О Фонде гарантирования страховых выплат Қолданыста
Басқа 0
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы заңдар
2-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметін мемлекеттік реттеу және бақылау
3-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметін мемлекеттік реттеу және бақылау
3-1-бап. Қадағалап ден қою шаралары
3-2-бап. Алып тасталды - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен
4-бап. Уәкілетті органның құзыреті
4-1-бап. Қордың басшы қызметкерлері
3-тарау. Қорды құру және оның қызметі
5-бап. Қорды құру тәртібі және оның органдары
6-бап. Қордың директорлар кеңесінің құзыреті
6-2-бап.
Инвестициялық комитеттің қызметі. Инвестициялық
комитеттің
мүшелеріне қойылатын талаптар
7-бап. Қор кепілдіктері
8-бап. Қордың негізгі міндеті және функциялары
8-1-бап. Қордың комиссиялық сыйақысы
4-тарау. Қорға қатысу тәртібі
9-бап. Сақтандыру ұйымдарының Қорға қатысу тәртібі және Қор акцияларын сатып алу шарттары
10-бап. Қатысу шартының міндетті талаптары
11-бап. Қатысу шартын тоқтату
12-бап. Міндетті және төтенше жарналар, оларды төлеу тәртібі. Қордың қарыз алуы
13-бап. Шартты міндеттемелерді қалыптастыру
14-бап. Міндетті және төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындамау
5-тарау. Кепілдік төлемдері және өзге де қорғау шаралары
15-бап. Сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру негіздері мен тәртібі
15-1-бап. Сақтандырудың кепілдік берілетін аннуитетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру негіздері мен тәртібі
16-бап. Сақтанушылардың құқықтарын қорғаудың қосымша тәсілдері
17-бап. Қор кепілдіктерінің тоқтатылуы
5-1-тарау. Қордың жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдері
17-1-бап. Жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша
төлемдерді алу құқығы
17-2-бап. Қордың зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыруы
17-3-бап. Зиян келтірген адамға кері талап қою құқығы
17-4-бап. Зиянды өтеу резервін құру
17-5-бап. Қосымша жарналарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау
6-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі қатысушыларының құқықтары мен міндеттері
18-бап. Қордың құқықтары мен міндеттері
19-бап. Қатысушы-сақтандыру ұйымының құқықтары мен міндеттері
20-бап. Тарату комиссиясының құқықтары мен міндеттері
21-бап. Кредитордың құқықтары мен міндеттері
7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
22-бап. Қорды тарату немесе қайта ұйымдастыру
23-бап. Қазақстан Республикасының Қор туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
24-бап. Алынып тасталды
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) агент-банк – Cақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
Тармақша 2
2) жәбірленуші – көлік құралын өзге адамның пайдалануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген адам;
Тармақша 3
3) зиянды өтеу резерві – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының комиссиялық сыйақысын және тиісті салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын қоса алғанда, қатысушы-сақтандыру ұйымдарының бастапқы біржолғы жарналары, қосымша жарналары және олардың бастапқы біржолғы жарналары, қосымша жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны не уақтылы орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы есебінен, сондай-ақ резерв қаражатын инвестициялаудан алынған инвестициялық кіріс есебінен қалыптастырылатын және резерв қаражатын инвестициялаудан алынған теріс инвестициялық кіріске азайтылған және резервті инвестициялауға байланысты шығыстарға азайтылған резерв. Зиянды өтеу резерві осы Заңда көзделген жағдайларда тек қана жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) оны жерлеу шығыстарын өтеу үшін пайдаланылады;
Тармақша 3-1
3-1) инвестициялық комитет – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтеріне, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатына қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды жүзеге асыратын Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының алқалы органы;
Тармақша 4
4) консультативтік комитет – сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының мүдделерін білдіретін алқалы консультативтік-кеңесші орган;
Тармақша 5
5) кредитор – осы Заңға сәйкес кепілдікті төлем алуға құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) не жәбірленушіге (сақтандыру төлемін алуға құқығы бар тұлғаға)келтірілген зиянды сақтандыру шартында және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген сақтандырушы жауапкершілігінің көлемі шегінде өтеген және тиісінше, өзіне сақтандыру төлемін алу құқығы өткен өзге тұлға;
Тармақша 6
6) қосымша жарна – осы Заңға сәйкес зиянды өтеу резервін қалыптастыру үшін сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төлейтін ақша сомасы;
Тармақша 6-1
6-1) қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы – уәкілетті орган өзіне қатысты сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы;
Тармақша 7
7) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы – өзіне қатысты соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген қатысушы-сақтандыру ұйымы;
Тармақша 8
Тармақша 9
9) міндетті жарналар – қатысушы-сақтандыру ұйымы осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша төлейтін ақша сомасы;
Тармақша 10
10) өтініш беруші – сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша лицензия алуға және (немесе) қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға не сақтандыру ұйымы, есептік тіркеуден өткен Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы;
Тармақша 11
11) сақтандырудың аннуитетті сыныптары бойынша кепілдік
төлем – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры осы Заңда көзделген тәртіппен және талаптармен аннуитеттік сақтандыруға кепілдік беру шеңберінде сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) және (немесе) сақтандырылушының пайдасына төлейтін ақша сомасы;
Тармақша 12
12) сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері – Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісінде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті қатысу көзделген міндетті сақтандыру түрлері;
Тармақша 13
13) сақтандырудың міндетті түрлері бойынша кепілдік төлем – «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру шарты бойынша басталған сақтандыру жағдайларына орай Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) осы Заңда көзделген тәртіппен және талаптармен төлейтін ақша сомасы;
Тармақша 14
14) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі – сақтандыру жағдайы басталған кезде мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыруының міндетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді, сондай-ақ таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыруының аннуитетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді алуға байланысты сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған, осы Заңда көзделген ұйымдық-құқықтық шаралар кешені;
Тармақша 15
15) сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiне қатысушылар болып табылатын сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы (қатысушы-сақтандыру ұйымы) – Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен қатысу шартын жасасқан сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы;
Тармақша 16
16) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдері – осы Заңда көзделген жағдайларда, өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушіге және осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген адамдарға төленетін ақша сомасы;
Тармақша 16-1
16-1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтері – сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін және зиянды өтеу резервін қоспағанда, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының активтері;
Тармақша 16-2
16-2) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті капиталы – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры активтерінің мөлшері мен оның міндеттемелерінің, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің, зиянды өтеу резервінің мөлшері арасындағы айырмаға тең шама;
Тармақша 17
17) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының комиссиялық сыйақысын және тиісті салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын қоса алғанда, қатысушы-сақтандыру ұйымдарының міндетті жарналары, олардың міндетті жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны не уақтылы орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалынан Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған ақша есебінен, сондай-ақ резерв қаражатын инвестициялаудан алынған инвестициялық кіріс есебінен қалыптастырылатын және резерв қаражатын инвестициялаудан алынған теріс инвестициялық кіріске азайтылған және резервті инвестициялауға байланысты шығыстарға азайтылған резерв. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві осы Заңның 12-бабының 2-2-тармағында көзделген жағдайларда ғана пайдаланылады;
Тармақша 18
18) сақтандыру шарты – сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтанушы сақтандыру ұйымымен, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалымен жасасқан шарт;
Тармақша 19
19) таратылатын сақтандыру ұйымы – уәкілетті орган өзіне қатысты лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған қатысушы – сақтандыру ұйымы;
Тармақша 20
20) төтенше жарналар – осы Заңда көзделген жағдайларда
қатысушы-сақтандыру ұйымы Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қосымша төлейтін ақша сомасы;
Тармақша 21
21) үлгілік қатысу шарты (бұдан әрі – қатысу шарты) – осы Заңда белгіленген тәртіппен және талаптармен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры мен қатысушы-сақтандыру ұйымының арасында жасалған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шарты;
Тармақша 22
22) шартты міндеттемелер – қатысушы-сақтандыру ұйымының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры төтенше жарналарды төлеу үшін қалыптастыратын, қор алдындағы міндеттемелері.
Бап 2. 2-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы заңдар
2-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы заңдар
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Осы Заңның сақтандыру ұйымдарына белгіленетін талаптары, сондай-ақ осы Заңның кепілдік төлемдерді жүзеге асырудың негіздері мен тәртібін реттейтін ережелері «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағында сақтандырудың кепілдік берілген түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау
2-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау
Бап 2-1. 2-1-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
2-1-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
Тармақ 1
1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын құрудың, оның қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру ұйымдары филиалдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу талаптарын белгілеу Cақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
Тармақ 2
2. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің инфрақұрылымын қалыптастыру;
Тармақша 2
2) сақтанушылардың (сақтандырылушылардың және пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысушы –сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған кезде сақтанушылардың (сақтандырылушылардың және пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
Тармақша 2
2) көлік оқиғасы орнынан жасырынған және жәбірленушіге зиян келтіргені үшін жауапты адам анықталмаған жағдайда, көлік оқиғасы салдарынан өмірі мен денсаулығына өзге адам зиян келтірген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.
