Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов в городе Алматы Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-9-тармағына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 2-тармағына, «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі келесі санаттар бойынша халықтың әлеуметтiк осал топтарының қатарынан бекітілсін:
Тармақша 1
1) 1 және 2-топтағы мүгедектер;
Тармақша 2
2) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар;
Тармақша 3
3) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Тармақша 4
4) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне сатып алу құқығын жүзеге асыру үшін әлеуметтік көмек түріндегі (өтеусіз және қайтарымсыз негізде) бастапқы жарна сомасының 85% мөлшерінде тұрғын үй сертификаты ұсынылады, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.