Об утверждении Положения о районном совете по борьбе с преступностью и коррупцией Күшін жойған
Басқа 0
Қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі аудандық кеңестің Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы негізінде, сондай-ақ қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі аудандық кеңесі қызметін үйлестіру мақсатында Денисов ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі аудандық кеңестің ережесі бекітілсін (Қосымша).
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының жетекшісі Е.Д. Антоноваға жүктелсін.
Басқа 3. Қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес
жөніндегі аудандық кеңестің
ЕРЕЖЕСІ
Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 6 мамырдағы № 68 қаулысымен бекітілген
Қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес
жөніндегі аудандық кеңестің
ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі кеңес (бұдан былай - кеңес) консультативтік кеңестік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы ереже мен Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдері негізінде жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Кеңестің мақсаттары
2. Кеңестің мақсаттары
Тармақ 3
3. Қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында бірыңғай мемлекет саясатын жүргізу.
Тармақ 4
4. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті әрі қарай нығайту, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету.
Тармақ 5
5. Құқықтық бұзушылықтардың әлеуметтік алдын алу жүйесін қалыптастыру, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, осы қызметке бүкіл мемлекеттік органдарды, қоғамдық құрылымдар мен халықты тарту, құқық бұзушылықтарды алдын алу мен қылмысқа қарсы күресте мемлекеттік органдарының рөлін және жауапкершілігін жоғарылату.
Тармақ 6
6. Қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыру, оның ұйымдасқан нысандарына және сыбайлас жемқорлыққа, есірткі қылмысына, терроризм мен діни эстремизмнің көріністеріне күресті күшейту.
Тармақ 7
7. Экономикалық құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын экономиканың криминалдауына қарсы әрекет жасау.
Тармақ 8
8. Мемлекет пен оның институттарына қоғамның сенімін арттыру.
Тарау 3. 3. Кеңестің міндеттері
3. Кеңестің міндеттері
Тармақ 9
9. Қоғамдық қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде және сыбайлас жемқорлыққа, қылмысқа қарсы күресте жергілікті атқарушы органдарының рөлін жоғарылату.
Тармақ 10
10. Ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне, сыбайлас жемқорлыққа және экономикалық қылмыстарға қарсы күресті онан әрі күшейту.
Тармақ 11
11. Терроризм, діни және саяси экстремизмнің таралуына қарсы іс-қимылдардың сенімді жүйесін арттыру.
Тармақ 12
12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік, құқық қорғау және фискалдық органдарының іс-әрекеттерін жақсарту.
Тармақ 13
13. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда және насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктерінің рөлін жоғарылату.
Тармақ 14
14. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын және қоғамдық тәртіпті нығайтуда кен түрде халықтың қатысуын қамтамасыз ету.
Тармақ 15
15. Сыбайлас жемқорлықты туғызатын жағдайларды жою үшін мемлекеттік қызметті жетілдіру.
Тарау 4. 4. Кеңестің функциялары
4. Кеңестің функциялары
Тармақ 16
16. Азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауда және құқық бұзушылыққа қарсы күресте кешенді шаралар әзірлеу және жүргізу, мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық үшін жағдай туғызатын себептерді анықтау және жою.
Тармақ 17
17. Қылмыс көріністері мен құқық бұзушылықты жоюда жергілікті мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру.
Тармақ 18
18. Құқық бұзушылықтарды алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа және қылмысқа қарсы күресте, тиісті лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігі жөнінде аудан әкімге ұсыныстар дайындау.
Тармақ 19
19. Алынып тасталды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 12.07.2004 № 115 қаулысымен.
Тарау 5. 5. Кеңес құқықтары
5. Кеңес құқықтары
Тармақ 20
20. Өз міндеттеріне сәйкес кеңестің мыналарға құқығы бар:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдармен іс-әрекеттер жүргізуге, кеңес мақсаттарын жүзеге асыру үшін мамандарды жұмысқа тартуға;
Тармақша 2
2) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға және ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) кеңес мақсаттарын іске асыру үшін заңда бекітілген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардан құжаттар сұрауға және оларды алуға;
Тармақша 4
4) кеңес мақсаттарын іске асыру мәселелеріне қатысты кеңес отырысына бірінші басшыларды шақыруға, олар жоқ болған жағдайда мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының міндетін атқарушы тұлғаларды шақыруға.
Тарау 6. 6. Кеңес қызметінің қалыптастыру тәртібі
6. Кеңес қызметінің қалыптастыру тәртібі
Тармақ 21
21. Кеңес құрамын аудан әкімі белгілейді.
Тармақ 22
22. Кеңес құрамына төраға, төрағаның орынбасары, хатшы мен кеңес мүшелері кіреді.
Тармақ 23
23. Кеңес төрағасы кеңес қызметіне жетекшілік жасайды, кеңес отырысында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, кеңес шешімдерінің орындалуына жалпы бақылау жүргізеді және кеңес қызметіне жауапты болып табылады. Төраға жоқ болған жағдайда оның функцияларын кеңес төрағасының орынбасары атқарады.
Тармақ 24
24. Кеңес хатшысы күн тәртібіндегі мәселелері бойынша ұсыныстар дайындайды, қажетті құжаттаманы әзірлейді, кеңес өткізілгеннен кейін оның хаттамасын рәсімдейді.
Тармақ 25
25. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай жоспар бойынша өткізіледі, бірақ тоқсанда бір реттен кем емес болу тиіс.
Тармақ 26
26. Кеңес шешімі ашық дауыс беру бойынша қабылданады, кеңес мүшелері өз көзқарасын білдіреді, егер де кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыстарын берсе шешім қабылданды деп есептеледі. Егер де дауыстар саны тең болса, кеңес төрағасының дауысы берген жаққа шешіледі.
Тармақ 27
27. Кеңес отырысындағы күн тәртібіндегі мәселелерді қарау қорытындылары, әр мәселе бойынша тиісті хаттамаларға енгізіледі, кеңес төрағасы шешімімен отырыста болған кеңес мүшелерінің қарары қойылады. Кеңес қабылдаған шешім хаттамамен рәсімделеді, оған төраға және кеңес хатшысы қол қояды. Шешімді мақұлдамаған кеңес мүшелері жазбаша түрде өз жеке пікірін білдіруге құқығы бар, ол құжат кеңес отырысының хаттамасына тігіледі.
Тармақ 28
28. Алынып тасталды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 12.07.2004 № 115 қаулысымен.
Тарау 7. 7. Кеңес қызметін тоқтату
7. Кеңес қызметін тоқтату
Тармақ 29
29. Кеңес қызметін тоқтату жөніндегі аудан әкімінің қаулысы кеңес қызметін тоқтатуға негіз болып табылады.