Вопросы Национального пенсионного агентства Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң мәселелерi 📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 26.04.1999 № 471 қаулысымен. "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 45, 410-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгi туралы ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң құрылымы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 17 шiлдедегi N 1108 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 32, 293-құжат) 4-тармағының екiншi және үшiншi абзацтарының күшi жойылған деп танылсын.
Басқа 4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 8 сәуiрдегi N 297 Қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгi туралы ЕРЕЖЕ Миссиясы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) миссиясы жинақтаушы зейнетақы жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн құқықтық, ұйымдастырушылық және институционалдық қамтамасыз ету және халықтың зейнетақы жинақтауларын қорғау үшiн жағдай жасау болып табылады.
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Агенттiк жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу және оған бақылау жасау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып табылады және өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Агенттiктiң өз құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерi барлық органдар мен ұйымдардың атқаруы үшiн мiндеттi.
Тармақ 2
2. Агенттiктi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiн ұстауға көзделген қаражаттың есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Агенттiктiң құрылымын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Тармақ 4
4. Агенттiктiң штат саны мен еңбекақы төлеу қорын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi белгiлейдi.
Тармақ 5
5. Агенттiк заңды тұлға болып табылады, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi болады.
Тарау ii. II. Агенттiк қызметiнiң басымдықтары
II. Агенттiк қызметiнiң басымдықтары
Тармақ 6
6. Агенттiктiң қызметiндегi негiзгi басымдықтар: - өз зейнетақылық жинақтауларының есебiнен азаматтардың зейнетақымен қамтамасыз етiлуi жөнiндегi құқықтарын iске асыру үшiн жағдай жасау; - халықтың зейнетақылық жинақтауларын қорғау мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорларының тұрақты қызметiн қамтамасыз ету болып табылады.
Тарау iii. III. Агенттiктiң мiндеттерi, функциялары және құқықтары
III. Агенттiктiң мiндеттерi, функциялары және құқықтары
Тармақ 7
7. Агенттiктiң өз қызметiнiң аясындағы негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) жинақтаушы зейнетақы жүйесiн құруға қатысты зейнетақы реформасын iске асыру;
Тармақша 2
2) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiне мiндеттi талаптар белгiлеу;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк және мемлекеттiк емес зейнетақы қорларының қызметiн лицензиялау, қадағалау және бақылау жасау болып табылады.
Тармақ 8
8. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк және мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтерiн лицензиялайды;
Тармақша 2
2) жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына, басшы қызметкерлерiне және мамандарына деген талаптарды белгiлейдi;
Тармақша 3
3) жинақтаушы зейнетақы қорларының жарғылық капиталының мөлшерi мен құрамын белгiлейдi;
Тармақша 4
4) заңдарда белгiленген стандарттар мен талаптарға сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының есебiн жүргiзу және есептiлiгi жөнiндегi әдiстемелiк басшылықты ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) алушылардың жеке шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаттарына есеп жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейдi;
Тармақша 6
6) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарынан және инвестициялық кiрiстен проценттер түрiнде алатын комиссиялық сыйақыларының шектi мөлшерiн белгiлейдi;
Тармақша 7
7) өз құзыретiнiң шегiнде зейнетақы қаражаттарының құралуы мен мақсатты пайдаланылуына бақылау жасайды;
Тармақша 8
8) үлгiлiк зейнетақы шарттарын әзiрлейдi және бекiтедi;
Тармақша 9
9) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы ережелерiн бекiтедi;
Тармақша 10
10) жинақтаушы зейнетақы қорлары заңдарды бұзған жағдайда оларға "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ықпал ету шараларын қолданады;
Тармақша 11
11) мемлекеттiк емес зейнетақы қорларын қайта ұйымдастыруға (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару) немесе таратуға рұқсат бередi;
Тармақша 12
12) мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға рұқсат бередi;
Тармақша 13
13) таратылатын мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн, оның зейнетақы шарттары жөнiндегi мiндеттемелерiн басқа қорғау берудiң тәртiбiн белгiлейдi;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметi кезеңiндегi дауыс беру құқымен бiрге акцияларының 25%-тен астамына тiкелей немесе жанама ие болу, билiк ету және/немесе оларды басқару құқығын жүзеге асыруға рұқсат бередi;
Тармақша 15
15) өзiнiң алдына қойылған мiндеттерге сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және белгiленген тәртiппен бекiтедi;
Тармақша 16
16) жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметiнiң мәселелерi жөнiндегi заң және өзге де құқықтық нормативтiк актiлер мен құжаттардың жобаларын әзiрлейдi және дайындауға қатысады;
Тармақша 17
17) Агенттiк қызметкерлерiнiң дербес жауапкершiлiгiнiң негiзiнде мемлекеттiк және коммерциялық құпияны бiлдiретiн ақпараттардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының бастапқы статистикалық ақпараттары мен қаржылық есептiлiгi құпиялылығының сақталуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 18
