Об утверждении Типовых правил проведения внешнего контроля качества аудиторских организаций, в том числе критериев проверок аудиторских и профессиональных организаций Қолданыста
Басқа 0
Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларын, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттарын бекіту туралы
«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 161) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларын, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидалары, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттары
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 16 маусымдағы
№ 574 бұйрығымен бекітілген
Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидалары, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы қағидалар
1-тарау. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің осы үлгілік қағидалары, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 161) тармақшасына сәйкес әзірленді және аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің тәртібін, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Үлгілік қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бақылаушы – сыртқы сапа бақылауын жүргізу үшін аудиторлар арасынан кәсіби ұйымның жұмыс органы және (немесе) кәсіби ұйымның кәсіби кеңестің сапасын бақылау комитеті және (немесе) атқарушы басқару органы тағайындайтын, міндетті аудит жүргізу саласында кәсіби тәжірибесі бар тұлға;
Тармақша 2
2) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілері – бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржаларының ресми тізіміне енгізілген немесе енгізу жоспарланған эмитенттерге, сондай-ақ қаржы ұйымдарына (қызметін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда) аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, жер қойнауын пайдаланушылар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретіндерден басқа);
Тармақша 3
3) сыртқы сапаны бақылау – аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттарын, Әдеп кодексін және Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарын сақталуына арналған сапаны бақылау және кәсіби кеңестің сапасын сыртқы бақылау объектілеріне қатысты кәсіби кеңестің сапаны бақылау комитеті және (немесе) кәсіби ұйымдар кәсіби кеңестің сапасын сыртқы бақылау объектілері болып табылмайтын аудиторлық ұйымдарға қатысты жүзеге асыратын тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Сапаға сыртқы бақылау келесі кіші түрлерге бөлінеді:
Тармақша 1
1) жоспарлы;
Тармақша 2
2) жоспардан тыс.
Тармақ 4
4. Сапаға жоспардан тыс сыртқы бақылау:
Тармақша 1
1) аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың және кәсіптік ұйымдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) өтініш алған жағдайда;
Тармақша 2
2) аудиторлар және (немесе) аудиторлық ұйымдар жұмысының нәтижелерімен келіспеген жағдайда;
Тармақша 3
3) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілерінің бастамасы бойынша;
Тармақша 4
4) аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың және кәсіптік ұйымдардың қызметіне байланысты келіп түскен өтініштерге сәйкес уәкілетті органның бастамасы бойынша жүргізіледі.
Аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың және кәсіптік ұйымдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану бойынша сапаға жоспардан тыс сыртқы бақылау жүргізу туралы шешім өтініште жазылған нақты деректер қаралғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде шығарылады.
Тармақ 5
5. Әрбір аудиторлық ұйым бойынша жоспарлы және (немесе) жоспардан тыс сапаға сыртқы бақылау жүргізу мерзімдерін кәсіби кеңестің сапаны бақылау комитеті және (немесе) тиісті кәсіби ұйым бекітілген ішкі жоспарға сәйкес айқындайды. Бұл ретте кәсіби кеңестің сапаны бақылау комитетінің және кәсіби ұйымның сапаға сыртқы бақылау жүргізу мерзімі 10 (он) жұмыс күнінен аспайды, ал сапаны сыртқы бақылау нәтижелері бойынша бағалауды айқындау үшін – 2 (екі) айдан аспайды. Уәкілетті орган сұрау салған жағдайда сапаға сыртқы бақылау жүргізу мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайды, ал сапаны сыртқы бақылау нәтижелері бойынша бағалауды айқындау үшін – 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.
Тармақ 6
6. Жоспарлы сыртқы сапа бақылауына жататын кезең (қамту) алдыңғы сыртқы сапа бақылауының нәтижелері туралы қорытынды күнінен бастап есептеледі және 3 (үш) жылдан аспауға тиіс. Сыртқы сапа бақылауынан өту нәтижелері туралы қорытындының ресімдеу күні – бағалауды айқындау сыртқы сапа бақылау қорытындысының күні болып саналады.
Тарау 2. 2-тарау. Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау
жүргізудің үлгілік қағидалары
2-тарау. Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау
жүргізудің үлгілік қағидалары
Тармақ 7
7. Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізу тәртібі:
Тармақша 1
1) сапаға сыртқы бақылау рәсімдерін ұйымдастыру бойынша мәселелерді;
Тармақша 2
2) сапаға сыртқы бақылау рәсіміне қатысқан бақылаушының не басқа адамдарды шеттетудің (өздігінен бас тартудың) негізін;
Тармақша 3
3) сапаға сыртқы бақылауды жүргізудің бағдарламасы мен кезеңдерін;
Тармақша 4
4) онда құрылтайшы және құқық белгілеуші құжаттар, лицензиялар, аудиторлардың біліктілік куәліктері, аудиторлардың біліктілігін арттыру бойынша құжаттар, кадрлық құрам жөніндегі құжаттар, аудит сапасына сыртқы бақылау жөніндегі ішкі құжаттар, орындалған аудиторлық тапсырмалар бойынша жұмыс құжаттары қамтылатын аудиторлық ұйымның сапасына сыртқы бақылауды жүргізуге жататын құжаттарының тізбесін;
Тармақша 5
5) сапаға сыртқы бақылауға жататын аудит бойынша жобаларды іріктеу, сондай-ақ мүдделер қақтығысын болдырмайтын бақылаушыларды іріктеу өлшемшарттарын (тәуелсіздікті қамтамасыз ету);
Тармақша 6
6) аудиторлық қызмет көрсету шартын орындауға аудиторлық ұйым жолдаған ресурстардың жеткіліктілігін;
Тармақша 7
7) аудиторлық ұйымның сапасына ішкі бақылау жүйесін, «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының, «Қаржылық емес сектор үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 6 тамыздағы № 4 бұйрығының талаптарын сақталуын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 23942 болып тіркелген), сондай-ақ аудиторлық қызмет туралы заңнама талаптарының сақталуын тексеру мәселелерін;
Тармақша 8
8) жекелеген аудиторлық тапсырмалардың сапасын сыртқы бақылау мәселелерін;
Тармақша 9
9) сапаны бақылау комитеті мен кәсіби ұйым сапаға сыртқы бақылау жүргізу барысында қол жеткізген ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды;
Тармақша 10
10) бақылаушылардың есептілігі мен аудиторлық ұйымның сапаға сыртқы бақылаудан өту нәтижелерін ресімдеуді;
Тармақша 11
11) аудиторлық ұйымның сапаны сыртқы бақылаудан өту нәтижелерін іске асыруы жөніндегі шараларды қамтиды.
Тармақ 8
8. Аудиторлық ұйымдардың және олардың клиенттерінің мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылауды жүргізудің тәртібі:
Тармақша 1
1) аудиторлық ұйымның өз клиенттерін оларда сапаға бақылау жүргізілетіні туралы сапаға бақылау жүргізілгенге дейін кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын жазбаша хабарлама жіберу, уәкілетті орган сапаны жоспардан тыс бақылау жүргізу үшін жүгінген жағдайда өз клиенттеріне кемінде күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын жазбаша хабарлама жіберуді;
Тармақша 2
2) аудиторлық ұйымның жұмыс сапасына сыртқы тексеру жүргізу мерзімі, бақылаушылардың кандидатуралары бойынша кәсіби кеңестің сапаны бақылау комитетіне және (немесе) кәсіби ұйымға уәжделген қарсылықтарын ұсынуды;
Тармақша 3
3) аудиторлық ұйымның тексеру нәтижелері туралы кәсіби кеңестің сапаны бақылау комитетінің және (немесе) кәсіптік ұйымның алдын ала қорытындысын сапаны сыртқы бақылау аяқталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде алуды;
Тармақша 4
4) аудиторлық ұйымның тексеру нәтижелері туралы алдын ала қорытынды бойынша анықталған кемшіліктерге жазбаша түсініктемелер беруді;
Тармақша 5
5) аудиторлық ұйымның тексеру нәтижелері туралы кәсіби кеңестің сапаны бақылау комитетінің және (немесе) кәсіптік ұйымның қорытындысын сапаны сыртқы бақылау аяқталғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде алуды;
Тармақша 6
6) аудиторлық ұйымның кәсіби кеңестің сапаны бақылау комитетінің және (немесе) кәсіптік ұйымның қорытындысына, оның ішінде шағым/апелляция беру мерзімдері сыртқы сапа бақылау қорытындысын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде апелляциялық тәртіппен шағымдануды;
Тармақша 7
7) аудиторлық ұйымның аудит жөніндегі қызметтердің сапасына сыртқы бақылауды уақтылы және толық жүргізу үшін бақылаушыларға жағдай жасауын;
Тармақша 8
8) аудиторлық ұйымның кәсіби кеңестің сапаны бақылау комитеті мен кәсіби ұйымның бақылаушыларына қажетті құжаттар мен ақпараттарды (аудитор үшін – сапаға сыртқы бақылау жүргізу кезінде қатысуы) толық көлемде, уақтылы беруге жан-жақты көмек көрсету мақсатында сапаға сыртқы бақылауды жүргізу кезіне аудиторлық ұйымның жауапты адамын (аудиторды) тағайындауды;
Тармақша 9
9) аудиторлық ұйымның жұмыстың сапасына сыртқы бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен ақпараттарды, қажет болған жағдайда кәсіби кеңестің сапаны бақылау комитеті мен кәсіби ұйымның бақылаушыларының ауызша және жазбаша сұратулары бойынша толық түсініктемелер мен түсіндірмелерді толық көлемде ұсынуды;
Тармақша 10
10) жүргізілген сапаға сыртқы бақылау нәтижелері бойынша аудиторлық ұйым «4» бағасынан төмен баға алған жағдайда кәсіби кеңестің сапаны бақылау комитетіне және (немесе) кәсіби ұйымға кемшіліктерді жою бойынша іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ оны орындау бойынша есептерді екі ай ішінде ұсынуды қамтиды.
