Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабының 3-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 26 мамырдағы № 721 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Сарыөлең ауылдық округінің «Бірлік» шаруа қожалығына мүйізді ірі- қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Сарыөлең ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
Тармақша 3
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.