Об утверждении Правил представления органами государственных доходов антимонопольному органу сведений о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налоговую тайну, без получения письменного разрешения налогоплательщика (налогового агента) и конфиденциальной информации в сфере таможенного регулирования, а также перечня представляемых сведений Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты, сондай-ақ ұсынылатын мәліметтер тізбесін ұсыну қағидаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) Осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты ұсыну қағидалары;
Тармақша 2
2) Осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтердің және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпараттың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесін және салық қызметі органдарының монополияға қарсы органға оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Төрағасының міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 65-НК және Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 137 бірлескен бұйрығы жойылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 1. Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі төрағасының
2021 жылғы 2 маусымдағы
№ 133-НҚ және
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 3 маусымдағы № 524
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты ұсыну қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Осы Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 19-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының салық құпиясын және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты құрайтын салық төлеушілер (салық агенттері) туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) монополияға қарсы органға ұсыну тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Мәліметтер оларға рұқсаты бар және Салық кодексінің 30-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацына сәйкес бекітілген тізбеге (бұдан әрі — Тізбе) енгізілген монополияға қарсы органның лауазымды тұлғаларына ұсынылады.
Монополияға қарсы орган Тізбеге енгізілген лауазымды адамдар жұмыстан босатылған не өзге де болмаған жағдайларда Тізбеге өзгерістерді уақтылы енгізуді және оны мемлекеттік кірістер органдарына ұсынуды қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі
2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Мемлекеттік кірістер органдары Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы (МО БКО) арқылы тараптардың келісуі бойынша ай сайынғы негізде Мәліметтерді мына тәсілдердің бірімен беруді қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) тікелей интеграция;
Тармақша 2
2) мәліметтерді монополияға қарсы органның FTP папкасына жүктеу;
Тармақша 3
3) мәліметтерді алынбалы-салынбалы жеткізгіштерде беру;
Тармақша 4
4) монополияға қарсы органның қызметкерлеріне Тіркеуші ақпараттық жүйеге («OilTrack» мұнай өнімдерін есепке алудың ақпараттық сервисі) қолжетімділікті ұсыну.
Тарау 3. 3-тарау. Мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету
3-тарау. Мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету
Тармақ 5
5. Мәліметтерге рұқсаты бар монополияға қарсы органның лауазымды адамдары алынатын ақпаратты тікелей мақсаты бойынша ғана және оны берген тарапқа нұқсан келтірмей, үшінші тараптарға беру құқығынсыз пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды заңсыз жария еткені үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 473-бабына сәйкес жауаптылықта болады.
Басқа 2. Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпараттың тізбесі
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі төрағасының
2021 жылғы 2 маусымдағы
№ 133-НҚ және
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 3 маусымдағы № 524
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпараттың тізбесі
Тармақ 1
1. «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі
№
Салық құпиясын құрайтын мәліметтердің атауы
1.
Сауда атауы.
2.
Тауардың коды (ЕАЭО СЭҚ ТН).
3.
Шығарылған елі.
4.
Жөнетуші ел.
5.
Межелі ел.
6.
Сатушы ел.
7.
Шот бойынша валюта және жалпы сома.
8.
Фактуралық құн.
9.
Кедендік құн.
10.
Статистикалық құн.
11.
Көлемі (салмағы/нетто).
12.
Қосымша өлшем бірлігі.
13.
Тауардың өлшем бірлігі.
14.
Қаптаманың түрі / жеткізілетін дәрілік препарат орындарының саны.
15.
Елдің кодтары: шығарылған/жөнелту/межелі.
16.
Декларация нөмірі.
17.
Жөнелтуші.
18.
Алушы.
19.
Шекарадағы көлік түрі / ел ішіндегі көлік түрі.
Тармақ 2
2. «Бірыңғай деректер қоймасы» және «Интеграцияланған деректер базасы» ақпараттық жүйесі (БДҚ/ИДБ)
№
Салық құпиясын құрайтын мәліметтердің атауы
1.
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы.
2.
Тауардың коды (ЕАЭО СЭҚ ТН).
3.
Валюта коды.
4.
Өлшем бірлігі.
5.
Саны (көлемі).
6.
Жанама салықтарсыз тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін баға (тариф).
7.
Жанама салықтарсыз тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құны.
8.
Жанама салықтарды ескере отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны.
9.
