақша 14
14) орталықтың кезекші бөлім бастығының орынбасары;
Тармақша 15
15) дербес бөлім бастығы.
Тармақ 2
2. Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдар бойынша:
Тармақша 1
1) Министрліктің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы департамент (бұдан әрі - ТЖД) бастығы;
Тармақша 2
2) ТЖД бастығының орынбасары;
Тармақша 3
3) ТЖД төтенше жағдайлар басқарма (бөлім) бастығы;
Тармақша 4
4) ТЖД төтенше жағдайлар басқарма (бөлім) бастығының орынбасары;
Тармақша 5
5) ТЖД басқарма бастығы;
Тармақша 6
6) ТЖД басқарма бастығының орынбасары;
Тармақша 7
7) ТЖД дербес бөлім бастығы;
Тармақша 8
8) ТЖД басқармасының бөлім бастығы;
Тармақша 9
9) ТЖД басқарма, дербес бөлім бөлімшесінің бастығы;
Тармақша 10
10) ТЖД дербес бөлімше бастығы.
Тармақ 3
3. «Министрліктің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азматтық қорғау академиясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Академия) бойынша:
Тармақша 1
1) Академия бастығы;
Тармақша 2
2) Академия бастығының орынбасары;
Тармақша 3
3) факультет бастығы;
Тармақша 4
4) оқу орталығының бастығы;
Тармақша 5
5) оқу орталығы бастығының орынбасары;
Тармақша 6
6) кафедра бастығы;
Тармақша 7
7) кафедра бастығының орынбасары;
Тармақша 8
8) бөлім бастығы;
Тармақша 9
9) курс бастығы;
Тармақша 10
10) курс бастығының орынбасары;
Тармақша 11
11) кезекші бөлімнің бастығы;
Тармақша 12
12) оқу өрт сөндіру бөлімінің бастығы;
Тармақша 13
13) ғылыми-зерттеу орталығының бастығы.
Тармақ 4
4. «ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемелері бойынша:
Тармақша 1
1) мекеме бастығы;
Тармақша 2
2) мекеме бастығының орынбасары;
Тармақша 3
3) бөлім, бөлімше бастығы;
Тармақша 4
4) кезекші бөлімнің бастығы;
Тармақша 5
5) күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы;
Тармақша 6
6) күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы бастығының орынбасары;
Тармақша 7
7) мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы;
Тармақша 8
8) мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары;
Тармақша 9
9) өрт сөндіру бөлімінің бастығы;
Тармақша 10
10) өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары;
Тармақша 11
11) өрт сөндіру бекетінің бастығы;
Тармақша 12
12) мамандандырылған жасақ бастығы;
Тармақша 13
13) амандандырылған жасақ бастығының орынбасары;
Тармақша 14
14) жасақ бастығы;
Тармақша 15
15) жасақ бастығының орынбасары.