О правилах пребывания иностранных граждан в Республике Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу тәртiбi туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.01.2000 № 138 қаулысымен. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу тәртiбiн реттеу мақсатымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу тәртiбi (қоса тiркелiп отыр) бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Сыртқы iстер министрлiгi, Ұлттық хауiпсiздiк комитетi, басқа да мүдделi министрлiктерi мен ведомстволар ведомстволық актiлер мен нұсқауларды осы Ережеге сәйкес келтiретiн болсын.
Басқа 3. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу Тәртiбi
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 10 наурыздағы N 186 қаулысымен Бекiтiлген Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу Тәртiбi Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әзiрленген және: - шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуiнiң және Қазақстан Республикасынан кетуiнiң; - шетел азаматтарына Қазақстан Республикасында уақытша болу хұқын беретiн құжаттарды ресiмдеудiң; - шетел азаматтарына Қазақстан Республикасында тұру түрлерiн берудiң; - шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруының; - шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында тұруының мерзiмiн ұзартудың немесе қысқартудың, сондай-ақ аластаудың тәртiбiн айқындайды. Осы Ереженiң күшi сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға да таратылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасында уақытша болған шетел азаматтары қабылдаған ұйымды (кәсiпорын, мекеме, оқу орыны) , өз мемлекетiнiң тұрақты шетел өкiлдiгiн, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасына жеке iс бойынша шақырған адамдарды, ал қажет болған жағдайда iшкi iстер органдарын хабардар еткеннен кейiн, өзiнiң таңдауы бойынша қонақ үйiнде немесе басқа тұрғын үйде (тұрғын үй қорының түрлерiне қарамастан) тұрады. Мұнан былай - ұйымдар.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасында жүрген шетел азаматтары осы Ережеде белгiленген тәртiппен тiркелген шетел паспортын немесе оларды алмастыратын құжаттарды өзiмен бiрге ала жүруге және оларды құзыреттi органдардың талап етуi бойынша көрсетуге мiндеттi. Мұнан былай - шетелдiк паспорт. Шетелдiк паспортты жоғалтқан жағдайда шетел азаматы қабылдаған ұйымға немесе iшкi iстер органына тез арада хабарлауға мiндеттi, олар азаматтың тiлегi бойынша оған бұл жөнiнде анықтама бередi.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасында туыстарының және таныстарының шақыруы бойынша, яғни жеке iс бойынша болған шетел азаматтарының республика аумағында Қазақстан Республикасының кәсiпорындарына, ұйымдары мен мекемелерiне (меншiк нысандарына қарамастан) жұмысқа орналасуына болмайды.
Тармақ 5
5. Қабылдаушы ұйымдар шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Ережеде көзделген хұқықтар мен мiндеттердi уақтылы түсiндiрудi, шетел азаматтарына қатысты белгiленген хұқықтық нормалардың орындалуын қамтамасыз етедi, шетел азаматтарының тиiстi есебiн жүргiзедi, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында болуына елдiң аумағы бойынша жүрiп-тұруына және болудың белгiленген мерзiмi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасынан кетуiне хұқық беретiн құжаттардың уақтылы ресiмделуiне жауап бередi.
Тармақ 6
6. Шетел азаматы бiр ұйымның шақыруы бойынша келген жағдайда, келесi ұйым осы азаматқа қатысты мiндеттердi жүзеге асыра отырып және осы Ереженiң 5 тармағында көзделген жауапкершiлiктi мойнына алып, оны Қазақстан Республикасында өзiнiң тарапынан қабылдауға хұқылы.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасына шетел азаматтарын жеке iс бойынша шақырған және оларға тұрғын үй алаңын берген адамдар, ол азаматтардың шетел паспорттарын уақтылы тiркеуге және олардың белгiленген болу мерзiмi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасынан кетуiне жәрдем көрсетуге шаралар қолдануға мiндеттi. Осы Ереже көрер көзге бұзылатын болған жағдайда, бұл адамдардың шетел азаматтарына үй-жай, көлiк құралдарын беруiне, немесе басқадай қызметтер көрсетуiне жол берiлмейдi.
Тармақ 8
8. Шетел азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы лауазымды адамдар мен азаматтардың осы Ереже талаптарын сақтауына бақылауды iшкi iстер органдары ұлттық хауiпсiздiк органдарымен өзара iс-қимылда жүзеге асырады.