Өнім берушінің ЖСН/БСН.
10.
Өнім берушінің атауы.
11.
Алушының ЖСН/БСН.
12.
Алушының атауы.
13.
ЭШФ тіркеу нөмірі.
14.
ЭШФ жазып беру күні.
Электрондық шот-фактуралардан мәліметтер
1.
ЭШФ тіркеу нөмірі
2.
Жазып беру күні
3.
ЖСН/БСН (өнім беруші)
4.
Өнім беруші (атауы)
5.
Қатысу үлесі (өнім беруші)
6.
Орналасқан жердің мекенжайы (өнім беруші)
7.
Өнім берушінің санаты
8.
ЖСН/БСН (алушы)
9.
Алушы (атауы)
10.
Қатысу үлесі (алушы)
11.
Орналасқан жердің мекенжайы (алушы)
12.
Елдің коды (алушы)
13.
Алушының санаты
14.
Жөнелту мекенжайы (жүк жөнелтуші)
15.
Жеткізу мекенжайы (жүк алушы)
16.
Нөмірі (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шарт (келісімшарт)
17.
Күні (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шарт (келісімшарт)
18.
Нөмірі (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шартсыз (келісімшартсыз)
19.
Күні (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шартсыз (келісімшартсыз)
20.
Р/с № (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің реттік нөмірі)
21.
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығу белгісі.
22.
Тауарларға арналған декларацияға немесе тауарларды әкелу мен жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке сәйкес тауарлардың атауы.
23.
Тауардың коды (ЕАЭО СЭҚ ТН).
24.
Өлшем бірлігі
25.
Саны (көлем)
26.
Жанама салықтарсыз тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін баға (тариф)
27.
Жанама салықтарсыз тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны
28.
Өткізу бойынша айналымның мөлшері (салық салынатын/салық салынбайтын айналым)
29.
ҚҚС мөлшерлемесі
30.
ҚҚС сомасы
31.
Жанама салықтарды есепке алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны
32.
Тауарларға арналған декларацияның, тауарларды әкелу мен жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің, тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттың, СТ-1 немесе СТ-KZ №.
33.
Тауарларға арналған декларациядан немесе тауарларды әкелу мен жанама салықтарды төлеу туралы өтініштен алынған тауар позициясының нөмірі
34.
Айналымды жасау күні
35.
Межелі пункт
36.
ЭКЖЖ.
3. «Фискалдық деректер операторлары» ақпараттық жүйесі
№
Салық құпиясын құрайтын мәліметтердің атауы
1.
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы.
2.
ЖСН/БСН
3.
Бір бірлік үшін тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы
4.
Сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің саны, олардың өлшем бірлігі
5.
Тауардың, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасы
6.
Тауарларды сатып алудың, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің күні мен уақыты
4. Монополияға қарсы органның қызметкерлеріне Тіркеуші ақпараттық жүйеге («OilTrack» мұнай өнімдерін есепке алудың ақпараттық сервисі) қолжетімділікті ұсыну.
№
Салық құпиясын құрайтын мәліметтердің атауы
1.
Өндірістік нысанның иесінің ЖСН/БСН
2.
Өндірістік нысанның атауы
3.
Өндірістік нысанның түрі
4.
Өндірістік нысанның ID
5.
Резервуардың ID
6.
Өндірістік нысанның МТК коды
7.
Өндірістік нысанның аймағы
8.
Өндірістік нысанның аумағы
9.
Жанармайдың түрі
10.
Өлшем бірлігі
11.
Резервуардың жалпы сыйымдылығы
12.
Резервуардың ағымдағы толуы
13.
БЕҚ деректерді тасымалдау күйі
14.
БЕҚ деректерінің жаңару уақыты мен күні
15.
Бір тәулікте резервуардағы мұнай өнімдерінің айналымының көлемі (қабылдау, тұтыну)
Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:
ЕБҚ — есепке алатын бақылау құралдары;
БСН — бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БДҚ — бірыңғай деректер қоймасы;
ИДБ — интеграцияланған деректер базасы;
ЖСН — жеке сәйкестендіру нөмірі;
ҚҚС — қосылған құн салығы;
ЕАЭО СЭҚ ТН — Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің
тауар номенклатурасы;
МТК — мекенжайды тіркеу коды;
ЭКЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші.
ЭШФ — электрондық шот-фактура.