Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов Күшін жойған
Басқа 0
Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар
санатының тізбесін анықтау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесі 1, 2 қосымшаларға сәйкес анықталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Тұрғын үй сертификатының мөлшері
Абай аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 8 шілдедегі
№ 10/103
шешіміне 1 қосымша
Тұрғын үй сертификатының мөлшері
Тармақ 1
1. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1,5 млн. (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
Тармақ 2
2. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1,5 млн. (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
Басқа 1. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
Абай аудандық мәслихатының
2021 жылғы 8 шілдедегі
№ 10/103
шешіміне 2 қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
№
Атауы
1
Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.
2
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.
3
Толық емес отбасылар.