Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қорғалжын ауданы әкімдігінің «Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы №43 «Үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындарын белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 29 тамыздағы №168 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6094 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының басшысы Ж. М. Мырзагельдиевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қорғалжын аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Басқа 0. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2021 жылғы «7» шілдедегі № А-7/84 қаулысына қосымша Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар № Елді мекеннің атауы Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар 1 Қорғалжын ауылы Кенжебек Күмісбеков көшесі 38, «Қорғалжын аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд 2 Қорғалжын ауылы Хайретдин Болғанбаев көшесі 3, «Қорғалжын мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд 3 Қорғалжын ауылы Әліби Жангельдин көшесі 8, Қорғалжын ауданы білім бөлімінің «Ақтан Төлеубаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд 4 Қорғалжын ауылы Әліби Жангельдин көшесі 4, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Қорғалжын ауылы, агротехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның ғимараты жанындағы стенд 5 Қорғалжын ауылы Мадин Рахымжан көшесі 20/2, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар Министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд 6 Өркендеу ауылы Абай көшесі 19, «Амангелді орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд 7 Жұмай ауылы Жұмай батыр көшесі 22, «Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Жұмай ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд 8 Арықты ауылы Тәуелсіздік көшесі 24, «Арықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд 9 Садырбай ауылы Абай Құнанбаев көшесі 15/3, «Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Садырбай ауылының бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд 10 Сабынды ауылы Абай Құнанбаев көшесі 24, «Үсенов атындағы Сабынды орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд 11 Қараегін ауылы Шоқан Уәлиханов көшесі 11, «Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд 12 Жантеке ауылы Жакен Шаяхметов көшесі 1, «Қызылту орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд 13 Ұялы ауылы Абай Құнанбаев көшесі 1, «Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Ұялы ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд 14 Кеңбидайық ауылы Т.Бигельдинов көшесі 22, «Кеңбидайық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд 15 Майшұқыр ауылы Абай көшесі 15, «Майшұқыр негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд 16 Шалқар ауылы Абай Құнанбаев көшесі 34, Қорғалжын аудандық білім бөлімінің «Шалқар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд 17 Үшсарт ауылы Көбетей көшесі 28, "Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Үшсарт ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд