О таможенном контроле после выпуска товаров и транспортных средств Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу туралы Кедендік бақылау жүргізудің тиімділігін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асырудың ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Кедендік кірістер департаменті (И.В. Тен) осы бұйрықтың іске асырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары С.Ж. Мулкинге жүктелсін.
Тармақ 6. Тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асырудың ЕРЕЖЕСІ
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолдануға енгізіледі. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 17 мамырдағы N 214 бұйрығымен бекітілген Тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асырудың ЕРЕЖЕСІ
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы, Тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асырудың ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі) 432-бабына   сәйкес әзірленді және тауарлар мен көлік құралдарын экспорттау, еркін айналым үшін шығару кедендік режимдерінде, сондай-ақ басқа да кедендік режимдерінде шығарғаннан кейін кедендік бақылау жүргізудің (бұдан әрі - шығарғаннан кейінгі кедендік бақылау) тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Шығарғаннан кейінгі кедендік бақылау орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелетін Қазақстан Республикасының заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары сақталмайды не толық көлемде сақталмайды деп есептеуге негіздемелер болған жағдайда аталған заңнама мен халықаралық шарттардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын мүмкін болатын бұзушылықтарды көрсететін деректер шығарғаннан кейінгі кедендік бақылауды жүргізуге негіз болып табылады. Мұндай деректер статистикалық ақпаратты, кеден декларацияларын және кеден мақсаттарындағы басқа да құжаттарды, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (бұдан әрі - СЭҚ-қа қатысушылар) есебінің деректерін талдауды жүзеге асырудың нәтижесінде алынуы, не қазақстандық және шетелдік тұлғалардың хабарламалары мен мәлімдемелерінде, бұқаралық ақпарат құралдарында, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарынан, шетелдік мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың құзіретті органдарынан келіп түскен материалдарда болуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) басшысының, Агенттіктің аумақтық бөлімшесі басшысының немесе кеденнің басшысының (бұдан әрі - кеден органының басшысы) немесе олардың орынындағы адамдардың шешімі шығарғаннан кейінгі кедендік бақылауды жүргізу үшін негіздеме болады.
Тармақ 5
5. Шығарғаннан кейінгі кедендік бақылау туралы шешім (бұдан әрі - шешім) белгіленген нысан бойынша (1-қосымша) ресімделеді.
Тармақ 6
6. Шығарғаннан кейінгі кедендік бақылауды кеден органдарының қызметкерлерінен тұратын комиссия жүргізеді. Қажет болған жағдайда комиссияға құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері енгізілуі мүмкін.
Тармақ 7
7. Шығарғаннан кейінгі кедендік бақылау бақыланатын тауарлармен және көлік құралдарымен жүргізілетін сыртқы экономикалық және кейінгі коммерциялық операцияларға тікелей немесе жанама қатысы бар, немесе шығарғаннан кейінгі кедендік бақылауды жүргізуге арналған қажетті құжаттары бар декларанттың, кез-келген өзге адамның (бұдан әрі - тексерілетін тұлға) болатын жерлерінде, сондай-ақ шығарғаннан кейінгі кедендік бақылауға жататын тауарлар мен көлік құралдарының (бұдан әрі - бақыланатын тауарлар мен көлік құралдары) нақты болатын жерлерінде жүргізілуі мүмкін.
Тармақ 8
8. Егер шығарғаннан кейінгі кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдарында өзге тұлғалардан бақыланатын тауарлармен және көлік құралдарымен жүргізілетін сыртқы экономикалық және кейінгі коммерциялық операциялар туралы құжаттар мен ақпараттар алу қажеттілігі туындаса кеден органы кедендік бақылау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді жазбаша және (немесе) электронды нысандарда сұрауға құқылы.
Тармақ 9
9. Шығарғаннан кейінгі кедендік бақылауды жүргізудің ұзақтығы отыз жұмыс күнінен аспауы керек. Тексеру жүргізу мерзімі шешімде көрсетіледі. Шығарғаннан кейінгі кедендік бақылауды жүргізу мерзімінің ағымы шығарғаннан кейінгі кедендік бақылауды жүргізу туралы шешімді тексерілетін тұлғаға не оның өкіліне берген сәттен басталады және комиссияның жүргізілген кедендік бақылаудың қорытындылары туралы актіге қол қойған сәтінде аяқталады. Шығарғаннан кейінгі кедендік бақылауды жүргізудің мерзімі тексерілетін тұлғаға не оның өкіліне құжаттарды ұсыну туралы кеден органының талаптарын тапсыру мен олардың сұрау салынған құжаттарды ұсыну сәттері арасындағы кезеңдерде, сондай-ақ кеден органының сұрау салуы бойынша мәліметтерді және құжаттарды алу сәтінде тоқтатыла тұрады. Егер, тексерілетін субъекттің Қазақстан Республикасының шығарғаннан кейінгі бақылауды жүзеге асыратын кеден органының қызмет аймағынан тыс құрылымдық бөлімшесі болған жағдайда, мұндай кедендік бақылауды жүргізу мерзімі алпыс жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.
