Об утверждении Правил организации и проведения закупа лекарственных средств, медицинских изделий и специализированных лечебных продуктов в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, дополнительного объема медицинской помощи для лиц, содержащихся в следственных изоляторах и учреждениях уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы, за счет бюджетных средств и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования, фармацевтических услуг и признании утратившими си Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы «4» маусымдағы № 375 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары
Бөлім 1. 1-бөлім. Негізгі ережелер
1-бөлім. Негізгі ережелер
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, арнайы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алу ақпараттық жүйесі – амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде рецепттер жазып беруді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің өнім берушісінің дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды босатуын есепке алуды автоматтандыру үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ақпараттық жүйе;
Тармақша 2
2) ауыспалы қалдық – бірыңғай дистрибьютор қоймаларындағы бұрын, оның ішінде төмендемейтін қор шеңберінде сатып алынған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қалдығы;
Тармақша 3
3) әлеуетті өнім беруші – осы Қағидаларға сәйкес шарт жасасуға үміткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, егер олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе);
Тармақша 4
4) әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасы – әлеуетті өнім берушiнiң шешiмдерiн тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешімдерге, оның iшiнде шартқа немесе өзге де мәмiлеге байланысты ықпал етуге құқығы бар жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзіне қатысты осы әлеуетті өнім берушiнiң осындай құқығы болатын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 5
5) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды жинақтауды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерді сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
Тармақша 6
6) бекітілген баға – дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның сатып алу нәтижелері бойынша айқындалған бағасы, өнім беруші дәрілік затты немесе медициналық бұйымды бірыңғай дистрибьюторға сол бойынша беруге міндеттенеді;
Тармақша 7
7) бірлесіп орындаушы – өнім беруші фармацевтикалық қызметтерді көрсету туралы шартты бірлесіп орындау үшін тартатын денсаулық сақтау субъектілері;
Тармақша 8
8) бірыңғай дистрибьютор – қызметін Кодекстің 247-бабына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 9
9) бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың тізбесі (бұдан әрі – бірыңғай дистрибьютордың тізбесі) – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін, мыналар: дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауы және қысқаша сипаттамасы; медициналық бұйымдардың атауы (құрамы) және қысқаша сипаттамасы; медициналық техниканың атауы, техникалық ерекшелігі және жиынтығы қамтылатын, бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың тізбесі;
Тармақша 10
10) бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі – бірыңғай дистрибьютор айқындайтын, бірыңғай дистрибьютордың қызметін автоматтандыратын және дистрибуция процесінің барлық мүдделі тараптарымен электрондық құжат алмасу жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе;
Тармақша 11
11) бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағы – бірыңғай дистрибьютор бекітетін, сипаттамалары, өлшем бірліктері, өлшеп-оралуы, өндірушінің атауы, өндірілген елі, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын, бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасы ескерілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағадан және саудалық атауына шекті бағадан аспайтын бағалары көрсетілген бірыңғай дистрибьютор сатып алған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі қамтылған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға баға ұсынысы;
Тармақша 12
12) бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасы – бірыңғай дистрибьютор сатып алатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың беру шартында көрсетілген бағасына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін үстеме;
Тармақша 13
13) дәрілік зат – затты не заттардың комбинациясын білдіретін немесе қамтитын, адам организмімен байланысқа түсетін, адамның ауруларын емдеуге, олардың профилактикасына немесе оның физиологиялық функцияларын фармакологиялық, иммунологиялық не метаболизмдік әсер ету арқылы қалпына келтіруге, түзетуге немесе өзгертуге немесе адамның аурулары мен жай-күйінің диагностикасына арналған зат;
Тармақша 14
14) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарты – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірыңғай дистрибьютор Қазақстан Республикасының дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндірушісімен немесе Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушімен дәрілік заттар үшін тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына және қолданудың ықтимал тәуекелінің 1 және 2а қауіпсіздік сыныбының медициналық бұйымдарын (стерильдіден басқа) қоспағанда, медициналық бұйымдар үшін сапаны басқару жүйесінің халықаралық стандартының (ISO 13485) талаптарына сәйкес өндірілген дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беруге; не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дәрілік заттарды өндірушімен дәрілік заттар үшін тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына, ал қолданудың ықтимал тәуекелінің 1 және 2а қауіпсіздік сыныбының медициналық бұйымдарын (стерильдіден басқа) қоспағанда, медициналық бұйымдар үшін сапаны басқару жүйесінің халықаралық стандартының (ISO 13485) талаптарына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың өндірісін немесе дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың келісімшарттық өндірісін құруға және (немесе) жаңғыртуға ниеті бар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектімен он жылға дейінгі мерзімге жасасатын азаматтық-құқықтық шарт;
Тармақша 15
15) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды келісімшарттық өндіріс (бұдан әрі – келісімшарттық өндіріс) – дәрілік заттар үшін тиісті өндірістік практика (GMP) және медициналық бұйымдарды өндірушілер үшін сапаны басқару жүйесінің халықаралық стандарты (ISO 13485) талаптарының толық сақталуын қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің өндірістік қуаттарында келісімшарттық негізде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру;
Тармақша 16
16) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың электрондық қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай көзін беретін ақпараттық жүйе;
Тармақша 17
17) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын заңды тұлға;
Тармақша 18
18) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы (бұдан әрі – сараптама ұйымы) – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік монополия субъектісі;
Тармақша 19
19) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың төмендемейтін қоры –іркіліссіз дәрімен қамтамасыз ету үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тиісті қаржы жылына арналған бірыңғай дистрибьютордың тізбесі бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің алдын ала есеп-қисаптарынан дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың жалпы көлемінің жиырма бес пайызына дейінгі көлемде бірыңғай дистрибьютор белгілейтін және жоспарлы түрде өз қаражаты есебінен толықтыратын қоры;
Тармақша 20
20) дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы – дәрілік заттың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған атауы;
Тармақша 21
21) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 22
22) денсаулық сақтау субъектілері – денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;
Тармақша 23
23) жылжымалы медициналық кешен – ауылдық жерлердің және шалғайдағы елді мекендердің халқына көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және тізбесін кеңейту үшін не қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мүддесінде пайдаланылатын, қажетті медициналық жабдықпен жарақтандырылған автомобиль көлігі базасындағы мобильді клиникалар (кабинеттер);
Тармақша 24
24) инвестициялық жоба – тиісті өндірістік практика (GMP) стандарттарына сәйкес дәрілік заттардың және ISO сапаны басқару жүйесінің стандарттарына сәйкес медициналық бұйымдардың жаңа өндірістерін құруға және (немесе) жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуға инвестицияларды көздейтін іс-шаралар кешені;
Тармақша 25
25) келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісі – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірушімен келісімшарттық өндірісі бар және онымен дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымның келісімшарттық өндірісіне шарт жасасқан (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) заңды тұлға;
Тармақша 26
26) клиникалық-техникалық негіздеме – сұратылған медициналық техникаға мұқтаждық пен денсаулық сақтау ұйымының оны қолдануға әзірлігі туралы ақпарат қамтылған құжат;
Тармақша 27
27) Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімі – халықаралық конвенциялар негізінде нөмірленген және тиісті кестелер мен тізімге біріктірілген, Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізбесі;
Тармақша 28
28) медициналық бұйымдар – медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника;
Тармақша 29
29) медициналық мақсаттағы бұйымдар – функционалдық мақсатына және өндірушінің нұсқаулығына сәйкес медициналық көмек көрсету үшін пайдаланылатын материалдар, бұйымдар, ерітінділер, реагенттер, жиынтықтар, жинақтар;
Тармақша 30
30) медициналық техника – функционалдық мақсатына және өндіруші белгілеген пайдалану сипаттамаларына сәйкес медициналық көмек көрсету үшін жеке немесе өзара үйлесімде қолданылатын аппараттар, аспаптар, жабдық, кешендер, жүйелер;
Тармақша 31
31) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары – денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ететін және Кодекстің 13-бабына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
Тармақша 32
32) орфандық (сирек) дәрілік препарат (бұдан әрі – орфандық препарат) – жиілігі Қазақстан Республикасында ресми белгіленген деңгейден аспайтын орфандық (сирек) ауруларды диагностикалауға, этиопатогенетикалық немесе патогенетикалық емдеуге арналған дәрілік препарат;
Тармақша 33
33) отандық тауар өндіруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға немесе заңды тұлға, олар Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады және мынадай өлшемшарттарға сәйкес келеді: Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндіру жөніндегі фармацевтикалық қызмет «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заң) сәйкес алынған фармацевтикалық қызметке тиісті лицензияның негізінде жүзеге асырылады; тұтынуға (қолдануға) дайын дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар олардың Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелуіне (тіркеу куәлігіне) сәйкес Қазақстан Республикасында орналасқан өндірістік алаңдарда өндіріледі; дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген немесе жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес жеткілікті қайта өңделген және «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – «Сауда қызметін реттеу туралы» Заң) сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі айналысқа арналған; дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңға сәйкес жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтарының аумағында жеткілікті қайта өңделген және Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне әкетіледі;
Тармақша 34
34) өндірістік алаң – дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндірушінің аумақтық оқшауланған, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндірудің барлық процесін немесе бір бөлігін немесе оның белгілі бір сатыларын орындауға арналған кешені;
Тармақша 35
35) өнім беруші – осы Қағидаларға сәйкес сатып алуды ұйымдастырушымен, тапсырыс берушімен немесе бірыңғай дистрибьютормен нысанасы дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру, фармацевтикалық қызметтер көрсету болып табылатын шарт (ұзақ мерзімді шарт, келісім, меморандум, өзге мәміле) жасасқан, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);
Тармақша 36
36) өнім беру шарты – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес бір тараптан бірыңғай дистрибьютор, сатып алуды ұйымдастырушы немесе тапсырыс беруші және екінші тараптан өнім беруші арасында дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алуға жасалған, тараптар веб-порталда немесе бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қол қойған және тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған шарт (ұзақ мерзімді шарт, келісім, меморандум, өзге мәміле);
Тармақша 37
37) фармацевтикалық көрсетілетін қызметке ақы төлеу – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде фармацевтикалық көрсетілген қызметтер үшін іс жүзіндегі шығындарын өтеу;
Тармақша 38
38) өтінім – сатып алу туралы хабарландыру немесе шақыру шарттарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес өнім беруші болып танылу мақсатында сатып алуға қатысуға ұсыныс;
Тармақша 39
39) сараптамалық бағалау – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық бұйымдардың оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесін сараптамалық бағалауды жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы жүзеге асыратын бағалау;
Тармақша 40
40) сарапшы – әлеуетті өнім беруші ұсынатын дәрілік заттар және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдар сипаттамасының немесе медициналық техниканың техникалық ерекшелігінің хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы сараптамалық қорытынды беру үшін тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы не бірыңғай дистрибьютор өтеусіз негізде тартатын, сатып алу өткізілетін саладағы арнаулы және (немесе) техникалық білімі, тәжірибесі мен біліктілігі тиісті құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәліктермен және басқа да құжаттармен) расталған жеке тұлға;
Тармақша 41
41) сатып алу – тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының және бірыңғай дистрибьютордың осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және тәсілдермен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
Тармақша 42
42) сатып алу шарты – осы Қағидаларға және дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алуға бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында жасалған, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тараптар қол қойған немесе бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған шарт;
Тармақша 43
43) сатып алу шарты – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алуға тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған, тараптар қол қойған немесе тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған шарт;
Тармақша 44
44) сатып алуды ұйымдастырушы – тапсырыс беруші айқындаған, осы Қағидаларда көзделген тәсілдермен сатып алуды ұйымдастыратын және сатып алу қорытындысын тапсырыс берушіге сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге шарт жасасу үшін жіберетін тұлға;
Тармақша 45
45) сатып алудың үшжақты шарты – медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарты шеңберінде бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші және өнім беруші арасында жасалатын шарт;
Тармақша 46
46) тапсырыс берушілер – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер, медициналық қызметтер көрсететін ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар), сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсететін денсаулық сақтау субъектілері;
Тармақша 47
47) тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың үлестес тұлғасы – тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютордың шешімдерін тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) олар қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде шартқа байланысты ықпал етуге мүмкіндігі бар тұлға (берілген өкілдіктер шеңберінде оның қызметін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ өзіне қатысты тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың осындай құқығы болатын кез келген тұлға;
Тармақша 48
48) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауына арналған шекті баға (бұдан әрі – саудалық атауға шекті баға) – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды одан жоғары бағамен жүргізуге болмайтын, Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауына арналған баға;
Тармақша 49
49) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына шекті баға (бұдан әрі – халықаралық патенттелмеген атауға шекті баға) – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды одан жоғары бағамен жүргізуге болмайтын, Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына арналған баға;
Тармақша 50
50) тендер – әлеуетті өнім берушілер арасындағы сатып алудың осы Қағидаларға сәйкес жеңімпазды анықтауға бағытталған тәсілі;
Тармақша 51
51) автоматтандырылған тендер – әлеуетті өнім берушілер арасындағы сатып алудың осы Қағидаларға сәйкес жеңімпазды айқындауға бағытталған, сатып алу процесінде қағаз құжат айналымын жоққа шығаратын тәсілі;
Тармақша 52
52) фармацевтикалық көрсетілетін қызмет – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды, тасымалдауды, сақтауды, есепке алу мен өткізуді қоса алғанда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің халықты амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етумен байланысты қызметі;
Тармақша 53
53) фармацевтикалық көрсетілетін қызметті беруші – осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен және тәсілдермен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органымен немесе бірыңғай дистрибьютормен шарт негізінде халықты рецепттер бойынша дәрілік заттармен және (немесе) медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсететін денсаулық сақтау субъектісі;
Тармақша 54
54) фармацевтикалық қызмет – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру және (немесе) дайындау және (немесе) көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу бойынша денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алумен (иеленумен), сақтаумен, әкелумен, әкетумен, тасымалдаумен, сапасын бақылаумен, ресімдеумен, бөлумен, пайдаланумен және жоюмен, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етумен байланысты қызмет;
Тармақша 55
55) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер туралы шарт – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тапсырыс беруші мен фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді берушілер арасында жасалған, тараптар қол қойған немесе тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған шарт;
Тармақша 56
56) шетелдік тауар өндіруші – шет мемлекеттің аумағында құрылған және Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын, тұтынуға (қолдануға) дайын дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өндіруді немесе қайта өңдеуді жүзеге асыратын және оларды экспорттаушы елдегі құзыретті органдар берген шығу тегі туралы сертификаттармен растайтын шетелдік заңды тұлға;
Тармақша 57
57) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
Тармақша 58
58) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
Тармақша 59
59) DDP ИНКОТЕРМС 2020 – тауар тапсырыс берушіге шартта көрсетілген межелі жерге барлық кеден баждары мен тәуекелдерінен тазартылып жеткізетін, Халықаралық сауда палатасы әзірлеген және айқындаған халықаралық сатып алу-сату шарттарының стандартты талаптарының халықаралық сауда термині;
Тармақша 60
60) болжамды баға – инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу, сондай-ақ төтенше жағдайларды болғызбау және олардың салдарын жою мақсатында дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін шамалас баға;
Тармақша 61
61) аналогты медициналық техника – сипаттамалары мен жиынтығының ұқсас болуы бірдей функцияларды орындауға және бірін-бірі алмастыруға мүмкіндік беретін медициналық техника.
Тарау 2. 2-тарау. Сатып алуға байланысты қағидаттар мен тәсілдер
2-тарау. Сатып алуға байланысты қағидаттар мен тәсілдер
Тармақ 3
3. Сатып алу мынадай қағидаттар сақтала отырып өткізіледі:
Тармақша 1
1) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
Тармақша 2
2) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;
Тармақша 3
3) сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы;
Тармақша 4
4) отандық тауар өндірушілерді қолдау.
Тармақ 4
4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру құралдарын сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар Қазақстан Республикасының аумағына уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде әкелінген, тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілегеннен аспайтын бағамен сатып алынады.
Тармақ 5
5. Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) веб-портал арқылы тендер;
Тармақша 2
2) веб-портал арқылы автоматтандырылған тендер;
Тармақша 3
3) веб-портал арқылы баға ұсыныстарын сұрату;
Тармақша 4
4) веб-портал арқылы бір көзден алу;
Тармақша 5
5) бірыңғай дистрибьютордан оның тізімі бойынша сатып алу;
Тармақша 6
6) осы Қағидаларда көзделген жағдайларда бірыңғай дистрибьютор арқылы. Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген сатып алуды өткізу тәсілі сараптамалық қорытынды алу қажет болмаған жағдайларда жүзеге асырылады. Сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың сипаттамалары тіркелген дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бірыңғай сыныптауышы» ақпараттық жүйесіндегі сипаттамасына сәйкес келген жағдайда сараптамалық қорытынды талап етілмейді. Фармацевтикалық қызметтерді көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің бірлесіп орындаушыны тартуына жол беріледі. Әлеуетті өнім беруші бірлесіп орындаушының біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы ақпаратты техникалық ерекшелікте көрсетеді.
Тармақ 5-1
5-1. Сатып алуды веб-порталды қолданбай дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы мынадай:
Тармақша 1
1) тендер;
Тармақша 2
2) баға ұсынысын сұрату;
Тармақша 3
3) бір көзден алу тәсілдерінің бірімен жүзеге асырады. Фармацевтикалық қызметтерді көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің бірлесіп орындаушыны тартуына жол беріледі. Әлеуетті өнім беруші бірлесіп орындаушының біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы ақпаратты техникалық ерекшелікте көрсетеді.
Тармақ 6
6. Арнайы емдік өнімдерді сатып алуды тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырады: 1) веб-портал арқылы тендер; 2) веб-портал арқылы автоматтандырылған тендер; 3) веб-портал арқылы бір көзден алу; 4) бір көзден алу; 5) веб-портал арқылы ұзақ мерзімді жеткізу шарттары бойынша. Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген сатып алуды өткізу тәсілі сараптамалық қорытынды алу қажет болмаған жағдайларда жүзеге асырылады. Сараптамалық қорытынды сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың сипаттамалары «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бірыңғай сыныптауышы» ақпараттық жүйесінде тіркелген дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың сипаттамасына сәйкес келген жағдайда талап етілмейді.
Тармақша 1
Тарау 3. 3-тарау. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары
3-тарау. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары
Тармақ 8
8. Егер:
Тармақша 1
1) әлеуетті өнім берушінің бірінші басшыларының және (немесе) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін сатып алуда тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың өкілі болып табылса;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының бейрезиденті – әлеуетті өнім беруші мемлекетінің заңнамасына сәйкес әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрса, әлеуетті өнім беруші сатып алуға қатыспайды.
Тармақ 9
9. Сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келеді:
Тармақша 1
1) құқық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілеттілігі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);
Тармақша 2
2) тиісті фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға құқық қабілеттілігі;
Тармақша 3
3) комиссияның (комиссиялардың) мүшелерімен және хатшысымен, сондай-ақ тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың тікелей және (немесе) жанама түрде шешім қабылдауға және (немесе) комиссия (комиссиялар) қабылдайтын шешімдерге ықпал етуге құқығы бар өкілдерімен үлестес болмауы;
Тармақша 4
4) бюджетке, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің болмауы;
Тармақша 5
5) банкроттық не таратылу рәсіміне жатпауы;
Тармақша 6
6) өзінің үлестес тұлғасымен бір лот бойынша тендерге қатысушы болып табылмауы. Осы тармақтың талаптары шетелдік тауар өндірушілерден және Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдар арқылы сатып алуды жүзеге асыру кезінде қолданылмайды.
Тармақ 10
10. Әлеуетті өнім беруші хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттары бойынша жиынтықта болуы талап етілетін жағдайды қоспағанда, бір лот бойынша сатып алу шеңберінде дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның бір саудалық атауын ұсынады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды:
Тармақша 1
1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде белгілі бір аурулары бар (күйдегі) халықты амбулаториялық деңгейде тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне кіретін, бірақ бірыңғай дистрибьютордың тізбесіне кірмейтін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар үшін;
Тармақша 2
2) медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығында балаларға қолдануға қарсы көрсетілімдер туралы нұсқамасы бар дәрілік зат сатып алынған жағдайда балаларды қамтамасыз ету мақсатында;
Тармақша 3
3) пациенттің жеке өзіне жақпаған жағдайда дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдарының шешімінің негізінде жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қойылатын талаптар
4-тарау. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қойылатын талаптар
Тармақ 11
11. Сатып алынатын және босатылатын, оның ішінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер сатып алынған кезде, дәрілік заттарға және медициналық бұйымдарға мынадай талаптар қойылады:
Тармақша 1
1) дәріханаларда дайындалған дәрілік препараттарды, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен орфандық препараттардың тізбесіне енгізілген орфандық препараттарды, Қазақстан Республикасының аумағына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде әкелінген, тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар құрамына кіретін және дербес бұйым немесе құрылғы ретінде пайдаланылмайтын жиынтықтаушыларды қоспағанда, Кодекстің ережелеріне және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеудің; арнайы көлік құралындағы медициналық техника сатып алынған жағдайда – Қазақстан Республикасында бірыңғай жылжымалы медициналық кешен ретінде мемлекеттік тіркеуінің болуы. Жиынтықтаушы медициналық техниканы (өнім беру жиынтығын) тіркеудің қажет болмауы сараптама ұйымының немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хатымен расталады;
Тармақша 2
2) сипаттаманың немесе техникалық ерекшеліктің хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына сәйкестігі. Бұл ретте медициналық техниканың ұсынылатын функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының техникалық ерекшелік талаптарынан асып кетуіне жол беріледі;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде әкелінген, тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қоспағанда, бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасын (бірыңғай дистрибьютор сатып алған жағдайда), хабарландырудағы немесе сатып алуға шақыртудағы бағаны ескеріп, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен халықаралық патенттелмеген атауы және саудалық атауы (бар болса) бойынша шекті бағадан аспауы;
Тармақша 4
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларына сәйкес олардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын сақтауды қамтамасыз ететін жағдайларда сақтау және тасымалдау;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасына тіркелмеген дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды әкелу жағдайларын қоспағанда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың таңбалануын, тұтыну қаптамасының және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкестігі;
Тармақша 6
6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімі өнім беруші тапсырыс берушіге берген күні: қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде елу пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса); қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде он екі айын (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;
Тармақша 7
7) өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға берген күні сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімі: дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сатып алу жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың қараша, желтоқсан және басталған қаржы жылының қаңтар кезеңінде жеткізілген кезде қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде алпыс пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса) және қаржы жылы ішінде келесі жеткізілген кездерде кемінде елу пайызды; дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сатып алу жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың қараша, желтоқсан және басталған қаржы жылының қаңтар кезеңінде жеткізілген кезде қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде он төрт айын (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) және қаржы жылы ішінде келесі жеткізілген кездерде кемінде он екі айды құрайды;
Тармақша 8
8) бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушіге берген күні дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімі: қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде отыз пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса); қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде сегіз айын (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;
Тармақша 9
9) бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушіге берген күні вакциналардың жарамдылық мерзімі: қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде қырық пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса); қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде он айын (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;
Тармақша 10
10) бірыңғай дистрибьютордың тапсырыс берушіге жарамдылық мерзімі өткенге дейін мақсаты бойынша пайдалану үшін берілетін дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының ауыспалы қалдықтары үшін осы тармақтың 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген жарамдылық мерзімінен аз;
Тармақша 11
11) медициналық техниканың жаңалығы, оның пайдаланылмауы және жеткізу сәтінің алдындағы жиырма төрт ай кезеңінде өндірілуі;
Тармақша 12
12) өлшеу құралдарына жататын медициналық техниканың Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілуі. Медициналық техниканы Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізудің қажет болмауы Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес расталады;
Тармақша 13
13) шарт талаптары бойынша өнім беру немесе фармацевтикалық қызмет көрсету санын, сапасын және мерзімдерін сақтау;
Тармақша 14
14) өндіруші не өндірушінің ресми өкілі мәртебесі бар әлеуетті өнім берушінің бергенін растайтын құжаттың болуы.
Тармақша 1
Тармақ 12
12. Осы Қағидалардың 11-тармағының 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12) 13) және 14) тармақшаларында көзделген талаптарды өнім беруші өнім беру немесе сатып алу шартын орындау кезінде растайды.
Тармақ 13
13. Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға осы Қағидаларда көзделмеген талаптарды белгілемейді.
Тарау 5. 5-тарау. Отандық тауар өндірушілерді және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өндірушілерін қолдау
5-тарау. Отандық тауар өндірушілерді және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өндірушілерін қолдау
Тармақ 14
14. Егер лот бойынша сатып алуға отандық тауар өндіруші және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің өндірушісі болып табылатын, хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін өтінім берген бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда мұндай әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады, ал басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері автоматты түрде қабылданбайды.
Тармақ 15
15. Егер лот бойынша сатып алуға өтінімдері хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін отандық тауар өндірушілер және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілері болып табылатын екі және одан көп әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, онда олардың арасындағы жеңімпаз ең төмен баға бойынша айқындалады, ал басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері автоматты түрде қабылданбайды.
Тармақ 16
16. Сатып алуды өткізу кезінде әлеуетті өнім берушінің отандық тауар өндіруші мәртебесі мынадай құжаттармен расталады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндіру бойынша фармацевтикалық қызметке лицензия;
Тармақша 2
2) Кодекстің ережелеріне және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес берілген, өндіруші ретінде отандық тауар өндіруші көрсетілген дәрілік затқа немесе медициналық бұйымға арналған тіркеу куәлігі. Шарт немесе өнім берудің ұзақ мерзімді шартына қосымша келісім жасалған кезде отандық тауар өндіруші берілетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға ішкі айналысқа арналған дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың шығу тегі туралы «СТ KZ» сертификатын ұсынады.
Тармақ 17
17. Әлеуетті өнім беруші – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер өндірушісінің мәртебесі мынадай құжаттармен расталады:
Тармақша 1
1) дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндіру бойынша фармацевтикалық қызметтер көрсетуге лицензия;
Тармақша 2
2) Еуразиялық экономикалық одақтың тіркеу және сараптама қағидаларына сәйкес келетін тіркеу куәлігі (Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 78 және 2016 жылғы 12 ақпандағы № 46 шешімдеріне сәйкес).
Тарау 6. 6-тарау. Кәсіпкерлік бастаманы қолдау
6-тарау. Кәсіпкерлік бастаманы қолдау
Тармақ 18
18. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес объектінің:
Тармақша 1
1) дәрілік заттарды сатып алу және дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу кезінде тиісті өндірістік практика (GMP);
Тармақша 2
2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тиісті дистрибьюторлық практика (GDP);
Тармақша 3
3) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификат алған әлеуетті өнім берушілер шарттар жасау артықшылығына ие болады.
Тармақ 19
19. Сатып алу шартын немесе өнім беру шартын жасасуға артықшылық алу үшін өтінімге:
Тармақша 1
1) отандық тауар өндірушілер дәрілік заттарды сатып алу және дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасау кезінде объект пен өндірістің Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес алынған тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты қоса береді;
Тармақша 2
2) әлеуетті өнім берушілер дәрілік заттарды сатып алу кезінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес алынған объектінің тиісті дистрибьюторлық практикаға (GDP) сәйкестігі туралы сертификатты қоса береді;
Тармақша 3
3) әлеуетті өнім берушілер және (немесе) олардың бірлесіп орындаушылары фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде объектінің Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес алынған тиісті дәріханалық практикаға сәйкестігі (GPP) туралы сертификатты қоса береді.
Тармақ 20
20. Егер лот бойынша сатып алуға хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін өтінім мен объектінің тиісті өндірістік практика (GMР) немесе тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты берген бір әлеуетті өнім беруші ғана қатысса, мұндай әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады, ал басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері автоматты түрде қабылданбайды.
Тармақ 21
21. Егер лот бойынша сатып алуға хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін тендерлік өтінім және объектілердің тиісті өндірістік практика (GMР) немесе тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттарды берген екі және одан көп әлеуетті өнім беруші қатысса, олардың арасында жеңімпаз ең төменгі баға бойынша айқындалады, ал басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері автоматты түрде қабылданбайды. Егер лот бойынша сатып алуға дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінің деректеріне толық әрі дәл сәйкес келетін тіркеу куәлігін немесе дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды Қазақстан Республикасына әкелуге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган рұқсатының (қорытындысының) нөмірін ұсынған екі және одан көп әлеуетті өнім беруші қатысса, басым құқық тіркеу куәлігін ұсынған әлеуетті өнім берушілерге беріледі, бұл ретте олардың арасындағы жеңімпаз ең төмен баға бойынша айқындалады, ал басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері автоматты түрде қабылданбайды.
Бөлім 2. 2-бөлім. Тендерді бірыңғай дистрибьютордың веб-портал арқылы жүзеге асыру тәртібі
2-бөлім. Тендерді бірыңғай дистрибьютордың веб-портал арқылы жүзеге асыру тәртібі
Тарау 7. 7-тарау. Бірыңғай дистрибьютор веб-портал арқылы жүзеге асыратын тендер
7-тарау. Бірыңғай дистрибьютор веб-портал арқылы жүзеге асыратын тендер
Тармақ 1. 1-параграф. Тендерді жүзеге асыру тәртібі
1-параграф. Тендерді жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 1
Тармақ 22
22. Тендерге осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатысады.
Тармақ 23
23. Тендер мынадай жүйелі кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) тендерлік комиссияның әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін хабарландыру шарттары мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы және кворум негізінде өтінімдерді қабылдамау немесе бәсекелес емес лоттар бойынша тендер жеңімпаздарын айқындау және бәсекелес лоттар бойынша аукционға жіберу туралы шешімдер қабылдауы, сондай-ақ егер лот бойынша бәсекелестеріне отандық тауар өндірушілерге және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілеріне немесе кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсетілетін болса, комиссия қабылдаудан бас тартпаған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін веб-порталдың автоматты түрде қабылдамауы;
Тармақша 2
2) комиссия аукционға жіберген әлеуетті өнім берушілер арасындағы аукцион, веб-портал тендер жеңімпаздарын және екінші орын алған өнім берушілерді автоматты түрде айқындауы және қорытындылар шығаруы, ал барлық өтінімдер қабылданбаған немесе лоттар бойынша бәсекелестік болмаған жағдайда веб-порталдың автоматты түрде қорытынды шығаруы.
Тармақ 24
24. Бірыңғай дистрибьютордың шешімімен комиссия құрамына, басшыны немесе оның міндетін атқарушы адамды қоса алғанда, саны тақ кемінде үш адамнан тұратын жұмыскерлері енгізіледі. Тендерлік комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және шарт жасалған күні өз қызметін тоқтатады.
Тармақ 25
25. Бірыңғай дистрибьютордың штаттық жұмыскері тендерлік комиссияның хатшысы болып айқындалады, ол:
Тармақша 1
1) веб-порталда тендер өткізу туралы хабарландыруды жариялауды;
Тармақша 2
2) тендерлік комиссия мүшесінің қандай да бір лот бойынша сараптамалық қорытынды беру туралы талабы бойынша тиісті сарапшыға сараптамалық қорытынды беру қажеттігі туралы хабарлама жіберуді;
Тармақша 3
3) тендерлік комиссияның дауыс беруінің қорытындысы бойынша танысу үшін дауыс беру хаттамасының жобасын қалыптастыруды, ал комиссия мүшелерінің бірінің талап етуі бойынша веб-порталда дауыс беруді қайта бастауды;
Тармақша 4
4) дауыс беру хаттамасын веб-порталда жариялауды;
Тармақша 5
5) тендерді тоқтату немесе жарамсыз деп тану туралы шешім қабылданған жағдайда, көшірмесін қоса тіркей отырып, веб-порталда оны тұтастай немесе қандай да бір лот бойынша тоқтатуды;
Тармақша 6
6) шарттар жасасу үшін тендердің қорытындысы туралы хабардар етуді уақтылы қамтамасыз етеді.
Тармақ 26
26. Тендер өткізу туралы хабарландыру бірыңғай дистрибьютор шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде веб-порталда мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады және веб-порталда тіркелген барлық әлеуетті өнім берушілерге хабарлама тартылады, онда:
Тармақша 1
1) хабарландырудың атауы, нөмірі және орналастыру уақыты;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, заңды мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру коды, банктік шоты;
Тармақша 3
3) дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның нөмірі, атауы, медициналық техниканың техникалық ерекшелігімен қоса, оның сипаттамасы, өлшем бірлігі, саны, бөлінген бағасы және жалпы сомасы көрсетілген лоттар;
Тармақша 4
4) фармацевтикалық көрсетілетін қызметті жеткізу немесе көрсету орны;
Тармақша 5
5) фармацевтикалық көрсетілетін қызметті жеткізу немесе көрсету мерзімдері;
Тармақша 6
6) қалған уақыттың кері есептей отырып, өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу уақыты;
Тармақша 7
7) комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы;
Тармақша 8
8) комиссия хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, телефоны мен электрондық поштасы қамтылатын ақпарат болады.
Тармақ 27
27. Өтінімдерді қабылдау тендер туралы хабарландыру жарияланған күннен кейінгі бірыңғай оператордың жұмысы күні сағат 9.00-де басталады және:
Тармақша 1
1) елу және одан көп лот сатып алынған кезде – жеті жұмыс күні;
Тармақша 2
2) елу лоттан аз сатып алынған кезде – үштен беске дейін жұмыс күні;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 19-тарауында көзделген сатып алу өткізілген кезде – бірден беске дейін жұмыс күні;
Тармақша 4
4) медициналық техника сатып алған кезде он жұмыс күні өткен соң бірыңғай оператордың өтінім қабылдау уақыты сағат 10.00-де аяқталады. Өтінімдер болмаған кезде веб-портал ашу және қорытынды хаттамаларын автоматты түрде және бір мезгілде жариялайды.
Тармақ 28
28. Өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін веб-портал оларды қарау үшін қолжетімді етеді және ашу хаттамасын оның нөмірін, жариялану уақыты мен мәртебесін көрсете отырып, автоматты түрде жариялайды, онда:
Тармақша 1
1) тендердің нөмірі мен атауы;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, БСН және заңды мекенжайы;
Тармақша 3
3) хабарландырудағы лоттардың тізбесі;
Тармақша 4
4) әлеуетті өнім берушілердің атауы, БСН (ЖСН), ССН, ТЕН, заңды мекенжайлары, өтінімдерді ұсыну уақыты мен күні;
Тармақша 5
5) өтінімдері ұсынылмаған лоттар;
Тармақша 6
6) баға ұсыныстарының деректері көрсетілген лоттар және өтінімдер ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары қамтылады.
Тармақ 29
29. Комиссия әлеуетті өнім берушілердің елу лотқа дейінгі тендердегі өтінімдерін бес жұмыс күні ішінде, елу және одан көп лотты он жұмыс күні ішінде қарайды. Медициналық техниканы сатып алу өткізілген кезде әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін тендерлік комиссия лоттардың санына қарамастан, он жұмыс күні ішінде қарайды.
Тармақ 30
30. Өтінімдерді қарау мерзімі аяқталатын уақытқа қарай тендерлік комиссия хатшысы веб-порталда тендерлік комиссия мүшелерінің дауыс беруі негізінде дауыс беру хаттамасының жобасын қалыптастырады, тендерлік комиссия дәлелді себептермен дауыс бермегендерді қоспағанда, танысқаннан кейін оған қол қояды.
