Об утверждении натуральных норм обеспечения форменной одеждой сотрудников Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлерін нысанды киіммен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлерін нысанды киіммен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Е. Жамаубаев
2021 жылғы «___» __________
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлерін нысанды киіммен қамтамасыз етудің заттай нормалары
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігі Төрағасының
2021 жылғы «___»________
№ _____ бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлерін нысанды киіммен қамтамасыз етудің заттай нормалары
№
Заттардың атауы
Өлшем бірлігі
Бір қызметкерге заттардың саны
Кию мерзімі (айларда)
Ескертпе
1. Жоғары басшы құрамның лауазымдарына арналған салтанатты және күнделікті киетін нысанды киім
1.
Салтанатты фуражка
Дана
1
60
2.
Күнделікті киетін фуражка
Дана
1
60
3.
Қаракөлден тігілген құлақшын
Дана
1
84
4.
Қою графит түсті қысқы пальто
Дана
1
60
5.
Маусымдық плащ
Дана
1
72
6.
Балағы түсіңкі шалбары бар салтанатты мундир
Жиынтық
1
60
7.
Балағы түсіңкі шалбары бар күнделікті киетін китель
Жиынтық
1
36
8.
Салтанатты ақ түсті қолғап
Жұп
1
24
9.
Қысқы қара түсті қолғаптар
Жұп
1
24
10.
Ұзын жеңді ақ түсті жейде
Дана
1
12
11.
Қара түсті галстук
Дана
1
24
12.
Қара түсті кашне
Дана
1
24
13.
Салтанатты белдік
Жиынтық
1
84
14.
Шалбарға тағатын былғары белбеу
Дана
1
60
15.
Қысқа қонышты етік
Жұп
1
12
16.
Күнделікті киетін жазғы туфли
Жұп
1
36
2. Аға және орта басшы құрамның лауазымдарына арналған күнделікті киетін нысанды киім (погонсыз)*
1.
Ерлер фуражкасы
Дана
1
24
2.
Әйелдер бас киімі
Дана
1
24
3.
Кепи (бейсболка) қою графит түсті
Дана
1
24
4.
Теріден тігілген құлақшын
Дана
1
36
5.
Жылы күрте
Дана
1
36
6.
Кашне
Дана
1
36
7.
Қысқы қара түсті қолғап
Жұп
1
24
8.
Ерлер мундирі шалбарымен
Жиынтық
1
24
9.
Әйелдер мундирі юбкамен
Жиынтық
1
24
10.
Ерлер күртесі шалбарымен
Жиынтық
1
24
11.
Әйелдер күртесі шалбарымен
Жиынтық
1
24
12.
Ұзын жеңді ақ түсті жейде
Дана
2
24
13.
Қысқа жеңді сұр түсті жейде
Дана
2
12
14.
Ұзын жеңді сұр түсті жейде
Дана
2
18
15.
Ерлердің қысқа қонышты етігі
Жұп
1
24
16.
Әйелдер етігі
Жұп
1
24
17.
Ерлер туфлиі қара түсті
Жұп
1
12
18.
Әйелдер туфлиі қара түсті
Жұп
1
12
19.
Ерлер галстугі қара түсті
Дана
1
24
20.
Әйелдердің қара түсті қысқа галстугі
Дана
1
24
21.
Ерлердің қара түсті белбеуі
Дана
1
24
22.
Кеудеше
Дана
1
24
23.
Сұр түсті поло футболка
Дана
2
12
3. Далалық нысанды киім (погонсыз)*
1.
Далалық киім
Жиынтық
1
24
2.
Ұзын қонышты бәтеңке
Жұп
1
24
3.
Қара футболка
Дана
1
12
4.
Кепи (бейсболка) қара түсті
Дана
1
24
Ескертпе:
Тармақ 1
1. Нысанды киім мен айырым белгілерінің үлгілері осы нормаларға қосымшада келтірілген.
Тармақ 2
2. Нысанды киімді және оның элементтерін киіп жүру мерзімдері ол берілген күннен бастап есептеледі.
Тармақ 3
3. Салтанатты нысан ретінде мундирмен ақ жейде белгіленсін.
Тармақ 4
4. Кеудешені кию қызметкерлер жедел-тергеу іс-шараларын орындаған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Далалық нысанды киім киюді кезекші бөлімдерде өзінің қызметтік міндеттерін орындайтын, қызметтік иттермен жұмыс істейтін және жедел ден қоятын Қазақстан Республикасының қаржылық мониторинг органдарының қызметкерлері жүзеге асырады.