Тарау ii. II. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi
II. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi
Тармақ 9
9. Шетел азаматтары күшiндегi шетел паспорттары бойынша халықаралық қатынастар үшiн ашылған мемлекеттiк шекарадан өтуге рұқсат ететiн бекеттер арқылы, ал азаматтығы жоқ адамдар, егер келудiң және кетудiң өзгедей тәртiбi Қазақстан Республикасының тиiстi елмен келiсiмiнде белгiленбеген болса, олардың тұрақты тұратын елдерiнiң құзыреттi органдары берген және олардың жеке басын куәландыратын күшiндегi құжаттар бойынша, келетiн, келетiн-кететiн, кететiн, кететiн-келетiн қазақстандық визалары болған жағдайда Қазақстан Республикасына келедi және Қазақстан Республикасынан кетедi. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдар, кететiнi жөнiнде виза алғаннан кейiн шетелге тұрақты тұруға кетедi. (10-тармақ) . 📌 Ескерту. 10-шы тармақ күшiн жойған - ҚРМК-нiң 1995.31.10. N 1408 қаулысымен.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасынан кету (кететiн) визаларын және Қазақстан Республикасынан кету - Қазақстан Республикасына келу (кететiн-келетiн) визаларын шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, облыстардағы iшкi iстер басқармалары бередi. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң шешiмiмен мұндай хұқық Қазақстан Республикасының қалалық және аудандық iшкi iстер органдарына берiлуi мүмкiн. Шетел паспорттары Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнде және оның өкiлдiктерiнде тiркелген шетел азаматтарына Қазақстан Республикасынан кетуге виза берудi осы ұйымдар жүргiзедi. Жекелеген жағдайларда мұндай виза берудi iшкi iстер органдары жүзеге асыра алады.
Тармақ 12
12. Қабылдаушы ұйымның өтiнiшi бойынша шетел азаматтарына Қазақстан Республикасына келудiң және Қазақстан Республикасынан кетудiң бiрнеше мәртелiк визасы берiледi. Бiрнеше мәртелiк виза берудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасы Ұлттық хауiпсiздiк комитетiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Iшкi iстер министрлiгi айқындайды.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге виза беру және олардың қолданылу мерзiмiн ұзарту үшiн мыналар негiз болып табылады: Қазақстан Республикасында қабылдаушы ұйымдардың, тұрақты шетел өкiлдiктерiнiң тарапынан болған шетел азаматтары үшiн, - осы ұйымдар мен өкiлдiктердiң жазбаша өтiнiшi; - Қазақстан Республикасына жеке iстерi бойынша немесе тұрақты тұруға келген шетел азаматтары үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтарына жеке iстерi бойынша немесе тұрақты тұруға шетелге сапарға шыққан кезде, - осы азаматтардың арызы бойынша iшкi iстер органдары берген рұқсат.
Тармақ 14
14. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуiне және Қазақстан Республикасынан кетуiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiзде тыйым салынуы мүмкiн.
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасына жеке iстерi бойынша келген немесе тұрақты тұратын шетел азаматтары визасын жоғалтып алған жағдайда, бұл жөнiнде тез арада iшкi iстер органдарына, ал Қазақстан Республикасында басқа мақсатпен жүргенде - қабылдаушы ұйымдарға хабарлайды. Азаматтың тиiстi жеке өтiнiш хаты және ұйымның өтiнiш тiлегi бойынша iшкi iстер органдары шетел азаматтарына Қазақстан Республикасынан кетуге виза беру туралы мәселенi шешедi.
Тарау iii. III. Қазақстан Республикасында уақытша болған шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында тұру хұқына құжаттар ресiмдеу
III. Қазақстан Республикасында уақытша болған шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында тұру хұқына құжаттар ресiмдеу
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасында уақытша болған шетел азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында осы Ережеде белгiленген тәртiппен тiркелген шетел паспорты бойынша тұрады. Шетел паспорты мақсатты пунктке келгеннен кейiн, мерекелiк және демалыс күндерiн қоспағанда, үш тәулiк iшiнде тiркеуге табыс етiледi.
