О порядке оказания материальной помощи отдельным категориям граждан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке санаттағы азаматтарға материалдық көмек көрсету тәртібі туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 31-бабына, Қарабалық аудандық мәслихатының «2003 жылға арналған Қарабалық ауданының аудандық бюджеті туралы» 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 134 шешіміне сәйкес, Қарабалық ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған жеке санаттағы азаматтарға материалдық көмек көрсету ережесі бекітілсін (1-қосымша).
Тармақ 2
2. «Қарабалық аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (Т.А. Салмина, келісім бойынша) «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке санатты азаматтарға әлеуметтік төлеу» бағдарламасын іске асыруын қамтамасыздандырылсын.
Тармақ 3
3. «Қарабалық аудандық қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (Л.Д. Булдакова, келісім бойынша) аудандық бюджетте қарастырылған, қаражат шегінде бағдарламаны қаржыландыруға қамтамасыздандырылсын.
Тармақ 4
4. Бұрын қабылданған Қарабалық ауданы әкімиятының 2003 жылғы наурыздағы «Жеке категориялы азаматтарға мерекелік күндерінде материалдық көмек көрсету тәртібі туралы» № 82, 2003 жылғы 14 сәуірдегі № 97 «Жеке категориялы азаматтарға мерекелік күндеріне материалдық көмек көрсету тәртібі туралы» қаулыларының күшін жою.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің С.М. Досжановқа жүктелсін.
Басқа 6. Жеке санаттағы азаматтарға бiржолғы материалдық көмек көрсету Ережесi
Қарабалық ауданы әкiмиятының 2003 жылғы 21 мамырдағы № 127 қаулысына 1-қосымша Жеке санаттағы азаматтарға бiржолғы материалдық көмек көрсету Ережесi Осы Ереже 2003 жылға арналған «2003 жылға арналған Қарабалық ауданының аудандық бюджетi туралы» 2002 жылғы 27 желтоқсандағы Қарабалық аудандық мәслихатының № 134 шешiмiне, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының № 148-II Заңының 31-бабына сәйкес әзiрлендi.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Бiржолғы материалдық көмек келесi санаттағы азаматтарға берiледi:
Тармақша 1
1) жасы бойынша зейнеткерлерге қарттар күнiне 500 (бес жүз) теңге мөлшерiнде;
Тармақша 2
2) 16 жасқа дейiнгi мүгедек-балаларға мүгедектер күнiне 500 (бес жүз) теңге мөлшерiнде;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге жеңiс күнiне 1000 (бiр мың) теңге мөлшерiнде;
Тармақша 4
4) тыл еңбекшiлерiне жеңiс күнiне 500 (бес жүз) теңге мөлшерiнде;
Тармақша 5
5) табысы төмен азаматтарға жеке куәліктерін ресімдеуге 400 (төрт жүз) теңгеден аспайтын;
Тармақша 6
6) Қостанай қаласына жергілікті емделу мекемесінің жолдамасы бойынша жасанды иммунды тапшылық вирусымен ауыратындарға жол жүру шығындарын өтеу.
Тармақ 2
2. «Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтiк төлем» 258 51 00 ағымдағы бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiлiгi (бұдан әрi - Бағдарлама) «Қарабалық ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi болып саналады (бұдан әрi - әкiмшiлiк).
Тармақ 3
3. Бағдарламаның iске асыруын «Қарабалық аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы» (бұдан әрi - Басқарма) мемлекеттiк мекемесi қамтамасыз етедi.
Тарау 2. 2. Қаржыландыру көздерi
2. Қаржыландыру көздерi
Тармақ 4
4. Осы ереженiң 1-тармағында көрсетiлген, жеке санаттағы азаматтарға бiржолғы материалдық көмек көрсету қаржыландыру көздерi Қарабалық ауданының бюджетi болып саналады.
Тарау 3. 3. Бiржолғы материалдық көмек төлем тәртiбi
3. Бiржолғы материалдық көмек төлем тәртiбi
Тармақ 5
5. Қарабалық ауданының банктерiнiң бөлiмдерiнде, алушылардың дербес шотына ақша қаражатын аудару жолымен, Басқармамен берiлген, тiзiмдерге құрама тiзiмдеме негiзiнде бiржолғы материалдық көмек төлемiн бағдарламаның Әкiмшiлiгi жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Басқарма жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң зейнетақы төлеу жөнiндегi Қостанай облысының филиалы Қарабалық аудандық бөлiмшесiмен ай сайын берiлетiн 2003 жылға арналған аудандық бюджетте осы мақсаттарға қарастырылған, қаражаттар шегiнде бiржолғы материалдық көмектi төлеу үшiн, осы Ереженiң 1-тармағында көрсетiлген, осы мәлiметтер негiзiнде әкiмшiге азаматтардың тiзiмдерiн қалыптастыруын және беруiн;
Тармақша 2
2) әкiмшiге төлеу үшiн берiлген тiзiмдердiң дұрыстығын бақылау.
