Об утверждении Правил рассмотрения заявления заемщика – физического лица о внесении изменений в условия договора банковского займа, перечня документов, прилагаемых к нему, а также порядка информирования уполномоченного органа о результатах рассмотрения заявления банком второго уровня, организацией, осуществляющей отдельные виды банковских операций Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарыз алушы-жеке тұлғаның банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін, оған қоса берілетін құжаттар тізбесін қарау қағидаларын, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтінішті қарау нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 1-2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қарыз алушы-жеке тұлғаның банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін, оған қоса берілетін құжаттар тізбесін қарау қағидалары, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтінішті қарау нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2021 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қарыз алушы – жеке тұлғаның банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау қағидалары, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесі, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтінішті қарау нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2021 жылғы 16 шілдедегі № 84 қаулысымен бекітілді Қарыз алушы – жеке тұлғаның банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау қағидалары, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесі, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтінішті қарау нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қарыз алушы-жеке тұлғаның банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін, оған қоса берілетін құжаттар тізбесін қарау қағидалары, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтінішті қарау нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 36-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушы-жеке тұлғаның банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесін, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтінішті қарау нәтижелері туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды (бұдан әрі - уәкілетті орган) хабардар ету тәртібін айқындайды. Қағидаларда мынадай ұғымдар және қысқартулар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) банк – екінші деңгейдегі банк, банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
Тармақша 2
2) берешек – негізгі борыштың қалдық сомасын, есептелген, бірақ төленбеген сыйақыны, комиссияларды, айыпақыны (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) және қарыз алушымен жасалған банктік қарыз шартында көзделген өзге де төлемдерді қоса алғанда, банктік қарыз бойынша борыш сомасы;
Тармақша 3
3) қарыз алушы – банкпен банктік қарыз шартын жасаған жеке тұлға.
Тарау 2. 2-тарау. Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішті қарау тәртібі
2-тарау. Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішті қарау тәртібі
Тармақ 2
2. Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) қарыз алушы қарыз берген банкке Банктер туралы заңның 36-бабының 1-1-тармағына сәйкес береді. Өтінішке міндеттемені орындау мерзімін өткізудің туындауына әкеп соққан мән-жайларды (фактілерді), кірістер туралы мәліметтерді және өтініш беруді негіздейтін басқа да мән-жайларды (фактілерді) растайтын құжаттар қоса беріледі. Қарыз алушының өтінішін қарау және банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың мерзімін өткізуге әкеп соққан мән-жайларды (фактілерді) растау үшін қажетті құжаттардың тізбесі (бұдан әрі – Құжаттар тізбесі) Қағидаларға 1-1-қосымшада айқындалады. Банктер туралы заңның 36-бабының 1-1-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін өтініш банктік қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы заңды күшіне енген сот актісі, атқарушы жазба, татуласу келісімі немесе банктік қарыз шарты бойынша берешекті реттеу үшін не банктік қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот актісін орындау үшін медиация тәртібімен жасалған дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім болмаған, сондай-ақ банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талапты) банк үшінші тұлғаға бермеген жағдайда беріледі. Банктің өтінішті қарауы қарыз алушыға банктік қарыз шарты бойынша мерзімі өткен берешекті не оның бір бөлігін біржолғы өтеу талабын белгілемей жүзеге асырылады. Қарыз алушы банкпен келісім бойынша банктік қарыз шарты бойынша мерзімі өткен берешекті, не оның бір бөлігін банк өтінішті қарағанға дейін дербес өтеуге құқылы.
Тармақ 3
3. Қарыз алушының өтініші міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және банктің қарауына жатады.
Тармақ 4
4. Қарыз алушы құжаттар мен мәліметтерді толық ұсынбаған кезде банк Құжаттар тізбесіне сәйкес, өтінішті қарау үшін қажетті, міндеттемені орындау мерзімін өткізудің туындау себептерін, кірістер туралы мәліметтерді және өтінішті беруді негіздейтін басқа да мән-жайларды (фактілерді) растайтын, жетіспейтін құжаттарды сұратады. Қарыз алушы сұратылған құжаттарды 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынады. Сұратылған құжаттарды көрсетілген мерзімде ұсынбау қарыз алушының өтінішін қарамау үшін негіз болып табылады, бұл туралы тиісті хабарлама жіберіледі.