Тармақ 10
10. Кеден органдары біріккен немесе жеке түрде шығарғаннан кейінгі кедендік бақылаудың мынадай нысандарын қолданады:
Тармақша 1
1) кеден декларациясын, шығарғаннан кейінгі құжаттар мен мәліметтерді тексеру;
Тармақша 2
2) тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін қарау;
Тармақша 3
3) тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін кедендік тексеру;
Тармақша 4
4) түсініктеме алу. Шығарғаннан кейінгі кедендік бақылауды жүргізу үшін кеден органдары кедендік бақылаудың Кеден кодексінің  441-бабында  көзделген нысандарын қолдануы мүмкін.
Тармақ 2. 2. Кеден декларациясын, шығарғаннан кейінгі құжаттар мен мәліметтерді тексеру
2. Кеден декларациясын, шығарғаннан кейінгі құжаттар мен мәліметтерді тексеру
Тармақ 11
11. Кеден декларациясын, шығарғаннан кейінгі құжаттар мен мәліметтерді тексеру кеден органының тұрған жерінде құжаттардың түпнұсқалығын және мәліметтердің шүбәсіздігін белгілеу мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Кеден органы тексерілетін тұлғадан не оның өкілінен құжаттардың түпнұсқалығын және кеден декларациясында және тауарға ілеспе құжаттарда, сондай-ақ кедендік мақсатта қажетті өзге құжаттарда көрсетілген мәліметтердің шүбәсіздігін растайтын қосымша мәліметтерді, түсініктемелер және құжаттар талап етуге құқылы.
Тармақ 13
13. Бухгалтерлік, тауарлық, есептік, төлемдік, сақтандыру, көліктік, түсірушілік, экспедициялық, қоймалық, кедендік және басқа да құжаттар тексеруге жатады.
Тармақ 14
14. Тауарлармен және көлік құралдарымен жүргізілетін сыртқы экономикалық және кейінгі коммерциялық операцияларға қатысты коммерциялық құжаттар мен басқа да ақпараттарды тексеру Кеден кодексінде көзделген кедендік бақылаудың нысандарын қолданумен бірге жүргізілуі мүмкін.
Тармақ 15
15. Комиссияның төрағасы тексерілетін тұлғадан не оның өкілінен тексеруге арналған қажетті құжаттарды белгіленген нысан бойынша (2-қосымша) талап етуге құқылы.
Тармақ 16
16. Құжаттарды ұсыну туралы сұрау салу жіберілген тұлға оларды кеден органына ауызша және (немесе) жазбаша, және (немесе) электронды нысандарда ұсынуы керек. Құжаттардың ұсынылуы белгіленген нысандағы (3-қосымша) қабылдау-беру актісімен ресімделеді.
Тармақ 17
17. Құжаттарды тексеру жаппай немесе іріктемелік тәсілмен жүргізіледі. Егер іріктемелік тексеру кезінде кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың белгісі айқындалса, онда тексеру жаппай тәсілмен жүргізіледі.
Тармақ 3. 3. Тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін қарау
3. Тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін қарау
Тармақ 18
18. Тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін қарау (бұдан әрі - шығарғаннан кейін қарау) олардың іс жүзінде бар-жоқтығын айқындау, кеден органының қарауындағы деректермен, бухгалтерлік, қоймалық, тексерілетін тұлғаның жедел есебінің деректерімен, кеден декларациясында және тауарға ілеспе құжаттардағы мәліметтермен салыстыру мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Шығарғаннан кейін қарау олардың нақты тұратын жерінде немесе кеден органдарындағы деректер бойынша ол тауарлар мен көлік құралдары тұруы тиіс не тұруы мүмкін жерлерде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексерілетін тұлғаның не оның өкілінің қатысуымен жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Шығарғаннан кейін қарау туралы мәліметтер екі данадан кем емес жасалатын тізімдемеге енгізіледі. Тізімдемелерді жасау үшін түгендеу тізімдемелерінің бірізді нысандарының бланкілері қолданылуы мүмкін. Тауарлар мен көлік құралдарының тізімдемесін толтыру белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 21
21. Тексерілетін тұлға не оның өкілі шығарғаннан кейін қарау басталғанға дейін комиссияға есеп жүргізу деректері бойынша тексерудің басталуы сәтінде тауарлар мен көлік құралдарын қарауға негіз болатын, комиссияның төрағасы қол қоятын соңғы кіріс және шығыс құжаттарын ұсынады.
