Об утверждении правил осуществления сооплаты Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бірлесіп төлеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 93) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Бірлесіп төлеуді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бірлесіп ақы төлеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-154 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19814 болып тіркелген, 2020 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі- дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. Бірлесіп төлеуді жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № ҚР ДСМ-61 бұйрығына қосымша Бірлесіп төлеуді жүзеге асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Бірлесіп төлеуді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 93) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірлесіп ақы төлеуді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алу ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ДҚАЖ) –– тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі (бұдан әрі – МӘМС) медициналық көмек шеңберінде рецепттер жазып беруді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің өнім берушісінің тауарды босатуын немесе есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметті есепке алуды автоматтандыруға арналған денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ақпараттық жүйе;
Тармақша 2
2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды жинақтауды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
Тармақша 3
3) бірлесіп төлеу – ерікті түрде жүзеге асырылатын, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде амбулаториялық деңгейде дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың құны мен олардың орнын толтырудың белгіленген шекті бағасындағы айырманы төлеу;
Тармақша 4
4) бірлесіп төлеу шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өтеудің шекті бағасы – ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауына және медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына шекті бағадан аспайтын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу құны;
Тармақша 5
5) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер – фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;
Тармақша 6
6) дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы – дәрілік заттың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған атауы;
Тармақша 7
7) дәрілік заттың саудалық атауы – дәрілік заттың тіркелетін атауы;
Тармақша 8
8) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің және (немесе) консорциумның бірлесіп төлеудің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – БТАЖ) - бірлесіп төлеу бойынша амбулаториялық-дәрілік қамтамасыз ету процестерін автоматтандыру үшін пайдаланылатын, оны енгізгенге және пайдаланғанға дейін міндетті сынақтан өткізуге және Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін растауға жататын ақпараттық жүйе (бағдарламалық өнім);
Тармақша 9
9) консорциум – бұл бiрлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негiзiнде заңды тұлғалар нақты шаруашылық мiндеттерiн шешу үшiн белгiлi бiр ресурстарды бiрiктiрiп, күш-жiгердi үйлестiретiн ерiктi түрдегі тең құқықты уақытша одақ (бiрлестiк);
Тармақша 10
10) медициналық бұйымның саудалық атауы – медициналық бұйымның тіркелетін атауы;
Тармақша 11
11) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық мақсаттағы бұйымның, Бірыңғай дистрибьютормен жасалған ұзақ мерзімді беру шарттары шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын, тірі организмнен тыс (in vitro) диагностикалауға арналған медициналық бұйымдардың техникалық сипаттамасына арналған шекті баға – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды одан жоғары бағамен жүргізуге болмайтын, Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық мақсаттағы бұйымның, Бірыңғай дистрибьютормен жасалған ұзақ мерзімді беру шарттары шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын, тірі организмнен тыс (in vitro) диагностикалауға арналған медициналық бұйымдардың техникалық сипаттамасына арналған баға;
Тармақша 12
12) «электрондық үкімет» мобильді қосымшасы – ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған және іске қосылған және ұялы байланыс және интернет арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен қызметтерге қол жеткізуді ұсынатын бағдарламалық өнім.
Тарау 2. 2-тарау. Бірлесіп төлеуді жүзеге асыру тәртібі
2-тарау. Бірлесіп төлеуді жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 3
3. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды бірлесіп төлеу ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттары дәрілік заттармен және (немесе) медициналық бұйымдармен тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз ету кезінде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Пациенттерге немесе олардың заңды өкілдеріне дәрілік заттармен және (немесе) медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету кезінде мынадай тәсілдердің бірін таңдау құқығы беріледі:
Тармақша 1
1) медициналық-санитариялық алғашқы және (немесе) консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттармен және (немесе) медициналық бұйымдармен тегін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) қормен шарты бар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер арқылы бірлесіп төлеуді қолдана отырып, дәрілік заттармен және (немесе) медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету. Медицина қызметкерлері ДҚАЖ-ға рецепт жазып берген кезде пациенттің немесе оның заңды өкілінің бірлескен төлем әдісін таңдауға келісімін алады.
Тармақ 5
5. Медицина қызметкері амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуге рецепт жазып бергеннен кейін пациент немесе оның заңды өкілі «электрондық үкімет» мобильді қосымшасының жеке кабинетінде және (немесе) электрондық рецептілер функционалы бар және ДҚАЖ-бен интеграцияланған БТАЖ-дың мобильді қосымшасында және (немесе) БТАЖ-дың интернет-ресурсында халықаралық патенттелмеген атауына, дәрілік нысаны мен мөлшеріне сәйкес келетін дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың тіркелген саудалық атаулары, бірлесіп төлеуге қатысатын дәріханалардың мекенжайлары, оларда дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың болуы және құны мен бірлесіп төлеу шеңберінде қосымша төлем мөлшерін көрсете отырып хабардар етіледі.
Тармақ 6
6. Пациентті немесе оның заңды өкілін дәрілік затпен және (немесе) медициналық бұйыммен қамтамасыз ету «электрондық үкімет» мобильді қосымшасында «Әлеуметтік әмиян» сервисі және (немесе) электрондық рецептілер функционалы бар және ДҚАЖ-бен интеграцияланған БТАЖ-дың мобильді қосымшасында және (немесе) БТАЖ-дың интернет-ресурсы арқылы ұсынылатын электрондық рецептіні (QR-кодты) сканерлеу арқылы дәрілік нысаны мен дозасын ескере отырып, халықаралық патенттелмеген атауы бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Бірлесіп төлеуді іске асыру пациентті немесе оның заңды өкілін осы Қағидаларға 5-тармаққа сәйкес дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды алу мүмкіндігі туралы хабардар ете отырып, БТАЖ арқылы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 8
8. БТАЖ:
Тармақша 1
1) электрондық рецептілер функционалы бар және ДҚАЖ-бен интеграцияланған «электрондық үкімет» мобильді қосымшасына және (немесе) БТАЖ-дың мобильді қосымшасына және (немесе) БТАЖ-дың интернет-ресурстарына бірлесіп төлеуге қатысатын дәріханалар, оларда дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың болуы, құны мен бірлесіп төлеу шеңберінде қосымша төлем мөлшерін көрсете отырып ақпарат беруді;
Тармақша 2
2) бірлесіп төлеу шартын жасасуды;
Тармақша 3
3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілермен және (немесе) консорциуммен қамтамасыз етілген рецептілердің жиынтық тізілімі қалыптастыруды, келісуді не қабылдамауды;
Тармақша 4
4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің және (немесе) консорциумның фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу актісі қалыптастыруды және келісуді;
Тармақша 5
5) пациентке босатылған күнін және босату фактісін растайтын бақылау-кассалық машинасы чегінің деректемелерін, босатылған дәрілік затты және медициналық бұйымды таңбалау кодтарының мәртебесін көрсете отырып, дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның берілген фактісі бойынша рецептіні қамтамасыз ету туралы ДҚАЖ-ға деректердің автоматтандырылған берілуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. Консорциум және (немесе) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер қорға бірлесіп төлеу шартын жасасуға өтінім береді.
Тармақ 10
10. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер мынадай:
Тармақша 1
1) кемінде 3 (үш) облыста, республикалық маңызы бар қалаларда және/немесе астанада орналасқан 70 (жетпіс) дәріханадан тұратын дәріхана желісінің болуы;
Тармақша 2
2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектінің дәріхана желісіне кіретін әрбір дәріхананың осы жүйемен жұмыс істеуінің техникалық мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, осы Қағидалардың 8 және 12-тармақтарында көрсетілген функциялар мен талаптарға сәйкес келетін БТАЖ-дың болуы немесе БТАЖ-ға қосылуы өлшемшарттарына сәйкес келеді.
Тармақ 11
11. Консорциум мынадай өлшемшарттарға сәйкес келеді:
Тармақша 1
1) консорциумға қатысушылар бірлесіп 5 (бес) облыста, республикалық маңызы бар қалаларда және/немесе астанада орналасқан кемінде 200 (екі жүз) дәріхананы қамтитын дәріхана желісі арқылы бірлесіп төлеуді іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектінің дәріхана желісіне кіретін әрбір дәріхананың осы жүйемен жұмыс істеуінің техникалық мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, осы Қағидалардың 8 және 12-тармақтарында көрсетілген функциялар мен талаптарға сәйкес келетін БТАЖ-дың болуы немесе БТАЖ-ға қосылуы;
Тармақша 3
3) бірлесіп төлеу шеңберінде консорциумның әрбір қатысушысына өтеудің тең талаптарын көздейтін консорциум құру туралы жасалған шарттың болуы.
Тармақ 12
12. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын сынақтар актісі немесе хаттамасы болған кезде БТАЖ бірлесіп төлеу шеңберінде пайдалануға рұқсат етіледі.
Тармақ 13
13. Қор ұсынылған өтінімді 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды. Осы Қағидалардың 10 және 11-тармақтарында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда қор дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектімен және (немесе) консорциумның атынан болатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің бірімен (бұдан әрі – консорциумның ресми өкілі) шарт жасасады.
Тармақ 14
14. Консорциумның ресми өкілін консорциум құру туралы шарт негізінде консорциум қатысушылары айқындайды. Консорциум құру туралы шартта:
Тармақша 1
1) қормен қатынастарда консорциум мүдделерін білдіруге уәкілетті қатысушының атауы;
Тармақша 2
2) қормен шартқа қол қою, жиынтық тізілім мен төлем актісін ұсыну құқығын қоса алғанда, ресми өкілдің өкілеттіктерінің көлемі;
Тармақша 3
3) консорциумның ресми өкілін ауыстыру туралы шешім қабылдау тәртібі;
Тармақша 4
4) консорциумның басқа қатысушылары алдындағы ресми өкілдің ұсынылатын ақпараттың дұрыстығы және қосымша төлем шарты бойынша міндеттемелердің орындалуы үшін жауапкершілігі көрсетіледі. Қор консорциум қатысушыларының ресми өкілді таңдауға, ауыстыруға немесе кері қайтарып алуға, сондай-ақ қаражатты бөлу және шешім қабылдау тәртібіне қатысты ішкі шарттық қатынастарына араласпайды.
Тармақ 15
15. Бірлесіп төлеу шартының нысанасын азаматтық заңнамаға және денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкес Қордың атқарушы органы бекітеді.
Тармақ 16
16. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер және (немесе) консорциумның ресми өкілі бірлесіп төлеуді іске асыру шеңберінде жиналған мәліметтерді бірлесіп төлеуде көзделмеген өзге де коммерциялық мақсаттарда пайдаланбайды.
Тармақ 17
17. «Электрондық үкімет» мобильді қосымшасының операторы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы субъектіге және (немесе) қор бірлесіп төлеу шартын жасасқан консорциумның ресми өкіліне бірлесіп төлеу шеңберінде интеграциялауға (деректермен алмасуға) мүмкіндік береді.
Тарау 3. 3-тарау. Бірлесіп төлеу шеңберінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнына ақы төлеу тәртібі
3-тарау. Бірлесіп төлеу шеңберінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнына ақы төлеу тәртібі
Тармақ 18
18. Қор дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы субъектілерге және (немесе) консорциумның ресми өкіліне нақты көрсетілген фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер үшін, бюджет қаражаты мен қор активтері есебінен бірлесіп төлеу шарты негізінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді төлейді.
Тармақ 19
19. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы субъектілерге және (немесе) консорциумның ресми өкіліне фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнына ақы төлеу үшін:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілермен және (немесе) консорциуммен қамтамасыз етілген рецептілердің жиынтық тізілімі (бұдан әрі – жиынтық тізілім);
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің және (немесе) консорциумның фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу актісі (бұдан әрі – ақы төлеу актісі) негіз болып табылады.
Тармақ 20
20. Бірлесіп төлеу шеңберінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнына ақы төлеу үшін есепті кезең күнтізбелік ай болып табылады. Ағымдағы жылғы желтоқсан айына ақы төлеу келесі қаржы жылында жүргізіледі. Қор мен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы субъектілердің және (немесе) консорциумның ресми өкілінің арасындағы келісім бойынша техникалық мүмкіндіктер мен қаржы қаражаты болған кезде есепті кезеңнің ұзақтығы күнтізбелік айдан кем болып белгіленуі мүмкін.
Тармақ 21
21. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер және (немесе) консорциумның ресми өкілі БТАЖ-да қалыптастырылған жиынтық тізілімді, сондай-ақ қағаз жеткізгіште және (немесе) БТАЖ арқылы ақы төлеу актісін ұсынады.
Тармақ 22
22. Жиынтық тізілімді дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер және (немесе) консорциумның ресми өкілі қорға ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күнінен кешіктірмей береді. Ағымдағы жылғы желтоқсанға фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнына ақы төлеу үшін жиынтық тізілім есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 25 (жиырма бесінші) қаңтарына дейін ұсынылады.
Тармақ 23
23. Қор жиынтық тізілімді оны алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды және келіседі.
Тармақ 24
24. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер және (немесе) консорциумның ресми өкілі қормен жиынтық тізілім келіскеннен кейін оған ақы төлеу актісін жібереді.
Тармақ 25
25. Қор ақы төлеу актісін алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды және қол қояды.
Тармақ 26
26. Қор ақы төлеу актісіне қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге және (немесе) консорциумның ресми өкіліне ақы төлеуді жүзеге асырады.
Тармақ 27
27. Қор дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге және (немесе) консорциумның ресми өкіліне дәрілік заттардың құнын халықаралық патенттелмеген атауға шекті баға бойынша, бірақ саудалық атауының бағасынан жоғары емес бағамен төлейді. Егер дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымдардың саудалық атауының бағасы тиісті халықаралық патенттелмеген атау үшін белгіленген шекті бағадан төмен болса пациент қосымша ақы төлемін жүргізбейді.
Тармақ 28
28. Осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген ақы төлеу мерзімі қорға бюджет қаражаты уақтылы аударылмаған кезде тоқтатыла тұрады.