Тармақ 5
5. Банк банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы мәселені қарау кезінде қарыз алушының төлем қабілеттілігін есептеу кезінде «Қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 292 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 77379 болып тіркелген) талаптарын басшылыққа алады.
Тармақ 6
6. Банк Банктер туралы заңның 36-бабының 1-1-тармағында көзделген өтінішті алған күннен кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішті қарайды және жазбаша нысанда, сондай-ақ банкке «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген идентификаттау құралдарын қолдану арқылы не банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен қарыз алушыны идентификаттауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараттандыру объектілері (бұдан әрі – ақпараттандыру объектілері) арқылы қарыз алушыға мынадай шешімдердің бірі туралы хабарлайды:
Тармақша 1
1) банктік қарыз шартының талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні туралы;
Тармақша 2
2) банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту жөніндегі өз ұсынысы туралы;
Тармақша 3
3) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұндай бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуден бас тарту туралы хабарлайды. Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу қарыз алушы банктік қарыз шартының ағымдағы талаптары бойынша міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан мән-жайларды құжаттамалық растаған кезде қарыз алушының әлеуметтік және қаржылық жағдайын ескере отырып, оның борыш жүктемесінің төмендеуін қамтамасыз ететін талаптармен жүзеге асырылады. Банк Банктер туралы заңның 36-бабының 1-1-тармағында көзделген өтінішті қараған кезеңде банк қарызды мерзімінен бұрын өтеуді талап етпейді. Банк және қарыз алушы банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістермен келісетіні туралы шешім қабылдаған кезде банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу тәртібі мен мерзімдері банктің ішкі құжатында айқындалады, бұл ретте мұндай өзгерістерді енгізу мерзімі банк осындай шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайды. Бұл мерзім банкке байланысты емес себептер бойынша банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізуге кедергі келтіретін жағдайларға қолданылмайды және олар жойылғанға дейін ұзартылуы мүмкін. Банк банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту бойынша өз ұсыныстарын жіберген кезде қарыз алушының банк ұсынған банктік қарыз шартын өзгерту талаптарына жауап беру мерзімі банктің хатында көрсетіледі және қарыз алушы банктің шешімін алған күннен бастап кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күнді құрайды. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген банк шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде банк пен қарыз алушы арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеу банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуден бас тарту болып есептеледі. Бұл мерзім екі тараптың келісімі болған жағдайда ұзартылуы мүмкін. Банк:
Тармақша 1
1) қарыз алушының өтінішпен жүгінген айдың алдындағы екі ай үшін есептелген орташа айлық табысының қарыз алушының өтінішпен жүгінген немесе атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған айдың алдындағы он екі ай үшін есептелген орташа айлық табысымен салыстырғанда отыз пайыздан астам төмендеген кезде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына (бұдан әрі – ХӘОТ) жататын;
Тармақша 2
2) төтенше жағдай енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен қарыз алушы-жеке тұлға банктік қарыз шартының талаптарына Банктер туралы заңның 36-бабының 1-1-тармағының бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасында және (немесе) 3) тармақшасында көзделген өзгерістер енгізу туралы өтініш берген кезде банктік қарыз шарты бойынша комиссиялар мен өзге де төлемдерді төлеуді талап етпей, кемінде үш ай мерзімге банктік қарыз шартының талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісу туралы шешім қабылдайды. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарты бойынша мерзімі өткен берешек пайда болған сәттен бастап жиырма төрт ай ішінде қарыз алушының міндеттемесін азайтуды, оның ішінде айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды), комиссияларды және банктік қарызға қызмет көрсетуге өзге де төлемдерді толық жоюды қамтамасыз ететін талаптармен берешекті реттеу рәсімдері жүзеге асырылмаған жағдайда, құқықты (талапты) коллекторлық агенттікке беруге жол берілмейді. Банк тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмейтін мерзімде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға мынадай:
Тармақша 1
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы, қарыз алушы-жеке тұлғалардың қаралған өтініштері туралы;
Тармақша 2
2) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік қарыз шартының талаптарына енгізілген өзгерістер туралы;
Тармақша 3
3) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушы-жеке тұлғалардың банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуден бас тарту себептері туралы ақпарат ұсынады.