Тармақ 22
22. Комиссия материалдық жауапты тұлғалардың қатысуымен міндетті түрде оларды қайта санау, өлшеу, таразылау жолымен тауарлар мен көлік құралдарын қарайды. Тізімдемелерге тауарлар мен көлік құралдары туралы деректерді материалдық жауапты тұлғалардың сөздерінен немесе оларды іс жүзінде қарамастан есептеу деректері бойынша енгізуге болмайды.
Тармақ 23
23. Комиссия қаралған тауарлар мен көлік құралдары туралы деректерді тізімдемелерге енгізудің толықтығын және нақтылығын, қарау материалдарының дұрыс және уақытылы ресімделуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 24
24. Тексерілетін тұлға не оның өкілі шығарғаннан кейін толық және нақты қарауды қамтамасыз ететін жағдайлар жасайды (жүктік және өзге де операцияларды жүргізу мүмкіндігін). Тауарлармен және көлік құралдарымен жүктік және өзге де операциялар кеден органы үшін қандай-да бір қосымша шығыстарды әкелмеуі тиіс.
Тармақ 25
25. Тізімдемелерге тауарлар түрі, мөлшері, құны, өлшем бірлігі және басқа да қажетті деректер көрсетіле отырып әрбір жеке атауымен енгізіледі. Көлік құралдары тізімдемелерге көлік құралының маркасы, шығарылған жылы, двигателінің көлемі, құны, тіркелетін нөмірлік белгілері және кеден мақсаттары үшін қажетті өзге де мәліметтер көрсетіле отырып жеке-жеке енгізіледі. Автопоезд құрамындағы сүйрегіш және тіркеме бірге көрсетіледі. Жеткізушінің бүлінбеген орамасында сақталған тауарлардың мөлшері құжаттардың және бұл тауарлардың бір орамадағы тауарлардың мөлшерін айқындауға мүмкіндік беретін міндетті іріктемелік тексеру кезіндегі арифметикалық есептеулердің негізінде айқындалуы мүмкін. Үйілетін және құйылатын тауарлардың көлемін (мөлшерін) өлшеуіштердің және техникалық есептеулердің негізінде айқындауға рұқсат етіледі.
Тармақ 26
26. Шығарғаннан кейін қарау кезінде, жұмыстағы үзілістерде комиссия көрсетілген тауарлар мен көлік құралдары тұратын үй-жайды сүргілей алады.
Тармақ 27
27. Шығарғаннан кейін қарау процесінде тауарлардың жіберілуі, ал көлік құралдарының жөнелтілуі мүмкін, бұл ретте осы тауарлар мен көлік құралдары жеке тізімдемеге енгізіледі. Шығыс құжаттарында комиссияның төрағасы немесе комиссия мүшесі қол қоятын тиісті белгі соғылады.
Тармақ 28
28. Тізімдемелерге барлық комиссия мүшелері және тексерілетін тұлға не оның тексеруге қатысқан өкілі қол қояды. Тексерілетін тұлға не оның өкілі тізімдемелерге қол қоюдан бас тартқан жағдайда оларға кем дегенде екі куәгердің қатысуымен жазба жасалады. Тексерілетін тұлға не оның өкілі жазған түсініктемелер мен ескертулер, сондай-ақ тізімдемелерге қол қоюдан бас тартудың себептері тізімдемелерге қосылады.
Тармақ 4. 4. Тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін кедендік тексеру
4. Тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін кедендік тексеру
Тармақ 29
29. Тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін кедендік тексеру декларациялау кезінде мәлімделген тауарлар мен көлік құралдары туралы мәліметтердің тауарлар мен көлік құралдары туралы іс жүзіндегі деректерге сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 30
30. Тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін кедендік тексеру тауарлар мен көлік құралдарының тұрған жерлерінде жүргізіледі.