Басқа 10. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің жоғары, аға және орта басшы құрамның лауазымдарына арналған нысанды киім мен айырым белгілерінің үлгілері (бұдан әрі - нысанды киім)
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлерін нысанды киіммен қамтамасыз етудің заттай нормаларына
қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің жоғары, аға және орта басшы құрамның лауазымдарына арналған нысанды киім мен айырым белгілерінің үлгілері (бұдан әрі - нысанды киім)
Тармақ 1
1. Жоғары басшы құрамның лауазымдарына арналған нысанды киім:
Тармақ 1.1
1.1. Салтанатты нысанды киім (1-сурет):
Тармақша 1
1) ақ түсті фуражка;
Тармақша 2
2) ақ түсті салтанатты-мерекелік мундир;
Тармақша 3
3) ұзын жеңді ақ түсті жейде;
Тармақша 4
4) қара түсті галстук;
Тармақша 5
5) ақ түсті қолғап;
Тармақша 6
6) қою графит түсті жүн шалбар;
Тармақша 7
7) қара түсті туфли.
Тармақ 1.2
1.2. Күнделікті нысанды киім (2-сурет):
Тармақша 1
1) қою графит түсті фуражка;
Тармақша 2
2) қою графит түсті китель;
Тармақша 3
3) ұзын жеңді ақ түсті жейде;
Тармақша 4
4) қара түсті галстук;
Тармақша 5
5) қою графит түсті шалбар;
Тармақша 6
6) қара түсті туфли.
Тармақ 1.3
1.3. Қысқы нысанды киім (3-сурет):
Тармақша 1
1) сұр түсті құлақшын;
Тармақша 2
2) қою графит түсті пальто;
Тармақша 3
3) қара түсті қолғап;
Тармақша 4
4) қара түсті кашне;
Тармақша 5
5) қысқа қонышты қара түсті құрым етік.
Тармақ 1.4
1.4. Маусымдық нысанды киім (4-сурет):
Тармақша 1
1) қою графит түсті фуражка;
Тармақша 2
2) қою графит түсті плащ;
Тармақша 3
3) қара түсті қолғап пен кашне;
Тармақша 4
4) қысқа қонышты қара түсті етік.
1-сурет
2-сурет
3-сурет
4-сурет
Тармақ 2
2. Аға басшы құрамның лауазымдарына арналған нысанды киім:
Тармақ 2.1
2.1. Ерлерге арналған нысанды киім жиынтығы (5, 6, 7, 8-суреттер):
Тармақша 1
1) қою графит түсті фуражка;
Тармақша 2
2) шалбары бар қою графит түсті мундир;
Тармақша 3
3) шалбары бар қою графит түсті күрте;
Тармақша 4
4) ұзын жеңді ақ түсті жейде;
Тармақша 5
5) қысқа жеңді сұр түсті жейде;
Тармақша 6
6) ұзын жеңді сұр түсті жейде;
Тармақша 7
7) қара түсті галстук;
Тармақша 8
8) қара түсті туфли;
Тармақша 9
9) қара түсті белбеу;
Тармақша 10
10) сұр түсті поло футболка;
Тармақша 11
11) кеудеше.
5-сурет
6-сурет
7-сурет
8-сурет
Тармақ 2.2
2.2. Әйелдерге арналған нысанды киім жиынтығы (9, 10, 11, 12-суреттер):
Тармақша 1
1) қою графит түсті бас киім;
Тармақша 2
2) юбкасымен қою графит түсті мундир;
Тармақша 3
3) шалбары бар қою графит түсті күрте;
Тармақша 4
4) ұзын жеңді ақ түсті жейде;
Тармақша 5
5) қысқа жеңді сұр түсті жейде;
Тармақша 6
6) ұзын жеңді сұр түсті жейде;
Тармақша 7
7) қара түсті қысқа галстук;
Тармақша 8
8) қара түсті туфли;
Тармақша 9
9) сұр түсті поло футболка;
Тармақша 10
10) кеудеше.
9-сурет
10-сурет
11-сурет
12-сурет
Тармақ 3
3. Орта басшы құрамның лауазымдарына арналған нысанды киім:
Тармақ 3.1
3.1. Ерлерге арналған нысанды киім жиынтығы (13, 14, 15, 16-суреттер):
Тармақша 1
1) қою графит түсті фуражка;
Тармақша 2
2) шалбары бар қою графит түсті мундир;
Тармақша 3
3) шалбары бар қою графит түсті күрте;
Тармақша 4
4) ұзын жеңді ақ түсті жейде;
Тармақша 5
5) қысқа жеңді сұр түсті жейде;
Тармақша 6
6) ұзын жеңді сұр түсті жейде;
Тармақша 7
7) қара түсті галстук;
Тармақша 8
8) қара түсті туфли;
Тармақша 9
9) қара түсті белбеу;
Тармақша 10
10) сұр түсті поло футболка;
Тармақша 11
11) кеудеше.
13-сурет
14-сурет
15-сурет
16-сурет
Тармақ 3.2
3.2. Әйелдерге арналған нысанды киім жиынтығы (17, 18, 19, 20-сурет):
Тармақша 1
1) қою графит түсті бас киім;
Тармақша 2
2) юбкасымен қою графит түсті мундир;
Тармақша 3
3) шалбары бар қою графит түсті күрте;
Тармақша 4
4) ұзын жеңді ақ түсті жейде;
Тармақша 5
5) қысқа жеңді сұр түсті жейде;
Тармақша 6
6) ұзын жеңді сұр түсті жейде;
Тармақша 7
7) қара түсті қысқа галстук;
Тармақша 8
8) қара түсті туфли;
Тармақша 9
9) сұр түсті поло футболка;
Тармақша 10
10) кеудеше.
17-сурет
18-сурет
19-сурет
20-сурет
Тармақ 4
4. Аға және орта басшы құрам лауазымдарына арналған қысқы нысанды киім
(21, 22-суреттер):
Тармақша 1
1) қою графит түсті жылы күрте;
Тармақша 2
2) қою графит түсті тері құлақшын;
Тармақша 3
3) қою графит түсті кашне;
Тармақша 4
4) қысқа қонышты қара түсті жылы етік;
Тармақша 5
5) қара түсті қолғап.
21-сурет
22-сурет
Тармақ 5
5. Далалық нысанды киім жиынтығына (23-сурет):
Тармақша 1
1) бүркеніш қара түсті шалбар;
Тармақша 2
2) бүркеніш қара түсті күрте;
Тармақша 3
3) қара түсті кепи;
Тармақша 4
4) қара түсті футболка;
Тармақша 5
5) қара түсті қонышы биік бәтеңке кіреді.
23-сурет
Тармақ 6
6. Кеудеше (24-сурет):
24-сурет
Айырым белгілері
Тармақ 1
1. Қаржылық мониторинг органына тиесілілік белгілері шеврондар болады:
Тармақша 1
1) шеврон – дөңгелек пішінді, жасыл және сары жиегі бар, шевронның ортасында қою көк реңде Қазақстан Республикасының сары түсті елтаңбасы орналасады. Елтаңбаның сыртқы шеңберін бойлай сары түспен мемлекеттік тілде «QAZAQSTAN RESPUBLIKASYNYN», төменде «QARJYLYQ MONITORING AGENTTIGI» деген жазу бар (25-сурет).
Мундирдің (күртенің, жазғы жейденің) оң жақ жеңіне орналастырылады.
Тармақша 2
2) шеврон – дөңгелек пішінді, жасыл және сары жиегі бар, шевронның ортасында қою көк реңде органның сары түсті логотипі орналасады (26-сурет).
Мундирдің (күртенің, жазғы жейденің) сол жақ жеңіне орналастырылады.
25-сурет
26-сурет
Тармақ 2
2. Қаржылық мониторинг қызметкерлерінің біліктілік сыныптары бойынша айырым белгілері погондардан, жеңдегі белгілерден, нысанды киім кестесінен тұрады.
Жоғары басшы құрамның лауазымдары үшін айырым белгілері погондар, ал аға және орта басшы құрам үшін жеңдегі белгі болады:
Тармақша 1
1) жоғары басшы құрамның лауазымдарына арналған айырым белгілері - погондар (27-сурет):
27-сурет
Тармақша 2
2) аға басшы құрамның лауазымдарына арналған айырым белгілері сурет (28-сурет):
28-сурет
Тармақша 3
3) орта басшы құрамның лауазымдарына арналған айырым белгілері (29-сурет):
29-сурет
Жең белгісі (мундир, күрте, жазғы жейде)- біліктілік сыныбының белгілері бар дөңгелек нысанды, реңі қою көк түсті, органның логотипі бар шевронның үстіне орналастырылады.
Аға басшы құрамның жеңдегі белгісінде жиектерінде екі жолағы бар сары түсті үлкен жұлдыздар бар:
1-санатты біліктілік сыныбы - 3 жұлдыз;
2-санатты біліктілік сыныбы - 2 жұлдыз;
3-санатты біліктілік сыныбы - 1 жұлдыз.
Орта басшы құрамның жеңдегі белгісінде жиектерінде бір жолағы бар сары түсті кішкентай жұлдыздар бар:
4-санатты біліктілік сыныбы - 4 жұлдыз;
5-санатты біліктілік сыныбы - 3 жұлдыз;
6-санатты біліктілік сыныбы -2 жұлдыз.