Тармақ 9
9. Жүргізілген сапаға сыртқы бақылау нәтижелері бойынша сапаға сыртқы бақылауды жүргізу тәртібінде осы Үлгілік қағидалардың қосымшасына сәйкес аудиторлық ұйымның аудит бойынша қызметін бағалау өлшемі және бағаның анықталатын цифрлық баламасы көзделген.
Тармақ 10
10. Жүргізілген сапаға сыртқы бақылау нәтижесінде айқындалған аудиторлық ұйымның бағасы кәсіби кеңестің және кәсіби ұйымның сайтында жарияланады.
Тармақ 11
11. Сапаға жүргізілген сыртқы бақылаудың нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымдардың «2» бағасын бірнеше рет (екі рет) алуы уәкілетті органды хабардар ете отырып, аудиторлық ұйымды кәсіби ұйымнан шығаруға негіз болып табылады.
Тармақ 12
12. Сапаға жүргізілген сыртқы бақылаудың нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымдардың «3» бағасын бірнеше рет (екі рет) алуы, сондай-ақ осы үлгілік қағиданың 8-тармағының 10) тармақшасына сәйкес растайтын құжаттарды қоса бере отырып, кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша есепті ұсынбауы, сапаны бақылау комитетінің және (немесе) кәсіби ұйымның аудиторлық ұйымды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы өтінішпен кәсіби кеңестің немесе кәсіби ұйымның тиісті комитетіне жүгінуі үшін негіз болып табылады.
Тармақ 13
13. Сапаға сыртқы бақылауды жүргізу тәртібінде, кәсіби ұйымға кіру туралы өтініш берген аудиторлық ұйым бұдан бұрын сапаға сыртқы бақылаудың нәтижелері бойынша Халықаралық аудит стандарттарын мен Әдеп кодексін бұзуға жол бергені үшін осы немесе басқа кәсіби ұйымнан шығарылған жағдайда оның құжаттарын кәсіби кеңестің сапаны бақылау комитетімен және (немесе) кәсіби ұйыммен алдын ала тексеріс жүргізу мәселелері көзделген.
Тарау 3. 3-тарау. Аудиторлық және кәсіби ұйымдарды
тексеру өлшемшарттары
3-тарау. Аудиторлық және кәсіби ұйымдарды
тексеру өлшемшарттары
Тармақ 14
14. Аудиторлық және кәсіби ұйымдарға тексеру жүргізу үшін мынадай өлшемшарттардың бірі:
Тармақша 1
1) сапаға сыртқы бақылаудың алдыңғы тексерулерінің нәтижелері;
Тармақша 2
2) уәкілетті органның және (немесе) кәсіби кеңестің тексеру нәтижелері;
Тармақша 3
3) Әдеп кодексін сақтамауы;
Тармақша 4
4) өтініштердің (шағымдардың) болуы;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдардан және (немесе) басқа да көздерден алынған Халықаралық аудит стандарттары, Әдеп кодексі және Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы туралы ақпараттың болуы ескеріледі.
Басқа 1
Аудиторлық ұйымдардың
сапасына сыртқы бақылау жүргізудің
үлгілік қағидалары, оның ішінде
аудиторлық және кәсіби
ұйымдарды тексеру
өлшемшарттарына
қосымша
№
Бағалауды тұжырымдау
Баға
1.
Аудиторлық ұйымның қызметі аудиттің сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін жеткілікті және Халықаралық аудит стандарттары мен Әдеп кодексінің (бұдан әрі – ХАС және ӘК) талаптарын сақтауға бағытталған
5
2.
Аудиторлық ұйым барлық маңызды аспектілерде ХАС және ӘК талаптарын сақтайды
4
3.
Аудиторлық ұйым, анықталған кемшіліктерге байланысты аудиторлық қызметтер сапасын қамтамасыз ету үшін ұйымдық реформалар жүргізгені жөн. Анықталған кемшіліктер ХАС және ӘК талаптарының толық сақталмауы туралы айтуға мүмкіндік береді
3
4.
Аудиторлық ұйым ХАС және ӘК талаптарын бұзды
2