Бап 3. 3-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау
3-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау
Тармақ 1
1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының (бұдан әрі – Қор) қызметін мемлекеттік
реттеуді, бақылауды және қадағалауды
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 24.11.2015№ 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 3-1. 3-1-бап. Қадағалап ден қою шаралары
3-1-бап. Қадағалап ден қою шаралары
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган Қордың, Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзушылықтарын, Қордың, Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарының лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің Қордың қаржылық жағдайын нашарлатқан құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған жағдайда, уәкілетті орган Қорға, Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген қадағалап ден қою шараларын қолдануға құқылы.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мақсатында осы Заңның 4-1-бабының 1-тармағында аталған адамдарды қызметтiк мiндеттерiн орындаудан шеттету түрінде қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) Қордың тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі шараларды Қордың басшы қызметкерiнiң лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімдi мынадай негiздердiң бiрi бойынша керi қайтарып ала отырып бiр мезгiлде қолданады:
Тармақша 1
1) Қордың меншікті активтерiн, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялау тәртібі мен мөлшерiн бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан көп рет) бұзу;
Тармақша 2
2) кепілдік төлемдерін, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеу, сондай-ақ жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге арналған шығыстарды өтеу жөніндегі төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдерін бұзу;
Тармақша 3
3) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұзуының өзіне белгiлi болған фактілері туралы уәкiлеттi органды бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан көп рет) хабардар етпеу;
Тармақша 4
4) өз функцияларын жүзеге асыру процесінде алынған қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қызметi туралы мәлiметтердi үшiншi тұлғаларға (уәкiлеттi органды қоспағанда) жария ету немесе беру;
Тармақша 5
5) Қордың аудиторлық есепте көрсетiлген кемшіліктерді Қор аудиторлық есептi алған күннен бастап үш ай iшiнде жоймауы;
Тармақша 6
6) уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде қоятын талаптарын орындамау.
Бап 3-2. 3-2-бап. Санкциялар
3-2-бап. Санкциялар
Бап 4. 4-бап. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті
4-бап. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) осы Заңның 2-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мақсат пен міндеттерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қордың қызметін реттеу саласындағы Қор орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уәкілетті орган туралы ережеде айқындалады;
Тармақша 2
2) талаптары барлық қатысушы-сақтандыру ұйымдары үшiн стандартты болып табылатын қатысу шартын бекітеді;
Тармақша 3
3) активтерді инвестициялау тәртібін және Қордың меншікті активтері, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты және зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілейді;
Тармақша 4
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 6
Тармақша 6-1
6-1) міндетті, қосымша жарналардың және шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, бастапқы біржолғы, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, Қорға қатысушы сақтандыру ұйымдарының шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есепке алу тәртібін бекітеді;
Тармақша 6-2
6-2) Қордың меншікті активтері, «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты, зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен қалыптастырылған Қордың қаржы активтерін бағалау тәртібін белгілейді;
Тармақша 7
7) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының Қорға төлеуіне жататын, Қордың директорлар кеңесі белгілеген қатысушы-сақтандыру ұйымдарының әрбір күнтізбелік жылға арналған міндетті және қосымша жарналарының ставкаларын, сондай-ақ шартты міндеттемелерін келіседі;
Тармақша 8
8) Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім береді, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда, келісім беру тәртібін және келісім алу үшін қажет құжаттардың тізбесін белгілейді;
Тармақша 9
9) Қорға, қатысушы-сақтандыру ұйымдарына Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздерде қадағалап ден қою шараларын қолданады;
Тармақша 10
10) Қор жарғысын, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келіседі;
Тармақша 10-1
10-1) Қордың қызметін тексеруді жүргізеді;
Тармақша 10-2
10-2) Қор стратегиясын, Қордың тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатын, Қордың ішкі аудит жөніндегі саясатын, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келіседі;
Тармақша 10-3
10-3) Қордың комиссиялық сыйақыны алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10-4
10-4) Қордың директорлар кеңесі бекіткен Қордың мынадай мәселелер бойынша ішкі құжаттарын, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келіседі:
Қордың меншікті активтерін, «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатын, зиянды өтеу резервінің қаражатын ішкі есепке алуды жүргізу;
«жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтері жеткіліксіз болған кезде Қордың меншікті активтері есебінен осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру;
«жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің жеткіліксіз болуына байланысты осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланылған Қордың меншікті активтерінің орнын толтыру;
инвестициялық комитетті, консультативтік комитетті, олардың негізгі міндеттері мен құзыреттерін қалыптастыру және олардың жұмыс істеуі;
Тармақша 10-5
10-5) Қордың есепке алу саясатын келіседі;
Тармақша 10-6
10-6) Қордағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді;
Тармақша 11
11) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 1-1
Тармақ 2
2. Уәкілетті органның мынадай:
Тармақша 1
1) Қордың жарияланған акцияларының санын арттыру;
Тармақша 2
2) Қордың өзге де заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне Қорға тиесілі барлық активтердің он және одан да көп процентін құрайтын сомадағы активтердің бір бөлігін немесе бірнеше бөлігін беру арқылы қатысуы;
Тармақша 3
3) Қор міндеттемелерін
Қордың меншікті капиталы
мөлшерінің он және одан да көп процентін құрайтын сомаға ұлғайту;
Тармақша 4
4) Қордың өзінің орналастырылған акцияларын сатып алуы және оларды сатып алу бағасы;
Тармақша 5
5) ірі мәмілелерді және Қордың жасауға мүдделілігі бар мәмілелерді жасасу мәселелері бойынша акционерлердің жалпы жиналысының және Қордың директорлар кеңесінің шешімдеріне вето қою құқығы болады.
Тармақ 2-1
2-1. Қор акционерлері жалпы жиналысының отырыстарына дауыс беруге қатысу құқығынсыз уәкілетті органның өкілі қатысуға құқылы. Қор акционерлері жалпы жиналысының отырысына қатысып отырған уәкілетті органның өкілі осы баптың 2-тармағында айқындалған мәселелер бойынша Қор акционерлері жалпы жиналысының шешімдеріне вето құқығын пайдаланады.
Тармақ 3
3. Акционерлердің жалпы жиналысында және Қордың директорлар кеңесінде қабылданатын шешімдер осы баптың 2-тармағында вето құқығы белгіленген мәселелер бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органмен келісуге жатады.
Тармақ 4
4. Қордың осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптарын сақтамауы осы мәмілелерді жарамсыз деп тануға әкеп соғады.
Бап 4-1. 4-1-бап. Қордың басшы қызметкерлері
4-1-бап. Қордың басшы қызметкерлері
Тармақ 1
1. Мыналар Қордың басшы қызметкерлері болып табылады:
Тармақша 1
1) Қордың басқару органының басшысы мен мүшелері;
Тармақша 2
2) Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелері;
Тармақша 3
3) Қордың бас бухгалтері.
Қордың атқарушы органы мүшелерінің кемінде біреуінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы курстарының кемінде елу пайызын тыңдағаны туралы растайтын құжаттары болуға тиіс.
Тармақ 2
2. Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар және оларды келісу тәртібі «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленеді.
Тарау 3. 3-тарау. Қорды құру және оның қызметі
3-тарау. Қорды құру және оның қызметі
Бап 5. 5-бап. Қорды құру тәртібі және оның органдары
5-бап. Қорды құру тәртібі және оның органдары
Тармақ 1
1. Қор акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметін осы Заңның және құрылтай құжаттарының негізінде жүзеге асырады.
Қор сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады.
Тармақ 2
2. Сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар қатысушы-сақтандыру ұйымы Қордың акционері болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі де Қордың акционері бола алады.
Акционерлердің жалпы жиналысының құзыреті осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар және коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
Тармақ 3
3. Қордың акциялары тек қана ақшамен төленеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, Қордың әрбір акционері акцияларының саны кемінде бір мың акцияны құрайды және Қордың орналастырылған акцияларының жалпы санының он пайызынан аспайды.
Тармақ 3-1
3-1. Қор акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруге құқығы бар әрбір тұлғаға бір дауыстан беру қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 3-2
3-2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының осы Заңға сәйкес кепілдік берілуге жататын сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын филиалдары Қордың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлесін сатып алмай Қормен қатысу шартын жасасады.
Тармақ 4
4. Қордың директорлар кеңесінің құрамы мынадай талаптарға сай келуге тиіс:
Тармақша 1
1) Қордың тәуелсіз директорларының саны Қордың директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс;
Тармақша 2
2) Қордың директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті органның кемінде екі өкілі кіруге тиіс;
Тармақша 3
3) Қордың директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлар және уәкілетті органның өкілдері болып табылмайтын мүшелері Қор акционерлерінің арасынан сайлануға тиіс;
Тармақша 4
4) «өмірді сақтандыру» және «жалпы сақтандыру» салалары бойынша қызметін жүзеге асыратын қатысушы-сақтандыру ұйымдары өкілдерінің саны тең болуға тиіс.
Тармақ 4-1
4-1. Қор сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын, зиянды өтеу резервінің қаражатын Қордың меншікті активтерінен бөлек бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді.