Тармақ 17
17. Шетел паспорттарын тiркеуден мыналар босатылады:
Тармақша а
а) Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң немесе Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шақыруымен келген шетел мемлекеттерi мен үкiметтерiнiң басшылары, парламенттiк және үкiметтiк делегацияның мүшелерi, осы делегациялардың техникалық қызмет көрсетушiлерi, аталған адамдардың отбасы мүшелерi;
Тармақша б
б) Бiрiккен Ұлттар Ұйымы берген паспорт бойынша Қазақстан Республикасына келген адамдар;
Тармақша в
в) Жасы 18-ге толмаған шетел азаматтары;
Тармақша г
г) Қазақстан Республикасына мереке және демалыс күндерi немесе жәй күндерi 3 тәулiкке дейiн келген және Қазақстан Республикасынан осы күндер iшiнде кететiн шетел адамдары;
Тармақша д
д) теңiзде саяхат жасаушы шетел туристерi;
Тармақша е
е) Қазақстан Республикасына белгiленген тәртiппен келген шетелдiң әскери кемелерi мен әскери ұшақтарының экипаж мүшелерi. Әскери кемелердiң (әскери ұшақтардың) экипаж мүшелерiнiң жағаға түсуiне және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруына рұқсатты келген әскери кемелердi (әскери ұшақтарды) қабылдаудың жоспарына сәйкес қазақстандық порттағы (гарнизондағы) аға теңiз (әскери) бастығы бередi;
Тармақша ж
ж) шетелдiк әскери емес кемелердiң құрамына кiрген адамдар, Қазақстан Республикасының порттарында және портты қалаларында болған кезде, осы адамдарды ұйымдасқан түрде саяхатқа, Қазақстан Республикасының және басқа қалаларына барғанда. Мұндай адамдардың жағаға түсуiне портта қолданылып жүрген ережелер мен нұсқауларға сәйкес шекара әскерлерiмен келiсiм бойынша порттардағы әкiмшiлiктер рұқсат бередi;
Тармақша з
з) халықаралық авиажелiлерiнiң азаматтық әуе кемелерi экипажының, халықаралық темiр жол қатынасы поездарындағы бригадалардың құрамына енетiн адамдар, қолданылып жүрген қозғалыс кестесiнде көрсетiлген аэропорттарда немесе станцияларда болған кезде.
Тармақ 18
18. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнде және оның өкiлдiктерiнде:
Тармақша а
а) шетелдiң дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi басшыларының, дипломатиялық қызмет мүшелерiнiң, консулдық лауазым иелерiнiң, дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдық мекемелердегi әкiмшiлiк-техникалық және қызмет көрсететiн қызметкерлердiң, әскери атташе мен сауда өкiлдiктер аппараты қызметкерлерiнiң және аталған адамдардың асырауындағы олардың зайыптарының, балаларының, ата-аналарының, сондай-ақ егер қонақтар олардың мекемелерiнде немесе аталған өкiлдiктер мен мекемелердiң аумағында тұрса, шетелдiң дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi басшылары қонақтарының;
Тармақша б
б) Қазақстан Республикасына қызметтiк iс бойынша келген және дипломатиялық немесе қызметтiк паспорты бар шетел мемлекеттерiнiң сыртқы iстер ведомстволары қызметкерлерiнiң және олардың отбасы мүшелерiнiң;
Тармақша в
в) Қазақстан Республикасына қызметтiк iс бойынша келген халықаралық ұйымдардың лауазымды адамдарының, аталған ұйымдардың Қазақстан Республикасындағы өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң, сондай-ақ аталған ұйымның көрсетiлген құжаттарына немесе тиiстi халықаралық шарттарға сәйкес дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттi пайдаланатын, Қазақстан Республикасында штаб-пәтерi бар, халықаралық ұйымдардың жанындағы елдер өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiнiң шетелдiк паспорттары тiркеледi. Қазақстан Республикасының сыртқы iстер министрлiгi және оның өкiлдiктерi осы тармақта көрсетiлген адамдарға дипломатиялық, қызметтiк немесе консулдық карточкалар бередi немесе тiкелей шетелдiк паспорттарға тiркеу туралы жазба жүргiзедi. Осы тармақта аталған адамдар қабылдаушы ұйымдарда, қонақ үйлерiнде және iшкi iстер органдарында шетел паспорттарын тiркеуден босатылады.
