Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 48-бабына сәйкес, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10983 болып тіркелген) және Арал аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссия отырысының 2021 жылғы 23 маусымдағы № 1/3-4/1422 хаттамасы негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қызылорда облысының Арал ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Арал ауданы әкімінің орынбасары Е.Ж. Әбішев тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.