Басқа 24. Қостанай қаласына емделуге жiберiлген жасанды иммунды тапшылық вирусымен ауыратындарға жол жүруге байланысты шығынын өтеу жөнiнде әлеуметтiк көмек көрсету Ережесi
Қарабалық ауданы әкiмиятының 2003 жылғы 21 мамырдағы № 127 қаулысына 2-қосымша Қостанай қаласына емделуге жiберiлген жасанды иммунды тапшылық вирусымен ауыратындарға жол жүруге байланысты шығынын өтеу жөнiнде әлеуметтiк көмек көрсету Ережесi Осы Ереже «Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер» жөнiндегi бюджеттiк бағдарлама бойынша Қостанай қаласына емделуге жiберiлген жасанды иммунды тапшылық вирусымен ауыратындарға жол жүруге байланысты шығынын өтеу жөнiнде әлеуметтiк көмек көрсетудiң тәртiбiн белгiлейдi.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қостанай қаласына емделуге жiберiлген жасанды иммунды тапшылық вирусымен (әрi қарай - ЖИТВ) ауыратындарға жол жүруге байланысты шығынын өтеу жөнiнде әлеуметтiк көмектi «Қарабалық аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiмен (әрi қарай - уәкiлеттi орган) көрсетедi. Әлеуметтiк көмек төленедi, егер арыз берушi емделуден келген күннен бастап кемiнде 3 айдан соң»өтiнiш берiлсе. Арыз берушiнiң тұрған жерiнен елдi мекендерге дейiн жол жүру құжаттарының негiзiнде келетiн күнi немесе темiр жол, жолаушылар көлiгi келетiн стансаға дейiн (таксиден басқа) анықталады. Емделуге байланысты емес жол жүру жөнiндегi шығыстары өтелмейдi. Әлеуметтiк көмек алуға құқылы тұлғалар және 2003 жылдың мамыр-маусымда емделуге барып қайтқандар, егер олар 2003 жылдың 1 қазанына дейiн уәкiлеттi органға өтiнiш жасаған болса, жол жүруге байланысты шығынын өтеп алуға құқылы. Уәкiлеттi орган азаматтардың әлеуметтiк көмек көрсету туралы арызын қарайды және әлеуметтiк көмектi тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 2
2. Қарабалық ауданының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары әлеуметтiк көмек алуға құқылы.
Тармақ 3
3. Әлеуметтiк көмектiң»аталған түрi отбасының табысына қарамастан ЖИТВ-мен ауыратындарға көрсетiледi.
Тармақ 4
4. Сонымен қатар әлеуметтiк көмек, егер дәрiгерлiк-кеңестiк комиссияның тұжырымында ауруды алып жүру қажеттiлiгi көрсетiлсе, ауруды алып жүрген бiр адамға берiледi. Аталған жағдай 18 жасқа дейiнгi жасөспiрiмдерге тарамайды, өйткенi әлеуметтiк көмек ауру балаға, оны алып жүрген ата-ананың бiреуiне, асырап алатын бала (қыз етiп асырап алу), қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) және басқа жақын туысына берiледi.
Тарау 2. 2. Әлеуметтiк көмек алу
2. Әлеуметтiк көмек алу
Тармақ 5
5. Әлеуметтiк көмек алуға үмiткер (әрi қарай - арыз берушi) жазбаша арыз бередi және әлеуметтiк көмек алу құқының растайтын құжаттарды уәкiлеттi органға тапсырады.
Тармақ 6
6. Арыз берушi арызда және құжаттарда көрсетiлген мәлiметтiң толықтығына, растығына, Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес жауапты болады.
