Об утверждении разрешительных требований к экспертам-аудиторам по подтверждению соответствия, перечня документов, подтверждающих соответствие им, а также правил аттестации, продления действия аттестатов экспертов-аудиторов по подтверждению соответствия и оказания государственной услуги «Аттестация эксперта-аудитора по подтверждению соответствия» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарын, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, сондай-ақ сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданысын ұзарту және «Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 2-1) тармақшасына, «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданысын ұзарту және «Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы, Бірыңғай байланыс орталығына, мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 1. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 399-НҚ бұйрығына 1-қосымша Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі Р/с№ Рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры Рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар Ес­керт­пе 1 2 3 4 1. Өнім­нің сәй­кест­і­гін рас­тау жө­нін­де­гі са­рап­шы-ауди­тор­ға үміт­кер же­ке тұ­лға­лар­ға қой­ы­ла­тын рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры 1 *Мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­ты­на сәй­кес ке­ле­тін жо­ға­ры бі­лі­мі­нің бо­луы неме­се мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­ты­на сәй­кес ке­ле­тін стан­дарт­тау, сер­ти­фи­кат­тау және мет­ро­ло­гия (са­ла­лар бой­ын­ша) ма­манды­ғы бой­ын­ша жо­ға­ры бі­лі­мі­нің бо­луы. Егер бі­лі­мі мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­ты­на сәй­кес кел­ме­ген жағ­дай­да, мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­ты бой­ын­ша сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ма­ман ре­т­ін­де ке­мін­де үш жыл­дан кем емес неме­се ара­лас ба­ғыт­тар бой­ын­ша са­рап­шы-ауди­тор ре­т­ін­де ке­мін­де 10 жыл жұ­мыс өті­лі­нің бо­луы. Мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­ты бой­ын­ша са­рап­шы-ауди­тор ре­т­ін­де ке­мін­де он жыл жұ­мыс өті­лі болған кез­де ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім­ге рұқ­сат еті­ле­ді. Осы Сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі са­рап­шы-ауди­тор­лар­ға қой­ы­ла­тын рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на және олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар тіз­бе­сіне қо­сым­ша­ға сәй­кес сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі са­рап­шы-ауди­тор­ға үміт­кер же­ке тұл­ға­ның мә­лі­мет­тер ны­са­ны (бұ­дан әрі – Мә­лі­мет­тер ны­са­ны). 2 Ма­манды­ғы бой­ын­ша жұ­мыс өті­лі ке­мін­де үш жыл, оның ішін­де мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­тын­да сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ма­ман ре­т­ін­де сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі ор­ган­да мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­тын­да ке­мін­де екі жыл неме­се са­рап­шы-ауди­тор ре­т­ін­де ке­мін­де үш жыл. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­тын­да сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі ор­ган­дар бол­ма­ған кез­де мә­лім­де­ле­тін қыз­мет ба­ғы­тын­да ке­мін­де бес жыл жұ­мыс өті­ліне рұқ­сат еті­ле­ді. Мә­лі­мет­тер ны­са­ны. 3 *Тех­ни­ка­лық рет­теу са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­ды да­яр­ла­уды (қай­та да­яр­ла­уды) және олар­дың бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру­ды жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар­дың ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­л­ген ұй­ым­да мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­тын­да да­яр­лау (қай­та да­яр­лау) кур­ста­ры­нан өту және «Тех­ни­ка­лық рет­теу са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­ды да­яр­лау (қай­та да­яр­лау) және бі­лік­ті­лі­гін жо­ға­ры­ла­ту. Жал­пы та­лап­тар» ҚР СТ 1.45-де бел­гі­лен­ген тәр­тіп­те те­сті­леу. Өнім­нің сәй­кест­і­гін рас­тау жө­нін­де­гі са­рап­шы-ауди­тор­ға үміт­кер же­ке тұ­лға­лар­ды да­яр­лау жө­нін­де­гі кур­стар­ды өт­кі­зу ұз­ақ­тығы сек­сен ака­де­ми­я­лық са­ғат­тан кем емес уа­қыт­ты құ­рай­ды. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ат­те­стат­та­удың жа­ңа ба­ғыт­та­ры бой­ын­ша да­яр­лау, қай­та да­яр­лау жө­нін­де­гі кур­стар­дан өту үшін жағ­дай­лар бол­ма­ған кез­де ке­мін­де ака­де­ми­я­лық қы­рық са­ғат кө­ле­мін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­де кур­стар­дан өту­ге рұқ­сат еті­ле­ді. Мә­лі­мет­тер ны­са­ны Өнім­нің сәй­кест­і­гін рас­тау жө­нін­де­гі са­рап­шы-ауди­тор­лар­ды да­яр­лау (қай­та да­яр­лау) жө­нін­де­гі ку­ә­лік­тер­дің қол­да­ны­лу мер­зі­мі – бір жыл. 4 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік тех­ни­ка­лық рет­теу жүй­е­сін­де са­рап­шы-ауди­тор ре­т­ін­де ат­те­стат­тал­ған және осы ба­ғыт­та ке­мін­де үш жыл жұ­мыс іс­тей­тін неме­се ха­лы­қа­ра­лық са­рап­шы-ауди­тор ре­т­ін­де неме­се Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа қа­ты­су­шы ел­дер­де мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­тын­да ат­те­стат­тал­ған және осы ба­ғыт­та ке­мін­де үш жыл жұ­мыс іс­тей­тін са­рап­шы-ауди­тор­да сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі ор­ган­да прак­ти­ка­лық да­яр­ла­удан (та­ғы­лым­да­ма­дан) өту. