О некоторых вопросах ввоза сахара белого и сахара-сырца тростникового на территорию Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 3-тармағына және «Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы» Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағы 7.1.34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған квотаның мөлшері және қолданылу мерзімі;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 15 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1. Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған квотаның мөлшері және қолданылу мерзімі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 19 шілдедегі № 214 1-қосымша Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған квотаның мөлшері және қолданылу мерзімі Та­у­ар­дың ата­уы ЕА­ЭО СЭҚ ТН ко­ды Кво­та мөл­ше­рі, тон­на Қол­да­ны­лу мер­зі­мі Ақ қант 1701 99 100 134 400 2021 жы­л­ғы 15 ма­мыр­дан ба­стап 2021 жы­л­ғы 30 қыр­күй­ек­ке дей­ін қо­са ал­ған­да Құрақ қанты шикізаты 1701 13 1701 14
Басқа 2. Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қағидалары
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 19 шілдедегі № 214 2-қосымша Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3-тармағына және «Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы» Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағының 7.1.34 тармақшасына сәйкес әзірленді және құрамында қанты бар өнімдерді өндіруге арналған ақ қантты және өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге квоталарды бөлу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) квота – құрамында қанты бар өнімдерді өндіруге арналған ақ қанттың және өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатының тіркелген көлемі, ол Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде кедендік әкелу бажын төлеуден босатылады;
Тармақша 2
2) тауар: ақ қант – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 1701 99 100 кодымен сыныпталатын және құрамында қанты бар өнімдерді өндіруге арналған ақ қант; құрақ қанты шикізаты – өнеркәсіптік өңдеуге арналған ЕАЭО СЭҚ ТН 1701 13 және 1701 14 қосалқы позицияларындағы құрақ қанты шикізаты.
Тарау 2. 2-тарау. Ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу тәртібі
2-тарау. Ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу тәртібі
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру (бұдан әрі – хабарландыру) орналастырады. Бөлінбеген ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған квоталар көлемі болған кезде хабарландыруды уәкілетті орган 2021 жылғы 16 тамызға дейін орналастырады. Хабарландыруда мынадай ақпарат көрсетіледі:
Тармақша 1
1) өтінім берушілер арасында бөлінетін квота көлемі;
Тармақша 2
2) өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу күні мен уақыты;
Тармақша 3
3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға арналған өтінім нысаны (бұдан әрі – өтінім);
Тармақша 4
4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға өтінім нысаны (бұдан әрі – өтінім). Өтінім берушілердің өтінімдерді ұсынудың соңғы күні хабарландыру орналастырылған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 4
4. Өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар нөмірленеді, тігіледі және өтінім беруші басшысының қолымен расталады. Шет тілінде жасалған құжаттар қазақ не орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады. Бір тілден екінші тілге аударманың дұрыстығын не аудармашының қолының түпнұсқалығын «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариус куәландыруы қажет.
Тармақ 5
5. Уәкілетті органға ұсынылған өтінім келіп түскен күні кеңседе тіркеледі және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу департаментіне (бұдан әрі – Департамент) жолданады. Өтінім беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын растауды беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады. Департамент өтініш берушінің өтінімін арнайы журналда тіркейді, ол нөмірленеді, тігіледі және уәкілетті органның мөрімен бекемделеді.
Тармақ 6
6. Департамент өтінімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді қарайды және толықтығы мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді. Ұсынылған мәліметтердің толық еместігі және (немесе) өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде өтінім берушіге хабарлама жібереді, онда ұсынылған өтінім қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді. Хабарлама өтінім беруші өтінімде көрсеткен электрондық мекенжайға жолданады. Өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестендіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды. Егер өтінім беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестендірмеген жағдайда, уәкілетті орган өтінім берушіге өтінімді одан әрі қараудан уәжді бас тартуды жолдайды.
Тармақ 7
7. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін уәкілетті орган 4 (төрт) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған квоталар көлемін бөледі.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган тауарды әкелуге арналған квоталар көлемін мынадай тәртіппен бөледі:
Тармақша 1
1) өтінім берушілер үшін тауар әкелуге квота алу үшін жалпы мәлімделген көлем (бұдан әрі – жалпы мәлімделген көлем) есептеледі;
Тармақша 2
2) әрбір өтінім берушінің жалпы мәлімделген көлемдегі үлес салмағы айқындалады;
Тармақша 3
3) егер жалпы мәлімделген көлем квотаның көлемінен асып кеткен жағдайда, әрбір өтінім беруші үшін квота көлемі оның жалпы мәлімделген көлемдегі үлесіне пропорционалды мынадай формула бойынша есептеледі: мұнда: Vz – өтінім беруші квотасының көлемі, тонна; V – квотаның жиынтық көлемі, тонна; Uz – өтінім берушінің жалпы мәлімделген көлемдегі үлес салмағы, %;
Тармақша 4
4) Егер жалпы мәлімделген көлем квота көлемінен аз болса, квота берілген өтінімдерге сәйкес өтінім берушілер арасында бөлінеді.
Тармақ 9
9. Қант әкелудің белгіленген жиынтық көлемі шеңберінде құрақ қанты шикізатын әкелу көлемі мынадай формула бойынша есептеледі: мұнда: V – қант әкелудің белгіленген жиынтық көлемі шеңберінде құрақ қанты шикізатын әкелу көлемі; V1 – Қазақстан Республикасына құрақ қанты шикізатын әкелудің нақты көлемі; 0,98 – түзету коэффициенті.
