Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» коммунального государственного учреждения «Аппарат маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области» Күшін жойған
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалаудың
Әдістемесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 33-бабының 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың қоса берілген Әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың
Әдістемесі
Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы мәслихатының
2021 жылғы 18 маусымдағы
№ 8/2 шешімімен
бекітілген
«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың
Әдістемесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына сәйкес әзірленді және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) жеке жұмыс жоспары – «Б» корпусы қызметшісінің бағалау кезеңіне НМИ қарастырылған және тікелей басшысымен бірлесіп құрылатын, жоғары тұрған басшымен бекітілген құжат;
Тармақша 2
2) жоғары тұрған басшы – дербес бағынысты болып табылатын, бағаланушы қызметшінің тікелей басшысына қатысты тұлға - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының хатшысы;
Тармақша 3
3) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;
Тармақша 4
4) мінез-құлық индикаторы – «Б» корпусы қызметшісінің мінез-құлық және құзыреттер деңгейі көрінісінің сипаттамасы;
Тармақша 5
5) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) – мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, «Б» корпусы қызметшісінің қызметінің ерекшелігіне сәйкес (процестік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, «Б» корпусы қызметшілері қол жеткізген жағдайда олардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер;
Тармақша 6
6) тікелей басшы – дербес бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшіге қатысты тұлға - «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мекеме аппаратының басшысы.
Тармақ 3
3. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.
Тармақ 4
4. Қызметшінің нақты лауазымға келу мерзімі, соның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан кейін немесе оқуды аяқтағаннан кейін үш айдан кем болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзімінде бағалау өткізілмейді.
Бағалауды өткізу кезінде «Б» корпусы қызметшілері еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалыста, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іссапарда немесе тағылымдамада болғанда, сондай-ақ қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.
Тармақ 5
5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусының қызметшілерін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқы бар жоғары тұрған басшымен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады. Комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.
Тармақ 6
6. Бағалау екі жеке бағыт бойынша жүргізіледі:
Тармақша 1
1) НМИ жетістіктерін бағалау;
Тармақша 2
2) «Б» корпусы қызметшілерінің құзыреттерін бағалау.
Тармақ 7
7. НМИ орындалуын бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымдардан төмендету немесе босату үшін шешім қабылдауға негіз болып табылады.
Құзыреттерді бағалау нәтижелері «Б» корпусы қызметшісінің қажетті құзыреттерін дамытуға негіз болып табылады. Бұл ретте, құзыреттерді бағалау нәтижелері бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымдардан төмендетуге немесе босатуға әсер етпейді.
Тармақ 8
8. Бағалауға байланысты құжаттар Мәслихат аппаратында лауазымдық міндетіне кадр жұмысын жүргізу енген бас маманда бағалау аяқталғаннан кейін үш жыл бойы сақталады.
Тарау 2. 2. НМИ анықтау тәртібі
2. НМИ анықтау тәртібі
Тармақ 9
9. Бағалау кезеңі басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің жеке жұмыс жоспарындағы НМИ тікелей басшымен осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысанда анықталады.
Тармақ 10
10. Жеке жұмыс жоспары тиісті НМИ әзірленген соң, ол бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
Тармақ 11
11. Тікелей басшының жеке жұмыс жоспары жоғары тұрған басшымен бекітіледі.
Тармақ 12
12. НМИ осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын түзетуге қайтарады.
Жеке жоспарды жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, түзетуге жолданған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. НМИ:
Тармақша 1
1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);
Тармақша 2
2) өлшемді (НМИ өлшеу үшін нақты критерийлер белгіленеді);
Тармақша 3
3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);
Тармақша 4
4) уақытпен шектеулі (бағалау кезеңі ішінде НМИ қол жеткізу мерзімі белгіленеді);
Тармақша 5
5) мемлекеттік органның стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған болуы тиіс.
Тармақ 14
14. НМИ саны 5 құрайды.
Тармақ 15
15. Жеке жұмыс жоспары Мәслихат аппаратында, лауазымдық міндетіне кадр жұмысын жүргізу енген бас маманда сақталады.
Тарау 3. 3. НМИ жетістігін бағалау тәртібі
3. НМИ жетістігін бағалау тәртібі
Тармақ 16
16. Жеке жұмыс жоспарында көрсетілген НМИ жетістігіне бақылау жүргізу мақсатында тікелей басшы НМИ-да белгіленген жетістіктерге тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.