Тарау 3. 3-тарау. Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне негізгі борыш пен сыйақы бойынша мерзімді әскери қызметті өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін 60 (алпыс) күнді қамтитын кезеңге банктік қарыз бойынша сыйақы есептемей төлемді кейінге қалдыруды ұсыну тәртібі
3-тарау. Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне негізгі борыш пен сыйақы бойынша мерзімді әскери қызметті өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін 60 (алпыс) күнді қамтитын кезеңге банктік қарыз бойынша сыйақы есептемей төлемді кейінге қалдыруды ұсыну тәртібі
Тармақ 7
7. Банк кредиттік бюродан мерзімді әскери қызметке шақырылған қарыз алушылар (бұдан әрі – қарыз алушы-әскери қызметші) бойынша мәліметтерді алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде банктік қарыз шарты бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша мерзімді әскери қызметті өткеру мерзімін қамтитын кезеңге және ол аяқталғаннан кейін 60 (алпыс) күнге банктік қарыз бойынша сыйақы есептемей, төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынады (бұдан әрі – төлемдерді кейінге қалдыру), ол туралы қарыз алушы-әскери қызметшіні жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы не банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен хабардар етеді. Төлемдерді кейінге қалдыру банктік қарыз мерзімін ұлғайта отырып және төлемдер мөлшерін сақтай отырып, банктік қарыз шартына немесе кепіл шартына қосымша келісімдерге қол қоймай, банк айқындайтын тәсілмен ұсынылады. Банктік қарыз мерзімін ұлғайту туралы талап банктік қарыз мерзімінен бұрын өтелген (қайтарылған) кезде қолданылмайды. Төлемдерді кейінге қалдырудан бас тартқан кезде қарыз алушы-әскери қызметші (сенімхат бойынша қарыз алушы-әскери қызметшінің мүддесінде әрекет ететін үшінші тұлға) банктің хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде жазбаша нысанда не ақпараттандыру объектілері арқылы не банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен бас тарту туралы өтініш жібереді. Банк аталған өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қарыз алушыны банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы не банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен төлемдерді кейінге қалдырудың күшін жою және банктік қарыз бойынша сыйақыны есептеудің қайта басталуы туралы хабардар етеді. Қарыз алушы-әскери қызметші әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі өткенге дейін мерзімді әскери қызметтен шығарылған кезде банк оны әскери бөлімнің тізімдерінен алып тасталған күннен бастап 60 (алпыс) күн өткеннен кейін төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынуды тоқтатады және банктік қарыз бойынша сыйақыны есептеуді қайта бастайды, ол туралы оған жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері не банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен хабарлайды. Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушы-әскери қызметші бойынша банк мерзімді әскери қызметті өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін 60 (алпыс) күнді қамтитын кезеңге Банктер туралы заңның 36-бабының 2 және 2-1-тармақтарында көзделген шараларды қолданбайды (қолдануды тоқтата тұрады. Қарыз алушы-әскери қызметші әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі өткенге дейін мерзімді әскери қызметтен шығарылған кезде Банк оны әскери бөлімнің тізімдерінен алып тасталған күннен бастап 60 (алпыс) күн өткен соң Банктер туралы заңның 36-бабының 2 және 2-1-тармақтарында көзделген шараларды қолдануды қайта бастайды. Осы тараудың талаптары заңды күшіне енген сот актісі, банктік қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы атқарушылық жазбасы, банктік қарыз шарты бойынша берешекті реттеу үшін не банктік қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот актісін орындау үшін жасалған татуласу келісімі немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бар банктік қарыз шартына қолданылмайды.
Басқа 1. Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізуден бас тарту
2021 жылғы 16 шілдедегі №84 Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларына 1-қосымша Нысан __________мырзаға (ханымға) Мекенжайы: __________________________ Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізуден бас тарту «_____» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Кредитор) Сіздің Банктік қарыз шартының (бұдан әрі – Шарт) талаптарына өзгерістер енгізу туралы ______ жылғы ___.____ №_______ өтінішіңізге (_____ жылғы ___.____. кіріс №______) жауап ретінде мынаны хабарлайды. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 1-2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Кредитор Сізге _______________________________________________________________________________ (бас тарту себебінің негіздемесін көрсету) байланысты Шарт талаптарына өзгерістер енгізуден бас тартады. Кредитордың уәкілетті тегі, аты, адамы әкесінің аты (ол бар болса) * Қарыз алушының банкте бірнеше банктік қарыз шарттары болған жағдайда бас тарту әрбір Шарт бойынша беріледі.
