Жалағаш ауданында "Ақсу" ауылдық округін құру туралы Қолданыста
Басқа 0
Жалағаш ауданында "Ақсу" ауылдық округін құру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық қүрылымы туралы" Заңының 11-бабына, "'Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 4-тармақшасына сөйкес және Жалағаш ауданының әкімі мен аудандық Мәслихатының ұсыныстарын ескере отырып облыс әкімі мен облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жалағаш ауданында жаңадан "Ақсу" ауылдық округі құрылсын.
Тармақ 2
2. Құрылған ауылдық округтің шекарасы Жалағаш ауданы әкімінің 1992 жылғы 18 тамыздағы №175 шешімімен бекітілген шекарасы шегінде белгіленсін.