Тоқсан сайынғы мониторинг қорытындысы бойынша тікелей басшы «Б» корпусының бағалауға жататын қызметшісіне НМИ-ге қол жеткізу және сол үшін қажетті шаралар бойынша жазбаша ұсыныстар береді.
Тармақ 17
17. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.
Тармақ 18
18. Жеке жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары құрылған жыл қорытындысы бойынша НМИ бағалау негізінде келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
НМИ барлығы орындалған жағдайда «өте жақсы» баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 4-і орындалған жағдайда «тиімді» баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 3-і орындалған жағдайда «қанағаттанарлық» баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 3-тен азы орындалған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» баға қойылады.
НМИ-дің орындалуы жеке жоспарда қарастырылған көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.
Тармақ 19
19. Бағалау парағы тікелей басшымен толтырылғаннан кейін, ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
Тармақ 20
20. Тікелей басшының бағалау парағы оны қарастыруға жоғары тұрған басшыға енгізіледі.
Тармақ 21
21. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшымен келесі шешімдердің бірі қабылданады:
Тармақша 1
1) бағалаумен келісу;
Тармақша 2
2) түзетуге жіберу.
Тармақ 22
22. Бағалау парағы НМИ қол жеткізуін дәлелдейтін фактілердің жеткіліксіздігі немесе дәйексіздігі болған жағдайда түзетуге жолданады.
Тармақ 23
23. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, оны түзетуге жолдағаннан кейін 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Жоғары тұрған басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін лауазымдық міндетіне кадр жұмысын жүргізу енген бас маман 2 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оны Комиссияның қарауына ұсынады.
Тарау 4. 4. Құзыреттерді бағалау тәртібі
4. Құзыреттерді бағалау тәртібі
Тармақ 25
25. Құзыреттерді бағалау тікелей басшымен жүргізіледі және оның нәтижесі бойынша осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағы толтырылады.
Тармақ 26
26. Бағалау парағын толтыру барысында әр құзырет бойынша «Б» корпусы мемлекеттік лауазымдар санаттары үшін осы Әдістеменің 4-қосымшасымен көзделген мінез-құлық индикаторларының жиынтығын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны оннан аспайды.
Тармақ 27
27. Қызметші құзыретінің даму деңгейі бағалау кезеңінде оның қызметінде көрінген мінез-құлық индикаторларының санымен келесі тәртіпте анықталады:
Тармақша 1
1) қызметшінің қызметінде белгілі бір құзыретпен көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4 немесе одан көбі байқалған жағдайда «күтілген нәтижеге сәйкес» бағасы қойылады.
Тармақша 2
2) қызметшінің қызметі нақты құзыретпен көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4-нен кеміне сәйкес келмесе, бағаланатын құзырет бойынша «күтілген нәтижеге сәйкес емес» бағасы қойылады.
Тармақ 28
28. Тікелей басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін лауазымдық міндетіне кадр жұмысын жүргізу енген бас маман 2 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оны Комиссияның қарауына ұсынады.
Тарау 5. 5. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану
5. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану
Тармақ 29
29. Лауазымдық міндетіне кадр жұмысын жүргізу енген бас маман Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды өткізуге дейін жеті жұмыс күні аралығында бағалауды жүргізетін тұлғаларды бағалау жүргізу туралы хабарлайды.
Тармақ 30
30. Комиссияның отырысы оның құрамының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
Тармақ 31
31. Комиссияның төрағасын не мүшесін алмастыру комиссияны құру туралы өкімге өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 32
32. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Тармақ 33
33. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 34
34. Комиссияның хатшысы лауазымдық міндетіне кадр жұмысын жүргізу енген бас маман болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Тармақ 35
35. Лауазымдық міндетіне кадр жұмысын жүргізу енген бас маман Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 36
36. Лауазымдық міндетіне кадр жұмысын жүргізу енген бас маман Комиссияның отырысына келесі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) толтырылған бағалау парақтарын;
Тармақша 2
2) осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес Комиссия отырысының хаттамасының жобасын;
Тармақ 37
37. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды да келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
Тармақша 1
1) бағалау нәтижелерін бекіту;
Тармақша 2
2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.
Тармақ 38
38. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағалау нәтижесін түзетіп, оны хаттаманың «Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)» графасында көрсетіледі.
Тармақ 39
39. Бағалаудың нәтижелері жоғары тұрған басшымен бекітіледі және осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамасында тіркеледі.