Тармақ 31
31. Тендерлік комиссияның хатшысы веб-порталда нөмірін, жариялану уақыты мен мәртебесін көрсете отырып, дауыс беру хаттамасын жариялайды, онда:
Тармақша 1
1) тендердің нөмірі мен атауы;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, БСН және заңды мекенжайы;
Тармақша 3
3) тендерлік комиссияның әрбір мүшесінің өтінімді тұтастай немесе лот бойынша қабылдау немесе қабылдамау, отандық тауар өндірушілерге және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілеріне немесе кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсету туралы шешімдері көрсетіле отырып, тендерлік комиссияның лоттар бойынша дауыс беру нәтижелері;
Тармақша 4
4) тендерлік комиссия хабарландырудың шарттарына немесе осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты өтінімдерін қабылдамаған әлеуетті өнім берушілердің атаулары мен лоттар;
Тармақша 5
5) лот бойынша бәсекелестеріне отандық тауар өндірушілерге және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілеріне және кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсетілуіне байланысты өтінімдерін веб-портал автоматты түрде қабылдамаған лоттар және әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
Тармақша 6
6) баға ұсыныстарының деректері егжей-тегжейлі көрсетіле отырып, бәсекелесі жоқ лоттар және отандық тауар өндірушілер немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілері болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
Тармақша 7
7) тендерлік комиссия өтінімдерін хабарландырудың шарттары мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келеді деп таныған, баға ұсыныстарының деректері егжей-тегжейлі көрсетілген, бәсекелесі жоқ лоттар және әлеуетті өнім берушілердің атаулары қамтылады.
Тармақ 32
32. Ескертулерді жою уақыты дауыс беру хаттамасы жарияланған күннен кейінгі бірыңғай оператордың жұмысы күні сағат 9.00-де басталады және:
Тармақша 1
1) елу және одан көп лот сатып алынған кезде – үш жұмыс күні;
Тармақша 2
2) елуден кем лот сатып алынған кезде – екі жұмыс күні;
Тармақша 3
3) медициналық техника сатып алынған кезде лоттардың санына қарамастан бес жұмыс күні өткеннен кейін бірыңғай оператордың жұмысы күні сағат 10.00-де аяқталады.
Тармақ 33
33. Тендерде әлеуетті өнім берушілердің өтінімдеріне толықтыруларды бірыңғай дистрибьютордың комиссиясы: елу лотқа дейін – үш жұмыс күні ішінде, елу және одан көп лотқа – бес жұмыс күні ішінде; медициналық техника сатып алынған кезде лоттардың санына қарамастан, бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Тармақ 34
34. Осы Қағидалардың 19-тарауында көзделген сатып алу бойынша тендер өткізілген кезде өтінімдерге толықтырулар ұсынылмайды.
Тармақ 35
35. Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдеріне тендерлік комиссияның ескертулері болмаған, сондай-ақ дауыс беру хаттамасында көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерін осы Қағидалардың талаптарына толық сәйкес келтірілуі және ескертулердің жойылуы тұрғысынан қайта қараған жағдайда рұқсат беру хаттамасы жасалады, ол веб-порталда оның нөмірі, жариялану уақыты мен мәртебесі көрсетіле отырып, жарияланады, онда:
Тармақша 1
1) тендердің нөмірі мен атауы;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, БСН және заңды мекенжайы;
Тармақша 3
3) тендерлік комиссияның әрбір мүшесінің өтінімді тұтастай немесе лот бойынша қабылдау немесе қабылдамау, отандық тауар өндірушілерге және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілеріне немесе кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсету туралы шешімдері көрсетіле отырып, тендерлік комиссияның лоттар бойынша дауыс беру нәтижелері;
Тармақша 4
4) тендерлік комиссия хабарландырудың шарттарына немесе осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты өтінімдерін қабылдамаған әлеуетті өнім берушілердің атаулары мен лоттар;
Тармақша 5
5) лот бойынша бәсекелестеріне отандық тауар өндірушілерге және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілеріне және кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсетілуіне байланысты өтінімдерін веб-портал автоматты түрде қабылдамаған лоттар және әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
Тармақша 6
6) баға ұсыныстарының деректері егжей-тегжейлі көрсетілген бәсекелесі жоқ лоттар және отандық тауар өндірушілер немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілері болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
Тармақша 7
7) комиссия өтінімдерін хабарландырудың шарттары мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келеді деп таныған, баға ұсыныстарының деректері егжей-тегжейлі көрсетілген, бәсекелесі жоқ лоттар және әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
Тармақша 8
8) бәсекелес лоттар және аукционның бастапқы бағалары көрсетіле отырып, өтінімдерін тендерлік комиссия аукционға жіберген әлеуетті өнім берушілердің атаулары қамтылады.
Тармақ 36
36. Рұқсат беру хаттамасы жарияланғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей өтінімдерде ұсынылған бағаларды төмендетуге аукцион өткізіледі.
Тармақ 37
37. Өтінімдер болмаған, тендерлік комиссия барлық өтінімдерді қабылдамаған, лоттар бойынша немесе аукцион қорытындылары бойынша бәсеке болмаған кезде веб-портал автоматты түрде нөмірін, жарияланған уақыты мен мәртебесін көрсете отырып, қорытындылар хаттамасын қалыптастырады және жариялайды, онда:
Тармақша 1
1) тендердің нөмірі мен атауы;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, БСН және заңды мекенжайы;
Тармақша 3
3) лоттар, аукционға қатысушылардың атаулары, беру уақыты мен аукцион қадамдарының мөлшері көрсетілген аукцион нәтижелері;
Тармақша 4
4) бәсекелес лоттар және аукцион нәтижесінде веб-порталда өтінімдері автоматты түрде қабылданбаған екінші орын алғандарды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
Тармақша 5
5) бәсекелес лоттар және баға ұсыныстарының деректері егжей-тегжейлі көрсетілген аукциондағы тендер жеңімпаздары;
Тармақша 6
6) бәсекелес лоттар және баға ұсыныстарының деректері егжей-тегжейлі көрсетілген аукционда екінші орын алған әлеуетті өнім берушілер;
Тармақша 7
7) бәсекелес лоттар және баға ұсыныстарының деректері егжей-тегжейлі көрсетілген отандық тауар өндірушілер немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілері болып табылатын тендер жеңімпаздарының атаулары қамтылады.
Тармақ 38
38. Веб-порталды пайдалануға мүмкіндік бермейтін немесе хаттамаларды дұрыс қалыптастырмайтын техникалық ақаулар туындаған кезде бірыңғай оператор бұл туралы веб-порталдың тиісті бөлімінде дереу хабарландыру жариялайды, онда тендерге қатысушылардың бәріне автоматты түрде тиісті хабарламалар жіберіледі. Бұл ретте тендер мерзімдері техникалық ақауларды жою үшін қажетті уақытқа тең мерзімге жылжиды. Жарияланған қате хаттаманы бірыңғай оператор веб-порталдан алып тастамай, оған «жарамсыз» деген мәртебе береді. Жаңадан қалыптастырылған дұрыс хаттаманы бірыңғай оператор веб-порталда «жарамды» деген мәртебемен жариялайды. Хаттама ауыстырылған жағдайда тендерге қатысушыларға веб-портал автоматты түрде тиісті хабарлама жібереді.
Тармақ 39
39. Медициналық техниканы сатып алу жүзеге асырылған кезде бірыңғай дистрибьютор тендер қорытындыларының хаттамасын және жеңімпаздардың техникалық ерекшеліктерін тендердің қорытындысы шығарылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тендер жеңімпаздарымен сатып алу шарттарын жасасу үшін тапсырыс берушілерге (өтініш берушілерге) жібереді.
Тармақ 2. 2-параграф. Әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуы
2-параграф. Әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуы
Тармақ 40
40. Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысу үшін веб-порталда оның пайдаланушысы ретінде тіркеледі және мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған фармацевтикалық қызметке және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға тиісті лицензияның және (немесе) медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның көшірмелерін;
Тармақша 2
2) болса: объектінің және өндірістің тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігі туралы; объектінің тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестігі туралы; объектінің тиісті дәріханалық практика (GРP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттардың көшірмелерін орналастырады. Осы тармақта көзделген құжаттар қажетіне қарай өзектілендіріліп тұрады. Веб-портал әлеуетті өнім берушінің осы тармақта көзделген құжаттарды орналастырған уақыты мен күнін хронологиялық тәртіппен көрсетеді және оларды, оның ішінде өзектілендірілгеннен кейін де алып тастауға мүмкіндік бермейді.
Тармақ 41
41. Тендер шеңберінде әлеуетті өнім беруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша бір тендерлік өтінім береді, ол хабарландыру шарттарына сәйкес келуге және онда:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша баға ұсынысы;
Тармақша 2
2) банк кепілдігі немесе төлем тапсырмасы түріндегі кепілдікті қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) медициналық техника немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызмет сатып алынған жағдайда, техникалық ерекшелік (фармацевтикалық қызмет көрсетуге бірлесіп орындаушыларды тарту туралы бүкіл ақпарат техникалық ерекшелікте көрсетіледі);
Тармақша 4
4) тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткен жағдайда – егер тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткенге дейін Қазақстанға әкелінсе немесе оның аумағында өндірілген болса, дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның хабарландыруға сәйкес көлемде әкелінгенін немесе өндірілгенін растайтын құжат;
Тармақша 5
5) медициналық техниканы жеткізу жиынтығының құрамында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жиынтықтаушы болған жағдайда сараптама ұйымының немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тіркеу қажеттігі жоқ екенін растайтын хаты;
Тармақша 6
6) өлшем құралдарына жататын медициналық техника берілген жағдайда техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган берген сертификаттың көшірмесі, егер медициналық техника өлшем құралдарына жатпайтын болса, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиесілігі белгіленгенін растайтын құжат қамтылуға тиіс.
Тармақ 42
42. Әлеуетті өнім беруші дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды жеткізуге баға ұсынысында:
Тармақша 1
1) тіркеу куәлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсатының (қорытындысының) www.elicense.kz «электрондық үкімет» ақпараттық жүйесінің деректерімен толық әрі дәл сәйкес келетін нөмірін;
Тармақша 2
2) саудалық атауын;
Тармақша 3
3) қысқаша сипаттамасын (медициналық техника сатып алынған жағдайда қысқаша сипаттаманың орнына «қоса беріліп отырған техникалық ерекшелікке сәйкес» деген жазба қойылады);
Тармақша 4
4) өлшем бірлігін;
Тармақша 5
5) өндірушіні;
Тармақша 6
6) өндірілген елін;
Тармақша 7
7) бірлігі үшін бағаны көрсетеді.
Тармақ 43
43. Жиынтықтағы дәрілік зат және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйым сатып алынған жағдайда әлеуетті өнім беруші қосымша дәрілік затқа және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымға баға ұсынысында:
Тармақша 1
1) дәрілік заттың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымның мемлекеттік тізілімінің деректеріне сәйкес келетін тіркеу куәлігінің нөмірін немесе дәрілік затты және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымды Қазақстан Республикасына әкелуге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган рұқсатының (қорытындысының) www.elicense.kz «электрондық үкімет» ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес келетін нөмірін;
Тармақша 2
2) саудалық атауын;
Тармақша 3
3) қысқаша сипаттамасын;
Тармақша 4
4) өлшем бірлігін;
Тармақша 5
5) өндірушіні;
Тармақша 6
6) өндірілген елін көрсетеді.
Тармақ 44
44. Дәрілік зат және (немесе) медициналық бұйым оның белгілі бір мөлшері тегін негізде жеткізу шартымен сатып алынған жағдайда әлеуетті өнім беруші баға ұсынысы деген жолда осындай жеткізу туралы қысқаша сипаттамасымен тиісті жазба жасайды. Фармацевтикалық көрсетілетін қызмет сатып алынған жағдайда оның құны дәрілік заттың бағасына қатысты пайызбен және теңгемен бөлек жолдарда көрсетіледі.
Тармақ 45
45. Баға ұсынысының деректері веб-порталда ашу қорытынды хаттамаларында және жасалатын шарттарда автоматты түрде көрсетіледі.
Тармақ 46
46. Веб-портал әлеуетті өнім берушіге автоматты түрде:
Тармақша 1
1) дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның бір бірлігі үшін хабарландырудағы лоттың бағасынан жоғары баға ұсынуға;
Тармақша 2
2) баға ұсынысында дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың санын өзгертуге;
Тармақша 3
3) өтінім ашылғаннан кейін оны қайтарып алуға;
Тармақша 4
4) хабарландыруда көзделген мерзім өткеннен кейін өтінім беруге мүмкіндік бермейді.
Тармақ 47
47. Өтінім әлеуетті өнім берушіге веб-портал хабарлама жіберген кезде берілді деп есептеледі және оны әлеуетті өнім беруші ол ашылған сәтке дейін өзгертеді немесе кері қайтарып алады.
Тармақ 3. 3-параграф. Кепілдікті қамтамасыз ету
3-параграф. Кепілдікті қамтамасыз ету
Тармақ 48
48. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету әрбір лотқа жеке енгізіледі және хабарландырудағы лот сомасының кемінде бір пайызын құрайды.
Тармақ 49
49. Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді мынадай нысандардың бірімен ұсынады:
Тармақша 1
1) өтінімге төлем тапсырмасының көшірмесі қоса берілген және төлем мақсатында тиісті лоттың нөмірін көрсетілген бірыңғай дистрибьютордың банктік шотына ақшалай жарна;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша банктің уәкілетті тұлғаларының электрондық цифрлық қолтаңбаларының көмегімен тікелей веб-порталда банк беретін электрондық банк кепілдігі.
Тармақ 50
50. Бұл ретте банк кепілдігінің көшірмесі веб-порталдағы өтінімге қоса тіркеледі.
Тармақ 51
51. Осы Қағидалардың 19-тарауында көзделген сатып алу кезінде өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету енгізілмейді.
Тармақ 52
52. Әлеуетті өнім берушінің өтінімін кепілдікті қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі қорытындылар хаттамасына сәйкес ол қабылданбаған не сатып алу жеңімпазы жасалған шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шараларын уақтылы ұсынған кезде аяқталады.
Тармақ 53
53. Кепілдікті қамтамасыз ету:
Тармақша 1
1) әлеуетті өнім берушінің өтінімі қабылданбаған;
Тармақша 2
2) жеңімпаз тендердің қорытындысы бойынша жасалған шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шараларын уақтылы ұсынған;
Тармақша 3
3) тендер немесе жеке лотты сатып алу тоқтатылған;
Тармақша 4
4) тендер немесе жеке лотты сатып алу жарамсыз деп танылған;
Тармақша 5
5) кепілдік енгізілген, бірақ тұлға тендерге қатыспаған жағдайларда қайтарылады.
Тармақ 54
54. Әлеуетті өнім берушінің өтінімі қабылданбаған жағдайда:
Тармақша 1
1) веб-портал әлеуетті өнім берушіге және бірыңғай дистрибьюторға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша веб-портал арқылы ақшаны қайтару туралы хабарламаны автоматты түрде жібереді, ал бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушінің банктік шотына ақша аудару арқылы бес жұмыс күні ішінде ақшалай жарнаны қайтаруды жүргізеді;
Тармақша 2
2) веб-портал электрондық банк кепілдігін берген банкке және әлеуетті өнім берушіге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша оның қолданылуын тоқтату туралы хабарламаны автоматты түрде жібереді.
Тармақ 55
55. Әлеуетті өнім беруші өтінімінің қабылданбауы себебінен кепілдікті қамтамасыз етуді қайтару мерзімі тиісті лот бойынша өтінімді қабылдамау туралы шешім көзделетін қорытындылар хаттамасы жарияланған күннен кейінгі күннен бастап есептеледі.
Тармақ 56
56. Тендер жеңімпазы осы Қағидаларда көзделген мерзімдерді бұза отырып:
Тармақша 1
1) шарт жасасудан бас тартқан немесе жалтарған;
Тармақша 2
2) шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шарасын ұсынбаған жағдайларда өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету ұсталады.
Тармақ 57
57. Бірыңғай дистрибьютор:
Тармақша 1
1) ақшалай жарна түріндегі кепілдікті қамтамасыз етуді ұстап қалған жағдайда веб-портал арқылы тендер жеңімпазына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ақшаның ұсталғаны туралы хабарлама жібереді;
Тармақша 2
2) электрондық банктік кепілдік түріндегі кепілдікті қамтамасыз етуді ұстап қалған жағдайда веб-портал арқылы банкке және тендер жеңімпазына (мәлімет үшін) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша оны төлеу туралы талап жібереді.
Тармақ 58
58. Банк кепілдігін төлеу туралы талап банкке оны төлеу үшін негіз басталған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қойылады.
Тармақ 4. 4-параграф. Сараптама
4-параграф. Сараптама
Тармақ 59
59. Бірыңғай дистрибьютор үшін жеке қаржы жылына арналған бейінді мамандықтар бойынша сарапшылардың тізімдерін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Дәрілік заттарға берілетін өтінімдерді сараптау үшін қосымша клиникалық фармакология саласындағы сарапшылар тартылады.
Тармақ 60
60. Сарапшылар өтінімдер ашылғанға дейін веб-порталда оны пайдаланушылар ретінде тіркеледі.
Тармақ 61
61. Мыналар:
Тармақша 1
1) сатып алу рәсімдерінің нәтижесіне мүдделі (бірыңғай дистрибьютордың, әлеуетті өнім берушінің өкілдері);
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың бірінші басшыларының жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылатын адам сарапшы бола алмайды.
Тармақ 62
62. Әлеуетті өнім беруші ұсынатын дәрілік заттың, медициналық бұйымның немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің хабарландырудағы сипаттамаға немесе техникалық ерекшелікке сәйкестігін анықтау үшін тендерлік комиссия мүшесі веб-портал арқылы хатшыға дауыс беру хаттамасын жариялау мерзімі өткенге дейін кемінде екі жұмыс күні бұрын тиісті лот бойынша сараптамалық қорытынды алу қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Тармақ 63
63. Тендерлік комиссияның хатшысы сараптамалық қорытынды алу қажеттігі туралы хабарламаны алғаннан кейін веб-портал арқылы дереу тиісті сарапшыға лот бойынша сараптамалық қорытынды беру қажеттігі туралы хабарлама жібереді. Тендерлік комиссияның басқа мүшесінен сол бір лот бойынша сарапшы қорытындысының қажеттігі туралы хабарлама келіп түскен жағдайда сарапшыға қайталап хабарлама жіберілмейді.
Тармақ 64
64. Веб-портал сарапшы қол қойғаннан кейін ұсынымдық сипаттағы сараптамалық қорытындыны тендерлік комиссияның мүшелеріне автоматты түрде жібереді.
Тармақ 65
65. Тендерлік комиссияның мүшесі сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда оны назарға алмайды.
Тармақ 66
66. Егер сараптамалық қорытынды әлеуетті өнім берушінің өтінімін қабылдамауға негіз болса, оны тендерлік комиссияның хатшысы дауыс беру хаттамасымен бір мезгілде жариялайды.
Тармақ 67
67. Тендерлік комиссия сараптамалық қорытындыны келесі тендерлерді өткізу кезінде күнтізбелік он екі ай ішінде пайдалануға құқылы.
Тармақ 5. 5-параграф. Тендерлік комиссияның дауыс беру және шешім қабылдау тәртібі
5-параграф. Тендерлік комиссияның дауыс беру және шешім қабылдау тәртібі
Тармақ 68
68. Тендерлік комиссияның мүшелері тендер жарияланған сәтте өтінімді қарау үшін веб-порталда оны пайдаланушылар ретінде тіркеледі, шешімді веб-порталға қою арқылы әлеуетті өнім берушінің өтінімін қабылдау немесе қабылдамау үшін дауыс береді, өтінім қабылданбаған жағдайда оны электрондық цифрлық қолтаңбалардың көмегімен осы Қағидалардың нормаларымен негіздейді.
Тармақ 69
69. Тендерлік комиссия мүшелері отандық тауар өндірушілерді және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілерін немесе кәсіпкерлік бастаманы қолдау туралы шешімдер қабылдаған кезде әлеуетті өнім берушінің веб-порталдағы парақшасындағы және Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі құжаттарды, ал өтінімнің хабарландыру шарттарына және осы Қағидалардың дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға қойылатын талаптарына сәйкестігі тұрғысынан әлеуетті өнім беруші өтінімде ұсынған құжаттарды қарайды. Веб-портал осы Қағидаларға сәйкес негіздемемен өтінімге берілетін ескертулерді таңдауды қамтиды. Қажет болған жағдайда тендерлік комиссияның мүшесі өзіне веб-портал ұсынатын нұсқаларды пайдаланбай, өтінімге өзінің ескертуін негіздейді.
Тармақ 70
70. Тендерлік комиссия мүшелерінің дауыстары өзара тең. Тендерлік комиссияның шешімі комиссияның дауыс берген мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда тендерлік комиссия төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 71
71. Дауыс беру хаттамасына қол қою дәлелді себептермен дауыс бермеген тендерлік комиссия мүшелері есепке алынбай жүргізіледі. Дәлелді себеппен дауыс бермеген тендерлік комиссия мүшесі комиссияның хатшысына дауыс беруге қатысудың мүмкін еместігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
Тармақ 72
72. Комиссия мүшелерінің бірі оның шешімімен келіспеген жағдайда, оның ерекше пікірі қорытындылар хаттамасына қоса тіркеледі.
Тармақ 73
73. Веб-портал дауыс беру хаттамасында тендерлік комиссияның әрбір мүшесінің әр лот бойынша дауыс беру нәтижелерін веб-порталдағы шешімге сәйкес себебін негіздей отырып, автоматты түрде:
Тармақша 1
1) «дауыс берген жоқ»;
Тармақша 2
2) «қабылданды»;
Тармақша 3
3) «қабылданбады» деген мәртебелердің бірімен көрсетеді.
Тармақ 74
74. Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтары бар медициналық техниканы сатып алуды қоспағанда, комиссия өтінімін хабарландыру шарттарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келеді деп таныған әлеуетті өнім беруші лот бойынша бәсекелестік болмаған кезде жеңімпаз деп танылады, ал өткізілмеген лоттар бойынша медициналық техниканы сатып алу қайта жүргізілген жағдайда комиссия өтінімін хабарландыру шарттарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келеді деп таныған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
Тармақ 75
75. Тендер тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты мынадай негіздердің бірі бойынша:
Тармақша 1
1) тендерлік өтінімдердің болмауы;
Тармақша 2
2) әлеуетті өнім берушілердің барлық тендерлік өтінімдерінің қабылданбауы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтары жоқ медициналық техниканы сатып алуды қоспағанда, егер тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігі әлеуетті өнім берушілер лот бойынша ұсынғандардың ішінен бір өндірушінің бір моделіне ғана сәйкес келсе, өткізілген жоқ деп танылады.
Тармақ 6. 6-параграф. Өтінімді қабылдамау негіздері
6-параграф. Өтінімді қабылдамау негіздері
Тармақ 76
76. Егер әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға қойылатын талаптар бойынша дәйексіз ақпарат ұсынса, әлеуетті өнім берушінің өтінімі толық қайтарылады.
Тармақ 77
77. Мына жағдайларда:
Тармақша 1
1) баға ұсынысы ұсынылмаса немесе онда: баға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган саудалық атауға бекіткен, ал бірыңғай дистрибьютор сатып алған жағдайда әлеуетті өнім берушінің бағасына бірыңғай дистрибьютордың бекітілген үстеме бағасы қосылатынын ескергенде шекті бағадан асса; тіркеу куәлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның әкелуге немесе өндіруге, оның ішінде жиынтықтағы дәрілік затқа және (немесе) медициналық бұйымға рұқсатының (қорытындысының) нөмірі көрсетілмесе; тіркеу куәлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның әкелуге немесе өндіруге берген рұқсатының (қорытындысының) хабарландыру шарттарына сәйкес келмейтін нөмірі көрсетілсе; дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне сәйкес келмейтін немесе онда жоқ тіркеу куәлігінің нөмірі көрсетілсе; денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әкелуге немесе өндіруге берген рұқсаттың (қорытындының) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде жоқ нөмірі көрсетілсе; денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хабарландырудағы санға жеткіліксіз көлемде әкелуге немесе өндіруге берген рұқсаты (қорытындысы) көрсетілсе; саудалық атауы, сипаттамасы немесе өлшем бірлігі хабарландыру шарттарына, оның ішінде сараптамалық қорытынды бойынша сәйкес келмесе; саудалық атауы, қысқаша сипаттамасы, өлшем бірлігі, өндірушісі немесе өндірілген елі көрсетілмесе немесе дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінің деректеріне сәйкес келмесе; медициналық техниканың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің техникалық ерекшелігі ұсынылмаса немесе хабарландырудағы техникалық ерекшелікке, оның ішінде сараптамалық қорытындыға сәйкес келмесе; Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтары жоқ медициналық техниканы сатып алуды қоспағанда, тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігі әлеуетті өнім берушілер лот бойынша ұсынғандардың ішінен бір өндірушінің бір моделіне ғана сәйкес келсе; фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің құны пайызбен немесе теңгемен көрсетілмесе;
Тармақша 2
2) өтінімнің кепілдікті қамтамасыз етуі ұсынылмаса немесе: егер төлем тапсырмасында сома лот сомасының бір пайызынан кем болса немесе төлем мақсатында лоттың нөмірі көрсетілмесе; төлем тапсырмасы бойынша ақшалай жарна дауыс беру хаттамасы қалыптастырылатын кезде бірыңғай дистрибьютордың банктік шотына түспесе; электрондық банктік кепілдік денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша берілмесе.»;
Тармақ 7. 7-параграф. Аукцион
7-параграф. Аукцион
Тармақ 78
78. Аукционға рұқсат беру хаттамасына сәйкес комиссия рұқсат берген әлеуетті өнім берушілер қатысады.
Тармақ 79
79. Аукцион рұқсат беру хаттамасы жарияланғаннан кейін бір жұмыс күнінен кейін бірыңғай оператордың жұмысы күні сағат 10.00-де басталады және веб-порталда нақты уақыт режимінде қашықтан өткізіледі.
Тармақ 80
80. Веб-портал аукционға қатысушыларға, комиссияның мүшелері мен хатшысына аукционның басталғаны туралы хабарламаны автоматты түрде жібереді және веб-порталда әрбір лот бойынша аукцион уақытының басталғаны туралы ақпаратты «Аукцион» бөлімінде көрсетеді.
Тармақ 81
81. Аукцион оған қатысушылардың лот бойынша бағаны әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті тұлғаларының электрондық цифрлық қолтаңбаларының көмегімен бастапқы бағадан бастап біртіндеп төмендетуі жолымен өткізіледі. Ең төмен өтінімінен әлеуетті өнім берушінің бағасы, ал аукционға жіберілген бірнеше бәсекелестің ең төмен бағасы сәйкес келген кезде – басқаларынан бұрын берілген өтінімнен алынған баға ұсынысы аукционның бастапқы бағасы болып табылады. Лот бойынша бәсекелестің аукцион уақыты басталған немесе бәсекелесі кезекті баға ұсынысын берген сәттен бастап отыз минут ішінде бастапқы немесе ең төменгі бағаны бір рет төмендету мүмкіндігі аукцион қадамы болып табылады.
Тармақ 82
82. Аукцион қадамының уақытын есептеу бір лот бойынша аукционға рұқсат берілген бәсекелестердің біреуі баға ұсынысын берген сәттен басталады. Веб-портал аукцион қадамы аяқталғанға дейін қалған отыз минуттық уақытты минуттармен және секундтармен санауды көрсетеді.
Тармақ 83
83. Аукцион баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион қадамының ең төменгі бастапқы бағасынан бастап ең төменгі бастапқы бағасының жарты (0,5) пайызынан бес пайызына дейін құрайтын төмендету жолымен өткізіледі. Аукционда лот бойынша қадамдар саны шектелмейді. Веб-портал аукционға қатысушыларға бағаны сәйкес келмейтін шамаға төмендетуге автоматты түрде мүмкіндік бермейді және бағаны төмендету үшін аукцион қадамының мөлшерін пайызбен немесе теңгемен таңдауды көздейді. Аукционға қатысушы лот бойынша бәсекелестердің бірі баға ұсынысын бермес бұрын кезекті баға ұсынысын бере алмайды.
Тармақ 84
84. Аукционды өткізу басталғаннан кейін отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бірде-біреуі бастапқы бағаны төмендетуге баға ұсынысын бермесе, осы лот бойынша аукцион аяқталады және баға ұсынысы лот бойынша аукционның бастапқы бағасы ретінде қабылданған әлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы болып танылады. Егер бірнеше әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы бастапқы баға үшін бірдей болса, өтінімі веб-портал арқылы бұрын берілген өнім беруші жеңімпаз болып айқындалады. Веб-портал аукционның қорытындысы бойынша ең төмен баға ұсынысын берген аукцион жеңімпазын автоматты түрде айқындайды. Аукцион жеңімпазы тендер жеңімпазы болып табылады.
Тармақ 85
85. Веб-портал екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні жеңімпаздың аукционға қатысқан бәсекелестерінің арасынан ғана жеңімпаздың бағасынан кейінгі ең төмен баға бойынша автоматты түрде айқындайды.
Тармақ 86
86. Егер жеңімпаздың бағасынан кейінгі баға лот бойынша бірнеше бәсекелестің бағасына сәйкес келсе, бағаны бәсекелестерінен бұрын төмендеткен әлеуетті өнім беруші екінші орын алған болып айқындалады.
Тармақ 8. 8-параграф. Тендерді өтпеді деп тану
8-параграф. Тендерді өтпеді деп тану
Тармақ 87
87. Тендер немесе оның қандай да бір лоты өтпеді деп танылған жағдайда бірыңғай дистрибьютор тендердің мазмұны мен шарттарын өзгертуге және сатып алуды осы Қағидалардың 7, 8 және 17-тарауларына сәйкес өткізуге құқылы.
Тармақ 23
Тармақша 2
Тармақ 29
Тарау 8. 8-тарау. Бірыңғай дистрибьютордың веб-портал арқылы автоматтандырылған тендерді жүзеге асыру тәртібі
8-тарау. Бірыңғай дистрибьютордың веб-портал арқылы автоматтандырылған тендерді жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Автоматтандырылған тендерді жүзеге асыру тәртібі
1-параграф. Автоматтандырылған тендерді жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 88
88. Автоматтандырылған тендерге осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатысады.
Тармақ 89
89. Автоматтандырылған тендер мынадай жүйелі кезеңдерден тұрады, олар:
Тармақша 1
1) сатып алуды өткізу және хатшыны айқындау туралы шешім;
Тармақша 2
2) веб-порталда автоматтандырылған тендер өткізу туралы хабарландыруды орналастыру;
Тармақша 3
3) әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға тендерлік өтінімдерді веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында ұсынуы және оларды веб-порталда автоматты түрде тіркеуді;
Тармақша 4
4) тендерлік өтінімдерді автоматты түрде ашу және веб-порталда тиісті ашу хаттамасын орналастыруды;
Тармақша 5
5) әлеуетті өнім берушілердің хабарландыру шарттарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін тендерлік өтінімдерін веб-порталдың автоматты түрде іріктеу;
Тармақша 6
6) бәсекелес емес лоттар бойынша тендер жеңімпаздарын айқындауды және бәсекелес лоттар бойынша аукционға автоматты түрде рұқсат беру, сондай-ақ егер әлеуетті өнім берушілердің лот бойынша бәсекелестеріне отандық тауар өндірушілердің және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер өндірушілерінің немесе кәсіпкерлік бастамаға қолдауы көрсетіліп жатса, олардың өтінімдерін веб-порталдың автоматты түрде қабылдамау;
Тармақша 7
7) веб-портал аукционға рұқсат берген әлеуетті өнім берушілер арасындағы аукционды және тендер жеңімпаздары мен екінші орын алған өнім берушілерді веб-порталдың автоматты түрде айқындауы, қорытынды шығаруы, ал барлық өтінімдер қабылданбаған немесе лоттар бойынша бәсекелес болмаған жағдайда веб-порталдың автоматты түрде қорытынды шығаруы;
Тармақша 8
8) веб-портал арқылы өнім беру шартының бағасын төмендету жөнінде келіссөздер жүргізуі;
Тармақша 9
9) автоматтандырылған тендердің қорытындысы туралы хаттаманың негізінде жеңімпазбен өнім беру шартын жасасу кезеңдерінен тұрады.
Тармақ 90
90. Бірыңғай дистрибьютордың:
Тармақша 1
1) веб-порталда автоматтандырылған тендер өткізу туралы хабарландыруды жариялауды;
Тармақша 2
2) тоқтату немесе жарамсыз деп тану туралы шешім қабылданған жағдайда оның көшірмесін қоса тіркей отырып, веб-порталда тендерді тұтастай немесе қандай да бір лоты бойынша тоқтатуды уақтылы қамтамасыз ететін штаттық жұмыскері Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілі болып айқындалады.
Тармақ 91
91. Автоматтандырылған тендерді өткізу туралы хабарландыру бірыңғай дистрибьютор шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тендерлік өтінімдер ашылатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 10 (он) күн бұрын веб-порталда мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жарияланады, онда:
Тармақша 1
1) хабарландырудың атауы, нөмірі және орналастыру уақыты;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, заңды мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру коды, банктік шоты;
Тармақша 3
3) дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның нөмірі, атауы, оның сипаттамалары, өлшем бірлігі, саны, бөлінген бағасы және жалпы сомасы көрсетілген лоттар;
Тармақша 4
4) жеткізу орны;
Тармақша 5
5) жеткізу мерзімдері;
Тармақша 6
6) бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, телефоны мен электрондық поштасы қамтылған ақпарат болады.
Тармақ 92
92. Өтінімдерді қабылдау автоматтандырылған тендер туралы хабарландыру жарияланған күннен кейінгі бірыңғай оператордың жұмысы күні сағат 9.00-де басталады. Өтінімдер болмаған кезде веб-портал автоматты түрде және бір мезгілде ашу және қорытынды хаттамаларын жариялайды.
Тармақ 93
93. Өтінімдер қабылдау мерзімі өткеннен кейін веб-портал нөмірін, жарияланған уақытын және мәртебесін көрсете отырып, автоматты түрде ашу хаттамасын жариялайды, онда:
Тармақша 1
1) автоматтандырылған тендердің нөмірі мен атауы;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, БСН және заңды мекенжайы;
Тармақша 3
3) хабарландырудағы лоттардың тізбесі;
Тармақша 4
4) әлеуетті өнім берушілердің атауы, БСН (ЖСН), ССН, ТЕН, заңды мекенжайлары, өтінімдер берген уақыты мен күні;
Тармақша 5
5) өтінімдер ұсынылмаған лоттар;
Тармақша 6
6) баға ұсыныстарының деректері көрсетілген лоттар мен өтінімдерді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары қамтылады.
Тармақ 94
94. Веб-портал хабарландыру шарттарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерін бір жұмыс күні ішінде автоматты түрде іріктеуді жүргізеді.
Тармақ 95
95. Веб-портал шешімдерді веб-порталға қою арқылы әлеуетті өнім берушінің өтінімдерін автоматты түрде қабылдайды немесе қабылдамайды Өтінімдер қабылданбаған жағдайда оны осы Қағидалардың нормаларымен негіздейді.
Тармақ 96
96. Өтінімін веб-портал хабарландыру шарттарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келеді деп таныған әлеуетті өнім беруші лот бойынша бәсекелестік болмаған кезде жеңімпаз болып танылады.
