Об утверждении Правил рассмотрения заявления заемщика – физического лица о внесении изменений в условия договора о предоставлении микрокредита, перечня документов, прилагаемых к нему, а также порядка информирования уполномоченного органа о результатах рассмотрения заявления организацией, осуществляющей микрофинансовую деятельность Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарыз алушы – жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау қағидаларын, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесін, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның өтінішті қарау нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібін бекіту туралы «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-2-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қарыз алушы – жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау қағидалары, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесі, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның өтінішті қарау нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2021 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қарыз алушы – жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау қағидалары, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесі, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның өтінішті қарау нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 16 шілдедегі № 82 қаулысымен бекітілді Қарыз алушы – жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау қағидалары, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесі, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның өтінішті қарау нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қарыз алушы – жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау қағидалары, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесі, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның өтінішті қарау нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Микроқаржылық қызмет туралы заң) 9-2-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушы – жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесін, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның өтінішті қарау нәтижелері туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды (бұдан әрі - уәкілетті орган) хабардар ету тәртібін айқындайды. Қағидаларда Микроқаржылық қызмет туралы заңда көрсетілген негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) берешек – қарыз алушымен жасалған микрокредит беру туралы шартта көзделген негізгі борыштың қалдық сомасын, есептелген, бірақ төленбеген сыйақыны, айыпақыны (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) қоса алғанда, микрокредит бойынша борыш сомасы;
Тармақша 2
2) қарыз алушы – микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйыммен микрокредит беру туралы шартты жасаған жеке тұлға;
Тармақша 3
3) микроқаржы ұйымы – микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым – микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард.
Тарау 2. 2-тарау. Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішті қарау тәртібі
2-тарау. Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішті қарау тәртібі
Тармақ 2
2. Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) қарыз алушы микрокредит берген микроқаржы ұйымына Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабының 2-тармағына сәйкес береді. Өтінішке міндеттемені орындау мерзімін өткізудің туындауына әкеп соққан мән-жайларды (фактілерді), кірістер туралы мәліметтерді және өтінішті беруді негіздейтін басқа да мән-жайларды (фактілерді) растайтын құжаттар қоса беріледі. Қарыз алушының өтінішін қарау және микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындаудың мерзімін өткізуге әкеп соққан мән-жайларды (фактілерді) растау үшін қажетті құжаттардың тізбесі (бұдан әрі – Құжаттар тізбесі) Қағидаларға 1-1-қосымшада айқындалады. Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабының 2-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін өтініш микрокредит беру шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы заңды күшіне енген сот актісі, атқарушы жазба, татуласу келісімі немесе микрокредит беру шарты бойынша берешекті реттеу үшін не микрокредит беру шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот актісін орындау үшін медиация тәртібімен жасалған дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім болмаған, сондай-ақ микрокредит беру шарты бойынша құқықты (талапты) микроқаржы ұйымы үшінші тұлғаға бермеген жағдайда беріледі. Микроқаржы ұйымының өтінішті қарауы қарыз алушыға микрокредит бойынша мерзімі өткен берешекті не оның бір бөлігін біржолғы өтеу талабын белгілемей жүзеге асырылады. Қарыз алушы микроқаржы ұйымымен келісім бойынша микрокредит беру туралы шарт бойынша мерзімі өткен берешекті, не оның бір бөлігін микроқаржы ұйымы өтінішті қарағанға дейін дербес өтеуге құқылы.
Тармақ 3
3. Қарыз алушының өтініші міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және микроқаржы ұйымының қарауына жатады.
Тармақ 4
4. Қарыз алушы құжаттар мен мәліметтерді толық ұсынбаған кезде микроқаржы ұйымы Құжаттар тізбесіне сәйкес, өтінішті қарау үшін қажетті, міндеттемені орындау мерзімін өткізудің туындау себептерін, кірістер туралы мәліметтерді және өтінішті беруді негіздейтін басқа да мән-жайларды (фактілерді) растайтын, жетіспейтін құжаттарды сұратады. Қарыз алушы сұратылған құжаттарды 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынады. Сұратылған құжаттарды көрсетілген мерзімде ұсынбау қарыз алушының өтінішін қараусыз қалдыру үшін негіз болып табылады, бұл туралы тиісті хабарлама жіберіледі.