Тармақ 40
40. Лауазымдық міндетіне кадр жұмысын жүргізу енген бас маман «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстырады.
Тармақ 41
41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, лауазымдық міндетіне кадр жұмысын жүргізу енген бас маманмен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Тармақ 42
42. «Б» корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда лауазымдық міндетіне кадр жұмысын жүргізу енген бас маманмен «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесі Мәслихат аппаратының интранет-порталы арқылы жолданады.
Тармақ 43
43. «Б» корпусы қызметшісінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жойып, «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қарау бойынша ұсыныс беру;
Тармақша 2
2) «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.
Тармақ 44
44. «Б» корпусы қызметшісі бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
Басқа 76
«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесіне
1-қосымша
нысан
«БЕКІТЕМІН»
Жоғары тұрған басшы
____________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні ________________________
қолы _______________________
Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ________________________
Қызметшінің лауазымы: _________________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: _____________________________
______________________________________________________________________
№ п/п
Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы
«Б» корпусы қызметшісі келісімінің қай көрсеткішінен немесе мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатынан түйінделеді
Өлшем бірлігі
Жоспарлы мәні
Қол жеткізу мерзімдері
Түйінді нәтиже*
* нысаналы мақсатты индикаторға қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер
Қызметші
___________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________
қолы ____________________
Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________
қолы ____________________
«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесіне
2-қосымша
нысан
«БЕКІТЕМІН»
Жоғары тұрған басшы
____________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні ________________________
қолы _______________________
№ п/п
Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы
Өлшем бірлігі
Жоспарлы мәні
Нақты мәні
Көрсеткішке қол жетті/көрсеткішке қол жетпеді
Бағалау нәтижесі __________________________________________________
(қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы)
Қызметші
___________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________
қолы ______________________
Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________
қолы ______________________
«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесіне
3-қосымша
нысан
Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _________________
__________________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
__________________________________________________________________
№ р/с
Құзыреттер атауы
Бағалау нәтижелері (күтілетін нәтижеге сәйкес/күтілетін нәтижеге сәйкес емес)
Қызметшіде байқамаған мінез-құлық индикатор атауы (күтілетін нәтижеге сәйкес емес бағасын алған жағдайда)
1
Қызметті басқару
2
Ынтымақтастық
3
Шешім қабылдау
4
Жеделділік
5
Өздігінен даму
6
Қызметті тұтынушыға бағдарлану *
7
Қызметті тұтынушыларды хабарландыру *
8
Адалдық
9
Жауапкершілік
10
Бастамашылдық
11
Стресске орнықтылық
*Лауазымдық міндеттеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жатпайтын «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері «Қызметті тұтынушыға бағдарлану» және «Қызметті тұтынушыларды хабарландыру» құзыреттері бойынша бағаланбайды.
Қызметші
___________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________
қолы ______________________
Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________
қолы ______________________
Басқа 4
«Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы мәслихатының
аппараты» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалау Әдістемесіне
4-қосымша
Құзыреттер
атауы
Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты
Тиімді мінез-құлық индикаторлары
Тиімсіз мінез-құлық индикаторлары
Қызметтік басқару
E-2;
E-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы)
Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдайды және басшылыққа енгізеді. Сеніп тапсырылған ұжымның жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады, олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етеді. Қызметкерлердің қойылған міндеттердің орындалуы барысындағы қызметіне бақылау жүргізеді. Бөлімше жұмысының нәтижелілігін және сапасын қамтамасыз етеді.
Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдамайды және басшылыққа енгізбейді. Сеніп тапсырылған ұжымның жұмысын жоспарламайды және ұйымдастырмайды, олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етпейді. Қызметкерлердің қойылған міндеттердің орындалуына бақылау жүргізбейді. Бөлімше жұмысының нәтижелілігін және сапасын қамтамасыз етпейді.
Е-4
Басымдылығына қарай тапсырмаларды маңыздылығы ретімен қояды. Басшылыққа сапалы құжаттар дайындайды және енгізеді. Өлшеулі уақыт жағдайында жұмыс жасай алады. Белгіленген мерзімдерді сақтайды.
Тапсырмаларды жүйесіз орындайды. Сапасыз құжаттар әзірлейді. Жедел жұмыс жасамайды. Белгіленген мерзімдерді сақтамайды.
Ынтымақтастық
E-2;
E-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы)
Ұжымда сенімді
қарым-қатынас орнатады. Бөлімшенің қоғаммен тиімді жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасайды. Бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибес імен және білімімен бөліседі. Әрқайсысының нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтайды.
