Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества Ерейментауского района Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ерейментау ауданындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемшарттарды айқындау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ерейментау ауданындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемшарттар айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ерейментау ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Ерейментау ауданындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемшарттары
Әкімдіктің 2021 жылғы «18» маусымдағы № а-6/166 қаулысына қосымша Ерейментау ауданындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемшарттары № Өлшемшарттардың атауы Иеліктен айыру түрлері 1 Коммуналдық мүлікті одан әрі бақылауда мемлекеттің мүдделілігі болмауы Сауда-саттықты аукцион нысанында өткізу 2 Коммуналдық мүлікті сату шарттарын (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы бойынша берешекті өтеу және басқа да шарттар) белгілеу қажеттілігі Сауда-саттықты тендер нысанында өткізу 3 Сенім білдірілген басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты талаптарын орындау Тікелей атаулы сату