Об утверждении Правил по проверке правильности и обоснованности оформления одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру жөніндегі қағидалар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 0. Көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру жөніндегі қағидалар
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 397-НҚ бұйрығымен бекітілген Көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру жөніндегі қағидалар
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Көлік құралы типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) дайындаушы – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген, өз атынан өнім өндіруді немесе өндіру мен өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға;
Тармақша 2
2) көлік құралының санаты – Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентін қабылдау туралы» 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 Еуразиялық экономикалық комиссияның Шешімімен бекітілген Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінде КО ТР 018/2011 (бұдан әрі – КО ТР 018/2011) талаптарды белгілеу мақсатында қолданылатын көлік құралының жіктеу сипаттамасы;
Тармақша 3
3) көлік құралының типін мақұлдау – бір типке жататын айналымға шығарылған көлік құралдарының КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін куәландыратын электронды құжат;
Тармақша 4
4) көлік құралының (шассидің, құрауыштың) типі – бір дайындаушы дайындаған, техникалық сипаттауда белгіленген жалпы конструктивтік белгілері бар көлік құралдары (шассиі, құрауышы);
Тармақша 4-1
4-1) көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлік – Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын көлік құралын жасаушы заңды тұлғаға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаға халықаралық сәйкестендіру кодының берілгенін растайтын құжат;
Тармақша 5
5) өтiнiм берушi – Қазақстан Республикасының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген, сәйкестікті бағалауды жүргізу үшін өнімді, процестерді және көрсетілетін қызметті ұсынған заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға (дайындаушы, импорттаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, сатушы);
Тармақша 6
6) сәйкестендіру – көлік құралында (шассиде) немесе оның компоненттерінде бар зауыттық таңбаның және көлік құралын (шассиді) және оның компоненттерін бөлшектемей өткізілетін өтініш беруші тапсырған құжаттамадағы немесе сәйкестікті растайтын құжаттардағы деректердің бірдейлігін белгілеу;
Тармақша 7
7) сәйкестікті растау жөніндегі орган – сәйкестікті растау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген заңды тұлға;
Тармақша 8
8) техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) – техникалық реттеу тізілімдеріндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің, ұлттық стандарттау жүйесінің және Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттарының бірыңғай тізілімдерінің мәліметтері мен ақпараттарын сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
Тармақша 9
9) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – техникалық реттеу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 10
10) техникалық хатшылық – көлік құралы типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру, көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы берілген куәліктер жөніндегі мәліметтерді жинау және көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган айқындайтын ұйым;
Тармақша 11
11) типтің ресми бекітілгені туралы хабарлама – көлік құралдарының немесе оның құрауыштарының Біріккен Ұлттар Ұйымының қағидалары талаптарына сәйкестігін растайтын «Дөңгелекті көлік құралдарына, дөңгелекті көлік құралдарына орнатылуы және (немесе) пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған біркелкі техникалық ұйғарымдарды қабылдау туралы және осы ұйғарымдардың негізінде берілетін ресми бекітуді өзара мойындау шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Дөңгелекті көлік құралдарына, дөңгелекті көлік құралдарына орнатылуы және (немесе) пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған біркелкі техникалық ұйғарымдарды қабылдау туралы және осы ұйғарымдардың негізінде берілетін ресми бекітуді өзара мойындау шарттары туралы келісімі негізінде берілетін құжат;
Тармақша 12
12) шасси типін мақұлдау – бір типке жататын айналымға шығарылған көлік құралдарының КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін куәландыратын электронды құжат.
