Об утверждении Правил, срока и формы представления уполномоченным органом в области государственной статистики административных данных, учтенных в книге похозяйственного учета Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректерді ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 19-5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректерді ұсыну қағидалары және мерзімі;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ұсынатын, шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректерді ұсыну нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік орган басшыларының соңғысы оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 8. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректерді ұсыну қағидалары және мерзімі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «___» ________ № ___ және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгiнің Ұлттық статистика бюросы басшысының «___» _________ № ___ бірлескен бұйрығына 1-қосымша Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректерді ұсыну қағидалары және мерзімі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректерді ұсыну қағидалары және мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 19-5-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректерді (бұдан әрі – Мәліметтер) ұсыну тәртібі мен мерзімін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректерді ұсыну тәртібі мен мерзімі
2-тарау. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректерді ұсыну тәртібі мен мерзімі
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган Мәліметтерді жылына екі рет, есепті кезеңнің 1 қаңтардағы жағдайы бойынша Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесінен мәліметтерді осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген нысан бойынша автоматтандырылған тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің «Интеграцияланған деректер қоры» ақпараттық жүйесіне ұсыну жылының 1 ақпанынан кешіктірмей және 1 шілдеге 1 тамыздан кешіктірмейтін мерзімде ұсынады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы Қағидалардың шеңберінде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Басқа 14. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ұсынатын, шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректер
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «___» ________ № ___ және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгiнің Ұлттық статистика бюросы басшысының «___» _________ № ___ бірлескен бұйрығына 2-қосымша нысан Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ұсынатын, шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректер № Же­ке тұл­ға бой­ын­ша мә­лі­мет Жер­дің бо­луы және үй ша­ру­а­шы­лық­та­ры ту­ра­лы мә­лі­мет Үй ша­ру­а­шы­лық­та­рын­да ауы­л­ша­ру­а­шы­лық жа­ну­ар­ла­ры мен құ­ста­ры­ның бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де) әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­нің ко­ды жер әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­нің ко­ды үй құ­сы фер­ма­да өсі­рі­л­ген өзге де жа­ну­ар­лар тор­да өсі­рі­ле­тін те­рі­сі ба­ға­лы аң­дар тү­рі ауда­ны тү­рі бас тү­рі бас тү­рі бас 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 Үй шаруашылықтарында егіс алқаптарының болуы туралы мәлімет әкімшілік-аумақтық объектінің коды дәнді дақылдар майлы дақылдар ақталмаған күріш (ауданы) көкөністер мен бақша дақылдары, тамыржемістілер түрі ауданы түрі ауданы түрі ауданы 14 15 16 17 18 19 20 21 темекі (ауданы) тұқымынан тазартылған немесе тазартылмаған мақта (ауданы) азықтық дақылдар гүлдер (ауданы) көпжылдық дақылдар түрі ауданы түрі ауданы 22 23 24 25 26 27 28 «Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ұсынатын, шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректер» нысанына қосымша «Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ұсынатын, шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректер» нысаны мынадай деректерді қамтиды: 1-бағанда – реті бойынша нөмірі; 2-бағанда –жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі; 3-бағанда –жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде); 4-бағанда – әкімшілік-аумақтық объектінің коды; 5-бағанда – жер учаскесінің түрі; 6-бағанда – 5-бағанда көрсетілген жер учаскесінің ауданы; 7-бағанда – әкімшілік-аумақтық объектінің коды; 8-бағанда – үй құсының түрі; 9-бағанда – 8- бағанда көрсетілген үй құсының саны; 10-бағанда – фермада өсірілген өзге де жануарлар түрі; 11-бағанда –10-бағанда көрсетілген үй шаруашылығының өзге де жануарлар саны; 12-бағанда –торда өсірілетін терісі бағалы аңдар түрі; 13-бағанда –12-бағанда көрсетілген торда өсірілетін терісі бағалы аңдар саны; 14-бағанда – әкімшілік-аумақтық объектінің коды; 15-бағанда – дәнді дақылдардың түрі; 16-бағанда – 15-бағанда көрсетілген дәнді дақылдардың егіс алқабы; 17-бағанда – майлы дақылдардың түрі; 18-бағанда – 17-бағанда көрсетілген майлы дақылдардың егіс алқабы; 19-бағанда – ақталмаған күріштің ауданы; 20-бағанда – көкөністер және бақша дақылдары, тамыр жемістілер түрі; 21-бағанда – 20-бағанда көрсетілген көкөністер және бақша дақылдары, тамыр жемістілер алқабының ауданы; 22-бағанда – темекінің ауданы; 23-бағанда – тұқымынан тазартылған немесе тазартылмаған мақтаның ауданы; 24-бағанда – азықтық дақылдардың түрі; 25-бағанда – 24-бағанда көрсетілген азықтық дақылдар алқабының ауданы; 26-бағанда – гүлдердің ауданы; 27-бағанда – көпжылдық дақылдардың түрі; 28-бағанда – 27-бағанда көрсетілген көпжылдық дақылдар алқабының ауданы.