Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил таможенного оформления частей воздушных судов, замененных при совершении технического обслуживания или ремонта

Бұйрық · № 252 · қабылданған 26.05.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-15699/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил таможенного оформления частей воздушных судов, замененных при совершении технического обслуживания или ремонта Күшін жойған Бұйрық ·№ 252 ·26.05.2003
21.09.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил таможенного оформления частей воздушных судов, замененных при совершении технического обслуживания или ремонта

Күшін жойған Бұйрық ·№ 252 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил таможенного оформления частей воздушных судов, замененных при совершении технического обслуживания или ремонта
Атауы (қаз.)
Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде ауыстырылған әуе кемелерінің бөлшектерін кедендік ресімдеу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
252
Қабылданған күні
26.05.2003
Көрсетілген редакция
21.09.2010 AI15699_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.09.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V030002337_
ЭКБ идентификаторы
15699
Редакция идентификаторы
AI15699_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 21:19

0 Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде ауыстырылған әуе кемелерінің бөлшектерін кедендік ресімдеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 258-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде ауыстырылған әуе кемелерінің бөлшектерін кедендік ресімдеу ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (А.А.Қоңлыбаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

Келісілді
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрлігі
Азаматтық авиация
комитетінің төрағасы
27 мамыр 2003 жыл

0 Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде ауыстырылған әуе кемелерінің бөлшектерін кедендік ресімдеу ережесі

Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының
2003 жылғы 27 мамырдағы
N 252 бұйрығымен бекітілген
Техникалық қызмет көрсету
немесе жөндеу кезінде
ауыстырылған әуе кемелерінің
бөлшектерін кедендік ресімдеу
ережесін бекіту туралы
Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде ауыстырылған әуе кемелерінің бөлшектерін кедендік ресімдеу ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде ауыстырылған әуе кемелерінің бөлшектерін кедендік ресімдеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 258-бабына сәйкес әзірленді және техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде ауыстырылған әуе кемелерінің бөлшектерін кедендік ресімдеудің тәртібін айқындайды.
Ауыстырылған әуе кемелерінің бөлшектері - тозған, жарамсыздыққа ұшырағандарын ауыстыруға орнатылған, сондай-ақ қосымша бөлшектер, тозудың техникалық сипатын жоғалтпау және сақтау мақсатында орнатылған (тетіктер, агрегаттар, механизмдер және олардың бөлшектері) бөлшектер.

2 2. Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде әуе кемелеріне орнатылған әуе кемелерінің бөлшектерін кедендік ресімдеуді Қазақстан Республикасының кеден органдары оларды уақытша сақтауға орналастырмастан жүргізеді.

2 2. Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде әуе кемелеріне орнатылған әуе кемелерінің бөлшектерін кедендік ресімдеу

3

3. Қазақстандық әуе кемелерінің шетел мемлекетінің қазақстандық авиакәсіпорындары жалға алған аумағында және шетелдік әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының аумағында тұрған уақытында техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде әуе кемелеріне орнатылған әуе кемелерінің бөлшектеріне кедендік ресімдеу жүргізу үшін кеден органына:

1 1) осы Ережеде белгіленген мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып белгіленген тәртіппен жүк кедендік декларация. Жүк кедендік декларацияның 44-бағанында 4 санының астына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөніндегі жұмыстардың орындалғандығын растайтын құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі;

2 2) жүк кедендік декларацияның электрондық көшірмесі;

3 3) атқарылған жұмыстар актісі - нәтижесінде әуе кемесінің бөлшектерін ауыстыру жүргізілген техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөніндегі жұмыстардың орындалғандығын растайтын құжаттар. Атқарылған жұмыстар актісінде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:

ауыстырылған бөлшектердің атауы (тетіктер, агрегаттар);
сызбалық не сериялық нөмірлер;
ауыстырылған күні;

4 4) нәтижесінде әуе кемесінің бөлшектерін ауыстыру жүргізілген техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жөніндегі жұмыстарға арналған, ауыстыру үшін сатып алынған бөлшектерге (тетіктерге, агрегаттарға) арналған инвойс (шот-фактура);

5 5) сатып алынған бөлшектерге (тетіктерге, агрегаттарға) арналған жарамдылық сертификаты.

4 4. Кеден органының лауазымды адамы осы Ереженің 3-тармағында санамаланған құжаттардың негізінде әуе кемелерінің бөлшектерін тексерусіз кедендік ресімдеуді жүргізеді.

Қажет болған жағдайда, әуе кемесінің бөлшектерін ауыстыру жөніндегі жұмыстардың орындалу фактісі әуе кемесіне орнатылған бөлшектердің сызбалық не сериялық нөмірлерін осы Ереженің 3-тармағында санамаланған құжаттарда көрсетілген деректермен салыстыру жолымен тікелей әуе кемесінің бортында жүргізіледі.

3 3. Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде ауыстырылғаннан кейін кері әкелуге/кері әкетуге жататын әуе кемелерінің бөлшектерін кедендік ресімдеу

5

5. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылған техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде ауыстырылғаннан кейін кері әкетуге жататын қазақстандық әуе кемелерінің бөлшектеріне кедендік ресімдеу жүргізу кезінде, ауыстырылған және әкетілген бөлшектерді әкелудің бұрын жүзеге асырылуының заңдылығын растау ретінде кеден органына мынадай құжаттар ұсынылады:

1 1) бөлшек ретінде әкелінген жағдайда - жүк кедендік декларация;

2 2) әуе кемесінің құрамында әкелінген жағдайда - әуе кемесінің ерекшелігіне бөлшектердің сызбалық не сериялық нөмірлері.

4 4. Қорытынды ережелер

6 6. Осы Ережеде белгіленген талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.

Қолданыстағы