Ұжымда өзара сенімсіз қарым-қатынас орнатады. Бөлімше және қоғаммен тиімді жұмыс ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасамайды. Бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибесімен және білімімен бөліспейді. Бағыныстағы тұлғалардың нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтамайды.
Е-4
Ұжымның жұмысына үлесін қосады және қажет болған жағдайда түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінеді. Мемлекеттік органдар мен ұжымдардың өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынасты дамытады. Талдау барысында пікір алмасады және талқылау нәтижесін ескере отырып, тапсырмаларды орындайды.
Жұмыста тұйықтық ұстанымын білдіреді және түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінбейді. Әртүрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен және әріптестерімен өзара әрекеттеспейді. Әріптестерімен мәселелерді талқыламайды.
Шешім қабылдау
E-2;
E-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы)
Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алады. Шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды ұйымдастырады. Шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен талқылайды. Әртүрлі дереккөздерден алынған мағлұматтарды ескере отырып, мүмкін болатын қауіптерді талдайды және болжайды. Мүмкін болатын қауіптер мен салдарларды ескере отырып, құзыреті шегінде шешім қабылдайды.
Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алмайды. Шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды сирек ұйымдастырады. Шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен талқылаудан бас тартады және басқалардың пікірін ескермейді. Әртүрлі дереккөздерден алынған мағлұматтарды ескермейді, мүмкін болатын қауіптерді талдамайды және болжамайды. Шешім қабылдау барысында мүмкін болатын қауіптер мен салдарларды ескермейді.
Е-4
Қажетті мәліметтерді таба алады. Мүмкін болатын қауіптерді ескере отырып, мәселелерді шешудің бірнеше жолын ұсынады. Өзінің пікірін негіздей алады.
Қажетті мәліметтерді таба алмайды. Мүмкін болатын қауіптерді ескермейді немесе мәселелерді шешудің альтернативасын ұсынбайды. Негізсіз пікір білдіреді.
Қызметті тұтынушыға пайдалану
E-2;
E-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы)
Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және туындаған мәселелерді шешеді. Кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында қанағаттанушылық деңгейін анықтауға жағдай жасайды. Қызмет көрсетудің сапасын бақылайды, сондай-ақ жеке үлгі болу арқылы көрсетеді.
Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырмайды және туындаған мәселелерді шешпейді. Кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында қанағаттанушылық деңгейін анықтауға жағдай жасамайды. Сапасыз қызмет көрсетуге жол береді, қызықпаушылық білдіреді.
Е-4
Сыпайы және тілектестікпен қызмет көрсетеді. Қызмет көрсетуге қанағаттанушылық деңгейін талдайды және оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді. Қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныс енгізеді.
Қызмет алушыға дөрекілік және немқұрайлылық білдіреді. Тұтынушының сұрақтары мен мәселелеріне мән бермейді. Қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша белсенділік танытпайды.
Қызметті тұтынушыға ақпараттандыру
E-2;
E-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы)
Бағыныстағыларды қызмет алушыларды қолжетімді ақпараттандыруға бағдарлайды. Тұтынушыға ақпараттарды құрметпен және игілікпен жеткізеді. Қызмет тұтынушыларының пікірін құрметтейді.
Бағыныстағылармен қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізбейді. Тұтынушыға ақпараттарды жеткізбейді немесе немқұрайлы және жақтырмай жеткізеді. Қызмет тұтынушыларының пікірін елемейді.
Е-4
Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімді тәсілдерін қолданады. Тұтынушыға ақпаратты қолжетімді ауызша және жазбаша түрде жеткізеді. Көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты уақтылы қабылдай және жібере алады.
Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімсіз тәсілдерін қолданады. Тұтынушыға ақпаратты ауызша және жазбаша түрде жеткізбейді немесе түсініксіз жеткізеді. Көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты уақтылы қабылдай және жібере алмайды.
Жеделділік
E-2;
E-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы)
Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарайды және басшылыққа енгізеді.
Болып жатқан өзгерістерге талдау жасайды және жұмысты жақсарту бойынша уақтылы шаралар қабылдайды.
Өзгерістерді дұрыс қабылдауды өзінің үлгі өнегесімен көрсетеді.
Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарамайды және басшылыққа енгізбейді.
Болып жатқан өзгерістерге талдау жасамайды және жұмысты жақсарту бойынша шаралар қабылдамайды.
