Об утверждении Правил, срока и формы представления уполномоченным органом по труду сведений о физических лицах, являющихся безработными, выданных разрешениях на привлечение иностранной рабочей силы для осуществления трудовой деятельности Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғалар, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 19-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғалар, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары және мерзімі;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғалар туралы мәліметтер нысаны;
Тармақша 3
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар туралы мәліметтер нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмелері қазақша және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдануын;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік орган басшыларының соңғысы оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 1. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғалар, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары және мерзімі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 20___ жылғы «___» ____ № ___ және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20___ жылғы «___» ____ № ___ бірлескен бұйрығына 1-қосымша Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғалар, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары және мерзімі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғалар, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары және мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 19-2-тармағына сәйкес әзірленді және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғалар, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) ұсыну тәртібі мен мерзімін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғалар, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдері
2-тарау. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғалар, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдері
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесінен осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген нысан бойынша мәліметтердің өзгеруіне байланысты күн сайын автоматтандырылған тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеттінің «Біріктірілген деректер базасы» ақпараттық жүйесіне береді.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйесінен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «электрондық үкімет» шлюзі арқылы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілген нысан бойынша мәліметтердің өзгеруіне байланысты күн сайын автоматтандырылған тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеттінің «Біріктірілген деректер базасы» ақпараттық жүйесіне береді.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетті осы Қағидалардың шеңберінде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Басқа 2. Жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғалар туралы мәлімет
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 20___ жылғы «___» ____ № ___ және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20___ жылғы «___» ____ № ___ бірлескен бұйрығына 2-қосымша нысан Жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғалар туралы мәлімет № Же­ке тұл­ға бой­ын­ша мә­лі­мет Тір­кел­ген кү­ні Тір­ке­уден алын­ған кү­ні же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де) 1 2 3 4 5
Басқа 2.0. «Жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғалар туралы мәлімет» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
«Жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғалар туралы мәлімет» нысанына қосымша «Жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғалар туралы мәлімет» нысанын толтыру бойынша түсіндірме «Жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғалар туралы мәлімет» нысанын еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ұсынады және мынадай деректерді қамтиды: 1-бағанда – жолдың ретік нөмірі; 2-бағанда – жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі; 3-бағанда – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде); 4-бағанда –жеке тұлғаның жұмыссыз ретінде тіркелген күні; 5-бағанда – жеке тұлғаның жұмыссыз ретінде тіркеуден алынған күні.
Басқа 3. Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар туралы мәліметтер
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 20___ жылғы «___» ____ № ___ және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20___ жылғы «___» ____ № ___ бірлескен бұйрығына 3-қосымша нысан Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар туралы мәліметтер № Ұй­ым­ның (жұ­мыс бе­ру­ші­нің) же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі) Ұй­ым­ның (жұ­мыс бе­ру­ші­нің) ата­уы Қыз­мет (Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­уі­ші) Жұ­мыс бе­ру­ші ор­на­лас­қан ме­кен­жай Бе­рі­л­ген құ­жат­тың нө­мі­рі Бе­рі­л­ген кү­ні Рұқ­сат қол­да­ны­сы­ның ба­ста­лу кү­ні Рұқ­сат қол­да­ны­сы­ның аяқ­та­лу кү­ні өңір кө­ше­нің ата­уы үй­дің нө­мі­рі пәтер­дің/ кең­се­нің нө­мі­рі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 Жұ­мыс әді­сі Рұқ­са­та­ма­ның мәр­те­бе­сі Тар­ты­ла­тын ше­тел­дік тұл­ға ше­тел­дік жұ­мыс кү­шін тар­ту­ға рұқ­сат бер­ге­ні үшін са­лық алы­мы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да жұ­мыс іс­те­у­ге тар­ты­л­ған же­ке тұл­ға­ның-ше­тел­дік аза­мат­тың те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да жұ­мыс іс­те­у­ге тар­ты­л­ған же­ке тұл­ға­ның – ше­тел­дік аза­мат­тың ту­ған кү­ні Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да жұ­мыс іс­те­у­ге тар­ты­л­ған же­ке тұл­ға­ның-ше­тел­дік аза­мат­тың же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі 13 14 15 16 17 18 же­ке тұл­ға­ның – ше­тел аза­ма­ты­ның аза­мат­тығы елі (ел­дің ко­ды) аза­мат­тығы елі­нің ата­уы же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың тү­рі же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­ты бе­ру нө­мі­рі же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­ты бе­ру кү­ні жұ­мысқа тар­ты­л­ған ше­тел­дік-же­ке тұл­ға­ның ла­у­а­зы­мы рұқ­сат бер­ген уәкі­лет­ті ор­ган (жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган) же­ке тұл­ға­ның ор­на­лас­қан өңі­рі 19 20 21 22 23 24 25 26
Басқа 4. «Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсат туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
«Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсат туралы мәліметтер» нысанына қосымша «Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсат туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме «Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсат туралы мәліметтер» нысанын еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ұсынады және мынадай деректерді қамтиды: 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі; 2-бағанда – заңды/жеке тұлғаның (жұмыс берушінің) бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі; 3-бағанда – заңды/жеке тұлғаның (жұмыс берушінің) атауы; 4-бағанда – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша код көрсетіледі; 5-бағанда – жұмыс беруші орналасқан өңір; 6-бағанда – жұмыс беруші орналасқан көшенің атауы; 7-бағанда – жұмыс беруші орналасқан үйдің нөмірі; 8-бағанда – жұмыс беруші орналасқан пәтердің/кеңсенің нөмірі; 9-бағанда – еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген құжаттың нөмірі; 10-бағанда – еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген күн; 11-бағанда – рұқсаттың қолданылуы басталған күн; 12-бағанда – берілген рұқсаттың қолданылуы аяқталған күн; 13-бағанда – жұмыс әдісі; 14-бағанда – рұқсаттаманың мәртебесі; 15-бағанда – шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат бергені үшін салық алымының сомасы көрсетіледі; 16-бағанда – Қазақстан Республикасына жұмысқа тартылған жеке тұлғаның-шетелдік азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде); 17-бағанда – Қазақстан Республикасында жұмыс істеуге тартылған жеке тұлғаның-шетелдік азаматтың туған күні; 18-бағанда – Қазақстан Республикасында жұмыс істеуге тартылған жеке тұлғаның – шетелдік азаматтың жеке сәйкестендіру нөмірі; 19-бағанда – жеке тұлғаның-шетел азаматының азаматтығы елінің коды; 20-бағанда – азаматтығы бар елдің атауы; 21-бағанда – жеке басын куәландыратын құжаттың түрі; 22-бағанда – жеке басын куәландыратын құжатты беру нөмірі; 23-бағанда – жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні; 24-бағанда – жұмысқа тартылған шетелдік жеке тұлғаның лауазымы; 25-бағанда – рұқсат берген уәкілетті орган; 26-бағанда – жеке тұлға орналасқан өңірі.