Тармақ 97
97. Әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерінің сәйкестігін анықтауды веб-портал әлеуетті өнім берушінің веб-порталдағы парақшасындағы, сондай-ақ «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бірыңғай сыныптауышы» ақпараттық жүйесінен және www.elicense.kz алынған деректерді пайдалана отырып, мына параметрлер бойынша автоматты түрде жүргізеді:
Тармақша 1
1) дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды тіркеудің болуы;
Тармақша 2
2) егер дәрілік зат және (немесе) медициналық бұйым тіркелмеген болса, оны хабарландыруға сәйкес келетін мөлшерде Қазақстан Республикасына әкелуге уәкілетті органның рұқсатының (қорытындысының) болуы;
Тармақша 3
3) дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның сипаттамалары, өлшем бірліктері;
Тармақша 4
4) бірыңғай дистрибьютордың денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген үстеме бағасын ескергенде (бірыңғай дистрибьютор сатып алған жағдайда) халықаралық патенттелмеген атаудың шекті бағасынан және саудалық атаудың шекті бағасынан асырмау;
Тармақша 5
5) объектінің тиісті өндірістік практиканың (GMP), тиісті дистрибьюторлық практиканың (GDP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттардың болуы;
Тармақша 6
6) отандық тауар өндірушілер және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілері мәртебесінің болуы.
Тармақ 98
98. Веб-портал рұқсат беру хаттамасын оның нөмірін, жарияланған уақытын, мәртебесін көрсете отырып, автоматты түрде жариялайды және онда:
Тармақша 1
1) автоматтандырылған тендердің нөмірі мен атауы;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, БСН және заңды мекенжайы;
Тармақша 3
3) өтінімге рұқсат беру немесе оны тұтас немесе лот бойынша қабылдамау, отандық тауар өндірушілерге және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілеріне немесе кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсету туралы шешімдерді көрсете отырып, лоттар бойынша автоматты іріктеудің нәтижесі;
Тармақша 4
4) хабарландыру шарттарына немесе осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты веб-портал өтінімдерін қабылдамаған лоттар мен әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
Тармақша 5
5) лот бойынша бәсекелестеріне отандық тауар өндірушілердің және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер өндірушілерінің немесе кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсетілуге байланысты веб-портал өтінімдерін автоматты түрде қабылдамаған лоттар мен әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
Тармақша 6
6) баға ұсыныстарының деректерін егжей-тегжейлі көрсете отырып, бәсекелесі жоқ лоттар және отандық тауар өндірушілер немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілері болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
Тармақша 7
7) баға ұсыныстарының деректерін егжей-тегжейлі көрсете отырып, веб-портал өтінімдері хабарландыру шарттарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келеді деп таныған бәсекелесі жоқ лоттар және әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
Тармақша 8
8) аукционның бастапқы бағасын көрсете отырып, веб-портал өтінімдерін аукционға қабылдаған бәсекелес лоттар және әлеуетті өнім берушілердің атаулары қамтылады.
Тармақ 99
99. Рұқсат беру хаттамасы жарияланғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей өтінімдерде ұсынылған бағаны төмендетуге аукцион өткізіледі.
Тармақ 100
100. Өтінімдер болмаған, веб-портал барлық өтінімдерді қабылдамаған, лоттар бойынша немесе аукционның қорытындысы бойынша бәсекелес болмаған кезде веб-портал автоматты түрде қорытындылар хаттамасын қалыптастырады және оның нөмірін, жарияланған уақыты мен мәртебесін көрсете отырып жариялайды, онда:
Тармақша 1
1) автоматтандырылған тендердің нөмірі мен атауы;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, БСН және заңды мекенжайы;
Тармақша 3
3) лоттар, аукционға қатысушылардың атаулары, аукцион беру уақыты мен қадамдардың мөлшері көрсетілген аукцион нәтижелері;
Тармақша 4
4) бәсекелес лоттар және аукцион нәтижесінде веб-порталда өтінімдері автоматты түрде қабылданбаған екінші орын алғандарды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
Тармақша 5
5) бәсекелес лоттар және баға ұсыныстарының деректері егжей-тегжейлі көрсетілген аукциондағы тендер жеңімпаздары;
Тармақша 6
6) бәсекелес лоттар және баға ұсыныстарының деректері егжей-тегжейлі көрсетілген аукционда екінші орын алған әлеуетті өнім берушілер;
Тармақша 7
7) бәсекелес лоттар және баға ұсыныстарының деректері егжей-тегжейлі көрсетілген отандық тауар өндірушілер немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілері болып табылатын тендер жеңімпаздарының атаулары қамтылады.
Тармақ 101
101. Веб-порталды пайдалануға мүмкіндік бермейтін немесе хаттамаларды дұрыс қалыптастырмайтын техникалық ақаулар туындаған кезде бірыңғай оператор тендерге қатысушылардың бәріне автоматты түрде тиісті хабарламалар жіберетін веб-порталдың тиісті бөлімінде бұл туралы дереу хабарландыру жариялайды. Бұл ретте автоматтандырылған тендер мерзімі техникалық ақауларды жою үшін қажетті уақытқа жылжиды. Жарияланған қате хаттаманы бірыңғай оператор веб-порталдан алып тастамай, оған «жарамсыз» деген мәртебе береді. Жаңадан қалыптастырылған дұрыс хаттаманы бірыңғай оператор веб-порталда «жарамды» деген мәртебемен жариялайды.
Тармақ 102
102. Хаттама ауыстырылған жағдайда веб-портал тендерге қатысушыларға автоматты түрде тиісті хабарлама жібереді.
Тармақ 102
Тармақ 103
103. Автоматтандырылған тендер тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты мынадай негіздердің бірі бойынша өткізілмеді деп танылады:
Тармақша 1
1) тендерлік өтінімдердің болмауы;
Тармақша 2
2) әлеуетті өнім берушілердің барлық тендерлік өтінімдерінің қабылданбауы.
Тармақ 2. 2-параграф. Әлеуетті өнім берушінің автоматтандырылған тендерге қатысуы
2-параграф. Әлеуетті өнім берушінің автоматтандырылған тендерге қатысуы
Тармақ 104
104. Әлеуетті өнім беруші автоматтандырылған тендерге қатысу үшін веб-порталда оның пайдаланушысы ретінде тіркеледі және мынадай құжаттарды орналастырады:
Тармақша 1
1) веб-порталда көзделген нысан бойынша қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы туралы ақпарат;
Тармақша 2
2) болса: объектінің және өндірістің тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігі туралы; объектінің тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестігі туралы; объектінің тиісті дәріханалық практика (GРP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттардың көшірмелері. Осы тармақта көзделген құжаттар қажетіне қарай өзектілендіріліп тұрады. Веб-портал әлеуетті өнім берушінің осы тармақта көзделген құжаттарды орналастырған уақыты мен күнін хронологиялық тәртіппен көрсетеді және оларды, оның ішінде өзектілендірілгеннен кейін алып тастауға мүмкіндік бермейді.
Тармақ 105
105. Автоматтандырылған тендер шеңберінде әлеуетті өнім беруші хабарландыру шарттарына сәйкес келетін және:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша баға ұсынысы;
Тармақша 2
2) банк кепілдігі түріндегі кепілдікті қамтамасыз ету қамтылуы тиіс бір тендерлік өтінім береді.
Тармақ 106
106. Әлеуетті өнім беруші дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды жеткізуге арналған баға ұсынысында:
Тармақша 1
1) «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бірыңғай сыныптауышы» ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес келетін тіркеу куәлігінің нөмірін;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсатының (қорытындысының) нөмірін;
Тармақша 3
3) саудалық атауын;
Тармақша 4
4) қысқаша сипаттамасын;
Тармақша 5
5) өлшем бірлігін;
Тармақша 6
6) өндірушіні;
Тармақша 7
7) өндірілген елін;
Тармақша 8
8) бірлігі үшін бағаны көрсетеді.
Тармақ 107
107. Баға ұсынысының деректері веб-порталда ашу және қорытындылар хаттамаларында, жасалатын шарттарда автоматты түрде көрсетіледі.
Тармақ 108
108. Веб-портал әлеуетті өнім берушіге автоматты түрде:
Тармақша 1
1) дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның бір бірлігі үшін хабарландырудағы лоттың бағасынан жоғары баға ұсынуға;
Тармақша 2
2) дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың баға ұсынысындағы санын өзгертуге;
Тармақша 3
3) хабарландыруда көзделген мерзім өткеннен кейін өтінім беруге;
Тармақша 4
4) өтінім ашылғаннан кейін оны қайтарып алуға мүмкіндік бермейді.
Тармақ 109
109. Өтінім әлеуетті өнім берушіге веб-портал хабарлама жіберген кезде берілді деп есептеледі және оны әлеуетті өнім беруші ол ашылған сәтке дейін өзгертеді немесе кері қайтарып алады.
Тармақ 3. 3-параграф. Кепілдікті қамтамасыз ету
3-параграф. Кепілдікті қамтамасыз ету
Тармақ 110
110. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету әрбір лотқа жеке енгізіледі және хабарландырудағы лот сомасының кемінде бір пайызын құрайды.
Тармақ 111
111. Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша банктің уәкілетті тұлғаларының электрондық цифрлық қолтаңбаларының көмегімен тікелей веб-порталда банк беретін электрондық банк кепілдігі нысанында ұсынады.
Тармақ 112
112. Әлеуетті өнім берушінің өтінімін кепілдікті қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі қорытындылар хаттамасына сәйкес ол қабылданбаған не сатып алу жеңімпазы жасалған шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шараларын уақтылы ұсынған кезде аяқталады.
Тармақ 113
113. Кепілдікті қамтамасыз ету:
Тармақша 1
1) әлеуетті өнім берушінің өтінімі қабылданбаған;
Тармақша 2
2) жеңімпаз тендер қорытындысы бойынша жасалған шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шараларын уақтылы ұсынған;
Тармақша 3
3) тендер немесе жеке лотты сатып алу қабылданған;
Тармақша 4
4) тендер немесе жеке лотты сатып алу жарамсыз деп танылған;
Тармақша 5
5) енгізілген, бірақ тұлға тендерге қатыспаған жағдайларда қайтарылады.
Тармақ 114
114. Әлеуетті өнім берушінің өтінімі қабылданбаған жағдайда веб-портал электрондық банк кепілдігін берген банкке және әлеуетті өнім берушіге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша оның қолданылуын тоқтату туралы хабарламаны автоматты түрде жібереді.
Тармақ 115
115. Әлеуетті өнім беруші өтінімінің қабылданбауы себебінен кепілдікті қамтамасыз етуді қайтару мерзімі тиісті лот бойынша өтінімді қабылдамау туралы шешім көзделетін қорытындылар хаттамасы жарияланған күннен кейінгі күннен бастап есептеледі.
Тармақ 116
116. Осы Қағидаларда көзделген мерзімдер бұзылып:
Тармақша 1
1) тендер жеңімпазы шарт жасасудан бас тартқан немесе жалтарған;
Тармақша 2
2) тендер жеңімпазы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шарасын ұсынбаған жағдайларда өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету ұсталады.
Тармақ 117
117. Электрондық банктік кепілдік түріндегі кепілдікті қамтамасыз ету ұсталған жағдайда бірыңғай дистрибьютор веб-портал арқылы банкке және тендер жеңімпазына (мәлімет үшін) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша оны төлеу туралы талап жібереді.
Тармақ 118
118. Банк кепілдігін төлеу туралы талап банкке оны төлеу үшін негіз басталған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қойылады.
Тармақ 4. 4-параграф. Өтінімді қабылдамау негіздері
4-параграф. Өтінімді қабылдамау негіздері
Тармақ 119
119. Мына жағдайларда:
Тармақша 1
1) баға ұсынысы ұсынылмаса немесе онда: баға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен саудалық атауға, ал бірыңғай дистрибьютор сатып алған жағдайда әлеуетті өнім берушінің бағасына бірыңғай дистрибьютордың бекітілген үстеме бағасы қосылатынын ескере отырып, шекті бағадан асса; тіркеу куәлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның әкелуге берген рұқсатының (қорытындысының) нөмірі көрсетілмесе; тіркеу куәлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әкелуге немесе өндіруге берген рұқсатының (қорытындысының) хабарландыру шарттарына сәйкес келмейтін нөмірі көрсетілсе; дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне сәйкес келмейтін немесе онда жоқ тіркеу куәлігінің нөмірі көрсетілсе; денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның әкелуге немесе өндіруге берген рұқсатының (қорытындысының) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде жоқ нөмірі көрсетілсе; денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хабарландырудағы санға жеткіліксіз көлемде әкелуге немесе өндіруге берген рұқсаты (қорытындысы) көрсетілсе; саудалық атауы, сипаттамасы немесе өлшем бірлігі хабарландыру шарттарына сәйкес келмесе; саудалық атауы, қысқаша сипаттамасы, өлшем бірлігі, өндірушісі немесе өндірілген елі көрсетілмесе немесе дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінің деректеріне сәйкес келмесе;
Тармақша 2
2) тендерлік өтінімнің кепілдікті қамтамасыз етуі ұсынылмаса.»;
Тармақ 5. 5-параграф. Аукцион
5-параграф. Аукцион
Тармақ 120
120. Аукционға тендерлік өтінімдерді іріктеудің қорытындысы бойынша рұқсат беру хаттамасына сәйкес оған жіберілген әлеуетті өнім берушілер қатысады.
Тармақ 121
121. Аукцион рұқсат беру хаттамасы жарияланғаннан кейін бір жұмыс күнінен кейін бірыңғай оператордың жұмысы күні сағат 10.00-де басталады және веб-порталда нақты уақыт режимінде қашықтан өткізіледі.
Тармақ 122
122. Веб-портал аукционға қатысушыларға, комиссияның мүшелері мен хатшысына аукционның басталғаны туралы хабарламаны автоматты түрде жібереді және веб-порталда әрбір лот бойынша аукцион уақытының басталғаны туралы ақпаратты «Аукцион» бөлімінде көрсетеді.
Тармақ 123
123. Аукцион оған қатысушылардың лот бойынша бағаны әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті тұлғаларының электрондық цифрлық қолтаңбаларының көмегімен бастапқы бағадан бастап біртіндеп төмендету жолымен өткізіледі. Әлеуетті өнім берушінің ең төмен өтініміндегі бағасы, ал аукционға жіберілген бірнеше бәсекелестің ең төмен бағасы сәйкес келген кезде басқаларынан бұрын берілген өтінімдегі баға ұсынысы аукционның бастапқы бағасы болып табылады. Лот бойынша бәсекелестің аукцион уақыты басталған немесе бәсекелесі кезекті баға ұсынысын берген сәттен бастап отыз минут ішінде бастапқы немесе ең төменгі бағаны бір рет төмендету мүмкіндігі аукцион қадамы болады.
Тармақ 124
124. Аукцион қадамының уақытын кері сонау бір лот бойынша аукционға рұқсат берілген бәсекелестердің біреуі баға ұсынысын берген сәттен басталады. Веб-портал аукцион қадамы аяқталғанға дейін қалған отыз минуттық уақытты минутпен және секундпен кері санауды көрсетеді.
Тармақ 125
125. Аукцион баға туралы ағымдағы ұсынысты ең төменгі бастапқы бағадан бастап ең төменгі бастапқы бағаның жарты (0,5) пайызынан бес пайызына дейін құрайтын аукцион қадамына төмендету арқылы өткізіледі. Аукциондағы лот бойынша қадамдар саны шектелмейді. Веб-портал аукционға қатысушыларға бағаны сәйкес келмейтін шамаға төмендетуге автоматты түрде мүмкіндік бермейді және бағаны төмендету үшін аукцион қадамының мөлшерін пайызбен немесе теңгемен таңдауды көздейді. Аукционға қатысушы лот бойынша бәсекелестердің бірі баға ұсынысын бермес бұрын кезекті баға ұсынысын бере алмайды.
Тармақ 126
126. Аукционды өткізу басталғаннан кейін отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бірде-біреуі бастапқы бағаны төмендетуге баға ұсынысын бермесе, осы лот бойынша аукцион аяқталады және баға ұсынысы лот бойынша аукционның бастапқы бағасы ретінде қабылданған әлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы болып танылады. Егер бірнеше әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы бастапқы баға үшін бірдей болса, өтінімді веб-портал арқылы бұрын бергені жеңімпаз болып айқындалады. Веб-портал аукцион қорытындысы бойынша ең төмен баға ұсынысын берген аукцион жеңімпазын автоматты түрде айқындайды. Аукцион жеңімпазы тендер жеңімпазы болып табылады.
Тармақ 127
127. Веб-портал екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні жеңімпаздың аукционға қатысқан бәсекелестерінің арасынан ғана жеңімпаздың бағасынан кейінгі ең төмен баға бойынша автоматты түрде айқындайды.
Тармақ 128
128. Егер жеңімпаздың бағасынан кейін лот бойынша бірнеше бәсекелестің бағасы сәйкес келсе, бағаны бәсекелестерінен бұрын төмендеткен әлеуетті өнім беруші екінші орын алған болып айқындалады.
Тармақ 89
Тармақша 4
Тармақша 8
Тармақша 9
Бөлім 3. 3-бөлім. Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
3-бөлім. Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
Тарау 9. 9-тарау. Сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау тәртібі
9-тарау. Сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау тәртібі
Тармақ 129
129. Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші шешім қабылдау жолымен сатып алуды ұйымдастырушыны, сондай-ақ сатып алуды ұйымдастырушы және тапсырыс беруші бір тұлға болған жағдайларды қоспағанда, алдағы болатын сатып алуда өздерінің мүдделерін білдіретін тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасын айқындайды.
Тармақ 130
130. Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорын өзімен үлестес тұлғалар үшін сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет ете алады.
Тарау 9-1. 9-1-тарау. Тендер өткізу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
9-1-тарау. Тендер өткізу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Тендерді ұйымдастыру
1-параграф. Тендерді ұйымдастыру
Тармақ 130-1
130-1. Тапсырыс берушілер немесе сатып алуды ұйымдастырушылар тендерді осы Қағидалардың осы тарауының нормаларына сәйкес өткізеді. Тендер өткізу тәсілімен дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік өтінімдерді қабылдау аяқталатын күннен кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын, қайталама тендер кезінде кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсына хабарландыру орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.
Тармақ 130-2
130-2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалған тендер өткізу тәсілімен дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу туралы хабарландыру тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсына орналастырылады, онда мынадай ақпарат қамтылады:
Тармақша 1
1) тапсырыс берушінің немесе ұйымдастырушының атауы мен мекенжайы;
Тармақша 2
2) сатып алынатын фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің атауы, сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың халықаралық патенттелмеген атаулары, саудалық атауы – пациент ерекшелігіне байланысты жеке көтере алмаған жағдайда сатып алу көлемі, жеткізу орны, әрбір лот бойынша сатып алу үшін бөлінген сома;
Тармақша 3
3) жеткізу мерзімі мен талаптары;
Тармақша 4
4) тендерлік құжаттаманы беру тәртібі мен көзі;
Тармақша 5
5) құжаттарды ұсыну (қабылдау) орны мен тендерлік өтінімдерді соңғы беру мерзімі;
Тармақша 6
6) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күні, уақыты мен орны.
Тармақ 130-3
130-3. Тендер өткізу үшін тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік комиссия құрады. Әрбір тендерге бөлек комиссия құрамы бекітіледі.
Тармақ 130-4
130-4. Тендерлік комиссия құрамына тендерлік комиссия төрағасы, төраға орынбасары мен мүшелері кіреді. Тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды және кемінде үш адамды құрайды.
Тармақ 130-5
130-5. Тендерлік комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап жұмыс істейді және өз қызметін сатып алу шарты жасалған не тендер өткізілмеген деп танылған күні не сатып алу шарты жасалғанға дейін сатып алу өткізу кезінде бұзушылық анықталған жағдайда қорытындыларының күші жойылғанда тоқтатады.
Тармақ 130-6
130-6. Тендерлік комиссия құрамына тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшылары немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ бейінді құрылымдық бөлімшелер басшылары мен мамандары кіреді.
Тармақ 130-7
130-7. Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе басшының орынбасары комиссия қызметіне басшылық ететін, жұмысын жоспарлайтын және оның шешімдерін іске асыру үшін жалпы бақылауды жүзеге асыратын тендерлік комиссияның төрағасы болып айқындалады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары жүзеге асырады.
Тармақ 130-8
130-8. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы басшысының бұйрығымен тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының қызметкерлері қатарынан тендерлік комиссия хатшысы тағайындалады, ол комиссия құрамына кірмейді және дауыс беру құқығы болмайды.
Тармақ 130-9
130-9. Тендерлік комиссия хатшысы әлеуетті өнім берушілерге тендерлік құжаттаманы ұсынады, олардан тендерлік өтінімдер салынған конверттерді қабылдайды, тендерлік комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды және басқа да қажетті материалдарды дайындайды, тендерлік комиссия отырысының хаттамасын жасайды, тендерлік өтінімдерді тіркеу журналын жүргізеді, онда оларды ұсыну күні мен уақыты, тендерлік өтінім салынған конвертті ұсынған адамның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі. Журнал тігіледі, беттері нөмірленеді, соңғы беті тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті адамының қолтаңбасымен куәландырылады.
Тармақ 130-10
130-10. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы арнайы білімді және (немесе) техникалық танымды талап ететін мәселелер бойынша бейінді мамандықтардан сарапшыны немесе сарапшыларды тартады. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы жеке қаржы жылына дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың хабарландырудағы сипаттамаларға немесе техникалық ерекшеліктерге сәйкестігі тұрғысынан өтінімдерді сараптау үшін бейінді мамандықтар бойынша сарапшыларды айқындайды.
Тармақ 130-11
130-11. Сарапшы комиссия шешім қабылдағанға дейін әлеуетті өнім берушілер ұсынып отырған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сатып алынатын дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптарға, тендерлік құжаттаманың ережелеріне сәйкестігіне дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың техникалық ерекшелігі (сипаттамасы) бойынша сараптамалық қорытынды береді.
Тармақ 130-12
130-12. Сарапшы тендерлік комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге қатыспайды. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшы қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.
Тармақ 130-13
130-13. Сараптамалық қорытындыны комиссия тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстырып тексеру, жеңімпазды айқындау кезінде қарайды.
Тармақ 130-14
130-14. Тендерлік комиссия отырысы оның жалпы санынан кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі. Тендерлік комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санынан қарапайым көпшілік дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, тендерлік комиссия төрағасы, ал ол болмаған кезде тендерлік комиссия төрағасының орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 130-15
130-15. Тендерлік комиссияның қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда отырыс хаттамасында оның болмау себебі және осы фактіні растайтын актіге сілтеме көрсетіледі.
Тармақ 130-16
130-16. Егер тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі тендерлік комиссияның отырысы кворумның болмауы себебінен белгіленген күні және уақытта өткізілмесе, тендерлік комиссияның хатшысы тендерге ұсынылған тендерлік өтінімдер салынған конверттердің сақталуын қамтамасыз етеді және тендерлік комиссияның өткізілмеген отырысы күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде белгіленетін конверттерді ашудың жаңа күні мен уақыты туралы хабарлайды. Бұл ретте қайта берілген тендерлік өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды.
Тармақ 130-17
130-17. Егер белгіленген уақытта тендерлік комиссия мүшелерінің қажетті саны қамтамасыз етілмесе, онда тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік комиссияның өткізілмеген отырысы күнінен кейінгі үш жұмыс күні ішінде тендерлік комиссия құрамына өзгерістер енгізеді.
Тармақ 130-18
130-18. Тендерлік комиссия отырысының хаттамасына оның барлық мүшелері, тендерлік комиссия төрағасы, оның орынбасары мен комиссия хатшысы қол қояды және әр парағына қолбелгі қояды.
Тармақ 130-19
130-19. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы осы Қағидаларға сәйкес дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған тендерлік құжаттаманы бекітеді, ол оның интернет-ресурсына орналастырылады және мыналарды (сатып алу нысанасына қарай):
Тармақша 1
1) әлеуетті өнім беруші өзінің осы Қағидалардың 3-тарауының талаптарына және сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкестігін растау үшін ұсынуға тиіс тендерлік құжаттаманың құрамын, құжаттар тізбесін;
Тармақша 2
2) техникалық ерекшелікті қоса алғанда, сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің техникалық және сапалық сипаттамаларын;
Тармақша 3
3) сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің көлемі және әрбір лот бойынша оларды сатып алу үшін бөлінген соманы;
Тармақша 4
4) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды жеткізу немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсету орны, мерзімі мен басқа да шарттарын;
Тармақша 5
5) төлем шарттарын және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шарттың жобасын;
Тармақша 6
6) тендерлік өтінімнің, сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шарттың тіліне қойылатын талаптарды;
Тармақша 7
7) тендерлік өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптарды;
Тармақша 8
8) тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізу тәртібін, нысаны мен мерзімдерін;
Тармақша 9
9) тендерлік өтінімді кері қайтарып алу мүмкіндігі мен тәртібіне нұсқауды;
Тармақша 10
10) тендерлік өтінімдерді қабылдау орны мен соңғы мерзімі мен олардың қолданылу мерзімін;
Тармақша 11
11) әлеуетті өнім берушілердің тендерлік құжаттаманың мазмұны, қажет болған кезде олармен кездесу өткізу тәртібі бойынша түсініктеме алу үшін жүгіну нысандарын;
Тармақша 12
12) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу орны, күні, уақыты мен рәсімін;
Тармақша 13
13) тендерлік өтінімдерді қарау рәсімін;
Тармақша 14
14) әлеуетті өнім берушілерге – отандық тауар өндірушілерге Қағидаларда айқындалған қолдау көрсету шарттарын;
Тармақша 15
15) сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартты кепілдікті қамтамасыз етуді енгізу шарттарын, нысанын, көлемі мен тәсілін;
Тармақша 16
16) дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы, сондай-ақ әрбір лот бойынша техникалық сипаттамалары және халықаралық патенттелмеген атауының шекті бағасы және саудалық атауының шекті бағасы көрсетілген тегін және (немесе) жеңілдікті негізде босатылатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізбесі және санын (фармацевтикалық көрсетілетін қызметті сатып алу кезінде). Пациенттің жеке өзіне жақпауы жағдайда тапсырыс берушінің дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысы негізінде саудалық атауы, сондай-ақ әрбір лот бойынша техникалық сипаттамасы мен халықаралық патенттелмеген атауының шекті бағасы және (немесе) саудалық атауының шекті бағасы көрсетілген тегін және (немесе) жеңілдікті негізде босатылатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізбесін және санын (фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде);
Тармақша 17
17) медициналық техниканың тізбесі мен санын;
Тармақша 18
18) әрбір лот бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары айқындаған фармацевтикалық қызмет көрсетілуге тиіс елді мекендер тізбесін (фармацевтикалық көрсетілетін қызметті сатып алу кезінде);
Тармақша 19
19) осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушілеріне, сондай-ақ олардың бірлесіп орындаушыларына қойылатын біліктілік талаптарын (фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде) қамтиды.
Тармақ 130-20
130-20. Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының біртекті дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды оларды жеткізу орны бойынша лоттарға, ал біртекті дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың бірнеше түрін сатып алуды жүзеге асыру кезінде олардың біртекті түрлері және (немесе) жеткізу орны бойынша лоттарға бөлуіне жол беріледі. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде сатып алуды оларды көрсету орны бойынша лоттарға бөледі.
Тармақ 130-21
130-21. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде тапсырыс берушіге, сатып алуды ұйымдастырушыға тендерлік құжаттама бойынша түсініктеме беруге жүгінеді, оларға тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей сұрау салу авторын көрсетпей түсініктеме береді, ол сұрату келіп түскен күнде тендерлік құжаттама алған барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.
Тармақ 130-22
130-22. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы қажет болған кезде өз бастамасымен немесе әлеуетті өнім берушілердің сұратуына жауап ретінде тендерлік құжаттамаға өзгерістер енгізеді, бұл туралы тендерлік өтінімдер ұсынған немесе тендерлік құжаттаманы алған барлық әлеуетті өнім берушілерге дереу хабарланады. Бұл ретте тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік бес күнге ұзартылады.
Тармақ 130-23
130-23. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы қажет болған кезде тендерлік құжаттамада айқындалған жерде және уақытта тендер шарттарын түсіндіру үшін әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізеді, бұл туралы кездесудің барысы және мазмұны туралы мәліметтер қамтылатын хаттама жасалады, ол тендерлік өтінімдер ұсынған немесе тендерлік құжаттама алған барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Тендерлік өтінімдердің қолданылу мерзімі, мазмұны, оларды ұсыну және кері қайтарып алу
2-параграф. Тендерлік өтінімдердің қолданылу мерзімі, мазмұны, оларды ұсыну және кері қайтарып алу
Тармақ 130-24
130-24. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін тендерлік құжаттама ережелеріне сәйкес жасалған тендерлік өтінімді жабық күйінде тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынады.
Тармақ 130-25
130-25. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түскен тендерлік өтінім ашылмайды және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.
Тармақ 130-26
130-26. Тендерлік өтінім негізгі бөліктен, техникалық бөліктен және кепілдікті қамтамасыз етуден тұрады. Бірлесіп орындаушы тартылған жағдайда әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімге, сондай-ақ осы Қағидалардың 130-27-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса береді.
Тармақ 130-27
130-27. Тендерлік өтінімнің негізгі бөлігі:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тендерге қатысуға өтінімді. Электрондық жеткізгіште денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінімге қоса берілетін құжаттар тізімдемесі ұсынылады;
Тармақша 2
2) заңды тұлға үшін жарғы көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылар немесе акционерлер құрамы көрсетілмесе, құрылтайшылар, қатысушылар құрамы туралы үзінді немесе құрылтай шартының көшірмесі немесе хабарландыру күнінен кейінгі қолданыстағы акция ұстаушылардың тізілімінен үзінді ұсынылады);
Тармақша 3
3) заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін тиісті мемлекеттік орган берген құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензия көшірмелерін не «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға сәйкес электрондық құжат түрінде алынған көшірмелерін, олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталады (жіберіледі). Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға сәйкес алынған фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензияның, медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;
Тармақша 5
5) мыналар: объектінің және өндірістің тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігі туралы; объектінің тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестігі туралы; объектінің тиісті дәріханалық практика (GРP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификатының көшірмелерін;
Тармақша 6
6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша баға ұсынысын;
Тармақша 7
7) тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттың түпнұсқасын қамтиды.
Тармақ 130-28
130-28. Тендерлік өтінімнің техникалық бөлігі:
Тармақша 1
1) мәлімделген дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің нақты техникалық сипаттамасы көрсетілген қағаз жеткізгіштегі техникалық ерекшелікті (медициналық техниканы, сондай-ақ «docх» форматында электрондық жеткізгіште мәлімдеген кезде);
Тармақша 2
2) дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың немесе Қазақстан Республикасына әкелуге және қолдануға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қорытындысының (рұқсатының) көшірмесін. Тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген және өндірілген дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы әкелінгенін, оны әлеуетті өнім берушінің кіріске алғанын растайтын құжаттың көшірмелері; отандық тауар өндірушінің өндіруі, «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік қызметін көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларына сәйкес берілген қауіпсіздік туралы қорытынды ұсынылады;
Тармақша 3
3) егер әлеуетті өнім беруші тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) немесе тиісті өндірістік практика (GMP) немесе тиісті дәріханалық практика (GPP) сертификатын ұсынбаса, өтінімдер салынған конверттерді ашу күніне дейін бір және одан аз жыл бұрын берілген «салқындату тізбегінің» бар болуы туралы санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісін қамтиды.
Тармақ 130-29
130-29. Әлеуетті өнім беруші тендерлік өтініммен бірге дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде кепілдікті қамтамасыз етуді енгізеді.
Тармақ 130-30
130-30. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету (бұдан әрі – кепілдікті қамтамасыз ету):
Тармақша 1
1) тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша банк кепілдігі түрінде ұсынылады.
Тармақ 130-31
130-31. Кепілдікті қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушіге бес жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін әлеуетті өнім беруші оны кері қайтарып алған;
Тармақша 2
2) тендерлік құжаттама ережелеріне сәйкес келмеу негіздемесі бойынша тендерлік өтінім қабылданбаған;
Тармақша 3
3) басқа әлеуетті өнім беруші тендер жеңімпазы деп танылған;
Тармақша 4
4) сатып алу рәсімі тендер жеңімпазын айқындамай тоқтатылған;
Тармақша 5
5) сатып алу шарты күшіне енген және тендер жеңімпазы сатып алу шартын орындауды кепілдікті қамтамасыз етуді енгізген жағдайда қайтарылады.
Тармақ 130-32
130-32. Кепілдікті қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушіге, егер:
Тармақша 1
1) ол тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алса немесе өзгертсе;
Тармақша 2
2) тендер жеңімпазы деп танылғаннан кейін жеңімпаз сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарт жасаудан жалтарса;
Тармақша 3
3) жеңімпаз деп танылса және сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартты кепілдікті қамтамасыз етуді енгізбесе не уақтылы енгізбесе, қайтарылмайды.
Тармақ 130-33
130-33. Әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін оны жазбаша нысанда кері қайтарып алады.
Тармақ 130-34
130-34. Тендерлік өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімдерге өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Тармақ 130-35
130-35. Тендерлік өтінім басылып шығарылады не өшірілмейтін сиямен жазылады, тігілген және нөмірленген түрде ұсынылады, соңғы беті әлеуетті өнім беруші өкілінің қолтаңбасымен бекітіледі. Грамматикалық немесе арифметикалық қатені түзету қажет болған жағдайды қоспағанда, тендерлік өтінімнің мәтініне жолдар арасына қосымша жазулар жазуға, сөздерді өшіруге немесе толықтырулар енгізуге жол берілмейді. Техникалық ерекшелік тігілген және нөмірленген түрде ұсынылады, соңғы беті әлеуетті өнім беруші өкілінің қолтаңбасымен бекітіледі. Тендерлік өтінімнің техникалық ерекшелігі және сатып алуды кепілдікті қамтамасыз етудің түпнұсқасы тендерлік өтінімге бөлек қоса беріледі және тендерлік өтініммен бір конвертке салынып жабылады. Конвертте әлеуетті өнім берушінің атауы мен заңды мекенжайы қамтылады, ол тендерлік құжаттамада көрсетілген мекенжай бойынша тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға жіберілуге тиіс және «_______ (тендердің атауы көрсетіледі) сатып алу жөніндегі тендер» және «_______ (тендерлік құжаттамада көрсетілген конверттерді ашу күні мен уақыты көрсетіледі) дейін ашпаңыз» деген сөздер қамтылады.
Тармақ 3. 3-параграф. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу
3-параграф. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу
Тармақ 130-36
130-36. Тендерлік өтінімдерді қабылдауды аяқтау мен тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашудың басталуы арасындағы уақыттың ұзақтығы екі сағаттан аспайды.
Тармақ 130-37
130-37. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді тендерлік комиссия тендерлік құжаттамада айқындалған уақытта және орында аудио және видео тіркеуді қолданып ашады. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері қатыса алады. Тендерлік комиссия хатшысы конверттерді ашып, тендерлік өтінімдер келіп түскен әлеуетті өнім берушілердің атауы мен мекенжайын, әрбір лот бойынша мәлімделген бағаны, жеткізу мен ақы төлеу шарттарын, тендерлік өтінімдерді кері қайтарып алу тәртібін, тендерлік өтінімді құрайтын құжаттар туралы ақпаратты хабарлайды және осы мәліметтерді конверттерді ашу хаттамасына енгізеді.