Тармақ 31
31. Тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін кедендік тексеруді жүргізу Кеден кодексінің  447-бабына  сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 5. 5. Түсініктеме алу
5. Түсініктеме алу
Тармақ 32
32. Шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде кеден органының лауазымды адамдары декларанттардан және шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін маңызы бар жағдайлар туралы мәліметтерді және кеден ісі саласындағы қажетті ақпараттарды білетін өзге де адамдардан түсініктеме алуға құқылы. Түсініктеме жазбаша нысанда ресімделеді. Түсініктеме алу үшін адамды шақыру туралы хабарламаға тиісті кеден органының басшысы қол қояды және шақырылатын адамға қол қою арқылы тапсырылады.
Тармақ 6. 6. Қорытынды ережелер
6. Қорытынды ережелер
Тармақ 33
33. Шығарғаннан кейінгі кедендік бақылауды жүргізу барысында кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар табылған кезде Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген шаралар қолданылады.
Тармақ 34
34. Шығарғаннан кейінгі кедендік бақылауды жүргізудің нәтижелері бойынша оны жүргізудің белгіленген мерзімі өткенге дейін комиссия белгіленген нысанда (4-қосымша) шығарғаннан кейінгі кедендік бақылау актісін жасайды.
Тармақ 35
35. Шығарғаннан кейінгі кедендік бақылау актісіне қоса:
Тармақша 1
1) тексерілетін тұлғаның не оның өкілінің оны алғандығы туралы белгісімен (нұсқаманың екінші данасы қолхатпен тексерілетін тұлғаға не оның өкіліне беріледі) кеден органы бастығының шығарғаннан кейінгі кедендік бақылау жүргізілгендігі туралы нұсқамасы;
Тармақша 2
2) нақтыланған негізделген кеден төлемдері, салықтары, айыппұл және өсімдер бойынша есептеулер (көрсетілген есептеулер актінің мәтінінде жазылған жағдайды қоспағанда);
Тармақша 3
3) шығарғаннан кейін қараудың тізімдемелері;
Тармақша 4
4) шығарғаннан кейін кедендік тексерудің актілері (оны жүргізген жағдайда);
Тармақша 5
5) кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар туралы жасалған хаттамалардың көшірмелері (олар жасалған жағдайда) берілуі тиіс.
Тармақ 36
36. Актіге қоса сондай-ақ:
Тармақша 1
1) кеден заңнамасын бұзу, кеден декларациясында мәлімделген мәліметтердің шығарғаннан кейінгі кедендік бақылауды жүргізу барысында алынған деректерге сәйкес келмеуі, фактілердің бар-жоқтығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
Тармақша 2
2) тексерілетін тұлғаның басшысы қол қойған банктердегі есептік, ағымдағы және өзге де шоттардың бар-жоқтығы туралы анықтама;
Тармақша 3
3) ұйымның құрылған (қайта тіркелген) күніндегі және тексерудің басталған күніндегі жарғылық капиталы туралы, оның құрылымдық толықтығы, Қазақстан Республикасының қатысу үлесін көрсете отырып құрушылар құрамы, Қазақстан Республикасының, қоғамдық және діни ұйымдардың (бірлестіктердің), қайырымдылық және өзге де қорлардың, шетелдік және жеке тұлғалардың субъектілері және басқалар туралы анықтама;
Тармақша 4
4) тексерілетін тұлғаның басшысы қол қойған ұйымның негізгі аумағынан тысқары орналасқан өндірістік және қоймалық үй-жайлардың, сауда нүктелерінің өкілдіктерінің филиалдары және өзге де оқшауланған бөлімшелерінің тұрған жері туралы анықтама;
Тармақша 5
5) актіде көрсетілген кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың белгілерін растайтын мәні бар басқа да материалдар берілуі мүмкін.