Қордың меншікті активтерін, «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатын, зиянды өтеу резервінің қаражатын ішкі есепке алуды жүргізу тәртібін Қор уәкілетті органмен келісу бойынша Қордың директорлар кеңесі бекіткен ішкі құжатқа сәйкес белгілейді.
5. Қор:
«жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын;
«өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын;
зиянды өтеу резервінің қаражатын;
Қордың меншікті активтерін есепке алу үшін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде бөлек банктік шоттар ашады.
Кастодиан «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру
төлемдеріне кепілдік беру резервінің, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру
төлемдеріне кепілдік беру резервінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын есепке
алуды және сақтауды кастодиандық шартқа сәйкес жүзеге асырады.
Қордың сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің, зиянды өтеу резервінің қаражатын осы Заңда көзделмеген мақсаттарға пайдалануына тыйым салынады.
Кастодиан уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде
айқындалған тәртіппен осы Заңның талаптарына сәйкес «жалпы сақтандыру» саласы бойынша
сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша
сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві және зиянды өтеу резерві қаражатының
пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Қорда:
Тармақша 1
1) Қордың директорлар кеңесінің, басқармасының, құрылымдық бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін;
Тармақша 2
2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясаттар мен рәсімдерді;
Тармақша 3
3) тәуекелдердің жол берілетін мөлшеріне лимиттерді;
Тармақша 4
4) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі есептілікті Қор органдарына ұсынудың ішкі рәсімдерін;
Тармақша 5
5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі өлшемшарттарын айқындайтын тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі қалыптастырылуға тиіс.
Қордың тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесінің басшысы (Қорда тәуекелдерді басқару функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын Қор тәуекел-менеджері), Қордың ішкі аудит қызметінің басшысы (Қорда ішкі аудит функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын Қор аудиторы), Қордың комплаенс-бақылау жөніндегі бөлімшесінің басшысы (Қорда комплаенс-бақылау функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын Қор комплаенс-бақылаушысы) лауазымына жұмыскерлерді тағайындау (сайлау) кезінде Қор олардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келуін өз бетінше тексереді.
Қордағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Тармақ 7
7. Қорда Қордың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыратын ішкі аудит қызметі құрылуға тиіс.
Бап 6. 6-бап. Қордың директорлар кеңесінің құзыреті
6-бап. Қордың директорлар кеңесінің құзыреті
Қордың жарғысында белгіленген шекте Қордың директорлар кеңесінің құзыретіне мынадай мәселелер жатады:
Тармақша 1
1) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының әрбір күнтізбелік жылға арналған міндетті және қосымша жарналардың ставкаларын, сондай-ақ осы Заңда көзделген міндетті шартты міндеттемелерді, қатысушы-сақтандыру ұйымдары Қорға төлеуге тиісті төтенше жарналардың мөлшерін белгілеу;
Тармақша 1-1
1-1) алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен;
Тармақша 2
2) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны тоқтата тұруды немесе одан айыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген қатысушы-сақтандыру ұйымына инспекторлық тексеру жүргізу және (немесе) оған қадағалап ден қою шараларын және санкциялар шараларын қолдану туралы уәкілетті орган алдында өтініш жасау жөнінде шешім қабылдау;
Тармақша 3
3) кредиторларға өтем төлеу туралы шешім қабылдау;
Тармақша 4
4) агент-банкті таңдау;
Тармақша 4-1
4-1) тартылатын заемдардың және Қордың қарызға алуларының шекті мөлшерлерін белгілеу;
Тармақша 4-2
4-2) Қорда тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру және осындай жүйенің жұмыс істеуін бақылау;
Тармақша 4-3
4-3) Қордың комиссиялық сыйақысының мөлшерлемесін жыл сайын айқындау;
Тармақша 4-4
4-4) Қорда ішкі аудит қызметін құру;
Тармақша 5
5) осы Заңға және Қор жарғысына сәйкес өзге де өкілеттіктер.
Бап 6-1. 6-1-бап. Консультативтік комитет
6-1-бап. Консультативтік комитет
Тармақ 1
1. Неғұрлым маңызды мәселелерді қарау және директорлар кеңесіне ұсынымдар дайындау үшін Қорда консультативтік комитет құрылуға тиіс.
Қор акционерлерінің жалпы жиналысы, Қордың директорлар кеңесі, Қордың директорлар кеңесінің комитеттері консультативтік комитеттің қарауына берген (енгізген) мәселелер бойынша Қордың директорлар кеңесіне ұжымдық ұсынымдар дайындау және беру арқылы қатысушы-сақтандыру ұйымдарының мүдделерін білдіру консультативтік комитеттің негізгі міндеті болып табылады.
Тармақ 2
2. Консультативтік комитет уәкілетті органмен келісу бойынша Қордың директорлар кеңесі бекіткен өзі туралы ереже негізінде әрекет етеді.
Тармақ 3
3. Консультативтік комитет туралы ережеде:
Тармақша 1
1) консультативтік комитеттің негізгі міндеті мен құзыреті;
Тармақша 2
2) консультативтік комитет мүшелерін, олардың өкілеттіктерінің мерзімін айқындау тәртібі;
Тармақша 3
3) консультативтік комитет мүшелерінің функциялары, міндеттері, құқықтары мен жауапкершілігі;
Тармақша 4
4) консультативтік комитеттің отырыстарын шақыру және өткізу, консультативтік комитет мүшелерінің сырттай дауыс беру тәртібін қоса алғанда, консультативтік комитеттің жұмыс тәртібі;
Тармақша 5
5) консультативтік комитеттің хатшысын және оның функцияларын айқындау тәртібі;
Тармақша 6
6) осы Заңға қайшы келмейтін өзге де ережелер айқындалуға тиіс.
Тармақ 4
4. Консультативтік комитеттің шешімдері жазбаша түрде ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
Консультативтік комитет комитеттің отырысына қатысып отырған мүшелерінің немесе сырттай дауыс беруге қатысқан мүшелерінің саны қанша болса да шешімдер қабылдауға құқылы.
Тармақ 5
5. Консультативтік комитеттің құрамына:
Тармақша 1
1) сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына бұрын берілген барлық лицензияларының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған қатысушы-сақтандыру ұйымын қоспағанда, әрбір қатысушы-сақтандыру ұйымынан бір-бір өкілден;
Тармақша 2
2) Қордың директорлар кеңесі айқындаған Қор қызметкері кіреді.
Консультативтік комитет отырысының төрағасы консультативтік комитеттің әрбір отырысында отырысқа қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланады.
Тармақ 6
6. Консультативтік комитеттің әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған кезде консультативтік комитет мүшелерінің ешқайсысының, оның ішінде консультативтік комитет отырысы төрағасының дауысы шешуші болып табылмайды.
Тармақ 7
7. Консультативтік комитеттің мүшелеріне оның жұмысына қатысқаны үшін сыйақылар есепке жазылмайды және төленбейді.
Тармақ 8
8. Консультативтік комитеттің ұсынымы, егер оны қабылдауға консультативтік комитеттің отырысына қатысып отырған консультативтік комитет мүшелерінің немесе сырттай дауыс беруге қатысқан мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Консультативтік комитеттің отырыстарына дауыс беруге қатысу құқығынсыз уәкілетті органның өкілдері қатысуға құқылы.
Бап 6-2. 6-2-бап. Инвестициялық комитеттің қызметі. Инвестициялық
комитеттің мүшелеріне қойылатын талаптар
6-2-бап. Инвестициялық комитеттің қызметі. Инвестициялық
комитеттің мүшелеріне қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Қордың меншікті активтерін, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялау мақсатында Қорда бір немесе бірнеше инвестициялық комитет құрылуға тиіс.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қордың меншікті активтеріне, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатына және зиянды өтеу резервінің қаражатына қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды тек қана инвестициялық комитет (инвестициялық комитеттер) жүзеге асырады, оның құрамында (әрқайсысының құрамында) кемінде үш адам болуға тиіс.
Қордың өзге органдары және (немесе) басшы қызметкерлері осы Заңмен Қордың инвестициялық комитетінің (инвестициялық комитеттерінің) құзыретіне жатқызылған шешімдер қабылдауға құқылы емес.
Тармақ 3
3. Қордың меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды жүзеге асыратын инвестициялық комитет мүшелерінің кемінде жартысы өздерін басшы қызметкерлер етіп тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған Қордың басшы қызметкерлері болып табылуға тиіс.
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатына және (немесе) зиянды өтеу резервінің қаражатына қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды жүзеге асыратын инвестициялық комитет мүшелерінің кемінде жартысы өздерін Қордың және (немесе) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының басшы қызметкерлері етіп тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған, тиісінше Қордың және (немесе) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының басшы қызметкерлері болып табылуға тиіс.
Қордың инвестициялық комитетінің (инвестициялық комитеттерінің) құрамына Қордың атқарушы органының мүшесі және Қордың тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесі басшысы кіреді.