Тармақ 10
10. Ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қорытындылары бойынша Департамент 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган басшысының қолы қойылған, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын растау жобасын дайындайды. Әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын растау өтінім берушіге почта арқылы табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберіледі не уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол ұсынылады.
Тармақ 11
11. Уәкілетті орган интернет-ресурста квоталарды бөлу қорытындыларын: тауардың атауын, квоталардың бөлінген көлемін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квота алған өтінім берушілердің жиынтық тізбесін орналастырады. Уәкілетті орган сондай-ақ бөлінбеген ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған квоталардың көлемі туралы мәліметтерді орналастырады.
Тармақ 12
12. Ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталар көлемі олар таусылғанға дейін бөлінеді.
Тармақ 13
13. Ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қорытындылары бойынша уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың саны және тауарларды әкелуді жүзеге асыратын ұйымдар туралы жиынтық ақпарат жолдайды.
Тармақ 14
14. Өтінім беруші жеңілдік қолданылатын тауар декларациясы күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға ЕАЭО СЭҚ ТН кодын заттай және құндық мәнде көрсете отырып, ақ қанттың және құрақ қанты шикізатының нақты әкелген көлемі туралы еркін нысандағы ақпаратты ұсынады.
Басқа 2.1. Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға өтінім
Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қағидаларына 1-қосымша Нысан Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға өтінім ____________________________________________________________________, (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 1701 99 100 кодымен сыныпталатын және тек қана ____________________ арналған _____________________________________________________________ (әкелу мақсаты көрсетілсін: құрамында қанты бар өнімдерді өндіру үшін) _______________ мөлшерінде ақ қантты әкелуге квота бөлуді сұрайды, сондай-ақ әкелінетін ақ қанттың нысаналы мақсатын растауды беруді сұрайды. Жеңілдікті қолдана отырып әкелінетін қанттың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына қайта жіберілмейтініне кепілдік беремін. Өтінім беруші Қызмет түрі (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша код) Өтінім берушінің заңды мекенжайы Өтінім берушінің телефоны, электрондық почтасы Өтінім берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі Келісімшарттың (шарттың) нөмірі Келісімшарттың (шарттың) күні Тауар әкелінетін кеден органы ЕАЭО СЭҚ ТН коды Тауардың атауы Өлшем бірлігі Саны Төлем валютасындағы бірлік бағасы Төлем валютасындағы сома Өндіруші Өндіруші ел Өтінімге олардың негізінде ақ қантты әкелу жүзеге асырылатын келісімшарттардың (шарттардың) көшірмелері қоса беріледі. Басшы ________________________________________ _____________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы) 2021 жылғы «____» ______________
Басқа 2.2. Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға өтінім
Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қағидаларына 2-қосымша Нысан Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға өтінім ____________________________________________________________________, (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) өнеркәсіптік өндеуге арналған Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 1701 13 және 1701 14 қосалқы позицияларының құрақ қанты шикізатын _______________ тонна мөлшерінде әкелуге, Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы» Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағының 7.1.34) тармақшасына сәйкес _______________ тонна мөлшерінде қантқа аударуға квота беруді, сондай-ақ әкелінетін құрақ қанты шикізатының нысаналы мақсатын растау беруді сұрайды. Жеңілдікті қолдана отырып әкелінетін қанттың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына қайта жіберілмейтініне кепілдік беремін. Өтінім беруші Қызмет түрі (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша код) Өтінім берушінің заңды мекенжайы Өтінім берушінің телефоны, электрондық почтасы Өтінім берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі Келісімшарттың (шарттың) нөмірі Келісімшарттың (шарттың) күні Тауар әкелінетін кеден органы ЕАЭО СЭҚ ТН коды Тауардың атауы Өлшем бірлігі Саны Төлем валютасындағы бірлік бағасы Төлем валютасындағы сома Өндіруші Өндіруші ел Өтінімге олардың негізінде құрақ қанты шикізатының әкелу жүзеге асырылатын келісімшарттардың (шарттардың) көшірмелері қоса беріледі. Басшы ________________________________________ _____________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы) 2021 жылғы «____» _______________
Басқа 2.3. Әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын растау
Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қағидаларына 3-қосымша Нысан Әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын растау _______________________________________________________ әкелетін, (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі_____________________ ____________________________________________________________________ ______________________________________________________________ сәйкес (келісімшарттың (шарттың) деректемелері, оның негізінде ақ қант пен құрақ шикізаты қантын әкелу жүзеге асырылады) тауарлар_____________________________________________________________ (тауардың атауы, саны, келісімшарт (шарт) валютасындағы құны) ___________________________________________________ үшін тағайындалған (әкелу мақсаты көрсетілсін: құрамында қант бар өнімдерді өндіру үшін немесе өнеркәсіптік өңдеу үшін) Министр _____________ ____________________________________ (қолы) (тегі, аты-жөні) Мөр орны 2021 жылғы «____» ____________
Басқа 2.4. Тауарлардың саны және тауарларды әкелуді жүзеге асыратын ұйымдар туралы жиынтық ақпарат
Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қағидаларына 4-қосымша Нысан Тауарлардың саны және тауарларды әкелуді жүзеге асыратын ұйымдар туралы жиынтық ақпарат № Сырт­қы са­уда қыз­ме­тіне қа­ты­су­шы­ның ата­уы Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Та­у­ар­дың ата­уы Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­ме­ті­нің та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы­ның ко­ды Са­ны Өл­шем бір­лі­гі Ке­лі­сім­шар­ттың (шар­ттың) де­ректе­ме­ле­рі Ес­кер­ту 1 2 4 5 6 7 8 9 10