Басқа 2
Қарыз алушы – жеке тұлғаның банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау қағидаларына, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесіне, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтінішті қарау нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібіне 1-1-қосымша Қарыз алушының өтінішін қарау және оның санатын және банктік қарыз шарты бойынша берешекті өтеу жағдайларының орындалмауына алып келген өмірлік мән-жайды растау үшін қажетті құжаттар тізбесі: жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама және (немесе) қарыз алушының жұмыс орнынан соңғы алты бойынша кірісі туралы анықтама немесе қарыз алушының ақшасының түсуі және қозғалысы туралы үзінді көшірме; жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы, жалақысы сақталмайтын демалыс беру туралы актісі немесе қарыз алушының еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы анықтама/парақ; жалақының мөлшерін және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмені көрсете отырып, жұмыс орнынан анықтама; қарыз алушының жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста, сондай-ақ бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша еңбекақысы сақталмайтын демалыста екенін растайтын құжат; қарыз алушының жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) ауруын растайтын еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама, сондай-ақ қарыз алушының жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) қайтыс болғаны туралы куәлік/анықтама; жалдау ақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері көрсетілген нотариалды куәландырылған жалдау шарты; жазатайым оқиға, үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері нәтижесінде қарыз алушыға материалдық зиян келтірілгенін растайтын құжаттар (айналымдағы тауарларды немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қарыз алушы пайдаланған өзге де мүлікті ұрлау); форс-мажорлық мән-жайлардың басталу фактісін растайтын ресми құжаттар; мүгедектік туралы анықтама; уәкілетті мемлекеттік органның қарыз алушының шоттарына тыйым салу туралы шешімі; инкассолық өкім; сот актілері; қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлау фактісін растайтын өзге де құжаттар.
Басқа 2
2021 жылғы 16 шілдедегі №84 Банктік қарыз беру шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларына 2-қосымша Нысан Қарыз алушы - жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттарының талаптарына өзгерістер енгізу туралы (банктің атауы) қараған өтініштері туралы ____ жылғы 1 ________ жағдай бойынша (есепті жылдың басынан өсумен) ақпарат* (сомалар мың теңгемен) Қары­здың тү­рі Түс­кен өті­ніш­тер Бар­лы­ғы Олар­дың ішін­де ХӘОТ** қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­ры­штың со­ма­сы*** қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­ры­штың со­ма­сы А 1 2 3 4 5 6 Тұ­ты­ну­шы­лық қары­здар ке­піл­сіз қары­здар ке­піл­ді қары­здар Ипо­те­ка­лық тұр­ғын үй қары­зда­ры Өзге де ипо­те­ка­лық қары­здар Банк­тік қарыз шар­ты­ның та­лап­та­ры­на өзге­рі­стер ен­гі­зіл­ді Банк­тік қарыз шар­ты­ның та­лап­та­ры­на өзге­рі­стер ен­гі­зу­ден бас тар­тыл­ды Бар­лы­ғы Олар­дың ішін­де ХӘОТ Бар­лы­ғы Олар­дың ішін­де ХӘОТ қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­ры­штың со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­ры­штың со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шарт тар­дың са­ны бо­ры­штың со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шарт тар­дың са­ны бо­ры­штың со­ма­сы 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 * Талаптары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 мамырдағы № 69 қаулысымен