Тармақ 37
37. Актіге шығарғаннан кейін кедендік бақылау жүргізген комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Тармақ 38. Тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу туралы N ____ шешім
38. Актіні біреуі кеден органының іс қағаздарында қалатын, ал екіншісі тексерілетін тұлғаға қолхатпен берілетін не оған пошта арқылы жіберілетін екі данада жасалады. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 17 мамырдағы N 214 бұйрығымен бекітілген Тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейінгі кедендік бақылауды жүзеге асырудың ережесіне 1-қосымша Кеден органының жалпы бланкісінде Тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу туралы N ____ шешім ____________________________                   "___" _________ жылы (елді мекеннің атауы)                                  (күні) Қазақстан Республикасы Кеден  кодексінің  432-бабының негізінде ____________________________________________________________________ (кеден органы бастығының (бастығы орынбасарының) аты-жөні, ____________________________________________________________________                            арнаулы атағы) __________________________________ қаулы етті:
Тармақ 1
1. ___________________________________________________________ ____________________________________________________________________ _________________________________________________ мәселелері бойынша _______ мен _______ аралығында _____________________________________ ____________________________________________________________________ (тексерілетін тұлғаның атауы, СТН, МҰЖК коды, мекен-жайы) тексеру жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Тексеру жүргізу кезінде кедендік бақылаудың мынадай нысандары: ____________________________________________________________________  (тексеру жүргізу кезінде қолдануға жататын кедендік бақылаудың
Тармақша нысандары
нысандары) ____________________________________________________________________ _____________________________________________________ қолдануды.
Тармақ 3
3. Тексеру  _______________ мерзім ішінде жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Тексеру жүргізу мынадай құрамдағы комиссияға тапсырылсын:
Тармақ 1
1. ___________________________________________
Тармақ 2
2. ___________________________________________
Тармақ 3
3. ___________________________________________
Тармақ 4
4. ___________________________________________
Тармақ 5. Кедендік бақылауды жүргізуге арналған құжаттарды ұсыну туралы N ____ талап
5. ___________________________________________ (лауазымдары, арнаулы атақтары, аты-жөндері) Бастық (бастықтың орынбасары) ____________________________ __________________________  ___________  _________________ (арнаулы атағы)           (қолы)        (аты-жөні) Мөрдің орыны Кедендік бақылау жүргізу туралы шешіммен таныстым: ________________________________________  ________  ________ (тексерілетін тұлға бастығының аты-жөні)   (қолы)    (күні) Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 17 мамырдағы N 214 бұйрығымен бекітілген Тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейінгі кедендік бақылауды жүзеге асырудың ережесіне 2-қосымша Кеден органының жалпы бланкісінде _______________________________ басшысына (тексерілетін тұлғаның атауы) Кедендік бақылауды жүргізуге арналған құжаттарды ұсыну туралы N ____ талап ____________________________                 "___" _________ жылы (елді мекеннің атауы)                                       (күні) Қазақстан Республикасы Кеден  кодексінің  435-бабының негізінде кедендік бақылау жүргізуге арналған қажетті: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ______________________________ құжаттарды ұсынуды талап етемін. Барлығы _____ парақ. (олардың нақты санын анықтау мүмкін болған жағдайда) Құжаттарды ___________  дейін ______________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________ мекен-жайына жіберілсін. _______________________________________________ (комиссия төрағасының лауазымы, арнаулы атағы) ___________                       ________________ (қолы)                             (аты-жөні) ___________________________________________________________________ (тексерілетін тұлға бастығының аты-жөні) талапты ___________________________ "___"___________ жылы алдым. ______________ (қолы) Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 17 мамырдағы N 214 бұйрығымен бекітілген Тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейінгі кедендік бақылауды жүзеге асырудың ережесіне 3-қосымша Кедендік бақылауды жүргізуге арналған құжаттарды қабылдау-берудің N№ ____ актісі ____________________________                   "___" _________ жылы (елді мекеннің атауы)                              (күні) Мен, ________________________________________________________ (құжаттарды беруші тұлғаның лауазымы, аты-жөні) ___________________________________________________________________ кедендік бақылауға арналған құжаттарды ұсыну туралы "___" _________ жылғы N ______ талапқа сәйкес _____________________________________ ___________________________________________________________________ (құжаттарды қабылдаған кеден органы қызметкерінің лауазымы, арнаулы атағы, аты-жөні) _______________________________________ мынадай құжаттардың: _______________________________________  _______парақта _______________________________________  _______парақта _______________________________________  _______парақта _______________________________________  _______парақта _______________________________________  _______парақта _______________________________________  _______парақта _______________________________________  _______парақта _______________________________________  _______парақта _______________________________________  _______парақта _______________________________________  _______парақта _______________________________________  _______парақта _______________________________________  _______парақта _______________________________________  _______парақта _______________________________________  _______парақта расталған көшірмелері мен тұпнұсқаларын бердім. Барлығы ____ парақ, оның ішінде көшірмелер ____ парақ, тұпнұсқалар ____парақ. Бердім:_________________________ ________ _______________________ (лауазымы)          (қолы)         (аты-жөні) Қабылдап алдым:______________________  ________  _________________ (лауазымы, арнаулы атағы)  (қолы)     (аты-жөні) Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 17 мамырдағы N 214 бұйрығымен бекітілген Тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейінгі кедендік бақылауды жүзеге асырудың ережесіне 4-қосымша Тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейінгі кедендік бақылау жүргізудің N№____ актісі ___________________________________________________________________ (тексерілетін тұлғаның толық және қысқаша атауы, СТН, МҰЖК коды) ___________________________________________________________________ ________________________________   _________________________ (елді мекеннің атауы)              (акті жасалған күн) _________________________________бастығының (бастығы орынбасарының) (кеден органының атауы) __________________________________ дағы №N ____ шешімінің негізінде ___________________________________________________________________ (шығарғаннан кейінгі кедендік бақылауды жүргізген ___________________________________________________________________ қызметкерлердің лауазымдары, арнаулы атақтары, аты-жөндері) ________________________________________________құрамдағы комиссия _____________________________________________________ мерзім ішінде ___________________________________________________________________ (шығарғаннан кейінгі кедендік бақылауды жүргізудің мақсаты) ___________________________________________________________________ ______________ мәселелер бойынша тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейінгі кедендік бақылауды жүргізді. Шығарғаннан кейінгі кедендік бақылау Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің  432-бабының  негізінде жүргізілді.
Тармақ 1
1. Бақылау __________ басталып  ____________аяқталды.
Тармақ 2
2. Тексерілген кезеңде ұйымның лауазымды тұлғалары (басшы, бас бухгалтер не олардың міндетін атқарушы тұлғалар) _________________________     ______________________, (лауазымының атауы)              (аты-жөні) _________________________     ______________________ болып табылды. (лауазымының атауы)              (аты-жөні)
Тармақ 3
3. Тексерілетін тұлғаның тіркелген орыны: __________________________ ____________________________________________________________________ Қызметті жүзеге асыру орыны ________________________________________ (тексерілетін тұлға өз қызметін мемлекеттік ____________________________________________________________________ тіркелген орынында жүзеге асырмаған жағдайда көрсетіледі)
Тармақ 4
4. Шығарғаннан кейінгі кедендік бақылау кедендік бақылаудың мынадай нысандарын қолдану арқылы жүргізілді _______________________________ ____________________________________________________________________ (кедендік бақылаудың қолданылған нысандары, ұсынылған құжаттарды тексеру ______________________
Тармақша тәсілдері
тәсілдері) Тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін қараудың тізімдемесі ____ парақта, қайта кедендік тексерістің актілері ____ парақта қоса беріліп отыр.
Тармақ 5
5. Тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейінгі кедендік бақылауды жүргізу барысында: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ _____________________________________________________ белгіленді. Кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың анықталған белгілері бойынша анықталған құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасалды; N _____________. Хаттамалардың ____ парақтағы көшірмелері қоса беріліп отыр.
Тармақ 6
6. Қорытынды
Тармақ 7
7. Кедендік бақылауды жүргізудің нәтижесінде барлығы:
Тармақ 8
8. ________________________________ мың теңге кедендік төлемдер мен салықтардың төленбеуі (толық төленбеуі)___________________________
Тармақ 9
9. ______________________________________________ анықталды. (тексеруде анықталған өзге де құқық бұзушылықтардың белгілері туралы басқа да мәліметтер жалпылама түрде келтіріледі)
Тармақ 10
10. Жүргізілген кедендік бақылаудың нәтижелері бойынша: ____________ ______________________________________________________ ұсынылады. (комиссияның анықталған кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстары келтіріледі)
Тармақ 11
11. Қосымша ____ парақта. Комиссия мүшелерінің қолдары _______________________________ (лауазымы, арнаулы атағы) ______________                       _______________________ (қолы)                                   (аты-жөні) _______________________________ (лауазымы, арнаулы атағы) ______________                       _______________________ (қолы)                                   (аты-жөні) _______________________________ (лауазымы, арнаулы атағы) ______________                       _______________________ (қолы)                                   (аты-жөні) _______________________________ (лауазымы, арнаулы атағы) ______________                       _______________________ (қолы)                                   (аты-жөні) Актінің данасын _______________________ қосымшаларымен алдым: (қосымшалардың саны) Бастық: ________________________________________________ (тексерілетін тұлғаның толық атауы) ___________        _______________________      _____________ (қолы)                 (аты-жөні)                 (күні)