Мүгедектерге санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Мүгедектерге санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы
Ақкөл аудандық әкімияттың халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі ұсынысын қарап және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6, 31-баптарына сәйкес және 2001 жылғы 7 желтоқсандағы енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі "Бюджет жүйесі туралы" Заңының 12-бабы негізінде аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мүгедектерге санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету Ережесі бекітілсін (тіркеледі).
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облыстық әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Өзгеріссіз келісімді
Аудан әкімі Р.Керейбаев
Аудандық қаржы
бөлімінің меңгерушісі О.Лисина
Аудандық еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау
бөлімінің бастығы А.Мананбаева
Басқа 3
Ақкөл аудандық мәслихат
сессиясының 2003 жылғы
31 наурыздағы № С-35-7
шешімімен бекітілген
Мүгедектерге санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету ережесі
Осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"Заңының 31-бабының 14-тармағына сәйкес және 2001 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі "Бюджеттік жүйе туралы" Заңының 12-бабының 1-тармағы негізінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын әлеуметтік қорғау мақсатында әзірленген және мүгедектерге санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету тәртібін тағайындайды.
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Барлық санаттағы мүгедектерге санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы (әрі қарай - әлеуметтік көмек) аудандық бюджет есебінен көрсетіледі.
📌 Ескерту. 1 тармақ өзгертілді - Ақкөл аудандық мәслихатының 2004 жылғы 08 қаңтардағы № С-4-6 шешімімен.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек көрсету немесе одан бас тарту туралы шешім, құрамы аудан әкімиятының қаулысымен бекітілген атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия мәжілісінде (бұдан әрі Комиссия) қаралады.
Тармақ 3
3. Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек барлық санаттағы мүгедектерді сауықтыру үшін көрсетіледі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі арызды, оны алуға құқығы бар кісі қосымша тиісті құжаттарымен қоса береді:
Тармақша 1
1) Жеке куәлігі (көшірме);
Тармақша 2
2) Санаторлық-курорттық карта (көшірме);
Тармақша 3
3) Амбулаторлық картаның көшірмесі;
Тармақша 4
4) МКТО-дан алушы статусын куәландыратын құжат.
Тармақ 5
5. Ұсынылған құжаттардың негізінде комиссия әлеуметтік көмекті көрсету немесе аудан бас тарту жөнінде шешім шығарады.
Тармақ 6
6. Санаторлық мекемеге ақша қаражатын аударғаннан кейін жолдамадан бас тартса, онда арыз иесі бюджетке жолдаманың құнын толық орнына келтіруге міндетті.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмектің мөлшері
3. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмектің мөлшері санаторлық-курорттық жолдаманың құнымен тең бағалы.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті төлеу
4. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек санаторлық мекемеге есепшотына аудару жолымен, тиісті операциялар түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар Банктер арқылы көрсетіледі.