Об утверждении Правил финансирования средств, предусмотренных в местном бюджете по программе «Представительские затраты», и норм представительских затрат Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті бюджетте «Өкілдік шығындар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесін және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы «Республикалық бюджетте «Өкілдік шығындар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесін және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 наурыздағы №281 қаулысына сәйкес және бюджеттік қаражатты үнемдеу тәртібін күшейту мақсатында облыс әкімияты қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) жергілікті бюджетте «Өкілдік шығындар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесі;
Тармақша 2
2) Өкілдік шығындардың нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Өкілдік шығыстарға жергілікті бюжеттен қаражат бөлудің тәртібі туралы ережені бекіту және өкілдік шығыстардың нормалары туралы» облыс әкімінің 1999 жылғы 19 қазандағы №58 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Басқа 5
Облыс әкімиятының 2003 жылғы 7 сәуірдегі №476 қаулысымен бекітілген Жергілікті бюджетте «Өкілдік шығындар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже жергілікті бюджетте «Өкілдік шығындар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдаланудың тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Өкілдік шығындар - тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте кѳзделген және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне мемлекет басшысын және республика Үкіметінің басшыларын, шетелдік делегацияларды қабылдауға, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми іс-шаралар өткізуге, сондай-ақ облыстың ресми делегацияларының шетелдегі өкілдік мақсаттарға бөлінетін қаражат. Өкілдік шығындарға:
Тармақша 1
1)облыс әкімінің шешімімен көзделген жағдайларда іс-шараларға қатысу үшін Қызылорда облысына шақырылатын тұлғалардың қонақ үйде тұруына және баратын пунктіне дейінгі көліктік шығындарына ақы төлеуге;
Тармақша 2
2)ресми қонақасыға, кешкі астарға, кофе-брейктерге, фуршеттерге;
Тармақша 3
3)ресми қабылдаулар өткізу кезіндегі музыкалық сүйемелдеуге;
Тармақша 4
4)кәдесыйлар, ескерткіш сыйлықтар сатып алуға;
Тармақша 5
5)автокөліктік қызмет көрсетуге;
Тармақша 6
6)аудармашылардың қызметіне ақы төлеуге;
Тармақша 7
7)залды жалға алуға арналған шығындар; 8 ) облыс әкімі рұқсат еткен өзге де шығыстар жатады.
Тармақ 2
2. Жергілікті бюджеттің өкілдік шығындарға бөлінетін қаражатын пайдаланудың тәртібі
Тармақ 3
3. Облыс әкімінің аппараты мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте ѳкілдік шығындарға кѳзделген қаражат кѳлеміне сүйене отырып, өкілдік шығындарды талап ететін жылдық іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Жоспар) жасайды. Мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде күтпеген іс-шараларды өткізудің мәнділігі мен бөлінген қаражат көлемін ескере отырып, облыс әкімінің аппараты Жоспарды жыл бойы түзете алады.
Тармақ 4
4. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жергілікті бюджетте өкілдік шығындарға көзделген қаражатты бөлу туралы өтініштерін:
Тармақша 1
1)іс-шараны өткізу қажеттігінің негіздемесі;
Тармақша 2
2)деңгейі мен форматы бойынша делегацияның болу бағдарламалары;
Тармақша 3
3)іс-шаралар дайындау мен өткізудің жұмыс жоспары ;
Тармақша 4
4)іс-шараға қатысушылардың іс жүзіндегі санын растайтын құжаттар;
Тармақша 5
5) шығыстардың әрбір ерекшеліктері негізделген қаржыландыру жоспарлары;
Тармақша 6
6) осы Ереженің 3-тармағына сәйкес Жоспарда тиісті іс-шара болған кезде облыс әкімінің аппараты қарайды. 5.Осы Ереженің 2-тармағының 3), 4), 7) тармақшаларында белгіленген өкілдік шығындар бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері көрсетілген тауарлар мен қызметтерді ұсынатын ұйымдардың тауарлары мен қызметтерінің құнын, сондай-ақ деректемелерін көрсете отырып, заңнамада белгіленген тәртіптің сақталуын растайтын құжаттарды үсынады. 6.Облыс әкімінің аппараты Жоспар және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтініші негізінде осы қаулымен бекітілген өкілдік шығындардың нормаларына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне өкілдік шығындарға арналған қаражат бөлуді жүзеге асырады. 7.Өкілдік шығындарға арналған қаражатты бөлу облыс әкімінің сапарлары кезіндегі өкілдік мақсаттарға қаражат бөлу жағдайларын қоспағанда, облыс әкімінің шешімімен ресімделеді. Өкілдік шығындарға қаражат бөлу туралы облыс әкімінің шешімі жоспарланған іс-шара басталғанға дейін қабылданады. 8.Облыстық қаржы басқармасы облыс әкімі шешімінің негізінде заңнамада белгіленген тәртіппен облыстық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді. 9.Облыс әкімінің, облыс әкімінің орынбасарларының шетелдік сапарлары кезінде өкілдік шығындарға қолма-қол шетел валютасын бөлу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: облыс әкімінің аппараты бөлінген қаражатты айырбастау үшін облыстық казынашылық басқармасында валюталық шот ашады; облыстық казынашылық басқармасының өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы шетел валютасын айырбастауды жүргізеді және оның корреспонденттік (валюталық) шотына аударады; облыстық қазынашылық басқармасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы көшірме үзіндісінің негізінде шетел валютасын облыс әкімі аппаратының валюталық шотына есептейді; облыс әкімінің аппараты ай сайын 10-күніне дейін облыстық қазынашылық басқармасына тиісті айға арналған жоспарлы тағайындауларға баламалы сомада келесі күнтізбелік айға қолма-қол шетел валютасын алуға өтінім жолдайды; өкілдік шығындарға арналған қаражатты бөлу туралы қабылданған шешімнің негізінде облыс әкімінің аппараты ресми делегацияның құрамына кіретін адамдарды көрсете отырып, қолма-қол шетел валютасын алуға арналған сенімхатты беру үшін облыстық қазынашылық басқармасына хат жолдайды. Облыстық қазынашылық басқармасы облыс әкімі аппаратының хатында көрсетілген адамға Қазақстан Республикасы ¥лттық Банкінің аумақтық филиалынан қолма-қол шетел валютасын алуға сенімхат береді. З.Есеп беру және бақылау
Тармақ 10
10. Облыс әкімінің аппараты өкілдік шығындарға бөлінетін қаражаттың жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады. 1 1. Өкілдік шығындарға арналған қаражатты алған жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері көрсетілген қаражаттың пайдаланылуы туралы тоқсан сайынғы есепті, ал өкілдік шығындарға арналған қаражатты алған адамдар іс-шаралар өткізілгеннен кейін 15 күнтізбелік күн ішінде тиісті тауарларды сатқан, жұмыстарды атқарған және қызметтер көрсеткен ұйымның мөрімен куәландырылған сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің қүны мен көлемін көрсете отырып, растайтын құжаттары (түбіртектерді, есеп-фактураларды, жөнелтпе құжаттарды) облыс әкімі аппаратына ұсынуы тиіс. Осы Ереженің 9-тармағында белгіленген тәртіппен бөлінетін қаражат бойынша есеп беретін адам іс-шаралар өткізілгеннен кейін 30 күнтізбелік күн ішінде облыс әкімі аппаратының валюталық шотына пайдаланылмаған ақшаның сомасын қайтарады және оған облыс әкімінің және облыс әкімінің орынбасарларының шетелге сапары кезінде облыс әкімі аппаратының басшысы бекіткен, елтаңбалық мөрмен расталған өкілдік мақсаттарға арналған шығындар жөніндегі актіні, сондай-ақ қолма-қол қаражатты қайтару туралы түбіртекті және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалының кіріс ордерін тапсырады.
Тармақ 12
12. Өкілдік шығындарға бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуы үшін жауапкершілік жергілікті бюджеттік бағдарламалардыц әкімшілеріне жүктеледі.
Басқа 27
Облыс әкімиятының 2003 жылғы 7 сәуірдегі №476 қаулысымен бекітілген Өкілдік шығындардың НОРМАЛАРЫ Шығыстардың атауы Құны теңгемен 1. Ресми түстіктерді, кешкі астарды беруге арналған шығындар делегация үшін күніне бір адамға арналған есеппен жүргізіледі; Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы - Сыртқы істер министрінің және Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары Төрағаларының қатысуымен ресми түстіктерді, кешкі астарды беруге күніне бір адамға арналған есеп бойынша 2. Келіссөздер, мәдени бағдарламалар іс- шаралары кезіндегі буфеттік қызмет көрсету күніне бір адамға 3. Делегацияны қабылдайтын мемлекеттік органның штатында тұрмайтын аудармашының еңбегіне ақы төлеу (ілеспе аудармадан басқа) бір сағатқа ақы төлеу есебі бойынша 4. Автомобиль көлігімен шетелдік делегацияларға қызмет көрсетуге арналған көліктік шығындарға ақы төлеу бір сағатқа ақы төлеу бойынша қаржыландыру жоспарларында көзделеді 6500-ге дейін 12500-ге дейін 1040-қа дейін 700-ге дейін 1200-ге дейін 1. Ресми түстіктерді, кешкі астарды беру кезінде Қазақстан Республикасының тарапынан қатысушылардың саны шетелдік делегациялардың тарапынан қатысушылардың санынан аспауы тиіс. 2. Делегацияның құрамы 5 адамнан артық болған кезде делегацияға қызмет көрсететін ілесіп жүретін адамдар мен аудармашылардың (ілеспе аудармадан басқа) саны делегацияның 5 мүшесіне 1 аудармашы немесе бірге жүруші есебімен айқындалуы тиіс.