Тармақ 29
29. Бірлесіп төлеу шартын бұзу үшін осы Қағидалардың 10, 11, 12, 22 және 24-тармақтарында көзделген талаптардың бұзылуы және (немесе) сақталмауы, атап айтқанда жиынтық тізілім мен ақы төлеу актісін уақтылы немесе тиісінше ұсынбауы, БТАЖ-ды қосу және пайдалану, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарды бұзу негіз болып табылады. Шартты бұзу дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге және (немесе) консорциумның ресми өкіліне жазбаша хабарлама жіберу арқылы жүзеге асырылады. Шарт дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер және (немесе) консорциумның ресми өкілі көрсетілген хабарламаны алған сәттен бастап бұзылған болып есептеледі.
Басқа 1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілермен және (немесе) консорциуммен қамтамасыз етілген рецептілердің жиынтық тізілімі
Бірлесіп төлеуді жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша Нысан Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілермен және (немесе) консорциуммен қамтамасыз етілген рецептілердің жиынтық тізілімі 20___ жылғы «___» _________ №_______ кезеңге 20 ___жылғы «___» _______ бастап 20 ___ жылғы «___» ________ дейінгі кезеңге 20 ___ жылғы «___» _________ № ____ Бірлесіп төлеу шеңберінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу шарты бойынша Өнім берушінің атауы және БСН (дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы субъект және (немесе) консорциумның ресми өкілі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-мен бірлесіп төлеу шартын жасасқан)___________________________________________________________ р/с № Ре­цеп­ті­ні нақ­ты қам­та­ма­сыз ет­кен дә­рі­лік заттар мен ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­дың ай­на­лы­сы са­ла­сын­да­ғы субъ­ек­ті­нің ата­уы ре­цеп­ті­ні нақ­ты қам­та­ма­сыз ет­кен дә­рі­лік заттар мен ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­дың ай­на­лы­сы са­ла­сын­да­ғы субъ­ек­ті­нің БСН-і Өңір АХЖ-10 ко­ды Па­ци­ент­тің ЖСН қам­та­ма­сыз еті­л­ген ре­цепт № және кү­ні Қам­та­ма­сыз еті­л­ген дә­рі­лік заттың ха­лы­қа­ра­лық па­тент­тел­ме­ген ата­уы 1 2 3 4 5 6 7 8 жалғасы Қам­та­ма­сыз еті­л­ген дә­рі­лік заттың са­уда ата­уы (СА) До­за­сы және шы­ға­ры­л­ған тү­рі Өл­шем бір­лі­гі Өл­шем бір­лі­гі үшін өте­удің шек­ті ба­ға­сы, тең­ге Фис­кал­дық чек нө­мі­рі ДЗ таң­ба­лау нө­мі­рі (ко­ды) Қор­дың құ­нын өтеу ба­ға­сы, тең­ге Па­ци­ент тө­ле­ген ба­ға­сы, тең­ге (бір­ле­сіп тө­леу со­ма­сы) Жал­пы со­ма­сы, тең­ге 9 10 11 12 13 14 15 16 17=15+16 Бірлесіп төлеу шеңберінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметінің жалпы құны ______ теңге. Қызмет көрсеткен: Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъект және (немесе) консорциумның ресми өкілі ________________ ___________________ Келісілді: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ ________ ________ * Саудалық атауы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінен көрсетіледі
Басқа 2. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің және (немесе) консорциумның фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу актісі
Бірлесіп төлеуді жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша Нысан Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің және (немесе) консорциумның фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу актісі 20 ___ жылғы «___» _________ №_______ 20 ___ жылғы «___» _______ бастап 20 ___ жылғы «___» ________ кезеңге 20 ___ жылғы «___» ________ № ________ Бірлесіп төлеу шеңберінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу шарты бойынша р/с № Өңір Өнім бе­ру­ші­нің ата­уы («Әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру қо­ры» Ке­АҚ-мен бір­ле­сіп тө­леу шар­тын жа­сас­қан дә­рі­лік заттар мен ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар ай­на­лы­сы са­ла­сын­да­ғы субъ­ект және (неме­се) кон­сор­ци­ум­ның ре­сми өкі­лі) Ақы тө­ле­у­ге ұсы­ны­л­ға­ны Бір­ле­сіп тө­леу шең­бе­рін­де қам­та­ма­сыз еті­л­ген ре­цеп­ті­лер са­ны Қор­мен өтеу со­ма­сы, тең­ге 1 2 3 4 5 1 2 Бір­ле­сіп тө­леу шең­бе­рін­де қам­та­ма­сыз еті­л­ген ре­цеп­ті­лер со­ма­сы, тең­ге Қызмет көрсеткен: Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъект және (немесе) консорциумның ресми өкілі _______________________ Келісілді: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ ___________________________