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ат­те­стат­тау ба­ғыт­та­ры бой­ын­ша прак­ти­ка­лық да­яр­ла­удан (та­ғы­лым­да­ма­дан) өту үшін жағ­дай­лар бол­ма­ған кез­де ха­лы­қа­ра­лық са­рап­шы-ауди­тор ре­т­ін­де неме­се Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа қа­ты­су­шы ел­дер­де ат­те­стат­та­удың мә­лім­дел­ген ба­ғы­тын­да ат­те­стат­тал­ған және осы ба­ғыт­та ке­мін­де үш жыл жұ­мыс іс­тей­тін са­рап­шы-ауди­тор­дан прак­ти­ка­лық да­яр­ла­удан (та­ғы­лым­да­ма­дан) өту­ге жол бе­рі­ле­ді. Мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­тын­да та­ғы­лым­да­ма­дан өт­ке­ні ту­ра­лы ке­мін­де бес есеп (ке­мін­де екі түр­лі схе­ма бой­ын­ша сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі жұ­мыстар ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қо­са ал­ған­да) неме­се бір схе­ма бой­ын­ша се­ри­я­лық өн­ді­рі­ле­тін өнім­нің неме­се пар­ти­я­лық өнім­нің сәй­кест­і­гін рас­тау жө­нін­де­гі ке­мін­де же­ті есеп мә­лі­мет­те­рі­нің ны­са­ны. Ха­лы­қа­ра­лық са­рап­шы-ауди­тор ре­т­ін­де неме­се Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа қа­ты­су­шы ел­дер­де ат­те­стат­та­удың мә­лім­дел­ген ба­ғы­тын­да сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат (ха­лы­қа­ра­лық са­рап­шы-ауди­тор неме­се Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа қа­ты­су­шы ел­дер­де ат­те­стат­тал­ған са­рап­шы-ауди­тор­да та­ғы­лым­да­ма­дан өт­кен жағ­дай­да). Мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­тын­да прак­ти­ка­лық да­яр­ла­удан (та­ғы­лым­да­ма­дан) өту сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі са­рап­шы-ауди­тор­ға үміт­кер же­ке тұл­ға сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі объ­ек­ті­ге ба­ру ар­қы­лы да­яр­лау (қай­та да­яр­лау) жө­нін­де­гі кур­стар аяқ­тал­ған­нан кей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тө­тен­ше жағ­дай жа­ри­я­лан­ған, ка­ран­т­ин­дік ре­жим ен­гі­зі­л­ген, ка­ран­тин және (неме­се) шек­теу іс – ша­ра­ла­ры бел­гі­лен­ген жағ­дай­да мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­тын­да қа­шық­тық­тан өту ре­жи­мін­де прак­ти­ка­лық да­яр­ла­удан (та­ғы­лым­да­ма­дан) өту­ге рұқ­сат еті­ле­ді. 2. Ме­недж­мент жүй­е­ле­рі­нің сәй­кест­і­гін рас­тау жө­нін­де­гі са­рап­шы-ауди­тор­ға үміт­кер же­ке тұ­лға­лар­ға қой­ы­ла­тын рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры 1 *Са­рап­шы-ауди­тор­ға үміт­кер же­ке тұл­ға­да жо­ға­ры бі­лі­мі­нің бо­луы. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – тамақ өнеркәсібіне қатысты өндірістік және өңдеу салаларын даярлау бағытында жоғары білімінің немесе мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы. Энергетикалық менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – энергетикаға қатысты инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларын даярлау бағытында жоғары білімінің немесе мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы. Киберқауіпсіздік менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – киберқауіпсіздік, цифрлық технологиялар, физика-математика ғылымдары бағытында жоғары білімінің немесе мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы. Экологиялық менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – қоршаған орта, жерге орналастыру, су ресурстары және су пайдалану, физикалық және химиялық, биологиялық ғылымдар даярлау бағытында жоғары білімінің немесе мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы. Медициналық бұйымдардың сапа менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – медицина, денсаулық сақтау, фармация, фармацевтикалық өндіріс технологиясы, биология және биотехнология немесе инженерлік және өңдеу салалары бағытында жоғары білімінің болуы. Активтерді басқару менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес бағытында жоғары білімінің болуы. Жеткізу тізбегінің қауіпсіздік менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, көлік, логистика, көлік тасымалын, қозғалысын және пайдалануды ұйымдастыру бағытында жоғары білімінің болуы. Жылжымайтын мүлік объектілерін басқару менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – қаржы, экология, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, кадастр, жерге орналастыру бағытында жоғары білімінің болуы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы- аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – құқық, әлеуметтік ғылымдар, бизнес, қаржы, экономика бағытында жоғары білімінің болуы. Жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – құқық, әскери іс, әлеуметтік ғылымдар бағытында жоғары білімінің болуы. Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғалар үшін-өндірістерде, сондай-ақ инженерлік, өңдеуші және өнеркәсіп салаларында, педагогикалық және жаратылыстану ғылымдарында, әскери істерде еңбекті қорғау және гигиена бағыттары бойынша жоғары білімнің болуы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында жұмыс тәжірибесі болған жағдайда немесе аттестаттаудың мәлімделген бағытына сәйкес стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы. Егер білімі аттестаттаудың мәлімделген бағытына сәйкес келмеген жағдайда, аттестаттаудың мәлімделген бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы. Мә­лі­мет­тер ны­са­ны. 2 Ма­манды­ғы бой­ын­ша ке­мін­де үш жыл жұ­мыс өті­лі, оның ішін­де ат­те­стат­та­удың мә­лім­дел­ген ба­ғы­тын­да ке­мін­де екі жыл, ат­те­стат­та­удың мә­лім­дел­ген ба­ғы­тын­да сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ма­ман ре­т­ін­де сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі ор­ган­да неме­се са­рап­шы-ауди­тор ре­т­ін­де ке­мін­де үш жыл. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­тын­да сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі ор­ган­дар бол­ма­ған кез­де мә­лім­де­ле­тін қыз­мет ба­ғы­тын­да ке­мін­де бес жыл жұ­мыс өті­ліне жол бе­рі­ле­ді. Мә­лі­мет­тер ны­са­ны, ауда­рым­дар­дың тү­су кө­зін көр­се­те оты­рып, же­ке зей­не­та­қы шо­ты­нан үзін­ді кө­шір­ме. Ат­те­стат­та­удың мә­лім­дел­ген ба­ғы­тын­да­ғы сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі ор­ган­да сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ма­ман ре­т­ін­де ат­те­стат­та­удың мә­лім­дел­ген ба­ғы­тын­да­ғы жұ­мыс өті­лі сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі ор­ган­ның ак­кре­дит­теу ма­те­ри­ал­да­рын­да­ғы сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі ор­ган­ның кадр құ­ра­мы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­мен рас­та­ла­ды. 3 *Тех­ни­ка­лық рет­теу са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­ды да­яр­ла­уды (қай­та да­яр­ла­уды) және олар­дың бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру­ды жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар­дың ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­л­ген ұй­ым­да мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­тын­да да­яр­лау (қай­та да­яр­лау) кур­ста­ры­нан өту және «Тех­ни­ка­лық рет­теу са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­ды да­яр­лау (қай­та да­яр­лау) және олар­дың бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру­ды жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар. Жал­пы та­лап­тар» 1.45 ҚР СТ бел­гі­лен­ген тәр­тіп­те те­сті­леу. Ме­недж­мент жүй­е­ле­рі­нің сәй­кест­і­гін рас­тау жө­нін­де­гі са­рап­шы-ауди­тор­ға үміт­кер же­ке тұ­лға­лар­ды да­яр­лау, қай­та да­яр­лау кур­ста­рын өт­кі­зу ұз­ақ­тығы ке­мін­де сек­сен ака­де­ми­я­лық са­ғат­ты құ­рай­ды. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ат­те­стат­та­удың жа­ңа ба­ғыт­та­ры бой­ын­ша да­яр­лау, қай­та да­яр­лау жө­нін­де­гі кур­стар­дан өту үшін жағ­дай­лар бол­ма­ған кез­де ке­мін­де қы­рық ака­де­ми­я­лық са­ғат кө­ле­мін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­де кур­стар­дан өту­ге рұқ­сат еті­ле­ді. Мә­лі­мет­тер ны­са­ны. Ме­недж­мент жүй­е­ле­рі­нің сәй­кест­і­гін рас­тау жө­нін­де­гі са­рап­шы-ауди­тор­лар­ды да­яр­лау (қай­та да­яр­лау) жө­нін­де­гі ку­ә­лік­тер­дің қол­да­ны­лу мер­зі­мі – екі жыл. 4 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік Тех­ни­ка­лық рет­теу жүй­е­сін­де са­рап­шы-ауди­тор ре­т­ін­де ат­те­стат­тал­ған және осы ба­ғыт­та ке­мін­де үш жыл жұ­мыс іс­тей­тін са­рап­шы-ауди­тор­дың өті­ніш бе­рі­л­ген ат­те­стат­тау ба­ғы­тын­да прак­ти­ка­лық да­яр­лық­тан (та­ғы­лым­да­ма­дан) өтуі. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ат­те­стат­тау ба­ғыт­та­ры бой­ын­ша прак­ти­ка­лық да­яр­лық­тан (та­ғы­лым­да­ма­дан) өту үшін жағ­дай­лар бол­ма­ған кез­де ха­лы­қа­ра­лық са­рап­шы-ауди­тор ре­т­ін­де неме­се Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа қа­ты­су­шы ел­дер­де ат­те­стат­та­удың мә­лім­дел­ген ба­ғы­тын­да ат­те­стат­тал­ған және осы ба­ғыт­та ке­мін­де екі жыл жұ­мыс іс­тей­тін са­рап­шы-ауди­тор-дан прак­ти­ка­лық да­яр­лық­тан (та­ғы­лым­да­ма­дан) өту­ге жол бе­рі­ле­ді. Мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­тын­да та­ғы­лым­да­ма­дан өт­ке­ні ту­ра­лы жал­пы ұз­ақ­тығы ке­мін­де жиыр­ма жұ­мыс кү­ні бо­ла­тын төрт есеп­тен кем емес мә­лі­мет­тер ны­са­ны (құ­жат­та­ма­ны тал­да­уды, тек­се­ру­лер­ге қа­ты­су­ды және олар ту­ра­лы есеп­тер жа­са­уды қо­са ал­ған­да). Ат­те­стат­та­удың мә­лім­дел­ген ба­ғы­тын­да та­ғы­лым­да­ма­дан өт­ке­ні ту­ра­лы ке­мін­де бес есеп­тің (ке­мін­де екі түр­лі схе­ма бой­ын­ша сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі жұ­мыстар ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қо­са ал­ған­да) неме­се бір схе­ма бой­ын­ша се­ри­я­лық өн­ді­рі­ле­тін өнім­нің сәй­кест­і­гін рас­тау жө­нін­де­гі ке­мін­де же­ті есеп­тің мә­лі­мет­тер ны­са­ны. Ха­лы­қа­ра­лық са­рап­шы-ауди­тор ре­т­ін­де неме­се Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа қа­ты­су­шы ел­дер­де ат­те­стат­та­удың мә­лім­дел­ген ба­ғы­тын­да сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат. (ха­лы­қа­ра­лық са­рап­шы-ауди­тор неме­се Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа қа­ты­су­шы ел­дер­де ат­те­стат­тал­ған са­рап­шы-ауди­тор­да та­ғы­лым­да­ма­дан өт­кен жағ­дай­да). Ат­те­стат­та­удың мә­лім­дел­ген ба­ғы­тын­да прак­ти­ка­лық да­яр­лық­тан (та­ғы­лым­да­ма­дан) өту сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі са­рап­шы-ауди­тор­лар­ға үміт­кер же­ке тұл­ға­ның дай­ын­дық (қай­та да­яр­лау) және оқы­ту ұй­ы­мы да­яр­лау (қай­та да­яр­лау) және бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру жө­нін­де­гі ку­ә­лік­ті бер­ген­нен кей­ін сәй­кест­ікті рас­тау объ­ек­ті­сіне ба­руы­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Тө­тен­ше жағ­дай жа­ри­я­лан­ған, ка­ран­т­ин­дік ре­жим ен­гі­зі­л­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ка­ран­тин және (неме­се) шек­теу іс-ша­ра­ла­ры бел­гі­лен­ген жағ­дай­да қа­шық­тан ре­жим­де ат­те­стат­та­удың мә­лім­дел­ген ба­ғы­тын­да прак­ти­ка­лық да­яр­лық­тан (та­ғы­лым­да­ма­дан) өту­ге жол бе­рі­ле­ді. 3. Қыз­мет­тер­дің сәй­кест­і­гін рас­тау жө­нін­де­гі са­рап­шы-ауди­тор­ға үміт­кер же­ке тұ­лға­лар­ға қой­ы­ла­тын рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры 1 *Мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­ты­на сәй­кес ке­ле­тін жо­ға­ры бі­лі­мі­нің бо­луы неме­се стан­дарт­тау, сер­ти­фи­кат­тау және мет­ро­ло­гия (са­ла­лар бой­ын­ша) ма­манды­ғы бой­ын­ша жо­ға­ры бі­лі­мі­нің бо­луы. Егер бі­лі­мі мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­ты­на сәй­кес кел­ме­ген жағ­дай­да, мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­ты бой­ын­ша сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ма­ман ре­т­ін­де ке­мін­де бес жыл жұ­мыс өті­лі­нің бо­луы. Мә­лі­мет­тер ны­са­ны. 2 Ма­манды­ғы бой­ын­ша жұ­мыс өті­лі ке­мін­де үш жыл, оның ішін­де сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі ор­ган­да ат­те­стат­та­удың мә­лім­дел­ген ба­ғы­тын­да ке­мін­де екі жыл неме­се ат­те­стат­та­удың мә­лім­дел­ген ба­ғы­тын­да са­рап­шы-ауди­тор ре­т­ін­де жұ­мыс өті­лі ке­мін­де үш жыл. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі ор­ган­дар бол­ма­ған кез­де ат­те­стат­та­удың мә­лім­дел­ген ба­ғы­тын­да қыз­мет­тің мә­лім­дел­ген ба­ғы­тын­да ке­мін­де бес жыл жұ­мыс өті­ліне жол бе­рі­ле­ді. Мә­лі­мет­тер ны­са­ны. 3 *Тех­ни­ка­лық рет­теу са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­ды да­яр­ла­уды (қай­та да­яр­ла­уды) және олар­дың бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру­ды жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар­дың ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­л­ген ұй­ым­да мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­тын­да да­яр­лау (қай­та да­яр­лау) кур­ста­ры­нан өту және «Тех­ни­ка­лық рет­теу са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­ды да­яр­лау (қай­та да­яр­лау) және бі­лік­ті­лі­гін жо­ға­ры­ла­ту. Жал­пы та­лап­тар» 1.45 ҚР СТ бел­гі­лен­ген тәр­тіп­те те­сті­леу. Өнім­нің сәй­кест­і­гін рас­тау жө­нін­де­гі са­рап­шы-ауди­тор­ға үміт­кер же­ке тұ­лға­лар­ды да­яр­лау жө­нін­де­гі кур­стар­ды өт­кі­зу ұз­ақ­тығы сек­сен ака­де­ми­я­лық са­ғат­тан кем емес уа­қыт­ты құ­рай­ды. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ат­те­стат­та­удың жа­ңа ба­ғыт­та­ры бой­ын­ша да­яр­лау, қай­та да­яр­лау жө­нін­де­гі кур­стар­дан өту үшін жағ­дай­лар бол­ма­ған кез­де ке­мін­де ака­де­ми­я­лық қы­рық са­ғат кө­ле­мін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­де кур­стар­дан өту­ге рұқ­сат еті­ле­ді. Мә­лі­мет­тер ны­са­ны. Қыз­мет­тер­дің сәй­кест­і­гін рас­тау бой­ын­ша са­рап­шы-ауди­тор­лар­ды да­яр­лау (қай­та да­яр­лау) жө­нін­де­гі ку­ә­лік­тер­дің қол­да­ны­лу мер­зі­мі – екі жыл. 4 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік Тех­ни­ка­лық рет­теу жүй­е­сін­де са­рап­шы-ауди­тор ре­т­ін­де ат­те­стат­тал­ған және осы ба­ғыт­та ке­мін­де үш жыл жұ­мыс іс­тей­тін неме­се ха­лы­қа­ра­лық са­рап­шы-ауди­тор ре­т­ін­де неме­се Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа қа­ты­су­шы ел­дер­де (рас­тай­тын құ­жат­ты қо­са бе­ре оты­рып) мә­лім­де­ле­тін са­рап­шы-ауди­тор­лар­ды ат­те­стат­тау ба­ғы­тын­да ат­те­стат­тал­ған және осы ба­ғыт­та ке­мін­де үш жыл жұ­мыс іс­тей­тін са­рап­шы-ауди­тор­дан мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­тын­да сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі ор­ган­да прак­ти­ка­лық да­яр­ла­удан (та­ғы­лым­да­ма­дан) өту. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ат­те­стат­тау ба­ғыт­та­ры бой­ын­ша прак­ти­ка­лық да­яр­ла­удан (та­ғы­лым­да­ма­дан) өту үшін жағ­дай­лар бол­ма­ған кез­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­де ке­мін­де қы­рық ака­де­ми­я­лық са­ғат прак­ти­ка­лық да­яр­ла­удан (та­ғы­лым­да­ма­дан) өту­ге рұқ­сат еті­ле­ді. Мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­тын­да та­ғы­лым­да­ма­дан өт­ке­ні ту­ра­лы ке­мін­де бес есеп бе­ре­тін мә­лі­мет­тер ны­са­ны (сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі жұ­мыстар ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қо­са ал­ған­да). Ха­лы­қа­ра­лық са­рап­шы-ауди­тор ре­т­ін­де неме­се Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа қа­ты­су­шы ел­дер­де ат­те­стат­та­удың мә­лім­дел­ген ба­ғы­тын­да сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат. (ха­лы­қа­ра­лық са­рап­шы-ауди­тор неме­се Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа қа­ты­су­шы ел­дер­де ат­те­стат­тал­ған са­рап­шы-ауди­тор­да та­ғы­лым­да­ма­дан өт­кен жағ­дай­да). Ат­те­стат­та­удың мә­лім­дел­ген ба­ғы­тын­да прак­ти­ка­лық да­яр­ла­удан (та­ғы­лым­да­ма­дан) өту сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі са­рап­шы-ауди­тор­лар­ға үміт­кер же­ке тұл­ға­ның дай­ын­дық (қай­та да­яр­лау) және оқы­ту ұй­ы­мы да­яр­лау (қай­та да­яр­лау) және бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру жө­нін­де­гі ку­ә­лік­ті бер­ген­нен кей­ін сәй­кест­ікті рас­тау объ­ек­ті­сіне ба­руы­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Тө­тен­ше жағ­дай жа­ри­я­лан­ған, ка­ран­т­ин­дік ре­жим ен­гі­зі­л­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ка­ран­тин және (неме­се) шек­теу іс-ша­ра­ла­ры бел­гі­лен­ген жағ­дай­да қа­шық­тан ре­жим­де ат­те­стат­та­удың мә­лім­дел­ген ба­ғы­тын­да прак­ти­ка­лық да­яр­ла­удан (та­ғы­лым­да­ма­дан) өту­ге жол бе­рі­ле­ді. 4. Пер­со­нал­ды рас­тау жө­нін­де­гі са­рап­шы-ауди­тор­ға үміт­кер же­ке тұ­лға­лар­ға қой­ы­ла­тын рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры 1 * Мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­ты­на сәй­кес ке­ле­тін жо­ға­ры бі­лі­мі­нің бо­луы. Егер бі­лі­мі мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­ты­на сәй­кес кел­ме­ген жағ­дай­да, мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­ты бой­ын­ша са­рап­шы-ауди­тор ре­т­ін­де ке­мін­де бес жыл жұ­мыс өті­лі­нің бо­луы. Мә­лі­мет­тер ны­са­ны. 2 Мә­лім­де­ле­тін қыз­мет ба­ғы­тын­да ма­манды­ғы бой­ын­ша ке­мін­де үш жыл неме­се мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­тын­да сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі ор­ган­да ке­мін­де үш жыл жұ­мыс өті­лі. Мә­лі­мет­тер ны­са­ны. 3 *Тех­ни­ка­лық рет­теу са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­ды да­яр­ла­уды (қай­та да­яр­ла­уды) және олар­дың бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру­ды жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар­дың ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­л­ген ұй­ым­да мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­тын­да да­яр­лау (қай­та да­яр­лау) кур­ста­ры­нан өту және «Тех­ни­ка­лық рет­теу са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­ды да­яр­лау (қай­та да­яр­лау) және бі­лік­ті­лі­гін жо­ға­ры­ла­ту. Жал­пы та­лап­тар» 1.45 ҚР СТ бел­гі­лен­ген тәр­тіп­те те­сті­леу. Өнім­нің сәй­кест­і­гін рас­тау жө­нін­де­гі са­рап­шы-ауди­тор­ға үміт­кер же­ке тұ­лға­лар­ды да­яр­лау жө­нін­де­гі кур­стар­ды өт­кі­зу ұз­ақ­тығы сек­сен ака­де­ми­я­лық са­ғат­тан кем емес уа­қыт­ты құ­рай­ды. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да да­яр­лау, қай­та да­яр­лау жө­нін­де­гі кур­стар­дан өту үшін жағ­дай­лар бол­ма­ған кез­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­де ке­мін­де ака­де­ми­я­лық қы­рық са­ғат кө­ле­мін­де кур­стар­дан өту­ге рұқ­сат еті­ле­ді. Мә­лі­мет­тер ны­са­ны. Пер­со­нал­дың сәй­кест­і­гін рас­тау жө­нін­де­гі са­рап­шы-ауди­тор­лар­ды да­яр­лау (қай­та да­яр­лау) жө­нін­де­гі ку­ә­лік­тер­дің қол­да­ны­лу мер­зі­мі – екі жыл. 4 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік тех­ни­ка­лық рет­теу жүй­е­сін­де са­рап­шы-ауди­тор ре­т­ін­де ат­те­стат­тал­ған және осы ба­ғыт­та ке­мін­де екі жыл жұ­мыс іс­тей­тін са­рап­шы-ауди­тор­дың сәй­кест­і­гін рас­тау жө­нін­де­гі ор­ган­да са­рап­шы-ауди­тор­лар­ды ат­те­стат­та­удың мә­лім­дел­ген ба­ғы­тын­да прак­ти­ка­лық да­яр­лық­тан (та­ғы­лым­да­ма­дан) өту. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да прак­ти­ка­лық да­яр­ла­удан (та­ғы­лым­да­ма­дан) өту үшін жағ­дай­лар бол­ма­ған кез­де ти­іс­ті ба­ғыт­тар бой­ын­ша кә­сі­би қа­уым­да­стық­тар­дың ұсы­ным­да­ры­на рұқ­сат еті­ле­ді. Мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау са­ла­сын­да та­ғы­лым­да­ма­дан өт­ке­ні ту­ра­лы ке­мін­де үш есеп неме­се ти­іс­ті ба­ғыт­тар бой­ын­ша кә­сі­би қа­уым­да­стық­тар­дың ұсы­ным­да­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер ны­са­ны Са­рап­шы-ауди­тор­лар­ды ат­те­стат­та­удың мә­лім­де­ле­тін ба­ғы­тын­да прак­ти­ка­лық да­яр­ла­удан (та­ғы­лым­да­ма­дан) өту да­яр­лау (қай­та да­яр­лау) жө­нін­де­гі кур­стар аяқ­тал­ған­нан кей­ін сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі са­рап­шы-ауди­тор­ға үміт­кер же­ке тұл­ға­ның сәй­кест­ікті рас­тау объ­ек­ті­сіне ба­руы­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тө­тен­ше жағ­дай жа­ри­я­лан­ған, ка­ран­т­ин­дік ре­жим ен­гі­зі­л­ген, ка­ран­тин және (неме­се) шек­теу іс- ша­ра­ла­ры бел­гі­лен­ген жағ­дай­да мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­тын­да қа­шық­тық­тан өту ре­жи­мін­де прак­ти­ка­лық да­яр­ла­удан (та­ғы­лым­да­ма­дан) өту­ге рұқ­сат еті­ле­ді. 5. Про­це­стің сәй­кест­і­гін рас­тау жө­нін­де­гі са­рап­шы-ауди­тор­ға үміт­кер же­ке тұ­лға­лар­ға қой­ы­ла­тын рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры 1 * Мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­ты­на сәй­кес ке­ле­тін жо­ға­ры бі­лі­мі­нің бо­луы. Егер бі­лі­мі мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­ты­на сәй­кес кел­ме­ген жағ­дай­да, мә­лім­де­ле­тін қыз­мет ба­ғы­тын­да ке­мін­де бес жыл жұ­мыс өті­лі­нің бо­луы. Мә­лі­мет­тер ны­са­ны. 2 Ма­манды­ғы бой­ын­ша жұ­мыс өті­лі ке­мін­де үш жыл, оның ішін­де сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі ор­ган­да мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­тын­да ке­мін­де екі жыл неме­се мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­тын­да жұ­мыс өті­лі ке­мін­де үш жыл. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да са­рап­шы-ауди­тор­лар­ды ат­те­стат­та­удың мә­лім­де­ле­тін ба­ғы­тын­да про­це­стің сәй­кест­і­гін рас­тау жө­нін­де­гі ор­ган­дар бол­ма­ған кез­де мә­лім­де­ле­тін қыз­мет ба­ғы­тын­да ке­мін­де бес жыл жұ­мыс өті­ліне рұқ­сат еті­ле­ді. Мә­лі­мет­тер ны­са­ны. 3 *Тех­ни­ка­лық рет­теу са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­ды да­яр­ла­уды (қай­та да­яр­ла­уды) және олар­дың бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру­ды жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар­дың ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­л­ген ұй­ым­да мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­тын­да да­яр­лау (қай­та да­яр­лау) кур­ста­ры­нан өту және «Тех­ни­ка­лық рет­теу са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­ды да­яр­лау (қай­та да­яр­лау) және бі­лік­ті­лі­гін жо­ға­ры­ла­ту. Жал­пы та­лап­тар» 1.45 ҚР СТ бел­гі­лен­ген тәр­тіп­те те­сті­леу. Өнім­нің сәй­кест­і­гін рас­тау жө­нін­де­гі са­рап­шы-ауди­тор­ға үміт­кер же­ке тұ­лға­лар­ды да­яр­лау жө­нін­де­гі кур­стар­ды өт­кі­зу ұз­ақ­тығы сек­сен ака­де­ми­я­лық са­ғат­тан кем емес уа­қыт­ты құ­рай­ды. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да да­яр­лау, қай­та да­яр­лау жө­нін­де­гі кур­стар­дан өту үшін жағ­дай­лар бол­ма­ған кез­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­де ке­мін­де ака­де­ми­я­лық қы­рық са­ғат кө­ле­мін­де кур­стар­дан өту­ге рұқ­сат еті­ле­ді. Мә­лі­мет­тер ны­са­ны. Про­це­стің сәй­кест­і­гін рас­тау жө­нін­де­гі са­рап­шы-ауди­тор­лар­ды да­яр­лау (қай­та да­яр­лау) жө­нін­де­гі ку­ә­лік­тер­дің қол­да­ны­лу мер­зі­мі – екі жыл. 4. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік тех­ни­ка­лық рет­теу жүй­е­сін­де са­рап­шы-ауди­тор ре­т­ін­де ат­те­стат­тал­ған және осы ба­ғыт­та ке­мін­де үш жыл жұ­мыс іс­тей­тін са­рап­шы-ауди­тор­да сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі ор­ган­да мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­тын­да прак­ти­ка­лық да­яр­ла­удан (та­ғы­лым­да­ма­дан) өту.. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ат­те­стат­тау ба­ғыт­та­ры бой­ын­ша прак­ти­ка­лық да­яр­ла­удан (та­ғы­лым­да­ма­дан) өту үшін жағ­дай­лар бол­ма­ған кез­де ха­лы­қа­ра­лық са­рап­шы-ауди­тор ре­т­ін­де неме­се Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа қа­ты­су­шы ел­дер­де ат­те­стат­та­удың мә­лім­дел­ген ба­ғы­тын­да ат­те­стат­тал­ған және осы ба­ғыт­та ке­мін­де үш жыл жұ­мыс іс­тей­тін са­рап­шы-ауди­тор-дан прак­ти­ка­лық да­яр­ла­удан (та­ғы­лым­да­ма­дан) өту­ге жол бе­рі­ле­ді. Мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­тын­да та­ғы­лым­да­ма­дан өт­ке­ні ту­ра­лы ке­мін­де үш есеп бе­ре­тін мә­лі­мет­тер ны­са­ны (ке­мін­де екі түр­лі схе­ма бой­ын­ша сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі жұ­мыстар ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қо­са ал­ған­да). Ха­лы­қа­ра­лық са­рап­шы-ауди­тор ре­т­ін­де неме­се Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа қа­ты­су­шы ел­дер­де ат­те­стат­та­удың мә­лім­дел­ген ба­ғы­тын­да сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат. (ха­лы­қа­ра­лық са­рап­шы-ауди­тор неме­се Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа қа­ты­су­шы ел­дер­де ат­те­стат­тал­ған са­рап­шы-ауди­тор­да та­ғы­лым­да­ма­дан өт­кен жағ­дай­да). Мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­тын­да прак­ти­ка­лық да­яр­ла­удан (та­ғы­лым­да­ма­дан) өту да­яр­лау (қай­та да­яр­лау) жө­нін­де­гі кур­стар аяқ­тал­ған­нан кей­ін сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі са­рап­шы-ауди­тор­ға үміт­кер же­ке тұл­ға­ның сәй­кест­ікті рас­тау объ­ек­ті­сіне ба­руы­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тө­тен­ше жағ­дай жа­ри­я­лан­ған, ка­ран­т­ин­дік ре­жим ен­гі­зі­л­ген, ка­ран­тин және (неме­се) шек­теу іс- ша­ра­ла­ры бел­гі­лен­ген жағ­дай­да мә­лім­де­ле­тін ат­те­стат­тау ба­ғы­тын­да қа­шық­тық­тан өту ре­жи­мін­де прак­ти­ка­лық да­яр­ла­удан (та­ғы­лым­да­ма­дан) өту­ге рұқ­сат еті­ле­ді. Ескертпе: * Жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының жіктелуіне сәйкес.