бекітілген Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасының шеңберінде өзгертілген ипотекалық қарыздарды қоспағанда, банктік қарыздар бойынша ақпарат беріледі; * ХӘОТ – «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабына сәйкес Халықтың әлеуметтік осал топтарының және атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар. *** мыналар бойынша: негізгі борыш, сыйақы, мерзімі өткен негізгі борыш, мерзімі өткен сыйақы, айыпақы (айыппұл, өсімұл), комиссия және өзге де төлемдер; Өті­ніш­тер қа­ра­лу­да Қарыз алушы­ның бе­рі­л­ген өті­ніш­тен бас тар­туы, қар­жы­лық жағ­дай­дың на­шар­ла­у­ын рас­тай­тын құ­жат­тар­ды ұсы­ну­дан бас тар­туы, қарыз алушы банк­тік қарыз шар­ты­на өзге­ріс ен­гізу­ге қа­ты­сты қо­сым­ша ке­лі­сім­ге қол қой­ма­ған, банк өз ұсы­ны­ста­рын жол­да­ған неме­се қарыз алушы­дан құ­жат­тар­ды сұ­ра­ған, қары­зды ке­рі са­тып алу. Бар­лы­ғы Олар­дың ішін­де ХӘОТ Бар­лы­ғы Олар­дың ішін­де ХӘОТ қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­ры­штың со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­ры­штың со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­ры­штың со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шарт тар­дың са­ны бо­ры­штың со­ма­сы 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
Басқа 3
2021 жылғы 16 шілдедегі №84 Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларына 3-қосымша Нысан Қарыз алушылардың банктік қарыз шарттарының талаптарына (ұйымның атауы) енгізген өзгерістер туралы ____ жылғы 1________ жағдай бойынша (есепті жылдың басынан өсумен) ақпарат* (сомалар мың теңгемен) Қарыз тү­рі Банк­тік қарыз шар­ты­ның та­лап­та­ры­на өзге­рі­стер ен­гі­зіл­ді, бар­лы­ғы Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ** қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы А 1 2 3 4 5 6 Тұ­ты­ну­шы­лық қары­здар ке­піл­сіз қары­здар ке­піл­ді қары­здар Ипо­те­ка­лық тұр­ғын үй қары­зда­ры Өзге ипо­те­ка­лық қары­здар Қарыз тү­рі бо­ры­шты то­лық ке­ші­ру Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы А 37 38 39 40 41 42 Тұ­ты­ну­шы­лық қары­здар ке­піл­сіз қары­здар ке­піл­ді қары­здар Ипо­те­ка­лық тұр­ғын үй қары­зда­ры Өзге ипо­те­ка­лық қары­здар *Талаптары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 мамырдағы № 69 қаулысымен бекітілген Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасының шеңберінде өзгертілген ипотекалық қарыздарды қоспағанда, банктік қарыздар бойынша ақпарат беріледі; ** ХӘОТ – «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабына сәйкес Халықтың әлеуметтік осал топтарының және атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар. оның ішін­де мы­на се­беп­тер­мен: сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі­нің аза­юы негіз­гі бо­рыш және (неме­се) сый­а­қы бой­ын­ша тө­лем­дер­ді кей­ін­ге қал­ды­ру Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 оның ішін­де мы­на се­беп­тер­мен: Ше­тел ва­лю­та­сын­да бе­рі­л­ген банк­тік қарыз бой­ын­ша негіз­гі бо­рыш қал­ды­ғы со­ма­сы­ның ва­лю­та­сын ұлт­тық ва­лю­та­ға өзгер­ту ке­піл бе­ру­ші­нің ипо­те­ка ны­са­на­сы бо­лып та­бы­ла­тын жы­л­жы­май­тын мү­лік­ті өз бе­тін­ше өт­кі­зуі Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӨ­ОТ Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӨ­ОТ қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 оның ішін­де мы­на се­беп­тер­мен: бе­ре­шек­ті өтеу әді­сін неме­се бе­ре­шек­ті өтеу ке­зек­ті­лі­гін өзгер­ту, оның ішін­де негіз­гі бо­ры­шты ба­сым тәр­тіп­пен өтей оты­рып банк­тік қарыз мер­зі­мін өзгер­ту Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 оның ішін­де мы­на се­беп­тер­мен: ке­пі­л­ге қой­ы­л­ған мү­лік­ті кре­ди­тор­ға бе­ру ар­қы­лы банк­тік қарыз