Об утверждении Перечня руководящих должностей органов гражданской защиты Республики Казахстан, подлежащих ротации и Правил проведения их перемещения Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдарының тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 4-тармағына, 84-бабының бесінші бөлігіне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 168) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ротацияға жататын Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарының тізбесі;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ротацияға жататын Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарын атқаратын қызметкерлерін ауыстыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Ротацияға жататын Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 272 бұйрығына 1-қосымша Ротацияға жататын Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарының тізбесі
Тармақ 1
Тармақ 2
2. Облыстардың, републикалық маңызы бар қалалардың және астананың Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
Басқа 2. Ротацияға жататын Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарын ауыстыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 20 жылғы «» № бұйрығына 2-қосымша Ротацияға жататын Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарын ауыстыру қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Ротацияға жататын Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарын ауыстыру қағидалары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 31-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және ротацияға жататын Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарын ауыстыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Жыл сайын желтоқсанның 15 дейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті (бұдан әрі – кадр қызметі) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес алдағы жылы ротацияға жататын Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарының тізімін (бұдан әрі - Тізім) қалыптастырады. Тізімді Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі (бұдан әрі - Министр) бекітеді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарын (бұдан әрі - басшылар) ротациялау біліктілік талаптарына сәйкес келуін, әскери-дәрігерлік комиссиясының медициналық куәландыру нәтижелерін және ротациялауға кедергі болатын негіздердің жоқтығын растайтын құжаттарды ескере отырып, кадр қызметі ұсынымдары негізінде Министрдің шешімімен жоспарлы негізде бес жылда бір рет жүзеге асырылады. Қабылданған шешім Министрдің бұйрығымен рәсімделеді. Ротациялауға кедергі болатын негіздер осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген мән-жайлар болып табылады.
Тармақ 4
4. Ротация өңіраралық («өңір – өңір») схемасы бойынша жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Қызметке басқа жерге ротацияға – қызметкердің жазбаша келісімімен, ал қызмет мүддесі үшін – лауазымда болу мерзіміне қарамастан және қызметкердің келісімінсіз жол беріледі.
Тармақ 6
6. Мүгедектігі бар балалары, оның ішінде асырап алған балалары (қорғаншы болып табылатын) немесе асырауында қарт ата-анасы не онымен тұрақты бірге тұратын және бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар отбасы мүшелері бар лауазымды адамдар басқа жерге көшумен байланысты ротацияға жатпайды. Көрсетілген мән-жайлар құжат түрінде расталуға тиіс.
Тармақ 7
7. Құқық қорғау органының басшылық лауазымдарын атқаратын, ротацияланатын қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде жекешелендіру құқығынсыз қызметтік тұрғын үй беріледі.
Тармақ 8
8. Кадр қызметі ротациялауға жататын басшыны оны өткізерден бір ай бұрын хабардар етеді.
Тармақ 9
9. Ротацияға жататын басшылардың материалдары келісілгеннен кейін Министр оларды қайта тағайындау туралы бұйрық шығарады.
Басқа 3
Ротацияға жататын Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарын ауыстыру қағидаларына қосымша № Аты, жө­ні, әке­сі­нің аты (ол бар болған жағ­дай­да) Ла­у­а­зы­мы 1