Об утверждении Правил оказания социальной помощи на лечение малообеспеченных граждан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аз қамтамасыз етілген азаматтарды емдеуге әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 24.02.2005 № 3С-11/11 шешімімен. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына және еңбек, жұмыс пен қамту және әлеуметтік көмек бөлімінің ұсынуына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аз қамтамасыз етілген Азаматтарды емдеуге әлеуметтік көмек көрсету Ережелері бекітілсін (қоса тіркеледі).
Тармақ 2
2. Ереженің жүзеге асырылу барысын бақылау бюджет, қаржы, әлеуметтік-экономикалық даму, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден соң күшіне енеді және аудандық газетте міндетті түрде жариялануға жатады.
Басқа 4
Аудандын мәслихатының 2003 жылғы «26» наурыз № С-22/4 шешімімен бекітілген Аз қамтамасыз етілген азаматтардың емделуіне әлеуметтік көмек көрсету ережелер Осы Ережелер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бап 14 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңының 12 бап 1 тармағының негізінде, Заңға еңгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар қоса, тұрғындардың кедейі бөліктерін әлеуметтік қорғау мақсатында және аз қамтамасыз етілген азаматтарға Ақмола облысы бойынша медициналық мекемелерде емделуге және тексерілуге әлеуметтік көмектің көрсету тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы Ереже
1. Жалпы Ереже
Тармақ 1
1. Аз қамтамасыз етілген азаматтардың емделуіне және тексерілуіне әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметгік көмек) аудандық еңбек, жұмыспен камту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімімен аудандық бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек көрсету немесе одан бас тарту туралы шешім құрамы аудандық әкімдік қаулысымен бекітілген атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша комисси (бұдан әрі - комиссия) мәжілісінде шығарылады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек Ақмола облысы бойынша медициналық мекемелерінде емделуде және тексерілуде мұқтаж болып тұрған аз қамтамасыз етілген азаматтарға, медициналық мекемесінің жолдамасы бар болуына байланысты тағайындалады және төленеді.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек, кеңес-дәрігерлік комиссиясының анықтамаснда алып бару керектігі туралы қорытындысы болған жағдайда науқас адамды ертіп апарушы адамға беріледі. Әлеуметтік көмек науқас балаға да оны ертіп барған ата-анасының, өздеріне асырап алушылардың, қамқоршылардың біреуіне және жақын туысына беріледі. «Басқа да жақын туыс» ұғымы Қазақстан Республикасының «Неке мен отбасы туралы» Заңына сәйкес анықталады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік кемек көрсету женіндегі комиссиясының шешімі берілген құжаттар негізінде шығарылады.
Тармақ 6
6. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі ақша аударуды жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін құрастырады, ай сайын аудандық қаржы бөліміне қаржыландыруға тапсырыс ұсынады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмектің тағайындалуы туралы өтініш, оны алуға құқысы бар адамдарға тиісті құжаттардың қосымшаларымен қоса беріледі.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмектің тағайындалуы үшін құжаттарды қарау құжаттар берілген күнінен бастап 10 күн мерзімінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек тағайындалуында бас тарту болған жағдайда комиссия жазбаша түрде өтініш иесіне хабарлауға тиісті.
Тармақ 10
10. Өтініш беруші өтініш және құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толығы және сенімділігі үшін заңға сәйкес жауапқа тартылады.
Тарау 3. 3. Керекті құжаттар тізбесі.
3. Керекті құжаттар тізбесі.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмекті тағайындауға құқықты растайтын құжаттар төмендегідей табылады:
Тармақша 1
1) Ақмола облысы бойынша медициналық мекемелерде емделуге немесе тексерілуге мұқтаждық туралы медициналық мекемесінің жолдамасы, ДКК анықтамасы;
Тармақша 2
2) материалды-тұрмыстық жағдайларды тексеру актісі;
Тармақша 3
3) жеке куәлік, СТН;
Тармақша 4
4) ертіп апарушы адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 5
5) ата-анасының, өздеріне асырап алушылардың, қамқоршылардың және басқа да жақын туыстың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмектің мөлшері комиссия шешімімен бекітілінеді.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмек төленеді, егер оған үндеу тастау өтініш берушінің емделуден келген күнінен үш айдан кеш емес болса.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмектің төленуі
5. Әлеуметтік көмектің төленуі
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмектің төленуі Қазақстан Республикасының Халық Банкісінің лайықты операция түрлеріне рұқсаты бар Банктер арқылы жүзеге асырылады.