Об утверждении Правил формирования и работы дисциплинарной комиссии в органах гражданской защиты Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтық қорғау органдарында тәртіптік комиссияны құру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 100-бабының 3 және 4-тармақтарына, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғау органдарында тәртіптік комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Азаматтық қорғау органдарында тәртіптік комиссияны құру және оның жұмыс істеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы « » № бұйрығымен бекітілген Азаматтық қорғау органдарында тәртіптік комиссияны құру және оның жұмыс істеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы азаматтық қорғау органдарында тәртіптік комиссияны құру және оның жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 100-бабының 3 және 4-тармақтарына, «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 4-тармағына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және арнайы атақтар берілген қызметкерлердің тәртіптік теріс қылықтарын қарау бойынша азаматтық қорғау органдарында (бұдан әрі - АҚО) тәртіптік комиссияны құру және оның жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) тәртіптік жауапкершілік (бұдан әрі - жауапкершілік) - тәртіптік теріс қылықтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген жағдайларда Әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қызметкерлер көтеретін заңдық жауапкершілік түрі;
Тармақша 2
2) тәртіптік комиссия (бұдан әрі - Комиссия) - тәртіптік теріс қылыққа қатысты фактілерді зерттеу және қызметтік тергеу материалдарын қарау үшін оның жасалуының мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтау және тәртіптік жауапкершілікке тартылатын қызметкерді лауазымға тағайындау және лауазымынан босату құқығы бар адамды тәртіптік жазалау шарасы туралы ұсыным шығару мақсатында АҚО бөлімшелерінде құрылатын тұрақты алқалы орган;
Тармақша 3
3) тәртіптік теріс қылық (бұдан әрі - теріс қылық) - АҚО қызметкерінің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы, кінәлі атқармауы немесе тиісінше атқармауы, лауазымдық өкілеттіліктерін асыра пайдалануы, қызметтік және еңбек тәртібін бұзуы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) талаптарын бұзуы, сондай-ақ құқық қорғау қызметінде болуға байланысты белгіленген шектеулерді сақтамауы;
Тармақша 4
4) уәкілетті басшы - АҚО аумақтық бөлімшесінің басшысы, АҚО мекемесінің, ведомствосының басшысы.
Тармақ 3
3. Комиссия өз қызметін Конституцияға, Заңға және өзге де құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. Азаматтық қорғау органдарында тәртіптік комиссияны құру тәртібі
2-тарау. Азаматтық қорғау органдарында тәртіптік комиссияны құру тәртібі
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Комиссиясынің құрамы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 5
5. АҚО бөлімшелері Комиссияларының құрамы Заңның 56-бабы 2-тармағының 4) - 9) тармақшаларында көзделген тәртіптік жазаларды қолдануға құқығы бар уәкілетті басшылар бұйрықтарымен бекітіледі.
Тармақ 6
6. Төрағаны қоса алғанда, Комиссия мүшелерінің жалпы саны кемінде бес мүшеден болуы тиіс.
Тармақ 7
7. Заңның 56-бабы 2-тармағының 4) - 9) тармақшаларында көзделген тәртіптік жазаларды қолдануға құқығы бар уәкілетті басшыларға Комиссия төрағасының міндеттерін орындауға жол берілмейді.
Тармақ 8
8. Комиссияның құрамына міндетті түрде кадр, заң қызметтерінің және жеке құрам жөніндегі инспекцияның (олар болған жағдайда) қызметкерлері кіреді.
Тармақ 9
9. Комиссияның жоқ мүшелерін ауыстыруға жол берілмейді.
Тармақ 10
10. Комиссия төрағасы мен мүшелері өздерінің жақын туысы, жұбайы немесе жекжаты болып табылатын АҚК қызметкерінің теріс қылықтарына қатысты, сондай-ақ осы тергеп-тексеруге тікелей немесе жанама мүдделілігі болған кезде қызметтік тергеп-тексеру материалдарын қарауға, фактілерді зерттеуге және ұсынымдар шығаруға қатысуға жіберілмейді.
