О Градостроительной комиссии города Алматы Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қалалық Қалақұрылысы комиссиясы туралы
Ескерту: Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 2/211 қаулысымен
_________________________________________________
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы "Жер туралы" Заңының және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының қабылдануына байланысты, өкілетті мемлекеттік органдардың жерге арналған тиісті құқықтарды беру мәселесі бойынша қызметін үйлестіру мақсатында Алматы қалалық Әкімшілігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы қалалық Қалақұрылысы комиссиясы құрылсын.
Тармақ 2
2. Бекітілсін:
Тармақша 1
1) Алматы қалалық Қалақұрылысы комиссиясы туралы Ереже (N 1 қосымша);
Тармақша 2
2) Алматы қалалық Қалақұрылысы комиссиясының құрамы (N 2 қосымша);
Тармақша 3
3) Алматы қалалық Қалақұрылысы комиссиясы жұмыс органының құрамы (N 3 қосымша)
Тармақша 4
4) Алматы қалалық Қалақұрылысы комиссиясы қорытындыларының, нысанды жобалауға және салуға арналған жер учаскесін таңдау және келісу, жер учаскесін мақсатты пайдаланудың өзгеруінің және жер учаскіне арналған құқықтарды рәсімдеу актілерінің түрлері (N 4, N 5 қосымшалар).
Тармақ 3
3. Алматы қаласы Әкімінің 1998 жылғы 17 қыркүйектегі "Қала құрылысы және жерді пайдалану бойынша комиссиясы туралы" N 892 шешімнің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4. Алматы қалалық©Қала құрылысының комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ 1 тарау. Жалпы ережелер
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Алматы қаласының
Әкімі
Әкімшілік хатшысы
Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң
2003 ж. "17" сәуірдегі
"Алматы қалалық Қала құрылысы
комиссиясы туралы" N 1/228
қаулысына N 1 қосымша
Алматы қалалық©Қала құрылысының комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ 1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Алматы қалалық©Қала құрылысы комиссиясы (бұдан әрi мәтiн бойынша "Комиссия") Алматы қаласындағы сұраған жер учаскесi бойынша құқық беру немесе одан бас тарту жөнiндегi қорытындыны беру мақсатында құрылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметi барысында©Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарды және осы Ереженi басшылыққа алады.
Тарау 2. 2 тарау. Комиссияның құрамы
2 тарау. Комиссияның құрамы
Тармақ 3
3. Комиссия Алматы қалалық жергiлiктi атқару органының шешiмiмен құрылады.
Комиссия құрамына комиссия төрағасы, оның орынбасары және 5 (бес) адамнан тұратын комиссия мүшелерi кiредi.
Комиссияның төрағасы Алматы қаласының Әкiмi болып табылады.
Тармақ 4
4. Комиссия жер учаскенi келiстiру және таңдау актiсi (бұдан әрi мәтiн бойынша - "Таңдау актiсi") негiзiнде қорытынды шығарады.
Тармақ 5
5. Таңдау актiсi сәулет және қала құрылысы, көрiктендiру, жол полициясы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, өрт қауiпсiздiгi, экология және биоресурстар және су ресурстары басқармалары жергiлiктi органдары, жер ресурстары жөнiндегi аумақтық орган мамандарының қатысуымен жинақталып, олар комиссияның жұмысшы органын құрайды.
Жұмысшы органды қала құрылысы жұмыстарына жетекшiлiк ететiн Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары басқарады.
Комиссия жұмысшы органы өз мәжiлiсiн аптасына бiр рет өткiзедi.
Тарау 3. 3 тарау. Комиссияның жұмысшы органының қызметi
3 тарау. Комиссияның жұмысшы органының қызметi
Тармақ 6
6. Комиссияның жұмысшы органы Алматы қалалық Жер ресурстарын басқару комитетiне және Сәулет және құрылысы департаментiне (бұдан әрi - "Қалалық жер комитетi", "СжҚҚД") жер учаскесiн мақсатты пайдалану жөнiндегi өтiнiшiнiң мүмкiншiлiгi туралы берген ұсыныстарын қарайды.
Қажет болған жағдайда, жұмысшы органының маманы осы учаске бойынша материалдарды қарау үшiн 7 күн iшiнде сұраған жер учаскесiне барып, Таңдау актiнi келiстiредi немесе өтiнiш берген мақсатта учаскенi пайдалануға болмайтыны жайлы жазбаша түрде қорытындысын бередi.
Тармақ 7
7. Жұмысшы органының төрағасы, комиссияның жұмысшы органына кiретiн барлық мамандардың өкiлеттiгiнiң дұрыс пайдаланылуын қадағалайды.
