Об утверждении Правил субсидирования социально значимых маршрутов пригородных пассажирских железнодорожных перевозок Күшін жойған
Басқа 0
Қала маңындағы жолаушылар теміржол тасымалдарының әлеуметтік маңызы бар маршруттарына демеу қаржы беру Қағидасын бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімиятының 29.10.2004 № 244/9 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңы, 2001 жылғы 8 желтоқсандағы "Темiр жол көлiгi туралы" Заңы, 1994 жылғы 21 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Заңы, облыстық мәслихаттың (II сайланған XXIV сессиясы) 2002 жылғы 30 желтоқсандағы "2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне сәйкес тұрғындардың қала маңындағы темiр жол тасымалдарына деген қажеттiлiгiн қанағаттандыру мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырєан қала
маңындағы жолаушылар темiржол тасымалдарының әлеуметтiк маңызы бар
маршруттарына демеу қаржы беру қағидасы (бұдан әрi-Қағида) бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыс қаржы департаментi
бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi облыс коммуналдық шаруашылық, көлiк және
коммуникациялар департаментiн (бұдан әрi - бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi)
уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
қала маңындағы жолаушылар темiржол тасымалдарының әлеуметтiк маңызы бар
маршруттарына облыстық бюджетте қарастырылған қаржы бөлу мөлшерiнде демеу қаржы
беретiн болсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары А.Ф. Вербнякқа жүктелсiн.
Басқа 5. Қала маңындағы жолаушылар темiржол тасымалдарының әлеуметтiк маңызы бармаршруттарына демеу қаржы беру Қағидасы
Облыс әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 6 наурыз
"Қала маңындағы жолаушылар
темiржол тасымалдарының
әлеуметтiк маңызы бар
маршруттарына демеу қаржы беру
қағидасын бекiту туралы"
№ 51/3 қаулысымен бекiтiлген
Қала маңындағы жолаушылар темiржол тасымалдарының әлеуметтiк маңызы бармаршруттарына демеу қаржы беру Қағидасы
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы қағида Қазақстан Республикасының 2001 жылєы 8 желтоқсандағы "Темiр жол көлiгi туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Заңы, облыстық мәслихаттың (II сайланған XXIV сессиясы) 2002 жылғы 30 желтоқсандағы "2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы" № 91/24 шешіміне сәйкес әзірленеді және қала маңыздағы жолаушылар теміржол тасымардарының әлеуметтік маңызы бар маршруттарына облыстық бюджет қаражаты есебінен демеу қаржы беру шарттары мен тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы қағидада мынадай терминдер
мен анықтамалар қолданылады:
"тасымалдаушы" - қала
маңындағы жолаушылар темiржол тасымалдарын жүзеге асыратын темiр жол кәсiпорны;
"демеу қаржы беру"-
коммерциялық ұйымдарға заңнамалық актiлерде айқындалған мақсаттарға облыстық
бюджеттен бөлiнетiн өтеусiз және қайтарылмайтын төлемдер;
"уәкiлеттi орган"-
облыстық бюджеттен қаржыландырылатын қала маңындағы темiржол қатынасында
жолаушылар тасымалын ұйымдастыруды жүзеге асыратын атқарушы орган.
Тармақ 3
3. Қала маңындағы жолаушылар
темiржол тасымалдарының тиiмдi қызмет етуi үшiн қажеттi кiрiстер деңгейiн
қамтамасыз етпейтiн қала мңындағы жолаушылар темiржол тасымалдар облыстық
бюджетте қарастырылған қаражат есебiнен демеу қаржы беруге жатады.
Тармақ 4
4. Қала маңындағы жолаушылар
темiржол тасымалдарын жүзеге асырған кезде қалыптастырылатын белгiленген тариф
пен пайдалану шығындарының мөлшерi арасындағы айырмашылық демеу қаржы беруге
жатады.
Тармақ 5
5. Демеу қаржы қала маңындағы жолаушылар
темiржол қатынастарындағы жолаушыларды тасымалдаумен байланысты шығындарды
iшiнара өтеу үшiн тағайындалады.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Демеу қаржыларды берудi есептеу және төлеу тәртiбi
2. Демеу қаржыларды берудi есептеу және төлеу тәртiбi
Тармақ 6
6. Қала маңындағы жолаушылар темiржол
тасымалдары бойынша демеу қаржы төлеу "Аудандар (қалалар) арасында,
аудандар мен елдi мекендер iшiнде қоғамдық жолаушылар тасымалдарын
ұйымдастыру" 046- облыстық бюджеттiк бағдарламасының Паспортына сәйкес
облыстық бюджеттен жүргiзiледi.
Тармақ 7
7. Демеу қаржыларды төлеу қала
маңындағы темiржол тасымалдарының нақты орындалған және құжаттық куәландырылған
мөлшерлерi бойынша тоқсан сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Демеу қаржыны алу үшiн
тасымалдаушы тоқсан сайын, есеп беретiннен кейiнгi айдың 5-не дейiнгi мерзiмде
уәкiлеттi органға ұйым-ның басшысы, бас бухгалтерi қол қойған және мөрмен
куәландырған әр жеке маршрут бойынша айлық қаржы есебiн тапсырады.
Тармақ 9
9. Айлық қаржы есебiнде мыналар
болуы керек:
Тармақша 1
1) Павлодар учаскесi бойынша тасылған жолаушылар мен алынған түсiм туралы есеп;
Тармақша 2
2) жолаушы айналымы,
вагон-километр, локомотив-километр бойынша экономикалық көрсеткiштер;
Тармақша 3
3) жолаушылар, локомотивтiк, жол
шаруашылығы, сумен жабдықтау, дабыл және байланыс, азаматтық құрылымдар
жөнiндегi шығыстар мен басқа да шығыстарды растайтын шоттарының көшiрмелерi;
Тармақша 4
4) қала маңындағы жолаушылар
темiржол тасымалдары шығыстарының жоспарлық калькуляциясы;
Тармақша 5
5) бiр жолаушы - километрдiң
өзiндiк құнының есеп айырысуы;
Тармақша 6
6) бiр жолаушы километрдiң кiрiс
мөлшерлемесiнiң есеп айырысуы.
Тарау 3
Тармақ 3. 3. Уәкiлеттi органның құзыры
3. Уәкiлеттi органның құзыры
Тармақ 10
10. Уәкiлеттi орган айлық қаржы есебiн
алғаннан кейiн салыстыру актiсi мен жасалған шығындардың мақсатты жұмсалуы мен
демеу қаржы беру сомаларын растау туралы қорытынды жасай отырып, қала маңындағы
жолаушылар темiржол тасымалдарының орындалуына тексеру жүргiзедi.
Тармақ 11
11. Уәкiлеттi орган облыс қаржы
департаментiне қала маңындағы жолаушылар темiржол тасымалдарының әлеуметтiк
маңызы бар маршруттарына қаржыландыруға тапсырыс ұсынады.
Тармақ 12
12. Уәкiлеттi орган облыс қаржы департаментiнiң рұқсатына сәйкес
Қазақстан Республикасы қаржы министрлiгi қазынашылығының аумақтық органдарына
өз бюджеттiк шотынан тасымал жасаушының ағымдағы шотына ақша аударуға арналған
төлем тапсырмасын жiбередi.
Тармақ 13
13. Қала маңындағы жолаушылар
темiржол маршруттарына пайдалану кезiнде осы қағиданың 8 және 9-тармақтарымен
белгiленген талаптарды орындамаған тасымалдаушыға демеу қаржы есептеу және
төлеу жүзеге асырылмайды.