Ауылдық жерлердегі мамандарға тұрғын үйлер салуға мақсатты инвестициялық трансферттер бөлу Тәртібін бекіту туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауылдық жерлердегі мамандарға тұрғын үйлер салуға мақсатты инвестициялық трансферттер бөлу Тәртібін бекіту туралы «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі №357-1 Заңына сәйкес, сондай-ақ «Облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы XVII сессиясының «2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы» №139 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 20 наурыздағы XIX сессиясының шешімін басшылыққа ала отырып облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 20 наурыздағы XIX сессиясының ««2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы №139 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімін іске асыру туралы» облыс әкімиятының 2003 жылғы 27 наурыздағы №461 шешімінің 2 тармағын атқару мақсатында қоса беріліп отырған ауылдық жерлердегі мамандарға тұрғын үйлер салуға мақсатты инвестициялық трансферттер бөлу Тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Қуандықовқа жүктелсін.
Басқа 3
Облыс ӘКІМИЯТЫНЫН 2003 жылғы 8 сәуірдегі № 479 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Ауылдық жерлердегі мамандарға тұрғын үйлер салуға мақсатты инвестициялық трансферттер бөлу ТӘРТІБІ
Тармақ 1
1. Осы Тәртіп «Бюджет жүйесі туралы» 1999 жылғы 1 сәуірдегі №357-1, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94-1 Қазақстан Республикасының Заңдарына және «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі №832 қаулысына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Тәртіп аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдеріне білім, денсаулық сақтау, мәдениет және басқа да ауылдық жердегі экономиканың қажетті салаларына жаңадан келіп жатқан мамандарға тұрғын үй салуға облыстық бюджеттен мақсатты инвестициялық трансферттерді бөлу ережесін және мерзімдерін белгілейді.
Тармақ 3
3. Облыста үш жыл ішінде 1 үйдің құны орташа 300 мың теңгеден 1000 тұрғын үй салу көзделуде. Әрбір жылы облыстық бюджеттің қаражаты есебінен тұрғын үйлер салуға, елді мекендердің және оларда тұрып жатқан тұрғындардың сандарына сәйкес 165 үйлердің құрылысына 49,5 миллион теңге бөлінетін болады, осылардын есебінен аймақтарда орналасқан ауылдық елді мекендерде: Арал ауданында - 25, Қазалы ауданында - 21, Қармақшы ауданында - 16, Жалағаш ауданында - 16, Сырдария ауданында - 16, Шиелі ауданында - 30, Жаңақорған ауданында - 30 және Қызылорда қаласында - 11 үйлер салынады.
Тармақ 4
4. Аудандар және Қызылорда қаласының әкімдері өздерінің қаражаттары және басқа да қаражат көздерінің есебінен тұрғын үйлер тұрғызуды және оларға жаңадан келіп жатқан мамандарды кіргізуді облыстық бюджеттің қаражаты есебінен жүргізілетін көлеммен тепе-тең етіп қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 5
5. Жаңадан құрылыс жүргізілетін елді мекендерді аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері белгілейді.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік тұрғын үй қорының есебінен тұрақ жай мәлімдеушінін тұратын жері бойынша жергілікті атқарушы органның шешімімен беріледі- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрақ жайды жалға алу туралы шарт, тұрақ жайды беру жөнінде шешімнің негізінде атқарушы орган мен азамат (жалға алушы) аралығында жазбаша түрде жасалынады. Жалға алушы немесе оның жанұя мүшелері уақытша болмаған жағдайда оларға мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрақ жайы алты ай көлемінде сақталады.
Тармақ 7
7. Облыстық бюджеттен қаражаттар аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдерінің өздерінің және басқа да қаражаттар көздерінің есебінен тұрғызылған үйлер санына сәйкес бөлінеді. Облыстық бюджеттен ағымдағы қаржылық жылы бөлінген қаражат 1 желтоқсанға дейін игерілуі тиіс.
Тармақ 8
8. Облыстық қаржы басқармасы, жоғарыда аталған мақсаттарға, қаржыны, облыстық мәслихаттың сессиясының бекіткен, күрделі құрылыс көлемдеріне және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің нақты көлемдеріне сәйкес бөледі.
Тармақ 9
9. Жоғарыда аталған қаражаттарды аудандардың және Қызылорда қаласының әкімдері өз мақсатына бағыттайды және қаржыландыру рәсімдерінің Тәртібіне сәйкес жұмсайды, сондай-ақ тоқсан сайын атқарылған жұмыстар бойынша есептілік өткен тоқсан үшін келесі айдың 10 - на, ал жылдық есепті 5 желтоқсанға облыстық қаржы басқармасына тапсырады.
Тармақ 10
10. Облыстық бюджет қаражатының есебінен тұрғызылған тұрғын үйлер осы Тәртіппен белгіленген мерзімде пайдалануға берілмесе және аудандар мен Қызылорда қаласының есебінен тиесілі тұрғын үйлер салынып пайдалануға берілмеген жағдайда, тиісті мақсатты трансферттер облыстык бюджетке кері қайтарылуы керек.