Тармақ 4
4. Инвестициялық комитеттің (инвестициялық комитеттердің) мүшелерін сайлауды Қордың директорлар кеңесі жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Инвестициялық комитеттің отырыстары оларға инвестициялық комитет мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы, бірақ инвестициялық комитеттің кемінде үш мүшесі қатысқан кезде өткізіледі.
Инвестициялық комитеттің шешімдері отырысқа қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады және жазбаша түрде ресімделеді.
Тармақ 6
6. Инвестициялық комитеттің (инвестициялық комитеттердің) мүшелері инвестициялық шешімдер қабылдау бөлігінде өздеріне жүктелген функцияларды атқаруды өзге адамдарға беруге құқылы емес.
Тармақ 7
7. Инвестициялық комитеттің (инвестициялық комитеттердің) мүшелері өз мүдделері мен Қордың мүдделері өзара сәйкес келмейтін мән-жайлардың бар екендігі туралы ақпаратты Қордың атқарушы органының назарына жеткізуге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар басталған жағдайда, инвестициялық комитеттің (инвестициялық комитеттердің) мүшелері инвестициялық комитеттің (инвестициялық комитеттердің) отырысына қатысуға және қабылданатын шешімдерге қандай да бір түрде ықпал етуге құқылы емес.
Тармақ 8
8. Инвестициялық комитет отырыстарының қорытындысы бойынша хаттамалар жасалады, оларға инвестициялық комитеттің төрағасы мен отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері қол қояды және онда қабылданған шешімдердің негіздемесі қамтылады.
Инвестициялық комитеттің мүшелері өздерінің ерекше пікірін білдіруге құқылы, ол инвестициялық комитет отырысының хаттамасына қоса беріледі және оның бір бөлігі болып табылады.
Тармақ 9
9. Қордың инвестициялық комитеті (инвестициялық комитеттері) қабылдаған инвестициялық шешімдерді Қордың атқарушы органы қабылданған шешімдерге қатаң сәйкестікте орындауға тиіс.
Тармақ 10
10. Инвестициялық комитет Қордың меншікті активтері және (немесе) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражаты және (немесе) зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен, осы активтерді және (немесе) қаражатты мақсатсыз пайдалануды, Қазақстан Республикасы заңнамасының, инвестициялық декларацияның талаптарын бұзуды көздейтін мәмілелер жасау туралы шешімдер қабылдаған кезде, уәкілетті орган мұндай шешімдерді қабылдауға дауыс берген адамды (адамдарды) инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін атқарудан шеттетуге құқылы.
Уәкілетті органның адамды не адамдарды инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін атқарудан шеттету туралы хабарламасы Қордың атқарушы органының назарына жеткізіледі, ол осындай хабарламаны алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей мұны инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін атқарудан уәкілетті орган шеттеткен адамдардың назарына жеткізуге міндетті.
Тармақ 11
11. Уәкілетті органның адамды не адамдарды инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін атқарудан шеттету туралы хабарламасы Қордың атқарушы органының назарына жеткізілген кезден бастап аталған адам не адамдар инвестициялық комитеттің жұмысына қатысуға құқылы емес және уәкілетті орган мұндай шеттету туралы шешім қабылдағаннан кейін үш жыл бойы оның құрамына сайлана алмайды.
Тармақ 12
12. Инвестициялық комитетті құру және оның жұмыс тәртібі, негізгі міндеттері мен құзыреті уәкілетті органмен келісу бойынша Қордың директорлар кеңесі бекітетін Қордың ішкі құжатында белгіленеді.
Бап 7. 7-бап. Қор кепілдіктері
7-бап. Қор кепілдіктері
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиясынан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап Қор:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфеліне ақы төлеу;
Тармақша 2
2) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру төлемінен (толық немесе ішінара) құқыққа сыйымсыз бас тартқан не оны толық көлемде жүзеге асырмаған сақтандыру шарттары бойынша, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін берген (қабылдаған) күнге дейін басталған сақтандыру жағдайлары бойынша кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдайды.
Тармақ 2-1
2-1. Осы Заңда Қорға міндетті қатысу көзделген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлеріне (сыныптарына) мыналар жатады:
Тармақша 1
1) міндетті сақтандыру туралы талап, сақтандырудың түрлері мен ең төмен шарттары (оның ішінде сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелдері және сақтандыру сомаларының ең төмен мөлшерлері) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін, ал сақтандырудың өзге де шарттары мен тәртібі тараптардың келісімінде айқындалатын сақтандыру (жүктелген сақтандыру) түрлерін қоспағанда, міндетті сақтандырудың барлық түрі;
Тармақша 2
2) «өмірді сақтандыру» саласындағы жинақтаушы сақтандырудың барлық түрі.
Тармақ 2-2
2-2. Қор аннуитеттік сақтандыруға кепілдік беру шеңберінде:
уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау негізі бойынша ол уақытша әкімшілікті тағайындаған күннен бастап «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін берген кезге дейін таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған қолданыстағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың үздіксіздігі мен уақтылылығын;
заңды тұлғаның (жұмыс берушінің) қызметі тоқтатылған (таратылған) кезде жұмыскердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеуге не ұзартуға (қайта куәландыруға) байланысты жасалған аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Қордың осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кепілдік төлемдерді және өзге де төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Тармақ 3
3. Қор осы Заңның 8-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді өз мойнына алады.
Тармақ 4
4. Қор:
Тармақша 1
1) Қордың осы
Заңда көзделген функцияларды іске асыруы;
Тармақша 2
2) кредиторлардың
сақтандыру шарттарына қатысты оларға Қор кепілдіктерінің қолданысын тексеру мүмкіндігін
беру мақсатында Қор кепілдіктерінің қолданылу аясына жататын сақтандыру шарттарын
есепке алуды жүргізеді.
Бап 8. 8-бап. Қордың негізгі міндеттері және функциялары
8-бап. Қордың негізгі міндеттері және функциялары
Тармақ 1
1. Қордың негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
Тармақша 2
2) осы Заңда көзделген жағдайларда көлік оқиғасы нәтижесінде өзге тұлға өміріне, денсаулығына зиян келтірген тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 2
2. Қор негізгі міндеттерді орындау үшін мынадай функцияларды:
Тармақша 1
1) осы Заңға сәйкес кепілдік төлемдерін жүзеге асыруды;
Тармақша 1-1
1-1) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеуді;
Тармақша 2
2) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының міндетті және төтенше жарналарын тартуды;
Тармақша 3
3) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының бастапқы бір реттік,
қосымша жарналарын тартуды;
Тармақша 4
4) осы Заңға сәйкес жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыруды;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен инвестициялық
қызметті;
Тармақша 6
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы таратылған жағдайда уақытша әкімшіліктің құрамына қатысуды жүзеге асырады.
Тармақ 2-1
2-1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген функциялардан бөлек, Қор сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру, сақтандыру (қайта сақтандыру) саласындағы мамандарды оқытуды жүргізу мен олардың біліктілігін арттыру үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді және беруді жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Өз функцияларының сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қор өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан ақпарат, оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын ақпарат алуға құқылы.
Алынған мәліметтер одан әрі жариялауға жатпайды.
Тармақ 4
4. Қор қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыру барысында алынған қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялағаны үшін жауапты болады.
Бап 8-1. 8-1-бап. Қордың комиссиялық сыйақысы
8-1-бап. Қордың комиссиялық сыйақысы
Тармақ 1
1. Қор сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатына қатысты инвестициялық қызметті жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақы алады.
Тармақ 2
2. Қордың комиссиялық сыйақысының мөлшерлемесі:
Тармақша 1
1) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялаудан қаржы жылы үшін алынған жиынтық инвестициялық кірістің 7,5 пайызынан;
Тармақша 2
2) «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтеріне және зиянды өтеу резервіне қаржы жылы үшін енгізілген жиынтық жарналардың 0,025 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді.
Тармақ 3
3. Қордың комиссиялық сыйақысының мөлшерлемесін жыл сайын Қордың директорлар кеңесі айқындайды.
Тармақ 4
4. Қордың комиссиялық сыйақысының мөлшерлемесі жылына бір реттен жиі өзгертілмеуі мүмкін.
Тармақ 5
5. Қордың комиссиялық сыйақысын алу қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
Тарау 4. 4-тарау. Қорға қатысу тәртібі
4-тарау. Қорға қатысу тәртібі
Бап 9. 9-бап. Сақтандыру ұйымдарының Қорға қатысу тәртібі және Қор акцияларын сатып алу шарттары
9-бап. Сақтандыру ұйымдарының Қорға қатысу тәртібі және Қор акцияларын сатып алу шарттары
Тармақ 1
1. Өтініш берушi кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн осы Заңда көзделген тәртiппен қатысу шартын жасасуға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Өтiнiш берушi қатысу шартын жасасу, Қордың акцияларын сатып алу үшiн Қорға мынадай құжаттардың:
Тармақша 1
1) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесін;
Тармақша 2
2) есептік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесін (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы үшін);
Тармақша 3
3) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасымен бір мезгілде жарғының көшірмесін не жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;
Тармақша 4
4) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасымен бір мезгілде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы туралы ереженің көшірмесін не Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.
