Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 - 1 - бабы 7) тармақшасына сәйкес және бас мемлекеттік ветеринариялық – санитарлық инспекторының 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 01-30/351 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы Қостанай ауданы Александров ауылдық округінің Еңбек ауылы аумағында ірі қара малдың бруцеллезі ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шараларын белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қостанай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті Костанай аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. «Қостанай ауданының Александров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.