Тарау 2. 2-тарау. Көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеу дұрыстығы мен негізділігін тексеру тәртібі
2-тарау. Көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеу дұрыстығы мен негізділігін тексеру тәртібі
Тармақ 3
3. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеу дұрыстығы мен негізділігін тексеруді құзыретті органның техникалық хатшылығы жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Сәйкестікті растау жөніндегі орган техникалық хатшылықпен көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру үшін ақпараттық жүйеде келесі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) сәйкестікті растау жөніндегі орган басшысының немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған көлік құралының типін мақұлдау, шасси типін мақұлдау;
Тармақша 2
2) сәйкестікті бағалау жұмыстарын жүргізуге берілетін өтінім;
Тармақша 3
3) өтінім бойынша сәйкестікті растау жөніндегі органның шешімі;
Тармақша 4
4) сәйкестікті растау жөніндегі орган қорытындысы (ұсынылған құжатты ресімдеу кезінде қолданылатын рәсімге байланысты КО ТР 018/2011 40, 60, 65-тармақтарына сәйкес);
Тармақша 5
5) КО ТР 018/2011 № 12 қосымшасының ережелерін ескере отырып ресімделген көлік құралдарының (шассидің) жалпы техникалық сипаттамасы;
Тармақша 6
6) КО ТР 018/2011 № 13 қосымшасымен бекітілген дайындаушының өндіріс жағдайларын тексеру нәтижелері туралы сәйкестікті растау жөніндегі органның актісі (көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды беру алдында тексеру жағдайында) немесе дайындаушының өндіріс жағдайларын тексеруді талдау материалы (егер мұндай тексеру жүргізілген болса);
Тармақша 7
7) КО ТР 018/2011 № 12 қосымшасының 1.3-тармағына сәйкес құжаттар (басқа тараптың дайындаушысынан сатып алынатын шассидің немесе көлік құралдарының негізінде дайындалатын көлік құралдарының сәйкестігін бағалау кезінде);
Тармақша 8
8) КО ТР 018/2011 № 12 қосымшасының 1.4-тармағына сәйкес құжаттар (құрастырылуы өнеркәсіптік құрастыру режимінде құрастыру жиынтықтарынан жүзеге асырылатын көлік құралының типіне қатысты, бұрын сәйкестігін бағалау жүргізілген басқа өндірістің жағдайында дайындалатын конструктивтік ұқсамаларға қатысты алғаш өткізілетін сәйкестігін бағалау кезінде);
Тармақша 9
9) КО ТР 018/2011 32-тармағында көзделген аккредиттелген сынақ зертханасы ресімдеген, жиынтық көлік құралын сәйкестендіру және сынау нәтижелерінің хаттамасы (ресімдеу кезінде);
Тармақша 10
10) көлік құралының типін мақұлдауларды ресімдеу кезінде жиынтықты көлік құралын сәйкестендіру хаттамалары мен сынау нәтижелері;
Тармақша 11
11) өнімнің көлік құралы типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеуге үшін негіз болып табылған КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін растайтын дәлелдемелік материалдар (типін ресми бекіту туралы хабарлама, сәйкестік сертификаты, сәйкестік туралы декларация, сынақ хаттамасы, техникалық сараптама хаттамасы);
Тармақша 12
12) егер өтінім беруші дайындаушы болып табылмаса, дайындаушы мен өтінім беруші арасындағы сәйкестікті бағалауды жүргізуге өтінім берушіге өкілеттік беру туралы және КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкес көлік құралдарының (шассидің) қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дайындаушымен ортақ жауапкершілік туралы келісім;
Тармақша 13
13) егер дайындаушы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің резиденті болып табылмаса, айналымға шығарылатын көлік құралдарының (шассидің) КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін дайындаушымен бірге жауапты өз өкілін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше әрбір мемлекетте тағайындауды растайтын келісім;
Тармақша 13-1
13-1) Қазақстан Республикасының техникалық хатшылығы берген көлік құралын дайындаушыға болған жағдайда халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлік;
Тармақша 14
14) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралы типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың сәйкестендіру карточкасы.
Тармақ 5
5. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралы типін мақұлдаулар, шасси типін мақұлдаулар көлік құралы типін мақұлдаулар, шасси типін мақұлдаулар тізілімінде тіркеледі.