Тармақ 5
5. Микроқаржы ұйымы (ломбардты қоспағанда) қарыз алушының төлем қабілеттілігін есептеу кезінде микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы мәселені қарау кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 215 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19670 болып тіркелген) Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларының және шекті мәнінің талаптарын басшылыққа алады.
Тармақ 6
6. Микроқаржы ұйымы Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабының 2-тармағында көзделген өтінішті алған күннен кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішті қарайды және жазбаша нысанда, сондай-ақ микроқаржы ұйымына «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген идентификаттау құралдарын қолдану арқылы не микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен қарыз алушыны идентификаттауды жүзеге асыру мүмкіндігін беретін ақпараттандыру объектілері (бұдан әрі – ақпараттандыру объектілері) арқылы қарыз алушыға мынадай шешімдердің бірі туралы хабарлайды:
Тармақша 1
1) микрокредит беру туралы шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні туралы;
Тармақша 2
2) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту жөніндегі өз ұсынысы туралы;
Тармақша 3
3) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұндай бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту туралы хабарлайды. Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу қарыз алушы микрокредит беру туралы шарттың ағымдағы талаптары бойынша міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан мән-жайларды құжаттамалық растаған кезде қарыз алушының әлеуметтік және қаржылық жағдайын ескере отырып, оның борыш жүктемесінің төмендеуін қамтамасыз ететін талаптармен жүзеге асырылады. Микроқаржы ұйымы Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабының 2-тармағында көзделген өтінішті қараған кезеңде микроқаржы ұйымы микрокредитті мерзімінен бұрын өтеуді талап етпейді. Микроқаржы ұйымы және қарыз алушы микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістермен келісетіні туралы шешім қабылдаған кезде микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу тәртібі мен мерзімдері микроқаржы ұйымның ішкі құжатында айқындалады, бұл ретте мұндай өзгерістерді енгізу мерзімі микроқаржы ұйымы осындай шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайды. Бұл мерзім микроқаржы ұйымына байланысты емес себептер бойынша микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізуге кедергі келтіретін жағдайларға қолданылмайды және олар жойылғанға дейін ұзартылуы мүмкін. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту бойынша өз ұсыныстарын жіберген кезде қарыз алушының микроқаржы ұйымы ұсынған микрокредит беру туралы шартты өзгерту талаптарына жауап беру мерзімі микроқаржы ұйымының хатында көрсетіледі және қарыз алушы микроқаржы ұйымының шешімін алған күннен бастап кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күнді құрайды. Микроқаржы ұйымы мен қарыз алушы арасында микроқаржы ұйымының осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеуі микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту болып есептеледі. Бұл мерзім екі тараптың келісімі болған жағдайда ұзартылуы мүмкін. Микроқаржы ұйымы:
Тармақша 1
1) қарыз алушының өтінішпен жүгінген айдың алдындағы екі ай үшін есептелген орташа айлық табысының қарыз алушының өтінішпен жүгінген немесе атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған айдың алдындағы он екі ай үшін есептелген орташа айлық табысымен салыстырғанда отыз пайыздан астам төмендеген кезде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына (бұдан әрі – ХӘОТ) жататын;
Тармақша 2
2) төтенше жағдай енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен қарыз алушы-жеке тұлға микрокредит беру туралы шарттың талаптарына Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабының 2-тармағының бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасында және (немесе) 2) тармақшасында көзделген өзгерістер енгізу туралы өтініш берген кезде микрокредит беру туралы шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісу туралы шешім қабылдайды. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредит беру туралы шарт бойынша мерзімі өткен берешек пайда болған сәттен бастап жиырма төрт ай ішінде қарыз алушының міндеттемесін төмендетуді, оның ішінде айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды) толық жоюды қамтамасыз ететін талаптарда берешекті реттеу жөніндегі рәсімдер жүзеге асырылмаған жағдайда, құқықты (талапты) коллекторлық агенттікке беруге жол берілмейді. Микроқаржы ұйымы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмейтін мерзімде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға мынадай:
Тармақша 1
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушы-жеке тұлғалардың қаралған өтініштері туралы, микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы;
Тармақша 2
2) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушы-жеке тұлғалардың микрокредит беру туралы шарттың талаптарына енгізілген өзгерістер туралы;
Тармақша 3
3) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушы-жеке тұлғалардың микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту себептері туралы ақпарат ұсынады.
