Об утверждении Правил определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания Күшін жойған
Басқа 0
Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Басқа 7. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2021 жылғы 10 маусымдағы
№ 182 бұйрығымен
бекітілген
Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын бюджет қаражаты есебінен айқындау тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік тапсырма – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оның ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне, дербес кластерлік қорға, «Aстана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне, дербес білім беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын «Елбасы Aкадемиясы» корпоративтік қорына, жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға арналған тапсырыс;
Тармақша 2
2) зерттеулер – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері тиісінше ғылыми әдістермен және құралдармен жүзеге асыратын қолданбалы, іргелі, стратегиялық ғылыми зерттеулер;
Тармақша 3
3) консалтингтік көрсетілетін қызметтер – «Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13301 болып тіркелді) бекітілген Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесіне сәйкес мемлекеттік орган қызметі процесінде туындайтын проблемаларды, мүмкіндіктерді айқындау және бағалау жөніндегі не ахуалды егжей-тегжейлі талдау; жұмыстың қаржылық және басқарушылық тиімділігін (мынадай негізгі қызмет түрлері шеңберінде: басқару консалтингі, әкімшілік-кадрлық консалтинг, қаржылық консалтинг, ІТ-консалтинг, заң консалтингі, мамандандырылған консалтинг, қорғаныс саласындағы консалтинг, техникалық консалтингтік қызметтер) арттыру үшін одан әрі іс-қимылды түзеу бойынша тиімді ұсынымдар әзірлеу бойынша консалтингтік қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар.
Тарау 2. 2-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі
2-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі
Тармақ 3
3. Зерттеу, консалтингтік қызмет көрсету мен мемлекеттік тапсырма құны үстеме, тікелей және жанама шығыстардың сомасына сүйене отырып келесі формуламен айқындалады:
С = ∑ПР+КР+НР, мұндағы:
С – зерттеу, консалтингтік қызмет көрсету және мемлекеттік тапсырма құны;
ПР – тікелей шығыстар;
КР – жанама шығыстар;
НР – үстеме шығыстар.
Тарау 3. 3-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау үшін шығыстар түрі
3-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау үшін шығыстар түрі
Тармақ 4
4. Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын есептеу нысанында зерттеу жұмысын орындауға тікелей қатысатын барлық қызметкерлердің штаттық кестеге сәйкес лауазымдары бойынша жалақысы әрбір қызметкер бойынша жеке көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Тікелей шығыстарға:
Тармақша 1
1) зерттеулерді, консалтингтік қызметтерді және мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыратын қызметкерлердің (штаттық және штаттан тыс) жалақысы;
Тармақша 2
2) тартылған бөгде ұйымдар мен сарапшылар көрсететін қызмет құны жатады.
Тармақ 6
6. Жанама шығыстарға:
Тармақша 1
1) іссапар шығыстары;
Тармақша 2
2) өкілдік шығыстар (семинарлар, дөңгелек үстелдер, келіссөздер, конференциялар, жұмыс кездесулері, мастер-кластар, кофе-брейк, түскі ас, кешкі ас);
Тармақша 3
3) аударма қызметтері;
Тармақша 4
4) сауалнама жүргізу бойынша шығыстар («далалық» зерттеулер);
Тармақша 5
5) полиграфиялық қызметтерге шығыстар;
Тармақша 6
6) тікелей зерттеулер жүргізу үшін қажетті ақпараттық қызметтер (бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландырулар) жатады.
Тармақ 7
7. Үстеме шығыстарға:
Тармақша 1
1) коммуналдық қызметтер (электр энергиясы, жылыту, сумен жабдықтау және кәріз, қоқыс шығару);
Тармақша 2
2) ғимаратты ұстауға және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстар (үй-жайларды жұмыс жағдайында ұстау бойынша жұмыстар);
Тармақша 3
3) негізгі құралдарды жөндеу және қызмет көрсету;
Тармақша 4
4) негізгі құралдардың тозуы;
Тармақша 5
5) материалдық емес активтердің амортизациясы;
Тармақша 6
6) материалдарды (қосалқы бөлшектер, жанар-жағармай материалдары, жиынтықтауыштар, кеңсе тауарлары және шығыс материалдары);
Тармақша 7
7) көлік шығыстары (транспорт құралдарын жалға алу);
Тармақша 8
8) ғимаратты жалға алу;
Тармақша 9
9) байланыс және интернет қызметтері;
Тармақша 10
10) пошта қызметтері;
Тармақша 11
11) банктік қызметтер;
Тармақша 12
12) типографиялық шығыстар;
Тармақша 13
13) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
Тармақша 14
14) сақтандыру бойынша шығыстар;
Тармақша 15
15) әкімшілік-басқару персоналының жалақысы жатады.
Зерттеулер, консалтингтік қызметтер көрсету және мемлекеттік тапсырма жүргізу үшін бөгде ұйымдар мен жеке тұлғаларды тарту бөгде ұйымдармен және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық мәмілесін жасасу негізінде жүзеге асырылады.
Бөгде ұйымдар мен жеке тұлғаларды тарту бойынша шығыстар қосалқы мердігерлікке және өтеулі қызметтер көрсету шарттары бойынша тартылатын жеке тұлғалардың қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстарды көздейді.
Іс-сапар шығыстарының құны (қонақ үйде тұру, тәулікақы) «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен анықталады.