О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министерства финансов Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Казақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 4 маусымдағы
№ 531 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10954 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларында:
1 және 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, қаржылық есептіліктің халықаралық және ұлттық стандарттарына сәйкес әзірленді, дара кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері мен тұрақты мекемелерінің (бұдан әрі - субъектілер) бухгалтерлік есепті «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидалардың қолданысы:
1) Заңға сәйкес Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыратын қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент Сақтандыру брокерлерінің филиалдары және Қазақстанның Даму Банкі;
2) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен белгіленетін мемлекеттік мекемелерге қолданылмайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бухгалтерлік қызметтің басшысы (бұдан әрі – бас бухгалтер) бас бухгалтер немесе халықаралық және ұлттық стандарттарға, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есептің жүргізілуі мен қаржылық есептіліктің жасалуын қамтамасыз ететін басқа лауазымды тұлға болып табылады.
Бас бухгалтерді субъекті басшысы тағайындайды және лауазымынан босатады және субъекті басшысына тікелей бағынады.
Бас бухгалтердің лауазымына «Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22003 болып тіркелген) бекітілген, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес қойылатын біліктілік талаптарына сай келетін тұлға тағайындалады. Жария мүдделi ұйымның бас бухгалтерi лауазымына кәсiби бухгалтер тағайындалады.
Лауазымға тағайындау жазбаша нысанда ресімделеді.
Бас бухгалтердiң талаптары бухгалтерлiк қызметке құжаттар мен мәлiметтерді тиісті ресімдеу және уақтылы ұсыну бөлігінде субъектiнiң барлық бөлiмшелерi үшін мiндеттi болып табылады.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Субъектінің бөлімшелері арасында активтердің қозғалысын есепке алу үшін нысандары «Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы» № 562 Бұйрықпен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген (бұдар әрі – 562-бұйрық) ішкі орнын ауыстыруға арналған жүкқұжат қолданылады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің электрондық шот-фактураларының ақпараттық жүйесінде «Ішкі өткізу» нысаны немесе тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат ресімделген жағдайда қорларды ішкі өткізуге арналған жүкқұжатты жасау (ресімдеу) талап етілмейді.»;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Қорлардың өткізілуін есепке алу үшін нысаны 562-бұйрықпен бекітілген, қорларды шетке беруге арналған жүкқұжаты қолданылады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің электрондық шот-фактураларының ақпараттық жүйесінде тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат ресімделген жағдайда қорларды шетке беруге арналған жүкқұжатты жасау (ресімдеу) талап етілмейді.».
Тармақ 2
Тармақ 3
Басқа 1
Бұйрықтар тізбесіне қосымша