Тарау 3. 3-тарау. Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне негізгі борыш пен сыйақы бойынша мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін 60 (алпыс) күнді қамтитын кезеңге сыйақы есептемей төлемді кейінге қалдыруды ұсыну тәртібі
3-тарау. Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне негізгі борыш пен сыйақы бойынша мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін 60 (алпыс) күнді қамтитын кезеңге сыйақы есептемей төлемді кейінге қалдыруды ұсыну тәртібі
Тармақ 7
7. Микроқаржы ұйымы кредиттік бюродан мерзімді әскери қызметке шақырылған қарыз алушылар (бұдан әрі – қарыз алушы - әскери қызметші) бойынша мәліметтерді алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде микрокредит беру туралы шарт бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды (бұдан әрі – төлемді кейінге қалдыру) мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімін қамтитын кезеңге және ол аяқталғаннан кейін 60 (алпыс) күнге микрокредит бойынша сыйақы есептемей ұсынады, бұл туралы қарыз алушы-әскери қызметшіні жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы не микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен хабардар етеді. Төлемдерді кейінге қалдыру микрокредит мерзімін ұлғайта отырып және төлемдер мөлшерін сақтай отырып, микрокредит беру туралы шартқа немесе кепіл шартына қосымша келісімдерге қол қоймай, микроқаржы ұйымы айқындайтын тәсілмен ұсынылады. Микрокредит мерзімін ұлғайту туралы талап микрокредитті мерзімінен бұрын өтеу (қайтару) кезінде қолданылмайды. Төлемдерді кейінге қалдырудан бас тартқан кезде қарыз алушы-әскери қызметші (сенімхат бойынша қарыз алушы-әскери қызметшінің мүддесінде әрекет ететін үшінші тұлға) микроқаржы ұйымының хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде жазбаша нысанда не ақпараттандыру объектілері арқылы не микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен бас тарту туралы өтініш жібереді. Микроқаржы ұйымы аталған өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қарыз алушыны микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы не микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен төлемдерді кейінге қалдырудың күшін жою және микрокредит бойынша сыйақыны есептеудің қайта басталуы туралы хабардар етеді. Қарыз алушы-әскери қызметші әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі өткенге дейін мерзімді әскери қызметтен босатылған кезде микроқаржы ұйымы оны әскери бөлімнің тізімдерінен алып тастаған күннен бастап 60 (алпыс) күн өткен соң төлемдерді кейінге қалдыруды тоқтатады және микрокредит бойынша сыйақыны есептеуді қайта бастайды, бұл туралы оны жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері не микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен хабардар етеді. Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушы-әскери қызметші бойынша микроқаржы ұйымы мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін 60 (алпыс) күнді қамтитын кезеңге Микроқаржылық қызмет туралы заңның 7-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасында және (немесе) 9-2-бабының 5-тармағында көзделген шараларды қолданбайды (қолдануды тоқтата тұрады). Қарыз алушы-әскери қызметші әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі өткенге дейін мерзімді әскери қызметтен босатылған кезде микроқаржы ұйымы оны әскери бөлімнің тізімдерінен алып тастаған күннен бастап 60 (алпыс) күн өткен соң Микроқаржылық қызмет туралы заңның 7-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасында және (немесе) 9-2-бабының 5-тармағында көзделген шараларды қолдануды қайта бастайды. Осы тараудың талаптары заңды күшіне енген сот актісі, микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы атқарушы жазбасы, татуласу келісімі немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті реттеу не микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот актісін орындау үшін жасалған дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бар микрокредит беру туралы шартқа қолданылмайды.
Басқа 1
2021 жылғы 16 шілдедегі № 82 Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларына 1-қосымша Нысан ________________________ (қарыз алушының аты-жөні) Мекенжайы: ________________________ «_____» акционерлік қоғамы/шаруашылық серіктестігі (бұдан әрі – Кредитор) Сіздің ___.___. _____ жылғы № ____ Микрокредит беру туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) талаптарына өзгерістер енгізу туралы ___.___. ______ жылғы өтінішіңізге (___.___. _____ жылғы кіріс № _____) жауап ретінде мынаны хабарлайды. «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Кредитор Сізге ____________________________________________________________________ (бас тарту себебінің негіздемесін көрсету) байланысты Микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тартады. Кредитордың уәкілетті тегі, аты, тұлғасы әкесінің аты (ол бар болса) * Қарыз алушыда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда және (немесе) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымда микрокредит беру туралы бірнеше шарт болған жағдайда, әрбір Шарт бойынша бас тарту беріледі.