Басқа 1-1. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны
Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымша Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны _______________________________________________________________ (аттестаттаудың мәлімделетін бағыты) Толтырылған күні___________________________________________________ Жеке деректері: Тегі_______________________________________________________________ Аты_______________________________________________________________ Әкесінің аты (бар болса)_____________________________________________ Туған жылы________________________________________________________ Жеке сәйкестендіру нөмірі___________________________________________ Білімі _____________________________________________________________ Аяқтаған оқу орнының атауы_________________________________________ Аяқтаған жылы_____________________________________________________ Білімі туралы құжаттың (диплом) нөмірі________________________________ (шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаты бар болса, Қазақстан Республикасының аумағында заңнамамен белгіленген тәртіппен білім беру туралы құжатты нострификациялау туралы мәліметтерді көрсету) Диплом бойынша мамандығы_________________________________________ Диплом бойынша біліктілігі__________________________________________ Ғылыми дәрежесі (бар болса) _________________________________________ Аттестаты (бар болса) _______________________________________________ (сарапшы-аудитордың) 20 ____ жылы «___» ______________ № __________________________берілген Жұмыс орны _______________________________________________________ Лауазымы_________________________________________________________ телефоны__________________________________________________________ Тұрғылықты мекенжайы_____________________________________________ 2. Жұмыс өтілінің бар екендігі туралы деректер: Кү­ні Ұй­ым ата­уы, ла­у­а­зы­мы Негіз­гі мін­дет­те­ме­ле­рі ба­ста­луы аяқ­та­луы 3. Сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысқандығы (практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өтуі) туралы деректер: Жұ­мыстар жүр­гі­зу ке­зе­ңі Тек­се­рі­ле­тін ұй­ым­ның ата­уы және ме­кен­жайы Орын­дал­ған жұ­мыстар тіз­бе­сі 4. Даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өткендігі туралы деректер: Кур­стар­дан өту кү­ні Оқу тү­рі, са­ғат са­ны Ма­ман­да­нуы (қыз­мет ба­ғы­ты) Ку­ә­лік­тің нө­мі­рі және бе­рі­л­ген кү­ні Оқы­ту­ды өт­кіз­ген оқу ор­та­лы­ғы
Басқа 2. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданылуын ұзарту және «Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 399-НҚ бұйрығына 2-қосымша Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданылуын ұзарту және «Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданылуын ұзарту және «Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Техникалық реттеу туралы Заң) 7-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданылуын ұзарту және «Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар – осы Қағидаларға сәйкес тәртіппен аттестатталған жеке тұлғалар;
Тармақша 2
2) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – техникалық реттеу саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 3
3) «цифрлық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – Нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын цифрлық жүйе.
Тарау 2. 2-тарау. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданылуын ұзарту және «Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
2-тарау. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданылуын ұзарту және «Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
Тармақ 3
3. «Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тармақ 4
4. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау үшін уәкілетті орган кемінде бес адамнан тұратын сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссия құрады. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына дауыс беру құқығынсыз уәкілетті органның, аккредиттеу жөніндегі органның, сондай-ақ Қоғамдық кеңестің өкілдері байқаушы ретінде енгізіледі.
Тармақ 5
5. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатын алу үшін сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды жолдайды: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш; осы Бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны; мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағылымдамадан өту туралы есептердің (бұдан әрі – есеп) электрондық көшірмелері, мынадай мөлшерде: өнім бойынша – кемінде екі түрлі схема бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда, кемінде бес есеп немесе бір схема бойынша сериялық өндірілетін өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі кемінде бес есеп; көрсетілетін қызметтер бойынша (сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) – кемінде бес есеп; менеджмент жүйесі бойынша – тағылымдамалардың жалпы ұзақтығы кемінде жиырма жұмыс күні болатын төрт есеп (құжаттаманы талдауды, тексерулерге қатысуды және олар туралы есептер жасауды қоса алғанда); персонал бойынша – кемінде үш есеп немесе тиісті бағыттар бойынша кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдары; процесс бойынша – мәлімделетін аттестаттау бағытындағы кемінде үш есеп (сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда). Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау бағыттары осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатын алу үшін сарапшы-аудиторларға үміткер шетел азаматы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы мынадай қосымша құжаттарды жолдайды: Қазақстан Республикасының аумағында уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсат; Қазақстан Республикасының сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органда еңбек қызметін растайтын құжат; Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жұмыс берушімен еңбек қатынастарын бұзу туралы растайтын құжат; олардың азаматтығы бар елдің (олар тұрақты тұратын елдер – азаматтығы жоқ адамдар үшін) не кандидат соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрақты тұрған елдің мемлекеттік органы берген елде немесе тұрақты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) қылмыс жасағаны үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы туралы құжатының электрондық көшірмесі. Көрсетілген құжаттың берілген күні өтінішхат берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құж атта оның өзге қолданылу мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға қатысты растайтын құжаттарды беру көзделмесе, онда тиісті растау уәкілетті органның атына азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен жолданады.
Тармақ 6
6. Аттестаттан айырылған немесе тоқтатыла тұрған немесе мерзімі өткен сарапшы-аудиторларды қоспағанда, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатының қолданысын ұзарту үшін аттестаттау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күнде көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы мынадай құжаттарды жолдайды: осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш; осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында сарапшы-аудитор аттестатының қолданысын ұзартуға беретін жеке тұлғаның мәліметтер нысаны; осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделетін аттестаттау бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есептің электрондық көшірмесі.
Тармақ 7
7. Бұрын аттестатталған сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар «Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдар. Жалпы талаптар» ҚР СТ 1.45-те белгіленген тәртіппен Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізілген ұйымда кемінде 40 (қырық) академиялық сағат көлемінде мәлімделетін аттестаттау бағытында біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
Тармақ 8
8. Атын немесе тегін ауыстыруға байланысты сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатына өзгерістер енгізу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы редакциялауға еркін нысандағы өтініш жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші редакциялауға өтінішті ол тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарайды.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті беруші жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Тармақ 10
10. «Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес келтірілген.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды және (немесе) мәліметтерді қабылдау туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Көрсетілетін қызметті беруші электрондық құжаттар және (немесе) мәліметтер келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 84-бабына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Көрсетілетін қызметті беруші тіркелген сәттен бастап ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші Заңның 19-бабына сәйкес 1 (бір) жұмыс күні ішінде сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның қарауынсыз өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында хабарлама жолдайды.
Тармақ 14
14. Осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатын (бұдан әрі – аттестат) беру не аттестаттың қолданылу мерзімін 5 (бес) жылға ұзарту не осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.
Тармақ 15
15. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатын беру, мерзімін ұзарту не бас тарту туралы дәлелді жауап беру үшін негіз болып табылады.
Тармақ 16
16. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында жіберіледі және сақталады.
Тармақ 17
17. Заңның 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Техникалық реттеу саласындағы заңнаманың, осы Қағидалардың талаптарына, сондай-ақ осы Бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеуі;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
Тармақша 3-1
3-1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
Тармақша 4
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы.
Тармақ 18
18. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті қарау мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылығын ұсынады немесе айтады.
Тармақ 19
19. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау бес жылда бір рет жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау аттестаттан айырылған күннен бастап екі жыл өткен соң жүргізіледі.
Тармақ 21
21. Тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде аяқталатын сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар аттестаттарының қолданысын тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шараларының, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қолданылу кезеңіне және оның күші жойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күнге ұзартады.
Тармақ 22
22. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде түседі.
Тармақ 23
23. Цифрлық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақаулардың туындауын анықтаған сәттен бастап дереу sd@nitec.kz электрондық поштасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жіберу арқылы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, өтініштің әкімшілік құжатының нөмірі мен коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі бойынша ақпарат міндетті түрде ұсыныла отырып, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, авторизация сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате туындаған сәтке дейінгі қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып «цифрлық үкімет» цифрлық инфрақұрылымы операторын хабардар етеді.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 24
24. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушыға әкімшілік актіні қабылдау немесе көрсетілетін қызметті берушінің іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасағаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей беріледі: шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға); мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға; мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға жатады: мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
Тармақша 1
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
Тармақша 2
2) қосымша ақпарат алу. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды. Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны қарайтын органға жолдайды. Шағымды көрсетілетін қызметті беруші шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік іс-әрекет жасалғанжағдайда шағымды қарайтын органға жолдамайды. Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 25
25. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы шағымды қарайтын басқа органға немесе ҚР ӘРПК 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.