Тармақ 3
3. Қатысушы-сақтандыру ұйымы кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметiн тоқтатқан және сақтандыру шарттарының қолданылуы тоқтатылған жағдайда, қатысушы-сақтандыру ұйымы өзіне тиесілі акцияларды Қордың акционерлеріне сату арқылы оларды иеліктен шығаруды жүзеге асыруға міндетті. Акционерлер Қордың акцияларын сатып алудан бас тартқан жағдайда, Қор акциялардың құнын айқындау әдістемесіне сәйкес айқындалатын бағамен акцияларды сатып алуға міндетті.
Тармақ 4
4. Қатысу шартының нысаны, мазмұны және шарттары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің және осы Заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Бап 10. 10-бап. Қатысу шартының міндетті талаптары
10-бап. Қатысу шартының міндетті талаптары
Қатысу шартында:
Тармақша 1
1) тараптардың толық атауы, олардың орналасқан жері және банктік деректемелері туралы мәліметтер;
Тармақша 2
2) шарттың осы Заңға сәйкес келетін нысанасы туралы нұсқама;
Тармақша 3
3) тараптардың осы Заңға сәйкес келетін құқықтары мен міндеттері;
Тармақша 4
4) міндетті және төтенше жарналарды төлеу, сондай-ақ шартты міндеттемелерді қалыптастыру тәртібі;
Тармақша 5
5) кредиторға кепілдік төлемінің мөлшерін айқындау және жүзеге асыру талаптары мен тәртібі;
Тармақша 6
Тармақша 7
7) алып тасталды;
Тармақша 8
Тармақша 9
9) қатысу шартын тоқтату талаптары;
Тармақша 10
10) тараптардың қатысу шартын бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы талаптар болуға тиіс.
Қатысушы-сақтандыру ұйымында көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға лицензия болғанда, қатысу шартына мынадай талаптар:
Тармақша 1
1)
бастапқы бір реттік, қосымша
жарналарды төлеу тәртібі;
Тармақша 2
2) тараптардың жауапкершілігі міндетті түрде енгізілуге тиіс.
Бап 11. 11-бап. Қатысу шартын тоқтату
11-бап. Қатысу шартын тоқтату
Қатысу шарты:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген жалпы негіздерде;
Тармақша 2
2) Қордың қатысушы-сақтандыру ұйымы кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін тоқтатқан және осы сақтандыру түрлері бойынша жасалған сақтандыру шарттарының қолданылуын тоқтатқан жағдайда тоқтатылады.
Бап 12. 12-бап. Міндетті және төтенше жарналар, оларды төлеу тәртібі. Қордың қарыз алуы
12-бап. Міндетті және төтенше жарналар, оларды төлеу тәртібі. Қордың қарыз алуы
Тармақ 1
1. Қатысушы-сақтандыру ұйымы қатысу шартына сәйкес міндетті және төтенше жарналарды төлеуге міндетті.
Міндетті жарналардың ставкасын Қор жыл сайын айқындайды.
Міндетті жарналар ставкасын есептеу әдістемесі, оларды төлеу тәртібі мен мерзімі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Тармақ 2
2. Осы Заңның 7-бабының 2-1-тармағында көрсетілген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) шеңберінде жинақтау сақтандыру шарттары бойынша міндетті жарналардың мөлшері қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің көлемі және міндетті жарналардың мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі.
Сақтандырудың басқа кепілдік берілетін түрлері бойынша міндетті жарналардың мөлшері сақтандыру ұйымы есепке жазған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі және міндетті жарналардың мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі.
Тармақ 2-1
2-1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген пруденциялық нормативтер мен өзге де сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді қатысушы-сақтандыру ұйымы бұзған жағдайда, мұндай сақтандыру ұйымы үшін міндетті жарна ставкасы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен ұлғайтылуға тиіс.
Тармақ 2-2
2-2. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беретін резерв:
Тармақша 1
1) осы Заңның 7-бабында көзделген Қордың кепілдіктері бойынша міндеттемелерін;
Тармақша 2
2) осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды Қордың жүзеге асыруына байланысты шығыстарды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі төлемдерді өтеу үшін пайдаланылады.
Тармақ 3
3. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві жеткіліксіз болған жағдайда, Қор қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналарын олардың шартты міндеттемелерінің шегінде тартады.
Осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві және қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналары жеткіліксіз болған жағдайда, уәкілетті органмен келісу бойынша Қордың директорлар кеңесі айқындаған тәртіппен Қордың меншікті капиталы пайдаланылады.
Осы Заңда көзделген, жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін зиянды өтеу резерві жеткіліксіз болған жағдайда, Қор ағымдағы тоқсанның соңына дейін Қордың директорлар кеңесі белгілеген мөлшерде сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын пайдалануға құқылы. Қор сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін қалпына келтіру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің пайдаланылған сомасы мөлшерінде қатысушы-сақтандыру ұйымдарынан түсетін төтенше жарналарды тартады.
Қордың директорлар кеңесі айқындаған тәртіппен, пайдаланылған соманың орнын толтыруды, оның ішінде сақтандырудың қай саласы бойынша кепілдік берілетініне қарай, «жалпы сақтандыру» саласы не «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналарын тарту есебінен толтыруды ескере отырып, «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын «өмірді сақтандыру» саласы бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында пайдалануға және керісінше, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын «жалпы сақтандыру» саласы бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында пайдалануға жол беріледі.
Тармақ 4
4. Осы Заңның 7-бабының 2-1-тармағында көрсетілген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) шеңберінде жинақтау сақтандыру шарттары бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымының төтенше жарналарының мөлшері соңғы есепті күнге сақтандырудың осы түрлері бойынша Қорға барлық қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің жалпы көлеміндегі қатысушы-сақтандыру ұйымы қалыптастырған сақтандыру резервтерінің үлесіне пропорционалды түрде айқындалады.
Сақтандырудың басқа кепілдік берілетін түрлері бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымының төтенше жарналарының мөлшері ағымдағы есепті кезеңде сақтандырудың осы түрлері бойынша Қорға барлық қатысушы-сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлеміндегі өзі жасасқан сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының үлесіне пропорционалды түрде айқындалады.
Тармақ 5
5. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві, төтенше жарналар және Қордың меншікті капиталы жеткіліксіз болған кезде Қорға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және өзге де ұйымдар қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналары есебінен өтелуге жататын қарыз беруге құқылы.
Тармақ 6
6. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру қатысушы-сақтандыру ұйымын міндетті және төтенше жарналар төлеуден босатпайды.
Тармақ 7
7. Қатысушы-сақтандыру ұйымы (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын қоспағанда) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айрылған күннен бастап қатысушы-сақтандыру ұйымының міндетті және төтенше жарналарды төлеу міндеттемелері соттың қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
Қатысушы-сақтандыру ұйымының (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын қоспағанда) міндетті және төтенше жарналарды төлеу міндеттемелері соттың оны мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының міндетті және төтенше жарналарды төлеу міндеттемелері уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап тоқтатылады.
Осы Заңға сәйкес қатысушы-сақтандыру ұйымдары төлеген міндетті және төтенше жарналар қайтарылуға жатпайды.
Бап 13. 13-бап. Шартты міндеттемелерді қалыптастыру
13-бап. Шартты міндеттемелерді қалыптастыру
Тармақ 1
1. Қатысушы-сақтандыру ұйымы шартты міндеттемелерді қалыптастыруға және есепке алуға міндетті.
Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымы осы Заңның 7-бабының 2-1-тармағында көрсетілген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) шеңберінде жинақтау сақтандыру шарттары бойынша шартты міндеттемелердің мөлшерін қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің көлемін және шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін негізге ала отырып есептейді.
Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымы сақтандырудың басқа кепілдік берілетін түрлері бойынша шартты міндеттемелердің мөлшерін сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша оның сақтандыру сыйлықақыларының көлемін және шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін негізге ала отырып есептейді.
Тармақ 2
2. Шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесі, оларды қалыптастыру және есепке алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Бап 14. 14-бап. Міндетті және төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындамау
14-бап. Міндетті және төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындамау
Тармақ 1
1. Қор төленген міндетті және (немесе) төтенше жарналардың мөлшері бойынша Қордың ішкі құжаттарына сәйкес қатысушы-сақтандыру ұйымымен салыстырып-тексеруді жүзеге асырады.
Міндетті және (немесе) төтенше жарналар толық көлемде төленбеген жағдайда, Қор төлеу мерзімі басталған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қатысушы-сақтандыру ұйымының осы Заң бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
Тармақ 2
2. Уәкiлеттi орган Қордан қатысушы-сақтандыру ұйымының мiндеттi және төтенше жарналарды төлеу жөнiндегi мiндеттемелерiн тиiсiнше орындамағаны туралы хабарлама алған кезде мұндай сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады.