Болып жатқан және күтілмеген өзгерістер кезінде өзін-өзі бақыламайды.
Е-4
Жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді. Оларды енгізудің жаңа бағыттары мен әдістерін үйренеді. Өзгеріс жағдайларында өзін-өзі бақылайды. Өзгеріс жағдайларында тез бейімделеді.
Жұмыстың қолданыстағы рәсімдері мен әдістерін ұстанады. Жаңа бағыттар мен әдістерді зерттеп оларды енгізбейді. Өзгеріс жағдайларында өзін-өзі бақылай алмайды. Өзгеріс жағдайларында бейімделмейді немесе баяу бейімделеді.
Өздігінен даму
E-2;
E-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы)
Бағыныстылардың құзыреттер деңгейін жоғарылату бойынша іс-шаралар ұсынады. Мақсатқа жету үшін өзінің құзыреттерін дамытады және оларды бағыныстыларда дамыту үшін шаралар қабылдайды. Бағыныстылармен олардың құзыреттерін, оның ішінде дамуды қажет ететін құзыреттерді талқылайды.
Бағыныстылардың құзыреттер деңгейінің жоғарылауына қызығушылық танытпайды. Мақсатқа жету үшін өзінің және бағыныстыларының құзыреттерін дамытпайды. Бағыныстылармен олардың құзыреттерін талқыламайды.
Е-4
Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытады. Өздігінен дамуға ұмтылады, жаңа ақпараттар мен оны қолданудың әдістерін ізденеді. Тәжірибеде тиімділікті арттыратын жаңа дағдыларды қолданады.
Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытпайды. Өздігінен дамуға ұмтылмайды, жаңа ақпараттар мен оны қолдану әдістерімен қызықпайды. Өзінде бар дағдылармен шектеледі.
Адалдық
E-2;
E-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы)
Белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың сақталуын бақылайды. Ұжымның мүддесін өз мүддесінен жоғары қояды. Жұмыста табандылық танытады. Ұжымдағы сыйластық пен сенім ахуалын қалыптастырады. Бағыныстылардың
іс-әрекетінде шынайылық және әділеттілік принциптерін сақтауды қамтамасыз етеді. Риясыздық, әділдік, адал ниеттілік, сондай-ақ, жеке тұлғаның намысы мен абыройына құрмет таныта отырып, бағыныстылары үшін әдепті мінез-құлықтың үлгісі болады.
Ұжымда белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың орын алуына жол береді. Өз мүддесін ұжым мүддесінен жоғары қояды. Жұмыста табандылық танытпайды. Ұжымдағы сыйластық пен сенім ахуалын қалыптастырмайды. Бағыныстылардың іс-әрекетінде шынайылық және әділеттілік принциптерін сақтауды қамтамасыз етпейді.
Е-4
Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сүйенеді. Өзінің жұмысын адал орындайды. Өзін адал, қарапайым, әділ ұстайды, басқаларға сыпайылық және биязылық танытады.
Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сай келмейтін мінез-құлықтар танытады. Өзінің жұмысын орындау барысында немқұрайлылық білдіреді. Өзін адалсыз, шамданған және басқаларға дөрекілік және менсізбеушілік қасиеттерін танытады.
Стреске орнықтылық
E-2;
E-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы)
Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.
Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды.
Е-4
Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.
Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды.
Жауапкершілік
E-2;
E-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы)
Құрылымдық бөлімше қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады.
Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады.
Е-4
Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықта болады.
Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықты басқа тұлғаға артады.
Бастамашылдық
E-2;
E-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы)
Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдайды және енгізеді.
Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдамайды және енгізбейді.
Е-4
Ұсыныстар мен бастамаларын енгізеді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындайды.
Ұсыныстар мен бастамаларын енгізбейді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындамайды.
Басқа 78
«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік Әдістемесіне
5-қосымша
нысан
«БЕКІТЕМІН»
Лауазымды тұлға
____________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні ________________________
қолы _______________________
№
р/с
Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Бағалау нәтижелері туралы мәлімет
Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (болған жағдайда)
Комиссияның ұсыныстары
1.
2.
...
Комиссия қорытындысы: ___________________________________________________
Тексерілді:
Комиссияның хатшысы: __________________________________ Күні: ____________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері, қолы)
Комиссияның төрағасы: ___________________________________ Күні: ___________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері, қолы)
Комиссия мүшесі: ___________________________________ Күні: ______________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері, қолы)