Тармақ 6
6. Көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеруді олардың техникалық хатшылыққа келіп түскен күнінен бастап есептелетін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде техникалық хатшылық жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының техникалық хатшылығы берген көлік құралын дайындаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлік болған жағдайда, көлік құралының типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың ресімделуінің дұрыстығы мен негізділігін тексеруді техникалық хатшылық олар техникалық хатшылыққа келіп түскен күннен бастап есептелетін 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеу дұрыстығы мен негізділігін тексеру кезінде техникалық хатшылық сонымен қатар тексереді:
Тармақша 1
1) Еуразиялық экономикалық кеңес Алқасының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 232 шешімімен бекітілген, Қауіпсіздік талаптарымен өзгерістер енгізілген көлік құралдары құрастырылымының сәйкестігі туралы куәліктердің және көлік құралы құрастырылымының қауіпсіздігі туралы куәліктердің, берілген техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растайтын құжатты жою туралы, көлік құралы типін мақұлдаулар, шасси типін мақұлдаулар бланкісін толтыру қағидаларына сәйкес көлік құралының типін мақұлдау бланкісі нысанын толтырылу дұрыстығын;
Тармақша 2
2) сәйкестік туралы декларациялар мен сәйкестік сертификаттарын берудің заңдылығын айқындау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінде сәйкестікті растау жөніндегі органдардың болуы.
Тармақ 8
8. Техникалық хатшылық көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексерудің оң нәтижесі кезінде осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексерудің қорытындысын рәсімдейді және көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ақпараттық жүйе арқылы бекіту үшін уәкілетті органға ұсынады.
Тармақ 9
9. Ұсынылған құжаттар толық болмаған және (немесе) олар осы Қағидалардың 4 және 7-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, техникалық хатшылық Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабында белгіленген талаптарды сақтай отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде сәйкестікті растау жөніндегі органға жазбаша дәлелді бас тартуды қоса бере отырып, ұсынылған құжаттарды қайтарады. Осы Қағидалардың 6-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайлар үшін дәлелді бас тартуды ұсыну мерзімі ең көбі 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 10
10. Мәтінде грамматикалық және орфографиялық қателер анықталған жағдайда, қателері бар бетті техникалық хатшылық сәйкестікті растау жөніндегі органға қателерді жою және (немесе) беттерді ауыстыру үшін қайтарады. Сәйкестікті растау жөніндегі орган 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде техникалық хатшылық қайтарған, мәтіндегі грамматикалық және орфографиялық қателерді жояды және (немесе) беттерді ауыстырады. Мәтіндегі грамматикалық және орфографиялық қателер осы Қағидалардың 9-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзімде жойылмаған және (немесе) беттер ауыстырылмаған жағдайда, техникалық хатшылық жазбаша дәлелді бас тартуды қоса бере отырып, ұсынылған құжаттарды сәйкестікті растау жөніндегі органға қайтарады.
Басқа 1. Көлік құралы типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың сәйкестендіру карточкасы
Көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеу дұрыстығы мен негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларға 1-қосымша Нысан Көлік құралы типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың сәйкестендіру карточкасы Сәйкестікті бағалау жұмыстарын жүргізуге арналған өтінімді тіркеу нөмірі және күні Көлік құралының/шассидің маркасы, типі Көлік құралы типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың тиісті бағанынан алынған мәліметтерді көрсету Көлік құралының/шассидің санаты Көлік құралы типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың нөмірі Қолданылу мерзімі … бастап … дейін Өтініш беруші Көлік құралын дайындаушы/Дайындаушының өкілі - көлік құралы типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың тиісті бағанындағы мәліметтерді көрсету Дайындаушы көлік құралы типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың тиісті бағанынан алынған мәліметтерді көрсету Аталған типті көлік құралына бұрын берілген көлік құралы типін мақұлдаулар, шасси типін мақұлдаулар бұрын берілген құжаттың нөмірін көрсету / «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті КО ТР 018/2011 (бұдан әрі – КО ТР 018/2011) күшіне енгенге дейін берілген / берілмеген Рәсімнің ерекшеліктері түзету / тарату / ұзарту / көлік құралы типін мақұлдаулардың / шасси типін мақұлдаулардың 3 (үш) жылға дейінгі мерзіммен / КО ТР 018/2011 35-тармағына сәйкес бір жылға дейін қолдану мерзімімен / КО ТР 018/2011 35-тармағына сәйкес көлік құралдары шағын партиясына / КО ТР 018/2011 күшіне енгенге дейін берілген көлік құралдары шағын партиясына/ КО ТР 018/2011 күшіне енгенге дейін... дейінгі мерзіммен (нақты жағдай ерекшеліктеріне байланысты түзету) жеке шығарылатын көлік құралдары / көлік құралы (шасси) негізінде шығарылатын / құрастыру жинақтарынан алынған өнеркәсіптік құрастыру режимінде дайындалған Көлік құралын/шассиді дайындаушыны тіркейтін ел «Дөңгелекті көлік құралдарына, дөңгелекті көлік құралдарына орнатылуы және (немесе) пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған біркелкі техникалық ұйғарымдарды қабылдау туралы және осы ұйғарымдардың негізінде берілетін ресми бекітуді өзара мойындау шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Дөңгелекті көлік құралдарына, дөңгелекті көлік құралдарына орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған біркелкі техникалық ұйғарымдарды қабылдау туралы және осы ұйғарымдардың негізінде берілетін ресми бекітуді өзара мойындау шарттары туралы келісімнің уағдаласушы тарапы болып табылады, (бұдан әрі – 1958 жылғы Келісім) / 1958 жылғы Келісімнің уағдаласушы тарапы болып табылмайды. Өндіріс жағдайларының болуы туралы ақпарат сертификатталған сапа менеджменті жүйесі, өндіріс жағдайларын тексеру, дайындаушының инспекциялық тексеру актілері, өндіріс жағдайларының сипаттамасын талдау, (нақты жағдай ерекшеліктеріне байланысты түзету) Сертификаттау жөніндегі органмен келісілген бақылау сынақтарын жүргізу жоспарының болуы талап етілмейді / келісілді Сәйкестендіру және сынақ нәтижелері хаттамасының нөмірі мен бірілген күні сәйкестендіру хаттамасының және сынақ нәтижелерінің нөмірі мен күні көрсетіледі және хаттама тіркеледі Тіркелген күні Сарапшы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) құзыреттілігін растайтын құжаттың нөмірі, қолданылу мерзімі, растайтын құжат тіркеледі Сәйкестікті растау жөніндегі орган басшысы электрондық цифрлық қолтаңба Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Ескертпе: Сәйкестендіру карточкасы бір парақта орналасатындай форматтағы қаріп таңдалады.
Басқа 2. Көлік құралы типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың тізілімі
Көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеу дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларға 2-қосымша Нысан Көлік құралы типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың тізілімі р/с № Кө­лік құ­ры­лы ти­пін ма­құл­да­у­лар, шас­си ти­пін ма­құл­да­у­лар№ Кө­лік құ­ры­лы ти­пін ма­құл­да­у­лар­дың, шас­си ти­пін ма­құл­да­у­лар­дың бе­кі­ті­л­ген кү­ні Сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі ор­ган­ның ак­кре­дит­теу ат­те­ста­ты­ның нө­мі­рі Сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі ор­ган­ның ата­уы Өті­ніш бе­ру­ші­нің БСН Өті­ніш бе­ру­ші­нің ата­уы Өті­ніш бе­ру­ші­нің ме­кен-жайы Кө­лік құ­ра­лы­ның мар­ка­сы* Кө­лік құ­ра­лы­ның ком­мер­ци­я­лық ата­уы* Кө­лік құ­ра­лы­ның ти­пі Кө­лік құ­ра­лы­ның са­на­ты 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 Ескерту: *9 және 10-бағандар көлік құралдарының типтерін бекіту үшін толтырылады.
Басқа 3. Көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексерудің қорытындысы
Көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеу дұрыстығы мен негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларға 3-қосымша Көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексерудің қорытындысы ____________________________________ техникалық хатшылық (ұйымның атауы) _______________________________________________________________ (СРО атауы, аккредиттеу аттестатының нөмірі мен берілген күні) сәйкестікті растау жөніндегі орган (бұдан әрі - СРО) берген сериялық шығарылатын көлік құралдарына немесе шассиге, партияға ___ бірлік көлік құралына немесе шассиге рәсімделген №_____________________________________________________________ (КҚТМ/ШТМ нөмірі) көлік құралы типін мақұлдауларды (бұдан әрі – КҚТМ/ШТМ), шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін растайды. Маркасы, типі __________________________________________________, санаты ______________________________________________________, өтінім беруші ___________________________________________________, (көлік құралын өндіруші/өндіруші өкілі) өндіруші _________________________________________________, (өндіруші атауы, өндірілген мемлекет) Бас директор _______________ (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы, күні)