Тарау 5. 5-тарау. Кепілдік төлемдері және өзге де қорғау шаралары
5-тарау. Кепілдік төлемдері және өзге де қорғау шаралары
Бап 15. 15-бап. Сақтандырудың міндетті түрлері
және мемлекеттік білім
беру жинақтау жүйесі шеңберінде жасалған
өмірді
сақтандыру шарттары бойынша кепілдік төлемді
жүзеге
асыру негіздері
мен тәртібі
15-бап. Сақтандырудың міндетті түрлері
және мемлекеттік білім
беру жинақтау жүйесі шеңберінде жасалған
өмірді
сақтандыру шарттары бойынша кепілдік төлемді
жүзеге
асыру негіздері
мен тәртібі
Тармақ 1
1. Кепілдік төлемді жүзеге асыру бойынша Қорға талап ету құқығы кредиторда уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап туындайды.
Кредиторлардың:
Тармақша 1
1) таратылатын сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемінен құқыққа сыйымсыз бас тартқан (толық немесе ішінара) не оны толық көлемде жүзеге асырмаған сақтандыру шарттары бойынша уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешім қабылдағанға дейінгі кезеңде барлық басталған сақтандыру жағдайлары бойынша;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін беру (қабылдау) күніне дейінгі кезеңде басталған сақтандыру жағдайлары бойынша;
Тармақша 3
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы таратылғаннан кейін басталуы туралы мәлімделген және олар бойынша міндеттемелер таратылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелінің құрамында берілмеген сақтандыру жағдайлары бойынша кепілдік төлемді алуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Кредиторда осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздерде Қорға талап ету құқығы туындаған кезде кредитор уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен екі ай өткенге дейінгі кезеңде Қорға кепілдік төлемін жүзеге асыру туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылы.
Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелі «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі ай өткенге дейін берілген (қабылданған) жағдайда, кредитор таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін қабылдаған қатысушы-сақтандыру ұйымына кепілдік төлемді жүзеге асыру туралы жазбаша өтінішпен жүгінеді.
Растайтын құжаттар болмаған жағдайда кредитор таратылатын сақтандыру ұйымының уақытша әкімшілігіне немесе мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясына тиісті құжаттарды Қорға немесе таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін қабылдаған қатысушы-сақтандыру ұйымына беру туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде кредитор кепілдік төлемді жүзеге асыру туралы талаппен тікелей Қорға не қатысушы-сақтандыру ұйымына жүгінуге құқылы.
Осы баптың 2-тармағына және 3-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес кредитордың талабын алғаннан кейін Қор не қатысушы-сақтандыру ұйымы Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) сақтандыру шартында көзделген тәртіппен сақтандыру жағдайын және келтірілген зиянның мөлшерін айқындау жөнінде жұмыс жүргізуге міндетті.
Тармақ 4
4. Кредитор не қатысушы-сақтандыру ұйымы кепілдік төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың толық топтамасын табыс еткеннен кейін Қор кепілдік төлемін жүзеге асыру туралы не кепілдік төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 5
5. Қор қатысушы-сақтандыру ұйымдарының осы баптың 3-тармағында көзделген іс-шараларды, бүлінген мүлікті бағалау жүргізуге арналған шығыстарды қоса алғанда, жүзеге асыруға байланысты шығыстарын нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ жеті айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде өтейді.
Тармақ 6
6. Кепілдік төлемдердің ерекшеліктері, тәртібі және мөлшерлері осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес айқындалады.
Тармақ 7
7. Кредитордың моральдық залалы, алынбаған пайдасы, сақтандыру шарты бойынша тұрақсыздық айыбы және осы баптың 5-тармағында көзделген шығыстарды қоспағанда, өзге де, оның ішінде таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан сот тәртібімен бұрын өндіріп алынған шығыстар кепілдік төлеммен жабылмайды.
Тармақ 8
8. Кредиторларға кепілдік төлем тараптардың келісімі бойынша тікелей Қордан немесе агент банк арқылы кредитордың банктік шотына қолма-қол емес нысанда не қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Таратылатын қатысушы-сақтандыру ұйымының кредиторына кепілдік төлем жүзеге асырылған күннен бастап сақтандыру шарты бойынша кредитордың талап ету құқығы жүзеге асырылған кепілдік төлем көлемінде Қорға ауысады.
Қор кредитордың өзіне ауысқан талап ету құқығын, сондай-ақ кепілдік төлемді жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі талапты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен, таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясына (бұдан әрі – тарату комиссиясы) немесе сот уәкілетті органның қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімінің күшін жою туралы шешім қабылдаған жағдайда, осы қатысушы-сақтандыру ұйымына қояды.
Тармақ 10
10. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімінің көшірмесін алған күннен бастап Қор басталған сақтандыру жағдайлары бойынша таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларына кепілдік төлемдерді жүзеге асыру туралы хабарды қазақ және орыс тілдерінде:
Тармақша 1
1) Қордың интернет-ресурсында екі жұмыс күні;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және қазақстандық ақпараттық интернет-ресурстарында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында он жұмыс күні ішінде жариялайды.
Бап 15-1. 15-1-бап. Сақтандырудың кепілдік берілетін аннуитеттік
сыныптары бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру
негіздері мен тәртібі
15-1-бап. Сақтандырудың кепілдік берілетін аннуитеттік
сыныптары бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру
негіздері мен тәртібі
Тармақ 1
1. Кепілдік төлемді жүзеге асыру бойынша Қорға талап ету құқығы кредиторда уәкілетті органның сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау негізі бойынша ол тағайындаған уақытша әкімшілік Қорға «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру шарттарының тізілімін берген күннен бастап екі жұмыс күні өткен соң туындайды.
Тармақ 2
2. Кредиторлардың:
Тармақша 1
1) уәкілетті органның сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау негізі бойынша ол уақытша әкімшілікті тағайындаған кезге қолданыста болатын, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырылатын аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган уақытша әкімшілікті тағайындаған күннен бастап заңды тұлғаның (жұмыс берушінің) қызметі тоқтатылған (таратылған) кезде жұмыскердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеуге немесе ұзартуға (қайта куәландыруға) байланысты жасалған аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша кепілдік төлемді алуға құқығы бар.
Кредиторлардың осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кепілдік төлемдерді алу құқықтары «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен, таратылатын қатысушы-сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелі «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру ұйымына берілген күнге дейін қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру бойынша Қорға талап ету құқығының туындауына байланысты жеке тұлға Қорға жүгінген жағдайда, Қор кепілдік төлемді осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттарда сақтандыру ұйымының уақытша әкімшілігінен алынған құжаттар негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Қор уақытша әкімшіліктен сақтандыру шарттарының тізілімін алғаннан кейін екі жұмыс күні өткен соң осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген сақтандыру шарттары бойынша кепілдік төлемдердің үздіксіздігі мен уақтылылығын қамтамасыз етеді.
Кредитор осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдай басталған кезде «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру ұйымына жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шеңберінде аннуитеттік сақтандыру шартын жасасу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді Қор уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырады.
Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша жасалған аннуитеттік сақтандыру шартының қолданысы өткен соң жұмыскердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу немесе ұзарту (қайта куәландыру) салдарынан кейінгі аннуитеттік сақтандыру шарты жұмыскер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандыру ұйымымен жасалуға жатады.
Тармақ 4
4. Қор осы Заңның 7-бабының 2-2-тармағында көзделген кепілдік төлемді жүзеге асырудан бас тартуға құқылы емес.
Тармақ 5
5. Кредиторларға осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген кепілдік төлемді тікелей Қор жүзеге асырады немесе банк-агент арқылы кредитордың банктік шотына қолма-қол ақшасыз нысанда не тараптардың келісімі бойынша қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторына кепілдік төлем жүзеге асырылған күннен бастап сақтандыру шарты бойынша кредитордың талап ету құқығы жүзеге асырылған кепілдік төлем көлемінде Қорға ауысады.
Қор кредитордың өзіне ауысқан талап ету құқығын, сондай-ақ кепілдік төлемді жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі талапты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату қомиссиясына немесе сот уәкілетті органның қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімінің күшін жою туралы шешім қабылдаған жағдайда, осы қатысушы-сақтандыру ұйымына қояды.
Тармақ 7
7. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімінің көшірмесін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Қор кредиторларға кепілдік төлемдерді жүзеге асыру күні туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында, қазақстандық ақпараттық интернет-ресурстарда және Қордың интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
Бап 16. 16-бап. Сақтанушылардың құқықтарын қорғаудың қосымша тәсілдері
16-бап. Сақтанушылардың құқықтарын қорғаудың қосымша тәсілдері
Бап 17. 17-бап. Қор кепілдіктерінің тоқтатылуы
17-бап. Қор кепілдіктерінің тоқтатылуы
Қор кепілдіктері:
Тармақша 1
1) осы Заңға сәйкес кепілдік төлемі жүзеге асырылған;
Тармақша 2
2) кредитордың осы Заңның 15-бабында белгіленген өтініш жасау мерзімдері өткен (сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша кепілдік төлемдер үшін);
Тармақша 3
3) сақтандыру шартының қолданыс мерзімі аяқталған;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеген жағдайларда тоқтатылады.