Басқа 1-1
Қарыз алушы-жеке тұлғаның микрокредит беру шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау қағидаларына, оған қоса берілетін құжаттар тізбесіне, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның өтінішті қарау нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібіне 1-1-қосымша Қарыз алушының өтінішін қарау және оның санатын және микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өтеу жағдайларының орындалмауына алып келген өмірлік мән-жайды растау үшін қажетті құжаттар тізбесі: жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама және (немесе) қарыз алушының жұмыс орнынан соңғы алты бойынша кірісі туралы анықтама немесе қарыз алушының ақшасының түсуі және қозғалысы туралы үзінді көшірме; жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы, жалақысы сақталмайтын демалыс беру туралы актісі немесе қарыз алушының еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы анықтама/парақ; жалақының мөлшерін және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмені көрсете отырып, жұмыс орнынан анықтама; қарыз алушының жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста, сондай-ақ бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша еңбекақысы сақталмайтын демалыста екенін растайтын құжат; қарыз алушының жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) ауруын растайтын еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама, сондай-ақ қарыз алушының жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) қайтыс болғаны туралы куәлік/анықтама; жалдау ақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері көрсетілген нотариалды куәландырылған жалдау шарты; жазатайым оқиға, үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері нәтижесінде қарыз алушыға материалдық зиян келтірілгенін растайтын құжаттар (айналымдағы тауарларды немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қарыз алушы пайдаланған өзге де мүлікті ұрлау); форс-мажорлық мән-жайлардың басталу фактісін растайтын ресми құжаттар; мүгедектік туралы анықтама; уәкілетті мемлекеттік органның қарыз алушының шоттарына тыйым салу туралы шешімі; инкассолық өкім; сот актілері; қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлау фактісін растайтын өзге де құжаттар.
Басқа 2
2021 жылғы 16 шілдедегі № 82 Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларына 2-қосымша Нысан Қарыз алушы - жеке тұлғалардың қаралған өтініштері туралы, микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу (ұйымның атауы) туралы ақпарат, _____ жылғы 1______ жағдай бойынша (есепті жылдың басынан бастап өсті) (сомалар мың теңгемен) Қарыз тү­рі Ке­ліп түс­кен өті­ніш­тер Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ* қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы А 1 2 3 4 5 6 1. Ке­піл­сіз мик­ро­кре­дит­тер 1.1 олар­дың ішін­де Мик­ро­қар­жы­лық қыз­мет ту­ра­лы заң­ның 4-ба­бы 3-1-тар­ма­ғы­на сәй­кес ке­ле­тін мик­ро­кре­дит­тер 2. Ке­піл­ді мик­ро­кре­дит­тер 2.1 оның ішін­де ипо­те­ка-мен қам­та­ма­сыз еті­л­ген * ХӘОТ – «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабына сәйкес Халықтың әлеуметтік осал топтарының және атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар. Мик­ро­кре­дит бе­ру ту­ра­лы шар­ттың та­лап­та­ры­на өзге­рі­стер ен­гі­зіл­ді Мик­ро­кре­дит бе­ру ту­ра­лы шар­ттың та­лап­та­ры­на өзге­рі­стер ен­гі­зу­ден бас тар­тыл­ды Бар­лы­ғы Олар­дың ішін­де ХӘОТ Бар­лы­ғы Олар­дың ішін­де ХӘОТ қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 Өті­ніш қа­ра­лу­да Мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы мик­ро­кре­дит бе­ру ту­ра­лы шар­ттың та­лап­та­рын өзгер­ту жө­нін­де өз ұсы­ны­ста­рын жол­да­ды, қарыз алушы бе­рі­л­ген өті­ніш­ті ке­рі қай­та­рып ал­ды, қарыз алушы оның қар­жы­лық жағ­дай­ы­ның на­шар­ла­ға­нын рас­тай­тын құ­жат­тар­ды ұсы­ну­дан бас тарт­ты, қарыз алушы мик­ро­кре­дит бе­ру ту­ра­лы шар­тқа ұсы­ны­л­ған өзге­рі­стер­ге қол қой­ма­ды (ке­ре­гін көр­се­ту ке­рек) Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
Басқа 3
2021 жылғы 16 шілдедегі № 82 Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларына 3-қосымша Нысан Қарыз алушы - жеке тұлғалардың микрокредит беру туралы шарттың талаптарына енгізілген өзгерістер (ұйымның атауы) туралы ақпарат, _____ жылғы 1 ___жағдай бойынша (есепті жылдың басынан бастап өсті) (сомалар мың теңгемен) Қарыз тү­рі Мик­ро­кре­дит бе­ру ту­ра­лы шар­ттың та­лап­та­ры­на өзге­рі­стер іс­ке асы­рыл­ды Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ* қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы А 1 2 3 4 5 6 1. Ке­піл­сіз мик­ро­кре­дит­тер 1.1 олар­дың ішін­де Мик­ро­қар­жы­лық қыз­мет ту­ра­лы заң­ның 4-ба­бы 3-1-тар­ма­ғы­на сәй­кес ке­ле­тін мик­ро­кре­дит­тер 2. Ке­піл­ді мик­ро­кре­дит­тер 2.1 оның ішін­де ипо-те­ка­мен қам­та­ма-сыз еті­л­ген * ХӘОТ – «Тұр­ғын үй қа­ты­на­ста­ры ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 68-ба­бы­на сәй­кес Ха­лық­тың әле­умет­тік осал топ­та­ры­ның және ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек ала­тын адам­дар. Қарыз тү­рі оның ішін­де: бо­ры­шты то­лық ке­ші­ру тү­рін­де Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы А 37 38 39 40 41 42 1. Ке­піл­сіз мик­ро­кре­дит­тер 1.1 олар­дың ішін­де Мик­ро­қар­жы­лық қыз­мет ту­ра­лы заң­ның 4-ба­бы 3-1-тар­ма­ғы­на сәй­кес ке­ле­тін мик­ро­кре­дит­тер 2. Ке­піл­ді мик­ро­кре­дит­тер 2.1 оның ішін­де ипо­те­ка­мен қам­та­ма­сыз еті­л­ген оның ішін­де: сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сін неме­се сый­а­қы мәнін азай­ту тү­рін­де негіз­гі бо­рыш және (неме­се) сый­а­қы бой­ын­ша тө­лем­ді кей­ін­ге қал­ды­ру тү­рін­де Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар-дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 оның ішін­де: ке­піл бе­ру­ші­нің ипо­те­ка ны­са­на­сы бо­лып та­бы­ла­тын жы­л­жы­май­тын мү­лік­ті дер­бес өт­кі­зуі тү­рін­де ке­пі­л­ге қой­ы­л­ған мү­лік­ті мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы­на бе­ру ар­қы­лы мик­ро­кре­дит бе­ру ту­ра­лы шарт бой­ын­ша мін­дет­те­ме­ні орын­да­удың ор­ны­на бас тар­ту тө­ле­мін ұсы­ну тү­рін­де Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 оның ішін­де: бе­ре­шек­ті өтеу әді­сін неме­се бе­ре­шек­ті өтеу ке­зек­ті­лі­гін өзгер­ту тү­рін­де мик­ро­кре­дит мер­зі­мін өзгер­ту тү­рін­де Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 оның ішін­де: са­тып алушы­ға мик­ро­кре­дит бе­ру ту­ра­лы шарт бой­ын­ша мін­дет­те­ме­ні бе­ре оты­рып, ипо­те­ка ны­са­на­сы бо­лып та­бы­ла­тын жы­л­жы­май­тын мү­лік­ті өт­кі­зу тү­рін­де Мик­ро­кре­дит бе­ру ту­ра­лы шар­ттың та­лап­та­ры­на өзге­рі­стер­дің өзге тү­рі (қай­сысын көр­се­ту ке­рек) Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 оның ішін­де: мер­зі­мі өт­кен негіз­гі бо­ры­шты және (неме­се) сый­а­қы­ны ке­ші­ру, ай­ы­па­қы­ның (ай­ып­пұл­дың, өсім­пұл­дың), ко­мис­си­я­лар­дың және өзге де тө­лем­дер­дің кү­шін жою тү­рін­де Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы 31 32 33 34 35 36 Өті­ніш­тер жақ­сар­ту та­лап­та­рын қол­да­ну үшін қа­ра­лу­да Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы 67 68 69 70 71 72