шар­ты бой­ын­ша мін­дет­те­ме­ні орын­да­удың ор­ны­на ке­рі қай­та­ру ақы­сын ұсы­ну банк­тік қарыз шар­ты бой­ын­ша мін­дет­те­ме­ні са­тып алушы­ға бе­ру ар­қы­лы ипо­те­ка ны­са­на­сы бо­лып та­бы­ла­тын жы­л­жы­май­тын мү­лік­ті өт­кі­зу Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 оның ішін­де мы­на се­беп­тер­мен: мер­зі­мі өт­кен негіз­гі бо­ры­шты және (неме­се) сый­а­қы­ны ке­ші­ру, банк­тік қарыз­ға қыз­мет көр­се­ту­ге бай­ла­ны­сты ай­ы­па­қы­ның (ай­ып­пұл­дың, өсім­пұл­дың), ко­мис­си­я­лар­дың және өзге де тө­лем­дер­дің кү­шін жою Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы 31 32 33 34 35 36 оның ішін­де мы­на се­беп­тер­мен: Жақ­сар­ту та­лап­та­рын қол­да­ну үшін қа­рас­ты­ры­лу­да Қай­та құ­ры­лым­да­удың өзге тү­рі (қан­дай еке­нін көр­се­ту) Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78
Басқа 4
2021 жылғы 16 шілдедегі №84 Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларына 4-қосымша Нысан (Ұйымның атауы) қарыз алушылар-жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттарының талаптарын өзгертуден бас тарту себептері туралы ____ жылғы 1________ жағдай бойынша (есепті жылдың басынан бастап) ақпарат* (сомалар мың теңгемен) Қарыз тү­рі Банк­тік қарыз шар­ты­ның та­лап­та­рын өзгер­ту­ден бас тар­тыл­ды, бар­лы­ғы Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ** қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы А 1 2 3 4 5 6 Тұ­ты­ну­шы­лық қары­здар Ке­піл­сіз қары­здар Ке­піл­ді қары­здар Ипо­те­ка­лық тұр­ғын үй қары­зда­ры Өзге де ипо­те­ка­лық қары­здар Қарыз тү­рі қарыз алушы­ның өтім­ді ке­пі­лі/са­лы­мы/өзге мүл­кі бар (банк­тің тал­да­уы бой­ын­ша неме­се рас­тай­тын құ­жат болған жағ­дай­да) Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы А 31 32 33 34 35 36 Тұ­ты­ну­шы­лық қары­здар Ке­піл­сіз қары­здар Ке­піл­ді қары­здар Ипо­те­ка­лық тұр­ғын үй қары­зда­ры Өзге де ипо­те­ка­лық қары­здар * Талаптары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 мамырдағы № 69 қаулысымен бекітілген Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасының шеңберінде өзгертілген ипотекалық қарыздарды қоспағанда, банктік қарыздар бойынша ақпарат беріледі; ** ХӘОТ - "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабына сәйкес Халықтың әлеуметтік осал топтарының және атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар; *** «Қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 292 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9125 болып тіркелген). оның ішін­де мы­на­дай се­беп­тер бой­ын­ша: тө­лем­дер­ді кей­ін­ге қал­ды­ру бе­рі­л­ген жағ­дай­да қарыз алушы­ның бо­рыш жүк­те­ме­сі ко­эф­фи­ци­ен­ті­нің ең жо­ға­ры дең­гей­і­нен асып ке­ту *** қарыз алушы өзі­нің қар­жы­лық және әле­умет­тік жағ­дай­ы­ның на­шар­ла­ға­нын рас­тай­тын құ­жат­тар­ды ұсын­ба­ған Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 оның ішін­де мы­на­дай се­беп­тер бой­ын­ша: қарыз қарыз алушы­ның аты­на ала­яқ­тық тә­сіл­мен алын­ған үшін­ші тұл­ға өті­ніш­ті қарыз алушы­ның се­нім­ха­тын­сыз бер­ді Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 оның ішін­де мы­на­дай се­беп­тер бой­ын­ша: бұ­ған дей­ін қай­та құ­ры­лым­дау/кей­ін­ге қал­ды­ру (2 рет­тен ар­тық) бе­рі­л­ген бо­ла­тын мін­дет­те­ме­лер­ді орын­да­у­ға мүм­кін­дік бе­ре­тін қарыз алушы­ның кі­рі­сі­нің жет­кі­лік­ті мөл­ше­рі (банк­тің тал­да­уы бой­ын­ша) Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 оның ішін­де мы­на­дай се­беп­тер бой­ын­ша: қарыз алушы­ның қай­тыс бо­луы және мұ­ра­гер­лік құқы­ғын ре­сім­де­меу шар­ттың та­лап­та­рын өзгер­ту­ден бас тар­ту­дың өзге се­беп­те­рі Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60