Тарау 3. 3. Қажеттi құжаттар тiзбесi
3. Қажеттi құжаттар тiзбесi
Тармақ 7
7. Әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн мiндеттi түрде қажеттi құжаттар:
Тармақша 1
1) Қарабалық кентiнiң банк бөлiмшелерiнде жеке шоты және салық тiркеу нөмiрi көрсетiлген арызы;
Тармақша 2
2) Қарабалық орталық аудандық ауруханасының мемлекеттiк қазыналық коммуналдық кәсiпорнына емделуге берген жолдамасы. Жолдама ресми бланкiге ресiмделедi, онда қол қойған лауазым иесiнiң толық атауы көрсетiледi, қол қойылады және ол ажыратылады. Жауапты тұлғаның»қолы мөрмен расталады;
Тармақша 3
3) осы Ереженiң 12 тармағына сәйкес жол жүру құжаттарының түпнұсқасы ұсынылады;
Тармақша 4
4) жеке куәлiктiң»көшiрмесi;
Тармақша 5
5) аталған аурулармен ауыратындықтары туралы дәрiгерлiк кеңестiк комиссияның анықтамасының көшiрмесi;
Тармақша 6
6) Қостанай қаласының арнайы емделу мекемелерiнде емделуiне өтуде шындықты растайтын құжат.
Тармақ 8
8. Бұдан басқа келесi құжаттар ұсынылады:
Тармақша 1
1) осы Ереженiң 4-тармағының 1-абзацында көрсетiлген азаматтардың санаттары үшiн: ауруларды алып жүретiн адамның жеке басын куәландыратын құжаттық көшiрмесi;
Тармақ 2
2) осы Ереженiң 4-тармағының 2-абзацында көрсетiлген, азаматтардың санаттары үшiн: ата-ананың, ұл бала асырап алушының (қыз етiп асырап алушының) қорғаншылар (қамқоршылар) құжаттардың көшiрмесiн ұсынады; осы статустың бар болуын растайтын ұл бала асырап алушылар (қыз етiп асырап алушылар), қорғаншылар (қамқоршылар) құжаттарының»көшiрмесiн ұсынады ұл бала асырап алушылар (қыз етiп асырап алушылар) баланың ұл бала асырап алу (қыз етiп асырап алу) туралы соттың шешiмiн ұсынады. Қорғаншылар (қамқоршылар) қорғаншының (қамқоршының) куәлiгiн немесе балаға қорғаншы (қамқоршы) қылып тағайындағаны туралы қорғаншылар және қамқоршылар органдарының шешiмi ұсынылады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн қажеттi құжаттардың уәкiлеттi органға салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы және көшiрмелерi берiледi. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексергеннен кейiн арыз берушiге қайтарылады. Уәкiлеттi органның жұмыскерлерi құжаттардың көшiрмесiн мөрмен растайды және оларды iске қалыптастырады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтiк көмектi тағайындау тәртiбi
4. Әлеуметтiк көмектi тағайындау тәртiбi
Тармақ 10
10. Уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешiмдi арыз берушi арызымен қоса барлық құжаттарын тапсырғаннан кейiн 10 күн iшiнде бередi, ол туралы арыз иесiне хабарланады.
Тармақ 11
11. Жол жүру құжаттары болмаса әлеуметтiк көмек көрсетiлмейдi.
Тарау 5. 5. Әлеуметтiк көмектiң»мөлшерi
5. Әлеуметтiк көмектiң»мөлшерi
Тармақ 12
12. Жол жүру құжаттарының негiзiнде Қостанай қаласына дейiн, көрсетiлген құжаттар құралдарының бiрiнен темiр жол, жолаушылар көлiгi бойынша жол жүру бағасынан 100 пайыз көлемiнде әлеуметтiк көмек көрсетiледi (екi жаққа да). Егер темiр жол, жолаушылар көлiгiнiң жөнелту стансасы (вокзал) елдi мекендер шегiнен алыс болмаса, арыз берушiнiң» тұратын жерiнен және оның жөнелту орнына жол жүру қажет болса, сондай-ақ әлеуметтiк көмек төлемi жол жүру құжаттары бар болғанда жалпы пайдаланудағы автомобиль көлiк құралдары (таксиден басқа) жол жүру бағасынан 100 пайыз көлемiнде жүргiзiледi (екi жаққа да).
Тарау 6. 6. Әлеуметтiк көмектi төлеу
6. Әлеуметтiк көмектi төлеу
Тармақ 13
13. Әлеуметтiк көмектi төлеу ұсынушыларға жеке шоттарына аудару жолымен аудандық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Уәкiлеттi органы әлеуметтiк көмек тағайындалған азаматтардың тiзiмiн жасап, есептеп, ай сайын Қарабалық аудандық қаржы басқармасы мемлекеттiк мекемесiне осы шығыстардың қаржыландыруға тапсырыс берiп отырады.
Тармақ 15
15. Заңнама тәртiбiмен бекiтiлген конкурсты ұтып алған, операция түрлерiне сәйкестенген Қазақстан Республикасының ұлттық банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар арқылы, уәкiлеттi органмен ұсынылған тiзiмдерге сәйкес әлеуметтiк көмектi төлеу жүзеге асырылады.