Тармақ 4. 4-параграф. Тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру
4-параграф. Тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру
Тармақ 130-38
130-38. Тендерлік комиссия тендерлік өтінімдерді бағалау мен салыстыруды жүзеге асырады. Әлеуетті өнім берушілердің банкроттық не тарату рәсіміне қатыстылығы бөлігінде олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттық немесе тарату рәсімінің жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты қарайды.
Тармақ 130-39
130-39. Тендерлік комиссия:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету ұсынылмаған;
Тармақша 2
2) жарғы көшірмесі немесе құрылтайшылар, қатысушылар құрамы туралы үзінді немесе акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді немесе осы Қағидаларда көзделген жағдайда құрылтай шартының көшірмесі ұсынылмаған;
Тармақша 3
3) заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін тиісті мемлекеттік орган берген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға үшін) құжаттың көшірмесі ұсынылмаған;
Тармақша 4
4) медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензия көшірмелерін не «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға сәйкес электрондық құжат түрінде алынған көшірмелерін, олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталады (жіберіледі). Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға сәйкес алынған фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензияның, медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;
Тармақша 5
5) тиісті мемлекеттік кірістер органының мәліметтерінде бюджетке берешегі, міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары және (немесе) жарналары бойынша берешек (олар бойынша төлем мерзімдері өзгертілген, берешектің жалпы сомасында көрсетілмеген соманы қоспағанда) туралы ақпарат болған;
Тармақша 6
6) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес техникалық ерекшелік ұсынылмаған;
Тармақша 7
7) әлеуетті өнім беруші тендерлік құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынған;
Тармақша 8
8) біліктілік талаптары және осы Қағидалар шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдар мен көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар бойынша дәйексіз ақпарат ұсыну фактісі анықталған;
Тармақша 9
9) банкроттық не тарату рәсіміне қатыстылығы болған;
Тармақша 10
10) ұсынылған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар ұсынылмаған;
Тармақша 11
11) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім беруші – тиісті дистрибьюторлық практика сертификатын (GDP), отандық тауар өндіруші – объектінің тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты, тиісті дәріханалық практика сертификатын (GPP) ұсынған жағдайды қоспағанда, қажет болған кезде «салқындату тізбегінің» болуы туралы санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісінің көшірмесі ұсынылмаған;
Тармақша 12
12) егер мәлімделген медициналық техниканың техникалық сипаттамасы тіркеу куәлігінде және (немесе) тіркеу деректерінде айқындалған техникалық сипаттамаға және (немесе) жинағына сәйкес келмеген;
Тармақша 13
13) осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;
Тармақша 14
14) осы Қағидалардың 15, 21-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
Тармақша 15
15) егер тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі тендерлік құжаттама шарттарында көрсетілгеннен неғұрлым қысқа болған;
Тармақша 16
16) баға ұсынысы ұсынылмаған не баға ұсынысы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанда ұсынылмаған;
Тармақша 17
17) әлеуетті өнім беруші дәрілік зат және (немесе) медициналық бұйым бағасын тиісті лот бойынша сатып алу үшін бөлінген бағасынан және (немесе) халықаралық патенттелмеген атауының шекті бағасынан және саудалық атауы бойынша шекті бағадан жоғары ұсынған;
Тармақша 18
18) тендерлік өтінім тігілмеген түрде, беттері нөмірленбей, қолтаңбамен бекітілмей, конвертте әлеуетті өнім берушінің, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы немесе заңды мекенжайы көрсетілмей ұсынылған;
Тармақша 19
19) әлеуетті өнім беруші және (немесе) бірлесіп орындаушы қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
Тармақша 20
20) осы Қағидалардың талаптарын бұзып үлестес болу фактісі анықталған жағдайда тендерлік өтінімді тұтастай немесе лот бойынша қабылдамайды.
Тармақ 130-40
130-40. Егер тендер тұтастай немесе оның қандай да бір лоты өткен жоқ деп танылса, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендердің мазмұны мен шарттарын өзгертеді және осы Қағидалардың 9-1-тарауына сәйкес қайта тендер өткізеді.
Тармақ 130-41
130-41. Егер тендер тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келетін бір ғана өтінімнің берілуі негізінде тұтастай немесе оның қандай да бір лоты бойынша өткізілмеген деп танылса, онда тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы осы өтінімді берген әлеуетті өнім берушіден сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырады.
Тармақ 130-42
130-42. Тендер тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты мынадай негіздемелердің бірі бойынша:
Тармақша 1
1) тендерлік өтінімдер болмаса;
Тармақша 2
2) әлеуетті өнім берушілердің барлық тендерлік өтінімдері қабылданбаса, өткізілмеді деп танылады.
Тармақ 130-43
130-43. Тендер жеңімпазы тендерлік өтінімдері тендерлік комиссия ең төмен баға ұсынысы негізінде хабарландыру шарттарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес деп танылған әлеуетті өнім берушілер арасынан айқындалады. Лот бойынша бәсекелестік болмаған немесе лот бойынша бәсекелестің тендерлік өтінімдері қабылданбаған кезде тендерлік өтінімін тендерлік комиссия хабарландыру шарттары мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін жалғыз өтінім деп таныған әлеуетті өнім беруші тендер жеңімпазы болып танылады.
Тармақ 5. 5-параграф. Тендердің қорытындысын шығару
5-параграф. Тендердің қорытындысын шығару
Тармақ 130-44
130-44. Тендер қорытындысы тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде шығарылады, ол туралы хаттама жасалады, оған:
Тармақша 1
1) дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің атауы мен қысқаша сипаттамасы;
Тармақша 2
2) сатып алу сомасы;
Тармақша 3
3) тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атауы, орналасқан жері және біліктілік деректері;
Тармақша 4
4) тендерлік құжаттамаға сәйкес әрбір тендерлік өтінімнің бағасы және басқа да шарттары;
Тармақша 5
5) бағалауды жазу және тендерлік өтінімдерді салыстыру;
Тармақша 6
6) тендерлік өтінімдерді қабылдамау негіздемесі;
Тармақша 7
7) саудалық атауын көрсетіп, тендердің әрбір лоты бойынша жеңімпаз(дар)дың атауы мен орналасқан жері және олар бойынша жеңімпаз айқындалған талаптар;
Тармақша 8
8) саудалық атауын көрсетіп, әрбір тендер лотының ұсынысы жеңімпаз ұсынысынан кейінгі екінші болып табылатын қатысушының атауы мен орналасқан жері;
Тармақша 9
9) егер тендер жеңімпазы айқындалмаса, негіздемесі;
Тармақша 10
10) сатып алу шарты жасалуға тиіс мерзім;
Тармақша 11
11) сараптама комиссиясын тарту туралы ақпарат енгізіледі.
Тармақ 130-45
130-45. Тендер қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендерге қатысқан әлеуетті өнім берушілерге тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсына қорытынды хаттамасын орналастыру арқылы тендердің нәтижесі туралы хабарлайды.
Тармақ 130-46
130-46. Тендердің қорытындысы туралы хаттама тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсына орналастырылады. Сатып алуды ұйымдастырушы қорытынды шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тапсырыс берушіге сатып алу қорытындысы хаттамасының куәландырылған көшірмесін және жеңімпаздың дәрілік заттарының және (немесе) медициналық бұйымдарының техникалық ерекшелігін жібереді.
Тарау 10
Тармақ 131
Тарау 10. 10-тарау. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу
10-тарау. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу 131. Егер біртекті дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметті сатып алудың жылдық көлемі баға тұрғысынан заңнамада тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспаса, сондай-ақ осы Қағидалардың 133-тармағында көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды (бұдан әрі – бағалық сатып алу) қолдануға жол беріледі.
Тармақ 132
132. Бағалық сатып алуды қолдану мақсатында бірыңғай дистрибьюторда дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың болмауы жағдайын қоспағанда, қаржы жылы ішінде біртекті дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алудың жылдық көлемін бөлшектеуге жол берілмейді.
Тармақ 133
133. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілегеннен аспайтын баға бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды (осы тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда) алпыс күндік қажеттілікке дейін, сондай-ақ фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді тоқсан күндік қажеттілікке дейін сатып алуға:
Тармақша 1
1) бірыңғай дистрибьютордан: бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында жасалған сатып алу шарты бойынша жеткізу мерзімінің бұзылуына; Бірыңғай дистрибьютор осы Қағидаларда айқындалған тәсілдермен жүргізетін дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметті сатып алудың болмауына байланысты алынған хабарлама негізінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті уақтылы көрсету үшін тапсырыс берушіде немесе денсаулық сақтау субъектілерінде (амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қалдығы болмаған;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютор медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта (денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен) балаларға қолдануға қарсы көрсетілім бар дәрілік затты сатып алған;
Тармақша 3
3) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астананың жергілікті өкілді органдарының шешімдері негізінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қажет болған;
Тармақша 4
4) тендер өткізілмеді деп танылған және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде халықты амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қажет болған жағдайда жол беріледі.
Тармақ 134
134. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жеткізу көлемін, орнын және графигін көрсетіп, кемінде екі үлестес емес әлеуетті өнім берушіден баға ұсынысына сұратуды жүзеге асырады.
Тармақ 135
135. Сұрату баға ұсынысын қабылдаудың соңғы күніне дейін күнтізбелік жеті күн бұрын тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсына хабарландыру орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берушіде интернет-ресурс болмаған жағдайда хабарландыру облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының интернет-ресурсына орналастырылады. Баға ұсынысына сұрату тәсілімен сатып алу өткізу туралы хабарландыру:
Тармақша 1
1) тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен мекенжайын;
Тармақша 2
2) сатып алынатын дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауын (жеке көтере алмау жағдайында саудалық атауы), медициналық бұйымның тауарлық маркасы мен өндірушіні көрсетпей, олардың қысқаша сипаттамасын, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер сипаттамасын, сатып алу көлемін, жеткізу орнын, әрбір дәрілік зат пен медициналық бұйым бойынша сатып алу үшін бөлінген соманы;
Тармақша 3
3) жеткізу мерзімдері мен шарттарын;
Тармақша 4
4) құжаттарды ұсыну (қабылдау) орны мен баға ұсынысын берудің соңғы мерзімін;
Тармақша 5
5) баға ұсынысы салынған конверттерді ашу күнін, уақыты мен орнын қамтиды.
Тармақ 136
136. Әлеуетті өнім беруші баға ұсынысын берудің соңғы мерзімі өткенге дейін жабық күйде тек бір ғана баға ұсынысын береді. Конверт денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша баға ұсынысын, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы белгілеген мерзімде лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекеттерді (операцияны) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқығын растайтын рұқсатты, сондай-ақ ұсынылатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың осы Қағидалардың 4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар, сондай-ақ фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы мен көлемін қамтиды.
Тармақ 137
137. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын беруі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сұрату мен үлгілік сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартының талаптары сақталып, дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды жеткізуді жүзеге асыруға немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге оның келісімін білдіретін нысан болып табылады.
Тармақ 138
138. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсынысын қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қорытынды хаттамасын жасайды, оған:
Тармақша 1
1) сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы мен бағасы, олардың саудалық атауы;
Тармақша 2
2) баға ұсынысын беру күні мен уақыты;
Тармақша 3
3) сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартын жасасу болжанатын әлеуетті өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы;
Тармақша 4
4) баға ұсынысы салынған конверттерді ашу рәсімі кезінде қатысқан әлеуетті өнім берушілердің атауы енгізіледі. Хаттама тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсына орналастырылады.
Тармақ 139
139. Ең төмен баға ұсынысын берген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады. Бірдей баға ұсынысы берілген жағдайда баға ұсынысын бірінші болып ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алуға баға ұсынысы мен құжаттарын осы Қағидалардың 141-тармағына сәйкес ұсынған бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы мұндай әлеуетті өнім берушіні сатып алу жеңімпазы деп тану туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 140
140. Баға ұсынысы болмаған жағдайда баға ұсынысына сұрату тәсілімен сатып алу өткізілген жоқ деп танылады.
Тармақ 141
141. Жеңімпаз тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға жеңімпаз деп танылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензия көшірмелерін не «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға сәйкес электрондық құжат түрінде алынған көшірмелерін, олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталады (жіберіледі). Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға сәйкес алынған фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензияның, медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;
Тармақша 2
2) заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжат көшірмесін (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);
Тармақша 3
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, жеке куәлік немесе паспорт көшірмесін (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);
Тармақша 4
4) заңды тұлға жарғысының көшірмесін (егер жарғыда құрылтайшылар, қатысушылар немесе акционерлер құрамы көрсетілмесе, онда акция ұстаушылар тізілімінен үзінді немесе құрылтайшылар, қатысушылар құрамы туралы үзінді немесе сатып алуды хабарлау күнінен кейін берілген құрылтай шартының көшірмесі де ұсынылады);
Тармақша 5
5) «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы арқылы алынған берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді, олар есепке алу мемлекеттік кірістер органдарында жүргізіледі;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы салық органының осы әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтыны туралы анықтамасының түпнұсқасын (егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмесе). Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім беруші бірлесіп орындаушыға осы тармақта көзделген құжаттарды ұсынады. Жеңімпаз біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда баға ұсынысы тәсілімен сатып алу өткізілген жоқ деп танылады.
Тармақ 142
142. Сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушіге қорытынды шығарылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде қорытындылау хаттамасын жібереді. Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіге біліктілік талаптарына сәйкес келетін жеңімпаз айқындалған немесе қорытындылау хаттамасын алған күннен кейін күнтізбелік үш күн ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалатын қол қойылған сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартты жібереді.
Тармақ 143
143. Жеңімпаз сатып алу шартын, фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартты оларға алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қол қояды не тапсырыс берушіні немесе сатып алуды ұйымдастырушыны оның шарттарымен келіспейтіні немесе қол қоюдан бас тартатыны туралы жазбаша хабардар етеді. Қол қойылған сатып алу шартын, фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартты көрсетілген мерзімде ұсынбау оны жасасудан бас тарту (шарт жасасудан жалтару) болып саналады. Бас тартуды қарау мерзімі екі жұмыс күнінен аспайды.
Тармақ 132
Тарау 11. 11-тарау. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
11-тарау. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 144
144. Тапсырыс берушілер немесе сатып алуды ұйымдастырушылар сатып алуды осы тараудың нормаларына сәйкес бір көзден алу тәсілімен немесе осы Қағидалардың 18-тарауының 2-параграфына сәйкес веб-портал арқылы жүзеге асырады. Бір көзден алу тәсілімен сатып алу: 1) баға ұсынысына сұрату тәсілімен сатып алу өткізілген жоқ деп танылғанда; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төтенше жағдайдың жариялануы салдарынан тендер өткізу мүмкіндігін болдырмайтын осы дәрілік заттарға және медициналық бұйымдарға жедел қажеттілік туындағанда; 3) тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор тендер қорытындысын шығарғанға дейінгі кезеңде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болғанда; 4) сол қаржы жылы дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің қосымша көлеміне қажеттілік болғанда. Бұл ретте дәрілік заттың, медициналық бұйымның немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасы сол қаржы жылы сатып алынған дәрілік заттың, медициналық бұйымның не фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасынан аспайды. Сол қаржы жылы сатып алу немесе фармацевтикалық қызметті көрсетуге шарт жасасқан сол бір өнім берушіден сатып алу жүзеге асырылған жағдайда жасалған шартқа тиісті өзгерістер енгізіледі және осы Қағидалардың 3 және 4-тарауларының талаптарына сәйкестігін растау талап етілмейді. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің қосымша көлемі деп фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартта көзделген фармацевтикалық қызмет қосымша көрсетілетін дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың санын ұлғайту түсініледі (бағасы, саудалық атауы, дозасы және сапасы өзгермеген кезде); 5) халықты амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде алпыс күнге дейін қажет дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша тендер бірыңғай дистрибьютордан алынған хабарлама негізінде өткізілген жоқ деп танылғанда; 6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде: медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта (денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен) балаларға қолдануға қарсы көрсетілімі бар дәрілік затты бірыңғай дистрибьютор сатып алған жағдайда балаларды қамтамасыз ету мақсатында; дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысы және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астананың жергілікті өкілді органдарының шешімі негізінде пациент ерекшелігіне байланысты жеке көтере алмаған жағдайда фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болғанда; 7) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілегеннен аспайтын баға бойынша алпыс күнге дейін қажет дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу бойынша қызметті (осы тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда) сатып алуды жүзеге асыру қажет болғанда, сондай-ақ дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды есепке алу мен өткізу бойынша қызметтерді сатып алу бойынша тендерлер өткізілмеді деп танылған жағдайда, сондай-ақ тоқсан күнге дейін қажет дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды, сондай-ақ фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол беріледі; 8) Қазақстан Республикасында, сондай-ақ одан тысқары жерде толық өндірілген немесе өңделген, тұтынуға (қолдануға) дайын дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндіретін өнім берушінің немесе оның үлестес тұлғаларының дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды жеткізуі көзделіп, жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты болғанда қолданылады. 145. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіден: 1) баға ұсынысын; 2) әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды; 3) мәлімделген дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың осы Қағидалардың 4-тарауының ережелеріне сәйкестігін растайтын құжаттарды сұратады. 146. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде хаттама жасалады, оған: 1) бір көзден алу тәсілімен сатып алуды қолдану негіздемесі; 2) сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың, олардың саудалық атауының немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы; 3) сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартын жасасу болжанып отырған өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы; 4) осы Қағидалардың 3 және 4-тарауларында белгіленген талаптарға сәйкестігі енгізіледі. 147. Бір көзден алу тәсілімен сатып алу шарты немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шарты осы Қағидалардың 13-тарауы негізінде жасалады. 148. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай жүйелі іc-шаралардың орындалуын көздейді: 1) тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының осы тәсілді қолдануын негіздей отырып, бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізу туралы шешім қабылдауы; 2) тапсырыс берушіні немесе сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау және бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу рәсімін өткізу; 3) әлеуетті өнім берушіге сатып алуға қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесін көрсетіп, бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысу туралы шақырту жіберу; 4) әлеуетті өнім берушінің шақыртуда көзделген құжаттарды қоса беріп, бір көзден алуға қатысу туралы келісімді жіберуі; 5) әлеуетті өнім беруші ұсынған осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қарау; 6) бір көзден алу тәсілімен сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастыру; 7) әлеуетті өнім берушімен бір көзден алу тәсілімен сатып алу қорытындысы туралы хаттама негізінде сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартын жасасу. 149. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды өткізу туралы шешімді тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы осы Қағидаларда көзделген негіздер бойынша сатып алу өткізілмеді деп танылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды. 150. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім беруші сұратылған құжаттарды ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу қорытындысы туралы хаттама жасайды және интернет-ресурста орналастырады. 151. Осы тарауға сәйкес жіберілген тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының шақыртуына әлеуетті өнім беруші оны алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге, сатып алуды ұйымдастырушыға шақыртуда көзделген құжаттарды қоса беріп, сатып алуға қатысатыны туралы өзінің келісімін жібереді. Бұл ретте осы тармақта белгіленген мерзімде жауаптың болмауы сатып алуға қатысудан бас тарту ретінде бағаланады.
Тармақша 7
Тарау 12. 12-тарау. Медициналық техниканы сатып алуды жоспарлау және ұйымдастыру
12-тарау. Медициналық техниканы сатып алуды жоспарлау және ұйымдастыру
Тармақ 1. 1-параграф. Медициналық техниканы сатып алуды жоспарлау
1-параграф. Медициналық техниканы сатып алуды жоспарлау
Тармақ 153
153. Тапсырыс берушілер медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асыру үшін сараптама ұйымы растайтын Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтары жоқ медициналық техниканы сатып алуды қоспағанда, медициналық техниканың саудалық атауына шекті бағаларды және техникалық сипаттамасын, клиникалық-техникалық негіздемені талдауды және медициналық техниканы сатып алуға арналған техникалық ерекшелік сипаттамаларының әртүрлі өндірушілердің кемінде екі моделіне сәйкестігіне сараптама ұйымы берген сараптамалық қорытындыны алуы қажет. Сараптамалық қорытындыны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сараптама ұйымы береді.
Тармақ 154
154. Тапсырыс берушілер құны 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден аспайтын медициналық техниканы сатып алуды осы Қағидалардың 2-бөліміне сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісімен келісу бойынша жүзеге асырады.
Тармақ 155
155. Тапсырыс беруші құны 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден жоғары медициналық техниканы бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алады.
Тармақ 2. 2-параграф. Медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
2-параграф. Медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 156
156. Тапсырыс берушілер бір бірлігінің құны 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден жоғары медициналық техниканы бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы бірыңғай дистрибьюторға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінім беру арқылы сатып алуды жүзеге асырады, онда:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сатып алынатын медициналық техниканың тізбесі;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша техникалық ерекшелік (техникалық ерекшелікті дайындаған кезде тапсырыс беруші оған медициналық техниканың функционалдық мақсатына әсер ететін, жоқ болуы оны мақсатына қарай қолданудың мүмкін болмауына алып келетін параметрлерді қосады);
Тармақша 3
3) медициналық техниканы сатып алуға арналған техникалық ерекшелік сипаттамаларының әртүрлі өндірушілердің кемінде екі моделіне сәйкестігі немесе Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтардың жоқ екені туралы сараптама ұйымы берген сараптамалық қорытынды қамтылуға тиіс. Бұл ретте облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қарамағындағы тапсырыс берушілер өтінімді бекіту және одан әрі бірыңғай дистрибьюторға ақпараттық жүйе арқылы жіберу үшін өз аумақтылығы жағынан денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына береді.
Тармақ 157
157. Тапсырыс берушілер (өтінім берушілер) өтінімдегі мәліметтердің дұрыстығы үшін жауапты болады.
Тармақ 158
158. Бірыңғай дистрибьютор бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы өтінімді алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтінімді ұсынылған мәліметтердің толықтығы мен медициналық техниканың мәлімделген сипаттамасына сараптамалық қорытындының сәйкестігін қарайды. Ескертулер болған кезде бірыңғай дистрибьютор өтінімді тапсырыс берушіге қайтарады. Тапсырыс беруші оны 10 (он) жұмыс күні ішінде сәйкес келтіруге және бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы бірыңғай дистрибьюторға қайта енгізуге құқылы.
Тармақ 159
159. Тапсырыс берушінің қайта енгізілген техникалық ерекшелігі 10 (он) жұмыс күнінен асырмай қаралады.
Тармақ 160
160. Ескертулердің жойылмауы не толық жойылмауы тапсырыс берушінің өтінімі мен техникалық ерекшелігін қабылдамауға негіз болып табылады.
Тармақ 161
161. Медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыруды осы Қағидалардың 2 және (немесе) 4-бөлімдеріне сәйкес бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады.
Тармақ 162
162. Ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде тапсырыс берушілер (өтініш берушілер) бірыңғай дистрибьюторға құны 20000000 (жиырма миллион) теңгеден жоғары медициналық техниканы беру шарттарын жасасу, өнім берушілердің шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі туралы ақпарат береді, сондай-ақ сатып алынатын медициналық техниканы беру фактісі бойынша жабдықты қабылдау-беру актісінің көшірмесін ұсынады. Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілер (өтініш берушілер) ақпарат ұсынғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде медициналық техниканың сатып алынуына мониторинг жүргізеді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға есеп береді.
Тарау 13. 13-тарау. Сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсету шартын жасасу
13-тарау. Сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсету шартын жасасу
Тармақ 163
163. Тапсырыс беруші тендер қорытындысы шығарылған күннен не сатып алуды ұйымдастырушыдан сатып алу қорытындысын алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде әлеуетті өнім берушіге қол қойылған сатып алу шартын немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша жасалатын фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартты жібереді.
Тармақ 164
164. Шартты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тендер жеңімпазы оған қол қояды не тапсырыс берушіні оның талаптарымен келіспейтіні немесе қол қоюдан бас тартатыны туралы жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 165
165. Көрсетілген мерзімде қол қойылған шартты немесе талаптармен келіспеу туралы хабарламаны ұсынбау шарт жасасудан бас тарту болып саналады. Келіспеушілікті қарау мерзімі шарт жасасудан бас тартуды ұсынған күннен бастап екі жұмыс күнінен аспайды.
Тармақ 166
166. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, сатып алу шарты немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарт тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 167
167. Егер тендердің жеңімпазы белгіленген мерзімде сатып алу шартына немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартқа қол қоюдан жалтарса немесе тапсырыс берушіге оның талаптарымен келіспейтіні туралы хабарламаса, онда тапсырыс беруші осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін және баға ұсынысы жеңімпаздың ұсынысынан кейін екінші болып табылатын тендерге қатысушымен шарт жасасады.
Тармақ 168
168. Шартқа өнім берушіні таңдау үшін негіз болып табылған ұсыныстың мазмұнын өзгертетін қандай да бір өзгерістерді және (немесе) жаңа талаптарды енгізуге (дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың бағасын, көлемін азайтуды қоспағанда), оның ішінде шартта көрсетілген саудалық атауды басқа саудалық атаумен ауыстыруға жол берілмейді.
Тармақ 169
169. Өнім берушіні таңдауға негіз болған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымның құрамы немесе сипаттамасы өзгермеген жағдайда жасалған шартқа:
Тармақша 1
1) тараптардың өзара келісімі бойынша дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың бағасын және тиісінше шарттың бағасын азайту бөлігінде;
Тармақша 2
2) тараптардың өзара келісімі бойынша дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің көлемін азайту бөлігінде өзгерістер енгізуге жол беріледі.
Тармақ 170
170. Тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының аудио және бейне тіркеуді қолданып, сатып алу шартына және фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартқа қол қойғанға дейін дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың не фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасын азайту мақсатында тендер жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім берушімен келіссөз жүргізуге жол беріледі. Әлеуетті өнім беруші өз қалауы бойынша дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасын азайтуға келісетіні немесе келіспейтіні туралы шешім қабылдайды, бұл тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының тендер жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушімен шартқа қол қоюдан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.
Тармақ 164
Тарау 14. 14-тарау. Шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз ету
14-тарау. Шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз ету
Тармақ 171
171. Сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шарттың мазмұнын, нысанын және оны кепілдікті қамтамасыз етуді енгізу талаптарын (бұдан әрі – кепілдікті қамтамасыз ету) осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы айқындайды және тендерлік құжаттамаға, сатып алу шартына және фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартқа енгізілуге тиіс.
Тармақ 172
172. Кепілдікті қамтамасыз ету сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шарттың бағасынан үш пайызды құрайды және:
Тармақша 1
1) тапсырыс берушіге қызмет көрсетілетін банкке орналастырылатын ақшалай қаражат түріндегі кепілдік жарна;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілген банк кепілдігі түрінде ұсынылады. Ақшалай қаражатты кепілдік жарна түріндегі кепілдікті қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің тиісті шотына енгізеді.
Тармақ 173
173. Егер сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың бағасы тиісті қаржы жылына арналған айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспаса, кепілдікті қамтамасыз ету енгізілмейді.
Тармақ 174
174. Сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз етуді өнім беруші, егер өзі өзгешені көздемесе, шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.
Тармақ 175
175. Сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз етуді тапсырыс беруші өнім берушіге:
Тармақша 1
1) өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты сатып алу шарты немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарт бұзылған;
Тармақша 2
2) өнім беру шарты бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған (беру мерзімінің бұзылуы және шарттың басқа да талаптарының бұзылуы);
Тармақша 3
3) орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін сатып алу шартында немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартта көзделген айыппұл санкциясын төлемеген жағдайда қайтармайды.
Тармақ 172
Тарау 15. 15-тарау. Бірыңғай дистрибьютордан сатып алу
15-тарау. Бірыңғай дистрибьютордан сатып алу
Тармақ 1. 1-параграф. Бірыңғай дистрибьютордың тізбесі
1-параграф. Бірыңғай дистрибьютордың тізбесі
Тармақ 176
176. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бірыңғай дистрибьютордың тізбесін бекітеді, онда дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар қамтылады.
Тармақ 177
177. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бірыңғай дистрибьютордың бекітілген тізбесіне қажетіне қарай өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Тармақ 178
178. Тапсырыс берушілер осы Қағидалардың 133-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бірыңғай дистрибьютордың тізбесіне кіретін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды бірыңғай дистрибьютор арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 179
179. Бірыңғай дистрибьютор сатып алу қорытындылары шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру бағасын көрсете отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша сатып алу нәтижелері туралы есеп береді. Сатып алу жүзеге асырылмаған жағдайда бірыңғай дистрибьютор 10 (он) жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға сатып алудың өткізілмеген рәсімдері бойынша себептерді көрсете отырып, ақпарат ұсынады.
Тармақ 2. 2-параграф. Жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету және аурулардың профилактикасы үшін дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу
2-параграф. Жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету және аурулардың профилактикасы үшін дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу
Тармақ 180
180. Бірыңғай дистрибьютордың тізбесі бойынша сатып алуды жүзеге асыру үшін тапсырыс берушілер денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру тәртібі мен әдістемесіне сәйкес тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде электрондық құжат түрінде қалыптастырылған өтінімдерді бірыңғай дистрибьюторға береді. Тапсырыс берушілердің өтінімдері сатып алу шарты жасалатын сәтке дейін олардың денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сатып алудың үлгілік шартында көзделген талаптарды сақтай отырып, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асыруға келісім білдіруінің нысаны болып табылады.
Тармақ 181
181. Тапсырыс берушілерде дәл сол қаржы жылы қосымша қажеттілік туындаған кезде тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьюторға бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат түрінде қалыптастырылған сатып алуға қосымша өтінімдер ұсынады.
Тармақ 182
182. Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілерден бастапқы өтінімді алғаннан кейін дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алуды осы Қағидалардың 2 және (немесе) 4-бөлімдеріне сәйкес төмендемейтін қор көлемін есепке ала отырып жүзеге асырады.
Тармақ 183
183. Сатып алуды өткізгеннен кейін бірыңғай дистрибьютор прайс-парақты бекітеді және прайс-парақ бекітілгеннен кейін оны үш күн ішінде тапсырыс берушілерге тиісті қаржы жылына арналған бюджетті қалыптастыру (түзету) үшін жібереді.
Тармақ 184
184. Сатып алу шартының жобасын ресімдеу үшін тапсырыс берушілер жыл сайын бірыңғай дистрибьютордан прайс-парақты алғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей қаржыландыру көлеміне сәйкес бірыңғай дистрибьюторға бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат түрінде қалыптастырылған бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағына сәйкес түзетілген өтінімді жібереді.
Тармақ 185
185. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен дәрілік заттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес балаларға қолдануға қарсы көрсетілімдер болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған және қаржыландыру қысқартылған жағдайларда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органымен, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен немесе қормен келісілген дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың санын бастапқы өтінімде көрсетілген санынан он пайыздан жоғары азайтуға жол беріледі.
Тармақ 186
186. Тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьютордан дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алуды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алудың үлгілік шартына сәйкес құрылған және жасалған сатып алу шарттарының негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 187
187. Тапсырыс берушілер шарт жасасу үшін бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесіне тапсырыс беруші басшысының (оны алмастыратын адамның) атқаратын лауазымын растайтын құжаттың нөмірі мен күні; шеңберінде сатып алу жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаның нөмірі мен атауы; төлем деректемелері, дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру орны (мекенжайы) көрсетілген ақпаратты енгізеді. Бірыңғай дистрибьютордың сұрау салуы бойынша жарғының немесе ереженің көшірмесі ұсынылады.
Тармақ 188
188. Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілерден түзетілген өтінімді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тапсырыс берушілерге қабылдау-беру актісі бойынша не бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат түрінде сатып алу шарттарын қол қоюға жібереді.
Тармақ 189
189. Тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьютордан сатып алу шарттарын алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей оларға қол қояды, мөрмен бекітеді және бірыңғай дистрибьюторға қабылдау-беру актісі бойынша не бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат түрінде береді.
Тармақ 3. 3-параграф. Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу
3-параграф. Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу
Тармақ 190
190. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті есептеуді тапсырыс берушілер денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру тәртібі мен әдістемесіне сәйкес жүргізеді. Бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған өтінімдерді тапсырыс берушілер денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру тәртібі мен әдістемесіне сәйкес қалыптастырады.
Тармақ 191
191. Қор бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған республика бойынша қажеттілік есептерінің жиынтығын сатып алу үшін бірыңғай дистрибьюторға (өтінімдер мәртебесі бар) жібереді.
Тармақ 192
192. Бірыңғай дистрибьютор қордан алынған қажеттіліктің алдын ала есептерінің негізінде оларды алғаннан кейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидалардың 2 және (немесе) 4-бөлімдеріне сәйкес дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу рәсіміне кіріседі. Сатып алуды өткізгеннен кейін бірыңғай дистрибьютор тиісті қаржы жылына арналған прайс-парақты бекітеді және қорға, тапсырыс берушілерге жібереді, онда халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы, саудалық атауы, дәрілік нысаны (сипаттамасы), өлшем бірлігі, өлшеп-оралуы, дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың өлшем бірлігінің бағасы, өндірушінің атауы, елдің атауы көрсетілген бірыңғай дистрибьютор сатып алған дәрілік заттардың тізбесі; құрамы (техникалық сипаттамасы), саудалық атауы, өлшем бірлігі, өлшеп-орауы, өндірушінің атауы, елдің атауы көрсетілген медициналық бұйымдардың тізбесі қамтылады.
Тармақ 193
193. Бірыңғай дистрибьютор мен қордың арасында Кодекстің 69-бабының 3-тармағына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен әкімшілік-аумақтық бірлік (облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана) бөлінісінде сатып алу үшін бірыңғай дистрибьюторға қор ұсынған денсаулық сақтау субъектілерінің жиынтық түзетілген қажеттілігі сомасының шегінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнына ақы төлеу шарты жасалады. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер құнын төлеу шарты шеңберінде қор фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер құнын төлеу шарты сомасының 100 (жүз) пайызына дейінгі мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемді жүзеге асырады, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер құнын төлеу шартына сәйкес аванстық (алдын ала) төленген төлем сомасын кейіннен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше жағдайдың қолданысы кезеңіне;
Тармақша 2
2) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа коронавирус инфекциясын жариялауына байланысты дағдарысты жағдай кезеңіне;
Тармақша 3
3) халықтың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін немесе төндіруі мүмкін дағдарысты жағдайлар кезеңінде елдің әлеуметтік экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құқықтық актілерінің ережелеріне сәйкес ұстап қалады.
Тармақ 194
194. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын және (немесе) қор активтерін оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында бірыңғай дистрибьютордың қор ақы төлейтін фармацевтикалық көрсетілетін қызметі шеңберінде дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың бағалары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген халықаралық патенттелмеген атауға шекті бағалардан және саудалық атауға шекті бағалардан аспауға тиіс.
Тармақ 195
195. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды келесі қаржы жылына сатып алуды жүзеге асыру мақсатында тапсырыс берушілердің өтінімдері мен қордан қажеттіліктің алдын ала есеп-қисаптары бірыңғай дистрибьюторға жыл сайын 1 маусымнан кешіктірілмей ұсынылады. Бірыңғай дистрибьютор алынған тапсырыс берушілердің өтінімдері және қордан қажеттіліктің алдын ала есеп-қисаптары негізінде осы Қағидалардың 2 және (немесе) 4-бөлімдеріне сәйкес сатып алу рәсіміне кіріседі. Бұл ретте бірыңғай дистрибьюторға мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) дәл сол қаржы жылында тиісті қаржы жылына дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алуды жүргізу кезінде тапсырыс берушілер мәлімдеген дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың көлемін пропорционалды азайту қажеттігі туындағанда;
Тармақша 2
2) тапсырыс берушілер мәлімдеген дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың көлемін беруге әлеуетті өнім берушілерден ұсыныстар болмағанда ішінара сатып алуды жүзеге асыруға жол беріледі.
