Об утверждении формы полугодовых графиков проведения проверок и порядка внесения изменений в полугодовые графики проведения проверок Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерінің нысанын және тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне өзгерістер енгізу тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 2-тармағының он бесінші және он алтыншы бөліктеріне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерінің нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
Тармақша 2
2) Тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне өзгерістер енгізу қағидалары осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың көшірмесін мүдделі мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына мәлімет үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Басқа 1. 20___ жылдың жартыжылдығына тексерулер жүргізудің _____жартыжылдық кестесі
Казақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 31 мамырдағы № 75 Бұйрықтың 1-қосымшасы нысан Мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысының актісімен бекітіледі 20___ жылдың жартыжылдығына тексерулер жүргізудің _____жартыжылдық кестесі № р/с Тек­се­рі­ле­тін субъ­ек­ті­нің ата­уы Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Тек­се­рі­ле­тін объ­ек­ті­нің ата­уы Тек­се­рі­ле­тін объ­ек­ті­нің ор­на­лас­қан же­рі Тәу­е­кел то­бы Тек­се­рі­ле­тін субъ­ек­ті кә­сіп­кер­лі­гі­нің са­на­ты Тек­се­рі­ле­тін субъ­ек­ті­нің әді­лет ор­ган­да­рын­да мем­ле­кет­тік тір­кел­ген кү­ні 1 2 3 4 5 6 7 8 Ескерту: Excel кестесі форматында
Басқа 2. Тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне өзгерістер енгізу қағидалары
Казақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 31 мамырдағы № 75 Бұйрықтың 2-қосымшасы Тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне өзгерістер енгізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне өзгерістер енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабы 2-тармағының он алтыншы бөлігіне сәйкес әзірленді және тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне (бұдан әрі – жартыжылдық кесте) өзгерістер енгізу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі – бұл тәуекел дәрежесін бағалау негізінде бақылау және қадағалау органдары жүргізетін тексеру түрі;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті;
Тармақша 3
3) тексерілетін субъектілер – қызметіне бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
Тармақша 4
4) тексерілетін объектілер – тексерілетін субъектінің меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі бақылауға және қадағалауға жататын мүлік;
Тармақша 5
5) тіркеу және есепке алу субъектісі – қызметіне бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің қызметіне тексеру жүргізуге Қазақстан Республикасының заңдарымен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар.
Тармақ 3
3. Ерекше тәртіптің жартыжылдық кестелерін қалыптастыру, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында (бұдан әрі – интернет-ресурсы) орналастыру және оларды қайтару Кодекстің 141-бабының 2-тармағында регламенттелген.
Тармақ 4
4. Тіркеу және есепке алу субъектісі жартыжылдық кестелердің бекітілмеген нысандарын ұсынған жағдайда, уәкілетті орган оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұзушылықтарды жою үшін қайтарады. Тіркеу және есепке алу субъектісі бұзушылықтарды жояды және оларды қайтарған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жартыжылдық кестелерді бекітеді және уәкілетті органға жібереді. Бұл ретте, жартыжылдық кестелер уәкілетті органға Кодекстің 141-бабының 2-тармағында көзделген мерзімдерде ұсынылады.
Тарау 2. 2-тарау. Жартыжылдық кестелерге өзгерістер енгізу тәртібі
2-тарау. Жартыжылдық кестелерге өзгерістер енгізу тәртібі
Тармақ 5
5. Интернет-ресурсында орналастырылған жартыжылдық кестелерге мынадай жағдайларда өзгерістер енгізіледі:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаның, оның ішінде олардың филиалдары мен өкілдіктерінің меншік нысанының қайта тіркелуі немесе өзгертілуі, сондай-ақ бизнес-сәйкестендiру нөмiрiнің өзгерісіне әкелмеген қайта ұйымдастырылуы;
Тармақша 2
2) қызметінің немесе объектінің функционалдық мәнінің өзгеруіне байланысты емес жеке кәсіпкердің, жеке тұлғаның тіркелу деректерінің өзгеруі;
Тармақша 3
3) тексерулердің жартыжылдық кестелерін қалыптастыру, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты тәуекелдерді бағалау жүйесін қолдану немесе тәуекел дәрежесін анықтау барысында прокурорлық қадағалау және ден қою актілері бойынша заң бұзушылық фактілерінің анықталуы;
Тармақша 4
4) тіркеу және есепке алу субъектісінің бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) жартыжылдық кестелер бойынша тексерулерден босататын мән-жайларды анықтауы (аудиторлық қорытындының болуы, мораторий не тексерулердің немесе тексерілетін субъектінің қызметін өзге де уақытша тоқтата тұру, субъектінің банкроттығы не қызметінің өзге де тоқтатылуы, сондай-ақ Кодекстің 141-бабының 8-тармағында көзделген негіздер бойынша);
Тармақша 5
5) бақылау және қадағалау субъектісінің оған дейін тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне енгізілген объектіні жалдауға немесе басқа уақытша пайдалануға беруі.
Тармақ 6
6. Жартыжылдық кестелерді, олардың қолданыста болған уақытында, бірақ жартыжылдықта бір реттен артық емес, міндетті түрде интернет-ресурсқа орналастыра отырып, өзгертуге жол беріледі.
Тармақ 7
7. Растайтын құжаттар мен жаңартылған, бекітілген жартыжылдық кестені қоса бере отырып, уәкілетті органға жіберілген реттеуші мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысының өтінішхаты жартыжылдық кестелерге өзгерістер енгізу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 8
8. Өтінішхатты қарау мерзімі оны алған сәттен бастап бес жұмыс күні болып табылады.
Тармақ 9
9. Өтінішхатты қарау барысында уәкілетті орган жартыжылдық кестелердің өзгеру негізін зерттейді және мынадай:
Тармақша 1
1) өтінішхатты қанағаттандыру және өзгертілген кестелерді интернет-ресурсқа орналастыру;
Тармақша 2
2) Қағидалардың 5-тармағында көзделген жартыжылдық кестелерге өзгерістер енгізу үшін негіз болмаған жағдайда, негізді көрсете отырып, өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды. Өтінішхатты қайта жолдау осы тарауда белгіленген тәртіпте жол беріледі.
Тармақ 10
10. Өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда, Бас прокуратура бекітілген жартыжылдық кестені бес жұмыс күні ішінде интернет-ресурсқа орналастырады.
Тармақ 11
11. Жартыжылдық кестеге енгізілген өзгерістердің анықтығын, тұтастығын, объективтілігін және уақтылығын қамтамасыз ету бойынша жауапты лауазымды адамдар болып реттеуші мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшылары айқындалады.