Тарау 4. 4 тарау. Комиссияның қызмет мiндетiнiң құқықтары
4 тарау. Комиссияның қызмет мiндетiнiң құқықтары
Тармақ 8
8. Комиссия жұмысшы орган берген Таңдау актiсi негiзiнде сұраған жер учаскенi өтiнiш берген мақсатта пайдалануға мүмкiншiлiгi бар немесе жоқ деп өзiнiң қорытындысын ресiмдейдi.
Тармақ 9
9. Өз қорытындысын беру туралы шешiмдi қабылдау үшiн комиссия мүдделi ұйымдарда қосымша ақпарат алуға құқығы бар.
Тармақ 10
10. Комиссия қорытындысын ресiмдеу мерзiмi 7 күн.
Тарау 5. 5 тарау. Комиссия төрағасының өкiлеттiгi
5 тарау. Комиссия төрағасының өкiлеттiгi
Тармақ 11
11. Комиссия төрағасы:
Тармақша 1
1) комиссия қызметiне басшылық жасайды;
Тармақша 2
2) комиссияның мәжiлiсiн жүргiзедi;
Тармақша 3
3) комиссияның қорытындысына қол қояды.
Тарау 6. 6 тарау.©Қорытынды ережелер
6 тарау.©Қорытынды ережелер
Тармақ 12. Алматы қалалық©Қала құрылысы комиссиясы құрамы
12. Жер учаскесiн өтiнiш берген мақсатқа сай беру үшiн комиссия қорытындысы жергiлiктi атқарушы органның шешiмiнiң жобасын әзiрлеу үшiн сәулет және қала құрылысы департаментiне жiберiледi.
Әкiмшiлiк хатшысы
Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң
2003 ж. "17" сәуірдегі
"Алматы қалалық Қала құрылысы
комиссиясы туралы" N 1/228
қаулысына N 2 қосымша
Алматы қалалық©Қала құрылысы комиссиясы құрамы
Виктор Вячеславович Комиссия төрағасы,
Храпунов Алматы қаласының Әкiмi
Яков Игнатьевич Заяц Комиссия төрағасының
орынбасары, Алматы
қаласының Әкiмiнiң бiрiншi
орынбасары
Тiлектес Исабайұлы Алматы қалалық
Есболов Мәслихатының депутаты
Сұлтан©Қабиұлы Сәулет және қала құрылысы
Баймағамбетов департаментiнiң бастығы
Абай Есболұлы Алматы қалалық жер
Сапаров ресурстарын басқару
жөніндегi комитеттiң
төрағасы
Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң
2003 ж. "17" сәуірдегі
"Алматы қалалық Қала құрылысы
комиссиясы туралы" N 1/228
қаулысына N 3 қосымша
Алматы қалалық Қала құрылысы комиссиясы жұмысшы органының құрамы
Тармақ 1
1. Яков Игнатьевич Алматы қалалық©Қала
Заяц құрылысы комиссиясы жұмысшы
органының төрағасы, Алматы
қаласы Әкiмiнiң бiрiншi
орынбасары
Тармақ 2
2. Шәмiл Еркебұланұлы Төрағаның орынбасары,
Нысанбаев Алматы қалалық сәулет және
қала құрылысы департаментi
бастығының бiрiншi
орынбасары
Тармақ 3
3. Балтабай Көрiктендiру
Мәуленжанұлы Ташбаев департаментiнiң Директоры
Тармақ 4
4. Вячеслав Павлович Алматы қалалық сәулет және
Кулькин қала құрылысы
департаментiнiң бас
инженерi, Алматы қалалық
сәулет және қала құрылысы
департаментi бастығының
орынбасары
Тармақ 5
5. Ермек Бердiбекұлы Алматы қалалық iшкi iстер
Құсайынов бас басқармасының жол
полициясы басқармасы, жол
инспекциясы бөлiмiнiң
бастығы
Тармақ 6
6. Василий Эрихович қалалық санитарлық-
Ренкевич эпидемиологиялық
басқарманың бөлiм
меңгерушiсi
Тармақ 7
7. Берiк Сатымбекұлы қалалық өртке қарсы
Құтпанов қызметiнiң бастығы
Тармақ 8
8. Галина Михайловна Алматы қалалық қоршаған
Телелькова ортаны қорғау басқармасы
экологиялық сараптама және
аудит бөлiмiнiң бастығы
Тармақ 9
9. Эдуард Кенжебекұлы Балқаш-Алакөл су-бассейнi
Мұхамедов басқармасының бастығы
10.Асылмұрат Алматы қалалық Жер
Тұрғанбекұлы ресурстарын басқару
Тұрғанбеков аумақтық комитеті
бастығының орынбасары
Ескерту: Комиссия жұмысының қажеттiлiгi бойынша қаланың басқа да қызметтерi де қатыстырылады .