Тармақ 196
196. Бюджет қаражатын және (немесе) қордың активтерін оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, медициналық қызметтерді көрсететін ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар) медициналық ұйымдар мәлімдеген дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың көлеміне мониторингті жүзеге асырады.
Тармақ 197
197. Туберкулезге қарсы мамандандырылған денсаулық сақтау ұйымдары немесе АИТВ инфекциясының профилактикасы мен оны емдеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары немесе амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде таргеттік терапия жүзеге асырылатын онкологиялық бейіндегі денсаулық сақтау ұйымдары мен бірыңғай дистрибьютордың арасында жыл сайын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша бекітілген халықты қордың активтері есебінен амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін дәрілік заттарды берудің өтеусіз шарттары жасалады.
Тармақ 198
198. Денсаулық сақтау субъектілері амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде халыққа дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды тегін босату мақсатында бірыңғай дистрибьютормен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қордың активтері есебінен сатып алынатын дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру шартын жасайды.
Тармақ 199
199. Бірыңғай дистрибьютор қажеттіліктің түзетілген жиынтығын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде туберкулезге қарсы мамандандырылған денсаулық сақтау ұйымдарына және АИТВ инфекциясының профилактикасы мен оны емдеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде таргеттік терапия жүзеге асырылатын онкологиялық бейіндегі денсаулық сақтау ұйымдарына, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілеріне қабылдау-беру актісі бойынша не осындай денсаулық сақтау ұйымдарының электрондық поштасына бір уақытта хабарлама тарата отырып, бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат түрінде қордың активтері есебінен дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің өтеусіз шарттарын қол қоюға жібереді.
Тармақ 200
200. Туберкулезге қарсы мамандандырылған денсаулық сақтау ұйымдары мен АИТВ инфекциясының профилактикасы және оны емдеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде таргеттік терапия жүзеге асырылатын онкологиялық бейіндегі денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілері бірыңғай дистрибьютордан дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің өтеусіз шарттарын алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей оларға қол қояды, мөрмен бекітеді және оларды қабылдау-беру актісі бойынша не бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат түрінде бірыңғай дистрибьюторға береді.
Тармақ 201
201. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ағымдағы жылғы он бесінші желтоқсаннан кешіктірмей қорға, бірыңғай дистрибьюторға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, медициналық қызметтер көрсететін ведомстволық бөлімшелерге (ұйымдарға) келесі қаржы жылы әкімшілік-аумақтық бірлік (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана) бөлінісінде амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде қаржыландырудың нақтыланған көлемін жібереді.
Тармақ 202
202. Тапсырыс берушілерде дәл сол қаржы жылы бөлінген қаражат шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қосымша қажеттілік туындаған кезде ағымдағы қаржы жылы ішінде қосымша өтінімдер жинау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру тәртібі мен әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады. Бірыңғай дистрибьютор ағымдағы қаржы жылы дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың қосымша көлемін сатып алуды тапсырыс берушілердің қосымша қажеттілік есептерінің негізінде тоқсанына бір реттен сиретпей жүзеге асырады.
Тармақ 203
203. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын және (немесе) қор активтерін оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуге бөлінген қаржы қаражатының пайдаланылуына (игерілуіне), рецептілердің жазылуына (дәрілік заттардың тағайындалуына), дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың халыққа қолжетімділігіне мониторингті, қажет болған кезде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды әкімшілік-аумақтық бірлік (облыс, республикалық маңызы бар қала мен астана) шегінде бөлуді (қайта бөлуді) жүзеге асырады.
Тарау 16. 16-тарау. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді берушілерге шығындарды өтеу тәртібі
16-тарау. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді берушілерге шығындарды өтеу тәртібі
Тармақ 204
204. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары фармацевтикалық қызметтерді көрсету туралы шартта белгіленген дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың құнын және дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін фармацевтикалық қызметтерді көрсету туралы шартта белгіленген, пайыздық арақатынаста көрсетілген сыйақы мөлшерін фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді берушілерге ай сайын өтейді. Бұл ретте дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың құны халықаралық патенттелмеген атауға шекті бағалардан және саудалық атауға шекті бағалардан аспайды.
Тармақ 205
205. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді берушілерге іс жүзінде көрсетілген қызметтер үшін шығындарды қамтамасыз етілген тізілімдер (рецепттер тізілімі) туралы ұсынылған деректерді бөлінген қаражат шегінде амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алу жүйесіндегі деректермен салыстырып тексеру негізінде орындалған жұмыстардың актілеріне сәйкес өтейді. Шарт сомасы қызметтердің іс жүзінде көрсетілетін көлемі есепке алынып түзетіледі.
Бөлім 4. 4-бөлім. Бірыңғай дистрибьютордың сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
4-бөлім. Бірыңғай дистрибьютордың сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
Тарау 17. 17-тарау. Шетелдік немесе отандық тауар өндірушілерден, Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдардан бір көзден алу тәсілімен сатып алу
17-тарау. Шетелдік немесе отандық тауар өндірушілерден, Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдардан бір көзден алу тәсілімен сатып алу
Тармақ 1. 1-параграф. Шетелдік немесе отандық тауар өндірушілерден, Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдардан бір көзден алу тәсілімен сатып алуды өткізу негіздемесі
1-параграф. Шетелдік немесе отандық тауар өндірушілерден, Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдардан бір көзден алу тәсілімен сатып алуды өткізу негіздемесі
Тармақ 206
206. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды:
Тармақша 1
1) отандық тауар өндірушіден немесе шетелдік тауар өндірушіден сатып алу: халықаралық патенттелмеген атауы (құрамы) және (немесе) сипаттамасы бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтары жоқ дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар сатып алынған; дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу мақсатында сатып алынған; дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар төтенше жағдайларды болғызбау және олардың салдарын жою мақсатында сатып алынған жағдайларда; Кодекстің 246-бабының 1-тармағына сәйкес саудалық атауы бойынша дәрілік заттар сатып алынған; тендер тәсілімен сатып алу өткізілмеген жағдайларда;
Тармақша 2
2) Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдар арқылы сатып алу: егер дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды отандық тауар өндірушіден немесе шетелдік тауар өндірушіден сатып алынған; дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды орфандық ауруларды емдеу үшін сатып алынған жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақша 1
Тармақ 2. 2-параграф. Шетелдік немесе отандық тауар өндірушіден дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бір көзден алу тәсілімен сатып алу тәртібі
2-параграф. Шетелдік немесе отандық тауар өндірушіден дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бір көзден алу тәсілімен сатып алу тәртібі
Тармақ 207
207. Шетелдік немесе отандық тауар өндірушіден халықаралық патенттелмеген атауы (құрамы) және (немесе) сипаттамасы бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтары жоқ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асыру мақсатында бірыңғай дистрибьютор алдағы қаржы жылына медициналық ұйымдардан бастапқы өтінімдерді жинау аяқталған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтары жоқ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізімін ұсыну үшін сараптама ұйымына сұрату жібереді. Сараптама ұйымы сұрату алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде халықаралық патенттелмеген атауын, дәрілік нысанын (сипаттамасын), белгіленген дозалануын және (немесе) шоғырлануын, өлшем бірлігін, тіркеу куәлігінің нөмірін, саудалық атауын, өндірушісін көрсете отырып, Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтары жоқ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізімін бірыңғай дистрибьюторға жібереді.
Тармақ 208
208. Бірыңғай дистрибьютор шетелдік және (немесе) отандық дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірушісінен ұсынылған құжаттарды хабарландыру шарттары мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау үшін комиссия құрады және сатып алу рәсімдерін өткізу туралы хабарландыруды орналастырады. Бірыңғай дистрибьютордың шешімімен бекітілген дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу рәсімін өткізу туралы хабарландыру бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына орналастырылады және мынадай мәліметтерден тұрады: бірыңғай дистрибьютордың атауы, мекенжайы және банктік деректемелері; халықаралық патенттелмеген атауы және (немесе) саудалық атауы, дәрілік нысаны (сипаттамасы), өлшем бірлігі, өлшем бірлігі үшін сатып алу бағасы, сатып алудың көлемі, жалпы сомасы, өндірушінің тіркеу куәлігінің немесе рұқсат беру құжатының нөмірі, беру графигі көрсетілген дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдар тізбесі; сатып алуға қатысуға құжаттарды қабылдау аяқталатын күні мен орны.
Тармақ 209
209. Бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу рәсімдерін өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде шетелдік және (немесе) отандық тауар өндірушілерді сатып алу өткізілетіні туралы хабарландырудың орналастырылғаны туралы электрондық пошта арқылы хабардар етеді.
Тармақ 210
210. Шетелдік және (немесе) отандық тауар өндіруші сатып алуға қатысу үшін құжаттарды хабарландыру орналастырылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынады.
Тармақ 211
211. Комиссия шетелдік және (немесе) отандық тауар өндірушінің құжаттарын хабарландыру шарттары мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жиырма жұмыс күні ішінде қарайды. Қарау қорытындысы бойынша комиссия рұқсат беру хаттамасын қалыптастырады.
Тармақ 212
212. Комиссия ұсынылған құжаттардың хабарландыру шарттарына сәйкестігін бағалау үшін қажет болған жағдайда арнайы білімді және (немесе) техникалық танымды талап ететін мәселелер бойынша тиісті салалардан сарапшыны (сарапшыларды) тартады.
Тармақ 213
213. Комиссия шешім қабылдаған кезде сарапшының дауыс беруге құқығы жоқ. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшы қол қояды, комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі, бұл ұсынымдық сипатта болады және өтінімдерді бағалау кезінде ескеріледі.
Тармақ 214
214. Комиссия аудио- және (немесе) бейнетіркеуді қолдана отырып, рұқсат беру хаттамасының негізінде дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің түпкілікті бағасын, көлемін, графигін, ақы төлеу шарттарын айқындау бойынша шетелдік және (немесе) отандық тауар өндірушілермен келіссөздер жүргізеді. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды шетелдік тауар өндірушіден сатып алу туралы шешімді комиссия шарт шетел валютасында жасалған жағдайда бос ақша қаражаты қорының болуын ескере отырып қабылдайды. Келіссөздер қорытындысы бойынша сатып алу қорытындыларының хаттамасына қол қойылады.
Тармақ 215
215. Сатып алу қорытындылары туралы хаттамалардың негізінде бірыңғай дистрибьютор өнім берудің азаматтық-құқықтық шартын (келісімді), ал қолданыстағы өнім беру шарты болған жағдайда – отандық тауар өндірушімен немесе шетелдік тауар өндірушімен жоспарланатын қаржы жылына қосымша келісім жасасады. Шетелдік немесе отандық тауар өндірушіден халықаралық патенттелмеген атауы (құрамы) және (немесе) сипаттамасы бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтары жоқ дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар сатып алынған жағдайда шартқа электрондық форматта цифрлық қолтаңба арқылы қол қоюға жол беріледі.
Тармақ 216
216. Шетелдік немесе отандық тауар өндіруші бірыңғай дистрибьюторға:
Тармақша 1
1) халықаралық патенттелмеген атауы, дәрілік нысаны (сипаттамасы), өлшем бірлігі, өлшем бірлігі үшін бағасы, саны, жалпы сомасы, тіркеу куәлігінің нөмірі, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның рұқсаты (қорытындысы), саудалық атауы, өндірушісі, беру графигі, Инкотермс 2020 халықаралық қағидаларына сәйкес беру шарттары көрсетілген баға ұсынысын;
Тармақша 2
2) отандық тауар өндіруші үшін – мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы, шетелдік тауар өндіруші үшін – шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын шетелдік тауар өндірушінің құжаты не егер шетелдік тауар өндірушінің Қазақстан Республикасының аумағында өкілдігі (филиалы) болса, онда өкілдікті (филиалды) мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы және өкілдік (филиал) туралы ережені;
Тармақша 3
3) дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндіру және (немесе) өткізу құқығын растайтын құжаттар: рұқсат (лицензия), GMP немесе GDP сертификатын (бар болса);
Тармақша 4
4) шетелдік және (немесе) отандық тауар өндіруші өкілінің сатып алуға қатысуға және өнім беру шартын (келісімін) жасасуға өкілеттіктері туралы құжатты ұсынады. Бұл ретте шетелдік тауар өндірушілер осы тармақтың 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың заңдастырылған немесе мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасын апостиль қойылған көшірмелер түрінде ұсынады. Егер ағымдағы жылы шетелдік және (немесе) отандық тауар өндірушімен шарт қолданылған жағдайда, осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.
Тармақ 217
217. Қажет болған жағдайда шетелдік немесе отандық тауар өндірушіге ұсынылған құжаттарды толықтыру мүмкіндігі беріледі. Қосымша құжаттар қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабардар етілген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Тармақ 218
218. Шетелдік заңды тұлғаның филиалынан не Қазақстан Республикасында шетелдік тауар өндірушінің заңды тұлғасы ретінде тіркелген еншілес компаниядан немесе фармацевтикалық компанияның тобына кіретін және Қазақстан Республикасының аумағына дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды экспорттауға уәкілеттік берілген заңды тұлғадан сатып алуды жүзеге асырған кезде бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың шетелдік тауар өндірушісінің шетелдік заңды тұлғаның филиалын не еншілес компания құрғанын растайтын құжаттарды қосымша сұратады.
Тармақ 219
219. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру шарты (келісімі) шетелдік валютада жасалған жағдайда жеткізу шартының осы валютамен бағасы жоспарланатын қаржы жылына соңғы келіссөздер күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша бекітіледі. Бұл ретте шарттың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша есептелген ұлттық валютадағы бағасы тиісті лот бойынша сатып алуға бөлінген сомадан және халықаралық патенттелмеген атау және саудалық атау бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті бағадан аспайды.
Тармақ 220
220. Тапсырыс берушінің қосымша өтінімдері бойынша бір көзден алу тәсілімен сатып алу шетелдік тауар өндірушіден өнім беру шартында көрсетілген валютада тіркелген баға бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте тапсырыс берушілер үшін прайс-парақтағы баға валюта бағамына және тиісті қаржы жылына арналған сатып алу шарты бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін шетелдік тауар өндіруші ұсынатын жеңілдікке қарамастан, тиісті қаржы жылына арналған сатып алу шарты бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін өзгеріссіз қалады.
Тармақ 221
221. Шетелдік немесе отандық тауар өндірушімен жасалған дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру шарты (келісімі) мынадай:
Тармақша 1
1) тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер орындалғаннан кейін (Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтары жоқ дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар сатып алынған жағдайда) дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның халықаралық патенттелмеген атауы (құрамы) және сипаттамасы бойынша аналогтары Қазақстан Республикасында тіркелген;
Тармақша 2
2) тараптардың бірі міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған;
Тармақша 3
3) дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар бірыңғай дистрибьютордың тізбесінен алып тасталған жағдайларда бұзылуға тиіс.
Тармақ 222
222. Комиссия Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтары жоқ дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру шарты (келісімі) жасалған не сатып алу өткізілмеді деп танылған кезден бастап өз қызметін тоқтатады.
Тармақ 223
223. Шетелдік немесе отандық тауар өндірушіден дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу мынадай:
Тармақша 1
1) шетелдік және (немесе) отандық тауар өндірушілер құжаттарды ұсынбаған;
Тармақша 2
2) комиссия ұсынылған құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейді деп таныған;
Тармақша 3
3) комиссия осы Қағидалардың 239-тармағында көзделген жағдайда өндірушінің сатып алуға одан әрі қатысуынан бас тартқан;
Тармақша 4
4) шетелдік және (немесе) отандық тауар өндіруші сатып алуға қатысудан жазбаша бас тартқан жағдайларда өтпеді деп танылады.
Тармақ 224
224. Шетелдік немесе отандық тауар өндірушіден дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда бірыңғай дистрибьютор сатып алуды осы Қағидалардың 7 және (немесе) 8-тарауларына сәйкес өткізеді.
Тармақ 3. 3-параграф. Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдар арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алу тәртібі
3-параграф. Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдар арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алу тәртібі
Тармақ 225
225. Бірыңғай дистрибьютор Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдар арқылы сатып алуды осы Қағидалардың 206-тармағының 2) тармақшасында айқындалған жағдайда жүзеге асырады.
Тармақ 226
226. Бірыңғай дистрибьютор арнайы білім және (немесе) техникалық таным талап етілетін мәселелер бойынша қажет болған кезде бейінді мамандықтардың сарапшысын (сарапшыларын) тартады.
Тармақ 227
227. Сараптамалық қорытынды ұсынымдық сипатта болады және оны бірыңғай дистрибьютор шешім қабылдау кезінде ескереді. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшы қол қояды және бірыңғай дистрибьюторға жіберіледі.
Тармақ 228
228. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тапсырмасы бойынша бірыңғай дистрибьютордың тізбесіне кірмейтін дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды:
Тармақша 1
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қауіп туындаған жағдайларда;
Тармақша 2
2) орфандық ауруларды емдеу үшін сатып алуға жол беріледі. Бұл ретте бірыңғай дистрибьютордың тізбесіне кірмейтін, осы тармақта көзделген жағдайларда сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың тізімін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жібереді және дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың сипаттамаларын, сондай-ақ дәрілік заттар үшін – халықаралық патенттелмеген атауын немесе құрамын, медициналық бұйым үшін – атауын немесе құрамын көрсетуді қамтиды.
Тармақ 229
229. Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйым арқылы сатып алуды жүзеге асыру кезінде ол дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның бағасын, сондай-ақ беруге байланысты барлық шығыстарды өтеу үшін қажетті, бірақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті бағадан аспайтын қосымша алымдарға арналған шығындарды көрсете отырып, баға ұсынысын береді.
Тармақ 230
230. Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйым арқылы сатып алынған дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беруді жүзеге асыру кезінде осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген талаптар қойылмайды.
Тармақ 231
231. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйым арқылы сатып алу кезінде өнім беру туралы шартта (келісімде) көрсетілген сома мөлшерінде алдын ала төлеуге жол беріледі. Бұл ретте тапсырыс берушілер үшін прайс-парақтағы баға валюта бағамы мен тиісті қаржы жылына арналған сатып алу шарты бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйым ұсынатын жеңілдікке қарамастан өзгеріссіз қалады.
Тармақ 232
232. Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйым арқылы беру кезінде берумен байланысты ілеспе қызметтер көрсету үшін үшінші тұлғаларды тартуға жол беріледі.
Тарау 18. 18-тарау. Веб-портал арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алу
18-тарау. Веб-портал арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алу
Тармақ 1. 1-параграф. Веб-портал арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру негіздемесі
1-параграф. Веб-портал арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру негіздемесі
Тармақ 233
233. Дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды бір көзден алу тәсілімен сатып алу өнім берушіден қолданыстағы өнім беру шарты немесе өнім берудің ұзақ мерзімді шарты шеңберінде тиісті қаржы жылына жасалған қосымша келісім бойынша:
Тармақша 1
1) ағымдағы қаржы жылы ішінде қажеттілік ұлғайған кезде;
Тармақша 2
2) төмендемейтін қорды қалыптастыру немесе толықтыру үшін;
Тармақша 3
3) инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу үшін;
Тармақша 4
4) төтенше жағдайларды болғызбау және олардың салдарын жою үшін жүзеге асырылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
2-параграф. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 234
234. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуда мынадай іс-шаралар көзделеді:
Тармақша 1
1) бірыңғай дистрибьютордың қолданыстағы өнім беру шарты немесе тиісті негіздемесі бар өнім берудің ұзақ мерзімді шарты шеңберінде тиісті қаржы жылына жасалған қосымша келісім бойынша өнім берушіден бір көзден алу тәсілімен сатып алуды өткізу туралы шешім қабылдауы;
Тармақша 2
2) өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен сатып алу туралы хабарлама жіберу;
Тармақша 3
3) өнім берушінің өнім беру мөлшері мен мерзімдерін көрсете отырып, бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысуы туралы растауын не ресми бас тартуды алу;
Тармақша 4
4) бір көзден алу тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталда орналастыру;
Тармақша 5
5) өнім беру шартына немесе өнім берудің ұзақ мерзімді шартына қосымша келісімге электрондық цифрлық қолтаңбалардың көмегімен веб-порталда қол қою. Веб-портал арқылы жасалған қолданыстағы өнім беру шарты болған жағдайда, осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралар веб-портал арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 235
235. Бір көзден алу тәсілімен сатып алу рәсімін тараптар өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен сатып алу туралы хабарлама және өнім беру шартына немесе өнім берудің ұзақ мерзімді шарты шеңберінде тиісті қаржы жылына жасалған қосымша келісімге қосымша келісімнің жобасы жіберілген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде аяқтайды.
Тармақ 236
236. Тараптар белгіленген мерзімдерде өнім беру шартына немесе қосымша келісімге қосымша келісімге қол қоймаған жағдайда сатып алу өткізілмеді деп танылады.
Тарау 19. 19-тарау. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу, сондай-ақ төтенше жағдайларды болғызбау және олардың салдарын жою үшін сатып алу
19-тарау. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу, сондай-ақ төтенше жағдайларды болғызбау және олардың салдарын жою үшін сатып алу
Тармақ 237
237. Жазбаша тапсырманы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бірыңғай дистрибьюторға жібереді, онда:
Тармақша 1
1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі мен саны;
Тармақша 2
2) болжамды баға;
Тармақша 3
3) қаржыландыру көзі айқындалады.
Тармақ 238
238. Сатып алу мынадай тәсілдердің бірімен:
Тармақша 1
1) өнім берушілерден қолданыстағы өнім беру шарттары немесе өнім берудің ұзақ мерзімді шарты шеңберінде тиісті қаржы жылына жасалған қосымша келісімдер бойынша бір көзден алу тәсілімен;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 7, 8-тарауларына сәйкес өтінімдерді толықтыру мүмкіндігінсіз тендер тәсілімен өткізіледі. Бұл ретте тендерлер шексіз мәрте өткізілуі мүмкін;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 17-тарауының 1-параграфына сәйкес шетелдік немесе отандық тауар өндірушілерден өткізіледі.
Тармақ 239
239. Ұсынылатын дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды беру мерзімдері мен саны келіссөздер нысанасы, ал егер ұсынылатын шарттар комиссияны қанағаттандырмаса, өтінімді қабылдамауға негіз болып табылады.
Тармақ 240
240. Беру шарттарында (келісімдерде) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша шарт бағасының жүз пайызына дейінгі мөлшерде алдын ала ақы төлеуге жол беріледі.
Тарау 20. 20-тарау. Дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісін құруға және (немесе) жаңғыртуға ниеті бар әлеуетті өнім берушілер арасында өнім берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасуға веб-портал арқылы конкурс
20-тарау. Дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісін құруға және (немесе) жаңғыртуға ниеті бар әлеуетті өнім берушілер арасында өнім берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасуға веб-портал арқылы конкурс
Тармақ 1. 1-параграф. Дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісін құруға және (немесе) жаңғыртуға ниеті бар әлеуетті өнім берушілер арасында өнім берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу тәртібі
1-параграф. Дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісін құруға және (немесе) жаңғыртуға ниеті бар әлеуетті өнім берушілер арасында өнім берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу тәртібі
Тармақ 241
241. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасуға конкурс өткізу мақсатында бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушілердің дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу жөніндегі өтініштерін ескере отырып, номенклатура жобасын қалыптастырады және оны Кодекстің 264-бабының 2-тармағына сәйкес жұмыс істейтін формулярлық комиссияның қарауына жібереді. Формулярлық комиссия номенклатураның жобасын мақұлдағаннан кейін бірыңғай дистрибьютор оны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісілгеннен кейін номенклатураның жобасын бірыңғай дистрибьютор бекітеді.
Тармақ 242
242. Әлеуетті өнім берушілердің номенклатура жобасын қалыптастыру үшін өтініштерін бірыңғай дистрибьютор жыл сайын 31 желтоқсаннан кешіктірмей қабылдайды және жыл сайын 1 наурызға дейін формулярлық комиссияның қарауына жібереді.
Тармақ 243
243. Номенклатура жобасы Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілген дәрілік заттардың атауларын қамтиды.
Тармақ 244
244. Номенклатураға отандық тауар өндірушілер тіркеген, сондай-ақ өнім берудің ұзақ мерзімді шарты жасалған дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар енгізілмейді.
Тармақ 245
245. Конкурсқа осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатысады.
Тармақ 246
246. Өнім берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасуға конкурс өткізу үшін бірыңғай дистрибьютор комиссия құрады және оның құрамын бекітеді.
Тармақ 247
247. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде тоғыз адамды құрайды әрі төрағадан, төрағаның орынбасарынан және:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның фармацевтикалық өнеркәсіпке жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес біреуден аспайтын жұмыскерін (келісу бойынша);
Тармақша 2
2) инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысынан төмен емес біреуден аспайтын жұмыскерін (келісу бойынша);
Тармақша 3
3) сараптама ұйымының дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың мамандандырылған сараптамасы мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес біреуден аспайтын жұмыскерін (келісу бойынша);
Тармақша 4
4) бірыңғай дистрибьютордың құрылымдық бөлімшелер басшыларынан төмен емес жұмыскерлерін;
Тармақша 5
5) «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер (бұдан әрі – «Атамекен» ҰКП) палатасының біреуден аспайтын жұмыскерін және (немесе) өкілін (келісу бойынша);
Тармақша 6
6) денсаулық сақтау саласындағы үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктердің біреуден аспайтын жұмыскерін қамтитын мүшелерден (келісу бойынша) тұрады.
Тармақ 248
248. Бірыңғай дистрибьютордың басшысы комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
Тармақ 249
249. Комиссия өз қызметін өнім берудің ұзақ мерзімді шарты жасалған немесе өнім берудің ұзақ мерзімді шартын жасасуға конкурс өткізілмеді деп танылған кезден бастап тоқтатады.
Тармақ 250
250. Комиссия хатшысы бірыңғай дистрибьютор жұмыскерлерінің қатарынан тағайындалады, ол комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды, ол:
Тармақша 1
1) веб-порталда конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауды;
Тармақша 2
2) комиссияның дауыс беру қорытындысы бойынша алдын ала рұқсат беру хаттамасының жобасын, сондай-ақ рұқсат беру хаттамасын қалыптастыруды;
Тармақша 3
3) алдын ала рұқсат беру хаттамасын, сондай-ақ рұқсат беру хаттамасын веб-порталда жариялауды;
Тармақша 4
4) комиссия мүшесінің жоқтығын растайтын ұсынылған құжаттың (бар болса) электрондық көшірмесін веб-порталда орналастыруды;
Тармақша 5
5) конкурстың күшін жою немесе жарамсыз деп тану туралы шешім қабылданған жағдайда оның көшірмесін орналастыра отырып, тұтастай конкурстың немесе қандай да бір лоттың күшін веб-порталда жоюды;
Тармақша 6
6) шарт жасасу үшін конкурс қорытындылары туралы хабардар етуді уақтылы қамтамасыз етеді.
Тармақ 251
251. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 252
252. Комиссия арнайы білімді және (немесе) техникалық танымды талап ететін мәселелер бойынша өтінімнің конкурс талаптарына сәйкестігін бағалау үшін тиісті салалардан сарапшыны (сарапшыларды) тартады.
Тармақ 253
253. Сарапшылар конкурстық өтінімдер ашылғанға дейін веб-порталда оның пайдаланушысы ретінде тіркеледі.
Тармақ 254
254. Сараптамалық қорытынды ұсынымдық сипатта болады және өтінімдерді бағалау кезінде ескеріледі. Веб-портал сараптамалық қорытындыға сарапшы қол қойғаннан кейін оны комиссия мүшелеріне автоматты түрде жібереді.
Тармақ 255
255. Мына:
Тармақша 1
1) сатып алу рәсімдерінің нәтижелеріне мүдделі;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың не ведомстволық бағынысты, еншілес және қарамағындағы ұйымдардың бірінші басшыларының жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылатын адам сарапшы бола алмайды.
Тармақ 256
256. Конкурс өткізу туралы хабарландыру бірыңғай дистрибьютор шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде конкурстық өтінімдер ашылатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 20 (жиырма) күн қалғанда веб-порталда мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
Тармақ 257
257. Өнім берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурс өткізу туралы хабарландыруда:
Тармақша 1
1) бірыңғай дистрибьютордың атауы, мекенжайы және банктік деректемелері;
Тармақша 2
2) дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы, олардың техникалық сипаттамалары көрсетілген дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың номенклатурасы (лоттың нөмірі көрсетілген);
Тармақша 3
3) өтінімдерді қабылдау аяқталатын күні мен уақыты қамтылады.
Тармақ 258
258. Өнім берудің ұзақ мерзімді шартын жасасуға конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші веб-порталда тіркеледі және өтінімге қажетті құжаттарды қоса тіркеу немесе оларды веб-порталда көзделген нысандар бойынша электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен толтыру жолымен өтінім береді.
Тармақ 259
259. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша (электрондық көшірмелерде) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімінде: техникалық-экономикалық негіздеме немесе мынадай бөлімдер: инвестициялық жобаның мақсаты және операторы туралы ақпарат; инвестициялық жобаның құны және қаржыландыру көздері туралы ақпарат; дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың Қазақстан Республикасында және (немесе) басқа елдерде тіркелуі туралы ақпарат, сондай-ақ тіркеу куәлігінің нөмірлері мен күндері көрсетілген өндірілетін дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың тізімі; өндіру жоспарланатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың тізімі; өнімді өткізу бағдарламасын қоса алғанда, коммерциялық бөлім; технологияның сипаттамасын мен сипаттамасы бар технологиялық жабдықтың тізбесін қоса алғанда, техникалық бөлім; экологиялық бөлім; қаржы бөлімі; әлеуметтік-экономикалық бөлім; жобалық тәуекелдер туралы ақпарат; дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісін құру және (немесе) жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мерзімдері және кезеңдері туралы ақпарат; денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісін құру және (немесе) жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырудың тоқсандық графигі; әрбір атау бойынша дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру кезеңінің басталатын күндері туралы ақпарат; инфрақұрылым туралы ақпарат қамтылатын бизнес-жоспар болады.
Тармақ 260
260. Өтінімдер дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды шығару бойынша әртүрлі өндірістік желілерге ұсынылған жағдайда техникалық-экономикалық негіздемедегі және (немесе) бизнес-жоспардағы ақпарат әрбір өндірістік желі бойынша жеке-жеке көрсетіледі.
Тармақ 261
261. Конкурстық өтінім әлеуетті өнім берушіге веб-портал хабарлама жіберген кезде берілді деп есептеледі, әлеуетті өнім берушінің қалауы бойынша ол ашылған кезге дейін өзгертіледі немесе кері қайтарып алынады.
Тармақ 262
262. Веб-портал әлеуетті өнім берушіге:
Тармақша 1
1) өтінімді ашқаннан кейін оны кері қайтарып алуға;
Тармақша 2
2) хабарландыруда көзделген мерзім өткеннен кейін өтінім беруге мүмкіндік бермейді.
Тармақ 263
263. Комиссия мүшелері конкурс жарияланғанға дейін веб-порталда тіркеледі, онда өтінімдерді қарайды, әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтініміне рұқсат беруге немесе қабылдамауға дауыс береді.
Тармақ 264
264. Өтінімдер болмаған кезде веб-портал ашу қорытындыларын және хаттамаларын автоматты түрде және бір мезгілде жариялайды.
Тармақ 265
265. Өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін веб-портал оларды қарау үшін қолжетімді етеді және ашу хаттамасын оның нөмірін, жариялау уақытын және мәртебесін көрсете отырып, автоматты түрде жариялайды, онда:
Тармақша 1
1) конкурстың нөмірі мен атауы;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, БСН және заңды мекенжайы;
Тармақша 3
3) хабарландырудағы лоттардың тізбесі;
Тармақша 4
4) әлеуетті өнім берушілердің атаулары БСН (ЖСН), өтінімдер берген уақыты мен күні;
Тармақша 5
5) өтінімдер берілмеген лоттар;
Тармақша 6
6) лоттар және өтінімдер берген әлеуетті өнім берушілердің атаулары қамтылады.
Тармақ 266
266. Комиссия хатшысы ашу хаттамасы жарияланған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде салалық қорытынды алу үшін әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға веб-портал арқылы жібереді.
Тармақ 267
267. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган өтінімдерді веб-портал арқылы алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға инвестициялық жобаны комиссияның қарауы үшін веб-порталда көзделген нысан бойынша инвестициялық жобаның орындылығы немесе орынсыздығы туралы салалық қорытындыны жібереді.
Тармақ 268
268. Веб-портал салалық қорытындыға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қол қойғаннан кейін оны комиссия мүшелеріне автоматты түрде жібереді.
Тармақ 269
269. Салалық қорытынды техникалық-экономикалық негіздеме және (немесе) бизнес-жоспар негізінде мынадай өлшемшарттар бойынша беріледі: жобаның пысықталу дәрежесі, қаржыландыру көздері, тиісті нысаналы мақсаты бар жер учаскесімен қамтамасыз етілуі.
Тармақ 270
270. Әлеуетті өнім берушілердің веб-порталдағы конкурстық өтінімдері ашық болып табылады және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның салалық қорытындысы алынғаннан кейін келесі күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде комиссияның қарауына жатады.
Тармақ 271
271. Комиссия ұсынылған құжаттардың (бағалау өлшемшарттарын (балдық жүйе) растау үшін ұсынылған құжаттарды қоспағанда) осы Қағидалардың талаптарына сәйкессіздігін анықтаған жағдайда мұндай әлеуетті өнім берушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасы веб-порталда жарияланған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінімдерді сәйкес келтіру құқығын береді. Бағалау өлшемшарттарын (балдық жүйе) растау үшін ұсынылған құжаттарды комиссия өтінімге толықтыру ретінде қарамайды.
Тармақ 272
272. Өтінімге толықтыруларды ашу конкурстық өтінімдерге толықтыруларды ұсыну мерзімі өткеннен кейінгі бірыңғай дистрибьютордың жұмыс күні сағат 10.00-де жүргізіледі.
Тармақ 273
273. Конкурстық өтінімдерге толықтыруларды конкурстық комиссия оларды ашқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды, оның қорытындысы бойынша рұқсат беру хаттамасына қол қойылады және жарияланады.
Тармақ 274
274. Осы тараудың талаптарына сәйкес кері қайтарылмаған екі және одан көп өтінім ұсынылған (лотта бәсекелес ортаның болуы) дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың атаулары бойынша жеңімпазды комиссия балдық жүйемен айқындайды.