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне, бұл туралы оларды қабылдайтын ұйымдар, дипломатиялық өкiлдiктер немесе консулдық мекемелер тiлек бiлдiргенде, қажет жағдайда Қазақстан Республикасына шетелдерден келген мемлекеттiк және қоғамдық қайраткерлердiң және олардың отбасы мүшелерiнiң шетел паспорттарын тiркеу, сондай-ақ осы Ереженiң 18 тармағында көрсетiлмеген халықаралық ұйымдар қызметкерлерiнiң шетел паспорттарын тiркеу хұқы берiледi. Бұл орайда шетел азаматтары қабылдаушы ұйымдарда, қонақ үйлерiнде және iшкi iстер органдарында шетел паспорттарын тiркеуден босатылады.
Тармақ 20
20. Шетел азаматтарын тiркеу хұқы берiлген қонақ үйлерiнде, 17 тармақтың (г) тармақшасында көзделген жағдайлардан басқаларында, олардың Қазақстан Республикасына келу мақсатына және болу мерзiмiне қарамастан, оларда тұратын барлық шетел азаматтарының шетел паспорттары тiркеледi. Тiркеу сол азаматтардың жеке өтiнiшi немесе қабылдаушы ұйымдардың, Қазақстан Республикасындағы тұрақты шетел өкiлдiктерiнiң жазбаша өтiнiмi негiзiнде жүргiзiледi. Шетел паспорттарын тiркеу барлық жағдайларда өтiнiштерде, турларда, өтiнiмдерде көрсетiлген мерзiмде, ал виза бойынша келген адамдарға визаның қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзiмде жүргiзiледi.
Тармақ 21
21. Осы Ереженiң 18-20 тармақтарында көрсетiлмеген шетел азаматтарының шетел паспорттары iшкi iстер органдарында тiркеледi. Тiркеу қабылдаушы ұйымның және Қазақстан Республикасындағы тұрақты шетел өкiлдiгiнiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi. Өтiнiш шетел азаматтары қабылдайтын ұйымға немесе өкiлдiкке тiркеу үшiн шетел паспортын өткiзген сәттен бастап, мерекелiк және демалыс күндерiн қоспағанда үш тәулiктен кешiктiрмей iшкi iстер органдарына берiлуге тиiс. Егер Қазақстан Республикасының тиiстi елмен келiсiмiнде Қазақстан Республикасына келудiң өзгедей тәртiбi белгiленбесе, Қазақстан Республикасына жеке iс бойынша келген шетел азаматтарының шетел паспорттары iшкi iстер органдарында олардың визаларының негiзiнде тiркеледi.
Тармақ 22
22. Шетел азаматтарының шетел паспорттарын тiркеу туралы жазба Қазақстан Республикасында осы азаматтардың бастапқы кезде келген жерi бойынша жүргiзiледi.
Тармақ 23
23. Шетел азаматтарын тiркеудiң күшiн ұзарту iшкi iстер органдары мен қонақ үйлерiнде жүргiзiледi. Тiркеудiң күшiн ұзарту iшкi iстер органдары Қазақстан Республикасынан кетуге арналған визаның қолданылу мерзiмiн ұзартқаннан кейiн жүргiзiледi.
Тармақ 24
24. Шетел паспорттары Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнде және оның өкiлдiктерiнде тiркелген шетел азаматтарының шетел паспорттарын Қазақстан Республикасында тiркеудiң күшiн ұзартуды сол ұйымдар жүргiзедi.
Тармақ 25
25. Қазақстан Республикасына 6 айға дейiнгi мерзiмге келген шетел азаматтарының жеке және қызметтiк автокөлiк құралдары кедендiк бақылау органдарына есепке қойылуға жатады. Қазақстан Республикасына 6 айдан мерзiмге әкелiнген шетелдiк иеленушiнiң көлiк құралдары ұлттық нөмiрлiк белгiлерi алмастырылып, Мемлекеттiк автомобиль инспекцияларының органдарында тiркеледi. Халықаралық жүргiзушi куәлiгi Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарын басқару үшiн күшiне енедi. Жол қозғалысы туралы Конвенцияның талаптарына сәйкес келетiн Ұлттық жүргiзушi куәлiгi олардың осында ауыстырылғаны куәландырылған кезде Қазақстан Республикасының аумағында күшiне енедi. Шетел азаматтарына жүргiзушi куәлiгiн беру немесе осы азаматтардың аталған Конвенцияның талаптарына жауап бермейтiн ұлттық жүргiзушi куәлiгiн алмастыру Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн көзделген тәртiппен жүргiзiледi. Шетелдiк иеленушiлердiң көлiк құралдарын мемлекеттiк техникалық байқау Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн көзделген тәртiппен жүзеге асырылады. Басқа азаматтарға (Қазақстан Республикасының немесе шетелдiң) тиесiлi автомобильдi шетел азаматтарына пайдалануға беру нотариалдық тәртiппен ресiмделедi. Мiндеттi керi алып шығу мiндеттемесiмен шетел азаматтары алып кiрген автокөлiк құралдары белгiленген мерзiмi аяқталғаннан кейiн шетелге әкетiлуге жатады және оны Қазақстан Республикасының аумағында көлiктен айыруға болмайды.