Тармақ 11
11. Комиссияның хатшысы (бұдан әрі - хатшы) болып кадр қызметінің өкілі тағайындалады. Қолжетімділігі шектеулі материалдар бойынша қызметтік тергеу қорытындыларын қараған жағдайда, бастама еткен қызметтің қызметкері хатшы болып тағайындалады. Хатшы Комиссия отырыстарын өткізуді ұйымдастырады, Комиссия мүшелеріне, өздеріне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген қызметкерлерге және олардың тікелей басшыларына отырыстың өткізілетін күні, уақыты мен орны, күн тәртібі туралы хабарлайды, хаттама жүргізуді және Комиссия шешімін ресімдеуді еркін нысанда жүзеге асырады. Хатшы дауыс беруге қатыспайды.
Тарау 3. 3-тарау. Азаматтық қорғау органдарында тәртіптік комиссияның жұмыс тәртібі
3-тарау. Азаматтық қорғау органдарында тәртіптік комиссияның жұмыс тәртібі
Тармақ 12
12. Комиссия отырысы кворумның болуы жағдайында оның құрамының кемінде үштен екісі болған кезінде өткізіледі. Отырысты өткізу күнін Төраға белгілейді және Комиссия хатшысы арқылы басқа мүшелерінің және қызметтік тергеу жүргізілген АҚО бөлімшесінің лауазымды адамдарының назарына жеткізіледі. Өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген қызметкер тәртіптік комиссияның отырысына дәлелсіз себеппен келмеген жағдайда, бұл факт тәртіптік комиссия отырысының хаттамасында көрсетіледі. Комиссия отырысында қызметтік тергеп-тексеру материалдарын қарау, егер өзіне қатысты тәртіптік жауаптылық қаралатын қызметкер Комиссия отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілсе және отырыс өткізілгенге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын аталған материалдармен таныстырылса, оның қатысуынсыз өтуі мүмкін.
Тармақ 13
13. Комиссия қызметтік тергеу материалдарын қарайды және теріс қылыққа қатысты фактілерді зерделейді, қызметтік тергеу жүргізілген қызметкерлердің түсініктемелерін тыңдайды. Қажет болған жағдайда Комиссия олардың лауазымдық жағдайына қарамастан куәгерлерді тыңдайды және теріс қылыққа қатысты кез келген фактілерді зерттейді. Комиссияға қандай да бір қысым көрсетуге және оның қызметіне араласуға жол берілмейді.
Тармақ 14
14. Теріс қылық жасағанын растайтын фактілер болған кезде, Комиссия АҚО бөлімшесінің, АҚО білім беру ұйымының басшысына тәртіптік жаза қолданудың орындылығы және оның түрі туралы ұсынымдар шығарады.
Тармақ 15
15. Комиссияның ұсынымы ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оған отырысқа қатысқан Комиссияның мүшелері санының көпшілігі дауыс берсе, шешім қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссияның төрағасы жақтап дауыс берген ұсыным қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелері өздерінің пікірін айтады және дауыс беру кезінде қалыс қалмайды. Комиссияның ұсынымы Комиссия шешімімен ресімделеді. Комиссияның талқылауы және дауыс беруі жауапкершілігі Комиссия отырысында қаралатын қызметкерлердің қатысуынсыз жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Комиссия отырысының хаттамасына және Комиссия шешіміне Комиссия отырысына қатысқан Төраға және Комиссия мүшелері, сондай-ақ Комиссия хатшысы қол қояды. Бірнеше адамның жауапкершілігі қаралған жағдайда Комиссия әрбіріне жеке ұсыным шығарады.
Тармақ 17
17. Жауапкершілігі Комиссия отырысында қаралған қызметкерге қабылданған Комиссия шешімі туралы үш жұмыс күні ішінде (қол қойдырып) Комиссияда тәртіптік жауапкершілікті қарауға бастама жасаған қызмет хабарлайды.
Тармақ 18
18. Комиссия хатшысы АҚО бөлімшесінің басшысына қызметкердің жауапкершілігі туралы соңғы шешімді қабылдау үшін Комиссия Шешімін жолдайды.
Тармақ 19
19. Комиссия жұмысының материалдары кадр қызметінде немесе жеке құрам жөніндегі инспекцияда, ал қолжетімділігі шектеулі материалдар бастама жасаған қызметте сақталады.
Тармақ 20
20. Комиссия жұмысының материалдарын сақтау мерзімі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15997 болып тіркелген) бекітілген сақтау мерзімін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын Үлгілік құжаттар тізбесіне сәйкес белгіленеді.