Тармақ 275
275. Дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісін құруға ниеті бар әлеуетті өнім берушілердің өтініміне мынадай бағалау өлшемшарттары (балдық жүйе) қолданылады:
Тармақша 1
1) инвестициялық жобаның іске асырылуын толық жабатын қаржы қаражатының бар-жоғын растау (әрбір техникалық-экономикалық негіздеме немесе бизнес-жоспар үшін қолданылады): инвестициялық жобаның іске асырылуын толық жабатын өзінің қаржы қаражаты (әлеуетті өнім берушінің шотында тиісті қаржы қаражатының бар-жоғы туралы банктің анықтамасы, актілермен және (немесе) қаржылық құжаттармен расталған мүлікті сатып алу-сату шарттары) – 2 балл; немесе инвестициялық жобаның іске асырылуын толық жабатын тартылатын қаржы қаражатын (қарыз берушінің осындай қаражатының бар екенін растайтын құжаттармен қоса, қаржы қаражатын қарызға алу шарты, кредиттік лимит беру туралы шарт) – 1 балл;
Тармақша 2
2) дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісін құру үшін пайдаланылатын жер учаскесінің бар-жоғын растау (әрбір техникалық-экономикалық негіздеме немесе бизнес-жоспар үшін қолданылады) – 1 балл: меншігінде (инвестициялық жобаға сәйкес келетін нысаналы мақсаты көрсетілген жер учаскесіне акт, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және конкурс жарияланған күннен кейін берілген оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама) немесе жалдауда, сенімгерлік басқаруда, уақытша жер пайдалануда (инвестициялық жобаға сәйкес келетін нысаналы мақсаты көрсетілген жер учаскесіне акт) немесе жергілікті атқарушы органның жер учаскесін бөлу туралы оң шешімі;
Тармақша 3
3) құрылысқа жобалау-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптама қорытындысының болуы (әрбір техникалық-экономикалық негіздеме немесе бизнес-жоспар үшін қолданылады) – 1 балл;
Тармақша 4
4) техникалық-экономикалық негіздемеге және немесе бизнес-жоспарға сәйкес дәрілік заттар және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісіне арналған технологиялық жабдықтың бар-жоғын растау (технологиялық жабдықтың меншік құқығында (өзге заттық құқықта) болуын растайтын құжат) – 2 балл;
Тармақша 5
5) мәлімделген өнімге ғылыми-технологиялық бастаманы растау (өтінімдегі әрбір лот үшін қолданылады): дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар үшін технологиялар трансфері (қаржылық және коммерциялық бөлікті қоспағанда, технологиялар трансфері туралы шарт) – 2 балл; немесе дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың меншікті әзірлемелері (дәрілік заттар үшін меншікті фармацевтикалық әзірлемелерді растайтын құжат және медициналық бұйымдар үшін патент) – 3 балл;
Тармақша 6
6) ғылыми-зерттеу институттарымен (Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары), зертханалармен, «Ғылым қоры» акционерлік қоғамымен бірлескен әзірлемелерді және (немесе) әлеуетті өнім беруші үшін кадрлар даярлауға арналған келісімнің және (немесе) меморандумның болуы (өтінім үшін қолданылады) – 1 балл.
Тармақ 276
276. Дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісін жаңғыртуға ниеті бар әлеуетті өнім берушілердің өтініміне мынадай бағалау өлшемшарттары (балдық жүйе) қолданылады:
Тармақша 1
1) инвестициялық жобаның іске асырылуын толық жабатын қаржы қаражатының бар-жоғын растау (әрбір техникалық-экономикалық негіздеме немесе бизнес-жоспар үшін қолданылады): инвестициялық жобаның іске асырылуын толық жабатын өзінің қаржы қаражаты (әлеуетті өнім берушінің шотында тиісті қаржы қаражатының бар-жоғы туралы банктің анықтамасы, актілермен және/немесе қаржы құжаттарымен расталған мүлікті сатып алу-сату шарты) – 2 балл; немесе инвестициялық жобаның іске асырылуын толық жабатын тартылатын қаржы қаражаты (қарыз берушінің осындай қаражатының бар екенін растайтын құжаттармен қоса, қаржы қаражатын қарызға алу шарты, кредиттік лимит беру туралы шарт) – 1 балл;
Тармақша 2
2) әлеуетті өнім берушінің немесе оның құрылтайшысының (қатысушысының) Қазақстан Республикасының аумағындағы бес жылдан астам фармацевтикалық өндіріс тәжірибесі (дәрілік заттар немесе медициналық бұйымдар өндірісіне рұқсат беретін лицензия немесе құжат) (өтінім үшін қолданылады) – 1 балл;
Тармақша 3
3) белгіленген тәртіппен берілген қолданыстағы индустриялық сертификаттың болуы (өтінім үшін қолданылады) – 0,5 балл;
Тармақша 4
4) GMP (дәрілік заттар үшін), ISO 13485 (1-2а класты, стерильденбеген медициналық бұйымдар үшін) сертификатының болуы (өтінім үшін қолданылады) – 0,5 балл;
Тармақша 5
5) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген тіркеу куәлігінің болуы (өтінім үшін қолданылады) – 1 балл;
Тармақша 6
6) дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың экспортына орындалған келісімшарттардың болуы (өтінім үшін қолданылады) – 1 балл;
Тармақша 7
7) мәлімделген өнімге ғылыми-технологиялық бастаманы растау (өтінімдегі әрбір лот үшін қолданылады): дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар үшін технологиялар трансфері (қаржылық және коммерциялық бөлікті қоспағанда, технологиялар трансфері туралы шарт) – 2 балл; немесе дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың меншікті әзірлемелері (дәрілік заттарға меншікті әзірлемелерді растайтын құжат және медициналық бұйымдарға патент) – 3 балл;
Тармақша 8
8) ғылыми-зерттеу институттарымен (Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары), зертханалармен, «Ғылым қоры» акционерлік қоғамымен бірлескен әзірлемелерге және (немесе) әлеуетті өнім беруші үшін кадрлар даярлауға арналған келісімнің және (немесе) меморандумның болуы (өтінім үшін қолданылады) – 1 балл.
Тармақ 277
277. Балл алу үшін барлық құжаттар (электрондық, сканерленген көшірмелер) веб-порталда конкурстық өтінімнің тиісті бөлімінде тіркеледі.
Тармақ 278
278. Қағидалардың осы тарауының талаптарына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 276 және 277-тармақтарында көзделген әрбір бағалау өлшемшарты бойынша балдарды қосу жолымен өтінімде көрсетілген лоттар бойынша ең көп балл жинаған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
Тармақ 279
279. Бір лот бойынша бірнеше әлеуетті өнім берушінің балдары тең болған кезде жеңімпаз аукцион қорытындылары бойынша айқындалады.
Тармақ 280
280. Аукционға өтінімдерге толықтыруларды қарау қорытындылары бойынша рұқсат беру хаттамасында оған жіберілген әлеуетті өнім берушілер қатысады.
Тармақ 281
281. Аукцион рұқсат беру хаттамасы жарияланғаннан кейін бір жұмыс күнінен кейінгі бірыңғай оператордың жұмыс күні сағат 10.00-де басталады және веб-порталда нақты уақыт режимінде қашықтан өткізіледі.
Тармақ 282
282. Веб-портал аукционға қатысушыларға, конкурстың комиссия мүшелері мен хатшысына аукционның басталғаны туралы хабарламаны автоматты түрде жібереді және веб-порталда әрбір лот бойынша аукцион уақытының басталғаны туралы ақпаратты «Аукцион» бөлімінде көрсетеді.
Тармақ 283
283. Аукцион әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті тұлғаларының электрондық цифрлық қолтаңбаларының көмегімен аукционға қатысушылардың лот бойынша шартты баға жеңілдігін дәйекті ұсынуы арқылы өткізіледі. Бәсекелестің лот бойынша аукцион уақыты басталған немесе бәсекелес баға ұсынысын берген сәттен бастап отыз минут ішінде бір рет шартты баға жеңілдігін ұсыну мүмкіндігі аукцион қадамы болып табылады.
Тармақ 284
284. Аукцион қадамының уақытын кері есептеу бір лот бойынша аукционға жіберілген бәсекелестердің біреуі баға жеңілдігін берген сәттен басталады. Веб-портал отыз минуттық уақытты кері есептеуді аукцион қадамы аяқталғанға дейін қалған минуттар мен секундтар арқылы көрсетеді.
Тармақ 285
285. Аукцион лот бойынша баға жеңілдігінің ағымдағы ұсынысынан баға жеңілдігін арттыру жолымен өткізіледі. Аукционның ең төмен қадамы үш пайызды құрайды. Аукционда лот бойынша қадамдар саны шектелмейді. Лот бойынша бәсекелестердің бірі баға жеңілдігін берместен бұрын аукционға қатысушы кезекті баға жеңілдігін бере алмайды.
Тармақ 286
286. Аукционды өткізу басталғаннан кейін әрбір әлеуетті өнім беруші үшін бөлінген отыз минут ішінде әлеуетті өнім беруші қандай да бір лот бойынша бастапқы баға жеңілдігін ұсынбаған жағдайда әлеуетті өнім беруші осы лот бойынша түпкілікті баға жеңілдігін ұсыну мүмкіндігінен айырылады және тиісті лот бойынша аукционға қатысудан шеттетіледі. Веб-портал аукцион қорытындысы бойынша ең жоғары баға жеңілдігін ұсынған аукцион жеңімпазын автоматты түрде айқындайды. Аукцион жеңімпазы конкурс жеңімпазы болып табылады.
Тармақ 287
287. Комиссия:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін өтінім ұсынылған;
Тармақша 2
2) инвестициялық жобаны іске асырудың осы Қағидаларда белгіленген мерзімі асып кеткен;
Тармақша 3
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның инвестициялық жобаны іске асырудың орынсыздығы туралы салалық қорытындысы алынған жағдайларда өтінімді тұтастай немесе жекелеген лоттар бөлігінде кері қайтарады.
Тармақ 288
288. Өнім берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға арналған конкурс тұтас немесе жекелеген лоттар бөлігінде:
Тармақша 1
1) лот бойынша бірде-бір өтінім ұсынылмаған;
Тармақша 2
2) лот бойынша барлық өтінімдер қабылданбаған;
Тармақша 3
3) осы тараудың талаптарына сәйкес келген жағдайда онымен өнім берудің ұзақ мерзімді шарты конкурс өткізбей жасалатын әлеуетті өнім беруші бір ғана өтінім ұсынған жағдайларда өткізілмеді деп танылады.
Тармақ 289
289. Алдын ала рұқсат беру немесе рұқсат беру хаттамаларын веб-портал комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері негізінде қалыптастырады, олар хаттамаларда әрбір әлеуетті өнім беруші, лот және өтінімге осы Қағидаларда қойылатын талап бөлінісінде көрсетіледі. Ашу және қорытынды хаттамасын веб-портал автоматты түрде жариялайды, комиссия мүшелері мен хатшысы қол қоймайды.
Тармақ 290
290. Қорытындылар хаттамасын қоспағанда, хаттамалар веб-порталда бірыңғай дистрибьютордың жұмыс уақытында ғана жариялануға тиіс.
Тармақ 291
291. Конкурс қорытындылары бойынша веб-портал автоматты түрде қорытындылар хаттамасын қалыптастырады және оның нөмірін, жариялану уақыты мен мәртебесін көрсетіп жариялайды, онда мынадай ақпарат қамтылады:
Тармақша 1
1) конкурстың нөмірі мен атауы;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, БСН және заңды мекенжайы;
Тармақша 3
3) хабарландыруға сәйкес лоттардың тізбесі;
Тармақша 4
4) бірде-бір өтінім берілмеген лоттардың тізбесі;
Тармақша 5
5) өтінім берілген дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар (лоттар көрсетіліп), әрбір лот бойынша жиналған балдардың саны, бірыңғай дистрибьютор ұзақ мерзімді шарт жасасатын әрбір лот бойынша жеңімпаздар көрсетілген әлеуетті өнім берушілер туралы;
Тармақша 6
6) негіздемесі көрсетіліп, өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы;
Тармақша 7
7) өтінімі осы тараудың талаптарына сәйкес келген жағдайда өнім берудің ұзақ мерзімді шарты конкурс өткізбей жасалатын әлеуетті өнім берушінің бір ғана өтінім ұсынғаны туралы;
Тармақша 8
8) лоттар, аукционға қатысушылардың атаулары, беру уақыты және аукцион қадамдарының мөлшері көрсетілген аукцион нәтижелері туралы;
Тармақша 9
9) бәсекелес лоттар және баға ұсыныстары көрсетіліп, аукцион жеңімпаздарының атаулары;
Тармақша 10
10) бәсекелес лоттар және баға ұсыныстарының деректері көрсетіліп, аукционда екінші орын алған әлеуетті өнім берушілердің атаулары.
Тармақ 292
292. Веб-порталды пайдалануға мүмкіндік бермейтін немесе хаттамаларды қатемен қалыптастыратын техникалық ақаулар туындаған кезде бірыңғай оператор мұны тіркейді және бұл туралы веб-порталдың тиісті бөлімінде дереу хабарландыру жариялайды, конкурсқа қатысушылардың бәріне автоматты түрде тиісті хабарламалар жібереді.
Тармақ 293
293. Бұл ретте конкурс мерзімдері техникалық ақауларды жою үшін талап етілген уақытқа шамалас жылжиды.
Тармақ 294
294. Жарияланған қате хаттамаларды бірыңғай оператор веб-порталдан алып тастамай, оған «жарамсыз» деген мәртебе береді. Жаңадан қалыптастырылған қатесіз хаттаманы бірыңғай оператор веб-порталда «жарамды» деген мәртебемен жариялайды.
Тармақ 295
295. Хаттама ауыстырылған жағдайда конкурсқа қатысушыларға веб-портал автоматты түрде тиісті хабарлама жібереді.
Тармақ 296
296. Конкурс қорытындылары бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өнім беру шарттары веб-порталда жеті жұмыс күні ішінде жасалуға тиіс. Бұл ретте өтінім өнім берудің ұзақ мерзімді шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Тармақ 297
297. Өнім берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру басталғанға дейін бірыңғай дистрибьютор оларды осы Қағидаларда белгіленген тәсілдермен сатып алады.
Тармақ 298
298. Ұзақ мерзімді шарт жасалған кезден бастап өнім берудің ұзақ мерзімді шартында көзделген объектіні пайдалануға беру және (немесе) оны жаңғырту күніне дейінгі кезеңі екі жылдан аспайды. Көрсетілген мерзімнен асып кеткен және өнім беруші объектіні пайдалануға беру актісін және (немесе) жаңғырту туралы егжей-тегжейлі есебі бар хабарламаны көрсетілген кезең аяқталған кезден бастап он жұмыс күні ішінде ұсынбаған жағдайларда бірыңғай дистрибьютор өнім берудің ұзақ мерзімді шартын біржақты тәртіппен бұзады. Құрылысты немесе объектіні жаңғыртуды аяқтау құрамында: денсаулық сақтау, инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар; сараптама ұйымы; бірыңғай дистрибьютор; «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша); денсаулық сақтау саласындағы үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктер және (немесе) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жанындағы арнайы мониторингтік топтардың мүшелері (келісу бойынша) бар комиссиялық тексеру актісімен расталады.
Тармақ 299
299. Объект пайдалануға берілген және (немесе) жаңғыртылған кезден бастап дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру басталған күнге дейінгі, өнім берудің ұзақ мерзімді шартында көзделген және объектіні пайдалануға беру актісі және (немесе) жаңғырту туралы егжей-тегжейлі есеппен бірге хабарлама ұсынылған кезден бастап есептелетін кезең үш жылдан аспайды. Өнім беруші бірыңғай дистрибьюторды дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беруге дайын екендігі туралы хабардар етеді. Бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға бірыңғай дистрибьютордың тізбесіне енгізу үшін дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың атауы мен сипаттамасын көрсете отырып, өнім берушінің дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беруге дайын екендігі туралы ақпарат жібереді. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бірыңғай дистрибьюторға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру бойынша өнім берушімен қосымша келісім жасасу үшін бірыңғай дистрибьютордың бекітілген тізбесіне өзгерістер жібереді.
Тармақ 300
300. Өнім беру басталатын күн бірыңғай дистрибьюторға веб-портал арқылы мынадай құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады:
Тармақша 1
1) фармацевтикалық қызметке лицензия;
Тармақша 2
2) дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға тиісті тіркеу куәліктері;
Тармақша 3
3) ішкі айналысқа арналған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың шығу тегі туралы «СТ-KZ» сертификаты;
Тармақша 4
4) дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісі үшін ISO 13485 сапаны басқару жүйесі стандартының талаптарына сәйкес тиісті өндірістік практика (GМP) стандарттарының енгізілуін растайтын құжат.
Тармақ 301
301. Бірыңғай дистрибьютор сатып алу рәсімдері басталған сәттен бастап аталған құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда өнім берушіге ескертулерді жоюға 5 жұмыс күні беріледі. Егер өнім беруші ескертулерді мерзімінде жоймаса, онда ескертулер жойылмаған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың атаулары осы Қағидаларда айқындалған тәсілдермен сатып алынады.
Тармақ 302
302. Бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартына тіркеу куәлігіне сәйкес дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың техникалық сипаттамасы бөлігінде өзгерістер енгізуіне жол беріледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алуды веб-портал арқылы тиісті қаржы жылына арналған өнім берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша жүзеге асыру тәртібі
2-параграф. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алуды веб-портал арқылы тиісті қаржы жылына арналған өнім берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 303
303. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өнім берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алу өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға жүгінген кезден бастап тиісті қаржы жылына жүзеге асырылады. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу рәсімі тиісті қаржы жылына өзге тәсілмен жүзеге асырылып жатқан жағдайда өнім берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алу келесі қаржы жылына жүзеге асырылады.
Тармақ 304
304. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өнім берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алу оның қолданылу мерзімі ішінде тиісті қаржы жылына веб-порталда дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың көлемі, бағасы, оларды беру міндеттемелерін орындаудың қамтамасыз етілуі және шарттары көрсетіліп, қосымша келісім жасасу арқылы тиісті қаржы жылына :
Тармақша 1
1) дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар бірыңғай дистрибьютордың тізбесіне енгізілген;
Тармақша 2
2) тапсырыс берушілер дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға өтінімдер ұсынған;
Тармақша 3
3) өнім беруші осы Қағидалардың 3 және 4-тарауларының талаптарына сәйкестігін растаған;
Тармақша 4
4) ішкі айналысқа арналған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың шығу тегі туралы «СТ-KZ» сертификатын, сондай-ақ тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкес дәрілік заттар өндірісіне және (немесе) ISO 13485 сапаны басқару жүйесі стандартының талаптарына сәйкес медициналық бұйымдар өндірісіне сертификат ұсынылған;
Тармақша 5
5) беру графигін ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 305
305. Бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өнім берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алуды жүзеге асыру кезінде бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органнан алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде және тиісті қаржы жылына сатып алуды өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары жасалған отандық тауар өндірушілерге, веб-порталда осы Қағидалардың 304-тармағының 3) және 4) тармақшаларының талаптарында белгіленген растаушы құжаттармен қоса тиісті қаржы жылына өнім берудің әзірлігін растау туралы хабарландыру-сұрату жібереді. Тиісті қаржы жылына сатып алу өткізілетіні туралы хабарландыру веб-порталда отандық тауар өндірушінің құжаттары қаралатын күнге дейін кемінде 10 (он) жұмыс күні қалғанда мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады. Отандық тауар өндірушілердің құжаттарды ұсыну мерзімі сатып алудың өткізілетіні туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап он жұмыс күнінен аспайды.
Тармақ 306
306. Веб-порталда тиісті қаржы жылына сатып алу мынадай жүйелі кезеңдердің жиынтығын білдіреді:
Тармақша 1
1) комиссия хатшысының бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың тізбесімен қоса сатып алу туралы хабарландыруды орналастыруы;
Тармақша 2
2) отандық тауар өндірушінің осы Қағидалардың 304-тармағының 3) және 4) тармақшаларының талаптарында белгіленген растаушы құжаттарды ұсынуы;
Тармақша 3
3) веб-порталдың ұсынылған құжаттарды автоматты түрде ашуы;
Тармақша 4
4) комиссияның отандық тауар өндірушінің құжаттарын қарауы және олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан дауыс беруі;
Тармақша 5
5) қорытындылар хаттамасын жариялау;
Тармақша 6
6) комиссияның тиісті қаржы жылына өнім берудің түпкілікті бағасын айқындау жөнінде келіссөздер жүргізуі;
Тармақша 7
7) бірыңғай дистрибьютордың және отандық тауар өндірушінің электрондық цифрлық қолтаңбалардың көмегімен веб-порталда тиісті қаржы жылына қосымша келісім жасасуы.
Тармақ 307
307. Сатып алу үшін бірыңғай дистрибьютор комиссия құрамын бекітеді және комиссия хатшысын айқындайды. Бірыңғай дистрибьютордың шешімімен комиссия құрамына басшыны немесе оның міндетін атқарушы адамды қоса алғанда, саны тақ кемінде үш адамнан тұратын оның жұмыскерлері енгізіледі. Комиссия өз қызметін тиісті қаржы жылына қосымша келісім жасалған не сатып алу өткізілмеді деп танылған кезден бастап тоқтатады.
Тармақ 308
308. Комиссия хатшысы бірыңғай дистрибьютор жұмыскерлерінің қатарынан тағайындалады, ол комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды, ол:
Тармақша 1
1) веб-порталда сатып алудың өткізілетіні туралы хабарландыру жариялауды;
Тармақша 2
2) комиссияның дауыс беру қорытындысы бойынша қорытынды хаттамасының жобасын қалыптастыруды;
Тармақша 3
3) қорытынды хаттамасын веб-порталда жариялауды;
Тармақша 4
4) комиссия мүшесінің жоқ екенін растайтын ұсынылған құжаттың (бар болса) электрондық көшірмесін веб-порталда орналастыруды;
Тармақша 5
5) сатып алудың күшін жою немесе жарамсыз деп тану туралы шешім қабылданған жағдайда оның көшірмесін орналастыра отырып, тұтастай сатып алудың немесе қандай да бір лоттың күшін веб-порталда жоюды;
Тармақша 6
6) қосымша келісім жасасу үшін конкурс қорытындылары туралы хабардар етуді уақтылы қамтамасыз етеді.
Тармақ 309
309. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 310
310. Отандық тауар өндіруші веб-портал арқылы осы Қағидалардың 304-тармағының 3) және 4) тармақшаларының талаптарында белгіленген растаушы құжаттарды (электрондық көшірмелерде) қоса тіркеу немесе оларды электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен веб-порталда көзделген нысандар бойынша толтыру арқылы тиісті қаржы жылына беруге әзірлігін растауды жібереді.
Тармақ 311
311. Отандық тауар өндіруші сатып алуға қатысу үшін веб-порталда оның пайдаланушысы ретінде тіркеледі және біліктілік талаптары мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін растау мақсаттары үшін өз парақшасында веб-порталда көзделген нысан бойынша қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы туралы ақпаратты орналастырады және қажетіне қарай жаңартып тұрады. Веб-портал әлеуетті өнім берушінің осы тармақта көзделген құжаттарды орналастырған уақыты мен күнін хронологиялық тәртіппен көрсетеді және оларды, оның ішінде жаңартылғаннан кейін алып тастауға мүмкіндік бермейді.
Тармақ 312
312. Веб-портал әлеуетті өнім берушіге автоматты түрде:
Тармақша 1
1) өтінім ашылғаннан кейін оны қайтарып алуға;
Тармақша 2
2) хабарландыруда көзделген мерзім өткеннен кейін өтінім беруге мүмкіндік бермейді.
Тармақ 313
313. Өтінім отандық тауар өндірушіге веб-портал хабарлама жіберген кезде берілді деп есептеледі және оны отандық тауар өндіруші ол ашылған сәтке дейін өзгертеді немесе кері қайтарып алады.
Тармақ 314
314. Комиссия мүшелері отандық тауар өндіруші құжаттарының біліктілік талаптары мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі туралы шешімдер қабылдаған кезде әлеуетті өнім берушінің веб-порталдағы парақшасында, өтініміндегі құжаттарды, сондай-ақ басқа да ашық ақпарат көздеріндегі: «электрондық үкімет», www.elicense.kz, «Жоғарғы Сот» www.office.sud.kz ақпараттық жүйелеріндегі және өзге де қолжетімді дереккөздердегі ақпаратты қарайды.
Тармақ 315
315. Отандық тауар өндірушінің веб-порталдағы құжаттары ашық болып табылады және он жұмыс күні ішінде комиссияның қарауына жатады.
Тармақ 316
316. Құжаттарды қарау мерзімі өткен уақытта комиссия хатшысының бастамасымен веб-портал комиссия мүшелерінің дауыс беруі негізінде қорытындылар хаттамасының жобасын автоматты түрде қалыптастырады, онымен танысқаннан кейін комиссия оған қол қояды не дауыс бергендерді қоспағанда, барлық комиссия мүшелері қорытындылар хаттамасына қол қоймайынша, қабылданған шешімдерді түзету үшін (қажет болған кезде) комиссия хатшысы дауыс беруді қайта бастайды.
Тармақ 317
317. Комиссия мүшелері қорытындылар хаттамасының жобасымен танысып, отандық тауар өндірушінің құжаттарына өздерінің ескертулерін ол жарияланғанға дейін қайта қарайды. Мұндай жағдайда конкурстық комиссияның хатшысы дауыс беруді қайта бастайды.
Тармақ 318
318. Дауыс бермеген комиссия мүшесі дәлелді себебі туралы комиссия хатшысына алдын ала (мүмкін болса) хабарлайды және оған растаушы құжаттың көшірмесін ұсынады. Комиссия мүшесінің шешім қабылдау мерзімі өткенге дейін дауыс бермеуінің себебі белгісіз болған жағдайда қорытындылар хаттамасына қол қою онсыз жүргізіледі. Хатшы веб-порталда мұндай себептің белгісіз екендігі туралы белгіні орналастырады.
Тармақ 319
319. Хаттамаға қол қоймаған комиссия мүшесінің барлық шешімдерін, оның ішінде ол дауыс берген жекелеген лоттар бойынша шешімдерін веб-портал комиссия шешімінде есепке алмайды және ол қорытындылар хаттамасында көрсетіледі.
Тармақ 320
320. Қорытындылар хаттамасында веб-портал әрбір лот бойынша комиссияның әрбір мүшесінің дауыс беру нәтижелерін ықтимал мәртебелердің біреуімен автоматты түрде көрсетеді, сондай-ақ онда мынадай ақпарат қамтылады:
Тармақша 1
1) «дауыс берген жоқ»;
Тармақша 2
2) «рұқсат берілді»;
Тармақша 3
3) «қабылданбады», веб-порталдағы шешімге сәйкес себебі негізделеді;
Тармақша 4
4) дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің тиісті қаржы жылына арналған ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алу нөмірі мен атауы;
Тармақша 5
5) бірыңғай дистрибьютордың атауы, БСН және заңды мекенжайы;
Тармақша 6
6) «сатып алу өтті» немесе «сатып алу өтпеді» деген мәртебе көрсетіліп, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне сәйкес лоттардың тізбесі;
Тармақша 7
7) тиісті қаржы жылына қосымша келісім жасалатын отандық тауар өндірушінің атауы және орналасқан жері;
Тармақша 8
8) осы Қағидалардың 304-тармағының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкестігі.
Тармақ 321
321. Қосымша келісімге қол қою алдында комиссия тиісті қаржы жылына өнім берудің түпкілікті бағасын айқындау жөнінде келіссөздер жүргізеді. Қорытындылар хаттамасы жарияланғаннан кейін комиссия отандық тауар өндірушімен бейне- және аудиотіркеуді қолдана отырып, өнім берудің түпкілікті бағасын айқындау жөнінде келіссөздер жүргізеді, келіссөздердің қорытындылары бойынша өнім берудің ұзақ мерзімді шарттарына қосымша келісімдер жасасу алдындағы хаттама жасалады. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен дәрілік заттарға, сондай-ақ медициналық бұйымдарға шекті бағаларды және үстеме бағаларды реттеу, қалыптастыру қағидаларында қамтылған өлшемшарттар ескеріле отырып есептелетін бірыңғай дистрибьютордың сатып алу бағасы төмендетілетін бастапқы баға болып табылады. Отандық тауар өндіруші шартты жеңілдіктің ұзақ мерзімді шартта көзделуі шартымен шартты жеңілдікті ескере отырып, сондай-ақ бірыңғай дистрибьютор ұсынған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың бағаларын талдауды ескере отырып, бағаны төмендетуге ұсыныс береді. Отандық тауар өндірушінің бағаны төмендетуге ұсынысы бірыңғай дистрибьютордың ағымдағы ең төменгі сатып алу бағасынан төмен болуы тиіс. Егер отандық тауар өндірушінің ұсынысы бірыңғай дистрибьютордың сатып алуының ағымдағы ең төменгі бағасы болып табылса, оның бағаны төмендетуге ұсыныс беруге құқығы жоқ. Дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар бағасы төмендету келісілмеген жағдайда бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алуды осы Қағидаларда көзделген тәсілдермен жүзеге асырады.
Тармақ 322
322. Бірыңғай дистрибьютор веб-портал арқылы ұзақ мерзімді шарт жасасқан отандық тауар өндірушіге тиісті қаржы жылына арналған қосымша келісімді жібереді.
Тармақ 323
323. Отандық тауар өндіруші веб-портал арқылы тиісті қаржы жылына арналған қосымша келісімге қол қояды және оны бірыңғай дистрибьюторға жібереді.
Тармақ 324
324. Егер отандық тауар өндіруші:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген біліктілік талаптарына сай келмесе;
Тармақша 2
2) біліктілік талаптары және осы Қағидалар шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға қойылатын талаптар бойынша дәйексіз ақпарат ұсынса;
Тармақша 3
3) тіркеу куәлігін ұсынбаса;
Тармақша 4
4) қолданылу мерзімі өткен тіркеу куәлігін ұсынса;
Тармақша 5
5) сатып алу талаптарына сәйкес келмейтін тіркеу куәлігін ұсынса;
Тармақша 6
6) ішкі айналысқа арналған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың шығу тегі туралы «СТ-KZ» сертификаты ұсынылмаса немесе оның қолданылу мерзімі өтіп кеткен болса;
Тармақша 7
7) тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкес дәрілік заттар өндірісіне және (немесе) ISO 13485 сапаны басқару жүйесі стандартының талаптарына сәйкес медициналық бұйымдар өндірісіне сертификат ұсынылмаса немесе оның қолданылу мерзімі өтіп кеткен болса, қабылданбайды.
Тармақ 325
325. Сатып алу немесе оның қандай да бір лоты мынадай негіздердің бірі бойынша:
Тармақша 1
1) егер отандық тауар өндіруші құжаттарды ұсынбаса;
Тармақша 2
2) егер отандық тауар өндіруші сатып алуға жіберілмесе, өткізілмеді деп танылады.
Тармақ 326
326. Егер сатып алу өткізілмеді деп танылса, бірыңғай дистрибьютор мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) сатып алуды қайта өткізу туралы;
Тармақша 2
2) тендер тәсілімен сатып алуды өткізу туралы.
Тармақ 327
327. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тапсырмасы бойынша дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың өндірісі үшін шикізаттың қажетті көлемінің болуына кепілдік берілуі шартымен мынадай:
Тармақша 1
1) инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу;
Тармақша 2
2) төтенше жағдайларды болғызбау және олардың салдарын жою жағдайларында қосымша келісім сомасының елу пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.
Тармақ 328
328. Дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісін құруға және (немесе) жаңғыртуға ниеті бар өнім берушімен өнім берудің ұзақ мерзімді шартын бұзуға:
Тармақша 1
1) инвестициялық жобаны іске асырудың осы Қағидаларда белгіленген мерзімінің асып кетуі;
Тармақша 2
2) өнім берудің ұзақ мерзімді шартында көзделген міндеттемелердің бұзылуы;
Тармақша 3
3) өнім беру басталғанға дейін өндіруден және өнім беруден бас тарту не өнім беру басталған күннен бастап қатарынан екі жыл бойы өнім беруден бас тарту;
Тармақша 4
4) инвестициялық жобаны іске асыру графигінің 12 (он екі) айдан астам мерзімге бұзылуы;
Тармақша 5
5) өнім берудің ұзақ мерзімді шартында ұсынылуы көзделген инвестициялық жобаның іске асырылу барысы туралы жартыжылдық есептің ұсынылмауы не оның екі және одан көп айға кешіктіріп ұсынылуы;
Тармақша 6
6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның дәлелденбеген клиникалық тиімділігі туралы құжаты негіз болып табылады. Өнім берудің ұзақ мерзімді шарты осы тармақта көзделген негіздер бойынша бұзылған жағдайда оны дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың жеткізілмейтін немесе айтарлықтай бұзушылықпен жеткізілетін жекелеген позициялары бойынша ішінара бұзуға жол беріледі.
Тармақ 329
329. Өнім берудің ұзақ мерзімді шарты бұзылған жағдайда дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алуды бірыңғай дистрибьютор осы Қағидаларда көзделген тәсілдермен жүзеге асырады.
Тарау 21. 21-тарау. Беру шарттарын жасасу және орындау
21-тарау. Беру шарттарын жасасу және орындау
Тармақ 1. 1-параграф. Веб-портал арқылы өнім беру шартының жобасын қалыптастыру
1-параграф. Веб-портал арқылы өнім беру шартының жобасын қалыптастыру
Тармақ 330
330. Қорытындылар хаттамасы жарияланғаннан кейін веб-порталда тендер жеңімпаздары үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша: хабарландыруға сәйкес:
Тармақша 1
1) дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның халықаралық патенттелмеген атауы, сипаттамасы, өлшем бірлігі және саны;
Тармақша 2
2) беру графигі немесе мерзімі;
Тармақша 3
3) беру орны немесе орындары; әлеуетті өнім берушінің ең төмен баға ұсынысына сәйкес:
Тармақша 1
1) тіркеу куәлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсатының (қорытындысының) нөмірі;
Тармақша 2
2) саудалық атауы;
Тармақша 3
3) қысқаша сипаттамасы;
Тармақша 4
4) өлшем бірлігі;
Тармақша 5
5) өндірушісі;
Тармақша 6
6) өндірілген елі;
Тармақша 7
7) бір бірлік үшін бағасы;
Тармақша 8
8) жалпы сомасы қамтылатын қосымшасымен шарттың жобасы қалыптастырылады.
Тармақ 331
331. Веб-порталда шарт жобасының қалыптастырылғаны туралы веб-портал автоматты түрде шарт тараптарына тиісті хабарлама жібереді.
Тармақ 2. 2-параграф. Өнім беру шартының бағасын азайту бойынша келіссөздер
2-параграф. Өнім беру шартының бағасын азайту бойынша келіссөздер
Тармақ 332
332. Комиссия бейне- және аудиотіркеуді қолдана отырып, тендер жеңімпазымен шарттың бағасын азайту жөнінде келіссөздер жүргізеді.
Тармақ 333
333. Шарттың бағасын азайту туралы ұсыныс тендер жеңімпазына қорытынды хаттама жарияланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша веб-портал арқылы жіберіледі.
Тармақ 334
334. Тендер жеңімпазы шарт бағасын азайту туралы ұсынысты алғаннан кейін:
Тармақша 1
1) шарт бағасын азайту туралы келіссөздерге қатысуға;
Тармақша 2
2) келіссөздерге қатысудан және шарт бағасын азайтудан бас тартуға құқылы.
Тармақ 335
335. Тендер жеңімпазы мен комиссия арасындағы шарттың бағасын азайту туралы келіссөздерді шарт бағасын азайту туралы ұсыныс жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде олардың арасындағы уағдаластық бойынша, оның ішінде қашықтан өткізуге болады.
Тармақ 336
336. Шарттың бағасын азайту туралы келіссөздер қорытындылары бойынша тендер жеңімпазы бір жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға веб-портал арқылы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша түпкілікті баға көрсетілген баға ұсынысын жібереді. Бірыңғай дистрибьютор түпкілікті баға көрсетілген баға ұсынысын алғаннан кейін веб-порталда бағасы өзгертілген шарттың жаңа жобасы автоматты түрде қалыптастырылады, ол тараптарға қол қою үшін жіберіледі.
Тармақ 337
337. Тендер жеңімпазы келіссөздерге қатысудан және шарттың бағасын азайтудан бас тартқан жағдайда ол бірыңғай дистрибьюторға веб-портал арқылы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тиісті негіздемемен бас тартуды жібереді.