Тармақ 26
26. СПИД вирусына қарсыласатын заттың бойында бар-жоғына тексеруден өткенi жайында сертификатпен келген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан басқа, Қазақстан Республикасына жұмыс iстеуге, оқуға, тұрақты тұруға немесе басқа мақсаттармен 3 айдан астам мерзiмге келген шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар келгеннен кейiн 10 күн iшiнде куәландырудан өтедi.
Тармақ 27
27. Қазақстан Республикасына оқуға немесе жұмысқа келген шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар республика аумағында болған барлық кезеңнiң iшiнде - түрлi себептермен шетелдерге барып қайтқан жағдайда олар қайтып оралған соң 3 айдан кейiн қосымша медициналық куәландырудан өтедi.
Тарау iv. IV. Шетел азаматтарына Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға және тұрудың белгiлерiне рұқсат беру
IV. Шетел азаматтарына Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға және тұрудың белгiлерiне рұқсат беру
Тармақ 28
28. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында тұруының белгiлерiн тұрақты тұрудың рұқсат етiлуiн негiзге алып iшкi iстер органдары бередi.
Тармақ 29
29. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтiнiштi Қазақстан Республикасында уақытша болушы шетел азаматтары тұратын жерi бойынша тiкелей iшкi iстер органдарына, ал шетелде тұратын адамдар - Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгiне немесе консулдық мекемесiне бередi. Қазақстан Республикасына иммиграция квотасына сәйкес келген шетел азаматтарына тұру белгiлерi Қазақстан Республикасының "Иммиграция туралы" Заңында белгiленген тәртiппен берiледi.
Тармақ 30
30. 16 жасқа толған шетел азаматтарына Қазақстан Республикасында тұрудың белгiлерi олардың тұрақты тұратын жерлерi бойынша iшкi iстер органдарында шетел паспорттарының қолданылу мерзiмiне қарай, бiрақ 5 жылдан аспайтын мерзiмге, ал 45 жасқа жеткендерге - шетел паспорттарының бүкiл қолдану мерзiмiне берiледi. Азаматтығы жоқ адамдарға тұру белгiлерi 5 жыл мерзiмге, ал 45 жасқа жеткендерге - мерзiмсiз берiледi. Қолдану күшiнiң мерзiмiн ұзарту туралы немесе тұрудың жаңа белгiсiн беру туралы өтiнiштi шетел азаматтары олардың тұратын жерi бойынша iшкi iстер органдарына тұру белгiлерiнiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн 10 күннен кешiктiрмей, ал ол жоғалған жағдайда - шұғыл түрде бередi.
Тармақ 31
31. Өздерiндегi шетел паспортының қолдану мерзiмi аяқталған күннен бастап 6 ай iшiнде шетел азаматтары жаңа немесе ұзартылған құжаттарды көрсетпесе, iшкi iстер органдары оларға Қазақстан Республикасында тұрудың азаматтығы жоқ адамдарға берiлетiн белгiсiн бередi. Қазақстан Республикасының қос азаматтықты болдырмау туралы халықаралық шарт немесе өзге уағдаластығы бар мемлекеттiң азаматтығында тұратын адамдарға, азаматтығы жоқ адамдар үшiн тұру белгiлерi олар ол мемлекеттiң құзыреттi органдары азаматтықтан шығуға рұқсат еткенiн куәландыратын құжатты көрсеткен кезде берiлуi мүмкiн.
