О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регулирования финансового рынка Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 250-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 42-бабының 1-1 және 3 тармағына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағының 5)-тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағының 2)-тармақшасына, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы бірінші бөлігінің 4-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Басқа 0. Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі
2021 жылғы 28 мамырдағы
№ 68 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі
Тармақ 1
Тармақ 2
Тармақ 3
Тармақ 4
Тармақ 5
5. «Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы міндетті нормалар мен лимиттерді маңызы мен есептеу әдістемелерін, белгілі бір күнге шекті банк капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияларды есептеу қағидалары мен олардың лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 191 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19613 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы қаулы, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға 6-қосымшаның 10-жолын қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.».
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 қазандағы № 106 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21554 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
4-тармақтың жиырма алтыншы – қырқыншы абзацтары алып тасталсын.
Басқа 1
Тізбеге
1-қосымша
Ислам банктері үшін пруденциялық нормативтердің нормативтік мәндеріне және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесіне
2-қосымша
Басқа 2
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесіне 2-қосымша
Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндеріне және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесіне
5-қосымша
Басқа 3
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесіне 3-қосымша
Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелеріне, капиталының мөлшеріне
5-қосымша
Басқа 4
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесіне
4-қосымшасы
Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелеріне, капиталының мөлшеріне
6-қосымша