Тармақ 3. 3-параграф. Тендердің қорытындылары бойынша өнім беру шартын жасасу
3-параграф. Тендердің қорытындылары бойынша өнім беру шартын жасасу
Тармақ 338
338. Тендер жеңімпазы түпкілікті баға ұсынысын жіберген немесе келіссөздерге қатысудан және шарттың бағасын азайтудан бас тартқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тараптар веб-портал арқылы өнім беру шартына қол қояды.
Тармақ 339
339. Шарт жасасудан бас тартқан жағдайда тендер жеңімпазы веб-портал арқылы бірыңғай дистрибьюторға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тиісті негіздемемен шартқа қол қоюдан бас тартуды жібереді.
Тармақ 340
340. Тендер жеңімпазы шарт жасасудан бас тартқан немесе осы Қағидаларда көзделген мерзімде шартқа қол қоймаған кезде бірыңғай дистрибьютор веб-порталда шарттың жаңа жобасын қалыптастырады және оны екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге (қорытынды хаттамасында бар болса) жібереді.
Тармақ 341
341. Бірыңғай дистрибьютор сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың санын олардың сапасын сақтау мақсатында өз қалауы бойынша қайталама қаптамаға дейін дөңгелектеуге (санын ұлғайту не азайту жағына қарай) құқылы.
Тармақ 342
342. Жасалған өнім беру шартына:
Тармақша 1
1) дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың бағасы және тиісінше шарттың бағасы азайған;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың көлемі өзгерген;
Тармақша 3
3) өнім беру шарты бойынша дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауының өзгермеуі шартымен өндірушісі, тіркеу куәлігін ұстаушысы немесе өндіріс орны (өндірістік алаң) өзгерген;
Тармақша 4
4) тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткен және дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның қалған партиясы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның рұқсаты (қорытындысы) негізінде Қазақстан Республикасына әкелінген жағдайларда өзгерістер енгізуге жол беріледі.
Тармақ 343
343. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган өнім беру шартын орындау барысында дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның саудалық атауының шекті бағасын өзгерткен жағдайда осы Қағидалардың 18-тарауында көзделген қосымша келісім жасасу жағдайларын қоспағанда, өнім беру шартының қолданылуы тараптар бұрынғы баға бойынша міндеттемелерін толық орындағанға дейін күшін сақтайды.
Тармақ 344
344. Өнім беру шартын біржақты тәртіппен бұзу үшін:
Тармақша 1
1) өнім берушінің шарт бойынша тауарды не тауардың қандай да бір партиясын беру мерзімін ұзақтығы 45 (қырық бес) күнтізбелік күн үздіксіз бұзуы;
Тармақша 2
2) өнім берушінің шарттағы график бойынша желтоқсан айында тауарды беру мерзімін бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілдеріне ағымдағы қаржы жылы аяқталғанға дейін тауарды өнім берушіден уақтылы қабылдауға және оны бірыңғай дистрибьютордың тапсырыс берушілеріне жеткізуге мүмкіндік бермейтіндей бұзуға жол беруі;
Тармақша 3
3) берілетін тауарға өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға осы Қағидаларда белгіленген мерзімдерде (отандық тауар өндірушілер үшін) Қазақстан Республикасының аумағында толық өндірілгенін немесе тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес жеткілікті қайта өңделгенін растайтын, ішкі айналысқа арналған тауардың шығу тегі туралы «СТ-KZ» сертификатын ұсынбауы;
Тармақша 4
4) шарт жасасу алдындағы сатып алу рәсімі кезінде Қағидалар бойынша оны қабылдамауға негіз болып табылатын өнім берушінің үлестес болу фактісінің анықталуы;
Тармақша 5
5) өсімпұлды және (немесе) айыппұлды төлеуді кешіктіруі күнтізбелік 15 (он бес) күннен асып кетуі;
Тармақша 6
6) өнім берушінің шарттың орындалуын қамтамасыз етуді осы Қағидалардың 345-тармағының талаптарын бұза отырып ұсынуы негіз болып табылады.
Тармақ 4. 4-параграф. Өнім беру шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету
4-параграф. Өнім беру шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету
Тармақ 345
345. Өнім берушінің өнім беру шарты бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етудің мөлшері өнім беру шарты бағасының үш пайызын құрайды және өнім беру шартына тараптар веб-порталда қол қойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға ұсынылуға тиіс.
Тармақ 346
346. Өнім беруші өнім беру шартын жасасу кезінде шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету шарасы ретінде өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етудің мынадай тәсілдерінің бірін ұсынады:
Тармақша 1
1) бірыңғай дистрибьютордың банктік шотына ақшалай кепілдік жарна;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша банктің уәкілетті тұлғаларының электрондық цифрлық қолтаңбаларының көмегімен тікелей веб-порталда банк беретін электрондық банк кепілдігі.
Тармақ 347
347. Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету:
Тармақша 1
1) өнім беруші өнім беруден бас тартқан;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютор осы Қағидалардың 344-тармағына сәйкес шартты біржақты тәртіппен бұзған;
Тармақша 3
3) өнім берушінің шартта көзделген дәрілік затты немесе медициналық бұйымды беру мерзімдерін бір немесе бірнеше рет бұзуы дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның мерзімінде берілмеген көлемдеріне қарамастан, жиынтық мәнде күнтізбелік тоқсан күн мерзімін өткізуге жеткен жағдайларда ұстап қалынады.
Тармақ 348
348. Бірыңғай дистрибьютор кепілдікті қамтамасыз етуді:
Тармақша 1
1) ақшалай жарна түрінде ұстап қалған жағдайда тендер жеңімпазына веб-портал арқылы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ақшаның ұстап қалынғаны туралы хабарлама жібереді;
Тармақша 2
2) электрондық банктік кепілдік түрінде ұстап қалған жағдайда веб-портал арқылы банкке және тендер жеңімпазына (мәлімет үшін) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша оны төлеу туралы талап жібереді.
Тармақ 349
349. Бірыңғай дистрибьютор банк кепілдігін төлеу туралы талапты банкке шарт бұзылған немесе қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қояды.
Тармақ 5. 5-параграф. Медициналық техника өндірісі бар әлеуетті өнім берушілерден веб-портал арқылы өнім берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
5-параграф. Медициналық техника өндірісі бар әлеуетті өнім берушілерден веб-портал арқылы өнім берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 350
350. Медициналық техниканы сатып алуды өнім берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша ұйымдастыру мақсатында отандық тауар өндірушілер бірыңғай дистрибьюторға:
Тармақша 1
1) өндірілетін медициналық техниканың тізбесі;
Тармақша 2
2) өндіріс үшін жеткілікті, бірақ күнтізбелік жүз елу күннен аспайтын беру мерзімдері көрсетілген техникалық ерекшелік және жиынтықтауыш;
Тармақша 3
3) бір бірлік үшін және жиынтық бөлінісінде ұсынылатын баға;
Тармақша 4
4) лицензиялар (бар болса) қамтылған ақпаратты ұсынады. Бірыңғай дистрибьютор медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу бойынша әлеуетті өнім берушілердің өтініштерін ескере отырып, медициналық техниканың алдын ала тізбесін қалыптастырады және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға келісу үшін жібереді.
Тармақ 351
351. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган алынған медициналық техниканың тізбесін оңтайлы техникалық сипаттамаларға сараптамалық бағалау жүргізу және медициналық техниканың саудалық атауы мен техникалық сипаттамасына шекті бағаларды талдау үшін сараптама ұйымына жібереді, оның нәтижелері бойынша бірыңғай дистрибьюторға медициналық техниканың атауын, медициналық техниканың әрбір атауы бойынша және жиынтықтауыш бөлінісінде бір бірлігі үшін ұсынылған бағаны, медициналық техниканың әрбір атауы бойынша беру кезеңінің ұзақтығын, ұзақ мерзімді шарттың жоспарлы қолданылу мерзімін, сондай-ақ өнім берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алынуға тиіс медициналық техниканың әрбір атауы бойынша техникалық ерекшелікті қамтитын келісілген тізбе жіберіледі.
Тармақ 352
352. Веб-портал арқылы медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасуға арналған конкурс мынадай жүйелі кезеңдерден тұрады,:
Тармақша 1
1) комиссия құру, комиссия хатшысын айқындау;
Тармақша 2
2) веб-порталда конкурс өткізу туралы хабарландыруды орналастыру;
Тармақша 3
3) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерді ұсынуы;
Тармақша 4
4) веб-порталдың конкурстық өтінімдерді автоматты түрде ашуы, ашу хаттамасын жариялауы;
Тармақша 5
5) комиссияның конкурстық өтінімдерді қарауы, қажет болған кезде сарапшыны (сарапшыларды) тартуы;
Тармақша 6
6) комиссия хатшысының алдын ала рұқсат беру хаттамасын жариялауы;
Тармақша 7
7) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерге толықтырулар ұсынуы;
Тармақша 8
8) комиссияның конкурстық өтінімдерге толықтыруларды қарауы;
Тармақша 9
9) комиссия хатшысының рұқсат беру хаттамасын жариялауы;
Тармақша 10
10) әлеуетті өнім берушілердің баға жеңілдігін салыстыру арқылы аукцион өткізу;
Тармақша 11
11) веб-порталдың қорытындылар хаттамасын автоматты түрде жариялауы.
Тармақ 353
353. Өнім берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасуға конкурс өткізу, комиссияның, сараптамалық комиссияның құрамын бекіту, комиссия хатшысын тағайындау туралы шешім денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органнан өнім берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алынуға жататын медициналық техниканың келісілген тізбесі алынған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютордың бірінші басшысының (немесе оны алмастыратын тұлғаның) бұйрығымен ресімделеді.
Тармақ 354
354. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде тоғыз адамды құрайды әрі төрағадан, төрағаның орынбасарынан және:
Тармақша 1
1) сараптама ұйымының медициналық бұйымдарды сараптау мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес біреуден аспайтын жұмыскерін (келісу бойынша);
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың медициналық техникамен қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік ететін жұмыскерлерін;
Тармақша 3
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген фармацевтикалық немесе медициналық өнеркәсіп жөніндегі бейінді қауымдастықтардың біреуден аспайтын өкілін (келісу бойынша);
Тармақша 4
4) «Атамекен» ҰКП біреуден аспайтын жұмыскерін және (немесе) өкілін (келісу бойынша);
Тармақша 5
5) денсаулық сақтау саласындағы үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктердің біреуден аспайтын жұмыскерін және (немесе) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жанындағы арнайы мониторингтік топтардың өкілін (келісу бойынша) қамтитын мүшелерден тұрады.
Тармақ 355
355. Бірыңғай дистрибьютордың басшысы комиссия төрағасы болып тағайындалады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
Тармақ 356
356. Комиссия өз қызметін медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарты жасалған немесе өнім берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурс өткізілмеді деп танылған кезден бастап тоқтатады.
Тармақ 357
357. Комиссия хатшысы бірыңғай дистрибьютор жұмыскерлерінің қатарынан тағайындалады, ол комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды, ол:
Тармақ 358
358. Комиссия хатшысы:
Тармақша 1
1) веб-порталда конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауды;
Тармақша 2
2) комиссияның дауыс беру қорытындысы бойынша алдын ала рұқсат беру, рұқсат беру хаттамасының жобасын қалыптастыруды;
Тармақша 3
3) алдын ала рұқсат беру, рұқсат беру хаттамасын веб-порталда жариялауды;
Тармақша 4
4) комиссия мүшесінің жоқ екенін растайтын ұсынылған құжаттың (бар болса) электрондық көшірмесін веб-порталда орналастыруды;
Тармақша 5
5) конкурсты тұтастай немесе қандай да бір лотты тоқтату немесе жарамсыз деп тану туралы шешім қабылданған жағдайда оның көшірмесін орналастыра отырып, веб-порталда онытоқтатуды;
Тармақша 6
6) ұзақ мерзімді шарт жасасу үшін конкурс қорытындылары туралы хабардар етуді уақтылы қамтамасыз етеді.
Тармақ 359
359. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 360
360. Комиссия арнайы білімді және (немесе) техникалық танымды талап ететін мәселелер бойынша өтінімнің конкурс талаптарына сәйкестігін бағалау үшін тиісті салалардан сарапшыны (сарапшыларды) тартады.
Тармақ 361
361. Бейінді мамандықтардың сарапшысын (сарапшыларын) сұратылып отырған медициналық техниканың бейіні бойынша мамандар және (немесе) денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары не медициналық техниканың сараптамасын жүзеге асыруға аккредиттелген ұйымдардың сарапшылары қатарынан денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 362
362. Сарапшы (сарапшылар) өтінімдер ашылғанға дейін веб-порталда оның пайдаланушысы ретінде тіркеледі.
Тармақ 363
363. Мыналар:
Тармақша 1
1) сатып алу рәсімдерінің нәтижелеріне мүдделі (тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, бірыңғай дистрибьютордың, әлеуетті өнім берушінің өкілдері);
Тармақша 2
2) тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, бірыңғай дистрибьютордың бірінші басшыларының жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылатын адам сарапшы бола алмайды.
Тармақ 364
364. Әлеуетті өнім берушілер ұсынатын медициналық техниканың сатып алынатын медициналық техника тізбесіне сәйкес техникалық сипаттамалар талаптарына сәйкестігін айқындау үшін комиссия мүшесі веб-портал арқылы хатшыға алдын ала рұқсат беру хаттамасын жариялау мерзімі өткенге дейін кемінде екі жұмыс күні қалғанда тиісті лот бойынша сараптамалық қорытынды алу қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Тармақ 365
365. Комиссияның хатшысы сараптамалық қорытынды алу қажеттігі туралы хабарламаны алғаннан кейін дереу веб-портал арқылы тиісті сарапшыға лот бойынша сараптамалық қорытынды ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жібереді. Дәл сол лот бойынша комиссияның басқа мүшесінен сарапшы қорытындысының қажеттігі туралы хабарлама келіп түскеннен кейін сарапшыға қайта хабарлама жіберілмейді.
Тармақ 366
366. Веб-портал сарапшы қол қойғаннан кейін ұсынымдық сипаттағы сараптамалық қорытындыны тендерлік комиссияның мүшелеріне автоматты түрде жібереді.
Тармақ 367
367. Сараптамалық қорытындыны комиссия әлеуетті өнім берушінің өтінімін ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсіміне жіберу туралы мәселені шешу кезінде қарайды. Комиссия мүшесі сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда оны назарға алмайды.
Тармақ 368
368. Егер сараптамалық қорытынды әлеуетті өнім берушінің өтінімін қабылдамауға негіз болса, оны комиссияның хатшысы дауыс беру хаттамасымен бір мезгілде жариялайды.
Тармақ 369
369. Комиссия күнтізбелік он екі ай ішінде ұсынылған сараптамалық қорытындыны қажет болған кезде басқа конкурста пайдаланады.
Тармақ 370
370. Конкурс өткізу туралы хабарландыру конкурстық өтінімдер ашылатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 20 (жиырма) күн қалғанда бірыңғай дистрибьютор шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде веб-порталда мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
Тармақ 371
371. Медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасуға конкурс өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер қамтылады:
Тармақша 1
1) бірыңғай дистрибьютордың атауы, мекенжайы және банктік деректемелері;
Тармақша 2
2) мынадай мәліметтер: сатып алынатын медициналық техниканың атауы; медициналық техниканың әрбір атауы бойынша техникалық сипаттамасы; медициналық техниканың әрбір атауы бойынша және жиынтықтауыш бөлінісінде бір бірлігі үшін ұсынылған баға; медициналық техниканың әрбір атауы бойынша өнім беру мерзімі және өнім беру кезеңінің ұзақтығы қамтылған денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісілген, сатып алуға жататын медициналық техниканың тізбесі. Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтер көлемі ауқымды болған кезде жоғарыда көрсетілген ақпарат бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында ғана орналастырылады;
Тармақша 3
3) конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдаудың аяқталатын күні, уақыты және орны.
Тармақ 372
372. Өнім берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу конкурсына қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші веб-порталда тіркеледі және өтінімге қажетті құжаттарды қоса тіркеу немесе оларды электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен веб-порталда көзделген нысандар бойынша толтыру арқылы тікелей веб-порталда өтінім береді.
Тармақ 373
373. Сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Тармақ 374
374. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімінде (электрондық көшірмелерде):
Тармақша 1
1) веб-порталда көзделген нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінім;
Тармақша 2
2) ұсынылатын медициналық техниканың нақты техникалық сипаттамалары көрсетілген техникалық ерекшеліктер;
Тармақша 3
3) ішкі айналысқа арналған медициналық техниканың шығу тегі туралы белгіленген үлгідегі «СТ-KZ» сертификатының көшірмесі;
Тармақша 4
4) медициналық техника өндірісінің ISO 13485 сапаны басқару жүйесі стандартына сәйкестігін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 5
5) ұсынылатын медициналық техниканың осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар қамтылады.
Тармақ 375
375. Конкурстық өтінім әлеуетті өнім берушіге веб-портал хабарлама жіберген кезде берілді деп есептеледі, әлеуетті өнім берушінің қалауы бойынша ол ашылған кезге дейін өзгертіледі немесе кері қайтарып алынады.
Тармақ 376
376. Веб-портал әлеуетті өнім берушіге:
Тармақша 1
1) өтінімді ашқаннан кейін оны кері қайтарып алуға;
Тармақша 2
2) хабарландыруда көзделген мерзім өткеннен кейін өтінім беруге мүмкіндік бермейді.
Тармақ 377
377. Комиссия мүшелері конкурс жарияланғанға дейін веб-порталда тіркеледі, онда өтінімдерді қарайды, әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтініміне рұқсат беруге немесе қабылдамауға дауыс береді.
Тармақ 378
378. Өтінімдер болмаған кезде веб-портал ашу қорытындыларын және хаттамаларын автоматты түрде және бір мезгілде жариялайды.
Тармақ 379
379. Өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін веб-портал нөмірін, жарияланған уақытын және мәртебесін көрсете отырып, автоматты түрде ашу хаттамасын жариялайды, онда:
Тармақша 1
1) конкурстың нөмірі мен атауы;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, БСН және заңды мекенжайы;
Тармақша 3
3) хабарландырудағы лоттардың тізбесі;
Тармақша 4
4) әлеуетті өнім берушілердің атауы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), БСН (ЖСН), заңды мекенжайлары, өтінімдер берген уақыты мен күні;
Тармақша 5
5) өтінімдер ұсынылмаған лоттар;
Тармақша 6
6) баға ұсыныстарының деректері көрсетілген лоттар мен өтінімдерді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары қамтылады.
Тармақ 380
380. Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде комиссия әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурстық өтінімдерді біліктілік талаптарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Тармақ 381
381. Комиссия ұсынылған құжаттардың хабарландыру шарттарына, біліктілік талаптарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкессіздігін анықтаған жағдайда мұндай әлеуетті өнім берушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасы веб-порталда жарияланған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінімдерді сәйкес келтіру құқығын береді.
Тармақ 382
382. Өтінімге толықтыруларды ашу конкурстық өтінімдерге толықтыруларды ұсыну мерзімі өткеннен кейінгі бірыңғай дистрибьютордың жұмыс күні сағат 10.00-де жүргізіледі.
Тармақ 383
383. Конкурстық өтінімдерге толықтыруларды комиссия олар ашылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды, қарау қорытындысы бойынша веб-порталда ең жоғары баға жеңілдігін айқындау рәсіміне рұқсат беру хаттамасына қол қойылады және жарияланады, онда:
Тармақша 1
1) әлеуетті өнім берушілердің әрқайсысы қатысатын лоттардың нөмірлері көрсетіліп, конкурстық өтінімдер берген әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
Тармақша 2
2) конкурстық өтінімдеріне ескертулер болмаған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
Тармақша 3
3) конкурстық өтінімдеріне комиссияның ескертулері болған әлеуетті өнім берушілердің атаулары, сондай-ақ өтінімдерге толықтырулардың ұсынылуы туралы ақпарат;
Тармақша 4
4) комиссияның әлеуетті өнім берушілерді ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсіміне жіберу туралы шешімі қамтылады.
Тармақ 384
384. Комиссия ұсынылған толықтыруларды зерделегеннен кейін, егер:
Тармақша 1
1) әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе және (немесе) әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі осы тарауда көзделген талаптарға сәйкес келмесе;
Тармақша 2
2) әлеуетті өнім беруші ұсынатын медициналық техника осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмесе;
Тармақша 3
3) әлеуетті өнім беруші ұсынған медициналық техника хабарландырудың техникалық сипаттамаларының (техникалық ерекшеліктерінің) талаптарына, оның ішінде сараптамалық қорытындыны ескергенде сәйкес келмесе;
Тармақша 4
4) ұсынылған техникалық ерекшелікте ұсынылып отырған медициналық техниканың техникалық сипаттамасы сараптама ұйымының сайтында орналастырылған тіркеу куәлігінде және (немесе) тіркеу дерекнамасында көрсетілген техникалық сипаттамаға және (немесе) жиынтықтауышқа сәйкес келмесе;
Тармақша 5
5) әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптары және осы Қағидалар шеңберінде сатып алынатын медициналық техникаға қойылатын талаптар бойынша дұрыс ақпарат ұсынбаса, конкурстық өтінімді тұтастай не лоттар бойынша қабылдамайды.
Тармақ 385
385. Конкурсқа лотта бір отандық тауар өндіруші ғана қатысқан жағдайда ұсынылып отырған медициналық техника осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген талаптарға және хабарландыру шарттарына сәйкес келетін болса, осы тарауда көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде онымен ұзақ мерзімді шарт жасалады. Лот бойынша бәсекелес орта болған жағдайда комиссия жеңімпазды ең жоғары баға жеңілдігі рәсімі бойынша айқындайды.
Тармақ 386
386. Ең жоғары баға жеңілдігін айқындау рәсіміне өтінімдерді түпкілікті іріктеу қорытындылары бойынша рұқсат беру хаттамасында оған жіберілген әлеуетті өнім берушілер қатысады.
Тармақ 387
387. Ең жоғары баға жеңілдігін айқындау рәсімі рұқсат беру хаттамасы жарияланған соң бір жұмыс күнінен кейін бірыңғай дистрибьютордың жұмыс күні сағат 10.00-де басталады және нақты уақыт режимінде веб-порталда қашықтан жүргізіледі.
Тармақ 388
388. Веб-портал ең жоғары баға жеңілдігін айқындау рәсіміне қатысушыларға, комиссия мүшелері мен хатшысына рәсімнің басталғаны туралы хабарламаны автоматты түрде дереу жібереді және веб-порталдың тиісті бөлімінде әрбір лот бойынша рәсім уақытының басталғаны туралы ақпаратты көрсетеді.
Тармақ 389
389. Ең жоғары баға жеңілдігін айқындау рәсімі әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті тұлғаларының электрондық цифрлық қолтаңбаларының көмегімен аукционға қатысушылардың лот бойынша шартты баға жеңілдігін бірізділікпен ұсынуы арқылы өткізіледі. Лот бойынша бәсекелестің аукцион уақыты басталған немесе бәсекелесі кезекті баға ұсынысын берген сәттен бастап отыз минут ішінде бастапқы немесе ең төменгі бағаны бір рет төмендету мүмкіндігі ең жоғары баға жеңілдігін айқындау рәсімінің қадамы болып табылады. Баға жеңілдігінің ең төменгі қадамы жарты (0,5) пайызды, ең жоғары қадамы бес пайызды құрайды.
Тармақ 390
390. Ең жоғары баға жеңілдігін айқындау рәсімі қадамының уақытын кері есептеу бір лот бойынша рәсімге жіберілген бәсекелестердің біреуі баға ұсынысын берген сәттен басталады. Веб-портал отыз минуттық уақытты рәсім қадамы аяқталғанға дейін қалған минуттар мен секундтарды кері санау арқылы көрсетеді. Лот бойынша қадамдар саны шектелмейді. Веб-портал рәсімге қатысушыларға бағаны сәйкес келмейтін шамаға төмендетуге автоматты түрде мүмкіндік бермейді және бағаны төмендету үшін қадам мөлшерін пайызбен немесе теңгемен таңдауды көздейді. Рәсімге қатысушы лот бойынша бәсекелестердің бірі баға ұсынысын бермес бұрын кезекті баға ұсынысын бере алмайды.
Тармақ 391
391. Егер әрбір әлеуетті өнім беруші үшін бөлінген отыз минут ішінде ең жоғары баға жеңілдігін айқындау рәсімін өткізу басталғаннан кейін рәсімге қатысушылардың бірде-біреуі қандай да бір лот бойынша бастапқы баға жеңілдігін бермесе (қадамды өткізіп жіберу), әлеуетті өнім беруші осы лот бойынша рәсімнің келесі қадамында баға жеңілдігін ұсыну мүмкіндігінен айырылады және тиісті лот бойынша ең жоғары баға жеңілдігін айқындау рәсіміне қатысудан шеттетіледі.
Тармақ 392
392. Егер тиісті лот бойынша ең жоғары баға жеңілдігін айқындау рәсімінде шеттету нәтижесінде бір өнім беруші қалса, ол жеңімпаз деп танылады.
Тармақ 393
393. Лот бойынша бірдей екі баға жеңілдігі болған кезде жеңімпаз «СТ-KZ» сәйкес қазақстандық қамтудың ең жоғары үлесі бойынша айқындалады. Лот бойынша бірдей екі баға жеңілдігі және «СТ-KZ» сәйкес қазақстандық қамту үлесі бірдей болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі веб-портал арқылы ертерек берілген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады. Веб-портал рәсімнің қорытындысы бойынша ең төмен баға ұсынысын ұсынған ең жоғары баға жеңілдігін айқындау рәсімінің жеңімпазын автоматты түрде айқындайды. Ең жоғары баға жеңілдігін айқындау рәсімінің жеңімпазы тиісті лот бойынша конкурс жеңімпазы болып табылады.
Тармақ 394
394. Ұсынылған баға жеңілдігі өнім берудің ұзақ мерзімді шартының қолданылу мерзімі бойы қолданылады. Баға жеңілдігі ұлғаю жағына қарай өзгереді және азаю жағына қарай өзгертуге жатпайды.
Тармақ 395
395. Ұсынылған баға жеңілдігі медициналық техниканың бағасына мынадай формула бойынша қолданылады: сараптамалық қорытындыға сәйкес ұсынылған бағадан баға жеңілдігін алып тастағанда, медициналық техниканың бағасына тең болады.
Тармақ 396
396. Өтінімдер болмаған, барлық өтінімдер қабылданбаған, конкурсқа лот бойынша немесе ең жоғары баға жеңілдігін айқындау рәсімінің қорытындылары бойынша бір отандық тауар өндіруші ғана қатысқан кезде веб-портал автоматты түрде оның нөмірін, жарияланған уақыты мен мәртебесін көрсете отырып, қорытындылар хаттамасын қалыптастырады және жариялайды, онда:
Тармақша 1
1) конкурстың нөмірі мен атауы;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, БСН және заңды мекенжайы;
Тармақша 3
3) «сатып алу өтті» немесе «сатып алу өтпеді» деген мәртебе көрсетіліп, хабарландыруға сәйкес лоттардың тізбесі;
Тармақша 4
4) лоттардың атаулары, рәсімге қатысушылардың атаулары, берген уақыты және рәсім қадамдарының мөлшерлері көрсетілген, ең жоғары баға жеңілдігін айқындау рәсімінің нәтижелері;
Тармақша 5
5) бірде-бір әлеуетті өнім беруші шықпаған лоттардың атауы;
Тармақша 6
6) бәсекелес лоттар және екінші орын алғандарды қоспағанда, ең жоғары баға жеңілдігін айқындау рәсімінің нәтижесінде веб-порталда өтінімдері автоматты түрде қабылданбаған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
Тармақша 7
7) бәсекелес лоттар және баға жеңілдіктерін ұсынбау нәтижесінде веб-порталда өтінімдері автоматты түрде қабылданбаған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
Тармақша 8
8) бәсекелес лоттар және конкурсқа қатысуға өтінімнен алынған деректерді, ұсынылған баға жеңілдігінің мөлшерін және оның негізінде қалыптасқан медициналық техниканың бағасы көрсетілген конкурс жеңімпаздары;
Тармақша 9
9) бәсекелес лоттар және конкурсқа қатысуға өтінімнен алынған деректері, ұсынылған баға жеңілдігінің мөлшерін және оның негізінде қалыптасқан медициналық техниканың бағасы көрсетіле отырып, конкурста екінші орын алған әлеуетті өнім берушілерден;
Тармақша 10
10) бір әлеуетті өнім берушінің ғана өтінімі ұсынылған өнім берудің ұзақ мерзімді шарты жасалатын лоттар қамтылады.
Тармақ 397
397. Веб-порталды пайдалануға мүмкіндік бермейтін немесе хаттамаларды қатемен қалыптастыратын техникалық ақаулар туындаған кезде бірыңғай оператор бұл туралы веб-порталдың тиісті бөлімінде дереу хабарландыру жариялайды, ол конкурсқа қатысушылардың бәріне автоматты түрде тиісті хабарламалар жібереді. Бұл ретте тендер мерзімдері техникалық ақауларды жою үшін талап етілген уақытқа шамалас жылжиды. Қатемен жарияланған хаттаманы бірыңғай оператор веб-порталдан алып тастамай, оған «жарамсыз» деген мәртебе береді. Жаңадан қалыптастырылған қатесіз хаттаманы бірыңғай оператор веб-порталда «жарамды» деген мәртебемен жариялайды. Хаттама ауыстырылған жағдайда тендерге қатысушыларға веб-портал автоматты түрде тиісті хабарлама жібереді.
Тармақ 398
398. Бірыңғай дистрибьютор конкурс қорытындыларының хаттамасы жарияланған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде оның негізінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша медициналық техниканы берудің үлгілік ұзақ мерзімді шартына сәйкес медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасады. Конкурс жеңімпазы ұзақ мерзімді шарт жасасудан бас тартқан кезде бірыңғай дистрибьютор екінші орын алған әлеуетті өнім берушімен (қорытындылар хаттамасында бар болса) ұзақ мерзімді шарт жасасады.
Тармақ 399
399. Медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарттары жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға өткізілген конкурстың қорытындылары және конкурс жеңімпаздарының тізімі бар ақпараттық хатты:
Тармақша 1
1) конкурс қорытындыларының хаттамасымен;
Тармақша 2
2) техникалық ерекшеліктермен;
Тармақша 3
3) бір бірлігі үшін және жиынтықтауыш бөлінісіндегі бағалармен;
Тармақша 4
4) медициналық техниканың әрбір атауы бойынша беру мерзімдерімен қоса жібереді.
Тармақ 400
400. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган медициналық бұйымдарға белгіленген шекті бағалар бойынша медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберінде бірыңғай дистрибьютор сатып алатын медициналық бұйымдардың бекітілген тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Тармақ 401
401. Бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық бұйымдарға белгіленген шекті бағалар бойынша медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберінде бірыңғай дистрибьютор сатып алатын медициналық бұйымдардың тізбесіне өзгерістер мен толықтыруларды алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде медициналық техниканың атаулары, бір бірлігі үшін және жиынтықтауыш бөлінісінде бағасы, медициналық техниканың әрбір атауы бойынша беру мерзімдері көрсетілген техникалық ерекшеліктерімен қоса медициналық техниканың тізбесін өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
Тармақ 402
402. Жергілікті деңгейде сатып алынатын өнім берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша отандық тауар өндірушінің медициналық техникаға қажеттілігін айқындау мақсатында тапсырыс берушілер сараптама ұйымына медициналық техниканың тізбесі, саны, техникалық ерекшелігі, клиникалық-техникалық негіздемесі қамтылған ақпаратты жібереді.
Тармақ 403
403. Сараптама ұйымы клиникалық-техникалық негіздеме бөлігінде сараптамалық бағалау жүргізеді және оның нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды шығарады.
Тармақ 404
404. Сараптама ұйымы сараптамалық қорытынды шығарылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны тапсырыс берушіге және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 405
405. Тапсырыс берушілер қажеттілік туындаған кезде, оның ішінде дәл сол қаржы жылында бірыңғай дистрибьюторға сатып алуға өтінім береді.
Тармақ 406
406. Сатып алуға арналған өтінімде:
Тармақша 1
1) сатып алынатын медициналық техниканың атауы;
Тармақша 2
2) техникалық ерекшелік, жиынтықтауыш, беру саны, мерзімі, шарттары мен орны;
Тармақша 3
3) медициналық техника сатып алынған жағдайда сараптама ұйымының сараптамалық қорытындысының көшірмесі;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың, жарғының немесе ереженің көшірмесімен қоса тапсырыс берушілердің толық атауы, олардың деректемелері, мекенжайы (пошталық және заңды), байланыс телефондарының нөмірлері, электрондық поштасының мекенжайы, бірінші басшының немесе оны алмастыратын адамның атқаратын лауазымын растайтын құжаттың көшірмесімен қоса лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), сатып алуды жүзеге асыруға жауапты тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) сатып алу шеңберінде жоспарланып отырған бағдарламаның, кіші бағдарламаны, ерекшеліктің атауы, банк деректемелері қамтылады.
Тармақ 407
407. Бірыңғай дистрибьютор медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасқаннан кейін жыл сайын тапсырыс берушілердің өтінімдері негізінде алдағы әр күнтізбелік жылға арналған сатып алуды жүзеге асырады, ол денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартының ажырамас бөлігі болып табылатын үшжақты сатып алу шартымен ресімделеді, бұл ретте:
Тармақша 1
1) медициналық техниканың бірыңғай дистрибьютордың тізбесіне енгізілуі;
Тармақша 2
2) тапсырыс берушілер медициналық техниканы беру санын (көлемін) айқындауы;
Тармақша 3
3) медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартының талаптарында белгіленген медициналық техниканы әлеуетті берушіге қойылатын талаптарға сәйкестік расталуы шарт.
Тармақ 408
408. Бірыңғай дистрибьютор жыл сайын тапсырыс берушілерден өтінімдер алған сәттен бастап күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей отандық тауар өндірушіге өнім берудің ұзақ мерзімді шарты шеңберінде сатып алынатын медициналық техниканы сатып алудың үшжақты шартын қол қоюға жібереді.
Тармақ 409
409. Отандық тауар өндіруші сатып алудың үшжақты шартына оны алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды. Бірыңғай дистрибьютор өнім берушіден қол қойылған үшжақты сатып алу шартын алған күннен бастап оны тапсырыс берушіге қол қоюға береді. Тапсырыс беруші алған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей үшжақты сатып алу шартына қол қояды және оны бірыңғай дистрибьюторға жібереді.
Тармақ 410
410. Отандық тауар өндіруші сараптамалық қорытындының алдыңғы күнімен салыстырғанда өнеркәсіптік өнімді өндірушілер бағалары индексінің ресми өзгерісін ескере отырып, техникалық сипаттамалары жақсару және (немесе) бағасы ұлғаю немесе азаю жағына қарай өзгерген жағдайларда сараптамалық бағалау жүргізілгеннен кейін берілетін медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартына бағаларына жылына бір реттен жиі емес өзгерістер енгізу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жүгінеді.
Тармақ 411
411. Отандық тауар өндіруші медициналық техниканың саудалық атауына және техникалық сипаттамасына арналған шекті бағаларға талдау жүргізу үшін сараптама ұйымына жүгінеді.
Тармақ 412
412. Сараптамалық бағалау ақылы қызмет көрсету туралы жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 413
413. Сараптамалық бағалау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 414
414. Сараптама ұйымы отандық тауар өндірушіге сараптамалық қорытындыны ақылы қызмет көрсету туралы шартта белгіленген мерзімдерде ұсынады.