Тармақ 26
26. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатының қолданылуын тоқтата тұру техникалық реттеу туралы Заңның 15-бабы 4-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 27
27. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатынан айыру (кері қайтарып алу) техникалық реттеу туралы Заңның 15-бабы 5-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Басқа 2.1. ________________________________________________________________ (аттестаттау органының толық атауы) ________________________________________________________________ (аттестаттау бағыты)
Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданылуын ұзарту және Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша ________________________________________________________________ (аттестаттау органының толық атауы) ________________________________________________________________ (аттестаттау бағыты) жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлға______________________ ________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы, жұмыс орны, мекенжайы, телефоны) Өтініш Мені _________________________________________________________________ (аттестаттау бағыты) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор ретінде аттестаттауды сұраймын. Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген сарапшы-аудиторларға қойылатын талаптарды толық орындауға міндеттенемін. Ақпараттық жүйелерде жазылған, заңмен қорғалатын мәліметтерді пайдалануға келісемін __________________________________________________ 20 __ жылғы «__» ____ (Электрондық цифрлық қолтаңба) Қоса беріліп отырған құжаттар 20 __ жылғы «__» ____ (Электрондық цифрлық қолтаңба)
Басқа 2.2. Тағылымдамадан өткені туралы есеп
Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданылуын ұзарту және «Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша соответствия» Нысан Форма Тағылымдамадан өткені туралы есеп ________________________________________________________ сәйкестікті растау жөніндегі (аттестаттаудың мәлімделетін бағыты) ________________________________________________________________________________ (сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________________________________________________________ (есептің мәтіні) Сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлға (тағылымдамадан өтуші) ________________________________________________________________________________ (тегі, аты-жөні) (қолы) Тағылымдама жетекшісінің пікір-мінездемесі: Бағалау саласы Бағалау (қанағаттанарлық, қанағаттарлықсыз) Білімі: Қазақстан Республикасы заңнамаларының негіздері Қазақстан Республикасының негізгі нормативтік құқықтық актілері мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар Жұмыстар мен тексерулер жүргізу әдістері мен рәсімдері, тексерілетін объектілердің сипаттамалары, оларды бағалау әдістері мен тәсілдері, есептерді, қажетті құжаттар мен жұмыс нәтижелері бойынша қорытындыларды дайындау Білімді іс жүзінде қолдана білу Жеке қасиеттерін іске асыру Жалпы баға Тағылымдама жетекшісі_______________________________________________________ (сарапшы-аудитор, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) аттестаттың тіркеу нөмірі және берілген күні) ____________________________________________________________________________ (сарапшы-аудитор ретіндегі лауазымы, жұмыс орны, жұмыс өтілі) ____________________________________________________________________________ (тағылымдама жетекшісінің қолы) (тағылымдама жетекшісінің тегі және аты-жөні) Ұйым басшысы ____________________________________________________________________________ (ұйым басшысының қолы) (ұйым басшысының тегі және аты-жөні) Мөр орны (бар болса) Ескертпе: Есеп мәтінінде:
Тармақша 1
1) тағылымдамадан өту күні (күндері), тағылымдама өткен ұйымның атауы және мекенжайы (Қазақстан Республикасының аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде тіркелген ұйымның аккредиттеу аттестатының нөмірі және қолданылу кезеңі), сондай-ақ қашықтықтан өту режимінде тағылымдамадан өткен жағдайда қашықтықтан өту режимінде тағылымдамадан өту себебі;
Тармақша 2
2) жұмыстар қандай қағидалар мен рәсімдерді анықтайтын құжаттарға сәйкес жүргізілгені;
Тармақша 3
3) тексерілетін тексеру объектісінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы шешім қабылдауға негіз болған құжаттарды (сертификаттау/декларация рәсімінің қорытындысы, сынау хаттамаларының нөмірлері) көрсете отырып, жұмыстарды жүргізу тәртібі;
Тармақша 4
4) сәйкестік сертификатын беру/беруден бас тарту туралы қабылданған шешім (тексерілетін ұйымның атауын және мекенжайын көрсете отырып).
Басқа 2.3. Сәйкестікті растау бойынша сарапшы-аудиторларды аттестаттау бағыттары
Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданылуын ұзарту және «Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша Сәйкестікті растау бойынша сарапшы-аудиторларды аттестаттау бағыттары
Тармақ 1
1. Өнімнің сәйкестігін растау:
Тармақша 1
1) машина жасау;
Тармақша 2
2) автокөлік құралдары;
Тармақша 3
3) металлургиялық;
Тармақша 4
4) радиотехникалық, электротехникалық және кабельдік;
Тармақша 5
5) электрондық және байланыс құралдары;
Тармақша 6
6) бағдарламалық құралдар мен дерекқорлар;
Тармақша 7
7) жеңіл өнеркәсіп;
Тармақша 8
8) құрылыс материалдары, конструкциялар мен бұйымдар, ағаш өңдеу;
Тармақша 9
9) жиһаз;
Тармақша 10
10) тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы өндірісі;
Тармақша 11
11) химия және тұрмыстық химия;
Тармақша 12
12) парфюмерлік-косметикалық және санитариялық-гигиеналық мақсаттағы;
Тармақша 13
13) мұнай және оны қайта өңдеу өнімдері;
Тармақша 14
14) газ және оны қайта өңдеу өнімдері;
Тармақша 15
15) қатты отын және оны қайта өңдеу өнімдері;
Тармақша 16
16) қару (қызметтік-штаттық, азаматтық) және оның оқ-дәрілері;
Тармақша 17
17) жарылғыш заттар мен бұйымдар және олардың негізіндегі басқа да өнім түрлері;
Тармақша 18
18) пиротехникалық;
Тармақша 19
19) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру құралдары;
Тармақша 20
20) жеке қорғану құралдары.
Тармақ 2
2. Қызметтердің сәйкестігін растау:
Тармақша 1
1) автожанармай құю станциялары мен мұнай өнімдері базалары;
Тармақша 2
2) қонақ үй;
Тармақша 3
3) қоғамдық тамақтандыру;
Тармақша 4
4) шаштараздар;
Тармақша 5
5) автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
Тармақша 6
6) туристік және экскурсиялық;
Тармақша 7
7) теміржол көлігіндегі экспедиторлық қызметтер;
Тармақша 8
8) химиялық тазалау;
Тармақша 9
9) көлік-экспедиторлық;
Тармақша 10
10) аудармалық.
Тармақ 3
3. Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау.
Тармақ 4
4. Қызметкерлердің сәйкестігін растау.
Тармақ 5
5. Процестің сәйкестігін растау:
Тармақша 1
1) органикалық өнім өндіру; 1-1) мүгедектігі бар адамдардың инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуін пайдалану;
Тармақша 2
2) халал өнімдерін өндіру. Ескертпе:
Тармақ 1
1. Біртекті өнімдер тобы бойынша сарапшы-аудиторларды аттестаттау бағыттары бойынша сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаға тағылымдамадан өту туралы кемінде бес есеп және бұрын аттестатталған сарапшы-аудиторлар үшін – сарапшы-аудитордың қызметі туралы есепті өнім тобының бағыттарының бірі бойынша ұсынылған тағылымдамаларды немесе сарапшы-аудитордың қызметі туралы есепті ескере отырып жолдаманы кейіннен аттестаттай отырып ұсынуға рұқсат етіледі.
Тармақ 2
2. Аттестаттаудың жаңа бағыттары енгізілген кезде аттестаттаудың жаңа бағыты енгізілгенге дейін осы өнімнің сәйкестігін растауды жүргізген бұрын аттестатталған сарапшы-аудиторда практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өтуге рұқсат етіледі.