Басқа 4
2021 жылғы 16 шілдедегі № 82 Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларына 4-қосымша Нысан Қарыз алушы - жеке тұлғалардың микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту себептері (ұйымның атауы) туралы ақпарат, _____ жылғы 1 ___ жағдай бойынша (есепті жылдың басынан бастап) (сомалар мың теңгемен) Қарыз тү­рі Мик­ро­кре­дит бе­ру ту­ра­лы шар­ттың та­лап­та­рын өзгер­ту­ден бас тар­тыл­ды Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ* қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы А 1 2 3 4 5 6 1. Ке­піл­сіз мик­ро­кре­дит­тер 1.1 олар­дың ішін­де Мик­ро­қар­жы­лық қыз­мет ту­ра­лы заң­ның 4-ба­бы 3-1-тар­ма­ғы­на сәй­кес ке­ле­тін мик­ро­кре­дит­тер 2. Ке­піл­ді мик­ро­кре­дит­тер 2.1 оның ішін­де ипо­те­ка­мен қам­та­ма­сыз еті­л­ген Қарыз тү­рі қарыз алушы­ның өтім­ді ке­пі­лі/са­лы­мы/өзге мүл­кі бар (мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы­ның тал­да­уы бой­ын­ша неме­се рас­тай­тын құ­жат болған жағ­дай­да) Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы А 31 32 33 34 35 36 1. Ке­піл­сіз мик­ро­кре­дит­тер 1.1 олар­дың ішін­де Мик­ро­қар­жы­лық қыз­мет ту­ра­лы заң­ның 4-ба­бы 3-1-тар­ма­ғы­на сәй­кес ке­ле­тін мик­ро­кре­дит­тер 2. Ке­піл­ді мик­ро­кре­дит­тер 2.1 оның ішін­де ипо­те­ка­мен қам­та­ма­сыз еті­л­ген * ХӘОТ – «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабына сәйкес Халықтың әлеуметтік осал топтарының және атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар; **«Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын және шекті мәнін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 215 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19670 болып тіркелген). оның ішін­де мы­на­дай се­беп­тер бой­ын­ша: тө­лем­дер­ді кей­ін­ге қал­ды­ру мүм­кін­ді­гі бе­рі­л­ген жағ­дай­да қарыз алушы­ның бо­рыш жүк­те­ме­сі ко­эф­фи­ци­ен­ті­нің ең жо­ға­ры дең­гей­і­нен асып ке­ту ** қарыз алушы өзі­нің қар­жы­лық және әле­умет­тік жағ­дай­ы­ның на­шар­ла­ға­нын рас­тай­тын құ­жат­тар­ды ұсын­ба­ған Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 оның ішін­де мы­на­дай се­беп­тер бой­ын­ша: қарыз алушы­ның аты­на ала­яқ­тық тә­сіл­мен алын­ған үшін­ші тұл­ға өті­ніш­ті қарыз алушы­ның се­нім­ха­тын­сыз бер­ді Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 оның ішін­де мы­на­дай се­беп­тер бой­ын­ша: бұ­ған дей­ін қай­та құ­ры­лым­дау/кей­ін­ге қал­ды­ру мүм­кін­ді­гі (екі рет­тен ар­тық) бе­рі­л­ген бо­ла­тын мін­дет­те­ме­лер­ді орын­да­у­ға мүм­кін­дік бе­ре­тін қарыз алушы­ның кі­рі­сі­нің жет­кі­лік­ті мөл­ше­рі (мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы­ның тал­да­уы бой­ын­ша) Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 оның ішін­де мы­на­дай се­беп­тер бой­ын­ша: қарыз алушы­ның қай­тыс бо­луы және мұ­ра­гер­лік құқы­ғын ре­сім­де­меу мик­ро­кре­дит бе­ру ту­ра­лы шар­ттың та­лап­та­рын өзгер­ту­ден бас тар­ту­дың өзге се­беп­те­рі (се­бе­бін көр­се­ту ке­рек) Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ Бар­лы­ғы олар­дың ішін­де ХӘОТ қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы қарыз алушы­лар­дың са­ны шар­ттар­дың са­ны бо­рыш со­ма­сы 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60