Тармақ 415
415. Отандық тауар өндіруші сараптамалық қорытындының түпнұсқасын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 416
416. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган отандық тауар өндірушіден техникалық ерекшелікпен тігілген сараптамалық қорытындыны алғаннан кейін бірыңғай дистрибьюторға өнім берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алуға жататын жиынтықтау бөлінісінде медициналық техниканың тізбесін жібереді.
Тармақ 417
417. Мыналар:
Тармақша 1
1) шартта көзделген міндеттемелердің бірнеше рет бұзылуы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лицензияланатын қызметті орындауға лицензияның қайтарып алынуы;
Тармақша 3
3) қатарынан екі жыл бойы өнім беруден бас тарту (себептері мен жағдайларына қарамастан);
Тармақша 4
4) сапасы лайықсыз медициналық техниканы бірнеше рет беру жағдайлары медициналық техника өндірісі бар өнім берушімен өнім берудің ұзақ мерзімді шартын бұзуға негіз болып табылады.
Тарау 22. 22-тарау. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу
22-тарау. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу
Тармақ 418
418. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу мақсатында мынадай жүйелі іс-шараларды орындау көзделеді:
Тармақша 1
1) бірыңғай дистрибьютор келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерінің өтініштерін ескере отырып, жыл сайын 1 маусымнан кешіктірмей бірегей және (немесе) биоаналогтық дәрілік препарат (биоаналогтар, биотектес дәрілік препараттар, биосимилярлар) болып табылатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың тізбесін растау үшін дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың тізбесін қалыптастырады және сараптама ұйымына жібереді;
Тармақша 2
2) сараптама ұйымы дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың тізбесін алған сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай дистрибьюторға бірегей болып табылатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың тізімін, сондай-ақ халықаралық патенттелмеген атауын, дәрілік нысанын (сипаттамасын), белгіленген дозалану және (немесе) концентрациясын, өлшем бірлігін, тіркеу куәлігінің нөмірін, саудалық атауын, өндірушіні көрсете отырып, биоаналогтық дәрілік препараттардың (биоаналогтардың, биотектес дәрілік препараттардың, биосимилярлардың) тізімін жібереді;
Тармақша 3
3) сараптама ұйымының қорытындысын алғаннан кейін бірыңғай дистрибьютор бес жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға бұрын жасалған өнім берудің ұзақ мерзімді шарттарының бар немесе жоқ екенін көрсете отырып, дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың тізбесін келісу үшін жібереді;
Тармақша 4
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган формулярлық комиссия қараған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың тізбесін алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде бірегей және (немесе) биоаналогтық дәрілік препараттарды (биоаналогтарды, биотектес дәрілік препараттарды, биосимилярларды) көрсетіп және дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауын немесе құрамын, дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың әрбір атауы бойынша беру кезеңінің ұзақтығын белгілеп, бірыңғай дистрибьюторға келісілген тізбені ұсынады не тиісті негіздемені көрсете отырып, келісуден бас тартады.
Тармақ 419
419. Бірыңғай дистрибьютор келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісіне патенттелген бірегей дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу рәсіміне қатысу туралы шақыру жібереді.
Тармақ 420
420. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен патенттелген бірегей дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасуға бірыңғай дистрибьютор ұсынған құжаттарды қарау үшін құрамында:
Тармақша 1
1) сараптама ұйымының дәрілік заттарды сараптау мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан төмен емес жұмыскерлері (келісу бойынша);
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес жұмыскерлері;
Тармақша 3
3) «Атамекен» ҰКП жұмыскерлері және (немесе) өкілдері (келісу бойынша);
Тармақша 4
4) денсаулық сақтау саласындағы үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктердің жұмыскерлері және (немесе) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жанындағы арнайы мониторингтік топтардың (келісу бойынша) мүшелері бар комиссияны құрады және бекітеді.
Тармақ 421
421. Патенттелген бірегей дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу үшін келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісі:
Тармақша 1
1) шетелдік тауар өндірушінің шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар құжатының заңдастырылған немесе апостиль қойылған көшірмесін не егер шетелдік тауар өндірушінің Қазақстан Республикасының аумағында өкілдігі (филиалы) болса – өкілдікті (филиалды) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті (анықтаманы) және өкілдік (филиал) туралы ережені;
Тармақша 2
2) шетелдік тауар өндірушінің дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндіру және (немесе) өткізу құқығын растайтын құжаттарының: рұқсатының (лицензия), GMP сертификатының (бар болса) мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар заңдастырылған немесе апостиль қойылған көшірмесін;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірушімен келісімшарттық өндіріске арналған шартты;
Тармақша 4
4) қазақстандық қамту үлесінің кезең кезеңмен ұлғайтылатынын растай отырып, жобаны іске асыру мерзімдері мен кезеңдері, дәрілік заттарды беру кезеңі басталатын күндері мен құны туралы ақпарат қамтылған бизнес-жоспарды;
Тармақша 5
5) өндіру жоспарланған дәрілік заттардың тізімін;
Тармақша 6
6) бірегей дәрілік затқа патенттің көшірмесін ұсынады. Осы тармақта көзделген құжаттарды ұсынбау өнім беру шартын (келісімді) жасасудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Тармақ 422
422. Комиссия жиырма жұмыс күні ішінде келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісі ұсынған құжаттарды олардың толықтығы және осы Қағидалардың 421-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Қарау қорытындылары бойынша комиссия қарау қорытындыларының хаттамасын қалыптастырады.
Тармақ 423
423. Қажет болған жағдайда келісімшарттық өндірісінің тапсырыс берушісіне ұсынылған құжаттарды толықтыруға мүмкіндік беріледі. Қосымша құжаттар оны ұсыну қажеттігі туралы хабардар етілген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Тармақ 424
424. Биоаналогтық дәрілік препараттарды (биоаналогтарды, биотектес дәрілік препараттарды, биосимилярларды) берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу үшін бірыңғай дистрибьютор конкурстық комиссия құрады және оның құрамын бекітеді, ол:
Тармақша 1
1) сараптама ұйымының дәрілік заттардың сараптамасы мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес жұмыскерлерін (келісу бойынша);
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың құрылымдық бөлімшелер басшыларынан төмен емес жұмыскерлерін;
Тармақша 3
3) «Атамекен» ҰКП-ның біреуден аспайтын жұмыскерін және (немесе) өкілінен (келісу бойынша);
Тармақша 4
4) денсаулық сақтау саласындағы үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктердің жұмыскерлерін және (немесе) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жанындағы арнайы мониторингтік топтардың өкілін (келісу бойынша) қамтды.
Тармақ 425
425. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде тоғыз адамды құрайды және төрағадан, төрағаның орынбасарынан және мүшелерден тұрады. Бірыңғай дистрибьютордың басшысы комиссия төрағасы болып тағайындалады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
Тармақ 426
426. Комиссия өз қызметін өнім берудің ұзақ мерзімді шарты жасалған немесе өнім берудің ұзақ мерзімді шартын жасасуға конкурс өткізілмеді деп танылған кезден бастап тоқтатады.
Тармақ 427
427. Комиссия хатшысы бірыңғай дистрибьютор жұмыскерлерінің қатарынан тағайындалады, ол комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды. Комиссия хатшысы:
Тармақша 1
1) әлеуетті өнім берушілерден өтінімдер салынған конверттерді қабылдайды;
Тармақша 2
2) келіп түскен өтінімдерді және конверттерді ашу рәсіміне қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналдарын жүргізеді;
Тармақша 3
3) комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды;
Тармақша 4
4) комиссия отырысының хаттамаларын ресімдейді.
Тармақ 428
428. Келіп түскен өтінімдерді және конверттерді ашу рәсіміне қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналдары тігілуі, беттері нөмірленуі, соңғы парағы бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті тұлғасының қолымен расталуы тиіс. Келіп түскен өтінімдерді және конверттерді ашу рәсіміне қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналдарында әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер салынған конверттерді ұсынған уақыты мен күні, әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің (өтінім салынған конвертті ұсынған және конверттерді ашу рәсіміне қатысатын адамның) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.
Тармақ 429
429. Комиссия отырысы комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің қатысуы шартымен өткізіледі. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 430
430. Конкурс өткізу туралы хабарландыру конкурстық өтінімдер ашылатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 20 (жиырма) күн қалғанда бірыңғай дистрибьютор шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жарияланады.
Тармақ 431
431. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісімен өнім берудің ұзақ мерзімді шартын жасасуға конкурс өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер қамтылады:
Тармақша 1
1) бірыңғай дистрибьютордың атауы, мекенжайы және банктік деректемелері;
Тармақша 2
2) дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы және олардың техникалық сипаттамалары көрсетілген дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың номенклатурасы (лоттың нөмірін көрсетіп);
Тармақша 3
3) өнім берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға арналған конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың аяқталатын күні, уақыты және орны;
Тармақша 4
4) өтінімдер салынған конверттер ашылатын күні, уақыты және орны.
Тармақ 432
432. Биоаналогтық дәрілік препараттарды (биоаналогтарды, биотектес дәрілік препараттарды, биосимилярларды) берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу үшін келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісі:
Тармақша 1
1) дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың атауларын көрсетіп және өтінімге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша берілетін құжаттардың тізімдемесін қосып, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінімді;
Тармақша 2
2) техникалық-экономикалық негіздеме немесе мынадай бөлімдер: инвестициялық жобаның мақсаты және операторы туралы ақпарат; инвестициялық жобаның құны және қаржыландыру көздері туралы ақпарат; дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың Қазақстан Республикасында және (немесе) басқа елдерде тіркелуі туралы ақпарат, сондай-ақ тіркеу куәлігінің нөмірлері мен күндері көрсетілген өндірілетін дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың тізімі; өндіру жоспарланатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың тізімі; өнімді өткізу бағдарламасын қоса алғанда, коммерциялық бөлім; технологияның сипатын және сипаттамасы бар технологиялық жабдықтың тізбесін қоса алғанда, техникалық бөлім; экологиялық бөлім; қаржы бөлімі; әлеуметтік-экономикалық бөлім; жобалық тәуекелдер туралы ақпарат; қазақстандық қамту үлесінің біртіндеп ұлғайтылатыны расталған дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісін оқшаулау жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мерзімдері және кезеңдері туралы ақпарат; дәрілік заттарды беру кезеңінің басталатын күндері туралы ақпарат қамтылатын бизнес-жоспарды;
Тармақша 3
3) шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар құжатының заңдастырылған немесе апостиль қойылған көшірмесін не егер шетелдік тауар өндірушінің Қазақстан Республикасының аумағында өкілдігі (филиалы) болса – өкілдікті (филиалды) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті (анықтаманы) және өкілдік (филиал) туралы ережені;
Тармақша 4
4) шетелдік тауар өндірушінің дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндіру және (немесе) өткізу құқығын растайтын құжаттарының: рұқсатының (лицензия), GMP сертификатының (бар болса) мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар заңдастырылған немесе апостиль қойылған көшірмесін;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірушімен келісімшарттық өндіріске шартты ұсынады. Осы тармақта көзделген құжаттарды ұсынбау өнім беру шартын (келісімді) жасасудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Тармақ 433
433. Әлеуетті өнім беруші өтінімді екі конвертте – түпнұсқаны және көшірмені тігілген, беттері нөмірленген соңғы беті әлеуетті өнім берушінің уәкілетті тұлғаның қолтаңбасымен расталған жабық күйде ұсынады. Түпнұсқасы және көшірмесі, әлеуетті өнім берушінің атауы мен заңды мекенжайы көрсетілген конверттер бірыңғай дистрибьюторға хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша жіберілуге, «Өнім берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурс» және «___________ дейін ашуға болмайды (хабарландыруда көрсетілген конверттер ашылатын күні мен уақыты көрсетіледі)» деген сөздерді қамтуға тиіс.
Тармақ 434
434. Әлеуетті өнім беруші өз өтінімін өтінім беру мерзімі өткенге дейін өзгерте немесе кері қайтара алады. Әлеуетті өнім берушінің өтінімді өзгерту немесе қайтарып алу туралы хабарламасы бірыңғай дистрибьюторға жазбаша нысанда, бірақ өтінім берудің соңғы мерзімінен кешіктірілмей жіберілуге тиіс.
Тармақ 435
435. Комиссия хатшысы:
Тармақша 1
1) өтінім берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін ұсынылған;
Тармақша 2
2) жабылмаған;
Тармақша 3
3) бір конвертте ұсынылған өтінімдерді қабылдамайды.
Тармақ 436
436. Комиссия хатшысы:
Тармақша 1
1) беттері тігілмеген және (немесе) нөмірленбеген;
Тармақша 2
2) соңғы парағын уәкілетті тұлға растамаған өтінімдерді қайтарады. Өтінімдер табылған (конверттерді ашқан) кезде әлеуетті өнім берушінің уәкілетті тұлғасына қайтарылады. Конверттерді ашу рәсімі кезінде әлеуетті өнім берушінің уәкілетті тұлғасы болмаған жағдайда комиссия хатшысы өтінімді пошта арқылы қайтарады.
Тармақ 437
437. Комиссия түпнұсқа деп көрсетілген өтінімдер салынған конверттерді хабарландыруда көрсетілген уақытта және жерде бейне- және аудиотіркеуді қолдана отырып ашады. Өтінімдер салынған конверттерді ашқан кезде әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері қатыса алады.
Тармақ 438
438. Өтінімдер салынған конверттерді ашқан кезде комиссия хатшысы қатысып отырған адамдарға конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушілердің атаулары мен мекенжайын және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері берілген лоттардың нөмірлерін жариялайды. Бұл ақпарат өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасында көрсетіледі, ол конверттер ашылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында жарияланады.
Тармақ 439
439. Ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкессіздігін анықтаған жағдайда комиссия мұндай әлеуетті өнім берушілерге бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына ескертулер хаттамасы орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінімдерді сәйкес келтіру құқығын береді. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерге толықтыруларды олар ашылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды, қорытындысы бойынша рұқсат беру хаттамасына қол қойылады және жарияланады.
Тармақ 440
440. Биоаналогтық дәрілік препараттардың (биоаналогтардың, биотектес дәрілік препараттардың, биосимилярлардың) келісімшарттық өндірісінің тапсырыс берушілері осы параграфтың талаптарына сәйкес кері қайтарылмаған бәсекелес лоттар бойынша екі және одан көп өтінім ұсынған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың атаулары бойынша жеңімпазды комиссия балдық жүйемен айқындайды.
Тармақ 441
441. Биоаналогтық дәрілік препараттарды (биоаналогтардың, биотектес дәрілік препараттардың, биосимилярлардың) келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерінің өтініміне мынадай бағалау өлшемшарттары (балдық жүйе) қолданылады:
Тармақша 1
1) инвестициялық жобаның іске асырылуын толық жабатын қаржы қаражатының бар-жоғын растау; инвестициялық жобаның іске асырылуын толық жабатын өзінің қаржы қаражаты (әлеуетті өнім берушінің шотында жеткілікті қаржы қаражатының бар-жоғы туралы банктің анықтамасы, актілермен және (немесе) қаржылық құжаттармен расталған мүлікті сатып алу-сату шарттары) – 2 балл; инвестициялық жобаның іске асырылуын толық жабатын тартылатын қаржы қаражаты (қарыз берушінің осындай қаражатының бар екенін растайтын құжаттармен қоса, қаржы қаражатын қарызға алу шарты, кредиттік лимит беру туралы шарт) – 1 балл;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасында дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның мемлекеттік тіркелуінің болуы – 1 балл;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасындағы дәрілік затқа және (немесе) медициналық бұйымға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қайта жіктеуінің болуы – 2 балл;
Тармақша 4
4) мәлімделген өнімге ғылыми-технологиялық бастаманы растау: дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар үшін технологиялар трансфері (қаржылық және коммерциялық бөлікті қоспағанда, технологиялар трансфері туралы шарт) – 2 балл; ғылыми-зерттеу институттарымен (Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары), зертханалармен, «Ғылым қоры» акционерлік қоғамымен бірлескен әзірлемелерді және (немесе) әлеуетті өнім беруші үшін кадрлар даярлауға арналған келісімнің және (немесе) меморандумның болуы (өтінім үшін қолданылады) – 1 балл.
Тармақ 442
442. Балл алу үшін барлық құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылады.
Тармақ 443
443. Осы параграфтың талаптарына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 441-тармағында көзделген әрбір бағалау өлшемшарты бойынша балдарды қосу арқылы өтінімде көрсетілген лоттар бойынша ең көп балл жинаған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
Тармақ 444
444. Бір лот бойынша бірнеше биоаналогтық дәрілік препараттардың (биоаналогтардың, биотектес дәрілік препараттардың, биосимилярлардың) келісімшарттық өндірісінің тапсырыс берушілерінің балдары тең болған жағдайда комиссия жеңімпазды ең жоғары баға жеңілдігі бойынша айқындайды.
Тармақ 445
445. Ең жоғары шартты баға жеңілдігін айқындау рәсімі баға жеңілдігін айқындау рәсіміне рұқсат беру хаттамасында көрсетілген уақытта және орында жүргізіледі. Шартты баға жеңілдігінің ең төменгі қадамы үш пайызды құрайды. Әлеуетті өнім берушінің бастапқы баға жеңілдігі бірінші басшы немесе осындай баға жеңілдігі қол қоюға уәкілетті тұлға қол қойған лот бойынша баға жеңілдігі көрсетіліп, жазбаша ұсынылады. Әлеуетті өнім беруші қандай да бір лот бойынша бастапқы баға жеңілдігін ұсынбаған жағдайда әлеуетті өнім беруші осы лот бойынша түпкілікті баға жеңілдігін ұсыну мүмкіндігінен айырылады және тиісті лот бойынша ең жоғары баға жеңілдігін айқындау рәсіміне қатысудан шеттетіледі.
Тармақ 446
446. Егер тиісті лот бойынша ең жоғары баға жеңілдігін айқындау рәсімінен шеттету нәтижесінде бір әлеуетті өнім беруші ғана қалса, ол жеңімпаз болып танылады. Лот бойынша екі және одан көп баға жеңілдіктері бірдей болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімді бірінші болып ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
Тармақ 447
447. Комиссия хатшысы әлеуетті өнім берушілер ұсынған барлық шартты баға жеңілдіктерін, оның ішінде лот бойынша ең жоғары шартты баға жеңілдігін хабарлайды және оларға бастапқы шартты баға жеңілдігін ұлғайтуды ұсынады. Түпкілікті шартты баға жеңілдіктерін қабылдау уақыты комиссия хатшысы осындай баға жеңілдіктерін қабылдаудың басталғаны туралы хабарлаған сәттен бастап бес минутты құрайды. Егер бастапқы баға жеңілдігін ұсынған әлеуетті өнім беруші түпкілікті баға жеңілдігін ұсынбаса, комиссия оның бастапқы баға жеңілдігін түпкілікті ретінде қабылдайды.
Тармақ 448
448. Комиссия:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін өтінім ұсынылған;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларда белгіленген инвестициялық жобаны іске асырудың мерзімі өткен өтінімді тұтастай немесе жекелеген лоттар бөлігінде кері қайтарады.
Тармақ 449
449. Өнім берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға арналған конкурс тұтас немесе жекелеген лоттар бөлігінде:
Тармақша 1
1) лот бойынша бірде-бір өтінім ұсынылмаған;
Тармақша 2
2) лот бойынша барлық өтінімдер кері қайтарылған;
Тармақша 3
3) осы тараудың талаптарына сәйкес келген жағдайда онымен өнім берудің ұзақ мерзімді шарты конкурс өткізбей жасалатын әлеуетті өнім беруші бір өтінім ғана ұсынған жағдайларда өткізілмеді деп танылады.
Тармақ 450
450. Комиссия қорытынды шығарады және мынадай:
Тармақша 1
1) лот бойынша ұсынылған өтінімдердің жоқ екені;
Тармақша 2
2) өтінім берілген дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар (лоттар көрсетіліп), әрбір лот бойынша жиналған балдар саны, әрбір лот бойынша бірыңғай дистрибьютор ұзақ мерзімді шарт жасайтын жеңімпаздар көрсетілген әлеуетті өнім берушілер туралы;
Тармақша 3
3) негіздемесін көрсетіп, өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы;
Тармақша 4
4) осы тараудың талаптарына сәйкес келген жағдайда онымен өнім берудің ұзақ мерзімді шарты конкурс өткізбей жасалатын әлеуетті өнім берушінің бір өтінім ғана ұсынғаны туралы ақпаратты қамтитын хаттамаға қол қояды.
Тармақ 451
451. Қорытындылар хаттамасы конкурстың қорытындысы шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында жарияланады.
Тармақ 452
452. Патенттелген бірегей дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың және (немесе) биоаналогтық дәрілік препараттардың (биоаналогтардың, биосимилярлардың) келісімшарттық өндірісі бойынша сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың негізінде бірыңғай дистрибьютор бес жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартын жасасады.
Тармақ 453
453. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісімен өнім берудің ұзақ мерзімді шарты жасалған кезден бастап дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру басталған күнге дейінгі кезең үш жылдан аспайды. Көрсетілген мерзім асырылған жағдайда бірыңғай дистрибьютор өнім берудің ұзақ мерзімді шартын біржақты тәртіппен бұзады.
Тармақ 454
454. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісімен дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша беру басталғанға дейін бірыңғай дистрибьютор оларды осы Қағидаларда белгіленген тәсілдермен сатып алады.
Тармақ 455
455. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісі бірыңғай дистрибьюторды дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беруге дайын екендігі туралы хабардар етеді. Бірыңғай дистрибьютор жыл сайын 1 маусымға дейін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға бірыңғай дистрибьютордың тізбесіне енгізу үшін атауы мен сипаттамасын көрсете отырып, келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісінің дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беруге дайын екендігі туралы ақпаратты жібереді. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бірыңғай дистрибьюторға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру бойынша өнім берушімен қосымша келісім жасасу үшін бірыңғай дистрибьютордың бекітілген тізбесіне өзгерістер жібереді.
Тармақ 456
456. Бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісінің өнім берудің ұзақ мерзімді шартына тіркеу куәлігіне сәйкес дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың техникалық сипаттамасы бөлігінде өзгерістер енгізуіне жол беріледі.
Тармақ 457
457. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша оның қолданылу мерзімі ішінде атып алу бірыңғай дистрибьюторға өнім беруші тиісті қаржы жылына өтініш берген кезден бастап веб-порталда дәрілік заттардың көлемін, бағасын, оларды беру міндеттемелерін орындаудың қамтамасыз етілуін және шарттарын көрсетіп қосымша келісім жасасу арқылы тиісті қаржы жылына:
Тармақша 1
1) дәрілік заттар бірыңғай дистрибьютордың тізбесіне енгізілген;
Тармақша 2
2) тиісті тіркеу куәлігі ұсынылған;
Тармақша 3
3) фармацевтикалық көрсетілетін қызметке лицензия ұсынған;
Тармақша 4
4) тапсырыс берушілер дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға өтінімдер ұсынған;
Тармақша 5
5) ішкі айналысқа арналған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың шығу тегі туралы «СТ-KZ» сертификаты ұсынылған;
Тармақша 6
6) ISO 13485 сапаны басқару жүйесі стандартының талаптарына сәйкес дәрілік заттар өндірісіне тиісті өндірістік практика (GMP) стандарттарының енгізілгенін растайтын құжат ұсынылған;
Тармақша 7
7) өнім беру графигі ұсынылған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 458
458. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу рәсімі тиісті қаржы жылына өзге тәсілмен жүзеге асырылып жатқан жағдайда өнім берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алу келесі қаржы жылына жүзеге асырылады.
Тармақ 459
459. Ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісімге қол қою алдында келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісімен бейне- және аудиотіркеуді қолдана отырып, тиісті қаржы жылына өнім берудің түпкілікті бағасын айқындау жөнінде келіссөздер жүргізіледі.
Тармақ 460
460. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тапсырмасы бойынша дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірісі үшін шикізаттың қажетті көлемінің бар екеніне кепілдік берілуі шартымен мынадай:
Тармақша 1
1) инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу;
Тармақша 2
2) төтенше жағдайларды болғызбау және олардың салдарын жою жағдайларында қосымша келісім сомасының елу пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.
Тармақ 461
461. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен өнім берудің ұзақ мерзімді шартын бұзуға:
Тармақша 1
1) жобаны іске асыру мерзімінің осы Қағидаларда белгіленген мерзімнен асып кетуі;
Тармақша 2
2) өнім берудің ұзақ мерзімді шартында көзделген міндеттемелерді бұзу;
Тармақша 3
3) өнім берушінің өнім беру басталғанға дейін өндіруден және өнім беруден бас тартуы не өнім беру басталған күннен бастап екі жыл ішінде өнім беруден бас тартуы;
Тармақша 4
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның патенттелген бірегей дәрілік заттың клиникалық тиімділігінің дәлелденбегені туралы құжаты негіз болып табылады. Өнім берудің ұзақ мерзімді шарты Қағидалардың осы тармағында көзделген негіздер бойынша бұзылған жағдайда оны дәрілік заттардың жеткізілмейтін немесе айтарлықтай бұзушылықпен жеткізілетін жекелеген позициялары бойынша ішінара бұзуға жол беріледі.
Тарау 23. 23-тарау. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу
23-тарау. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу
Тармақ 462
462. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу мақсатында мынадай жүйелі іс-шараларды орындау көзделеді:
Тармақша 1
1) келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілері бірыңғай дистрибьюторға: өндірілетін медициналық техниканың тізбесі; техникалық ерекшелік және жинақтау қамтылуы тиіс өтініштерді ұсынады;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютор келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерінің өтініштерін ескере отырып, ағымдағы жылғы 1 шілдеден кешіктірмей денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға тапсырыс берушілердің медициналық техниканың келісімшарттық өндірісіне арналған жиынтық өтініштерін жібереді;
Тармақша 3
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тапсырыс берушінің өтінішін алған кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде оны әрбір атау бойынша және жиынтықтауышы бөлінісінде оңтайлы техникалық сипаттамаларына және құнына сараптамалық бағалау жүргізу үшін сараптама ұйымына жібереді.
Тармақша 4
4) сараптамалық бағалау қорытындылары бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган 10 (он) жұмыс күні ішінде медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу мүмкіндігін келіседі не келісуден бас тартады;
Тармақша 5
5) оң келісім алғаннан кейін бірыңғай дистрибьютор 5 (бес) жұмыс күні ішінде келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісіне медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу рәсіміне қатысу туралы шақыру жібереді.
Тармақ 463
463. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу үшін бірыңғай дистрибьютор ұсынылған құжаттарды қарау үшін құрамында:
Тармақша 1
1) сараптама ұйымының дәрілік заттарды сараптау мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан төмен емес жұмыскерлері (келісу бойынша);
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес жұмыскерлері;
Тармақша 3
3) «Атамекен» ҰКП жұмыскерлері және (немесе) өкілдері (келісу бойынша);
Тармақша 4
4) денсаулық сақтау саласындағы үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктердің жұмыскерлері және (немесе) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жанындағы арнайы мониторингтік топтардың (келісу бойынша) мүшелері болатын комиссияны құрады және бекітеді.
Тармақ 464
464. Медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу үшін келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісі:
Тармақша 1
1) шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар құжатының заңдастырылған немесе апостиль қойылған көшірмесін не егер шетелдік тауар өндірушінің Қазақстан Республикасының аумағында өкілдігі (филиалы) болса – өкілдікті (филиалды) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті (анықтаманы) және өкілдік (филиал) туралы ережені;
Тармақша 2
2) медициналық техниканы өндіруге және (немесе) өткізуге шетелдік тауар өндірушінің құқығын растайтын мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аудармасы бар нотариат куәландырған құжаттардың заңдастырылған немесе апостиль қойылған көшірмелерін, (ISO 13485) сапаны басқару жүйесі стандартын;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірушімен келісімшарттық өндіріске шартты;
Тармақша 4
4) қазақстандық қамту үлесінің кезең кезеңмен ұлғайтылатынын растай отырып, жобаны іске асыру мерзімдері мен кезеңдері, медициналық техниканы беру кезеңі басталатын күндері мен құны туралы ақпарат қамтылған бизнес-жоспарды;
Тармақша 5
5) өндірісі жоспарланған медициналық техниканың тізімін ұсынады. Осы тармақта көзделген құжаттарды ұсынбау өнім беру шартын жасасудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Тармақ 465
465. Комиссия 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісі ұсынған құжаттарды олардың толықтығы және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Қарау қорытындылары бойынша комиссия қарау қорытындыларының хаттамасын қалыптастырады.
Тармақ 466
466. Қажет болған жағдайда келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісіне ұсынылған құжаттарды толықтыруға мүмкіндік беріледі. Қосымша құжаттар қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабардар етілген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Тармақ 467
467. Қарау қорытындылары хаттамасының негізінде бірыңғай дистрибьютор 5 (бес) жұмыс күні ішінде келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісімен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасады.
Тармақ 468
468. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісімен өнім берудің ұзақ мерзімді шарты жасалған кезден бастап медициналық техниканы беру басталған күнге дейінгі кезең үш жылдан аспайды. Көрсетілген мерзім асырылған жағдайда бірыңғай дистрибьютор өнім берудің ұзақ мерзімді шартын біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
Тармақ 469
469. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісімен медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша беру басталғанға дейін бірыңғай дистрибьютор оларды осы Қағидаларда белгіленген тәсілдермен сатып алады.
Тармақ 470
470. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісі бірыңғай дистрибьюторды медициналық техниканы беруге дайын екендігі туралы хабардар етеді. Бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға бірыңғай дистрибьютордың тізбесін бекіту үшін атауы мен сипаттамасын көрсетіп, келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісінің медициналық техниканы беруге дайын екендігі туралы ақпаратты жібереді. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бірыңғай дистрибьютордан ақпарат алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде медициналық техниканы бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алу үшін бекітілген тізбені бірыңғай дистрибьюторға жібереді.
Тармақ 471
471. Тапсырыс берушілер қажеттілік болған кезде медициналық техниканы сатып алуға арналған тізбеге енгізілген медициналық техниканы бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алуға міндетті.
Тармақ 472
472. Бірыңғай дистрибьютор медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасасқаннан кейін жыл сайын тапсырыс берушілердің өтінімдері негізінде алдағы әр күнтізбелік жылға арналған сатып алуды жүзеге асырады, ол денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартының ажырамас бөлігі болып табылатын үшжақты сатып алу шартымен ресімделеді, бұл ретте:
Тармақша 1
1) медициналық техниканың бірыңғай дистрибьютордың тізбесіне енгізілуі;
Тармақша 2
2) тапсырыс берушілер медициналық техниканы беру санын (көлемін) айқындауы;
Тармақша 3
3) медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартының талаптарында белгіленген медициналық техниканы әлеуетті берушіге қойылатын талаптарға сәйкестік расталуы шарт.
Тармақ 473
473. Бірыңғай дистрибьютор жыл сайын тапсырыс берушілерден өтінімдер алған сәттен бастап күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей отандық тауар өндірушіге өнім берудің ұзақ мерзімді шарты шеңберінде сатып алынатын медициналық техниканы сатып алудың үшжақты шартын қол қоюға жібереді.
Тармақ 474
474. Отандық тауар өндіруші алған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей үшжақты сатып алу шартына қол қояды. Бірыңғай дистрибьютор өнім берушіден қол қойылған үшжақты сатып алу шартын алған күннен бастап оны тапсырыс берушіге қол қоюға береді. Тапсырыс беруші үшжақты сатып алу шартын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оған қол қояды және оны бірыңғай дистрибьюторға жібереді.
Тарау 24. 24-тарау. Бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың төмендемейтін қорын қалыптастыру және пайдалану тәртібі
24-тарау. Бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың төмендемейтін қорын қалыптастыру және пайдалану тәртібі
Тармақ 475
475. Дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың төмендемейтін қоры бірыңғай дистрибьютордың өз қаражаты есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 476
476. Бірыңғай дистрибьютор келесі қаржы жылына тапсырыс берушілер мәлімдеген көлемнің жиырма бес пайызына дейінгі көлемде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың төмендемейтін қорын сатып алады. Төмендемейтін қордың тізбесі мен көлемдерін бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.
Тармақ 477
477. Төмендемейтін қордың дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушінің өтінімі бойынша мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) өнім берушілер бірыңғай дистрибьюторға беру мерзімін бұзған кезде;
Тармақша 2
2) өнім берушілер беруден бас тартқан кезде;
Тармақша 3
3) өнім берушінің кінәсінен шарттар бұзылған кезде;
Тармақша 4
4) тапсырыс берушілерден дәл сол қаржы жылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың көлемін ұлғайтуға қатысты қосымша өтінімдер келіп түскен кезде;
Тармақша 5
5) осы Қағидаларға сәйкес сатып алу тәсілдерінің бірімен жасалатын шарттар есебінен жарамдылық мерзімін жаңарту шартымен тапсырыс берушілерден келесі қаржы жылына өтінімдер келіп түскен кезде пайдаланады.
Тармақ 478
478. Төмендемейтін қордың дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын осы Қағидалардың 7, 8 және 18-тарауларында көзделген тәсілдермен (дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қалдығын ескере отырып) бірыңғай дистрибьютор толықтырып отырады.
Бөлім 5. 5-бөлім. Арнайы ережелер
5-бөлім. Арнайы ережелер
Тармақ 479
479. Осы Қағидалардың сақталуын бақылауды мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 480
480. Сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің және бірыңғай дистрибьютордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымдануды мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мен оның жоғары тұрған органы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен қарайды.
Тармақ 481
481. Сатып алуды жүргізу кезінде бұзушылықтар, Қағидалар талаптарына сәйкессіздіктер анықталған жағдайларда тапсырыс берушінің басшысы, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор мұндай сатып алуды тұтастай не тиісті лоттар бойынша жарамсыз деп таниды.
Тармақ 482. ______________________________
482. Сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің және бірыңғай дистрибьютордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының және оның жоғары тұрған органының шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылдаған шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдануға болады. ______________________________
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы « » № қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысы.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 122 қаулысы.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 474 қаулысы.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 716 қаулысы.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 тамыздағы № 844 қаулысы.
Тармақ 6
6. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 ақпандағы № 163 қаулысының 4-тармағы.
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 және 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 392 қаулысы.
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 және «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 ақпандағы № 163 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 721 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.
Тармақ 9
9. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 983 қаулысы.
Тармақ 10
10. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 мамырдағы № 629 қаулысы.
Тармақ 11
11. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1415 қаулысы.
Тармақ 12
12. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1649 қаулысы.
Тармақ 13
13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 15 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы.
Тармақ 14
14. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 28 қаулысы.
Тармақ 15
15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 маусымдағы № 582 қаулысы.
Тармақ 16
16. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 964 қаулысы.
Тармақ 17
17. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1363 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы.
Тармақ 18
18. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 шілдедегі № 767 қаулысы.
Тармақ 19
19. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 229 қаулысы.
Тармақ 20
20. «Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 515 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
Тармақ 21
21. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 33 қаулысы.
Тармақ 22
22. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы.
Тармақ 23
23. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 және «Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 8 шілдедегі № 515 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қарашадағы № 719 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы.
Тармақ 24
24. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 829 қаулысы.
Тармақ 25
25. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 347 қаулысы.
Тармақ 26
26. «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 тамыздағы № 500 қаулысы. _____________________