О внесении изменений в некоторые приказы Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірінің 2021 жылғы 23 маусымдағы № 322 Бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторы аттестатының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1122 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12547 болып тіркелген): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторы аттестатының нысанында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының АТТЕСТАТЫ».
Тармақ 2
2. «Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1123 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12587 болып тіркелген): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларында: 3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті алушы) құжаттарды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсеті стандартына сай «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жолдайды. 5. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіледі. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Жауапты орындаушы кандидаттың ұсынылған құжаттарын тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тартуды дайындайды (бұдан әрі – дәлелді бас тарту) және мемлекеттік қызмет көрсету нысанына сәйкес оны көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолдайды.»; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.»; 1-қосымша алынып тасталсын; 2, 3 және 4-қосымшалар осы Тізбеге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1125 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12566 болып тіркелген): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесі осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Басқа 1. Өтініш (сұрау)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымша Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестауды жүргізу қағидаларына 2-қосымша «Энер­гия ауди­тор­ла­ры­на кан­ди­дат­тар­ды ат­те­стат­тау» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты 1. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ду­стрия және ин­фра­құ­ры­лым­дық да­му ми­ни­стр­лі­гі­нің Ин­ду­стри­я­лық да­му ко­ми­те­ті (бұ­дан әрі –көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші) 2. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz (бұ­дан әрі – пор­тал) 3. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі 10 (он) жұ­мыс кү­ні. 4. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) 5. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі Энер­го­ауди­тор ат­те­ста­ты неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­т­ін­де» көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші бас­шы­сы­ның неме­се оны ал­ма­сты­ра­тын адам­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да жол­да­на­ды және сақ­та­ла­ды 6. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Те­гін 7. Жұ­мыс кесте­сі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін. 2) пор­тал­дың - жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гі­зу­мен бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, құ­жат­тар­ды қа­был­дау тәу­лік бойы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Ко­дек­с­ке сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды). 8. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі 1) осы Қа­ғи­да­лар­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш (сұ­рау); 2) жо­ға­ры ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық бі­лі­мі ту­ра­лы ди­плом­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 3) энер­гия ауди­ті ба­ғы­ты бой­ын­ша энер­гия үнем­деу және энер­гия тиiм­дiлi­гiн арт­ты­ру са­ла­сын­да­ғы кур­стар­дан өт­ке­ні ту­ра­лы ку­ә­лік­тің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 4) кан­ди­дат­тың ең­бек қыз­ме­ті­нің жал­пы тех­ни­ка­лық жұ­мыс өті­лі­нің ке­мін­де 5 (бес) жыл, оның ішін­де энер­гия ауди­тор­лық ұй­ым­да ке­мін­де 1 (бір) жыл энер­гия ауди­то­ры бо­луын рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сін; 5) III және одан жо­ға­ры рұқ­сат бе­ру то­бы­ның бі­лі­мін бі­лік­ті­лік тек­се­ру хат­та­ма­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі. 9. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер 1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гін анық­тау; 2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның энер­гия үнем­деу және энер­гия ти­ім­ді­лі­гін арт­ты­ру са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі; 3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) болған жағ­дай­да; 4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі бар, со­ның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқық­тан ай­ы­ры­л­ған. 5) энер­гия ауди­тор­ла­ры­на кан­ди­дат­тың «Энер­гия үнем­деу және энер­гия ти­ім­ді­лі­гін арт­ты­ру ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2012 жы­л­ғы 13 қаң­тар­да­ғы За­ңы­ның 5-ба­бы­ның 13-1) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес бе­кі­ті­ле­тін Рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі. 10. Мем­ле­кет­тік, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар . Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші - www.​gov.​kz/​ent​itie​s/​comprom, «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мі; 2) пор­тал - www.​egov.​kz www.​eli​cens​e.​kz. «Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына қосымша нысан ____________________________ (уәкілетті органның атауы) ____________________________ (мекенжайы) __________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) ____________________________ ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) ____________________________ (мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы) ____________________________ Өтініш (сұрау) Мені, _____________________________________, (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)) __________________________________________________________ Энергия аудиторы ретінде аттестаттауды сұраймын. Осы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: 1. _______________________________________________________ 2. _______________________________________________________ 3. _______________________________________________________ 4. _______________________________________________________ 5. _______________________________________________________ Осы өтінішпен ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес ақпараттарды ұсынғаны үшін жауаптылық туралы хабардармын. _____________________________________________ _____________ (Тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған кезде) (қолы)
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымша Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларына 3-қосымша «Индустриялық даму комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі Республиканское государственное учреждение «Комитет индустриального развития» Нұр-Сұлтан қ. г. Нур-Султан Номер: [Номер документа] Дата: [Дата выдачи] г. [Фамилия, Имя, Отчество (при его наличии) кандидата] Дәлелді бас тарту «Индустриялық даму комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі, Сіздің [Кіріс құжатының нөмірі] № [Күні] өтінішіңізді (сұрауыңызды) қарап, келесіні хабарлайды: [Бас тарту негіздемесі] [Қол қоюшының лауазымы] [ қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ]
Басқа 3
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 3-қосымша Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларына 4-қосымша «Индустриялық даму комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі Республиканское государственное учреждение «Комитет индустриального развития» Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының АТТЕСТАТЫ Аттестаттау түрі: [алғашқы немесе қайта] Нөмірі: [Құжаттың нөмірі] Күні: [Берілген күні] ж. Осы аттестат [Тегі,Аты,Әкесінің аты], [туған күні] (аттестатталған тұлғаның толық Т.А.Ә.), ( туған күні ) ЖСН: [жеке сәйкестендіру нөмірі] оның рұқсат беру талаптарына сәйкес екендігіне берілілді. Аттестаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап 3 (үш) жыл. Аттестат Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады [Уәкілетті органның басшысы лауазымы] [ Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ]
Басқа 4
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 4-қосымша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1125 бұйрығымен бекітілген № Рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры Рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар Ес­керт­пе Энер­гия үнем­деу және энер­гия ти­ім­ді­лі­гін арт­ты­ру са­ла­сын­да­ғы энер­гия ауди­то­ры­ның ат­те­ста­тын алу үшін 1. Жо­ға­ры ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық бі­лі­мі бар Жо­ға­ры ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық бі­лі­мі ту­ра­лы ди­плом­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі 2. Жал­пы тех­ни­ка­лық жұ­мыс өті­лі ке­мін­де бес жыл, оның ішін­де ке­мін­де (1) бір жыл энер­гия-ауди­тор­лық ұй­ы­мын­да ауди­тор бо­луы Кан­ди­дат­тың ең­бек қыз­ме­тін рас­тай­тын элек­трон­дық кө­шір­ме құ­жа­ты 3. Энер­гия үнем­деу және энер­гия тиiм­дiлi­гiн арт­ты­ру са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын кадр­лар­дын қай­та да­яр­ла­удан және (неме­се) бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру­дан өт­ке­ні Энер­гия ауди­ті ба­ғы­ты бой­ын­ша кадр­лар­дың қай­та да­яр­лау (неме­се) бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру кур­ста­ры­нан өт­ке­ні ту­ра­лы элек­трон­дық кө­шір­ме ку­ә­лі­гі 4. Электр қон­дыр­ғы­лар­да жұ­мысқа рұқ­сат­тың III және одан жо­ға­ры топ­тар­да бар бо­луы III және одан жо­ға­ры топ­та­ры­ның бі­лі­мін бі­лік­ті­лік тек­се­ру хат­та­ма­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі