О дополнительном предоставлении гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в том числе лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, медицинских изделий, отдельным категориям граждан Республики Казахстан при амбулаторном лечении бесплатно Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, соның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес қосымша берілсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облыстық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» 2018 жылғы 23 мамырдағы № 265 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7837 болып тiркелген);
Тармақша 2
2) «Мәслихаттың 2018 жылғы 23 мамырдағы № 265 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 20 наурыздағы № 490 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 9056 болып тiркелген).
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша ұсынылатын дәрілік заттар
Мәслихаттың
2021 жылғы 9 шілдедегі
№ 75 шешіміне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша ұсынылатын дәрілік заттар
Тармақ 1
1. «Метотрексат» препараты, егуге арналған ерітінді, жүйелі склеродермиямен ауыратын азаматтарға.
Тармақ 2
2. «Тобрамицин» препараты, ингаляцияға арналған ерітінді, жылауықты фиброзбен (муковисцидоз) ауыратын азаматтарға.
Тармақ 3
3. «Третиноин» препараты, капсула, онкологиямен ауыратын азаматтарға.
Тармақ 4
4. «Адалимумаб» препараты, инъекцияға арналған ерітінді, ювенилдік идеопатиялық артритімен ауыратын азаматтарға арналған.
Тармақ 5
5. «Тоцилизумаб» препараты, инъекция мен инфузияға арналған ерітінді, ювенилдік идиопатиялық артритімен ауыратын азаматтарға.
Тармақ 6
6. «Риоцигуат» препараты, таблетка, өкпе артериялық гипертензиясы бар азаматтарға.
Тармақ 7
7. «Стирипентол» препараты, капсула, таблетка, Драв синдромымен ауыратын азаматтарға.
Тармақ 8
Тармақ 9
Тармақ 10
Тармақ 11
Тармақ 12
Тармақ 13
Тармақ 14
14. Декспантенолды жақпамайы, сыртқы қолдануға арналған крем, Буллезді эпидермолизбен ауыратын азаматтарға арналған.
Тармақ 15
15. Мометазон жақпамайы, сыртқы қолдануға арналған крем, Буллезді эпидермолизбен ауыратын азаматтарға арналған.
Тармақ 16
16. Сульфатиазол күміс жақпамайы, сыртқы қолдануға арналған крем, Буллезді эпидермолизбен ауыратын азаматтарға арналған.
Тармақ 17
17. Бацитрацин мырышы/неомицин сульфаты жақпамайы, сыртқы қолдануға арналған крем, Буллезді эпидермолизбен ауыратын азаматтарға арналған.
Тармақ 18
18. «Нусинерсен» препараты, интратекальды енгізуге арналған ерітінді, жұлын бұлшықет атрофиясымен ауыратын азаматтарға (балаларға).
Тармақ 19
19. «Этеплирсен» препараты, инфузияға арналған ерітінді, Дюшен/Беккер үдемелі бұлшықет дистрофиясымен ауыратын азаматтарға.
Тармақ 20
20. «Пульмозим» (Дорназа альфа) препараты, ингаляцияға арналған ерітінді, кистоз фиброзы (муковисцидоз) ауруы бар азаматтарға.
Тармақ 21
21. «Адамның С1-эстераза ингибиторы» препараты, комплимент жүйесінде басым ақауымен бастапқы иммунитет тапшылығы ауруы бар азаматтарға.
Тармақ 22
22. «Селексипаг» препараты, идиопатиялық өкпе артериялық гипертензиясы бар азаматтарға.
Тармақ 23
23. «Рилузол» препараты, амиотрофиялық бүйірлік склероз, прогрессивті жұлын бұлшықет атрофиясы ауруы бар азаматтарға.
Тармақ 24
24. «Кладрибин» препараты, жайылған склероз ауруы бар азаматтарға.
Тармақ 25
25. «Омализумаб» препараты, ересектерде бронх демікпесі ауруы бар азаматтарға.
Тармақ 26
26. «Гидрокортизон» препараты, бүйрек үсті безінің қыртысының туа біткен дисфункциясы ауруы бар 18 жасқа дейінгі балаларға.
Тармақ 27
27. «Канакинумаб» препараты, криопиринмен байланысты мерзімді синдромдары бар азаматтарға (CAPS).
Тармақ 28
28. «Паливизумаб» препараты, бронхопульмональды дисплазиясы ауруы бар балаларға.
Тармақ 29
29. «Мацитентан» препараты, идиопатиялық өкпе артериялық гипертензиясы бар азаматтарға.
Тармақ 30
Тармақ 31
31. «Селуметиниб» препараты, I типті нейрофиброматоз ауруы бар азаматтарға.
Тармақ 32
32. «Рисдиплам» препараты, ішуге арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, жұлын бұлшықет атрофиясы ауруы бар азаматтарға.
Тармақ 33
33. «Голимумаб» препараты, кәмелетке толмаған идиопатиялық артрит ауруы бар азаматтарға инъекцияға арналған ерітінді.
Тармақ 34
34. «Тофацитиниб» препараты, кәмелетке толмаған идиопатиялық артрит ауруы бар азаматтарға таблетка.
Тармақ 35
35. «Анакинра» препараты, инъекцияға арналған ерітінді, ювеналды идиопатиялық артрит ауруы бар азаматтарға.
Тармақ 36
36. «Алпелисиб» препараты, онкологиялық аурулары бар азаматтарға таблетка.
Тармақ 37
37. «Пегвисомант» препараты, гипофиздің гормоналды белсенді ісіктері бар азаматтарға еріткішпен бірге тері астына енгізуге арналған ерітінді дайындау үшін лиофилизат. Акромегалия.
Тармақ 38
38. «Лорлатиниб» препараты, таблеткалар, онкологиялық аурулары бар азаматтарға.
Тармақ 39
39. «Помалидомид» препараты, капсулалар, онкогематологиялық аурулары бар азаматтарға.
Тармақ 40
40. «Венетоклакс» препараты, таблеткалар, онкогематологиялық аурулары бар азаматтарға.
Тармақ 41
41. «Мидостаурин» препараты, капсулалар, онкологиялық аурулары бар азаматтарға.
Басқа 48. Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша берілетін арнайы емдік өнімдер
Мәслихаттың
2021 жылғы 9 шілдедегі
№ 75 шешіміне
2-қосымша
Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша берілетін арнайы емдік өнімдер
Тармақ 1
1. Жылауықты фиброзбен (муковисцидоз) ауыратын азаматтарға орта тізбекті триглицеридтер негізіндегі арнайы емдік өнім.
Тармақ 2
2. Буллезді эпидермолизбен ауыратын азаматтарға орта тізбекті триглицеридтер негізіндегі арнайы емдік өнім.
Тармақ 3
3. Көмей стенозымен ауыратын азаматтарға энтеральдық қоректендіруге арналған арнайы емдік өнім.
Басқа 52. Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша берілетін медициналық бұйымдар
Мәслихаттың
2021 жылғы 9 шілдедегі
№ 75 шешіміне
3-қосымша
Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша берілетін медициналық бұйымдар
Тармақ 1
1. Буллезді эпидермолизбен ауыратын азаматтарға арналған медициналық бұйымдар:
зарарсыздандырылған, ылғалды жақсы сіңіретін тоқыма емес, ауа жіберетін, гигиеналық салфеткалар;
бекітілетін, жоғары эластикті, торлы, түтікшелі, мақталы синтетикалық бинт;
жабыстырғыш, силиконды жабындысы бар бастырма;
зарарсыздандырылған, абсорбциялайтын, бактерияға қарсы, атравматикалық, дәрілік қоспасы бар таңғыштар.
Тармақ 2
2. Көмей стенозымен ауыратын азаматтарға арналған медициналық бұйымдар:
аспираторлық катетер;
асқазандық сүңгі;
трахеостомаға арналған жылуылғалалмастырғыш;
энтеральдық қоректендіруге арналған шприц.
Тармақ 3
3. Ингаляциялық енгізуге арналған натрий хлориді мен натрий гиалуронатының стерильді ерітіндісі, ауруы бар азаматтарға муковисцидоз (муковисцидоз).