Об утверждении нормы накопления твердых бытовых отходов на одного человека Күшін жойған
Басқа 0
Бiр адамға есептегенде тұрмыстық қатты қалдықтардың жинақталу мөлшерiн бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 20.12.2006 N 8/1514 қаулысымен.
Тұрмыстық қатты қалдықтардың жинақталуының есебiн реттеу, жинайтын арнаулы машиналардың, кәсiпорындардың жабдықтары мен қуаттарының, қалдықтарды залалсыздандыратын және қайта өңдейтiн құрылғылардың қажеттiлiгiн анықтау мақсатында, жылына бiр адамға есептегенде тұрмыстық қатты қалдықтардың жинақталуын анықтайтын жұмыс тобының материалдарын қарап, Алматы қалалық Әкiмшiлiгi
қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Жылына бiр адамға есептегенде тұрмыстық қатты қалдықтардың жинақталу мөлшерi белгiленсiн:
Тармақша 1
1) көп қабатты жайлы тұрғын үйлерде, аула сыпырындыларын қоса есептегенде - 1,2 текше метр.
Тармақша 2
2) Iшiнара жайлы тұрғын үйлерде және аз қабатты үйлерде жинақталу мөлшерi бұрынғы күйiнде, тиiсiнше 1,2 текше метр және 2,0 текше метр болып қалдырылсын.
Тұрмыстық қатты қалдықтардың осы мөлшерiн белгiлеу халықтың қалдықтарды жинауына шек қоймайды.
Тармақ 2
2. Халық депутаттары Алматы қалалық Кеңесi атқару комитетiнiң 1983 жылғы 19 қаңтардағы "Бiр адамға есептегенде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинақтауының уақытша мөлшерiн бекiту туралы" N 1/26 шешiмiнiң, Алматы қалалық Әкiмшiлiгiнiң "Алматы қалалық Әкiмшiлiгiнiң 2001 жылғы 02 шiлдедегi "Бiр адамға есептегенде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинақтау мөлшерiн бекiту туралы" N 1/43 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" қаулысының және Алматы қалалық Әкiмшiлiгiнiң 2002 жылғы 04 қаңтардағы "Алматы қалалық Әкiмшiлiгiнiң 2001 жылғы 02 шiлдедегi "Бiр адамға есептегенде тұрмыстық қатты қалдықтардың жинақталу мөлшерiн бекiту туралы" N 1/43 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" N 1/04 қаулысының күшi жойылды деп саналсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары Қ.Е. Жаңбыршинге жүктелсiн.