Тарау 5-1. 5-1-тарау. Қордың жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдері
5-1-тарау. Қордың жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдері
Бап 17-1. 17-1-бап. Жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді алу құқығы
17-1-бап. Жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді алу құқығы
Тармақ 1
1. Қор көлік оқиғасы орнынан жасырынған және жәбірленушіге зиян келтіруге жауапты адам анықталмаған жағдайда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді (бұдан әрі - зиянды
өтеу бойынша төлем) төлейді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың зиянды өтеу бойынша төлемдерді алуға құқығы бар.
Осы құқық қолдарында жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Жәбірленуші қайтыс болған жағдайда зиянды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі талап ету құқығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамға (адамдарға)
көшеді.
Тармақ 5
5. Қор жәбірленушіні жерлеуді жүзеге асырған адамға осы Заңның 17-2-бабы 2-тармағының 1), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса берілген жазбаша өтініштің негізінде «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтейді.
Бап 17-2. 17-2-бап. Қордың зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыруы
17-2-бап. Қордың зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыруы
Тармақ 1
1. Жәбірленуші не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген адамдар зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, тікелей Қорға өтініш береді.
Тармақ 2
2. Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) осы Заңның 17-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайдың басталу фактісін растайтын құжат;
Тармақша 2
2) жәбірленуші алған жарақат пен мертігулердің сипаты, диагнозы, уақытша еңбекке қабілетсіздік кезеңі көрсетіле отырып, жәбірленушіге көлік оқиғасы нәтижесінде денсаулығына келтірілген зиянға байланысты медициналық көмек көрсетілген денсаулық сақтау ұйымы қорытындысының көшірмесі;
Тармақша 3
3) медициналық-әлеуметтік немесе сот-медициналық сараптама мекемелері қорытындысының көшірмесі;
Тармақша 4
4) жәбірленушінің қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе хабарлама;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес зиянды өтету (жәбірленуші қайтыс болған жағдайда) құқығына ие адамның құқығын растайтын құжат;
Тармақша 6
6) жерлеуге нақты жұмсалған шығындарды растайтын құжаттар не олардың көшірмелері;
Тармақша 7
7) жеке куәліктің көшірмесі.
Тармақ 3
3. Жәбірленуші не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдар зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың толық топтамасын табыс еткеннен кейін Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру туралы не оларды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 4
4. Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлем жасау туралы шешімді осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қабылдайды. Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған
шығыстарды өтеу бойынша төлемді зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлем жасау туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
Тармақ 6
6. Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Зиянды өтеу бойынша төлем моральдық зиянның, сондай-ақ мүлікке келтірілген зиянның, жәбірленушінің не осы Заңның 17-1-бабының 4-тармағында көзделген адамдардың жіберіп алған пайдасының, қоршаған ортаға келтірілген залалдың орнын толтырмайды.
Тармақ 8
8. Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу бойынша төлемдер тікелей Қор немесе агент-банк арқылы жәбірленушінің не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдардың банк шоттарына қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерден мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) жәбірленушінің әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен көлік оқиғасымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылса;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) көлік оқиғасы еңсерілмейтін күштің салдарынан, яғни ядролық жарылыс, радиация немесе радиоактивті улану, әскери іс-қимылдар, азаматтық соғыс, жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, жаппай тәртіпсіздік немесе ереуілдер сияқты төтенше және осындай алдын алуға болмайтын жағдайлар кезінде басталған болса;
Тармақша 4
4) осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетін табыс етпеген не дұрыс емес құжаттарды берген болса,
бас тартады.
Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асырудан бас тарту үшін негіздер болған кезде, Қор құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесі бар жазбаша нысандағы хабарлама жіберуге міндетті.
Тармақ 10
10. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағы 4) тармақшасында көзделген функцияны жүзеге асыру үшін Қор Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасынан ақпарат сұратады.
Ақпаратты берудің тәртібі, көлемі және мерзімдері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің актісімен және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен белгіленеді.
Қор алған мәліметтер жария етуге жатпайды.
Тармақ 11
11. Зиянды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін Қор «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқордан сақтандыру есептерін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен сұратады және алады.
Бап 17-3. 17-3-бап. Зиян келтірген адамға кері талап қою құқығы
17-3-бап. Зиян келтірген адамға кері талап қою құқығы
Қордың жәбірленушінің не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдардың зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі талабын қарауға байланысты Қордың шеккен шығыстарын ескере отырып, зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер шегінде жәбірленушіге зиян келтірген адамға кері талап қою құқығы бар.
Бап 17-4. 17-4-бап. Зиянды өтеу резервін құру
17-4-бап. Зиянды өтеу резервін құру
Тармақ 1
1. Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін зиянды өтеу резервінің қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда Қор сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін осы Заңда көзделген тәртіппен пайдаланады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган белгілеген мөлшердегі бастапқы біржолғы жарналар және Қормен жасалатын қатысу шартына сәйкес сақтандырушылар төлейтін қосымша жарналар зиянды өтеу резервін қалыптастыру көздері болып табылады.
Қосымша жарналар ставкасын есептеу әдістемесі, оларды төлеу тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Тармақ 3
3. Қосымша жарналардың мөлшері қатысушы-сақтандыру ұйымы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша есептеген сақтандыру сыйлықақылары мен қосымша жарналар ставкаларының көлемін негізге ала отырып
есептеледі.
Тармақ 4
4. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру қатысушы-сақтандыру ұйымын қосымша жарналарды төлеуден босатпайды.
Тармақ 5
5. Қатысушы-сақтандыру ұйымы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға берілген лицензиядан айырылған күннен бастап қатысушы-сақтандыру ұйымының қосымша жарналарды төлеу міндеттемелері қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
Қатысушы-сақтандыру ұйымының қосымша жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемесі оны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.
Қатысушы-сақтандыру ұйымдарының осы Заңға сәйкес төлеген қосымша жарналары қайтаруға жатпайды.
Бап 17-5. 17-5-бап. Бастапқы бір реттік, қосымша жарналарды төлеу
жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау
17-5-бап. Бастапқы бір реттік, қосымша жарналарды төлеу
жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау
Тармақ 1
1. Бастапқы бір реттік, қосымша жарналар толық көлемде төленбеген жағдайда, Қор қатысушы-сақтандыру ұйымының осы Заң бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны туралы уәкілетті органға төлеу мерзімі басталған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымының бастапқы бір реттік, қосымша жарналарды төлеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны туралы Қордың хабарxатын алған кезде мұндай сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген санкциялар мен қадағалап ден қою шараларын қолдануға құқылы.
Тарау 6. 6-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі қатысушыларының құқықтары мен міндеттері
6-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі қатысушыларының құқықтары мен міндеттері
Бап 18. 18-бап. Қордың құқықтары мен міндеттері
18-бап. Қордың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Қор:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен міндетті, төтенше және қосымша жарналар төлеуді талап етуге;
Тармақша 2
2) тарату комиссиясының құрамына өз өкілін енгізу туралы уәкілетті органның алдында өтініш жасауға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымын тарату ісін жүргізуге қатысуға;
Тармақша 3
3) тарату комиссиясынан және кредитордан Қордың міндеттерін іске асыруға қажетті ақпарат пен құжаттар беруді талап етуге;
Тармақша 4
4) уәкілетті органнан қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қаржылық жай-күйі, қатысушы-сақтандыру ұйымы жасасқан сақтандыру шарттарының саны туралы мәліметті және сақтандыру құпиясын және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, өзге де қажетті ақпаратты сұратуға;
Тармақша 5
5) осы Заңда, сақтандыру шартында немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда кредиторға кепілдік төлемді жүзеге асырудан бас тартуға;
Тармақша 6
6) осы Заңның 15-1-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген оқиға басталған жағдайда, кредитор мен «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы арасында жасалған аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеудің барабарлығын тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тартуға;
Тармақша 7
7) осы Заңның 8-1-бабына сәйкес комиссиялық сыйақы алуға;
Тармақша 8
8) қатысушы-сақтандыру ұйымынан Қордың директорлар кеңесі айқындаған мерзімдерде және көлемде ақпаратты, оның ішінде сақтандыру және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) бойынша оның міндеттемелері жөніндегі мәліметтерді сұратуға және алуға;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасынан осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген өз функциясын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
Тармақша 10
10) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 4-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.