Тармақ 32
32. Азаматтығы жоқ адамдар үшiн Қазақстан Республикасында тұру белгiсi егер оның иесi iшкi iстер органдарында қолданылып жүрген шетел паспортын көрсетсе, ол шетел азаматтары үшiн Қазақстан Республикасында тұрудың белгiсiне ауыстырылады.
Тармақ 33
33. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн көзделген тәртiппен тұрақты және уақытша тұратын жерi бойынша тiркеуге жатады.
Тарау v. V. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруы және олардың Қазақстан Республикасында тұратын жердi таңдауы
V. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруы және олардың Қазақстан Республикасында тұратын жердi таңдауы
Тармақ 34
34. Шетел азаматтары шетел азаматтарының баруына жол ашық Қазақстан Республикасының аумағында емiн-еркiн жүрiп тұра алады. Бұл орайда Қазақстан Республикасында қабылдаушы ұйымдар тарапынан уақытша болушы шетел азаматтары осы ұйымдар арқылы, ал тұрақты тұратындар немесе жеке iстерi бойынша келгендер - тiкелей сапар туралы iшкi iстер органдарына хабарлайды. Көздеген пунктiне келгеннен кейiн шетел азаматтары өзiнiң уақытша болуын қонақ үйiнде немесе iшкi iстер органдарында тiркеуге тиiс.
Тармақ 35
35. Шетел азаматтары үшiн жабық жерлерге олардың баруы және жүрiп-тұруы iшкi iстер органдарының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады: Қазақстан Республикасына қабылдаушы ұйымдар тарапынан келгендер - ұлттық хауiпсiздiк органдарымен алдын ала келiсiлген жағдайда, осы ұйымдардың жазбаша өтiнiшi негiзiнде; тұрақты шетел өкiлдiктерiнiң тарапынан немесе жеке iстерi бойынша, я болмаса Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға келгендер - олардың жеке жазбаша өтiнiштерi негiзiнде. Шетел азаматтарын қабылдайтын ұйымның өтiнiшi бойынша бұл азаматтарға көп мәрте келуге және жүрiп-тұруға рұқсат берiлуi мүмкiн.
Тармақ 36
36. Шетел паспорттары Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнде немесе оның өкiлдiктерiнде тiркелген шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп тұру тәртiбiн осы министрлiк айқындайды. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Ақпарат басқармасы жанында тiркелген шетел тiлшiлерi мен журналистерiнiң және олардың отбасы мүшелерiнiң жүрiп-тұру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Қазақстан Республикасының аумағында шетел мемлекеттерiнiң бұқаралық ақпарат құралдары тiлшiлерiнiң кәсiптiк қызметiн реттейтiн Негiзгi ережелер айқындайды.
Тармақ 37
37. Қазақстан Республикасындағы болған жерiн осы Ереженi бұза отырып өзгерткен шетел азаматтары iшкi iстер органдарының талаптары бойынша бұрынғы болған жерiне қайтуға немесе таңдаған мақсатты бекеттерiне сәйкес бағыт алуға мiндеттi.
Тарау vi. VI. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы аялдап өтуi
VI. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы аялдап өтуi
Тармақ 38
38. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы аялдап өтетiн шетелдiктердiң Қазақстан Республикасына келуiн және Қазақстан Республикасынан кетуiн, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы аялдап өту визаларының баратын маршруттарын және оған қажеттi уақытты ескере отырып консулдық мекемелер ресiмдейдi.
Тармақ 39
39. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы аялдап өтетiн шетелдiктердiң баратын елiне әуе, темiр жол және теңiз көлiгiмен сапар шегуiне олардың Қазақстан Республикасымен шектесетiн мемлекетке баратынын растайтын құжаттары және онда Қазақстан Республикасының аумағындағы ауысып мiну бекетiне, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан портқа, станцияға келген сәттен бастап, 72 сағаттан кешiктiрмей кететiн күнi куәландырылған тиiстi жүру құжаты болған кезде рұқсат етiледi. (40-тармақ) . 📌 Ескерту. 40-шi тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.31.10. N 1408 қаулысымен.
Тармақ 41
41. Аялдап өту сапарын жеке автомобильде немесе автобуспен топ құрамында туристiк мақсатта пайдаланушы шетелдiктер, Қазақстан Республикасына келгенге дейiн Қазақстан Республикасының туристiк ұйымдарынан автотурлар алуға және баратын жерлерi көрсетiлген тиiстi визалар иеленуге мiндеттi. Қазақстан Республикасы азаматтардың визасыз өзара сапар шегу шарты туралы келiсiм жасасқан мемлекеттердiң азаматтарына жеке автокөлiк құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қазақстан Республикасындағы туристiк ұйымдардың автотурiнсiз аялдап өту үшiн Қазақстан Республикасына келуiне, олардың келу мерзiмi 24 сағаттан аспайтын болған жағдайда ғана рұқсат етедi. Басқа барлық жағдайларда олар Қазақстан Республикасындағы туристiк ұйымдардың автотурлерiн алуға мiндеттi.
Тармақ 42
42. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарымен аялдап өтетiн, соның iшiнде автомобильмен халықаралық жүк тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiктер, халықаралық автомобиль қатынасы үшiн ашылған жолдар бойынша ғана жүредi.
Тармақ 43
43. Қазақстан Республикасының аумағындағы бiр немесе бiрнеше бекетке 24 сағаттан астам аялдауға болатыны туралы көрсетiлген аялдап өту визалары бар шетелдiктер, сол бекеттердiң әрбiрiнде өздерiнiң паспорттарын iшкi iстер органдарында тiркетуге және олар белгiлеген болу мерзiмiнен кешiкпей Қазақстан Республикасынан кетуге мiндеттi.
Тармақ 44
44. Шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетел азаматтарының аялдап өту Ережесiн сақтауын бақылауды iшкi iстер органдарының бөлiмшелерi жүргiзедi.
Тарау vii. VII. Осы Ереженi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк. Болу мерзiмiн қысқарту және шетел азаматтарын Қазақстан Республикасынан аластату
VII. Осы Ереженi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк. Болу мерзiмiн қысқарту және шетел азаматтарын Қазақстан Республикасынан аластату
Тармақ 45
45. Осы Ереженi бұзғаны үшiн шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады. Осы Ереженiң 17 және 18 тармақтарының а) тармақшаларында көрсетiлген шетел азаматтарының жауапкершiлiгi туралы мәселе дипломатиялық жолмен шешiледi. Талаптарды сақтауға мiндеттi адамдар осы Ереженi бұзған жағдайда (шетел азаматтарын жеке iстерi бойынша Қазақстан Республикасына шақырған немесе оларға қызмет көрсетушi адамдарды қоса) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
Тармақ 46
46. Қазақстан Республикасында болудың мерзiмiн қысқарту және шетел азаматын Қазақстан Республикасынан аластату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiзде жүргiзiледi.
Тармақ 47
47. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуының мерзiмiн қысқарту туралы шешiмдi iшкi iстер органдары, ал Қазақстан Республикасынан аластау туралы шешiмдi - iшкi iстер органдары немесе ұлттық хауiпсiздiк органдары қабылдайды.
Тармақ 48
48. Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайдағы шетел азаматтарын Қазақстан Республикасынан аластату туралы өтiнiш-тiлектi, бұл азаматтар республикалық қабылдаушы ұйымдар тарапынан келген болса, сол ұйымдар iшкi iстер органдарының алдына тез арада қояды.
Тармақ 49
49. Белгiленген тәртiппен қабылданған шешiм негiзiндегi шетел азаматтарын аластатуды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iшкi iстер органдары немесе ұлттық хауiпсiздiк органдары жүргiзедi. Аластау бойынша шығынды аластаушы шетелдiк азаматтар немесе шетелдiктi Қазақстан Республикасына шақырған ұйымдар немесе жеке адамдар, айрықша жағдайда iшкi iстер органдары мойнына алады.
Тармақ 50
50. Шетел азаматы оны Қазақстан Республикасынан аластау және Қазақстан Республикасына келу мерзiмiн қысқарту туралы шешiмге белгiленген тәртiппен шағым жасауға хұқылы.
Тармақ 51
51. Осы Ереженiң 46-50 тармақтарында мазмұндалған тұжырымдар осы Ереженiң 17 және 18 тармақтарының "а" тармақшаларында тiзбеленген және Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланатын адамдарға таратылмайды.
Тарау viii. VIII. Халықаралық шарттар
VIII. Халықаралық шарттар
Тармақ 52
52. Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен осы Ережеде мазмұндалғаннан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережесi қолданылады.