Тармақ 3
3. Қолданыстағы стандарттардың орнына жаңа стандарттар енгізілген кезде сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жаңадан аттестатталатын жеке тұлғалар үшін жаңа стандарт енгізілгенге дейін қолданыстағы стандарт талаптарына сәйкестікті растауды жүргізген сарапшы-аудиторда практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өтуге рұқсат етіледі (сарапшы-аудиторда мәлімделген аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы құжат болған кезде). Алғаш қабылданған стандарттарды енгізу кезінде (қолданысқа енгізу мерзімі 2 (екі) жылдан кем) енгізілетін стандарт бойынша оқудан өту және соңғы 5 (бес) жыл ішінде сарапшы-аудитор ретінде мамандығы бойынша жұмыс өтілі талап етіледі.
Басқа 2.4. _____________________________________________________________________ (аттестаттау органының толық атауы)
Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданылуын ұзарту және «Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды ттестаттау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша Нысан _____________________________________________________________________ (аттестаттау органының толық атауы) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатының қолданылуын ұзартуға беруші жеке тұлғадан___________________________________________ __________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы, жұмыс орны, мекенжайы, телефоны) Өтініш __________________________________________________________________ (аттестаттау бағыты) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатының қолданылуын ұзартуды сұраймын. Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген сарапшы-аудиторларға қойылатын талаптарды толық орындауға міндеттенемін. Цифрлық жүйелерде жазылған, заңмен қорғалатын мәліметтерді пайдалануға келісемін_____________________________________________________________ 20 __ жылғы «__» ____ (Электрондық цифрлық қолтаңба) Қоса беріліп отырған құжаттар 20 __ жылғы «__» ____ (Электрондық цифрлық қолтаңба)
Басқа 2.5. Сарапшы-аудитор аттестатының қолданылуын ұзартуға беретін жеке тұлға мәліметтерінің нысаны
Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданылуын ұзарту және «Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 5-қосымша Сарапшы-аудитор аттестатының қолданылуын ұзартуға беретін жеке тұлға мәліметтерінің нысаны Толтырылған күні ____________________________________________________ Жеке деректері: Тегі________________________________________________________________ Аты_______________________________________________________________ Әкесінің аты (бар болса) _____________________________________________ Туған жылы ________________________________________________________ Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________ Жұмыс орны _______________________________________________________ Лауазымы_________________________________________________________ Тұрғылықты мекенжайы _____________________________________________
Тармақ 2
2. Сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысу туралы деректер: Жұмыстарды жүргізу кезеңі Тексерілетін ұйымның атауы және мекенжайы Орындалған жұмыстардың тізбесі
Тармақ 3
3. Даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы деректер: Курстардан өту күні Оқу түрі, сағат саны Мамандануы (қызмет бағыты) Куәліктің нөмірі және берілген күні Оқытуды жүргізген оқу орталығы
Басқа 6. Сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп
Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданылуын ұзарту және «Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 6-қосымша Нысан Сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп _______________________________________________________________ (аттестаттау бағыты) Тегі ____________________________________________________________ Аты __________________________ Әкесінің аты (бар болса) _____________________ 20___ жылғы «_____» ____________ берілген № ________________________________. __________________________________________________________________ ______________________________________________________аттестаты (сарапшы-аудиторды аттестаттау бағыты) Есепті кезең (сарапшы-аудитор аттестатының қолданыс мерзімі) 20__ жылғы «___» ______________ 20____ жылғы «__» ________ дейін. Р/с № Жы­лы Есеп­тік ке­зең ішін­де­гі орын­дал­ған жұ­мыстар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (ба­ла кү­ту бой­ын­ша де­крет­тік де­ма­лыс уа­қы­тын қо­с­па­ған­да) Есеп­тік ке­зең ішін­де­гі орын­дал­ған жұ­мыстар нәти­же­сі (ба­ла кү­ту бой­ын­ша де­крет­тік де­ма­лыс уа­қы­тын қо­с­па­ған­да) 1 2 3 4 1 ... ... ... __________________________________________________________________ (негізгі жұмыс орны) __________________________________________________________________ (аттестаттың қолданысын тоқтата тұру, аттестаттан айыру туралы мәліметтер) _________________________________________________________________ (сарапшы-аудитордың тегі және аты-жөні) (қолы, күні) __________________________________________________________________ (ұйым басшысының тегі және аты-жөні) (қолы, күні) Мөр орны (бар болса) Ескертпе: Ескертпе: 1) Есепті кезеңде орындалған жұмыстардың нәтижелерінде аттестатты ұзартуға беретін сарапшы-аудитор қол қойған сәйкестік сертификатының/сәйкестік туралы декларацияның нөмірі мен берілген күні немесе сертификатталған өнімді инспекциялық бақылау нәтижелері көрсетіледі; 2) Инспекциялық бақылау немесе сертификаттық аудит нәтижелері бойынша жұмыстар ұсынылған жағдайда қызмет туралы есепке инспекциялық бақылау актілерінің/өндіріс жай-күйін талдау актілерінің және аудит бағдарламасының көшірмелері қоса беріледі; 3) Есепті кезеңде сертификатталған өнімді сертификаттау/декларациялау/инспекциялық бақылау жүргізу бойынша кемінде жиырма бес жұмыс немесе сәйкестікті растауды аттестаттау бағыттары бойынша кемінде он бес жұмыс көрсетіледі: менеджмент жүйелері, қызметтер, персонал, процесс; 4) Декреттік демалыстағы сарапшы-аудитор бала күтімі бойынша декреттік демалыста екендігі туралы анықтаманы ұсынады.
Басқа 2.7
Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданылуын ұзарту және «Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 7-қосымша «Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар аттестаттарының қолданысын ұзарту 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). 2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) «Цифрлық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) 3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Өтінімді тіркеген сәттен бастап − 6 (алты) жұмыс күні. 4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Электрондық (ішінара автоматтандырылған). 5 Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестаты не аттестаттың қолданылу мерзімін 5 (бес) жылға ұзарту не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. 6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі. 7 Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі 1) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) жұмыс істейді; 2) көрсетілетін қызметті беруші – Кодекске және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 12:30-дан 13:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 08:30-ден 17:30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің www.beta.egov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. 8 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатын алу үшін: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш; осы бұйрықпен бекітілген сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны; мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағылымдамадан өту туралы есептердің (бұдан әрі – есеп) электрондық көшірмелері мынадай мөлшерде: өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша (кемінде екі түрлі схема бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) – кемінде бес есеп; менеджмент жүйесі бойынша – тағылымдамалардың жалпы ұзақтығы кемінде жиырма жұмыс күні болатын кемінде төрт есеп (құжаттаманы талдауды, тексерулерге қатысуды және олар туралы есептер жасауды қоса алғанда); персонал бойынша – кемінде үш есеп немесе тиісті бағыттар бойынша кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдары; процесс бойынша – мәлімделетін аттестаттау бағытындағы кемінде үш есеп (сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда). Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатының қолданылуын ұзарту үшін: осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш; осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында сарапшы-аудитор аттестатының қолданысын ұзартуға беретін жеке тұлғаның мәліметтер нысаны; осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделетін аттестаттау бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есептің электрондық көшірмесі. Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады. 9 Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің техникалық реттеу саласындағы заңнаманың, осы Қағидалардың талаптарына, сондай-ақ осы бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі талаптарына сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы; 4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы; 5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы. 10 Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 (7172) 70-19-98 арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-05-60, 75-05-25.
Басқа 2.8. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестаты
Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданылуын ұзарту және «Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 8-қосымша Нысан ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестаты Осы аттестат ______________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) сарапшы-аудиторларға қойылатын Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетінін және _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталғандығын куәландырады. Аттестат 20__ жылғы «___» __________ Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі негізінде берілді. _________________________________________________________________________ (электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))