18) Агенттiктiң және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметкерлерiн даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсiби бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Агенттiк өзiне жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру және мiндеттерiн орындау кезiнде өз құзыретi шегiнде:
Тармақша 1
1) министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен, өзге де органдардан, ұйымдардан және жеке адамдардан Агенттiкке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды, қорытындыларды, анықтамалық және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
Тармақша 2
2) белгiленген тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларынан есеп алуға;
Тармақша 3
3) белгiленген тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн, оның iшiнде жергiлiктi жерлерде, тексерiстер жасау жолымен тексеруге, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi өз функцияларын дұрыс жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпараттар алуға және алынған ақпараттар бойынша түсiнiктер талап етуге;
Тармақша 4
4) тексерiстерге қатысу үшiн белгiленген тәртiппен қаржы, салық және құқық қорғау органдарының мамандарын, сондай-ақ консультант ретiнде отандық және шетелдiк мамандарды тартуға;
Тармақша 5
5) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарының бұзылуы анықталған жағдайда материалдарды тиiстi шаралар қабылдау үшiн құқық қорғау органдарына, соттарға және басқа да мемлекеттiк органдарға жолдауға;
Тармақша 6
6) зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының есебiнен зейнетақы төлеуге арналған зейнетақылық жинақтаулардың жеткiлiктiлiгiн белгiлеуге;
Тармақша 7
7) зейнетақымен қамсыздандыру және лицензиялау туралы заңдарда көзделген негiздер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiне арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға;
Тармақша 8
8) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының бекiтiлген тарату баланстары мен есептерiн алуға;
Тармақша 9
9) Агенттiктiң жұмысына жекелеген мәселелер бойынша келiсiм-шарт негiзiнде жоғары бiлiктi мамандарды тартуға;
Тармақша 10
10) Агенттiктiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар және халықаралық симпозиумдар өткiзуге;
Тармақша 11
11) заңдарда көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.
Тарау iv. IV. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру
IV. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 10
10. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор басқарады. Агенттiк директорының оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
Тармақ 11
11. Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өзiнiң миссиялары мен функцияларын жүзеге асыру үшiн Директор дербес жауапкершiлiкте болады.
Тармақ 12
12. Директор: Агенттiктiң қызметiне басшылық жасайды және Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етедi; белгiленген тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi; орынбасары мен Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн бөледi; Агенттiк қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, тәртiптiк жазалар қолданады; қызметкерлердiң белгiленген саны мен еңбекақы қорының шегiнде Агенттiктiң штаттық кестесiн бекiтедi; өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады; мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда сенiмхатсыз Агенттiктi бiлдiредi; Лицензиялық кеңестiң қаулысы негiзiнде лицензияны беру, беруден бас тарту, қолданылуын тоқтата тұру туралы бұйрықтар шығарады; Агенттiк беретiн лицензияларға қол қояды; өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
Тармақ 13
13. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн лицензиялау мәселелерiн шешу үшiн Агенттiкте Лицензиялық кеңес құрылады.
Тармақ 14
14. Лицензиялық кеңес жетi адамнан тұрады. Лицензиялық кеңестiң құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясынан бiр-бiр өкiлден, Қазақстан Республикасының Еңбекәлеуметминiнен бiр өкiл, Директор, Директордың орынбасары, директордың бұйрығымен тағайындалатын Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң екi басшысы кiредi. Қазақстан Республикасы Еңбекәлеуметминiнiң өкiлi Лицензиялық кеңестiң төрағасы болып табылады.
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясынан, Қазақстан Республикасының Еңбекәлеуметминiнен Лицензиялық кеңеске мүшелердi тиiсiнше Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы, Қазақстан Республикасының Еңбекәлеуметминi тағайындайды және босатады.
Тармақ 16
16. Лицензиялық кеңес өз отырыстарында Агенттiк Директорының ұсынуы бойынша лицензияны беру, лицензия беруден бас тарту, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мәселелерiн қарайды.
Тармақ 17
17. Лицензиялық кеңес мүшелерiнiң кемiнде бесеуi болғанда өзiнiң отырыстарын өткiзуге құқықты, бұл ретте осы Ереженiң 15-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк органдардың өкiлдерi екеуден кем болмауы тиiс. Лицензиялық кеңестiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша шешiм отырысқа қатысушы оның мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Лицензиялық кеңес төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
Тармақ 18
18. Лицензиялық кеңестiң отырысын Агенттiк директорының ұсынуымен Төраға тағайындайды. Отырыс Агенттiк орналасқан жерде өткiзiледi.
Тармақ 19
19. Лицензиялық кеңестiң шешiмi Төраға мен Лицензиялық кеңестiң барлық қатысушы мүшелерi қол қоятын қаулымен ресiмделедi.
Тарау v. V. Агенттiктi тарату және қайта құру
V. Агенттiктi тарату және қайта құру
Тармақ 20
20. Агенттiк заңдарда белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастырылады және таратылады.
Басқа 63. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 8 сәуiрдегi N 297 Қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн лицензиялау және реттеу басқармасы Есеп және есептiлiк ұйымдастыру басқармасы Заң бөлiмi Аппараттың жұмысын ұйымдастыру бөлiмi