Тармақ 2
2. Қор:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қорға қатысу міндеті жүктелген сақтандыру ұйымымен қатысу шартын жасасуға;
Тармақша 1-1
1-1) «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерін есепке алуды бөлек жүргізуге;
Тармақша 1-2
1-2) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің, зиянды өтеу резервінің қаражатын есепке алуды Қордың меншікті активтерінен бөлек жүргізуге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен активтерді қаржы құралдарына инвестициялауға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржылық және өзге де есептілікті ұсынуға;
Тармақша 4
4) қатысушы-сақтандыру ұйымдарына олардың сұрау салулары бойынша қатысу шартына сәйкес айқындалатын көлемде өзінің қаржылық есептілігін беруге;
Тармақша 5
5) аудиторлық ұйым растаған жылдық қаржылық есептілікті жыл сайын жариялауға;
Тармақша 6
6) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының міндетті, төтенше және қосымша жарналар төлеу тәртібін, сондай-ақ олардың шартты міндеттемелер қалыптастыруын бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндеттемелері бойынша кредиторларға осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен кепілдік төлемдерін жүзеге асыруға;
Тармақша 8
8) аудит өткізуге;
Тармақша 9
9) сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарын бұзуының өзіне мәлім болған фактілері жөнінде уәкілетті органды хабардар етуге;
Тармақша 10
10) кредиторға кепілдік төлемінің жүзеге асырылғаны туралы тарату комиссиясына хабарлауға;
Тармақша 11
11) алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен;
Тармақша 12
12) өз функцияларын жүзеге асыру процесінде сақтандыру ұйымдарының қызметі туралы өздеріне мәлім болған бүкіл ақпаратты тек қана қызмет мақсаттарында пайдалануға;
Тармақша 13
13) осы Заңның 15-бабының 5-тармағында көзделген тәртіппен қатысушы-сақтандыру ұйымдарының шығыстарын өтеуге міндетті.
Тармақ 2-1
2-1. Қор Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес өздері жүргізетін операцияларды есепке алуды жүзеге асырады.
Тармақ 2-2
2-2. Сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға), сақтандыру шартын жасасуға ниеті бар адамдарға өзінің қызметі туралы ақпаратты жеткізу мақсатында Қор өзінің интернет-ресурсында мынадай ақпаратты:
Тармақша 1
1) өзінің, оның ішінде өз филиалдары мен өкілдіктерінің толық атауын, мекенжайын (тұрған жерін), телефон нөмірлерін, жұмыс режимін;
Тармақша 2
2) акционерлер туралы мәліметтерді;
Тармақша 3
3) басшы қызметкерлер туралы мәліметтерді;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тіркеу нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерді;
Тармақша 5
5) қызметтің жүзеге асырылатын түрлері туралы мәліметтерді;
Тармақша 6
6) аудиторлық ұйым растаған алдыңғы есепті үш жыл үшін жылдық қаржылық есептілікті;
Тармақша 7
7) алдыңғы есепті үш жыл үшін қызмет қорытындылары туралы есептерді;
Тармақша 8
8) қауымдастықтарға (одақтарға), оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің бірлестіктеріне қатысу туралы мәліметтерді (болған кезде);
Тармақша 9
9) қатысушы-сақтандыру ұйымдары туралы мәліметтерді орналастыруға міндетті.
Тармақ 3
3. Қордың Қазақстан Республикасының заңдарында және қатысу шартында көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.
Бап 19. 19-бап. Қатысушы-сақтандыру ұйымының құқықтары мен міндеттері
19-бап. Қатысушы-сақтандыру ұйымының құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1.
Қатысушы-сақтандыру
ұйымы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мерзімді баспа басылымдарында өзінің сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысуы туралы ақпаратты жариялауға;
Тармақша 2
2) Қордан кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыруға қатысты ақпарат алуға;
Тармақша 3
3) Қордың қаржылық есептілігін Қордан талап етуге құқылы.
Тармақ 2
2.
Қатысушы-сақтандыру
ұйымы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен міндетті және төтенше жарналарды төлеуге, сондай-ақ шартты міндеттемелерді қалыптастыруға;
Тармақша 2
2) міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлерін есептеу, олардың мөлшерлемелерін бекіту, төтенше жарналардың мөлшерін есептеу үшін қажетті ақпаратты Қорға беруге;
Тармақша 2-1
2-1) Қорға Қордың директорлар кеңесі айқындаған мерзімдерде және көлемде ақпаратты, оның ішінде сақтандыру және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) бойынша өзінің міндеттемелері жөніндегі мәліметтерді беруге;
Тармақша 3
3) өзінің төлем қабілетсіздігі басталғаны және уәкілетті органның санкциялар қолдану фактілері туралы Қорға хабарлауға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сақтандыру ұйымына Қорға қатысу міндеті жүктелген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтандыру қызметінің тоқтатылғаны туралы Қорды хабардар етуге;
Тармақша 4-1
4-1) осы Заңда көзделген жағдайларда өзіне тиесілі Қор акцияларын иеліктен шығаруды жүргізуге;
Тармақша 5
5) сотқа мәжбүрлеп тарату туралы талап-арыз берілгендігі туралы, сондай-ақ соттың сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағаны туралы Қорды хабардар етуге;
Тармақша 5-1
5-1) уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын лицензиядан айырғаны және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімін жүргізгені туралы Қорды хабардар етуге;
Тармақша 6
6) алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен;
Тармақша 7
7) осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті.
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар қатысушы-сақтандыру ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қосымша жарналарды төлеуге міндетті.
Тармақ 3
3. Қатысушы-сақтандыру ұйымының Қазақстан Республикасының заңдарында және қатысу шартында көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.
Бап 20. 20-бап. Тарату комиссиясының құқықтары мен міндеттері
20-бап. Тарату комиссиясының құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Тарату комиссиясы Қордан мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының кредиторларына кепілдік төлемінің жүзеге асырылғаны туралы хабарлама алуға құқылы.
Тармақ 2
2. Тарату комиссиясы:
Тармақша 1
1) құжаттардың көшірмелерін және үзінді көшірмелерін алу құқығын бере отырып, Қордың уәкілетті өкілдерінің Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын тарату немесе қызметін мәжбүрлеп тоқтату процесіне қатысты ақпарат пен құжаттамаға қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) өзінің кредитор алдындағы міндеттемелерінің тоқтатылғаны туралы Қорға шұғыл түрде хабарлауға;
Тармақша 3
3) сақтандыру шарттарын жасасуға қатысты Қор сұратқан ақпаратты және құжаттарды беруге міндетті.
Тармақ 3
3. Тарату комиссиясының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.
Бап 21. 21-бап. Кредитордың құқықтары мен міндеттері
21-бап. Кредитордың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Кредитордың:
Тармақша 1
1) Қордан осы Заңда көзделген тәртіппен кепілдік төлемін жүзеге асыруды талап етуге;
Тармақша 2
2) алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен;
Тармақша 3
3) тарату комиссиясынан талаптарды Қордан алынған кепілдік төлемінен асатын мөлшерде қанағаттандыруды талап етуге құқығы бар.
Тармақ 2
2. Кредитор:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісінде немесе сақтандыру шартында көзделген, сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандыру шарты бойынша шығындардың мөлшерін растайтын құжаттарды ұсынуға;
Тармақша 2
2) Қордың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кредитордың өзіне ауысқан құқықтарын іске асыруына қажетті барлық құжаттарды беруге міндетті.
Тармақ 3
3. Кредитордың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.
Бап 21-1. 21-1-бап. Кепілдік төлемдерді және зиянды өтеу бойынша
төлемдерді жүзеге асыру кезінде делдалдық көрсетілетін
қызметтерді реттеу
21-1-бап. Кепілдік төлемдерді және зиянды өтеу бойынша
төлемдерді жүзеге асыру кезінде делдалдық көрсетілетін
қызметтерді реттеу
Тармақ 1
1. Егер кепілдік төлемді немесе зиянды өтеу бойынша төлемдерді алуға өтініш пен құжаттар Қорға осындай төлемді алу үшін делдалдық қызметтерді көрсететін адамның қатысуымен ұсынылған жағдайда, мұндай құжаттарға қосымша ретінде Қорға осы адамның комиссиялық сыйақысы мөлшері көрсетіле отырып, делдалдық қызметтерді көрсету туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылуға тиіс.
Тармақ 2
2. Кепілдік төлемді немесе зиянды өтеу бойынша төлемді алу үшін делдалдық қызметтерді көрсететін адамның комиссиялық сыйақысының мөлшері:
Тармақша 1
1) «жалпы сақтандыру» саласы бойынша осындай төлем сомасының он пайызынан;
Тармақша 2
2) «өмірді сақтандыру» саласы бойынша осындай төлем сомасының бір пайызынан аспауға тиіс.
Тарау 7. 7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
Бап 22. 22-бап. Қорды тарату немесе қайта ұйымдастыру
22-бап. Қорды тарату немесе қайта ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Қорды тарату немесе қайта ұйымдастыру осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген, сақтандыру ұйымдарының Қорға міндетті қатысуы жөніндегі талаптар алып тасталған жағдайда Қор таратылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Қордың таратылуы кезінде қалыптастырылған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің және зиянды өтеу резервінің қаражаты Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарының арасында олардың Қордың осы резервтеріне қатысу үлесіне барабар мөлшерде бөліп беріледі.
Тармақ 4
4. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 5
5. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 6
6. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 7
7. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 8
8. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 23. 23-бап. Қазақстан Республикасының Қор туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
23-бап. Қазақстан Республикасының Қор туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
Қазақстан Республикасының Қор туралы заңдарының бұзылуына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікте болады.
Бап 24. 24-бап. Өтпелі ережелер
24-бап. Өтпелі ережелер
📌 Ескерту. 24-бап алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.